Бөлісу
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі – Ақ Жайық өңірінің терең тарихын, мәдени мұрасын және рухани қазынасын танытатын еліміздегі ең көне музейлердің бірі. 1836 жылы негізі қаланған музей Батыс Қазақстанның өткенін тас дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін жүйелі түрде көрсетеді. Музей орналасқан ғимарат 1879 жылы мавритан стилінде салынған тарихи-сәулет ескерткіші саналады.
Музей экспозициясы археология, этнография, Алтын Орда кезеңі, Жайық қалашығы, Кіші жүз тарихы, Бөкей Ордасы, кеңестік дәуір, тәуелсіз Қазақстан тарихы, өңірдің білім, ғылым, мәдениет және өнер саласындағы даму жолын қамтиды. Әр залда өлкенің өткенімен байланысты құнды жәдігерлер, тарихи құжаттар, тұрмыстық бұйымдар мен мәдени мұра үлгілері ұсынылған.
Бөлісу