Астанада «Қаламгер және қоғам» атты дөңгелек үстел өтті

Бөлісу

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалы, сондай-ақ «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірлесе отырып, Республика күніне орай «Қаламгер және қоғам» атты дөңгелек үстел өткізеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – елдік рухты дәріптеу, ұлттық сананы жаңғырту, және қазіргі қоғамдағы қаламгердің рухани миссиясы мен азаматтық ұстанымы туралы ой қозғау.

Жиынға елорданың зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мәдениет және қоғам қайраткерлері қатысып, тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиет пен руханияттың өзара ықпалы төңірегінде пікір алмасады.

Дөңгелек үстелдің модераторы – Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының директоры, ақын Бауыржан Бабажанұлы.

Бөлісу