«Пушкиннен Шолоховқа дейін: уақыт үндестігі» көрмесі ашылды

Бөлісу

Бүгін ҚР Ұлттық музейінде Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры негізінде дайындалған «Пушкиннен Шолоховқа дейін: уақыт үндестігі» атты жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті. Бұл – қос ұлттың әдеби және рухани байланысын бейнелейтін, уақыт пен кеңістіктен биік тұрған мәдени оқиға. Көрме арқылы орыс әдебиетінің қос алыбы Александр Пушкин мен Михаил Шолоховтың қазақ даласымен тоғысқан тағдыры мен шығармашылық байланысы кеңінен таныстырылды.

Бөлісу