Елордада Мұстафа Шоқайды ұлықтаған конференция өтті
photo_5251226904323813367_y.jpg
photo_5251226904323813365_y (1).jpg
photo_5251226904323813364_y.jpg
photo_5251226904323813363_y.jpg
photo_5251226904323813362_y.jpg
photo_5251226904323813361_y.jpg
photo_5251226904323813360_y.jpg

Астанада Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясында  «Мұстафа Шоқай – бүкіл түркі  жұртының  перзенті» атты ІІІ халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференциясы  өтті.  Конференция  Астана  қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» КММ, Мұстафа Шоқай ғылыми орталығы  бірлесе ұйымдастырылған.

Іс-шараның басты мақсаты – түркі халықтары азаттық қозғалысының көшбасшысы Мұстафа Шоқайдың 135 жылдық мерейтойына байланысты тарихи тұлғасына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, оның  аса мағыналы өмірі, сан салалы саяси қызметі  мен шығармашылық мол мұрасы негізінде өскелең ұрпақты ұлттық рух пен отансүйгіштікке, қоғамдық белсенділік пен адамгершілікке тәрбиелеу.