Архивтегі «Әлкейдің әлемі»

Бүгін Ұлттық архивте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, археолог, тарихшы, этнограф, шығыстанушы, өнертанушы, мәдениеттанушы, тілші, шоқантанушы, эпостанушы Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай «Әлкей Марғұланның әлемі» атты құжаттық көрменің ашылу салтанаты өтті.