Астанада «Қаныш Сәтбаев – ұлт мақтанышы» атты Халықаралық конференция өтті

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де  «Қаныш Сәтбаев – ұлт мақ­танышы» атты халықаралық ғы­лыми-тәжірибелік конференция болды.

Оған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, ҚР Ғылым академиясының президенті Ақыл­бек Күрішбаев, Халықаралық Сәтбаев қоры қамқоршылар кеңе­сінің төрағасы, Парламент Сена­ты­ның депутаты Алтынбек Нұхұлы, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен және белгілі ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.