С.Найманның «Ауылдан алыс сол жылдар» атты ғұмырнамалық эссе кітабы тұсаукесері

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында майталман баспагер, айтулы аудармашы, көрнекті тіл ғалымы, синолог, қытайтанушы, қытайша-қазақша сөздіктер кешенінің негізін қалаған ғалым, профессор С.Найманның (Сапанұлы Найманғазы) «Ауылдан алыс сол жылдар» атты ғұмырнамалық эссе кітабының тұсаукесері және С.Найманның жастармен кездесуі, сондай-ақ еңбектері жайлы талқы жиналысы өтті. Іс-шараға ғылым докторлары, тіл мамандары, аудармашы, ақын-жазушылар, сондай-ақ жастар қатысты.