Астанада «Әкім Тарази әлемі» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
ARMA5467.JPG
ARMA5483.JPG
ARMA5484.JPG
ARMA5485.JPG
ARMA5486.JPG
ARMA5487.JPG
ARMA5488.JPG

Қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы Әкім Тарази 90 жаста. Дарынды драматургтың мерейтойына орай елордада «Әкім Тарази әлемі» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Ұлттық кітапханада жампоз жазушының жүзден астам кітабы қойылған көрме ұйымдастырылды. Әкім Тарази отандық киноның келісті келбетін қалыптастырған қаламгер. Оның киноленталары да осы көрмеден орын алды. Конференцияда «Әдебиет Әкімінің» шығармалары талқыланып, салған сара жолы, ел өнері мен мәдениетінің дамуы жолында еткен еңбегі сөз болды. Жиында Түркия, Өзбекстан және Мысыр елдерінен келген жазушы-ғалымдар баяндама жасады.