«Алғашқы Алаш дәрігерлері» атты кітабының тұсаукесері өтті

2023 жылдың 23 маусымы күні Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, отандық онкология саласының білгірі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Әлихан Хамзаұлы Досахановтың «Денге саулық, дертке шипа сыйлаған» атты жеке қорының ашылуына арналған салтанаты өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш Қаһарманұлы, химия ғылымдарының докторы, академик Газалиев Арстан Мауленұлы, Алаштанушы ғалым Жүсіп Сұлтан Хан Аққұлұлы, Алашорда қайраткері, дәрігер Бисенов Бақтығалидың /Бәкиш/ қызы Бисенова Роза Бакишқызы және басқа да қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысып, қор иесі туралы естеліктерімен, тың деректермен бөлісті. Архив қызметкері,Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ахат Расул ғалымға арнап жазған жырын оқып берді.