ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГРЕК ДИАСПОРАСЫ
22.11.2016 3920

Қазіргі кезде олардың саны шамамен 8 миллион адамды құрайды (Грекияның өзінде шамамен 11 миллион гректер өмір сүреді). Диаспора өкілдері АҚШ, Ресей, Германия, Ұлыбритания секілді әлемнің ірі мемлекеттерінде өмір сүреді. Диаспора антикалық заманнан бері, Жерорта теңізі мен Қара теңіз жағалауында отарлау жүргізіліп жатқан кезде қалыптаса бастады. Гректер сол кезде-ақ теңіз жағалауында орналасқан қалаларды мекендей бастады. Ескендір Зұлқарнайынның жаулаушылық жорықтары гректердің ірі қалаларды мекендеуіне түрткі болды, мысалға, сол кезде Мысырда жиырмасыншы ғасырдың ортасына дейін болған үлкен диаспора қалыптасты. 1204 жылдардағы крест жорықтарынан кейін гректер Батыс Еуропаға қоңыс аудара бастады. Византия империясының түбегейлі құлдырауы қарсаңында гректер Еуропаның басқа қалаларына, негізінен Италияға көше бастады. Ресейде де өзінің диаспорасы болды. Иван ІІІ-ге тұрмысқа шығып, мәскеу княгинясы атанған Софья Палеологты еске түсірсек болды.

Қазақстандық гректер – грек этносының бір бөлігі, Ресей империясында өмір сүген гректердің ұрпақтары. Олардың барлығының шығу тегі понтиялықтар болғандықтан, қай елде тұрса да «понтиялық грек» немесе «понтиялықтар» (қазіргі Түркияның солтүстік-шығысындағы Понт деген тарихи облысынан шыққан гректердің ұрпақтары) деген термин кеңінен қолданылады. 1926 жылы Кеңес Одағында өткізілген революциядан кейінгі бірінші халық санағы бүкіл Қазақстанда тек 157 гректер өмір сүретінін көрсетті.

Гректердің Қазақстанға келу тарихы Сталин репрессиясы кезінде күштеп жер аударылуға тап болған басқа да көптеген халықтардың тарихы тәрізді қасіретті. Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағалауында өмір сүрген гректердің көп бөлігі Қазақстан мен Өзбекстанға жер аударылды. 1930 жылы Қазақстанға Сочиден, Адлерден, Лазаревсктен, Туапседен және Краснодар өңірінің құрылықтық бөлігінен жүздеген панасыз гректер жер аударылды. Гректерді Эмба (Ақтөбе облысы), Осакаровка (Қарағанды облысы) қыстақтарына, Балқаш көлі және Авак ауылына (Алматы облысындағы Шелек ауданынан алыс емес) орналастырды. 1930 жж. екінші жартысы жер аударылғандар мен арнайы көшірілігендердің үлкен армиясын оналастыру бойынша келешегі зор республика ретінде көрсетті. 1930-шы жж. аяғында гг. республикада олардың 1349 болды.

Гректердің негізгі бөлігі Қазақстанға 40-шы жж. келді. Тұрғылықты мекен еткен жерлері – Грузия, Қырым, Азов теңізінің жағалауынан жер аударылды. Қазір 60-тан асқан гректердің көбісі Қазақстанан тыс жерлерде, ал жастары Қазақстанда туылған. Қазақстанға жер аударылғаннан кейін бірнеше жыл бойы гректер, басқа ұлт өкілдері секілді (немістер, поляктар, кәрістер, шешендер, ингуштар, түріктер, қалмықтар және т.б.) арнайы қоныс аударылғандар мәртебесіне ие болып, өзінің азаматтық құқықтарында шектелген еді. 1956 ж. гректерден арнайы қоныс аударылғандар мәртебесі алынды, бірақ оларға бұрынғы тұрған жерлеріне қайтып оралуға тыйым салынды.

Осының нәтижесінде бірнеше ондаған мың гректер Қазақстанға орнығып, осы жерден екінші атамекендерін тапты. КСРО-да 1989 ж. 347 мыңнан астам гректер өмір сүрді. Ол кезде олардың негізгі мекен еткен жерлері Грузия (100 мыңнан астам), Украина (98 мыңнан астам), Ресей (91 мыңнан астам) және Қазақстан (46 мыңнан астам) болды. Соғыстан кейінгі үш санақ деректері бойынша Қазақстандағы гректердің саны сәл азайып тұрақты күйде қалды: 1970 ж. – 51 161, 1979 ж. – 49 930, 1989 ж. – 46 746 адам. Кеңес одағы тараған соң, 90-шы жж. басында гректердің жаппай қоныс аударылуы басталды. Гректердің шамамен 95% Қазақстаннан кетіп қалды. Коныс аударушылардың ағымы екігі бөлінді, көпшілігі Грекияға көшсе, қалғандары – Ресейге қоныс аударды. Ресей мен Украинандан Грекияға көшу ағымы аздау болғандықтан, ол елдерде гректердің көптеген мекендері мен қауымдары сақталып қалды. 2009 жылда жүргізілген халық санағының деректеріне сәйкес Қазақстанда шамамаен 9 мың гректер немесе республиканың бүкіл тұрғындарының 0,06% өмір сүреді. Гректер негізінен республиканың оңтүстігінде – Алматы қ., Жамбыл, Алматы, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Қарағанды облысында (Осакаровка қыстағы) өмір сүреді. Республикада «Филия» Қазақстандағы грек қауымы ассоциациясына кіретін 17 грек қоғамдары жұмыс жасайды («Филия» - грек тілінен аударылғанда «достық» дегенді білдіреді.

Бұрынғы КСРО-дан көшкен грек-репатрианттардың көп бөлігі Солтүстік Грекияда, сондай-ақ елдің оңтүстігінде Афина қ. және оның маңайына қоныстанды. Грекияда өмір сүретін қазақстандық грек-репатрианттар (кейбір деректер бойынша 30 мың адамға дейін) Қазақстандағы өздерінің туыстары және достарымен байланыс жасап тұрады екен. Бұрынғы отандастарымыз ең ауыр кезеңде пана берген қазақ халқы туралы ыстық ықыласпен айтады. Және мұның өзі тағдыры Қазақстанмен тығыз байланысты гректер тарихының бір бөлігі ғана. Эллада халқы атамекені мен достарын тапқан Ұлы дала елінде өмір сүрді және өмір сүре бермек.

АТАҚТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ГРЕКТЕР

Лаки КЕСОГЛУ

Лаки Кесоглу – қазақтың атақты эстрада әншісі, педагогы, Қазақ КСР халық әртісі, «Қазақстандағы ең танымал грек». Ол 1939 жылы Грузияның Батуми қаласында туылған. 1949 жылы түрлі ұлт өкілдерін жер аудара бастаған шақта ол отбасымен Қазақстанға көшіріледі. Олар қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданындағы Темір стансасына келеді. Лаки жастайынан әнші болуды армандады, көркемөнерпаз үйірмесіне қатысты. 1962 жылы Шымкенттегі музыкалық училищені үздік аяқтап, Алматыдағы консерваторияға түседі. Классикалық вокал сабағын алды (тенор, В.Н. Орленин класы), репертуарында 5 опера партиясы бар. 1967 жылдан бері Қазақ радио және телевидениесінде эстрадалық-симфониялық оркестрінде эстрадалық әндер айтты. 1970 жылы Мәскеудегі IV Бүкілодақтық эстрада әртістерінің конкурсында Кесоглу дипломант атанды. 1972 жылы алғаш рет Мәскеудегі Одақтар үйінің колонналы залында өткен концертте ән айтқаннан кейін ол бүкіл одаққа танымал болды, әсіресе «Бузуки» әнімен. В.Трегубовичтің "Старые стены" («Ескі қабырғалар») (1973 жыл) фильміне шипажайдағы әншінің рөлінде түсті. Кесоглу Қазақстандағы барлық фестивальдардың тұрақты қатысушысына айналды. Қазақ Мемлекеттік телерадио оркестрімен ширек ғасырға созылған бірлескен жұмысында 400-ден астам жазба жасады. «Мелодия» бүкілдодақтық фирмасында 2 миллион пластинкалары шығарылды – бұл Қазақстан үшін рекорд еді. 2000 жылдан бастап Лаки Кесоглу педагогикалық жұмыс атқарады, профессор, Т. Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының эстрада бөліміне жетекшілік етеді.

Елена КЕЛЕСИДИ 

Елена Келесиди Шымкентте понтиялықтар отбасында дүниеге келген. Оның әкесі 1949 жылы Қазақстанға Сухумиден жер аударылып келеді. Музыка оның өміріне жас кезінен еніп, баурап алды. Әкесі мен анасы да тамаша дауыс иегерлері болған. Музыкалық училищені тәмәмдаған соң Елена Алматы консерваторисиясына оқуға түседі, ол жерде вокалмен айналысады. 1992 жылы Елена Грекияға көшіп кетеді. Келесі жылы-ақ ол Грекияның ұлттық опера театрының сахнасында екі әлемдік классикалық репертуарлардың рөлінде дебют жасады. 1996 жылы Лондандағы Корольдік опера сахнасында «Травиатадағы» дебютімен оның халықаралық мансабы мен «Ковент-Гарден» театрімен көп жылдық ынтымақтастығы басталады (негізгі рөлдері: Клеопатра, Шемахан патшайымы, Джульетта, «Фаустағы» Маргарита, «Богемадағы» Мими). Ұлы сопрано Элени Келесиди Metropolitan, Staatsoper (Венада), Мюнхенде, Токиода, Монакода, Майамиде, Чикагода басты партияларды шырқады. Ол Пласидо Доминго, Теодор Курендзис, Рикардо Шайи, Геннадий Рождественский, Владимир Федосеев, Марчело Виотти, Симон Янг, Паата Бурчуладзе, Марчелло Альварес, Маурицио Бенини секілді атақты әншілермен бірге бірлесіп жұмыс жасады. Елена Баден-Баден, Брегенц (Марта «Пассажирка» М.Ваимберг), Берген (Лью «Турандот») Порто (Джильда «Риголетто»), Бильбао («Манон»), Монпелье («Евгений Онегин» Чайковский), Париж (Люба «Вишневый сад») беделді опералық фестивальдарға үнемі қатысады. Иродио фестивалінде Элени Леонкаваллоның «Паяцы» операсында басты әйел рөлін және «Кармен» мен «Турандотта» басты партияның шырқаумен танымалдығын арта түсірді. Элени Келесиди грек және орыс әндері концерттерін беріп отырады.

Спиридон КОСМЕРИДИ

Космериди Спириодон Георгиевич – Қазақстанға еңбегін сіңген сәулетші, педагог, ғалым, көркемсөзші, қоғам қызметкері. 1942 жылы ол қазақ жеріне Кранодар өлкесінен ата-насымен бірге көшіп келген. Жасөспірім шағында жүк тасушы, Алматыдағы Шамалған стансасында есептеуші жұмыстарын атқарған. 1946 жылы алғашқы наградасы - «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалін иеленді. 1961 жылы Бүкілодақтық сырттай инженерлік-құрылыс институтын, 1974 жылы Қазақ политехникалық институты жанындағы сәулет бөлімінің аспирантурасын бітірген. 1989 жылдан бері Космериди «Эос» грек мәдени орталығының тұрақты төрағасы болып табылады. «Құрмет Белгісі» орденімен және он алты мемлекеттік медальдармен наградталған. 2012 жылы Грекия Президенті Космеридиді «Серебряный Крест Феникс» медалімен марапаттады.

Арман СҮЛЕЙМЕНОВ

Аударған: Г. Серікқызы

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)