Бөлісу:
(cаяси, ұлтаралық қатынас, көші-қон мәселесі)
Қазіргі жаһандану дәуірінде оның әсері әлемдік даму ахуалына тиімді тұрғыда әсер ететін мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, т.б. бағыттардағы тығыз қатынастың маңызы ерекше болып табылады. Осындай талап тұрғысынан алып қарағанда Кеңес Одағы тарағаннан кейінгі бірнеше жыл көлемінде өзара тікелей көршілес Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында өзара тығыз байланыстың негізі қаланып, барлық бағыттар бойынша дами түсті. Екі жақты түсіністікті жағдайдағы келісімдердің нәтижесінде бүгінгі күні бұл елдер арасында ешқандай да шешімін таппаған мәселе жоқ деп есептеуге болады.
Алайда КСРО тарағаннан кейінгі алғашқы уақыттарда тарихи көршілес, ұзақ мерзім көлемінде халықтары тығыз аралас орналасқан мемлекеттер арасындағы болашақтағы атқарылар ынтымақтастық қатынасты ортақтаса шешу қажеттілікке айналды. Мұндай ынтымақтастықтың Еуразия аңғарындағы территориялары аса үлкен, даму болашақтары зор екі мемлекетке де қажеттігі айтпаса да түсінікті еді.
Аталған мерзімдегі мемлекеттер арасындағы шешілуі қажеттілікке айналған жағдайларға тоқтайтын болсақ, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының арасындағы жауабы табылуға тиісті орын алған мәселелер: тұрғындардың ұлттық құрамдары өзара тығыз аралас орналасқан екі мемлекеттің шекаралық аймақтарының экономикалық, мәдени байланыстарын реттеу, көші-қон ісін тиімділікпен тиімділікпен жүзеге асыру, азаматтық алудың тиімді жолдарын енгізу, Ресей Федерациясының Қазақстанмен көршілес және керісінше Қазақстанның Ресей Федерациясымен көршілес облыстарындағы қазақ және орыс диаспораларымен арадағы толық түсіністік пен теңдікке негізделген ынтымақтастықтықты қалыптастыру келелі іске айналды.
Өйткені жоғарыда аталып кеткеніндей, қазақ ұлтының белгілі бөлегі ұзақ уақытқа көлеміндегі тарихи жағдайларға байланысты Ресейдің Қазақстанмен шекаралас өңірлерін қоныс етсе, Қазақстанның Ресеймен көршілес аймақтарында орыс, тағы да басқа ұлт өкілдерінің саны аса көп деңгейде еді. Кеңес Одағы тарағаннан кейінгі уақыттағы орын алған бұл мемлекеттердегі ішкі және сыртқы көші-қон, толығымен қанағаттанарлық таба алмаған келесі елдің азаматтығын алу тәртіптері бұл күрделенген жағдайларды қос елдің көпұлтты тұрғындарының мүдделеріне сай шешуді қажет етті.
Осы айтылғандармен бірге жекелеген басқа ұлт өкілдерінен тұратын Қазақстан азаматтарының, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділерінің Қазақстанда қос азаматтық, екі мемлекеттік тіл, шекара, тағы да басқа Қазақстан Республикасының тұтастығы мен беріктігіне нұқсан келтіретін мәселелерді көтере бастауы да екі мемлекет арасыгндағы осы бағыттағы атқарылар қызметтің маңыздылығын айқындай түсті. Бұл ұсыныстарды өзара теңдік пен ұғыныстық тұрғысында шешу маңызды маңызды мемлекеттер аралық қызмет болып табылды.
Аталғандармен қатар шекаралық аудандардың көпұлтты тұрғындары арасындағы мәдени, білім беру, т.б. бағыттардағы байланысты реттеу де күн тәртібіне қойылған болатын.
Мемлекеттер аралық қатынастың келесі бағыттары- бірлескен кәсіпорындар қызметі, тығыз әскери қорғаныс, шекараны айқындау да маңыздылығымен ерекшеленді.
Бұлармен қатар Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы қатынастың аймақтық және әлемдік маңызы бар. Өйткені бұл мемлекеттер Европа мен Азия елдерін жалғасытырушы «Алтын көпір» қызметін атқарып келеді. Геосаясатта да қос мемлекеттің Еуразия аңғарында орналасуы өте маңызды орынды алып отыр. Яғни, екі елдің арасындағы достастыққа негізделген барлық шарттардың орындалуы әлемнің әр аймақтарына орналасқан мемлекеттердің Қазақстан мен Ресей Федерациялары өзара тоқтаусыз әр бағыттағы байланыстар орнатуларына да тиімді болып отыр. Кезінде 1994 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев ұсынған «Евразиялық Одақ» мәселесі қазіргі уақытта өзіні келелігігін айқындап, шынайы нәтижесін беруде. Оған бұл күндері жұмыс атқарып, мүше мемлекеттердің саны арта бастаған Еуразиялық экономикалық Одағының қызметін мысалға келтіруге болады. Сондықтан, мемлекеттер арасындағы саяси және тарихи байланыстарды тарихи тұрғыдан зерделеу өте маңызды мәселе екендігі анық. Мақалада ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясыасындағы өзара қатынастың тарихы құнды мемлекеттік құжаттары және ғылыми деректер негізінде баяндалған
Міне, осындай жағдайдағы Қазақстанның тәуелсіздігін алған күннен жүргізген сыртқы саясатының негізгі бағыттарының қатарында бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған республикалар, соның ішінде Ресей Федерациясымен арадағы қатынасты негіздеу болды. Өйткені «Тәуелсіз мемлекет дәрежесін алғаннан кейін Қазақстанға өзінің ең қуатты екі көршілері-Ресей және Қытаймен қатынастарын айқындап алуы керек болды, себебі бұл екі мемлекет те Қазақстанмен этникалық жағдайдағы тығыз қарым-қатынастағы елдер болып саналатын»[1]. Сондықтан да Қазақстанның бостандығын алған күннен жүргізген аймақтық сыртқы саясатының келелі бағыттарының біріне бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған, кейін ТМД-ға мүшелікке өткен республикалармен, соның ішінде Ресей Федерациясымен арадағы қатынасты негіздеуге арналды. Себебі Кеңес Одағыны мұрагері ретіндегі Ресейдің әлемдік және Еуразия аумағындағы саяси, экономикалық, ғылыми, мәдени, тіпті әскери салалардағы орны айырықша еді.Басқаны айтпағанда, ТМД құрамындағы елдердің экономикалық дамуы, сыртқы саясаттағы ұстанар бағыты, қорғаныс мәселелері Ресеймен қатынасқа тікелей байланысты еді[2].
Н.А.Назарбаев «Ресеймен байланысымыз әлсіреген жоқ. Ресми кездесулер мен келіссөздерде екі жақ бетпе-бет отырып, сан-алуан мәселелерді, оның ішінде шұғыл шешімді қажет ететін мәселелерді де талқыладық және солардың шешімін табуға, бір-бірімізді тыңдауға әрқашан дайын екенімізді көрсеттік. Уақыт өткен сайын Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының ауқымы кеңейіп, жаңа сапалық деңгейге көтерілді» [3], - деп жазды.
Осы мазмұндағы ХХ ғасырдың соңындағы ресейлік ресми құжаттарда көрсетілгеніндей:«Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты соңғы мерзімдегі негізгі бағыттардан:ТМД елдерімен, соның ішінде Ресеймен арадағы қатынастан тұрады»[4]. Cебебі, Ресей Федерациясы Қазақстанның ұзақ шекаралас көршісі. Екі мемлекеттің өзара экономикалық, мәдени ынтымақтастығының тарихы тереңге кеткен. Халықтарының өткенімен қазіргі күнгі дамулары да негізінен ортақтас. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың: «Мен орыс мәдениетімен тәрбиеленген қазақпын. Менің орыс достарым көп. Біз бірге тұрдық қой. Құдай бізге Ресеймен жеті мың шақырым шекараны берді. Бұл жерде менің балаларым және немерелерім өмір сүреді, сондықтан да мен Ресейде реформалар саясаты жеңгендігіне қуанамын. Мен Ресейдің біртіндеп ашық экономикалы неғұрлым демократиялық мемлекет болғандығын қалаймын. Ал Қазақстан оның нағыз досы және әріптесі болады» [5]– деген сөздері екі мемлекеттің, олардың халықтарының арасындағы ұзақ мерзім бойы қалыптасқан қатынасының тарихы мен болашағының маңызын айқындайды.
Міне сондықтан да егемендікке қол жеткізген Қазақстанның саяси, экономикалық, қорғаныс, т.б. cалалардағы Ресеймен арадағыөзара теңдік жағдайындағы серіктестік бұл мемлекеттердің келешектегі ынтымақтастық негізіндегі тұрақты дамуларына әсер ететіндігі белгілі еді. Өйткені“Қазақстан мен Ресейді ғасырлар қойнауына кететін достық пен бауырластықтың берік бірлігі байланыстырады. Оларды шыңдайтын негізгі белгілер экономиканың ортақтастығы, тарихи-мәдени дәстүрлер мен менталитет, біздің елдерімізде тұратын миллиондаған адамдардың тағдырлары болып табылады. Біз бір мақсатқа біріккенбіз. Біздің ортақ мақсатымыз және тоталитаризмнен демократияға, жүйені дәріптеуден –адамды дәріптейтін жолымыз бар.
Ресей біз үшін сыртқы саясатымыздағы негізгі әріптес, біз саясаттағы, сонымен бірге экономикадағы ресейлік реформалардың табыспен алға жылжуына шын көңілмен мүдделіміз[6].
Елдер арасындағы көпсалалы тығыз қатынас Кеңес Одағы тараған мерзімнен бастап қолға алынды. Ал, оның негізі ТМД шеңберінде іске асырылып, Қазақстан мен Ресейдің алғашқысаяси, экономикалық, әскери ынтымақтастық саладағы, мәдени, т.б. бағыттардағы араласуларының негізі қаланды. Осылардың қатарында Қазақстан мен Ресейдің ядролық қаруға деген қатынастары ерекше маңызға ие болды. Мемлекеттердің арасындағы көші-қон ісін, азаматтық мәселесін екі жақтың мүддесіне сай реттеу қолға алынды, мәдени, білім, ғылым бағыттарындағы бірлесіп атқарылатын істердің іргетасы қаланды.
Негізінен алғанда, ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы ресми қатынастың тарихын бірнеше кезеңге бөлуге болады: «Мемлекетаралық қатынастардың құқықтық негіздерін қалыптастыру (1991жылғы тамыз-1992 жылғы мамыр);саяси-экономикалық және әскери салаларда екі жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен нысандарын белгілеу (1992 жылғы мамыр-1994 жылдың соңы);ТМД шеңберіндегі интеграциялық процесстер арнасында екі жақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету (1995 жылдан бастап осы уақытқа дейін)» [7].
Аталған мазмұндағы атқарылған нақты істерге сүйенетін болсақ, алғаш рет: «1992 жылдың мамырында Қазақстан және Ресей Президенттері қол қойған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, серіктестік және өзара көмек туралы келісім тең құқықты ықпалдастықтың мемлекеттер аралық қатынастарын ресми түрде ашып, екі жақты ынтымақтастықтың қалыптасқан негізіне айналды»[8].
Ал, 1994 жылдың 28-30 наурыз аралығындағы Қазақстан Президенті Н.А.Назарбаев бастаған мемлекеттік делегациясының жоғары дәрежедегі бірінші ресми сапары қос мемлекеттің ұзақ жылдарға арналған достық, тату көршілік негізіндегі көпсалалы қатынасын негіздеді. 27-30 наурызында Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың,-деп жазады Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ресми дерегінде,- Мәскеуге ресми сапары болды. Кездесулердің қорытындысында 23 келісім жасалды. Президенттер арасында әскери саладағы ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол қойылды, «Байқоңыр» космодромындағы нысандарды пайдалану және жалға алудың шарттарына арналған келісімге, экономикалық ықпалдастықты одан ары тереңдету туралы уағдаластықтарға, Ресей мен Қазақстан тұрғындарының азаматтығы және құқықтық статустарына байланысты негізгі талаптарды шешуге арналған меморандумға қол қойылды [9].
??? Президент Н.А. Назарбаевтың: «Менің Ресей Федерациясына жасаған бірінші ресми cапарымда 23 мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдер мен уағдаластықтарға қол қойылды». Қабылданған құжаттардың үлкен тобы екі мемлекеттің арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан ары тереңдетуге арналды. Екі елдің үкіметтері айлық мерзімде төлеу-есептеу және валюта-несиелік өзара қатынасты реттеуі керек. Екі мемлекеттің мүдделері үшін қызмет ететін өндірісті бірлесе қаржыландырудың жолы ашылады. Осындай жағдайда инвесторлар бірыңғай құқыққа ие болады.
Біздің елдердің өзара тиімді байланыстарын, өндірістің қорғаныстық саласындағы ғылыми-техникалық коперацияны одан ары дамытудың жолдары айқындалды. Бұл сапардың кезінде бір жылдан астам уақытқа созылған күрделі мәселелердің, атап айтқанда “Байқоңыр” ғарыш алаңын пайдалану, стратегиялық ядролық күштерді айқындау және негізінен алғанда екі елдің арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық жолындағы жұмыстардың келісілген шешімдері табылды.
Бірыңғай ғылыми-техникалық және әлеуметтік “Байқоңыр” кешенін құрайтын Ленинск қаласының Ғарыш алаңының сынақтан өткізетін, технологиялық нышандары және инфрақұрылымыРесейге 20 жыл мерзіммен жалға беріледі(жыл сайынғы жалға беру құны 115 миллион АҚШ доллары).
Сонымен бірге үкіметтер тарапынан таяу уақытта Ленинск қаласында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ететін механизмдер, екі мемлекеттің құқық қорғау орындарының өзара іс- қимылдары қамтамасыз етілетін болады.“Байқоңыр” ғарыш айлағында Қазақстан Президентінің арнайы өкілі болады.
Ресей жағы Қазақстан Республикасының 1992-1999 жылдар аралығындағы Байқоңырды ұстау және пайдалану арналған мүліктік жоғалтулары мен шығындарын қалпына келтіруге келісті.
Жалпы әскери-стратегиялық кеңістік шеңберіндегі сенімді бірлескен қорғанысты қамтамасыз ету мақсатында Ресей мен Қазақстан біздің республиканың территориясында уақытша орналасқан стратегиялық ядролық күштердің міндеттерін белгілеу туралы келісімге келді. Екі елдің қорғаныс министрліктері әскерлерді мемлекеттердің өзара қауіпсіздігі мәселелеріне арналған бірлесе жоспарлау мен қолдануға арналған келісімдерге қол қойды.
Президент Б.Н.Ельцинге ядролық қарулы мемлекеттің басшы ретінде Қазақстан Республикасының ядролық қарусыз ел жағдайындағы бұл қаруды таратпау туралы келісімге қосылғандығы туралы құжат тапсырылды. Ресей Қазақстанның бұл қадамын қолдап, оны жаһандық қауіпсіздік пен әлемдік бейбітшілікті нығайтуға қосылған маңызды үлес деп бағалады және оның ядролық қауіпсіздігі туралы өзінің кепілдігін бекітті.
Біздер екі мемлекеттің тұрғындарының азаматтығы және құқықтық жағдайларын шешудің негізгі талаптарына арналған Меморандумға қол қойдық. Онда екі мемлекеттің кез-келген тұрғындарының азаматтық алуларының жылдамдатылған ережесі, азаматтардың визасыз және тіркеусіз сапарлары мен ешқандай салық төлемейтіндігі бекітіледі. Басқа мемлекетте тұратын азаматтың келесі мемлекеттен жеке меншікке ие болу, пайдалану мен шешім шығаруына, келісім-шарт бойынша екі мемлекеттің қарулы күштерінде әскери қызмет атқару мүмкіндіктеріне кепілдік қарастырылады.
Үкіметтер екі мемлекеттің мәдениет, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастығының негізгі келісімдеріне қол қойды»[10],-деген мәлімдемесі екі мемлекет жетекшілері арасындағы өзара тығыз қатынасты жолға қоюдағы атқарылған істердің маңызын айқындайды. Бұлармен қатар осы кездесуде екі елдің сыртқы саясат ведомстволары жетекшілерінің Елшілік конвенциясына қол қойылды, Қазақстан мен Ресей сыртқы істер министрліктері арасындағы кеңес алысу тәжірибесі енгізілді. [11].
Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшісі В.И.Долговпен болған әңгімесінде Н.А.Назарбаев: «Мен Қазақстан үшін стратегиялық бағытта Ресеймен бірге болудың қажеттігін шын көңілмен айта аламын. Ешқандай жағдайға қарамастан мен осы бағытты жақтадым, жақтаудамын, оны одан ары қолдаймын» [12], -деп көрсетіп, мемлекеттер арасындағы осындай қатынастың қажеттігін тағы да атап өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев 1996 жылдың 8 қазанындағы халыққа жолдауында: «Қазақстан Республикасының таяу болашақтағы сыртқы саясатының міндеттерін айқындай келе Ресей Федерациясымен арадағы қатынастың маңызына назар аударды. Оның сөзі бойынша Ресей-Қазақстан қатынасы Еуразия аңғарының едәуір бөлегіндегі саяси және экономикалық тұрақтылықты қалыптастырудағы обьективті алғышарт, ең қуатты факторға айналып отыр, ал мұның өзі кең көлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздік ісіне лайықты үлес қосады» [13].
ХХ ғасырдың 90-жылдарының екінші жартысынан Қазақстанның Ресеймен арадағы көпсалалы қатынасы тұрақтылық сипат алып, оның нәтижелері тереңдей түсті. Тарихи көршілес екі елдің арасындағы өзара ынтымақтастықтың да ауқымы кеңейді. 1995-1997 жылдардағы мемлекеттер арасындағы уағдаластықтардың барысына тоқтайтын болсақ, осы мазмұндағы ресми құжаттарда: «1997 жылдың 17 тамызында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы азаматтық алудың жеңілдетілген ережелері күшіне енді».
Қазақстанның Ресеймен арадағы сауда айналымы 1996 жылы 1995 жылмен салыстырғанда 30%- дан артық көрсеткішке жетті. Республикада 160-қа жуық қазақстан-ресейлік бірлескен кәсіпорындар негізделді, өндірістік кооперацияны дамытуға арналған жұмыс жалғастырылуда.
Ғылым, мәдениет және білім салаларындағы екі жақты ынтымақтастық неғұрлым кең ауқымды және нәтижелі болып табылады. Ұлы қазақ ақыны, ойшыл Абайдың құрметіне арналған 1995 жылғы Мәскеуден бастау алған мерейтойлы шаралар одан ары жалғасын тапты. Ресей Федерациясы Қазақстанға ғылыми кадрлар дайындауға елеулі тұрғыдағы көмек көрсету мерзімін ұзартып отыр. Ғарыш кеңістігін зерттеуге, мұнай-химиялық және дәрі-дәрмек өндірісінде, сонымен бірге микробиология мен медицинадағы жаңа технологияларды дайындау мен енгізу мақсатындағы бірлескен жобалар іске асырылуда. Екі елдің жетекші жоғары оқу орындары өзара тікелей байланыстарға шықты [14].
1996жылдың басындағы Мәскеу қаласындағы екі елдің басшыларының кезекті жоғары деңгейдегі кездесуінде ХХ ғасырдың соңындағы орын алған қатынастың барысы талқыланды, мемлекеттер арасындағы тығыз байланысты одан ары жалғастырудың, дамытудың жолдары көрсетілді. Ресми құжаттарда баяндалатынындай: «Мәскеудегі осы жылдың 20 қаңтарындағы Ресей мен Қазақстан Президенттерінің жұмыс кездесуі іске асырылды, оның қорытындысы бойынша қабылданған құжаттар, осылардың қатарындағы «Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету туралы Декларация», экономикалық, әскери-саяси және азаматтық мәселелерге арналған келісімдер ресейлік және қазақстандық ортада және дипломатиялық корпуста екі елдің кезеңдер негізіндегі барлық салалардағы жақындасуы», - деп қабылданды.
Ресей мен Қазақстан арасындағы қазіргі кезеңдегі шекара аймағы ынтымақтастық экономикалық және гуманитарлық қатынастардың негізгі құралы болып табылады.Омбы қаласындағы кездесу барысында (26 қаңтар) екі елдің вице-премьерлері (А.А. Болщаков және В.Л.Метте) РФ мен ҚР арасындағы шекара аймағы облыстарының арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды[15].
Осылармен біргеҚазақстан мен Ресей ынтымақтастығының келісімдік-құқықтық негізін өзара қатынастың барлық салаларын қамтитын екіжүзден артық келісімдер мен уағдаластықтар құрайды. Олардың 120-дан артығына мемлекет және үкімет басшылары қол қойған. 1997 жылдың 17 тамызында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы азаматтық алудың жеңілдетілген түріне арналған Келісім күшіне енді.
Қазақстан мен Ресей арасындағы 1996 жылғы тауар айналымы 1995 жылмен салыстырғанда 30%-дан артық болды.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясы субьектлері және өңірлерімен ынтымақтастығы белсенді дамуда. Оның тереңдеуі мен кеңеюуіне Қазақстан ерекше маңыз береді. (1997 жылы,-Ғ.Қ.) Қазақстан үкіметі Татарстан Республикасы және Мәскеу үкіметімен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастыққа арналған келісімдерге қол қойылды. Свердловск, Астрахань, Омбы облыстары және Ресейдің көптеген өңірлерімен шекара аймақтық ынтымақтастығы ойдағыдай дами түсуде [16].
Ресеймен арадағы қатынасты дамыту Президенттің “Қазақстан -2030 Cтратегиялық Бағдарламасында «біздің сыртқы саясатымыздың негізгі бағыттарының қатарына жатқызылды. Яғни қазақстан-ресей ынтымақтастығының бірінші кезеңінде жаңа мемлекеттерді әлемдік қауымдастыққа таныту мақсатындағы өзара құқықтық қатынастарды реттеу міндеті қойылды»[8.218].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың келесі, 1998 жылғы Ресейге сапары кезінде екі ел арасындағы Мәңгілік достық және XXI ғасырға арналған одақтастық туралы Декларацияға, Каспий теңізінің солтүстік бөлігі табанының аражігін айқындау туралы тағы басқа маңызды келісімдерге қол қойылды.
Елдер арасындағы қарым қатынастың он жылға жуық тарихын қорытындылай келе Н.Ә.Назарбаев: «Ресеймен шынайы достық әріптестік қатынастарды дамытудың Қазақстан үшін басым сипаты бар. Бұл ұстанымды біз әуел бастан мәлімдедік және ол тәуелсіздіктің бүкіл он жылында бірде бір рет ауытқуға ұшыраған емес» деп көрсетті»[17].
Жоғарыдағы аталған Декларацияға сәйкес: «Екі ел сауда-экономикалық қатынастарда, көлік, телекоммуникация, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларында тиімді, әрі қолайлы деңгейдегі қатынастарды өрбітуде. Қазақстанның 70% экспорты, 60%импорты ТМД елдерінің үлесінде, соның басым көпшілік экспорт-импорт операциясы Ресейдің қатысуымен жүзеге асырылады» [18].
Мемлекеттераралық келісімдер негізінде екі жақтың шекаралық аймақтарының экономикалық, мәдени, білім алмасу салаларындағы өзара бірлескен жұмыстары бастау алып, қарқындылықтарымен ерекшелене түсті. Мысалы: «РФ СІМ 1999 жылғы 3 маусымдағы мәліметтері бойынша сол мерзімде Қазақстан (Украинадан кейін)Ресей Федерациясы субьектілеріменжасалған салааралық келісімдер (117)жағынан екінші орынды алады. Аймақаралық Cібір шикізатын игеруге арналған 12 ресейлік және 9 қазақстандық облыстарды қамтитын ассоциация (МАСЕ) жұмыс істейді. Ресей мен Қазақстанның шекаралас облыстарының ынтымақтастықтары туралы халықаралық келісімдер іс жүзіне асырылуда. Бұл Алтай, Астрахан, Волгоград, Қорған, Новосібір, Омбы, Орынбор, Саратов, Тюмень, Челябі облыстары және тиісінше Қазақстанның шекаралық облыстары туралы болып отыр» [19].
Қос мемлекеттің арасындағы өзара келісімнің қатарына ХХ ғасырдың 90-жылдарының басынан негізі қаланған бірлескен қорғаныс бағытындағы уағдаластықтар жатады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың атап көрсеткеніндей: «Қазақстан - Ресей әскери-саяси және әскери-техникалық ынтымақтастығы табысты дамып келеді. Біз Ұжымдық қауіпсіздік Ұйымы жүйесінде өзара тығыз қатынас жасаймыз. Ресейлік ішкі бағаға негізделген Ресей қару-жарағы мен әскери техникасын алуға арналған келісім аса маңызға ие. Ресейдің әскери жоғары оқу орындарында курсанттар оқиды, қазақстандық Қарулы Күштері офицерлері дайындықтан өтеді. Шекара аймақтық ынтымақтастық белсенді дамып отыр. Соңғы жылдары Мемлекеттер басшыларының қатысуларымен шекаралық территорияларының Форумдарын өткізу дәстүрге айналды»[20].
Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жеке мемлекеттер ретіндегі тәуелсіздіктерінің алғашқы он жылдығындағы ресми қатынастың нәтижесінде:
- Біріншіден, қоғамның барлық салаларын қамтыған өзара байланыстың көпбағыттылығы мемлекеттердің барлық буындарының мүдделеріне сай келіп, саяси, шаруашылықтық, тағы басқа жағдайлардағы тығыз ынтымақтастық қамтамасыз етілді;
- Екіншіден, жоғары деңгейдегі жасалған өзара келісімдер, олардың нәтижесі қос мемлекеттің болашаққа жоспарлаған істерінің үйлесімділігі мен келелігін айқындады;
- Үшіншіден, мемлекеттер аралық қатынастың негізгі бағыттарындағы бірлескен қимыл, өзара түсіністік бұл елдердің саяси, экономикалық, қорғаныстық салалардағы тұрақтылықтарының іске асырылып, оның одан ары нығая тусулеріне өзіндік тұрғыда ықпалдылық жасады;
- Төртіншіден, маңызды мәселелерді бірлесіп шешуге арналған уағдаластықтар мен нақты істер екі елдің мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарының саяси, шаруашылықтық, әлеуметтік, тағы басқа салалардағы өзара теңдік, ұғыныстық, құрмет негізіндегі тығыз байланыстарының орнатылуымен, бұл салалардағы атқарылған істердің нәтижелілігімен ерекшеленді.
-Бесіншіден, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қазақ және орыс диаспорасы арасындағы қатынасты өзара тиімділік және түсіністікпен жолға қоюдағы нақты істері тұрғындар арасынан қолдау табуымен бағаланды. Көпұлтты тұрғындар арасындағы өзара теңдіктің құқықтық негізі қаланды. Бұл бағыттағы білім беру мәдени даму, т.б. бағыттағы атқарылған алғашқы жұмыстар өзінің нәтижелілігімен айқындалды.
- Алтыншыдан, мемлекеттердің шекаралық аймақтарындағы саяси, шаруашылықтық, мәдени, білім беру, ғылыми байланыс, денсаулық сақтау , т.б. салалардағы қатынастың мазмұны арта түсті. Аймақтардағы көпұлтты тұрғындар арасындағы ұғыныстық пен түсіністік нығайды.
Қазақстан-Ресей Федерациясы шекаралық аймақтарының тұрақты негіздегі ынтымақтастығы өмірге келді.
Ал, мұның өзі осындай бағыттағы бірлескен қимылдың болашақта одан ары дамуының және тереңдей түсуінің қажеттігін айқындады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Архив Президента РК, Фонд 5-Н, опись-1, дело- 6676, л.17
2.Қарасаев Ғ.М., Дүйсен С.Ж., Қалиев Ж.Н. Ұлткөшбасшысы Н.Ә.Назарбаев және Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты(1991-2013 жж, Астана, 2018, 94-95 бб
3.Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік дәуірі.-Астана, 2017,170-171 бб
4.Архив ВП РФ, Фонд 897, опись 1, дело-3, л.4
5. Архив ВП РФ, Фонд 897, опись 3, папка 11, дело-3, л 52
6. Архив Президента РК, Фонд 5-Н, опись 1, дело-3352, лл. 1,2
7. Тоқаев К. Қазақстан Республикасының дипломатиясы.- Алматы:“Қайнар”, 2002, 73-74 бб
8. Бүркітбай Аяған, Ауанасова Алима. Нұрсұлтан Назарбаев және мемлекеттік құрылыстың Қазақстандық моделі (тарихи аспекті). – Алматы: ООО «Литера-М», 2012. – 201-б
9. Архив ВП РФ, Фонд 897, опись 1, дело- 8, л.20
10. Архив Президента РК, Фонд 5-Н, опись 1, дело 3351, лл. 1-3
11. Актуальные проблемы внешней политики Казахстана (cборник статей), Москва “Русский Раритет”, 1998, сс.219-220.
12. Архив ВП РФ, Фонд 897, опись -1, дело -5, л. 30
13. Архив ВП РФ, Фонд 897, опись-3, дело-3, л. 27
14. Архив Президента РК, Фонд 75-Н, опись-1, дело-2938, лл.19,21
15. Архив ВП РФ, Фонд 897, опись-2, дело-8,лл.43,81
16. Архив Президента РК, Фонд 75-Н, опись-1, дело-2938, лл.18, 19, 20-21
17. Казахстанско-российские отношения. 1991-1999 годы. Астана-Москва. 1999, 4 б
18.Қазақстандағы президенттік билік институты: тарих, тағылым, тәжірибе/Б.Аяған, Г.Нұрымбетова, Х.Абжанов, Б.Шәпиев, М.Иембекова/Б.Аяғанның редакциясымен.-Алматы: Раритет, 2010.-368 б. 267 б
19. Архив ВП РФ, Фонд-897, опись -6, дело-10, л.43
20.Внешнеполитические инициативы Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева. Историко- документальное исследование /Нурымбетова Г., Кудайбергенов Р. Выступительные статьи:Селиверстов С.В.-Алматы: “Қазақ энциклопедиясы”2010.-384 с+8 вкл с.97
Қарасаев Ғани Мұқашұлы- тарих ғылымдарының докторы, профессор
ҚР БҒМ ҒКМемлекет тарихы институты
Бөлім басшысы- бас ғылыми қызметкер
Бөлісу: