Шығыс Түркістан тағдыры (ХХ ғ. алғашқы жартысы)
16.01.2015 5897
ХХ ғ. алғашқы жартысы әлем үшін қырқыс заманы деуге болады, бір емес екі бірдей дүние соғысын басынан өткерген жер беті дамыған зорекер елдердің бір-біріне қарсы болған, өз ықпалын жүргізу мақсатындағ

16.01.15

Бұл тақырыпта ХХ ғ. алғашқы жартысындағы жетім қозыдай иесіз қалған Шығыс Түркістанға болған шетелдік империялардың таласы мен ықпалдықтары туралы сөз болады.

Шығыс Түркістан ежелден көк түріктің қоныс тепкен жері екені тарихта, археологиялық ғылымда жоққа шығармайды, тіпті, мұны қазіргі Шығыс Түркістанның қожасы қытай тарихыда жоққа шығара алмайды. Қазіргі тарихта айтылып жүрген Шығыс Түркістан Қытайда Шинжяң (жаңа жер) атауына ие, Солтүстігі мен солтүстік шығысында Алтай, батыс ортасында Тәңір тауы (Тянь-Шань), оңтүстігінде әйгілі Такламакан шөлі мен Кунлунь тауларын алып жатыр, Қытайдың батыс солтүстік бөлігінде, территориясының Алтыдан бір бөлігін құрайтын өлкелік көп ұлтты провенция. Солардың Ішіндегі қазақ көп шоғырланған Алтай, Тарбағатай, Іле аймақтары географиялық жақтан Шығыс Қазақстан мен Жетісудің өзі-де, саяси жақтан бізге алыс, есесіне, өзінен қиыр Қашқарға жақын. Сол себепті біз қазіргі зерттеулерді, қазіргі әкімшілік бөлінісі (Шынжаң) бойынша алып зерттейміз.с
Шынтуайтында, Шығыс Түркістан атауы — ешқандай саяси мүддеге тәуелсіз географиялық атау ғана, былайша айтқанда, түркі әлеміне тәуелді жердің шығыс қанаты. Ежелден түркілердің өзі билеп, өз төстеген жері. Шығыс Түркістанның тарихы мен тарихи тағдыры, қазіргі заманда аса зеріттелуді қажет ететін мәселе. Тұрсын Жұртбайдың сөзімен айтқанда: «Шығыс Түркістанды зерттеуге тек Қазақ емес, оны зерттеуге сол кезде Шығыс Түркістанның тағдырын шешкен әскери-дипломатиялық келісімдерге қатысқан мемлекеттердің бәріде зерттеуге мүдделі." [1,12 б.]. Ал, бүгін осы Шығыс Түркістанның қазақтар шоғырланған жері емес, қазіргі қалыптасқан териториялық орны бойынша тұтастай алып, ХХ ғасырдың алғашқы жартысында әлем назарында қаншалық орны болғандығынамқыcқашамтоқталыпсөтпекпін. С 1758 жылы Жоңғар хандығын жойған Қытайдың сол кездегі Манжур патшалығы оның жеріне иелік ете бастады. Бұл кезде орыстар Шығыс Түркістанға әлі-де болса аяқ баса қоймаған. Бірақ, Қазақстанды шығысқа апарар қақпа санап келген І Петр патша, 1715 жылы Елиі Ашур-бекке Үндістанға барып тоты құстар мен барсытар сатып әкелуді тапсырған екен, Бұл Петр Үндістанға баратын жақын жолдарды барлау ниетінде және осы бай елмен сауда қатынасын жүргізу ойымен қимыл жасаған және 1716 жылы Бекович, Черкасскийді өкілетті елші ретінде Хиуа мен Бұхараға Шығыс Үндістанның алтыны туралы және сондағы сауда мен жергілікті жердің түрлі жағдайларын білу үшін тағайындаған [2,194 б.]. Демек, орыс патшалары сол заманда-ақ Үндістанға жетуді болашаққа мақсат ретінде қойған, сондай-ақ, Үндістанға шығу үшін өткел болар жердің бірі Шығыс Түркістан екенінде дау жоқ. Әсіресе, Шығыс Түркістанның Оңтүстік батысындағы Қашқар сияқты шаһарлар, Орта Азия мен Үнді елі арасындағы сауда жолына қолайлы аймақ еді, сол үшінде орыстар оны сол заманда-ақ назарға ала бастаған. С с
ХІХ-ғсырдың ортасында Қазақ хандығын өзіне қосып алған Орыс империясы Хиуа, Бұқар, Қоқан хандықтарына хауып төндіріп тұрғанда, өз иеліктеріне қауып төнуінен сескенген Манжур патша өз отарындағы Шығыс Түркістан бөлігін сақтандыру үшін, бұрыннан ұстанған «Жабық қақпа» саясатының үстіне тағыда құлып басамбергенмеді.
Ш.Уәлихановтың қолжазба түрінде бізге жетіп отырған 1856 жылығы «Қытай империясының батыс провинциясы Құлжа қаласы» саяғаты, 1758–1859 жылдардағы «Қашқарияға сапары» алты шаһар (Қашқар, Хотан, Ақсу, Ұштұрпан, Иыңсары, Яркент) туралы зерттеулері орыстарды қуанытпаса мұңайтқан жоқ, себебі, Қашқария бұл кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Еуропа үшінде беймәлім еді, Шоқанға дейін онда тек қана кезінде Марко Поло, Иезуит Гассен және неміс ғалымы Тер болған-ды. Бірақ бұлардың бірде-бірі «Алты шаһар» туралы ешбір елеулі ғылыми деректер бере алмады. Тіпті, сол кездегі Үндістанды зерттеуші үш атақтыың бірі Шлагинвейттің өзі Яркент шаһарында қазаға ұшырап, басы алынады [2]. Шоқанның бұл зерттеуі Еуропаны таңғалдырып, Ақпатшаны қуантты. Оның зерттеуі патшалық армияның әскери қажеті мен ғылыми зерттеудің материялдық қажетін қамтамасыз етті, Қашқардан қайтып келген соң Шоқанға әскри атақ, төртінші дәрежелі Владимир ордені және 500 сом күміс, ақша силықпен марапаттайды [3,141 б.]. Демек, бұл жерде, ақпатша Шоқанға ғылымға қосқан үлесің деп осынша атақ пен, ақшаны бердімдеумартықтау3болар. 3333Ал бұл уақытта, Үндістанды қолында ойнатып, орыстың Орталық Азияны жаулап алуына ежелден наразы, әлем қожасы өзім деп білетін, ағылшындар шығысқа күн санап жылжып келе жатқан Ресей империясын тоқтатпаса, кейін өзіне көлденең болатынын біліп, Қоқан, Хиуа, сияқты әліде тәуелсіз Орта Азия хандықтарын жең астынан қолдап отырды. Сонымен бірге Шығыс Түркістанның бұл аймақтарға жақын Оңтүстік батысын да Қытайдан бөліп әкетуге ұрынып бақты. Өстіп жүргенде тілегені табылып, Манжур патшаға қарсы Ұйғыр шаруалардың көтеріліс басшысына, Қоқан хандығы, ақылшылыққа жіберген Якуб-бек Қашқарды басып алып, 1867 жылы «Жетішар» мемлекетін құрады, 1870–1871 жылдары Үрімжі қаласына дейін басып алып, Құмкөл мен Баркөл, Іле аймағынан басқа бүкіл Шығыс Түркістан аумағын өзіне қосты. Мұны сәтті пайдаланған, ағылшындар Якуб-бекті өзіне тартты, қарыз, ақша мен әскери көмек берді, қытай мен орыстан сақтану үшін Якуб-бекте, ағылшындарға арқа сүйеді. Бұл кезде өз ішінен былығып кеткен қытай үкіметіде Европалық елдерге жартылай отар елге айналған еді. Якуб-бек арқылы, ағылшын ықпалының Шығыс Түркістанға кіріп кетуінен орыстар қатты қорықты. енді ғана қолына қондырған Орта Азияның тыныштығын сақтап қалуға ұмтылды. Ақыры, 1871 жылы бір жағы Якуб-бектің алдын алу үшін, бір жағы өзінің отарлық ірге кеңейтіу мақсаты үшін сол кездегі орны маңызды саналатын Ілені басып алды да, Қытайға дем береді, 1877 жылы Манжур патша жарлығымен генерал Зо Зұңтаң әскер бастап келіп, Якуб-бекпен кескілесіп жүріп қуып шығады, Якуб-бек қастықтан қаза табады [4]. Зо Зұңтаң Шығыс Түркістанды қайта Қытайға қаратып сол жылы Шин Жияң (xin jiang) деген атау беріп кетеді, мағанасы «Жаңа аумақ" деген сөз [5,63 б.]. 1881 жылы Қытай үкіметі Ресей Империясына төрт реткі келісім нәтижесінде Ілені он жыл дегенде әзер қайтарып алады. Сонда да Шынжаңда ықпалын асыру үшін Іле, Тарбағатай, Қашқар, Кунлүн да консулдықтар құрып, кунсолдық санын көбейітті [3,67 б.]. 1884 жылы Манжур үкіметі, Шығыс Түркістанды Шынжаң деген атпен өлке етіп жариялап, жаңа провенция құрады [6,63 б.]. м
Жалпы, Басқа елдерге қарағанда Ресейдің ықпалы Шынжаңға жоғары болды, бұған себеп, бірінші жақтан, қиыр шығыс саналатын Еуропа, Америка елдеріне қарағанда географиялық жақтан Ресей жақын әрі қолайлы еді, екінші жақтан, Орта Азия Түркілерін жаулап алған Ресей Шығыс Түркілеріне сол жақындық арқылы пайдаланып ықпал ете алды.мм
мРесей ежелден бір жерге көз тіксе, сол жерді алдымен зерттеп, зерделеуге кірісетін, ХХ-ғасырдың басында орыс геологы Обравчев қатарлы адамдар Алтайдың Бұлғын өзені өңіріне геологиялық барлау жүргізіп, Бұлғын, Шіңгіл өзенінің жағасынан алтын кенін байқаған. 1910 жылы Алтай қаласына Ресей консулы орналасты. Бұл кезде Алтай аймағы төте орталық қытайға бағынышты еді, 1911 жылы Қытайда 300 жыл билік жүргізген Манжур патшалығы құлаған кезде және артынша Монғолияның Манжур отарынан құтылып тәуелсіздікке ұмтылуын пайдаланған Ресей Монғолияны өзіне тарта бастады. Осы жағдайда оқшауланып қалған Алтай жерін қосып алуға тырысқан еді. 1913 жылы сыртқы Монғолия кегені Жыпсынданба патшалық Ресейдің қолдауымен Қобдаға шабуыл жасап Алтайдың Қобда аймағын жаулап алады, онан Алтайға шабуыл жасап, Алтайдың Қобда шекаралас аудандарына ішкерлей кіреді [7,5 б.]. 1913 жылы желтоқсанда Сарсүмбеде тұрған Ресей консулы «Қытай әскері өмірімізге қауіп төндіруі мүмкін» деген сылтаумен Ресейден 1300 әскер әкеліп Буыршын ауданы мен Алтай қаласына орналастырады [8]. 1917 жылы Ресейде 300 жыл билік құрған, ақпатша қазан төңкерісінен кейін құлайды. Бірақ, шынын қуғанда Ресейде патшалық режим жойылғанмен, империялық пиғыл жойылмаған еді. Кеңестік Коммунистік жүйе орнағаннан бастап 1949 жылы Шынжаң Қытай коммунистерінің қолына өткенге дейін Шығыс Түркістан мәселесінембастан-аяқмараласыпмкелді. МмммБұған нақты дәлел: «1919 жылы Ленин және КОКП тарапынын құрылып, 1943 жылы 15 мамырда Сталин тарпынан таратылған ІІІ интернационал әу бастан Шынжаңға көңіл бөле бастады, ол өлке, 1919 жылы ортаға салынған «Шығыс төңкерісі теориясы» бойынша талқыланған. Қазан төңкерісі жеңіске жеткеннен кейін ІІІ интернационал және Кеңестік ресей Шынжағдағы әскери диктатуралық басқаруға қанаушы басқару ретінде қарады. Сондықтан олар Шынжаң өлкесіне төңкеріс отын кіргізуге қарар қабылдап, әлемдік төңкерістің аймағын кеңейтуде маңызды бір аймақ ретінде оны көре бастады. Олардың пікірінше төңкеріс Ресей мен Орталық Азия аймағында қанат жайғаннан кейін, Шынжаңда жаңа бір социялистік төңкерісті іске асыруға болады. Бұл стратегиялық жақтанда, Кеңестік басшылар үшінде маңызды еді. Өйткені Кеңес үкіметі үшін Ұлыбританияның колонизациясы болған Үндістанға жету үшін пайдалана алатын ең төте жол еді." сонымен қосы Шынжаңның Кеңес одағын қызықтыруына тағы бір себеп Америкалық тариыхшы Бенсын айтқандай, Кеңес Одағы үшін Шынжаңның тек иделогия емес, сонымен қатар бай жерасты байлықтарымен-де мәнге ие екенін көрсетуде.[10. № 8 түсініктеме] м
ммммЖоғардағы айтылған сөздің дәлелін, Шығыс Түркістан қазақтарына әйгілі Оспан батырдың қанды көйлек серігі болған Нұрғожай батыр өз естелігінде: «Мен ат жалын тартып мінген кезде, Алтайда болып жатқан оқиғалар мынау болды. Ресейден қашып өткен қазақтар жан түршігерлік хабарларды әкеліп жатты. Орыстар да жанталасып Шынжаңды қолына түсіріп қалуды ойлады. Америкаға сүйеніп, енді тіріліп келе жатқан Нанжиң үкіметі де Шынжаңнан айрылып қалмауға тырысып жатты.« — деп солмкездемШынжаңдағымсаясимөмір, мсаясаттанмбеймхабармқазақмшаруасыдамжайсөзбенмжеткізеді2[10]. М Нұрғожай батыр өз естелігінде Яң зышыңның өлімін орыстармен байланыстыра отырып былай дейді: «Үрімжідегі Орыс консулы Абласов ең алдымен Үрімжі уәлиі Пан яунанды қолға түсіріп, Шынжаңда Яң менжін үкіметін аударып тастауға ұрынып, 1928 жылы 1 шілде күні зяпат үстінде Пан яунан, Яң зышынды атып өлтірді. істің сәті болмады. Пан яунанды атып тастап Яң зынның орнына Жин шурын отырды, орыс ойының сәті болмай қалды. Жын шурын Алтайды тыныштандыру және Монғолямен-де, Ресеймен-де болған тығыз байланысты күшеиту үшін Бурылтоғай ауданына төре Шәріпханды шән етіп тағайындап, сол кездегі Алтай аймағына белгілі халық жоқшысы Зуқаның басын алдырды. бұл бұйрықты ол кезде орындаған Алтай уәлиі Вый жыңго болатын." [10]. Шығыс Түркістан мәселесі 1930–1949 жылдар аралығында Кеңес Одағы мен Қытайдағы қарым-қатынас тарихында өте маңызды түйінге айналған, әрі сол жылдары Шынжаң мәселесі қатты шиленіскен жағдайға түсіп, әлем назарын өзіне аударған еді. Осы шиленісті пайдалынып шетелдік алпауыттарда Шығыс Түркістан мәселесіне араласа бастайды.
1931 жылы Жин Шурыннің қатал тегурініне шыдамаған Құмылдың ұйғыр-қазақ шаруалары көтеріліс жасайды, Осы кезде Станбулда эмиграция да жүріп «Яш Түркістан» газетін шығаратын, үлкен Түрікшіл, Қоқанда тұтас Түркістан автономиясын құрушы, Мұстафа Шоқай Шығыс Түркістанды Үлкен Түркістаннан бөле қарамайтын, және осы көтеріліс басталыуымен ол «Яш түркістан» беттерінде мақалалар жариялай бастады, Бұл туралы тарихшы Қыдыралиев Дархан өз еңбегінде: 1931 жылы Шығыс Түркістанның Құмыл аймағында Ұйғыр, Қазақ, Қырғыздардың жергілікті Қытай үкіметіне қарсы көтерілісіның бастауымен бірге Мұстафа Шоқай мен «Яш Түркістан» ұйымына тағы бір міндет жүктелді, ол — Шығыс Түркістан ұлттық майданын жүргізу міндеті еді. Мұстафа Шоқайдың сол туралы конференциялар ұйымдастырып әлем назарын аударуға тырысқанын және 1933 жылы серіктерімен, ақылдаса келе Междеддин Делилді Шығыс Түркістанға жіберіп, сол жылы құрылған Шығыс түркістан ислам республикасыменде байланыста болады делінген. И Шыныменде, Мұстафа Шоқай Шығыс Түркістан мәселесіне мән беріп, оған «Яш Түркістан» журналынан арнаулы бет бөлген, ол өзінің Шығыс Түркістан жайлы: 1933 ж № 46 санында «Шығыс Түркістан мәселесі төңірегінде." деген мақаласында: «Түркістанда қанды соғыстар жүріп жатыр, бұл оқиғаға бүкіл дүние жүзі зор мән беріп отыр [11,359 б.]. Жапонияның Мәнжурия арқылы Монғолияға жақындауы мен Англияның Тибетке саяси-экономикалық билік жүргізуі, Кеңес Одағына Шығыс Түркістан мәселесіне барынша абай болуға мәжбүр етті» [11,361 б.] делінсе. 1934 жылы № 56 санында: «Шығыс Түркістан, сыртқы дүние және біздің міндеттеріміз» еңбегінде [11,403 б.] және 1935 жылғы № 63 санындағы «Қытай мен Кеңес үкіметінің Шығыс Түркістандағы достығы» деген мақаласында: «өткен қаңтар айында Жапон парламентінде сөйлеген бір сөзінде, Жапонияның сыртқы істер министирі Хорито Мәскеудің Шығыс Түркістанға қол созып, бұл өлкені кеңестендіруге ұмтылып отырғаны туралы айтады» [11,445 б.]. Ал, 1935 жылы № 71 санындағы «Шығыс Түркістанда» атты мақаласында: Шығыс Түркістан Қытайдың тепкісінен құтылам деп жүріп, орыстың бұғауына түсіп кеткен қасіретті мекен, — деп ашына жазған [11,491 б.]. м мммм б ббб 1931 жылғы Шығыс Түркістанның саяси шиленісі мен халық көтерілісін пайдаланған Гансулық милитарист Ма жұңиың Шинжяға басып кіреді. Бұл туралы Тариыхшы Тұрсынхан Зәкенұлы өзінің «Ұмытылған мемлекет» атты еңбегінде: «1931 жылы Құмылда ұйғыр, қазақ шаруаларының Жин шурын үкіметіне қарсы көтерілісі болады. Көтеріліс Тянь-Шаньның оңтүстігі мен солтүстігін бірдей шарпыды, осы орайда Шынжаң мен Гансу, Цинхай (Тибет) өлкелерін бірлестіріп Мұсылман мемлекетін құрмақ болған Гансу-Цинхайдың милитарисы Ма Чжунин (ma zhong yin) Шынжаңға басып кіреді." делінсе [1,36 б.]. 1944 жылы үш аймақта құрылған ШТР уақыттық үкіметінде әскери қызыметте болған Ғалым Нөкішұлы «Шығыс Түркістандағы дауыл» атты еңбегінде Ма жұңиыңның сұғанақтығының астарын шетелден іздей отырып: «Шығыс түркістандағы шиленіскен ауыр жағдайды пайдалануды мақсат еткен Жапония билеушілері Ма Жуиңға, ағылшындар Индия арқылы оңтүстікке көмек жіберіп, Шығыс Түркістан мәселесіне араласа бастап еді. Бұл жағдайды сезген Кеңес Одағы соғыс өртін тез өшіріп, Орта Азияны өрт шарпуынан сақтау үшін терістікке „Тарбағатай атты полкі“, Іле өңіріне „Алтай атты полкі“ деген атпен қызыл армия бөлімдерін кіргізіп, Ма жуиң тонаушыларына ойсырата соққы береді, кеңес консулы Қожаниязды шырғалап Шың шы сай мен бейбіт келісімге келтіріп, екеуі бірлесіп Ма жуиңды Қашқарға дейін қуып салады» — дейді. м мммм Тариыхшы Асқар Татанайұлы да өз еңбегінде: «1932 жылы Ислам мемлекетін құрамыз дейтін Мажұңиың әскері Алтайды басып алды» — десе [12,67 б.]. ШТР уақыттық үкіметінің Генералы болған Дәлелхан Сүгірбайұлы: «Алтайдың күрес үстіндегі тарихи оқиғалар» — деп аталатын 1948 жылы 10 сентябрь ұлы халық жиналысында сөйлеген баяндамасында осы Ма жұңиын туралы: «1933 жылы Алтай халқы Шәріпхан басшылығында Жин Шурын үкіметіне қарсы көтеріліске шықты, осы кезде Қытай кертатпаларының Алтайдағы қазығы сурылып, халы кеткенін көрген соң, Мұсылман шапанын киіп, Сәлдесін ораған Жапоншыл Машып, Махиың сияқты ұлт дұшпандары келіп Алтай халқын тағыда әбігерге салмақ болды. Бірақ, Алтай халқы оған алданған жоқ, тағы сол Шәріпханның бастауында 1933 жылы қыркүйекте жаһангерлік бағытпен Жапонға.сатылған. Машып,.Махиыңдарды.қуып.салды.«-іделінеді. смммЖоғарыда айтылған М. Шоқайдың жазғандары мен сол заманның көнекөз қарыттары қалдырған еңбектері арқылы біз, сол тұста Ма жұңиыңның Мұсылман патшалығын құру желеуімен келген, ол Шығыс Түркістанда жақсы қолдау табатынын сезген еді. Ал сол тұста, Манжурияны жаулап алған Жапония, Сол арқылы Монғолияға жақындамақ ниетте болды, әрі, өзінің басты қарсыласы болған, Монғолияны ықпалында ұстап отырған Кеңес Одағына жағымсыз, Шығыс Түркістан да бір Мұсылман мемлекетін құрмақ болған Ма жұңиынды қолдау пайдасын тигізбесе зиянсыз еді. Сол үшінде Жапондар Шығыс Түркістан мәселесіне бей-жай қарай алмағанық, былайша айтқанда, Жапония мен Ма жұңиын екеуіде іс жүзінде бір-бірінен зиян шекпейтін паразит сияқты, Ма жұңиын сол кезде Қытайды шырылдатып тұрған Жапонға арқаланып Гансу, Шин хай, Шынжаңды Қытайдан бөліп алып дара билемек. Ал, Жапония Ма жұңиын арқылы Шынжаңға ықпалын жүргізіп, Орта Азияда бедел жинап байлығын қидай сыпырмақ болды. 1933 жылы Ма жұңиын Тұрпанға бекініп Үрімжіні басып алмақ болып жатқанда, сол жылы қаңтарда, Ақсудың дүнгендері мен Қашқардың ұйғырлары көтеріліс жасап, көтеріліс ұлғайып Қытай үкіметін қуып шығады. Сөйтіп, 1933 жылы 12 қараша күні Қашқарда «ШығысТүркістан Ислам Республикасы» құрылды. Қожанияз ел басы болуға ұсыныс етілді. Олар енді өздерінің тәуелсіздігін мығымдау үшін тірек іздеді. Бірақ, М.Шоқай айтқандай «Панисламизм», «Пантүркизм» дегенге, ағылшындардың басының сақинасы ұстайтын болған соң, ашық болмасада ықпалдық үшін жасырын қолдап қалуға тырысты. Ал, Ауғанстан мемлекетінің енді ғана таққа шыққан үкімет бастығы Сабыр С. Шығыс Түркістан Ислам Республикасына ашық тілектестік білдірді және оны қолдады. Шығыс Түркістан Ислам Республикасының елшілер үйірмесі Германияның Ауғанстанда тұратын елшіханасының қабылдауында болып, олармен құпия келіссөз өткізді. Қытайдың шығыс солтүстігін жаулап алған Жапония өзінің «Манжурия мемлекетін» құруына сәйкесіп, мұсылман ұлттарының Шынжаңды бөліп алуына барынша тілектестік білдірді. Шығыс Түркістан Ислам Респуб¬ликасының дербестік жариялауымен оны халықаралық күштердің қолдап-қуаттауы, Германия, Жапония, Англия, Ауғанстан елдерінің оларға жақтас бола бастауы Кеңес Одағының назарын аударды. Бұл жерде кеңестіктердің Жа¬пония¬ның Қытайдың шығысын иелеп, өздеріне қатер төндіруінен сақтану, коммунистік Қытайды қолдап, гоминдаң қытайларын тізгіндеу, Шың Сысайды қолдау арқылы гоминдаңшыларға қарсы қою немесе Шынжаңдағы өз ықпалын нығайту секілді көптеген ішкі мүддесі бар еді [4]. Кеңес Одағы Шынжаң мәселесіне белсене араласты, Нұрғожай батырдың естелігіне жазған Әбдуақап Қараның сілтемесінде: КСРО комиссары Орталық Азия бюросының хатшысы Бауман 1931 жылы мынадай ұсыныс жасаған еді, " Шынжаңдағы ұсыныс енді ұлт-азаттық қозғалысы сипатына өтті, сондықтан Шынжаңдағы төңкерістік әрекеттерді белсенді түрде бастатып, осы әрекеттің ары қарай дамуына көмектесуіміз керек [10.№ 9әтүсініктеме]. Сол мақсатта 1932 жылы 5 көкекте ІІІ интернационал «Шығыс Түркістан тәуелсіз ел» деп жарнама жарялағанда Монғоля арқылы 12 адам Қожанязға 4.000 мылтық әкеліп таратып берді [10]. Осындай аласапыран болып жатқанда, 1933 жылы 12 көкекте Үрімжіде саяси алаяқ Шың шы сай Жин Шурыннан билікті тартып алады. Жин шурын Бақты шекарасы арқылы Кеңес Одағына қашып кетеді [13,580 б.]. Шың шы сайдың билікке шығыуымен қатар сол кездегі Шынжаң жағдайын жаушы Жақсылық Самитұлы «Шығыс Түркістан республикасы» атты еңбегінде былай деп баяндайды: 1933 жылы Шын шы сай билік басына шыққанда оны алғашында Орталық Нәнкин үкіметі қолдай қойған жоқ, оған сенбеді, сол себепті оны Шынжаңнан аластау үшін 1933 жылы қыркүйекте заң министірі Ло Вынгаңды Шынжаңға жібереді, ол Дүнген милитарисы Ма Жұңиың мен Іледегі әскери мансапты Жаң Пи-юанды қолдап Үрімжіні қоршауға алады. Амалы қалмаған Шың шы сай Сталиннен жалына көмек сұрайды. Шың шы сай кезінде Жапонияда оқып жүргенде Марксшыл, Лениншыл ұйымдарға қатысып көзге түскенін ескерген Кеңес Одағы 1933 жылдың соңы мен 1934 жылдың басында Ілемен Шәуешек арқылы Шынжаңға әскер кіргізеді. Ол 1937 жылы Шілдеде Москваға барды, Сталинмен кездесіп, Кеңес Одағы коммунистік партиясына мүше болып, бес жұлдызды орденмен марапатталады. Сонымен бірге, Кеңес Одағынан бес милион сәрі күміс қарыз алу, Құмылда Кеңес Одағының әскерін тұрғызыу, Тұдың Хабадан Құрыш қортатын завот құру, Алтайдан асыл тас кенін, Қашқардан мыс кендерін ашу туралы Кеңес-Шынжаң келісімдеріне қол қойылды [1.189]. Шынжаңда билікке келген соң, Шың шы сай Сталинның үмітін, ақтау үшін бір мезгіл социялизм жолымен жүрді, бірақ іс жүзінде бұл оған ұнамайтын әрі мұндай жолды қаламайтын адам еді, Ол Москваға барып, аз ұлт халқына жасаған Сталинның озбырлық реперециясын көріп, соны пайдаланып өз ойын іске асыруға тырысты, соны қолданып талай жазықсыз жандарды түрмеге тоғытты.
Міне осы жағдайлар арқылы Шың шы сайдың билікке жетуі үшін Кеңес Одағына жалбарынып және халық арасында өз ықпалын асыру үшін Шынжаңда азда болса тыныштық заманына келтіргенін білдік. Кеңес Одағы бірінші ретте, фашизм жолына түсіп келе жатқан болашақ жауы Жапонның қолдауынан өзіне қарсы ұнамсыз мұсылман туын көтерген дүнгендерді аластауға мүдделі болса, екінші жағынан, Шынжаңға деген ықпалын арыттыру үшін жалбырақтаған Шың шы сайды қолдай жөнелгенінмаңғаруғамболады. Мввв1939 жылы дүние жүзілік екінші соғыс басталып, 1941 жылы немістер Кеңес Одағына шабуыл жасады, 1942 жылдың басында Москваны қоршап, Кеңес Одағының жойылып кету хаупы туындады, Сонымен қоса Герман фашистері Москвадан кейінгі Орта Азияға байланысты «Еділ-Жайық" және «Үлкен Түркістан» мемлекеттік құрлымдарын құруды жоспарлады. Осы Үлкен Түркістан отарының құрамына Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шынжаң, Ауғанстанның солтүстік бөлігі енгізілді, демек немістерде Шынжаңның ежелден кімдікі екенін білсе керек. Осы жылдары қас қылғандай Қытай коммунистеріде шығысынан жапондар қысып, өз ішінен Жан кай ши армиясы қысып әлсіретіп жіберген еді. Міне, Мұндай әлемдік жағдайды бақылап, саудалап отыратын Шың шы сай коммунизмның тығырыққа тірелгенін ойлап, өзіне пайдасыз сезініп, жалт беріп бет бұрып кетеді, Америкаға арқа сүйеп отырған Гоминдаң партиясынан қолдау іздейді. Кеңес үкіметі әскерлерін шекарадан қуып шығып, Шынжаң коммунистерінің бастығы Мао Зы Дунның інісі МаумзыминмбастағанмҚытай3коммунистерін3атып тастайды. мм
Өзін жерге қаратқан соң Кеңес үкіметі енді Шың шы сай мен Гоминданға қарсы Шынжаңдағы халық көтерілісін қолдайды, тіпті, 1944 жылы өзіне жат, ежелден мүддесіне қайшы келетін Шығыс Түркістан республикасын құруға дейін барады. Осы кезде Үрімжіде-де, АҚШ консулдығы Шынжаң мәселесіне білек сыбана кіріседі. Бұл туралы осы жылдары Үрімжіде оқуда болған атақты қылмыс романының авторы Қ.Шабданұлы былай дейді: «Гоминдаң үкіметі Үрімжіде түрі орысқа ұқсаған сары адамдарды ұстап, Кеңес Одағы жансыздары деп байлап-матап көше аралатты, оны, АҚШ тілшілері суретке түсіріп, ақпарат беттерінемжариялапмжатты." С 1945 жылы Шынжаңда теке тірескен, бір-біріне қарсы екі ірі үкімет қалыптасады, олар Үрімжіні орталық еткен гоминдаң үкіметі мен Кеңес Одағы қолдауында Құлжаны орталық еткен аз ұлттардың ШТР уақыттық үкіметі еді.
Бірақ, осы жылы дүниежүзілік екінші соғыс аяқталып, фашистік елдер тізе бүгеді, жеңуші елдер КСРО, АҚШ, Ұлыбритания тарапынан Қырым түбегінде Ялта мәжілісі ашылады. Осы мәжілісте гоминдаң үкіметі Монғолия ісіне араласпайтын болып, Кеңес Одағы Шынжаң мәселесінде бейтараптық танытатын болып келіседі. Сөйтіп, Шынжаңдағы аз ұлт халқтарының отаршылдыққа қарсы құрған үкіметі аяққа тапталып тарқатылады. Осыған наразы болған Оспан, Қалибек бастаған көтерілісші қазақ басшылары Кеңес Одағы және оның қуыршағы болып қалған ШТР уақыттық үкіметіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысын бастайды, оған Үрімжідегі гоминдаң үкіметі мен, АҚШ консулы қолдау көрсетеді. Бірақ, 1949 жылы Қытай коммунистері Гоминдан үкіметін жеңіп, бір орталыққа біріккен мемлекет құрғанда Шынжаңдағы гоминдаңдықтар тізе бүгіп, АҚШ консулы Макынан Тибет арқылы Үндістанға өтіп кетеді. Оның артынан Қалибек бастаған көтерілісшілер соғыса жүріп тибет асады, Оспан қолға түсіп, атылып кетеді.
Сонымен, Шынжаң бір орталыққа бағынған Қытай коммунистік мемлекетінің құрамына еніп, негізгі жақтан тыныштық жағдай қалыптасты.

Көптегін тарихи оқиға саяси ойыннан туындайды, ал тарихи шындықты жазуда саясатқа жалтақтау қылмыс. Шығыс Түркістанның тарихи тағдыры да ХХ ғ. алғашқы жартысыда әлемдік саяси ойынның құрбаны болды. Қазақ елін Орта Азияға апарар қақпа кілті есптеген Ресей отаршылдары бір жағы Петр І заманынан армандаған Үндістанға жетудің бір жолы осы Шығыс Түркістан деп санап ықпалын жүргізуге тырысты. Ресей үшін Шығыс Түркістанның тәуелсіз болып кетуі басқа түркістандарға қауыпты еді. Ал, өздерін әлемнің қожасы санайтын, Ағылшындар үшін Шығыс Түркістан бір жағы отар болса бір жағы Ресейге қарсы таптырмайтын бекініс. Аспан асты еліміз дейтін қытайлар болса, олардың санасында бұл жерлер өздерінің заңды территориясы деп есептейді. Түркі әлемінен бөлініп қалған иесіз Шығыс Түркістан осылайша жарты ғасыр әлемдік саяси ойындардың құрбаны болды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. -Астана,12-том. 2008.
2. Шоқан Уәлихановтың Көп томдық шығармалар жинағы. 4-том. -Алматы, 2010.
3. Жақып Жүнісұлы. Іленің Тарих — Шежіресі. -Күйтің, 2007.
4. Жәди Шакенұлы. Шығыс Түркістан мәселелері. \\Қазақ үні газеті, 10 тамыз 2010.\\
5. Қазақ ұлттық Энциклопедиясы. -Алматы, 9 -том. — 2007.
6. Қазақстан тауелсіздігіне 20 жылға арналған, ЕНУ жас тғалымдарының ғылыми-тәжірибелік конференциясының жинағы. -Астана, 2011.
7. www.kazakhsoft.com.і ОтаншылмҚайраткермӘлен Көгедайұлы туралы. \\Қазақмтарихы, 2011 жылы 20 қараша.\\
8. www.baq.kz. Қытай қазақтары. Бекен Қайратұлы. Алтай өңіріне ресейдің ықпалы. 28 Қараша 2012.
9. Жәди Шәкен. Оспан батыр. -Алматы, 2010.
10. Әбдуақап Қара. Азаттықтың өшпес рухы (Нұрғожай батырдың естеліктері және Оспан батыр). -Алматы, 2008.
11. Мұстафа Шоқай. Таңдамалы ІІ томдық шығармалары. -Алматы, 1998.
12. Асқар Татанай. Тарихи дерек келелі кеңес 2. -Үрімжі, 1996.
13. Нығымет Мыңжанұлы. Қазақтың қысқаша тарихы. -Үрімжі, 1986.

Шынқазы Барлық, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Тарих ғылымдарының магистранты