Қазақстан жерін мекендеген қола дәуірі тайпалары идеологиясының петроглифтерде көрініс табуы
06.12.2013 7716
Ерте заманның суретшілері жартастың теп-тeгic жазық бетіне аңдардың, адамдардың бейнесін немесе белгілі бip сюжеттік желіге кұрылған тұтастай композицияны шекімелеп түcipгeн.

Қола дәуірінде өнер түрлері, оның ішінде петроглифтер, яғни жартасқа сурет салу өнepi дами бастады. Ерте заманның суретшілері жартастың теп-тeгic жазық бетіне аңдардың, адамдардың бейнесін немесе белгілі бip сюжеттік желіге кұрылған тұтастай композицияны шекімелеп түcipгeн. Жартастағы суреттер - нәзік те, күрделі өнер, оның кұпиясын түсініп, мән-мағынасын ашу үшін зерттеуші археология, тарих, этнография, геология, өнертану және мифология салаларынан хабардар болуы керек. Олар жартастағы суреттер арқылы айналада болып жатқан құбылыстарды, өздерінің білетін білімімен тәжірибесін, өздері жөніндегі мәліметтерді символдармен кейінгі ұрпаққа бере білген.

XX ғасырдың 60-70 жылдары археология ғылымында петроглифтерге деген аса кызығушылық  ғалымдардың жеке-дара зерттеулерінен көрініс тапты. Соңғы жиырма-отыз жылдықта әлем ғалымдары арасында тарихымызға тастағы суреттерді зерттеуге деген ұмтылған жаңаша көзқарастар қалыптастыруда. Осындай көзқарастар аясында туындаған зерттеулер барысында Қазақстанның шексіз таулы-далалы аймақтары да қамтылып, жүздеген петроглифтік орындар анықталды. Олардың біразы ежелгі ғибадатхана орындары, яғни ежелгі адамдардың ұзақ уақыт бойы мекендеген тұрағы, рухани мәдениетінің жетістігі болып табылатын орталықтардан табылған тастағы жазулар. Көне заманда діни ғұрыптық іс-шараларды өткізгенде оны шынайы түрде көрсету мақсатында  жасалған тастағы таңбалар осының айғағы. Ашық аспан астында су көздеріне жақын маңда орналасып, түрлі культтік-мистикалық табыну ғұрыптарын жасаған адамдар діни-мифологиялық көріністерін жартас беттеріне түсіруге тырысқан. Мұндай көріністерді Қазақстан жерінен табылған петроглифтерден анықтау қиын емес. Себебі, Қазақстан, әcipece Жетісу өңipi - петроглифтерге бай аймактардың бipi болып табылады. Солардың ішіндегі ең көрнектісі - жартастағы жазу дәстүрлі көркем стилінің негізін қалаған Тамғалы тас жазулары ерекше танымал. Тамғалы петроглифтері орта қола ескерткіштеріне жатады [1, 19 б.]. Ежелден киелі саналатын Тамғалы шатқалы Алматыдан солтүстік-батысқа қарай орналасқан.

  Тамғалы  петроглифін  Шу-Іле тауының  оңтүстік-шығыс  бөлігінен 1957 жылы 19-қыркүйекте Қазақстанның кәсіби археологы Анна Георгиевна  Максимованың басшылығымен жүргізілген археологиялық экспедиция тапты [8, 5 б.]. Осы экспедиция қола дәуіріндегі Қарақұдық шатқалындағы молалар қазбасын зерттеді. Соңғы уақытта А.Г. Максимова мен А.А. Попов Тамғалы петроглифінің жеріне тұрақты зерттеу жасап, құнды композиция ретінде суретке түсірген. 1958 жылы А.Г. Максимованың аталмыш зерттеу аясындағы алғашқы  «Наскальные изображения урочища Тамгалы» еңбегі  жарық  көреді, онда ескерткішке жүргізілген  зерттеудің жарты  ғасырлық тарихы берілген.

  1977-1978 жылдары Тамғалы ескерткішін зерттеу одан әрі А.Г. Максимованың жетекшілігімен жалғасты. Тамғалы аймағы толығымен зерттеліп, петроглифтер жиналған негізгі орындардың кестесі құрылады. Атап өтсек,  б.з.д.  екінші мыңжылдықтың ортасындағы мерзімге жататын ерекше композициялар мен бейнелер болды. Оның ең белгілісі - Күнбасты құдай. А.Г. Максимова, А.С. Ермолаева, А.С. Марьяшевтың « Наскальные изображения урочища Тамгалы »  кітабында  Тамғалының күнбасты  алыптары  ежелгі  антропоморфты  құдайдың  бейнесі болса керек деп жазылған. Қазақстан тарихында із қалдырған көптеген  халықтар үшін Тамғалы шатқалы әулие жер деп саналып, салттық рәсімдер жүргізілді, құдайға табыну,  салттық  рәсімдер  жүргізілді, құдайға табыну, ата - баба рухына тағзым жасалды.  Аспан  астында  біріккен  мұражай  болды.  Мұндағы суреттер - адамның рухани мәдениеті мен дүниетанымынан ақпарат беретін қайнар көз.

 Тамғалы шатқалында кездесетін ғалымдардың назарын аударған петроглифтердің  бірнешеуіне  тоқталсақ: «Күн басты адамдарды,  қол  ұстаса айнала жүріп би билегендерді бейнелеу, Күнге табыну, жыл мезгілдердің алмасуына байланысты жаңа жылды – Наурызды  қарсы алу ғұрпына орай туған  [2, 39 б.].

Жойқын  күш иeci өгіздер  күш-қуат  пен  құнарлылықтың бейнесі  iспеттеc болса, қолына шоқпар, аса таяк ұстаған, жүгіріп бара жатқан немесе мінәжат етіп, сиынған қалпында кимылсыз отырған адам бейнелері, аң аулау сәті, адам өміріндегі құрбандық шалу рәсімі - бұлардың бәpi мифология, космогониялық мифтердің кейіпкерлері [2, 43 б.].

Құдipeттi жануарларды - өгіз, түз өгiзi, ат, түйелерді бейнелеу көне халықтардың дүниетанымында маңызды рөл атқарған Митра, Веретрагна, Агни сияқты кұдайлар образын кейіптеуден туған» [2, 45 б.].

 Ерте кезеңдегі тарихымыздан белгілі, ежелгі дүниетанымда дін пайда болғанға дейін осылай күнделікті тұрмыста пайдаланылған жануарларды бейнелеу үpдici кең етек алған.

Сонымен  қатар  Оңтүстік  Қазақстанның да петроглифтері археологтар тарапынан аса қызығушылық туғызып, бүгінгі күні белсенді түрде зерттелуде. Атап айтар болсақ: Ешкіөлмес, Баян Жүрек, Кұлжабасы, Сауысқандық, Арпаөзен, Қасқабұлақ, Тосбұлақ, Қызылшың, Тектұрмас және тағы басқалары қола ғасырынан бepi сақталған «мәдени-тарихи ландшафтар» болып табылады [3,7 6.]

К.М. Байпақов пен Т.В. Савельева өз зерттеулерінде: «Б.з.д.VIII-б.д.III ғасырларда әртүрлі мәнерде орындалған петроглифтердің скиф-сақтардың жануарлар стилімен үндестігі айқын аңғарылады» деп атап өтеді [2, 100 б.]. Бұдан шығатын тұжырым Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалардың дәстүр сабақтастығы сақталып бүгінгі күнге дейін жетуі. Яғни, өнердің дамығаны осы өлкеде өмip сүрген ежелгі адамдардың да ақыл-ойының дамуы болып табылады.

Қазақстандағы петроглифтердің көп бөлігін зооморфтық бейнелер кұрайды. Өнім өндіруші шаруашылық кезеңінде діни наным-сенімнің дамуымен алғашқы орынға ешкі, арқар, өгіз, буйвол, жылқы, кұлан, түйе, таутеке, қабан және тағыларды (ит, аю және тicтi аңдар) бейнелеу шығады [4, 88 6.].

Суреттерден көpiнiп тұрғандай адамға күнделікті өмірде үй жануарлары да, дала жануарлары да таныс, шаруашылыққа міндетті түрде пайдаланады. Аңдарды бұлай бейнелеу көптеген кiшiгірiм ғибадатханаларға тән. Бipнeшe eшкi мен арқарлардың бейнеленуі ғұрыптың дәстүр бойынша көктем мерекелерін қарсы алу немесе егіншілік культі мен байланысты [5, 403 б.].

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қола ғасыры ғибадатханаларында eшкінi бейнелеу суреттердің жартысына жуығын алады. Петроглифтердегі eшкi барлық жерде ең көп кездесетін бейне болып табылады. Жануарлар бейнесі петроглифтердің ішінде стилистика бойынша «зооморфты» ешкінің бейнеленуі анық реалистік емес мінез-кұлықты бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл иконографикалық тұрақты бейне көптеген күрделі композицияларда кездеседі. Өзге де бинарлы оппозициялық ретінде бейнеленген кейіпкерлермен бipгe кеңістік кұрастырып, таңбалылықты білдіреді. Таңбалық жүйелер ежелгі қауым арасында кеңінен таралған - дөңгелек-күн, аспан дөңгелі, крест сияқты таңба — әлемнің 4 жағы, бұтақ пен мүйіз — дүние ағашының белгісін бейнелеуге жатқызады.

   Ең көрнекті петроглифтердің қатарында Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы Еңбекші ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 метр жерден, 2004 жылы БжҒМ Археология институтының аспиранты С. Мұрғабаев тапқан Сағындық ескерткішін атауға болады.

   1993-1996 жылдары Оңтүстік Қазакстан мен Жетісуда (Тамғалы, Tepic, Қарасай, Хантау, Ешкіөлмес, Баянжүрек, Қаракүнгей - орындары) ЮНЕСКО бағдарламасы негізінде  Орталық Азия петроглифтер Корпусын кұру ушін француз мамандарымен бipiгiп (жетекші: 3. Самашев), жартастағы суреттерді зерттеудің байланыссыз (бесконтактный) әдісі колданылды. Геомикробиологиялық эксперимент жүргізуші табиғат кұбылыстарына механизмнің әсері ылғалдану және аридтік кезеңі, әлемдік және аймактық, өзгерістер, коршаған органикалық орта, микрофлоралар және тағы басқалары  зерттелді. Сонымен қатар суреттерді салудың технико-технологиялық әдісі ерекшеліктері қаралды.

   Қола дәyipi адамзаттың шығармашылық, дамуының жарқын кезеңі болып саналады. Бұл уакытта репертуарлары түрленіп, адамның қоршаған ортаға деген көзқарастары күрделеніп, шаруашылық-мәдени кызметтерінде технологиялық дамуы нәтижесінде ой-танымындағы өзгерістер жартастарға суреттермен салынады. Сол кезеңнің өзінде макро-микрокосмоспен байланысты мифтік-ғұрыптық cypeттepi ғалымдардың кызығушылығын туғызуда.

Бүгінгi күні Тамғалы тас шатқалын зерттеумен өткен ғасырдың 70-80 жылдарынан бepi археолог А.Н. Марьяшев айналысуда [6, 403 б.]. 1975 жылы А.Г. Медоев пен Б.Ж. Әубәкіровтың басшылығымен геолого-геоморфологиялық зерттеулер жүргізілді [7, 26 б.]. 1988-1994 жылдары Тамғалы шатқалында Археология институтынының кешенді экспедициясы (А.Е. Рогожинский, З.С. Самашев), Қазақстан FA Геология институты (Б.Ж. Әубәкіров) және Қазакстан Мәдениет Министрлігі «Казпроектрестравция» институты (Е.Н. Рипинская, Л.Ф. Чарлина) петроглифтерді жүйелеп, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

Тамғалы шатқалы қазіргі уақытта тек отандық ғалымдардың ғана емес, шетелдік мамандардың да назарын аударып отыр.

Қола  дәуіріндегі  тайпалардың дүниетанымы түгелдей табиғатқа тәуелді болды, сондықтан адам табиғат күшін кұдірет деп білді. Ең маңызды орынға шыққан адамның түрлі бейнеде берілуі. Біріншіден, өсіп-өну культі (плодородия), екіншіден, сол кезеңдегі наным-сенімге сәйкес пұтқа табынушылық, үшіншіден, жақсылыққа, гүлденуге және сәттікке ұмтылысты негізге ала отырып суреттердің салынуы.

   Петроглифтерге  салынған  суреттерді  бірнеше  түрге  бөлуімізге  болады:

   1.Қашап сурет салу

    2.Keciп, жанамалап салу

   3.Кұйып, жапсыру арқылы салу

   Адамдарды жекпе-жекте немесе басқа да ғұрыптық негізде бейнелеу Қазақстан жерінде көп кездеспегенмен, табылғандары анық суреттелген. Бұндай жағдайларда адам  басының орнына аң бейнесін, құйрығын салған, яғни антропоморфтық кейіпкерді берген.

   Ертеден калған петроглифтерді зерттеу барысында тарихи мазмұнын  жан - жақты ашу қиындық  келтіреді. Бұл  жерде  кандай тайпалар  тұрды,  неліктен басқа жаққа коныс аударды, климаттық жағдайы қаншалықты дәрежеде болды деген мәселелер әлі де болса археолог мамандардың алдында тұрған сұрақ. Бүгінгі  күні  алда  тұрған  міндет оның жасын  анықтаумен  шектелмейді. Салыстырмалы зерттеу әдісін пайдалана отырып, тарихи талдау жасауды  қажет етеді. Қaзipгi ғалымдар тұжырымдаған «ғибадатхана», «храм» болу себептерін, аспан астында осыншалықты уақытқа дейін сақталу техникасын жіті  назарға  алуымыз тиіс.

   Қазақстан жері шөлді - шөлейтті аридттік зона болғанымен ерте кезеңнен бepi қарай  ата - бабаларымыз осы жерді мекендеген. Сол кезеңдегі тұрмыс –тіршілігін жартастағы суреттерге  бейнеленген.

 

 Археология және этнография ғылыми зерттеу орталығының ғылыми қызметкері

Б.Қ. Шораев

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

   1. История искусств Казахстана. Учебник. - Алматы: Издат-Маркет, 2006.- 248 с., илл., 32 с. цв. клейка.

  2.Древние сокровища Алматы и Жетысу: Фотоальбом. - Алматы: Credo,   2004. - 172 с., илл. (на каз., рус, англ. яз.).

  3.Самашев З. Петроглифы Казахстана. - Алматы:Өнер, 2006. - 200 с.

   4.Горячев  А.А., Егорова  К.А. Семантический  аспект одной иконографической традиции изображений козлов в петроглифах Южного Казахстана и Киргизии. История и археология Семиречья. Сборник статей и публикаций.- Выпуск 3. Алматы: Фонд «Родничок», 2007. - 160 с.

  5.Йеттмар К. Религии Гиндукуша. Москва, 1986. – 560с.

   6.Марьяшев А.Н., Горьячев А.А. К вопросу типологии и хронологии памятников эпохи бронзы Семиречья// Археологические исследования в Казахстане. - Алма-Ата, 1992.

7. Медоев А.Г. Гравюры на скалах. - Алма-Ата, 1979.

8.Максимова А.,Ермолаева А.,Марьяшев А. Наскальные  изображения  урочища  Тамгалы.  Альбом. - Алма - Ата: Өнер, 1985. - 144., илл. 5 с.