Солтүстік Қазақстан аумақтарының қола дәіріндегі қоғамдық - тарихи урдісінде пелеоматтық шарттарының ықпал жасау сұрағы бойынша
11.10.2013 2977
Қола дәуіріндегі қоғамның алға басуы екі фактормен негізделеді. Осының біреуі, жаңа заманға қалыптасу, яғни темірді өндіруді үйрену.

Қазіргі Солтүстік Қазақстан екі аумаққа бөлінеді: оңтүстік дала және солтүстік орманды далалы аймақ. Орманды далалы аймақ немесе Есіл маңындағы орталық шалғай жер. Солтүстік Қазақстан облысы және Көкшетау облысының солтүстігін қамтиды. Есіл маңындағы аймақтан Петропавл мен Сергеевка аудандарын ерекше белгілеп көрсетеді. [1, б.80,81]. Целиноград - сонымен қатар Көкшетау және Қостанай облыстарының маңызды бөліктері даланы ландшафтылы жердің біркелкі белдігіне, қазіргі заманғы физикалық-жағрапиялық бағыттың аудандастыруы жатады. Осы аймақты жағрапия мамандары Солтүстік Қазақстанды кіші аймақтарға бірлестіріп, Обаған-Есілдік және Шағылдық деген екі ауданға бөлді. Солтүстік Қазақстанның басқа облыстардан өзгешелігі: жағрапиялық орны мен орманды дала және дала табиғат аймағының торабында орналасуы, осы екі тораптан ежелгі мәдени шаруашылық түрлері бастау алады.

Шаруашылықтың өзгеруі, неолит дәуірінде көрініс таба бастады, б.э.д.II м.ж. мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы қосылды және металлургия жоғары дәрежеде дамыды. Өндіріс шаруашылығына ауысуы Қазақстан территориясының жағдайын түбегейлі өзгертті.

Қола дәуіріндегі қоғамның алға басуы екі фактормен негізделеді. Осының біреуі, жаңа заманға қалыптасу, яғни темірді өндіруді үйрену.

Шаруашылықтың ауысуына табиғи-климаттық жағдайлардың өзгеруі де өз септігін тигізді. Яғни, қола дәуіріндегі ұзаққа созылған салқын дымқыл климаттың орнына ақырындап өзгере бастаған мыңдаған жылға жалғасқан жылыну және құрғақшылылық климаты келді. Құрғақшылық кезінде  ағып жатқан өзендер қысқарып, көлдердің деңгейі төмендеп, Солтүстік жарты шардың сулы аймақтары азайып кетті. [2,б.81].

Б.э.д.XXVII-XXV ғасырлар аралығында барлық үш аймақта ұзаққа созылған аридизация басталды: Шығыс Европа мен Монғол далаларында XVII-XVI ғасырларда, ал Сібір Қазақстан аймақтарында б.э.д.VII ғасыр  аралығын қамтыды. Осы дәуірде континентті ауа райының қатаюы көрініс тапты. Аридизация мен температураның тез ауысу нәтижесінде, Евразия материгіндегі арийлық аймақтардың өмір сүру жағдайы нашарлап кетті. Далалы аймақтарда арий дәуірінің белең алған уақыты әр түрлі болды, аридизация  тереңдігі, табиғат зоналарының өзгеруінің өрістеуі, дымқылдануы метахонды болды. [3,б.16]. Осы кездегі күннің жылу беруінің өзгеруімен ғана тоқталмай табиғи-климаттың ауысуы да бірге ұласып жатты: ең жақсыдан – нашарға, ал нашардан – жақсы экологиялық жағдайға бейімделуге мәжбүр болды. Сібір - Қазақстан далаларында аридизация ең ұзақ уақытты қамтып қана қоймай, сонымен бірге осы дәуірдің екінші жартысында ерекше көрініс тапты. Осы аймақтың табиғи зонасының өзгеруі барлық аймаққа маңызды болды, шығыс Европа  аймақтары осыған қарағанда жер асты шекарасынан шықпады.

Табиғи ортадағы болып жатқан өзгерістер адамзат шаруашылығының іскерлігіне өз әсерін тигізгеніне еш күмән жоқ. И.В.Иванова мен Т.С.Луковской ежелгі ортаның экологиялық жағдайдың жақсаруының немесе нашарлауының бес негізгі үлгілерін төмендегідей көрсетті:

1)  Реакцияның болмауы – мекендеген ортаның жағдайы себепсіз тез өзгерсе немесе мекен еткен жердің жағдайы себепті әр түрлілігі, жергілікті ландшафтыларға түсетін күштерді бөліп берген жағдайда;

2)  Толық және жартылай мәдени  -шаруашылықтың өзгеру түрі, шаруашылықты басқарудың түрлері, экологиялық территорияның сыйымдылығының өзгеруі себепті. Сәйкесінше өндіріс бағытының үлкеюі немесе кішіреюі;

3)  Көші қонның көбеюі немесе жергілікті халықтың азаюы: шамалыдан бастау алып түгел территорияны тастап кету немесе керісінше халық санының күр өсуі;

4)  Әлеуметтік-қоғамдық өмірідегі негізгі өзгерістері (жердің, судың, басқа жеке меншік жерлердегі өзгерістер), саясатта (қоғам ішіне немесе басып алуына бағыты);

5)  Біртіндеп немесе тез арада кұлдырау және қоғамның жаппай қысқаруы, өзгерген экологиялық жағдайға бейімделе алмағандар;

Қола дәуірінде үлкен аумақты Сібір, Арал маңы, Қазақстан, Орта Азия далалы аймақтарда туыстас тайпалар қоныс аударып ерекше мәдениеттерін қалдырып кетті. Ғылымда ең бірінші ескерткіш табылған жеріне байланысты «андронов» деген атау алды.

Көптеген уақыт бойы Қазақстан даласында табылған бір мәдени ескерткіш – андроновты ерекше көрсетіп келген. Ал қазіргі кезде бір мәдениеттің орнына бірнешесін көрсетеді – андронов мәдени – тарихи жүйеге барлығын қосады.

Қазіргі уақытта көбірек нәтижелі тәсілмен зерттеу ізденісі, ортақ эволюция тұжырымдарын анықтау және негізгі климаттың заңдылықтарын көрсетуі көбіне аймақтық іздестіру сипатына ие бола бастады. Сонымен осы уақытта көпшілік мақұлдаған жағдай, яғни тарихи-зерттеулерде әр түрлі деңгейдің дәстүрлі табиғи заңдылықтарын есепке алуымыз керек: ғаламдық, аймақтық, жергілікті. Осы аталған деңгейлер, осылай немесе басқаша түрде де қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасына жалпы және жеке заңдылықтарына әсеріне тигізеді. Сондықтан да осы зерттеуіміз бойынша А.Д.Таировтың еңбегін есепке алуымыз қажет «б.э.д II-I м.ж орманды дала климатының өзгеруі: тарихи мәліметтерді қайта жасау», осы еңбекте Солтүстік Қазақстанның ежелгі климатына сипаттама береді. Суббореалдық аридизация, шамамен 4700 жыл бұрын басталып 1700 жылға дейін созылған б.э.д II ғасырдың соңымен I м.ж басындағы дәуірде экологиялық дағдарыс белең алды, ол атмосфералық жауын-шашынның саны: 50-100 м.ж (орташа 75мм), қазіргі мөлшерден әлдеқайда төмен (325мм/г) континентті климат қазіргі уақытқа қарағанда салыстырмалы түрде жоғары болған.

Қола және темір діуірінің ширегіндегі климаттың қазіргі уақытпен салыстырғанда тым континентальді, және жауын-шашын мөлшерінің 50-70 мм аз болғандығын 2800 жыл бұрын жерленген Қара-Оба және Обалы қорғандарының үйінді топырақтарынан көруге болады. [4, б. 35-48]. Сол жерде жүргізілген ежелгі топырақты зерттеу жұмыстыры табиғат жағдайының өзгерісін анықтауға мүмкіндік береді. Ежелгі қорған үйінділерінің дәуіріндегі климаттың құрғақтығын дәлелдейті көптегеен ділелдер бар. Сол дәуірде орналасқан үлкен құрылыс қорғандарының топырағы, қазіргіге жақын болды: атмосферада жауын-шашын көбейді, климаттың континенталдығы әлсіреді.

Б.э.д, VII ғасырда экологиялық жағдай күрт жақсара бастады. Қазіргі жауын-шашын мөлшер санына жақын болды, бірақ климат сол қалпында  континенталды болып қалды. Қоңыр-сарғылт топырақты дала оңтүстік қара топырақты жер болып өзгерді.[3, б. 27].

Сонымен қатар, зерттелініп жатқан ауданға ауданға жақын және  ауданға ерекше жақын палеоботтаниканың соңғы жетістіктерін аңғартатын Н.А.Хотенскидің эволюциялық межесі болып табылады. [5, б. 153]. Бұл меже бойынша мұз дәуірінен кейінгі жинақталған жылу кейінгі атланттық фазада жақсы жақсы жағдай жиынтығына көшедіде, соондықтан темпераатура тәртібі мен дымқылдық жүйесінне көшеді. Тұтастай алғанда соңғы он мың жылдың Н.А.Хотинский үш негізгі термикалық жоғарғы  шегін көрсеткен: бореалдық (8300-8900 жыл бұрын), атланттық (5000-6000жыл бұрын) және суббориалдық (3400-4200 жыл бұрын). [6, б. 142-147].

Кезеңдер көпке және азға созылған құрғақшылық және жылы уақыт кезеңдері шұғыл түрде температураның төмендеуі мен жауын-шашынның көбеюіне ауысты. [7, б. 138].

Бұдан шығатын қорытынды, келеміз, ежелгі климаттың өзгеруі және голоценнің екінші жартысындағы ландшафтылардың орнын ауыстыру  аудан халқының мәдениетінің өзгеруіне әкеп соқты. Осыдан көретініміз,  Солтүстік Қазақстанның ежелгі қоғамын мәдени – хронологиялық жоспарын және әлеуметтік – экономикалық мәселелерін, экономикалық ерекшелігін және осы Евразия территориясының аймақтарын есепке алусыз зерттеу мүмкін емес, даланың және орманды даланың торабында орналасқан. Әртүрлі кезең аралығында қола дәуіріне үлкен территориялар: Есіл маңының шет аймақтары, Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібірдің маңызды жерлері кірді. Кең шеңберлі жалғасу шекарасы өзгермелі болды және ландшафты – климаттық қайта құрудан үлкен түрде бағынышты болды. Олар өздерінің арасында әртүрлі адам бірлестіктерін , әртүрлі мәдени-шаруашылық  түрлерін бірде айырып, бірде қосып тұрды. Табиғат пен қоғам арасындағы қатынас, диалектілі қарама-қайшы үрдіс екендігін ескеру керек. Ол табиғаттың адам мен қоғамға ғана емес, сонымен қатар, маңызды жағы болып табылатын, қоғамдық-тарихи үрдіске енетін – адамның табиғи-жағрапиялық ортаға әсер етеді.[8, б. 19].

Калиев Б.А., Туякова Н.С.

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)

Әдебиеттер:

1.  Атлас Казахской ССР, т.1. Природные условия и ресурсы. Москва: Изд-во ГУГК, 1982

2.  Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж..К. Археология Казахстана. Алматы, 2006

3.   Таиров А.Д. Изменения климата степей и лесостепей Центральной Евразии во | |-| тыс. до н.э.: материалы к историческим реконструкциям. Челябинск,2003

4.  Зданович Г.Б., Иванов И.В., Хабдулина М.К. Опыт использования в археологии палеопочвенных методов исследования (курганы Кара-Оба и Обалы в Северном Казахстане) // С.А. 1984. №4

5.  Хотинский Н.А. Голоцен Северной Азии. Москва: Наука, 1977

6.  Хотинский Н.А. Голоценовые хроносрезы: дискуссионные проблемы палеографии голоцена. Москва: Наука, 1982

7.  Хабдулина М.К., Зданович Г.Б. Ландшафтно-климатические колебания голоцена и вопросы культурно-исторической ситуации в Северном Казахстане.// Бронзовый век Урало-Иртышского междуречья. Межвузовский сборник. Челябинск, 1984

8.  Гуревич А.Я. Общий закон и конкретная закономерность в истории. // ВИ , 1965, № 8