Ресей империясының ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басындағы Шығыс аймақтарды отарлау саясаты
27.03.2014 3738
Ресей империясының ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басындағы шығыстағы отарлау саясатының мақсаты Батыс Сібірді өзінің то¬лық және даусыз меншігіне айналдыруымен қатар одан арғы жерлерге де ауды

Осындай аймақтардың қатарына барша тұр­ғындарымен бірге Құлжа, т.б. өңірлер де жатты. Себебі, Еуропа­ның қуатты мемлекеттерінің, (Англия, Франция, Германия), со­лармен қатар экономикалық қарқынды өркендеуге жетіскен Жа­понияның арасындағы Орта және Орталық Азия, Қиыр Шығыс өңірлеріне ниеттіліктері, бұрынғы бағындырылған аймақтарды қайтадан бөліске салуға деген ұмтылыстары Ресей мемлекетінен отарланған аудандарды одан ары қоныстандырып, оларды толы­ғымен орыстандыруға, мүмкіндігінше жаңа жерлерді қосуға ұм­тылдырды. Міне, сондықтан да Ресей патшалығының жоғары­да­ғы көрсетілген мерзімдегі империялық саясаты осы міндеттерді екпінді тұрғыда жүргізуді талап етті.

Ресей мемлекетінің көрсетілген мерзімдегі осындай іс-қи­мы­лы орыс қоғамынан, кейбір ғылым, саясат өкілдері арасынан барынша қолдау тауып, әр жақты пікірлер білдірілді, ұсыныс­тар айтылды. Мемлекеттің қуаттылығын арттырудағы жаңа жер­лерді қосып, байлықтарын иелену арқылы жүргізілетін отарлау ісін сол мерзімдегі белгілі ғалым И.В.Мушкетов та жақтады. Атап айтқанда ол: “Соңғы күндері біздің газеттер­де Құлжаны қытайлықтарға қайтару туралы мәселелерге арнал­ған мақалалар жиі пайда бола бастады. Осындай мақала автор­ларының көпшілігі өз пікірлерін білдіріп, толығымен дәлелді түрде Құлжаны беруге қарсы, келесілері қытайлықтармен бейбіт қатынасты сақтау, біздіңбасып алған территориямыздың заң­сыз­дығынан оны қайтаруды жақтайды. Ақыр соңында басқа­ла­ры Құлжаны Қытайға қымбат бағаға сату туралы ұсыныс жа­сайды. Ал бұл тұрғыда біз төменде атап кететіндей, Құлжаның байлығын Қытайдан алатын ешқандай да миллионға бағаламай, одан айырылуымыз орны толмайтын (жағдайға әкеледі,-Ғ.Қ.).

... Құлжаның қытайлықтар үшін маңызы аса үлкен, себебі ол бүкіл Қытайдың ең бастыасыраушысы болып табылады. Онсыз (Құлжасыз,-Ғ.Қ.)қытайлықтар өздерін өте құнарсыз және сусыз далалы иелігінде қолайлы сезінбейтіндігі белгілі.

Келесі жағынан алғанда біздің азиялық иеліктеріміздің қа­тарында Құлжа елеулі маңызға ие. Егер де белгілі бір мерзімде Орынбордан Ташкентке дейін темір жол салынып, оның батыс бөлігін ғана емес, бүкіл Түркістанды жандандырып, аталған темір жолынан барынша пайда табу іске асырылатын болса, оны одан ары Верныйға және Сібірге дейін тарту қажет. Осындай жағдайда оның материалдық байлығының қажеттігі белгілі болады, нәтижесінде аталған жолдың  маңызы артып,  Құлжаның өркендеуіне де қолайлы  жағдай жасайды.

Осыдан шығатын тікелей қорытынды – оның байлығынан айырылуды айтпағанда Құлжаны беру арқылы Түркістанның Ре­сей үшін экномикалық маңызын төмендетіп, Қытайды қуат­тан­дыра түсеміз, яғни саяси жағынан бақталас, бізге жаугершілік­пен қарайтын көршімізге күш береміз.

Бұл айтылғандарға қосатын келесі мәселе – Құлжа ре­сей­лік отарлау үшін де қажет, себебі өзінің ауқымдылығымен қатар Түркістан қоныстандыруға арналған ... қолайлы жер көлемінің шектеулігімен де ерекшеленеді.

Тәжірибе көрсетіп отырғанындай орыс қоныстанушысын далаға әкеле алмайсың. Өнімділігі мол болатындығына қара­мастан бір ғана арық тартудың өзі орыс орыс адамдарына кері әсер етеді.

Осы айтылғандармен қатар менің жеке бақылауымнан бел­гілі болғанындай және баспасөзде үнемі көтеріліп келе жат­қа­нындай, Құлжаның тұрғындары қытайлықтардың табиғи жау­ла­ры.

Құлжаны Қытайға беру –яғни 100000 тұрғынды тағ­дыр­дың тәлкегіне қалдыру болып табылады. Қытайлықтардың мақ­сат­тарына жету жолында ештеңеден де қаймықпайтындықтары белгілі. Оның куәсі 1877 жылғы Қашғар қырғыны болып табы­лады,ал қашғарлықтар Құлжаның тараншылар мен дұнғандары сияқты қытайлықтардың жауы болған емес.

Міне, осылай саяси және тарихи тұрғыдан да Құлжаны берудің жеткілікті негізін айқындау мүмкін емес. Экономикалық жағынан алғанда бұл айырылу өлкенің өнеркәсібінің  дамуы мен оның минералдық байлығын игеруге кедергі келтіреді, ал одан айырылсақ бізге Құлжаға қайтадан ие болу бұрынғыдай жеңіл болмас еді,”[1.473,478,480]-деп жазды.

“... Енді оның бұйымдары,-деп көрсетеді одан ары И.В.Мушкетов,- Еуропаға да тараған нефриттің нағыз отаны болып табылатын Орта Азияға келейік.

... Марко-Поло (1271 жыл) “Жаркенд пен Қотан арасында қымбат тастар: яспись, диаспро және халцерон өндіріледі”, - деп жазған. Мұндай мәліметті т.б. неғұрлым кейінгі жиһангерлер де қайталайды. Магомет-ибн Мансур (1810) өзінің ... қымбат ба­ғалы тастар туралы кітабында екі жердегі өндірілетін: Ақ-Қаштағы түрлі түсті және Қара-Қаштағы қара түсті пшебь деп аталатын нефриттің бес түрін атайды. ... одан кейін мирь-иззеть–уллах, әсіресе Тимков­ский нефриттің орналасқан жерін неғұр­лым кең және ашық тұр­ғыда сипаттайды. Әкей Яакинфтың қытайлық шығарма Си-юй-вынь–цзянь-луды аударуы да неф­рит­тің орналасқан жерін ай­қындауға мүмкіндік береді. Абель-Резюме және тағы басқалары да көптеген мәліметтерден хабар етеді.

Әкей Иакинф от арқылы көне өңдеу әдістерін баяндайды. Тимковскийдің мәліметіне орай Жаркенд жыл сайын көктем мен күзде Пекин сарайына 12000 фунтқа дейін осы тасты (яшма) жіберетін болды” [1.569, 570].

“Очерк деятельности военного министерства за истекшее десятилетия благополучного царствования Государя Импера­то­ра Александра Александровича 1881-1890 гг” [2] деген екінші деректе Ресейдің шет аймақтарды отарлаудағы негізгі тірегі бо­лып келген казак әскери бөлімдерін қаржыландыру, қаруланды­ру, төтенше жағдайларға қарсы дайындау ісінің ХІХ ғасырдың соңындағы анықтамасы берілген, аталған әскер түрін одан ары нығайтудың жолдары сараланған. Соның ішінде Батыс Сібір, барша Қазақстан аймағын отарлап, бағыныштылықта ұстаудағы Сібір казак әскерлеріне талдау жасалып, оны нығайтудың мін­деттері белгіленген. Осы мақсаттағы аталған есепте көрсетілге­ніндей: “1881 жылы казак әскерлері онға жетті, атап айтқанда: Дон, Кубань, Терек, Астрахань, Орал, Орынбор, Жетісу, Сібір, Забайкалье және Амур.

... 1891 жылы казак жерлерін айқындау төмендегідей жағ­дайда болды: Сібір әскерлерінде жерді анықтау толығымен аяқ­талған жоқ. Жоғары мәртебелінің ұйғарымымен қазіргі Орын­бор әскерлеріне қарасты жерлерден 1 млн. десятина жер жергі­лікті басшылық белгілеген Новолинейная ауданына қарасты қыр­ғыздарға берілу керек болатын. Аталған ұйғарым ішкі істер министрлігі тарапынан белгіленген жерді қайтадан анықтау ту­ралы ұсыныспен кейінге қалдырылып отыр.

Мәселені жылдам шешу және казактар мен қырғыздар ара­сындағы қақтығысты тоқтату мақсатында Ішкі істер минис­трі­нің келісімімен 1891 жылдың көктемінен аталған аймақтар­дан қырғыздарға 1 млн. десятина жер беруді бастау, одан ары жер беруді ашық тоқтатуға шешім қабылданды. 

... бөлінген жерге Новолинейная қырғыздарын толық ор­на­ластырмаса да басым көпшілігі жер алады. (1891 жылы қыр­ғыздар Орынбор әскерлерінің 1411 мың десятина жерін  пайдалан­ды).

... 1881 жылдың бірінші қаңтары мен 1891 жылдар ара­лығындағы (жер өңдеуге арналған,-Ғ.Қ.) әскери капиталдың мөлшері:

әскери капитал

әр адамға шаққанда

1881

1891

1881

1891

Сібір

1079

мың рубль

1176

мың рубль

2247 рубль

2154 рубль

Барлығы

18718

мың рубль

25101

мың рубль

1722 рубль

1919 рубль

 

Әскери капиталдың (қаржының) өсуі әскерлердің жалпы жағдайының жақсаруын, осы тұрғыдағы әскери істің маңызды­лы­ғын көрсетеді, себебі қаржының молдығы казак әскерлерінің өздеріне жүктелген міндеттерді ойдағыдай шешулеріне кепіл болады.

Есеп беріліп отырған онжылдықтың барша көлемінде әс­кери министрліктің казак әскерлерін басқарудағы қызметі олар­дағы қалыптасқан әскери, казактық міндеткерлікті қолдау, казак бөлімдерінің әскери дайындығын арттыру, казактардың мате­риалдық жағдайларын көтеру, олардың арасындағы күнделікті өмір, патша мен Отан алдындағы басты міндеті- әскер қатарын­да қызмет атқаруды жүзеге асыруға арналды.

... Патшаның оларға деген үнемі қамқорлығына ие болған казак әскерлерінің одан ары құрметке иеленіп, соғыс даласында Отандарының лайықты ұлдары болып, өздерінің бабаларының әскери даңқын одан ары көтеретіндіктеріне күдік келтіруге болмайды.

1881 жылдың 1 қаңтарына бейбітшілік жағдайы кезіндегі әскерлер саны:

Казак әскерлері

Эскадрон және жүздік

Жаяу жүздік

Зеңбірек

Офицер

Төменгідәреже

Аттар

Сібір

18

129

2712

3123

Барлығы

290

37,9

118

2193

54511

49899

1891 жылдың 1 қаңтарына:

Казак әскерлері

Эскадрон және

жүздік

Жаяу жүздік

Зеңбірек

Офицер

Төменгідәреже

Аттар

Сібір

18

135

2985

3111

Барлығы

2891,5 

47

108

2532

59182

48697

Казак әскерлерінің соғыс жағдайындағы көлемі және олардың штаттық құрамы

1881 жылдың 1 қаңтарына:

Казак әскерлері

Эскадрон және

жүздік

Жаяу жүздік

Зеңбірек

Офицер

Төменгідәреже

Аттар

Сібір

54

129

8901

9550

Барлығы

884

83

250

3646

156954

155660

1891 жылдың 1 қаңтарына

Казак әскерлері

Эскадрон және

жүздік

Жаяу жүздік

Зеңбірек

Офицер

Төменгідәреже

Аттар

Сібір

54

189

8910

9513

Барлығы

877,5

100

236

4113

174162

163913

ХХ ғасырдың басталуынан Ресей империясының отарлан­ған аймақтарды орыс шаруаларымен қоныстандыру ісінің бары­сын жариялап келген “Вопросы колонизации” журналының 1908 жылғы екінші санында [3] аталған жүз жылдық басындағы Батыс Сібір, Алтай аймағындағы казак әскерлеріне тиесілі жер кө­лемі айқындалған. Онда баяндалғанындай: “Сібір казак әскер­ле­рінің территориясы жер иелену түрлеріне қарай төмендегідей топтарға бөлінеді:

1. Станица және қоныстар пайдалануындағы жерлер 2945305,4 дес.

2. Офицерлер мен шенеуніктер бабаларынан бері

пайдаланып келе жатқан жерлер  578835,5  дес.

3. Казактардың алғашқы кезеңнен

пайдаланып келе жатқан және Бийск

жүйесінен қазынаның көмегінсіз

келген казактардың жеке жерлері  615,3  дес.

4. Лагерь жиынына тиесілі жерлер  2402,0 дес.

5. Әскери ормандар  119085,9 дес.

6. Тас өндіретін, балық аулайтын

өзендер маңайынан алынған  оброктық

жерлер  21820,6 дес.

7. Келген тұрғындарға және әскери офицерлер мен шенеу­ніктерге берілетін қосымша жерлер   442150,5 дес.

8. Он шақырымдық жүйеден қалған осы офицерлер мен шенеуніктерге берілгеннен басқа қалған жерлер, әлі анықтал­маған,

ал мөлшермен есептегенде  891536,0 дес.

Әр топтағы барлық жерлер   5001751,5 дес.

(1894 жылғы есеп бойынша) ... 10 шақырымдық жүйеге енгендер: Петропавловск, Омбы, Көкшетау, Атбасар, Ақмола, Павлодар, Семей, Өскемен, Қарқаралы, Зайсан, Бийск уездерінің ең құнарлы жерлері” [3.350].

Бұл мәліметтерден патша үкіметінің ұзақ жылдар бойы аталған әскерлер құрамындағы әрбір казак жанұясын жергілікті қазақтардың тарихи мекендерін тартып алу арқылы құнарлы жерлермен қамтамасыз етіп, оларды империяның тірегі мен жазалау құралы ретіндепайдаланғандығын көруге болады.

Қорыта айтқанда, жоғарыдағы сараланып, талданған тари­хи деректер Ресей империясының ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ға­сыр­дың басындағы бүкіл Батыс Сібір аймағын өзіне толығымен қосумен қатар шығыстағы басқа жерлерді де  отарлауға деген ұмтылысын айқындай түсетіндігі белгілі.

 Қарасаев Ғ.М., т.ғ.д., ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты, Астана

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Записки Императорского русского географического  общества  по общей географии., Том ХХХІХ, вып.1, изданный  под редакцией  А.И.Герасимова и Ю.М. Шокальского. Собрания  сочинении Ивана Васильевича Мушкетова, Выпуск -1., 1872-1882 гг., Спб., 1910, С. 610

2. Очерк деятельности военного министерства за истекшее  десятилетия благополучного царствования Государя Импера­то­ра Александра Александровича., 1881-1890 гг., Спб., 1892, С. 323.

3. Вопросы колонизации. Периодический сборник под редакцией А.В.Успенского и Г.Ф.Чиркина. №2, 1908.-Спб., 1908, С.792.

Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді