Нұра өңіріндегі елді мекен, жер-су атауларының тарихи негіздемесі
29.10.2013 5297
Нұра өңірі Сарыарқаның ортасында орналасқан. Бұл өңір ежелден қазақ даласын мекендеп келе жатқан түрік текті рулардың атамекені.

Нұра өңірі Сарыарқаның ортасында орналасқан. Бұл өңір ежелден қазақ даласын мекендеп келе жатқан түрік текті рулардың атамекені. Тірліктің бойлықты бойлай солтүстік-оңтүстік бағытында көшуге негізделген замандарында бұл өңір негізінен көктеу мен жайлауға пайдаланылып келді. Өзен бойлай қаздай тізілген ретпен көшіп, көл жағалай қоңсы қонып, алдыңғы келіп орныққаны, кейінгісіне ерулігін әзірлеп отыратын дәстүрге негізделген тәртіп кең байтақ даланы үйлесімді түрде пайдаланатын өркениетті қалыптастырды.

Бұл замандардағы ел мекендеген жер-су атауларының өзі де жарылқаушы табиғатқа деген сүйіспеншіліктен туындап, қызға үкілеп тақия кигізіп, сылдырлатып сырға-моншақ таққандай жарасымдылығымен, үйлесімділігімен ерекшеленеді.

Атаудың бұл алтын қорына бойлаудың екі жолы бар. Бірі әріден, екіншісі беріден бастау алады. Әріден бастау алатын жол күрделі дайындық пен топонимикадан басқа атау тарихына мұқтаж (археология, әлеуметтік антропология, этнография, тарих т.б.) ғылым салаларының осы тақырыпты тереңдей зерттейтін әдіс-тәсілдерінің, жиналған деректі қорытатын ой-жүйе, тұжырым, теориясының толық қалыптасқан жағдайында нәтижелі болады. Өкінішке орай, еліміздің әлеуметтік антропологиясы, этнографиясы, археологиясын былай қойғанда, төл тарихын зерттеу мәселесінің өзі біржақты мешел жағдайда қалып келгені қазір баршаға аян.

Тарихты кезеңдерге бөлу, әр кезеңде өмір сүрген халықтың ата-тегін, тілін анықтау, табылған материалдық-рухани белгілерді олардың қайсысына жатқызу  сияқты топонимка үшін маңызды мәселелердің басы толық ашылмай, қазір анық жауаптан гөрі, бір-біріне қарама-қайшы пікірлердің жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетуі - әріден бастайтын екінші жолды ұстануға мүмкіндіктің әлі толық қалыптаспағандығын айқындайды.

Беріден бастайтын бірінші жолдың қазіргі жағдайдағы артықшылығы – атаулардың кеңістік және уақыт аясының анықтығы мен зерттеудің тұяқ тірер аңыз, мұрағаттық дерек, материалдық белгілер қорының молдығында. Бұл  жолмен анықталған атау тарихының негізі алдағы күрделі және терең зерттеулерге тың өріс ашып, келелі ой-пікір мен түйінді тұжырымдар жасаудың алғышарттарын қалыптастырады.

Атаулар тарихының негіздемесін алдымен XIX-ХХ ғасырлардың дерегі негізінде жасау осы мақсаттан туындайды.

Топонимиканы зерттеуге мол мүмкіндіктер беретін бастаудың ХIX және ХХ ғасырдың басы болатын себебі төмендегідей ерекшеліктермен түсіндіріледі:

-  қоғамның өмірін қамтамасыз етіп отырған дәстүрлі құрылымнан отарлық әкімшілік құрылымға өту барысында туындаған қарама-қайшылықтардың нәтижесінде кеңістікке бейімделу, жерді пайдаланудың күнделікті тірлікте көзге түспей, айтылмай-ақ үнсіз келісіммен іске асып жататын сан қырлы жөн-жоралғылары әлеуметтік өмірдің негізгі мәселесіне айналып, айшықтана түсті. Бұл жағдай жер-су атауларының дәстүрлі түрде және отарлық жүйеде қалыптасуының айырмашылықтарын анықтауға мүмкіндік береді;

-  жер иесі - ел арасындағы және отарлаушы үкімет билігімен арадағы жерді иелену, пайдалану, меншіктенуге байланысты даулы мәселелер жөнінде қозғалған істер арқылы бұрын тек ауызша қолданыста болып келген атаулар хатқа түсті;

-  климаттың, жер бедерінің, маусымның ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан жерді еркін және үйлесімді келісіммен пайдалану дәстүрі мен әкімшілік аумағы шектелген шекарасы бекітілген отарлық жүйенің «өмір кеңістігі» үшін күресі барысында тұрақты қыстау ауылдарының маңызы артуына байланысты жер-су атауларының табиғи қалпының орнына жаппай антропонимикалық атаулар пайда бола бастады;

-  отарлық үкіметтің  келімсектерге беретін жерге мұқтаждығы қазақ даласының сұлбалық картасын жасап, ондағы ең ұсақ жер-су атауларына дейін анықтап, хатқа түсіруге мәжбүрледі. Бұның нәтижесінде бірінші рет зерттелген аумақтардың жер-су атауларының толық тізімдері жасалды;

-  отарлық жүйеден тоталитарлы жүйеге өту үрдісі жер-су, елді мекен атауларының мүлде жаңа типтерін қалыптастырды.

Осы аталған ерекшеліктерді ескере отырып жасалған зерттеу арқылы топонимдердің өзгеру эволюциясын анықтауға мүмкіндік туады. Бұл эволюцияны шартты түрде эко→антропо→социо - топонимдер деп бейнелеуге болады. Мысалы:

- дәстүрлі кезеңде – табиғатқа мыңдаған жылдар бойындағы бейімделу барысында табиғи түрде түзілген «эко-топонимдер»;

- отарлық кезеңде – жерге таласқа байланысты жеке адамдардың иелік құқын бекітуге тырысудан туындаған «антропо-топонимдер»;

- тоталитарлық кезеңде – табиғаттың да, адамның да мүддесі ығыстырылып, қоғамда тексіз жүйенің үстемдігінің орнығуына байланысты идеологияның ықпалымен «социо-топонимдер» пайда болды;

Нұра өңіріндегі топонимдердің тарихи негіздемесі осы жолмен зерттеліп, оқырман қауым мен ізденуші әлеуметтің ой қорытуына азық болар деген үмітпен атаулардың әзірге анықталған деректік қоры сұлбалық картадағы координаты мен түсініктемелерімен қатар ұсынылып отыр [қараңыз: Қарағанды облысы Нұра ауданының топонимикалық картасы: тарихи негіздеме / Құрастырғандар және түсініктемесін жазғандар: Аршабеков Т.Т., Жакин М.С., Жұмабеков Ж.А. - Қарағанды: Гласир баспасы, 2009. – 225 б.].

Болашақ ізденістер аясының кеңеюі осы ұсынылып отырған атаулар қорының табиғи-тарихи-әлеуметтік негіздері жөніндегі жергілікті тұрғындардың, туған жерінің қыр-сырын білетін көне көз қария немесе білікті мамандардың ой сүзгісінен өткізіліп, талқысына түсіп, тың пікірлер тудырып отыруына байланысты болады. Бұл ізденіске барша қауым ат салысса нұр үстіне нұр болар еді.

Осы мақсат орындалып, қазіргі кездегі атаулардың толық қоры сұлбалық координаты, ақпараттық анықтамасы және тарихи түсініктемесімен жасалып шыққаннан кейін атау тарихының ғасырлар қойнауындағы ізі мен дүниетанымдық мән-мағынасына ден қоятын кезек келеді.

Топонимикалық картаның тарихи негіздемесін жасау үш сатыдан тұратын зерттеу жұмысының нәтижесінде іске асырылды:

1 – жер иесі жергілікті халықтың (қазақ руларының) құрамын, қоныстану ретін, иелік еткен жерлерін анықтау - табиғи түрде түзілген «эко»-топонимдердің тарихи негізін көрсетеді;

2 – қонысаудару саясатына байланысты қазақ жерінің тарылып, жер иеліктерінің бөлшектенуі және жаңадан елді мекендердің пайда болу тарихын анықтау - «антропо» -топонимдердің тарихи негізін көрсетеді;

3 – тоталитарлы тексіз жүйенің орнығуына байланысты елді мекен атауларының өзгеру тарихын анықтау - «социо» - топонимдердің тарихи негізін көрсетеді;

***

Топонимика саласындағы атаулардың ішінде саяси тарихтың ықпалына көбірек түсіп, өзгеріске жиі ұшырап жататын түрі – елді мекендер атауы. Елді кім билесе – сол, өз билігін заңдастырудың, яғни, мойындатудың бір құралы ретінде, өзінің жүргізіп отырған саясатына ыңғайлап, елді мекендердің атауын өзгертуге тырысады. Жаңа билеушінің мұндай әрекеті ел ішіндегі бұрынғы биліктің ықпалын жоюға бағытталады.

Қарастырылып отырған ауданның елді мекендері атауының үстірт өзгеріске ұшырап, көне заманнан қалыптасып қалған тарихи атаулардың жойылып кетуі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Патшалық Ресейдің Казақстанды өз құрамына енгізіп, отарлап алу барысында жаппай орын алды. Нақтылай айтқанда, елді мекендер атауын жаппай өзгерту - қазақтан жерді тартып алып, оған келімсектерді қоныстандыру саясатын заңдастырудың ең төте және сенімді құралына айналды.
Өз заманындағы тарихи құбылыстың деңгейінде мұндай жаппай өзгерісті түсініп, қабылдауға болады – егер мәселе тек өткенді танумен шектелген болса. Ал, ұлттық мемлекеттерді мойындамайтын - монархиялық, тәуелсіздікті мойындамайтын - тоталитарлық тәртіптердің өзі тарихқа айналған заманда оның қалдықтарымен өмір сүру – тек сананың енжарлығын көрсетеді.
Топонимика саласындағы елді мекендер атауының саяси тарихқа байланысты алмасуында мынадай заңдылық бар: тарихқа тамыры терең бойламаған, жергілікті тарих пен ел-жер тағдырында тек зорлық пен әділетсіздікпен орын алған атаулар сол тәртіптердің жойылуымен бірге құрдымға кетеді. Мұндай құбылыстың тарихи шындық екенін кешегі большевиктердің идеологиясына байланысты қойылған атаулардың уақыт сынын көтере алмағанынан көруге болады.
Ал, жері мен елінің қыр-сырымен, тарихи тағдырының бел-белестерімен тығыз байланыстағы атаулардың таңдалып алыну үрдісі бір кезеңнің мәселесін ғана қамтитын, өткінші жауын сияқты ұраншыл саясаттың нұсқауымен емес, коллективті сананың өзі, жеке сананың ықпалынсыз, екшеп отыратын, ел санасының тереңінде іске асып жататын құбылыс. Не зорлықтан, не науқаншылдықтан туындайтын атаулар теңіздің толқыған кезіндегі көбігі тәрізді, жел басылып, теңіз байсалды қалпына келгенде өзінен-өзі жойылады. Ал, елдің байсалды қалыпқа келуі - өзінің тарихи санасының тереңіне бойлап, танымының талқысынан, уақыттың сынынан өткен атауларын екшеп алуы болмақ.
Елді мекендердің атауларын қалпына келтіруде тарихи еске жүгіну осы заңдылықты басшылыққа алу болып табылады.
Төмендегі жергілікті атаулардың тарихи негіздемесі ел есінде сақталған атауларды, мұрағат қорларындағы құжаттарды және осы өлкені зерттеуге арналған ғылыми еңбектерді зерттеу барысында жиналған деректердің негізінде жазылып отыр.

XIX-XX  ғасырдың  басында Нұра өңірін мекендеген рулардың құрамы, көш жолдары, жайлау-қыстау ауылдарының қоныстары. ХІХ ғасырда Нұра өңірін мекендейтін қазақ руларының жерлері 1832 жылы құрылған Ақмола сыртқы округінің құрамында болды.

 Осы өңірді мекендеген қазақ руларының құрамы, көші-қонысы туралы мәлімет 1839-41 жылдардағы мұрағат құжаттарында сақталған.

Бұл құжаттардың бірінде Ақмола сыртқы округінің құрамына кіретін қазақ рулары болыстарының билеушілерінің тізімі берілген [1, 2қп-4п.].Тізім 1839 жылдың сәуірінің 22-сінде жасалған.

Бұл құжаттан алатын құнды мәлімет – Нұра өңірін қоныс-танған рулар жөніндегі деректер. Олар: тінәлі-қарпық (болыс билеушісі – сұлтан майор Арыслан Құдаймендин), қырғыз-төртуыл (сұлтан Байғара Дайыров), тоқа-қарпық (сұлтан Бек Құдаймендин), айтқожа-қарпық (би СапақТәңірбергенов), мойын-алтай (би Тәті Жұманов), байдалы-алтай (Би Сайдалы Жаңбыршин), алысай-алтай (қуандық биі Баяғызов), қареке-алтай (би Тайман Бекташев), тама (би Қылыш Итемгенов), қойлыбай-шағрай (би Ірімшік? Есқарин), сайдалы-алтай (старшина Бектас Айыров?), төбет-темеш (би Бүк Т...ев?), енем-түнғатар (Құлыбек Ескенин), алшын-жағалбайлы (би Ертай Алтыбаев), алысай-алтай (би Бәеш Есенгелдин).

Бұл тізімнен көріп отырғанымыздай Нұра өңірі аумағын негізінен Арғынның үлкені - Қуандық балалары (Алтай, Қарпық, Бөрші, Темеш) мекендеген.

Сонымен қатар, азшылықты құрайтын Ақмола сыртқы округінде осы кезде болған, деректе көрсетілген барлық болыстағы руларды (алысай-алтай кареке-алтай, тама, алшын, жағалбайлы) атап отырған себебіміз – олар, барлығы бірдей, Нұра өңіріаумағын мекендемегенмен, жазғы жайлауға шыққанда бастары түйісіп отырған. Ал бұл жайлаулар, кейін, келімсектердің келіп қоныстана бастауына байланысты даулы аумақтарға айналған. 

Келесі бір мұрағаттық құжатта Ақмола сыртқы округінің құрамына кіретін қазақ болыстарының тізімі, әр болыстағы ауыл мен үй саны және руладың жазғы жайлау, қысқы қыстаулары туралы мәліметтермен бірге көрсетілген. Құжат 1841 жылдың 2 қазанында басталып, 29 қарашада аяқталған [2, 20қп.-23п.]

болыс атауы

Әр болыс-тағы

Жазғы жайлауы

қай жерлерде

Қысқы қыстаулары мен көші қай жерлерде

ауыл

үй

1

2

3

4

5

Аға Сұлтан, полковник Қоңыр-Құлжа Құдай-мендин ағайын,  төлеңгіттерімен

9

379

Шідерті, Мойылды, Өлең-ті, Есіл, Көкбекті, Құндыз-ды өзендері бойында;

Жаманшұбар, Бабатай, Қоңырадыр, Қызылжар, Қарғалы, Жамантөбе, Сау-малкөл және жартылай Нұра өзені бойында.

Сұлтанның өз ауылы Есіл бойындағы Бабатай, Елтоқ  мекендерінде, ағайындары мен төлеңгіттері Нұра бойындағы Бұғылы мекенінде қыстайды

1

2

3

4

5

Енем-Түнғатар

8

436

Семізқыз, Қосағаш, Қоянды, Тектұрмас мекендерімен Шерубай-Нұра, Топар, Есен, Құндызды, Көкпекті, Есіл, Қозыкөш өзендері бойымен көшіп отырып,кейін қыстауға қайтады

Ақтау, Ортау, Алабас, Қотыр оба, Сары оба, Қазан-шұңқыр, Ешкіөлмес, Жыланды, Керегетас, Қызылтау, Айдаһарлы, Ақши таулары мен Атасу, Манақа өзендері бойларында

Қареке-Алтай

7

352

Семізқыз, Қосағаш мекендерімен; Көкбекті өзені бойымен, Наршөккен арқылы Нұраға шығып, Есіл бойымен көшеді

Кіші Нұра өзені, Тектұрмас, Айтуадыр, Құмадыр, Апан, Қызыл шат мекендері мен Топар өзені бойында

Мойын-Алтай

7

386

Ботағара, Шешенғара, Елтоқ шат, Қызылжар мекендерінде; Нұра, Есіл, Құндызды, Қарағанды, Қоянды, Көкбекті және жартылай  Қареке-Алтай болысының жерлерінде

Бұл болыстың үлкен бөлігі Енем-Түнғатар болысымен бірге қыстайды. Бірғанару -  “МұратСасыққопа, Соқыр-сораңжәнеБайдәулетмекендеріндетұрақтықоныстайды

Тінәлі-Қарпық

8

416

Селеті, Шідерті, Өлеңті, Есіл, Мойылды өзендері бойы-мен; Қоңырадыр, Қызылжар, Қызылағаш мекендерімен Бүйрек талға дейін (“Бурк-тал” – мұрағат нұсқасы. М.Ж.),одан әрі Нұраға қарай, содан кейін қыстауға қайтады.

Аққұм, Біртабан, Қарғалды көлдері  және Көң өзені бойында

Айтқожа-Қарпық

10

620

Есіл, Өлеңті, Шортанды өзендері, Сарыоба, Шыбынды көлдері, Көкбекті, Нұра, Құланөтпес өзеніне келіп, одан әрі Аға Сұлтанның жерімен көшеді

Нұра өзенімен Көбетейден  Балықты-Баятарға шейінгі, Шошқалы және Амантау мекендерінде

Алысай-Алтай

6

322

Нұра, Есіл өзендерімен Наршөккен, Қосағаш, Семіз қыз мекендерімен, Соқыр өзенімен Жауыр мекеніне дейін, одан Ботағара мен Шешенғара, Борлыкөл, Шідерті өзендерімен, Жақсы Нияз, Ақжар мекендерімен, Шортанды өзені бойы мен Балтағарға қарай көшеді

Қоңырқұлжа, Қарқаралы, Серектас, Түнғатар, Жақсы Құлболды, Сарытау, Далба, Баймырза, Сарымырза, Сырымбет, Сиырлы мекендерінде

Тарақты-лардың жартысы

2

46

Жазғы жайлаулары да, қысқы қыстаулары да Енем-Түнғатар болысымен бірге

-

Темеш

2

22

Есіл бойымен, Майбалық көлі Нұра бойымен, Чинет, Қосқопа и Бортас көлдері жағалауларын бойлай көшеді

Нұра өзені, Чинет, Қосқопа және Аққұм көлдерінде

Байдалы-Алтай

2

33

Тінәлі болысымен бірге көшеді. Болыстың көшетін жерлерімен

Тінәлілермен бірге қыстайды

Қырғыз-Төртауыл

1

32

Майбалық, Талдыкұм көлдері және Есіл мен Қозыкөш өзендері бойымен

Талдыкөл, Чинет, Қосқопа, Жалақ және Аққұм көлдері бойында

Жатақтар

3

215

Ақмола елді мекенінің маңайындағы бәр бағыттағы 10 шақырымдық кеңістікте

  Аға Сұлтан  (мөр)  полковник Құдаймендин 

Бұл деректен шығаратын қорытынды - қазақтың бір руының ғана көшінің жалпы қамтитын жерлерінің радиусын алмай-ақ, тек жазғы жайлауы мен қысқы қыстауының ара қашықтығын алып қараса - 150 ден 300-400 шақырымға дейінгі жерді алып, негізгі қоныстары жоғарыда аталған аудан аумағында болмаса да көшу барысында осы аумаққа дендеп кіріп, өзендер мен көлдерді бойлай көшіп, төсекте басы, төскейде малы қосылып, аралас-құралас тіршілік етіп жатқанын көреміз. Мысалы: қазіргі Шет ауданы құрамындағы, бұрынғы Ағадыраумағындағы Ақтау, Ортауда қыстайтын Енем-Түнғатар болысының рулары Шерубай-Нұра, Топар, Есен, Құндызды, Көкпекті, Есілді бойлап келіп, Ақмола қаласының батысына қарайғы Қозыкөш деген жерден бірақ шығады. Аудандарды айтпағанда бір ру бұрынғы үш облыстың - Жезқазған, Қарағанды, Ақмола жерін басып өтеді екен.

Келесі бір 1865 жылғы мұрағат құжатында Ақмола округінің құрамына кіретін болыстар, оларды құрайтын қазақ руларының жазғы көші мен қысқы қоныстары, ауыл, ондағы шаңырақ пен ер және әйелдердің саны тізілген [3, 10-14 п.].

Болыс атаулары мен оның билеушілері, негізгі рулары

1865 жылдан 1868 жылға дейінгі санақ бойынша саны

Жазғы және қысқы жай-лауы мен кө-ші-қоныстары

ауыл

шаңырақ

ер

әйел

1

2

3

4

5

6

7

13

Мойын-Алтай болысы. Болыс билеушісі – Мырзамбет Бакин. Рулары: Меңдібай, Аралбай, Қармыс, Қоңыр Шұнақ, Қасымбек, Сармантай, Тарақты, бұлардың ішіндегі белді ру -  Меңдбай, себебі: басқалары бұдан кейін аталады

7

899

2230

2149

Жазғы жайлаулары Үлкен Италы, Құндызды, Нұра, Есен, Құдайменді қарасу, Сары су, Манақа мекендерінде, Нұра өзені бойында, Ағашты көл, Сасық көл, Шабар? Сапақ сор, Балықты және Сұлу көл, Иманақ, ... чал, Қоңыр мекендерінде, одан әрі Шаң адыр ...

Қысқы көштері: Алабас, Қалмақ қырған, Берікқара, Ортау, Балық ..., Ақсай, Айдаралы, Ақши және Қызылтау тауларында; Қойбағар, Құмбас?, Аюлы, Матақ, Бәйбіше, Бөрінің соқыры, Сораң, Наршөккен жоталары мен Қосағаш пен Серкебай тоғайында.

Көшу радиусы 350 шақырым кеңістікті қамтиды

14

Айтқожа- Қарпық болысы.

Болыс билеушісі - Шоң Телғозы

Рулары: Ерназар, Самай, Айтқожа, Сатыбалды, Құлымбет, Барғана-тоқа,

8

1124

2409

2055

Жазғы жайлаулары: Нұра, Есіл, Сары су, Құдайменді, Қарасу, Құлан өтпес, Жараспай, Қарасу, Есен, Құндызды, Көкбекті өзендері, Сасық көл, Қобыкөл, Балықты, Боран қопа, Баятар, Сүттікөл, Жеке көл, Қырауқамыс, Құмкөл, Досқана Арыскөл, Сарт көл, Маржанкөл, Ағашты көл бойы.

Қысқы көштері: Тынық?, Сатыбалды, Аймысық, Көк құз?, Қарағаш, Көнек, Толағай,

1

2

3

4

5

6

7

Мәмбет; бұлардың ішіндегі белді ру – А й т қ о ж а, себебі: басқалары бұдан кейін аталады

Керегетас, Шойынды, Сағындық, Сарыадыр, Үш Қуырдак?, Дербісалы, Кішкене қопа мекендерінде, Сасық көлНұра өзені, Айғыржал, Аман тау, Шошқа көл, Изенді-Байсал, Сартау, Бөгел?, Құсмұрын, Боз көл, Құмадыр, Айтпай, Апан, Теректі, Түгел, Байғонды, Дүйсеншат, Керегетас, Шоқпартас, Үшбетей?, Сары өзен, Қабланши, Айыртау, Шұбар көл, Бүгелікті, Мыңшұңқыр, Жид..., Қарақалпақ, Қуырдақ қараған, Балықты, Сегіз қос, Баятар, Үшқағыл, Шұбараяқшы, Қарту? тас, Суат, Тұран қопа, Мыңқабыр, Тоқта Серкебай тоғай, Байкөл, Сары адыр, Көктал және Түей таста

Көшу радиусы - 400 шақы-рым кеңістікті қамтиды

15

Сайдалы-Алтай.

Болыс билеушісі  Қаңтарбай Меңдекин. Рулары: Нияз, Қуандық, Айтқұл, Әжібай, Сұлтанбай, Каркат..., бұлардың ішіндегі белді ру –  Н и я з, себебі: басқалары бұдан кейін аталады

6

629 ?

1549

1437

Жазғы жайлаулары: Сары су, Нұра, Есіл, Құндызды, Құланөтпес, Құдайменді, Карасу, Есен, Көкбекті өзендері бойы, Шөлқоңыр, Сасықпай?, Манақа, Ақтас, Ескене, Қоянды, Жыланды, Бүйректал, (Бурутал – мұрағат нұсқасы – М.Ж.),Қоңыр адыр, Ақтасты, Шортанды, Батпақсу, Тұзды қарасу, Айтын қарасу, Белағаш деген жерлер;

Қысқы көштері: Құман, Сартау, Тас құралы, Қазан шұңқыр мекендерінде, Қалибек, Жаманқұл ..., Қыдырәлі, Қойтас, Сарыбас тас, Сымтас, Қыймалы, Ақтайлақ, Қызылтау, Ботпай, Қарқан, Ақмая, ... Жеңшоқы, Ақтау, Сарытау, Есен тауы, Жылысай, Төлеген, Кезен, Карабұжыр, Екі қосшоқы, жақын Қаражал, Сарыөзен, Көкпекті, Бүйрекши, Рғайлы, Екі Қаратөбе және Манақа өзені 

Көшу радиусы - 350 шақырым кеңістікті қамтиды

16

Енем-Түнғатар

Болыс билеушісі –Жәнібек Байбеков

Рулары: Түнғатар,

Енем-Түнғатар бұлардың ішіндегі белді ру –  Түнғатар, себебі: басқалары бұдан кейін аталады

6

603

1503

1448

Жазғы жайлаулары: жоғары Нұра және Есілмен бойы, Үлкен және Бала Құндызды, Көкпекты, Бұрнақты, Сарысу, Есен өзендері, Сасықкөл, Сұлукөл, Шұбар, Құмкөл, Тоқсымақ көл және Байдалы көл көлдері, Шөлқоңыр, Салықпай, Манақа, Ескене, Ақтас, Қоянды, Жыланды, Қоңырадыр, Аюлы Нияз, Батпақсу, Алтынды, Қарасу, Ұрының шаты, Қушек, Жүзды Қарасу мекендері

Қысқы көштері: Қоңыр оба, Тас оба,Қоңырадыр,Керегетас, Кенелі, Жыланды, Қалибек, Қазан шұңқыр, Түспай, Та....бай, Нілді, Ұзынжал, Бортас, Күрлүбі? Күнд...ан? Ақилі? мекендері, Соқкөл көлі, Атасу өзені, 

Көшу радиусы - 350 шақырым кеңістікті қамтиды

17

Алысай-Алтай

Болыс билеушісі – Баймагамбет Нұралин

Рулары: Алысай,Үш ата,Нұрбай, бұлардың ішіндегі белді ру –  Алысай, себебі: басқалары бұдан кейін аталады

6

736

1737

?

Жазғы жайлаулары: Шідерті, Нұра бойымен жоғары Есіл өзендері бойы, Өткел саз, Шалы, Сұнқар қия, Жауыр мекендері, Қарсан? көл, Үш қарасу көлдері

Қысқы көштері:  Ағашты, ...тау, Тас құралы?, Қызылша, Қараша, Бүркітті, Қабантау, Тасқора, Ай... және басқа мекендермен Атасу өзенінің жоғарғы бойы

Көшу радиусы - 150 шақырым кеңістікті қамтиды

18

Тінәлі-Қарпық

Болыс билеушісі – Досымбек Қоңыров. Рулары: Тілеуім-бет, Амалдық, Ақымбет, Қо-жағұл, Инен Төбет, бұлардың ішіндегі белді ру –  Тілеуім-бет, себебі: басқалары бұдан кейін аталады

6

1014

2253

2136

Жазғы жайлаулары: Нұра, Есіл және Қалғұтан өзендері бойы.

Қысқы көштері: Нұра, Құланөтпес,Жақсы көң, Жаманкөң, Ашщы Соналы өзендері, Дүйсеншат, Қазықұрт, Аршаты, Көкдомбақ, Айыртау, Бытыға мекендері, Қорғалжың, Мамай, Қорқылдақ, Қоржынкөл, Атын қопа, Изенды, Байсалды, Біртыбас, Шұбаркөл, Атақос, Жусалы, Обалы Манас, ..., көлдері.

Көшу радиусы -  200 шақырым кеңістікті қамтиды

19

 Қареке-Алтай

Болыс билеушісі Тәті Игіліков. Рулары: Тоқбура, Ақбура, Наурыз, Қареке, Итболды, Байболды, Кенжеғара, Сары-Мұрат ... бұлардың ішіндегі белді ру –  Қареке,себебі: басқалары бұдан кейін аталады

6

961

2067

1899

Жазғы жайлаулары: Мойылды, қарғалы, Есіл, Нұра, Үлкен және Бала Құндызды, Шортанды, Соқыр Қарағанды өзендері, Жақсы Нияз, Балтағора, Қоянды, Ақтасты, Көктас мекендері.

Қысқы көштері: Шерубай, Нұра өзендері, Қабанбай, Түгелбай және Байдаулет, Жартас, Жалайыр, Шійлі апан, Хангелді, Көбек, Қосдоңғал, Топар, Шат, Қызыл молла, Айтуды, Адыр Толагай, Қарабас, Өртеңжал, Құт адыр, Қызыл қойсу, Семіз қыз, Қаратүлкі, Жуан төбе, шешенқара, Аюлы, белағаш, Ботағара, Жауыр мекендері.

Көшу радиусы - 250 шақырым кеңістікті қамтиды

20

 Темеш

Болыс билеушісі  Байұзақ Сексенов

Рулары: Ораз Темеш, Ораз Төбет, Қазымбет, Мендыбай, Төбет Темеш, Бөрші ...

7

1133

2397

2254

Жазғы жайлаулары: Тассауат, Шөптікөл, Ботпай көлдері, Құланөтпес, Сарыөзен, Нұра, Құндызды, Көкпекті өзендері және Жыланды.

Қысқы көштері: Үш қағыл, Сарыоба, ... өзені, Сарыөзен....

Көшу радиусы - ?шақырым кеңістікті қамтиды

Бұл деректен де рулардың көшу радиусы 150 ден 400 шақырымға дейінгі кеңістікті алып жататынын көреміз. Осы аумақтағы демографиялық көрсеткіштерге келетін болсақ, мысалға: мойын-алтай болысындағы шанырақ саны 1841 жылғы құжатта 7 ауылда 386 шаңырық деп берілсе, 1865-68 жылдардағы құжатта 7 ауылда 899 шаңырық деп берілген. Тура осындай екі есеге жуық ұлғайған санды айтқожа-қарпық болысын алсақ та көреміз: 1841 жылы 7 ауылда 620 шаңырақ көрсетілген, ал 1865-68 жылдары 8 ауылда 1124 шаңырақ көрсетілген. Шаңырақ санының 24-27 жылдың ішінде мойын-алтай руында екі жарым еседей, айтқожа-қарпықта екі есеге жуықтай күрт өсуі табиғи өсімнің көрсеткіші емес. Себебі: 1841 жыл – отаршыл Ресейге ұлт-азаттық соғыс жариялаған қазақ рулары Ұлытауда бас қосып, Кенесарыны хан көтерген жыл. Жоғарыда аталған рулардың едәуір бөлігі өз мекендерінен үдере көшіп, Кене ханның туының астына жиналғаны белгілі. Осындай оқиға, әсіресе, Қарқаралы округіндегі қаракесек руларының жаппай өз мекендерін тастап кеткенінен көрінеді. Осы жөнінде Ресей әкімшілігінің бір жазбасында султандарға жалақы төлеудің қажеті жоқ, себебі олардың қарамағындағы болыстардың қазақтары үдере көшіп кеткен деген мәліметтен көрінеді. Сондықтан, 1841 жылғы емес, 1865-68 жылдардағы санды неғұрлым шындыққа жақын көрсеткіш деп алу керек. Сонда мойын-алтай болысының рулары көшіп жүрген радиусы 350 шақырым аумақты қамтитын кеңістікте 7 ауыл, 899 шаңырақ, 4379 адам еркін өмір сүріп отыр екен. Сонда 1 шақырым кеңістікке 12,5 адамнан келеді. Айтқожа-қарпық болысында 400 шақырым кеңістікте 8 ауыл, 1124 шаңырақ, 4464 адам еркін өмір сүріп отыр екен. Бұнда 1 шақырым кеңістікке 11,16 адамнан келеді екен.

Ақмола округі 1867-68 жылғы реформалар бойынша Ақмола облысы болып қайта құрылып, біз қарастырып отырған аудандар аумағы Ақмола уезінің құрамына енген.

Мұрағаттың келесі бір (1875-1878 ж.) құжаты Ақмола облысындағы уезд бен болыстардың шекарасы және қазақтардың жазғы жайлауы мен қысқы қоныстары туралы мәліметтер береді [4, 54 қп.-60 қп.]

атауы

болыс шекарасы

қыстаулары қай жерде

қай жерлер ар-қылы қыстау-дан жазғы жайлауға өтеді

1

2

3

4

Нұра

Шекарасы Нұра өзенімен, Ақпансай, Қарықарасу мекенімен, Майбалық көлінің және Талды көлдің соңының батыс жағымен, юрталық казак үлесті жерімен, Қозы көш өзенін кесіп өтіп, Төре құлақ моласы, Жалаңаш көлінің оң жағалауымен, Талды қарасу жонымен, Қоскөл, Жарлыкөл, Жұмай, Қанекей шолақ және Біртабаннан өтеді. Одан әрі Қойын көлімен, Қос арал, одан жоғары Құлан өтпес өзенінің бойымен, Жарлыкөл көлімен Дөңгелек, Аққұдық, Атығай, Жосалы, Кеңжарық, Бертібай-Берден төбе-сі, Изенді, Қаратомар және Құмкөлмен шектеледі

Нұра өзені бойын-да, Ақпансай мекенінде, Қосқопа, Тоғанас, Ұзынкөл, Құмкөл, Жантек көлдерінде; Нұраның сол жағалауында Қаралас, Қоржынкөл, Атағозы, Сасық, Қорқылдақ, Тығыз қамыс, Болғанкөл, Бастөбе, Зарман, Шошқалы, Құмкөл, Төре-сарт, Қырауқамыс, Изенды, Құмкөл, Сарыкөл және Чинет көлдерінде

Жазғы жайлауға 150 шаңырақ Ақтастыға дейін өтеді. Ал қалған барлығы Нұра болыс-ының шека-расының ішінде алыс емес қашақтықта Нұра бойымен, Қосқопа, Отаутүскен, Аққұм және Бортас көлдерінде

1

2

3

4

Шерубай-Нұра

Шекарасы Үсен өзенінің Нұра өзеніне құйған тұсынан жоғары Үсен өзенінің сол жағымен Қозыбақ бастауы мен Нұрбақтың ескі арнасының бөлінген жерімен, Қужал өзенінің Сарысу өзеніне құйған тұсымен Үңірек шоқысына дейін, Өртеңжал шоқыларымен Сары адыр, Сарыкөл мекені, Қойтас, Айнабұлақ, Қуөзек, Нұра өзені жанындағы Қонақпай бейтімен өтеді

Шерубай-Нұра өзені бойындағы Бұғылы, Тама тау, Тектұрмас, Сары тау, Тілен жал, Құм адыр, Топар, Жалайыр, Айтбай, Олан, Шайынды және Қойынды тауларында, Сасық көлінде

Нұра өзені арқылы, Сұң-қар қарасу мекені, Арық-ты көлі, Ошағанды, Са-быр-қожа, Сағындық, Апан?, Бүйрек тал(мұ-рағат нұсқасы - р.Бюрк тал-М.Ж.), Есіл өзендері-мен, Тоқсұмақ, Анар,Бай -далы көлдері, Есіл өзен-

іне құйылыс тұсында, Қарғалы, Шортанды ме-кендері, Борлы көл және Жаман көл көлдерімен

Қараағаш

Шекарасы Есен өзенінің жоғарғы бөлігімен, Үш оба, Майлы сай, Өмірзақ, Жуантөбе мекендерімен және Нұра өзені мен бұрынғы Көбетей бекетімен, Шұбар-түбек мекені және Үлкен Құндызды өзенімен, Үлкен шат шоқысымен; Жақсы Қазықұрт, К... тауларымен, Қара-жал мекені мен Үстемір көлімен, Құлан өтпес өзенімен, Бердібай-Берден мекенімен, Из-енді, Құмкөл және Шошқалы сор көлдерімен, Ащыдан Үш-қаттыға дейінгі аралықтағы Құланөтпес өзені бойындағы жерлермен, Шұбар-түбектен Көбетей бекетіне дей-інгі Нұра өзені бойымен, Үлкен Құндызды бойындағы Кеңқияқ, Қызыл-жар, Балашат мекендерімен, Топар, Шошқакөл, Жұмыртқалы, Сасықкөл, Байғозыкөл, Байқоңыркөл, Қосқопа, Балықты-көл, Баятаркөл, Шұбар, Тассу-ат, Байсал, Изенді, Шошқалы және Шөптыкөлмен

Соналы өзенінің жоғарғы ағысы мен Амантау, Жақсы Қазықұрт тауларында; Көтей?, Көнек, Тоқ-ты адыр шоқыларында, Сарысу ши, Мыңадыр, Айғыржал, Өкінген, Аймысық, Көккөз, Тынық, Балықты, Баятар, Семізкөң, Сары адыр, Қотантөбе, Қозыбақ, Аршалы, Жыланды, Суықбастау-да, Сатыбалды, Жақсықарт, Жа-манқарт, Қараағаш, Теректы, Үш қуырдақ қараған мекендерінде, Есен-Шойынды өзені бойындағы Алшағыр, Керегетас, Ақши, Қоңыртөбеде

Құлан өтпес өзені арқылы, Тассуат, Изенді, Байсал, Қосқопа, Құмкөл, Қаратомар, Шошқалы, Арықты, Дөңгелек,Шұбар, Баятар көл көлдерімен, Балықты, Құрқара-су,Тоқтамыс, Сары, Қосшоқы мекендерімен, Нұра өзенімен және соның бойындағы Қон-тай, Кертінді, Қолаң және Шақаман мекендерімен

Ақмола

Шекарасы Алты айғыр мекені мен өзенімен, Сары адыр, Қызыл жал шоқысымен, Жыра өз-енімен Қызыл мола таспен, Ақтасты өзенімен, Түс томар, Қарақоға, Қосшоқы, Егінді томар, Жаншілікпен, Қушоқы тауымен, Бозайғыр көлімен, Кенжебай өзенімен, Сасықкөл көлі-мен, Қос қарасу, Төрт қонақ өзенімен, Ошаған, Түстас, Қарақоға мекенімен, Майбалық, Құмкөл көлдерімен, Жолажота Ақ күріш, Ақмоламен, Нұра, Қозыкөш, Аққұман, Отаутүскен, Бортас, Жарқынбек, Қарақоға, Қосқонай, Жалаңаш, Жалаңашты қарасу, Қара-қоға, Бескемпір, және Қарамойыл, Алакөл, Танакөл және Жанкөлмен

Алты айғыр мекенінде, осы жерден жоғары Есіл бойымен Бабатай, Аюсойған, Моншақты, Қушоқы, Тама.., Қояншұбар, Тышқанкөл, Қаражар, Жалаңаш, Жарқынбек, Қарағаш және Ақкөлге шейін

Алты айғыр мекені арқылы, Кенжебай, Қосшоқы, Егінді томар, Қаратомар, Бозайғыр, Қосқарасу, Майбалық, Құмкөл және қыстауларына жақын жерлердегі жайлауларына

Спасск

Шерубай-Нұра болысынан: Шерубай-Нұра, Жартас, Шуаш өзені мен Бір тоғай мекенімен шекаралас жатыр;

Қараағаш болысынан:

Жыланды шоқысы, Мейірман шат мекені, Бала Құндызды құймас өзенімен шекаралас жатыр;

Қарқаралы уезі мен Қарқаралы болысынан:

Қанды қара оба, Наршөккен шоқылары, Шешенқара мекенімен, Жуантөбе тауымен шек-аралас жатыр;

Павлодар уезі, Қаржас болысынан:

Аюлы шоқысы, Сайтанды мекені, Мантен көл көлі, Есенбай және Керегетас шоқыларымен шекаралас жатыр;

Ақмола болысынан:

Таскөл көлі, Ақтөбе тауы, Жаман шұбар тоғайымен  шекаралас жатыр

Шерубай-Нұра өзенінде, Баймырза мола, Қызыл мола, Бекқожа қонған мекендерінде, Нұра өзенінде, Қанды қара оба, Наршөкен, Семіз қыз шоқыларында, Қосқұдық мекенінде, Қарағанды өзенінде,  Байатар шоқысы мен Шилі мекенінде, Үткен су өзені, Ақтөбе тауында, Бабатай, Көптам, Жаманшұбар мекендерінде, Мейірман шаты мекенінде, Жауыр шоқысында, Нұра бойында Байдәулет, Қараңадыр және Қарабиік шоқыларында

Сабыр қожа мен Нұра өзендері арқылы, Араб әулие, Жар тас шоқыла-ры, Ошағанды өзенінің жоғарғы ағысы, Шөпті көл көлі, Ағыбай тиген, Оба тас, Жыланды, Шо-қай шалды шоқылары, Баймырза, Нұралы қара-су өзендері, Үр шаты, Қушоқы шоқылары, Тұз-ды қарасу өзені, Қорған көл, Тас көл, Маржан-көл көлдері, Ақтасты өзені, Қоянды шоқысы, Сапақ көл өзені; Нұра Хан сүйегі, Алтынды-әділ, Сұңқар қия қарасу мекендері, Біртоғай,Тен-тек қарасу өзендерімен

Бұл құжаттан алатын ең құнды мәлімет елді мекендердегі патшалық әкімшілік құрылымның төменгі буыны - болыстар атауындағы өзгерістерді көруге болады. 1865-68 жылдарға дейінгі болыстар ел атымен – рулар атымен аталып келсе, 1875-78 жылғы құжатта елдердің атауы жер-су атауларымен алмастырылған. Мысалы: бұрын Айтқожа-Қарпық, Сайдалы-Алтай, Тінәлі-Қарпық, Қареке-Алтай деп аталса, енді Нұра, Қараағаш, Ақмола, Спасск деп ауыстырылған.

Келесі бір аңғаратын мәселе – көштің тарылуы. Мысалы: 1860-шы жылдарға дейін қазақ рулары оңтүстіктен солтүстікке, оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа және керісінше бірнеше болыстың аумағын кесіп өтіп, даланы ен бойлап жайлап жүрсе, енді өз болысының шеңберінен шығуға тиым салынғандықтан, қыстауынан алыс шыға алмайтын болған.

Бұның екінші бір себебі: 1865 жылғы қазақ даласына шыққан Далалық Комиссия өкілдері көшпелілердің нақты көшу және қоныс шекарасын анықтау барысында болашақта бұл жердің бәрі бөлініске түсіп, әркімге мәңгілікке пайдалануға беріледі деген лақап тарауына себепші болды. Осының әсерінен қазақ жерінен айырылып қалам ба деп, онша алысқа ұзай алмай айналшықтап қыстау маңында үйелеп қалған. Далалық комиссия мүшелері кімді қай жерден тапса, сол жерде соған қолына қағаз жазып беріп отырған. Ал жаздың күні бар ауқатты рулар шамасы келгенше алысқа, жайлауға шығып кетеді де, алысқа көше алмайтындар қыстақтың маңында үйелеп қалады. Далалық комиссияның қағазы осындайлардың қолына тиіп, жайлауда жүрген ауқаттылардың жерін иеленіп алу қып-қызыл даудың тууына себепші болып, көпшілігі жерінен айырылып қалып, оны қайтарам деп сотқа шығындалып, артынан амалсыз алысқа кетпей, қыстағының маңынан шыға алмай қалғаны осыдан.

Маңғыртып мал өсірген қазақтың шаруашылығына бұл қатты әсер етті – себебі: еркін жайылмаған малдың күйі де кете береді. Ал күйі кеткен малдың қаһарлы қыстан аман шығуы неғайбыл. ХІХ ғасырдың екінші жартысындығы жұттардан қазақ малының едәуір бөлігінің қырылып қалуы тек табиғаттың апатынан ғана емес. Мұндай қатты қыстар бұрын да болып тұрған. Негізгі себеп - малдың еркін жайылып, қысқа қоң жинай алмауында. Осыдан келіп қазақ даласының едәуір бөлігі қаңырап бос қалды десе де болады. Ал отарлаушы үкімет үшін бұл жағдай қазақтың жерін болашақта келетін қоныстанушы-ларға босатып алуға мүмкіндік жасады.

XIX ғасыр аяғы - XX ғасыр басында Нұра өңірінен жер бөліктерін кесіп алып, қонысаударушыларды орналастыру нәтижесінде пайда болған елді мекен атаулары. Қазақ даласына қоныстанушылардың келе бастауы бірнеше сатыдан тұрады. Алғашында қоныстанушылар өз еріктері-мен келе бастаған. Мемлекет тарапынан бұл мәселені қолға алу XVІІІ ғ. басындағы Ресей шекарасын қорғау мақсатында бекіністер мен әскери-казактық шептер сала бастаудан, ХІХ ғ. 30-шы жылдары Мемлекеттік Мүлік Министірлігінің басшысы гр. Киселев қолға алған, аз көлемдегі мемлекеттік крестьяндарды қоныс аудару арқылы іске асқан болатын. Өлкені отарлауға орыстарды жер аудару да қызмет етті.

Бірақ, ХІХ ғасырдың ортасындағы реформадан кейін де стихиялы қоныс аудару, мемлекеттік қоныс аударудың алдында жүрді. Қоныс аудару ісін жоспарлы түрде іске асыруға мемлекет тек 1885 жылы ғана, алғашында әкімшілік тұрғысынан, ал 1889 жылдан бастап заң жағынан да араласа бастайды. 1890-шы жылдың басынан бастап Сібірді (Қазақстанды) қоныстандыру ең алғаш рет мемлекеттік мәнге ие болды. Қоныстандыруды жалпы басқару Патша мұрагерінің председательдігімен құрылған Сібір темір жолы Ерекше Комитетіне жүктелді [5, 1].

Шаруаларды басыбайлы құлдықтан босатқан 1861 жылдан 1885 жылға дейін Оралдың бер жағына (Қазақ даласына қарай) 300 мың қоныс аударушылар келген. Келесі 20 жылда – 1885-1905 жылдары - 1 млн 520 мың 750 қоныс аударушылар келген. Ал соңғы 5 жылдың ішінде – 1906 – 1910 жылдары - қоныс аударушылар саны 2 млн. 516 мың 075 адамға жеткен.

Сонымен, қоныс аударудың бір жылғы орташа көлемі бірінші кезеңде –1861-1885 жылдары –12 000 адамды құраған, екінші кезеңде – 1885-1905 жылдары – 6 есе өсіп, 76 000 адамға жеткен, ал соңғы кезеңдегі бесжылдықта – 1906-1910 жылдары – бір жылда орташа есппен қоныс аударушылардың саны 500 000 адамға жеткен [5, 2].

Осы қоныс аударуды зерттеушілердің бірі дағдарыс жылда-рында орыс халқының шығысқа жаппай қоныс аударуына жер-дің табыла қалғанына қуанып, «дер кезінде» «өмір клапанының ашылуы ауыртпалық пен апаттың бетін қайтарды» дейді [5, 2].

Ал бір халыққа жеңілдік әкелген құбылыс қазақ халқына, оның ішінде біз қарастырып отырған ауданда қандай ауыртпалық әкеліп іске асқанын келесі құжаттар дәлелдейді

1891 жылғы мамыр-қазан айлары аралығында жазылған мұрағаттың «Ақмола уезінде бұрын бөлініп қойылған учаскелері көрсетілген Далалық генерал-губернатордың 1887 жылғы нұсқауымен Уақытша Жер ісі бойынша Комиссияның Ақмола уезіндегі отырықшы қоныстарға жоспарлаған учаскелердің ведомосы» атты құжатында қай жерде, қашан, қоныстанушыларға арналған қандай учаскелер ашылғанын мәлімдейді [6, 28-30 п.]:

Участоктің аты және қысқаша сипаты

саны

Ревизиялық жан басы

Десятина өлшемімен өңдеуге қолайлы жер көлемі

1

2

3

1. Ақмола уезі, Нұра болысы:

№ 1 участок - Ақмола қаласынан 30 шақырым жерде, Нұра өзенінің оң жағасында Қызылжар деген мекенде, бұрынғы Ақтау бекеті жолынан 5 шақырым қашықтықта 11 шаңырақтан тұратын қыстауды участокке бөліп қоюға жоспарланған

50

1500

№ 2 участок – Бұрынғы Ақсеңгір бекеті жанында, сол Ақтау жолы бойында, Нұра өзенінің оң жағалауында участок арқылы Тәшкент керуен жолы өтеді; Ақмола қаласынан 38 шақырым және № 1 участоктен 15 шақырым жерде 14 шаңырақтан тұратын қыстаудың жартысы участокке бөліп қоюға жоспарланған

100

300

Нұра болысындағы 2 участок бойынша барлығы

150

4500

Қара ағаш болысы:

№ 3 Бұрынғы Көбетей бекеті жанында, сол Ақтау жолында, Нұраның оң жағалауында Жарлықарасу мекенінде; участокке жақын жерден Тәшкент керуен жолы өтеді; Ақмола қаласынан 78 шақырым және № 2 участоктен 40 шақырым қашықтықтағы 12 шаңырақтан тұратын қыстауды участокке бөліп қоюға жоспарланған

50

1500

№ 4 участок - Құндызды өзенінің Нұра өзеніне құятын тұсында, Нұраның оң жағалауында, жақын жерден Тәшкент керуен жолы өтетін бұрынғы Ақтау бекеті жолында; Ақмола қаласынан 100 шақырым және № 3 участоктен 22 шақырымда участокке 9 шаңырақтан тұратын қыстақ кіріп тұр, сонда Құндызды өзенінде су диірмені орнатуға ыңғайлы

50

1500

№ 5 участок – Бұрынғы Нұра бекетінде, сол Ақтау жолында, Нұраның оң жағасында Ақмоладан 117 шақырымда, № 4 участоктен 17 шақырымда, жақын жерден Тәшкент керуен жолы өтетін участокке 5 шаңырақтан тұратын қыстау кіріп тұр

40

1200

№ 6 участок – Бұрынғы Тіленшат бекетінде, сол Ақтау жолында керуен жолымен түйісетін жерде, Нұраның оң жағалауында Ақмоладан 150 шақырымда, № 5 участоктен 33 шақырымда участокке 2 қазақтың қыстауы кіріп тұр.

40

1200

№ 7 участок – Нұраның оң жағалауында, Спасск болысынымен шекарада, Бұрынғы Тіленшат бекетінен 25 шақырымда, Актау мен Тәшкент керуен жолынан 25 шақырымда, Спасск мыс қорыту зауытынан 90 шақырымда және Ақмола қаласынан 180 шақырымда участокке 6 шаңырақтан тұратын қыстау кіреді

100

3000

Қара ағаш болысының 5 участогінде барлығы

280

8400

Барлығы 7 участокте

430

12900

Бұл деректен біз қоныстанушыларға ең алғаш қай жерлерден участоктер дайындалғанын анықтадық. Ендігі құжат «Ақмола және Семей облысындағы селениелер мен ауылдардағы крестьяндар ауласы мен қазақтардың шаңырақ саны туралы мәліметтер” деп аталады. Бұл құжат 1888 жылдың қаңтар-шілде айларында жазылған [7, 14-17 п.]. Осы дерек бойынша 1888 жылдың 1 қаңтарында Ақмола уезінің 19 болысындағы 132 ауылда 25870 шаңырақ бар екен, ал крестьян селениесі бар-жоғы біреу-ақ. Ондағы үй саны да төртеу-ақ (ағаштан салынған).

Бірақ бұл жағдайдың күрт өзгергенін 10 жылдан кейінгі ке-лесі құжаттардан көруге болады: «Ақмола облысындағы кресть-ян тұрғындардың 1898 жылғы саны туралы мәлімет» [8, 98 п.]

Ақмола уезі - 7758-7118=14876 Алексеев болысы – 971-856=1827

селениелер

ер

әйел

Алексеев

244

226

Рыбин

254

205

Никольск

320

284

Куучеку/Канкрин

153

143

Семенов болысы – 1900-1797=2697

Семенов

976

933

Джемалиев

390

315

Покров

219

216

Максимов

315

333

Ново-черкас болысы– 1276-1194=2470

Ново-черкас

523

500

Петров

171

157

Астрахан

290

265

Таволжан

292

Рождественск болысы – 851-776=1627

Рождественск

292

251

Преображенск

132

124

Романов

447

401

Чернигов болысы846-673=1519

Чернигов

508

382

Киев

338

291

Михайлов болысы1122-1053=2173

Михайлов

281

253

Александров

151

175

Николаев

690

625

Приречный

-

-

Ксеньев

-

-

Ново-георгий болысы– 792-767=1559

Ново-георгий

491

483

Ольгин

128

102

Константин

173

182

«Ақмола облысындағы қазақтардың 1898 жылғы саны туралы мәлімет» [9, 99 п.]

Болыстық атауы

ер

әйел

1

2

3

Ақмола уезі

Ақмола

4277

3555

Есіл

4971

4410

Моншақты

3418

2967

Қызылтопырақ

4882

4644

Қоржынкөл

5948

5428

Ереймен

4425

3538

Нұра

7088

6392

Шерубай-Нұра

6463

5335

Спасск

4872

4227

Қоңыр-Құлжа

2431

2047

Қорғалжын

2737

2373

Сары өзен

3252

2682

Караағаш

2786

2358

Жыланды

3284

2956

Ақтау

3358

2802

Ортау

2467

2135

Нелді

3244

2811

Атасу

3253

2914

Сораң

3186

2364

Мұнғлы

5690

4876

Шу

5119

3783

87151

74597

Барлығы  161 748

Айналдырған он жыл (1888-1898) ішінде келімсектер саны Ақмола уезінде 1 селениедегі 4 үйдегі (жобамен) 20-30 адамнан (қаладағыларды қоспағанда) 14876 адамға, яғни, 500 еседей көбейген. Ал қазақтар жобамен (25870 х 5 =) 129350 адамнан 161748 адамға, яғни жобамен 0,4 еседей ғана өскен.

Жоғарыдағы деректен 7 болыстың 25 селениесінен біз қарастырып отырған ауданаумағында пайда болғаны тек Чернигов пен Киев поселкелері ғана (1519 адам).

1901 жылдың тамыз-қараша айларында жазылған келесі бір құжатта («Жан басына шаққан бос жер үлестері бар селение мен қоныстандыру учаскелердің тізімі») 1901 жылы жазда Ақмола уезінде жаңадан ашылып, дайындалып қойған учаскелер жөнінде мәлімет береді [10, 5 п.]:

1.  Оксановта, Қалғұтан өзені бойында – 354 жанға

2.  Шолақ қарасу жанындағы участок – 580 жанға

3.  Талды кең сайының жанында – 100 жанға

4.  Қырық құдықта – 548 жанға

5.  Языковте – 188 жанға

6.  Степок учаскесіне кесілген (қосылған) жерде – 98 жанға

7.  Никольскде – 62 жанға

8.  Ключте – 519 жанға

9.  Алексеевте – 251 жанға

10.  Нұра бойындағы Захаров учаскесінде – 413 жанға

11.  Ботағара учаскесінде – 1043 жанға

12.  Петров учаскесінде – 411 жанға

13.  Сергиев учаскесінде – 228 жанға

14.  Пограничныйда – 126 жанға

15.  Еланенск участогіне кесілген (қос.) жерде – 100 жанға

16.  Хутарок учаскесінде - 103 жанға

17.  Шортанды өзені бойындағы 8 хут. учаскеде 24 жанға

БарлығыАқмолауезіндебіржылғыжазда 17 жаңаучаскеде 5148 жанғажерүлесідайындалыпқойған.

1903 жылғы (14 май)мұрағат құжатында «Ақмола уезіндегі қалалар мен селениелер туралы мәліметтер» [11, 20қп.] берілген.

Онда Акмола уезінде 1 қала Ақмола, жанындағы казактардың станицасымен, 9 крестьян болысы, онда 47 қоныстандырылған селение, 9 қоныстандырылмаған участок және бұлардан бөлек «Ботағара» мекенінде өз алдына жеке селение «Санниково» бар. Қазақ болыстары барлығы 26, онда 201 аул және 31590 шаңырақ тіркелген.

Бес жылдағы өзгеріс – 5 жылдың ішінде жаңадан 2 коныстанушылар болысы, 23 селение ашылған. Ал қазақтарда 19 болыстың орнына 26 болыс боп көбейген. Шаңырақ саны азаймаса, көбеймеген (161748:5=32349).

Егер орыс селениелерінің 23-ке көбеюі жаңадан келген қоныстанушылардың есебінен болса, қазақ болыстарының көбеюі сан жағынан көбеюден емес, керісінше – тар болыстың шеңберінде еркін малын жая алмай, жер үшін туып жатқан қып-қызыл даудан мезі болып, өз ішінен бүлініп, бірінен бірі бөлініп кетуге тырысудан туған құбылыс. Болыстардың бөлінуге талпынып, губернаторға шағымданған арыздарымұрағат құжаттарында 1880-ші жылдардың аяғы мен 1890 жылдардың басынан жаппай етек алған. Көріп отырғанымыздай, бір жағынан қоныстанушылар ағылып келіп қазақтың ен даласын еркін жайлап жатыр, ал жер иесі қазақ «шектеп қойған шеңберден» шыға алмай, өз ішіндегі туындаған қиыншылықтар-дан басын көтере алмай қалған. Бұл үрдіс неғұрлым созылған сайын қазақтың кеңістігі мен тынысы тарылып, жаз жайлауға шықса - құнарлы қысқы қонысынан айырылып, қыстауында үйелеп қалса -кең тынысты жайлауынан айырылып, «былай жүрсе өгіз өледі, былай жүрсе арба сынадының» керінде қалған. Бұл жердің бәріне бірдей «күй талғап, жер таңдап» жүріп қоныстанушылар ие болып қала берген.

Жоғарғыдағы деректе уездегі халық саны да берілген:

Уездегі тұрғындардың жалпы саны - 214766, оның ішінде қалада - 7398, станицада - 1713, крестьян селениелерінде - 29189 және қазақ болыстарында – 176466 [11, 20 қп].

Мұндағы өзгеріс 5 жылдың ішінде крестьян селениелерін-дегі қоныстанушылар 14876 дан 29189-ға, яғни 196 %-ке екі есе-дей көбейген, ал қазақтар 109 %-ке ғана, 0,1 еседей ғана өскен.

Жер көлеміне келетін болсақ Ақмола уезі 200000 шаршы шақырым кеңістікті алып жатыр; Крестьян селениелеріндегі өң-деуге қолайлы жер көлемі - 521960 десятина, қолайсызы - 87859; Ал қазақ болыстарындағы жер көлемі анықталмаған [11, 20қп].

Осы құжатта Крестьян бастығының Ақмола уезіндегі 3-інші участок жағдайы туралы баяндамасы беріліп, онда келесі мәліметтер көрсетілген [11, 23п]:

 І. Отырықшы тұрғындар

р.б

Селение мен қоныс аудару учаскелерінің аты

Участок қанша ер адамға жоспарланып құрылған

Жан басына шаққандағы жер үлесі

Қоныстандырылған үй шаруашылықтары

Малдың саны

Қоныстандыруды күтіп отырған, өз бетімен келген қоныс аударушылар

қоныс ауда-рушылар ие-леніп алғаны

Бос жатқаны

Селениеде тұратында-ры

Селениеде жоғы

Жылқы

Өгіз

Сиыр

Ұсақ мүйізді мал

Қой

Семья саны

Ерлер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1

Рождественск

247

246

1

74

14

255

20

212

89

192

7

15

2

Романов

393

393

-

98

51

338

1

219

139

104

18

50

3

Преображенск

135

134

1

38

19

18

175

85

111

40

-

-

4

Чернигов

499

499

-

161

9

67

567

319

284

4

-

-

5

Киев

400

376

24

127

2

45

266

202

263

64

1

2

6

Иванов

209

84

125

13

7

5

46

20

29

-

-

-

Қоныс аудару учаскелері

7

Пушкин

609

-

609

-

-

-

-

-

-

-

-

-

8

Захаров

410

-

410

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Барлығы

2902

1732

1170

511

102

728

1085

1057

915

404

26

67

ІІ. Көшпелі тұрғындар

№ р.б.

Болыс атаулары

Шаңырақ саны

Көшпе лілер ауыл саны

Тұғындар саны

Мал саны

ер

әйел

түйе

жылқы

ірі қара

қой

1

Сарыөзен

1149

9

3759

3038

2176

7615

3257

17981

2

Қорғалжың

1000

7

2965

2436

620

10625

4531

11820

3

Көң-қорғалжың

845

7

2722

2232

825

11140

2835

12376

4

Қараағаш

970

7

2946

2493

2130

10829

5571

22394

5

Жыланды

1324

9

3500

3113

534

3242

3145

3175

6

Нұра

1570

11

4347

3885

278

5558

5430

10586

7

Аққұм-Нұра

1024

8

2898

2592

43

8470

8406

11707

Барлығы

7882

58

23137

19789

6606

57479

33175

90039

Қоныс аудару учаскелерін ашу барысында қазақтан  шырылдатып тұрып жерлерін қалай тартып алғанын келесі құжаттар («Дошай және Хансүйегі қоныс аудару учаскесін құру жөнінде» 12 сәуір 1907 жыл) [12, 6-7 қп.] дәлелдейді:

Дерек хаттамада былай баяндалады:

Тыңдалды: Ақмола уезі, Спасск болысының тұрғындары Тұяқ Өмірзақ пен Бөкентай Қойжұрақовтың 70 шаңырақ иесінің атынан Ақмола уақытша комиссиясының 1905 жылғы 12 тамызда қабылдаған тұғырнамасына нарзылық білдіріп, жасаған арызының мазмұны мынадай:

1. Дошай және Хансүйегі қоныс аудару учаскесін құру барысында қазақтардан, ғасырлар бойы өмір сүріп отырған жерлерін, егістігі мен шабындығын тартып алынған. Бұл жер иесі 16 емес, 70 шаңырақ иесі, өйткені учаскеге бөлінген жерлердің ішіне олардың барлығының жері кіріп кеткен. Ал жер иелеріне қалғаны - тек үйдің қабырғасы мен одан біршене метр жердегі учаскенің шекарасындағы жер ғана;

2. Комиссия 16 қыстақты жойып, оның иелеріне, құнарсыз, тиімсіз жерлерді бөлуді бұйырған. Ал мұны іске асырушы қызметкер қазақтарды «мүлде жерсіз қалдырам» деп қорқытумен оларды келісуге мәжбүр еткен;

3. Дошай және Хансүйегі қоныс аудару учаскесіне бөлінген жерде аса құрмет тұтып, әруағына сиынатын бабаларының (Дошай және Хансүйегі) молалары қалған.

Қазақтардың бұл арызын комиссия талқылап, әр түрлі сылтаулармен істі қарауды аяқсыз қалдырсын деген шешім қабылдаған.

Екінші құжаттың («Ақмола уезі, Ерейментау болысының Қаратас өзені бойындағы Шолақ қайың, Күлден қарасу, Өлеңті мекендерінде қоныс аудару участоктерін құру туралы» 22 сәуір 1903 жыл) 3-4-ші беттерінде Захаров учаскесінің 1901 жылы 11 қырқүйекте Тілен жартас мекенінде құрылғаны жөнінде айта келіп, «аталған участоктер қазақтардың тамаша көш жолдары өтетін жерде құрылған. Ол жолдар крестьяндардың да еркін өтуіне қызмет етеді» дейді.

Осы құжаттың 7 бетінде Щербинаның қазақтарға жаны ашып, оларға бөлінетін жер нормасын ұлғайтып бергеніне наразылығын білдіріп, межалық комиссия өкілдері: «Түсінікті ғой, белгілі бір аудандағы қазақтар өмірін қамтамассыз ету үшін неғұрлым үлкен нормалы жерге мұқтаж болса, соғұрлым сол ауданда қоныстанушыларға бөлінетін жер аз қалады. Ақмола уезінде учаскелер ашу барысында бұрынғы нормамен артық жерді анықтауда қазақтардың қаншалықты зардап шегіп қалғанын есепке алуға ешқандай мүмкіндік жоқ. Жаңа жоғары норма бойынша бөлініп қойылған жерлерді қайта бөлудің, әрине, ешқандай қажеттілігі жоқ» дейді чиновник [12, 8 қп,9 п.]. Қазаққа жерін дұрыстап қайта бөліп берудің қажеттілігі жоқтығын чиновник дәлелдегенде адамның өмірі емес, өздерінің жұмсалып қойған еңбектерімен, ақшасымен, өтіп кеткен уақытымен өлшейді. «Күл болмасаң, бүл бол», кешігіп қалдың, сендер үшін ешкім де мұны іске асыру үшін қайта еңбек те, ақша да, уақыт та бөлмейтіннің керіне келтіреді.

Тура осылай Чернигов поселкесіне қазақтың жерлерін тартып алғанда, олардың шағымдарын аяқсыз қалдырып, артынан олардың жойып жіберген қыстауларының шығынын өтегенде осы істі атқарушы чиновник сарапшы ретінде жанына сол жерді алуға мүдделі мұжықты ертіп алып, ол қаншаға бағаласа, сонша ғана құнын төлеп, қазақтың аузын бір емес, еселеп ұрады. Өзі ие болайын деп тұрған жерге «артық құн» төлеп мұжықтың басының іскені бар ма. Артынан тексере келгенде чиновник пен мұжық қазақ дүниесінің құнын бес еседей төмендетіп жіберген. Бірақ мұны да қазақ қайтарып алып, жарытқан-жарытпағаны белгісіз [12, 20-22 қп.]. Мұндай жағдай бар жерде бірдей осылай етек алып, чиновник те, мұжық та жүгенсіз кетіп, қазақты қалай алдаймын десе де, мазақ қып, зорлықпен алам десе, ойына келгенін еш кедергісіз іске асырып отырған.

Кейінгі жылдарда қай селение, поселектерге қанша келімсектердің келіп қоныстанғанын төмендегі құжаттардан көруге болады .

Елді мекен атауларының жаппай өзгертілуі.

Қоныстанушылар алғаш келіп қоныстана бастағанда участоктер жергілікті жердің атымен аталған. Кейін жиналыс ашып, келімсектер өз атауларын қойып, өзгертіп отырған.

Төмендегі 1914 жылғы мұрағат құжатында Ақмола уезіндегі болыстар бойынша селениелердің тізімі, құрылған жылы және участоктың бұрынғы атауы көрсетілген [13, 63-89 п.]:

Селениелер аты

Участоктың аты

Құрылған жылы

Участоктың

Селолық қауымның

1

2

3

4

2 участок. Захар болысы

Захаровское (Нұра)

Захаровский

1901

1909

Баронское (Пушкин)

Балшық мола

1898

1909

Горное

Жұтшы көл

1907

1910

Завьяловское

Құм көл

1907

Плаховское

Әйнек

1909

Самарское

Дальники

1905

Бородинское

Қос қопа

1910

1913

2 участок. Чернигов болысы

Черниговское

Көбетей

1897

1897

Батуринское

Қолаң

1908

1909

Богучар

Шұңқыр көл

1907

1910

Ефремовское

Талды сай №2

1908

Ивановское

Ивановский

1899

1900

Киевское

Құндызды

1903

1903

Морозовское

Үзбай өзек

1908

1908

Ново-Одесское

Құндызды

Скоболевское

Сұңқар

1909

2 участок. Нұрбай болысы

Нурбаевск

Май балық

1910

1913

Бекетайск

Үлкен бидаиық

1912

1913

2 участок. Рождественск болысы

Рождественское

Қызыл жар

1896

1896

Майоровское

Талды сай №2

1908

1909?

Романовское

Ақсеңгір

1895

1896

Преображенское

Жарқияқ

1897

1897

4 участок.Ново-георгиевск болысы

Ново-георгиевское

Қаражал

1896

196

Белоярское

Ақ жар

1905

1908

Верхне-Ишимское

Жаман Нияз

1910

1913

Еременское

Ереймен

1910

Канитаевское?

Қарғалы

1901

Каратальское

Қаратал

1902

1908

Константиновское

Кенетай

1896

1896

Ольгинское

Жыланды

1896

1896

Пятигорское

Бесмола

1906

1909

Сусановское

4 участок. Вишневск болысы

Вишневское

Вишневский

1901

1904

Вознесенское

Айдарлы

1908

Донецкое

Красно-Павловское

Анар көл

1905

1908

Осокаровка

Бүйрек тал

1908

Раздольное

Шеткі бұлақ

1906

1910

Тихогорское

Ертанды?

1908

Тургеневское

Тургеневское

1899

1901

Гурдово

1

2

3

4

Рузское

Тас өткел №1

1912

1915

Баранниковское

Тас өткел №2

1912

1915

5 участок. Покорная болысы

Покорная (Лифляндское)

Шоқай

1903

1904

Андронниковское

Ошағанды

1906

1909

Волково

Ақылбек

1910

1913

Кондратовское

Жуан төбе

1908

1908

Красный кут

Орта Ошағанды

1908

Крестовское

Қожыр

1906

1909

Кронировское

Шөпты көл?

1907?

1909?

Молодецкое

Шөпты көл

1907

1909

Крюково (Ново-кронштатское)

Ақпан

1908

1915

Саратовское

Шақпақ

1906

1909

Перятинское

Арықты көл

1909

1913

Самаркандское

Жауыр Брод?

1903

1909

Ростовское

Теке қара өзек

1907

1909

5 участок Астаховск болысы

Астаховское

Баймырза

1903

1907

Водянниковское

Узловой

1906

1909

Ново-Московское

Жыланды

1905

1909

 Русская Ивановка

(Акшанчатское)

Жартас

1906

109

Сергиопольское

Дошай

1905

109

Токаревское

Хан сүйегі

1905

1909

5 участок. Санников болысы

Санниковское

Ботағара

1901

1905

Веселое

Петровский

1901

1905

Михайловское

Шолақ қарасу

1903

1904

Ново-Песчанское

Байбура?

1909

Переялславское

Теректы

1903

1909

Сенакосное

Сенокосный

1905

1909

1915 жылғымұрағат құжатында Ақмола уезіндегі ашылған учаскелердегі селениелер мен бол-ыстардың құрылған жылы, қоныстанушылардың қайдан келгені және саны көрсетілген [14, 21 п.].

Ақмола уезіндегі крестьян болыстарының 2-ші учаскесі бойынша

1915 жылдың статистикалық мәліметтері

Болыстың және селе-ниелердің құрылған жылы

Болыстың

аты

Қоныстану-шылардың шығу тегі

ер

әйел

Барлығы

1

2

3

4

5

6

1898

Чернигов болысы

Малоросс

2746

2694

5440

1900

Иванов

Малоросс

157

159

316

1900

Богучар

Малоросс

170

132

302

1908

Морозов

Малоросс

61

80

141

1909

Батурин

Малоросс

266

219

485

1910

Ново-Одесск

Малоросс

129

128

257

1898

Киев

Малоросс

622

623

1245

1908

Скоболев

Малоросс

190

176

366

1909

Ефремов

Малоросс

478

469

947

1896

Чернигов

Малоросс

655

693

1348

1907

Захаров болысы

Малоросс

1729

1527

3256

Немістер

400

450

850

XIX-XX ғасырдың басындағы Нұра өңірінің елді мекен, жер-су  тауларының  тарихи,  тілдік, әкімшілік-аумақтық анықтамасы және сұлбалық картадағы координаты. Нұра өңірінің XIX-XX ғасырдың басындағы елді мекен, жер-су атауларының тарихи-этнографиялық, географиялық, экономикалық тұрғыдан жаппай зерттелуі отарлаушы үкіметтің жерге мұқтаждығынан туындағаны алдыңғы беттерде баяндалды. Осы, Ф.А.Щербина басшылығымен жүргізілген зерттеулер алдына қонысаударушыларға қазақ жерінен жер бөліктерін кесіп алып берудің нормасын анықтау міндеті қойылды. Осы зерттеу барысында Нұра өңірін жайлаған қазақ руларының құрамы, отарлық әкімшілік құрылымдағы орны, қысқы тұрақты мекені мен маусымдық көші-қонысы анықталып, қорытынды басылымдарда жиналған материалдар мәтін, кесте, сұлбалық карта күйінде жарияланды [15]. Бірақ, бұл экспедиция материалдарының соңғы кезге шейін кең пайдаланылмай келген себебі - әр текті деректерді бірін–бірімен байланыстырып, қарастырып отырған мәселеге қатысты материалды іріктеп алып шығудың өзі оның жүйесін түсіну мақсатында арнайы ізденісті талап ететіндігінде еді.

Сондықтан, алдыңғы библиографиялық, мұрағаттық, далалық экспедиция материалдарының негізінде жасалған тарихи негіздемеге сүйене отырып, Щербина экспедициясы материалдарын оқырманның түсінікті түрде қабылдауына ыңғайлап, топонимнің паспорты жасалып, одна атаудың:

       

- орналасу нүктесін сол кездің уездік әкімшілік орталығы Ақмоланың қай бағытында, қанша қашықтықта орналасқанын арнайы жасалған сұлбалық картада көрсетіп,

- этимологиялық анықтамасын беріп,

- уезд орталығы мен ең жақын отырықшы елдімекеннен ара-қашықтығын көрсетіп,

- сол жерді мекендеген ауыл қауымдастықтарының қысқаша шығу тегі тарихы, құрамы, жерді пайдалануда қалыптасқан ерекшеліктері, ортақ жайлау, күзеулерінің орны, атауларын анықтап,

- сол кездің әкімшілік құрылымындағы орны (уезд, болыс, әкімшілік ауыл, ауыл, қыстақ иесі, оның руы, қыстаққа қоныстанған уақыты, су көзі) мен экспедициялық зерттеудің қай ауданына жатқаны (сұлбалық картада рим цифрімен белгіленген зерттеу ауданы және араб цифрімен белгіленген зерттелген ауыл тобы) туралы нақты дерек іріктеліп,

- бәр материал жинақталып, қазақшаға аударылып, бір жүйеде берілді.

Топоним координатының кеңістіктегі бейнесі мен оған қатысты деректің жүйелі бір мәтінде орналасуы оқырман қауымға көзбен көріп, көңілге тоқып, өздігінше ізденіс жасап, елді мекен, жер-су  атауларының  тарихи,  тілдік, әкімшілік-аумақтық анықтамасы мен сұлбалық картадағы координаты жөніндегі ой-пікірін түюіндеуге кең мүмкіндік жасайды.

Жергілікті жердегі осындай ізденістердің нәтижесі бұқаралық ақпарат құралдарында жеке танымдық мақалалар  немесе хабарламалар түрінде жарияланып отырса қолға алған іс тезірек алға басар еді.

Қалыптасқан жағдайда ғалымдар тарапынан жасалатын ізденістер аясында қамтылатын аудан аумағы мен ғылыми жобаның орындалуына бөлінетін шектелген 1 жылдық уақыт мерзімі ішінде алға қойған міндетті жергілікті тұрғындар тарапынан жасалатын ізденістер нәтижесімен ұштастырып отырмай іске асыру мүмкін еместігін көрсетті.

Ал, қаражаттың тапшылығына, уақыттың шектілігіне қарап атқаратын міндетіміздің аясын шамамызға шақтап кемітіп, мәселемізді пендешілік тұрғыдан шешіп алу қиын болмағанымен атаулар тарихынан еміс-еміс болса да хабары бар соңғы ұрпақтар мен атаудың даладағы соңғы белгілері бізді тосып отырмайтыны белгілі жағдай.

Бір ғасыр бұрын хатқа түскен мыңдаған атаулардың қазіргі кезде қаншасы сол қалпында сақталды, қаншасы қандай жаңа атаулармен алмастырылды, қаншасының табиғи белгілері сақталып, қаншасы құмдағы іздей ғайып болып кетті – мұның бәрі дәл қазір ғалымдардың басшылығымен жаппай халықтық ізденістің барысында анықталмаса бір-екі ұрпақтан кейін қанша қаражат бөліп, қанша күш жұмсасақ та, бұл іске аспайтын қиялға айналады.

Сұлбалық картада атаудың координатын бейнелеп, оған қатысты әзірге анықталған бәр деректі жариялап отырғандағы мақсат – оқырманға халықтық іске атсалысып, ғалымдармен, ұйымдастырушы ел басшыларымен иықтіресе отырып, төл атауларымызды қайта жаңғырту жолындағы ізденіске кірісудің уақыты келгенін құлаққағыс ету.

Жер атауы тек «тарихтың хаты» ғана емес, сонымен бірге оған «иеліктің құқығы» екеніне өмір шындығы күн өткен сайын көзімізді жеткізіп келеді ...

ЖАКИН Мәулен Советұлы

Қараганды қ, тел: 8 7212 400617 (үй); 8 702 3810917 (ұялы);

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,

Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасы доценті,

тарих ғылымдарының кандидаты, «Этномәдени және тарихи

антропологиялық зерттеулер Орталығының» Аға ғылыми қызметкері.


Дерек көздері мен әдебиеттер

1. ҚР ОММ. Қ-374. Т-1. І-196.

2. ҚР ОММ. Қ-374. Т-1. І-911.

3. ҚР ОММ. Қ-744. Т-1. І-48.

4. ҚР ОММ. Қ-369. Т-1. І-2021.

5. Переселение и землеустройствуо за Уралом в 1906-1910 гг.–СПб,1911.

6. ҚР ОММ. Қ-501. Т-2. І-120а.

7. ҚР ОММ. Қ-501. Т-2. І-117.

8. ҚР ОММ. Қ-369. Т-1. І-465.

9. ҚР ОММ. Қ-369. Т-1. І-465.

10. ҚР ОММ. Қ-369. Т-1. І-8691.

11. ҚР ОММ. Қ-369. Т-1. І-847.

12. ҚР ОММ. Қ-369. Т-1. І-351.

13. ҚР ОММ. Қ-393. Т-1. І-124.

14. ҚР ОММ. Қ-393. Т-1. І-140.

15. Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных

  областей. Акмолинская область. Т.3. Акмолинский уезд. – Ч.1. СПб-1907.