Қаңлылардың шаруашылығы, саудасы мен қолөнері
26.07.2013 6448
Қаңлы мемлекетінің жері табиғи-климаттық және ландшафтық-географиялық көрсеткіштері жөнінен мейлінше алуан түрлі болған. Қаңлылардың шаруашылығы, саудасы мен қолөнерін географиялық орта анықтады.

Басы өткен санда: Қаңлы мемлекеті 

Шаруашылығы

Қаңлы мемлекеті алып жатқан жер табиғи-климаттық және ландшафтық-географиялық көрсеткіштері жөнінен мейлінше алуан түрлі болған. Мұнда тау аңғарларындагы құнарлы тау беткейлері, өзендердің анғарлары, кең-байтақ дала кеңістіктері, шөлейттер мен шөлдер де бар еді. Нақты шағын аймақтардың әрқайсысындағы тұрғындардың шаруашылық қызметінің негізгі бағытын да географиялық орта анықтады. Оның үстіне түрлі аудандар адамның игеру дәрежесімен, шаруашылық қызметке тартылуымен, шаруашылықтың белгілі бір түрінің даму дәрежесімен ерекшеленді.  ХорезмдеАрал  өңірінде, Зеравшан аңғарында, Ташкент алқабында ертедегі және алдыңғы антик дәуірінде отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптасқан. Көшпелі (жартылай көшпелі) мал шаруашылығы мен суармалы егіншілікпен айналысқан тұрғындар мемлекеттік құрылым шеңберінде жарасымды біріктірілді. Бұл орайда сол шаруашылық бағыттарының өкілдері этникалық жағынан туыс еді, олардың мәдени тамырлары бір болатын. Бұл қоныстар тұрғындарының шаруашылық қызметі қарапайым суландыру негізіндегі егіншілік болды. Бірақ біздің заманымыздағы алғашқы ғасырлардың өзінде-ақ, мысалы, Шыршық өзенінің оң жағалауында ірі Зах каналы (20 шақырым) қазылды, ал сол жағалауында Ханарық каналы тартылды. Жетіасар алқабында тұракты емес, тасыған өзендерді, су жайылған тоғандарды, көп еңбек жұмсау керек етілмейтін шағын суландыру жүйелерін пайдаланып, көлдете жайып суару түрі басым болды31. Көк-Мардан алқабындағы суландыру жүйесін қосымша зерттеу Арыстың ескі арналарында топырақ үйіп бөгелген тоғандар мен бөгет салынған тармақтары суландыру үшін пайдаланылғанын көрсетті, олардан егістіктер мен бақшаларға су ағатын арықтар тартылған. Жергілікті жерді зерттегенде және ескерткіштер мен олардың төңіректерінің аэрофото суреттерін ажыратқыш қарағанда арықтардың іздері, плотиналар мен бөгеттердің қалдықтары аңғарылды. Қаңлылардың қазылған қоныстары мен ертедегі қала орталықтарының бәрінен дәнді дақылдардың (арпа, тары, бидай) қалдыктары, бақша дақылдары (қауын, қарбыз) мен жемістердің (алма, жүзім, өрік және басқалары) дән- сүйектері табылды.

Оқи отырыңыз: Қаңлы ғұламалары

Тұрғын үйлер жанындағы зат сақтайтын жайлардан қор сақтауға арналған үлкен қыш көзелер мен ыдыстар табылды, еденнен ұра-шұңқырлар қазылған. Мәдени қабатта, тұрғын үйлердің қираған жұртында дәнүккіштер, тас диірмендер мен келілер көп. Тұрғын үйлер жанында малды қоршауда ұстауға арналғаны анық орындар кездеседі. Малдың негізгі бөлігі, қоныстан тыс жерде, ұжымдык табында ұсталса керек. [[Қаңлы]лардың қоныстарын қазған кезде үй жануарларының сүйектері көп кездеседі. Олардың ішінде ең көбі қойдың, сиырдың, ешкінің, жылқының сүйектері. Палео- зоологтар елік, таутеке, арқар, киік, марал, қабан сияқты жабайы жануар- лардың сүйектерін де бөліп көрсетеді. Басқасын былай қойғанда, мүйіздерден әр түрлі бұйымдар жасалған. Үйрек, қаз, бірқазан сияқты суда жүзетін құстар ауланған. Балық аулау дамыған, оны балық сүйектері мен қабыршақтарынын табьшуы дәлелдейді. Балықты сүңгімен түйреп, басқа да әр түрлі құралдармен аулаған. Тегінде, мемлекеттің билеуші таңдаулы адамдары, кейініректе Орталық Азия тарихында болғанындай, өздерінің ерте замандағы ата-бабаларының көшпелі тұрмыс дәстүрін, идеологиясын, тарихи аңыздарын сақтап қалса керек. Осыған байланысты Қытай хроникаларының қаңлы билеушілерінін жазғы және кысқы ордаларының әр жерде орналасқанын, олардың бір-бірінен 900 ли қашықтықта жатқанын хабарлайтындығын еске сала кетейік. Қазақстан аумағындағы көшпелі мал шаруашылығына өте ертеден бастап, қазіргі кезге дейін жайылымдардың маусымдар бойынша бөлінуі тән екенін және көшіп-қону жолдарының меридиан бойынша болатынын ескере келіп, қаңлы қысқы астанасы Сырдария бойындағы аймақта болса, жазғы жайылымы мен билеушінің ордасы алыста жатқан Орталық Қазақстан далаларында болуы мүмкін деп жорамалдау әбден орынды болады.

Сауда

Біздің заманымыздағы II — V ғасырлардағы қаңлылар шаруашылығьшың сипаты туралы жинақталған деректер тұрғындарды барлық қажетті өнімдермен, шикізатпен және қолөнер бұйымдарымен өзін-өзі толық қамтамасыз еткен деп қорытынды жасауға қазірдің өзінде мүмкіндік береді. Ең дамыған аймақтарда ертедегі қалалы орталықтар қалыптасып, колөнер мен сауда орталықтарына айналады. Ішкі базардың дамуын сол кезенде жергілікті теңгелердің тұрақты соғып шығарыла бастауы дәлелдейді. Қазіргі уақытга мамандарға салмағы әр түрлі, иконографиялық дәстүрі тұрақты 1300-ден астам мыс теңгелер мәлім. Негізгі үлгісі — билеушінің портреті қырынан бейнеленген. Иконографиялық нұсқалардьщ өзі де әр түрлі сериялы, бірак оларды таңбалардың бір үлгіде бейнеленуі мен теңгенің сырт жағындағы ертедегі бейнелер біріктіреді36. Мұндай теңгелер табылған негізгі аймақ — Ташкент алқабы. Қаңлы кейіннен енген қаңлылар Юни деген шағын иелігі осында орналасқан. Біздің заманымыздағы III ғасырда қаңлылардың бөлшектенуі салдарынан бұл иелік дербес Шаш иелігі ретінде мәлім. Жоғарыда суреттелген үлгідегі теңгелердің мерзімі дәстүр бойынша біздің заманымыздағы III - IV ғасырлар деп белгіленеді. Алайда қаңлылардың теңгенің неғұрлым ертеректе қолданылғанына дәлелдер бар. В.М. МассонГрек-Бактрия билеушісі Эвкра- тидтің кейіннен қаңлылар теңгелерінің соғылуына ұқсас таңба соғылған күміс теңгесін атап өткен. Бұл теңгенің мерзімі б. з. б. II ғасыр деп белгіленеді және Сырдария аймағы мәдениеттерінің қаңлы тобына жатқызылады37. Ташкент теңгелеріндегі таңбалар сияқты таңба біздің заманымыздағы I ғасырдан бастап Хорезм теңгелерінде кімге тиесілі екендігінің негізгі белгісі ретінде орнықтырылады38. Осы деректер негізінде мамандар Хорезм мен Шашбилеушілерінің қаңлы қалыптасып, ол гүлденген кезенде ғана орнығуы мүмкін болған туыстық байланыстары туралы мәселе қойып отыр39. Сонымен бір мезгілде дерлік қаңлы аумағында қытай теңгелері — У- шу пайда болады. Олар, атап айтқанда, Отырар алқабындағы Мардан қорымынын қабірлерінен табылды40 және алыс жерлермен сауда байланыстары жасалғанын дәлелдейді. Бұл теңгелер Орта Азияға Шығыс Түркістан арқылы келген. Ферганадағы үңгіп қазып жерлеген қабірлерден олар едәуір көп табылды41. Олардың мерзімі б. з. б. II ғасырдан басталады деп белгіленеді. Қабірлерден теңгелердің табылуы, сөз жоқ, тауар-ақша қатынастарының дамығанын дәлелдейді. Соңғы кезенде қаңлыларға қушандар мен сасанилердің күміс, мыс теңгелері келеді. Талас аңғарындағы Шоң-Қаңқа-1 қорымынан осындай екі теңге табылды. Олардың біреуі — сасанилік Хормизд патшаның атынан соғылған күміс теңге де, екіншісі — Кушан билеушісі Васудеваның мыс теңгесі.

Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттер 

Қолөнер

 Қаңлылардің қалалары мен қоныстары жергілікті базарларды не қажеттінің бәрімен қамтамасыз ететін қолөнер орталықтарына айналады. Қоныстар мен қорымдарды қазғанда керамика мейлінше көп табылды. Зерттеушілер шаруашылықта түрлі қажеттерді камтамасыз ететін ыдыстардың ондаған түрін атайды. Металл ыдыспен бірге, керамика ыдыс тамақ дайындау үшін пайдаланылған. Сұйықгы тасу және сақтау үшін тұтқалы құмыралар тұтынылған. Азық-түлік жерге қазып орнатылған үлкен ыдыстар — көзелерде сақталған. Ақырында, әсемдеп жасалған ас ішетін сапты- аяқтар, құмыралар, кеселер де болды. Әдетгегі бұйымдар ішінде зор көркемдік талғаммен істелгендері кездеседі. Мысалы, тұтқасы жануар мүсіні түрінде жасалған қакпақ сондай бұйым. Ол жануардың тұмсығы дөңес, құлақтары тік әрі шұнақ сауыры шөпкөректілерге тән, қысқа құйрығы жоғары қайырылған. Тегі, мүсінде киік бейнеленген болса керек. Бұл кезде керамика дайындау ісіңце қыш үршықшасы әлі таралмаған. Ыдыстар айналып тұратын тұғырда таспалау әдісімен жапсырып жасалған. Безендіру және сапасын жақсарту үшін антобтық қаптама, жылтырату, ойып өрнектеу қолданылған. Күйдіру көбінесе қыш күйдіретін пештерде жүзеге асырылды. Жалпы алғанда, зерттеушілер Сырдариядағы керамика өндірісінің әдеттен тыс қарапайымдылығын, дәстүрлілігін үнемі атап көрсетеді. Қаңлылар заманындағы қорымдар мен қоныстардан алуан түрлі металл бұйымдардың табылуы жергілікті жерде металлургия қолөнерінің дамығанын көрсетеді. Қаңлы үшін металлургия өндірісінің жетекші орталықтары Шаш - Илақ аймағындағы қоныстар мен қалалар болды. Нақ сол кезде осында, тауларда, жергілікті кен негізінде темір және полиметалл өндіру, алтын мен күміс өндеу дамиды. Алдыңғы қалалық ірі металлургия орталықтарының бірі қираған Құлақта қаласының орнындағы қала болған. Оның көлемі 50 гектарга жеткен, метал-лургия өндірісінің іздері айқын сақталған33. Әдетте құрамы бай кеніштерден кен алынды. Олар опырылып, ашық өңірлеу мен аралас топырақты өңдеу жолымен өндірілді, бұл кенді аз бергенімен, оған шығын да аз жұмсалатын еді. Кеңді балқыту, байьтту, тегінде, кеніштерге жақын жерде жүргізілсе керек. Дөңгелек пештер де, төрт бұрышты пештерде пайдаланылған34. Металл бұйымдардың құрамы мен шеберханалардың қалдықтарды ме- таллургияның түрлі салалары — темір ұсталығы, қола құю, зергерлік істің дамығаның дәлдейді. Шеберханалардың өніміне қорғаныс және шабуыл жасау қарулары, ат әбзелдерінің болшектері, ауыл шаруашылық кұралдары, темірден соғылған бұйымдар кірген. Қаңлылардың қабірлерінен әдетте қанжарлар, семсерлер, пышақтар, жебелердің үштары, сауыт табақшалары табылды. Темір тағалар, шегелер, ілмектер, қапсырмалар, түсті металдан істелген бұйымдар — сырғалар, алқалар, білезіктер, айылбастар, инелер, біздер ұшырасады.[1]

Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттер 

Дереккөздер  «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 ISBN 978-601-282-026-37 Толстов С.П. Древний Хорезм. М., 1948, 20-24-6., сондай-ак караңыз: Бартальд В.В. История культурной жизни Туркестана. Л., 1927, 5-7-6. 8 Бернштам А.Н. Проблемы древней истории.., 98-6. 9 Бүл пікірге дәлел ретінде караныз: Кляшторный С.Г. Древне-тюркские руничес¬кие памятники... 10 Агеева Е. И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана. //Труды ИИАЭ, т. 5. А., 1958,8-9-6. ; Литвинский Б.А. Джунский могиль¬ник и некоторые аспекты кангюйсгой проблемы. // СА, 1967, № 2, 29 және келесі беттер

материал kk.wikipedia.org сайтынан алынды