Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған облысымыздағы ғылыми зерттеу, мәдени-ағарту, насихаттау жөніндегі ірі мәдени ошақтың бірі. 1929 жылы жергілікті өлкетанушылардың бастамасымен шаңырақ көтерді.

Бүгінге дейін жинақталған музей қорында 100 мыңға жуық экспонат есепке алынған. Олар - минерология, палеонтология, ботаника, археология, тұрмыс пен этнография, қол өнері мен зергерлік бұйымдар, космонавтика, нумизматика, сирек кітаптар, деректі құжаттар, фотоматериалдар коллекциялары. Зергерлік өнердің өлкемізге ғана тән қайталанбас өзіндік ерекешеліктері бар 29 туындысы Түркияда Анкара, Стамбул қалаларында өткен көрмелерге қойылды.

Музей 1999 жылдан Красноярскідегі «Открытый музей» Халықаралық ассоциациясының, 2003 жылдан «Қазақстан Икомы»-Халықаралық музейлер кеңесінің Қазақстандық қауымдастығының мүшесі.

Біздің музейдің қызметі-тек оның коллекцияларын жинау, сақтау және есепке алумен ғана шектелмейді. Мұнда алуан түрлі экспозициялар мен көрмелер өткізіліп, ғылыми зерттеу экспедиция жұмыстары жүргізіледі. Біз мектептермен, колледждермен, жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас жасаймыз. Бізді жастардың тарихи сана-сезімін қалыптастыру, адамгершілікке, азаматтықа, отансүйгішітікке тәрбиелеу секілді ортақ міндеттер біріктіреді.