Если нация не знает своей истории, если страна теряет свою историю, то после нее они сами могут легко исчезнуть.
Миржакып Дулатов

Қазақстан халқының тарихы

1192
1 мамыр Қазақстанда Қазақстан халқының бірлігі мерекесі тойланады. Бұл күн елде тұрып жатқан түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен келісімді, өзара сыйластық пен толеранттылықты көрсетеді

Көпұлтты мемлекет құрылуының алдында, қайғылы оқиғаларға, сонымен қатар, көмектің, ризашылық пен алғыстың қымбат сәттеріне толы тарих болып өткен. Қайғы-қасірет жылдары халықты шыдамдылыққа, табандылыққа, ең бастысы: басқа адамдарға ашық болуға, керек сәтте көмек қолын соза білуге үйретті. Қазақстан аумағында әр халық пен ұлыстың тарихын бір мақала шеңберінде ашып көру мүмкін емес. Ұлттық мәдениеттердің сан алуандығын бағалап, адамды жеке тұлға ретінде сыйлауымыз керек. Бірақ, елімізде ұлттар тобының қалыптасуына септесетін тарихтың негізгі сәттерін білу керек. Көне дәуірден бастап қазіргі кезге дейін Қазақстан аумағында түрлі тайпалар, халықтар өмір сүрген. Өз иелігіне ең керемет жер үлесін иемденуге ұмтылған қарымды басқыншылар еуразияның кең-байтақ кеңістігі арқылы өткен.  Бұл түрлі халықтардың қанының үнемі алмасып отыруына, бір әлеумет түрінің екіншісімен сіңісіп кетулеріне себепші болды. Этногенетикалық деңгейде қазақтардың андронов тайпаларымен, сақтармен, үйсіндермен, ғұндармен, қаңлылармен, сарматтармен көп ұқсастықтары байқалады. Басқа халықтардың көшіп-қонуының бастамашы болған б.з.д.  II ғ. – б.з. IV ғасырындағы ғұндардың ұлы қоныс аударуы, қазақтардың ұлттық мінез-құлқында да өз ізін қалдырған. Қазіргі Қазақстанның аумағында өмір сүрген түркі тайпалары біртұтас халық құрудың алғышарттарына ие еді.  Мысалы, қимақтар мен қыпшақтар арасында өте жақын байланыс бар.  Бұл осы тайпалардың әлеуметтік құрылысынан, салт-дәстүрінен байқалады. Олар өздері өмір сүрген кездің өн бойында  еш түрлендірместен түркілердің салт-дәстүрлерін жалғастырған. Осылайша, қимақтар мен қыпшақтарда қаза болған жауынгерлерінің басына тастан жасалған мүсін – балбал тас қою дәстүрі болған. Орталық Азияның тайпаларын XII-XIII ғасырда  моңғол билеушісі – Шыңғыс хан біріктіре алды. Моңғол әскерінің әкімшілік құрылысына Түркі қағанатындағы жүйе зор ықпал еткен. Сонымен қатар, Орталық Азияда мекен еткен түркі тайпаларының өкілдері Моңғол империясының негізгі тұрғындары болғанын дереккөздер куәлендіреді. Моңғол шапқыншылықтарында қият, маңғыт, барлас, татар, қоңырат және басқа да ұлыстардың тайпалары қатысқан. Осылайша, этностық алуан түрлілік, генетикалық деңгейдегі сияқты әлеуметтік деңгейде де – қазақтардың қанында. XV ғасырда Қазақ хандығының құрылуымен қазақтар ұлт ретінде бөлек шықты. Қазақ қоғамының әлеуметтік-шаруашылық құрылысында басқа ұлыстармен қырғыздармен, қарақалпақтармен, ноғайлармен, алтайлықтармен, башқұрттармен, тувалықтармен, түркмендермен және басқалармен көп ұқсастығын байқауға болады. Қазіргі уақытта қазақтар Қазақстандағы басқа ұлттар ішінде саны жағынан бірінші орында, алайда, XX ғасырда республиканың байырғы халқының санын әжептәуір қысқартқан қасіретті оқиғалар да болған: 20-30-шы жылдардағы ашаршылық, қуғын-сүргін, дүниежүзілік соғыстар талай мыңдаған адамның өмірін жалмаған. Тоталитарлық тәртіптен тек титулдық ұлт қана емес, сонымен бірге, Қазақстанда жаңа отанын тапқан басқа халықтардың өкілдері де жапа шекті. Бұл туралы келесі мақалада оқыңыздар.  

 

Автор:
Опросы
Как вы оцениваете уровень преподавания истории в школах?