ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ
ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
«Тарих»
ұғымы араб
тілінен
аударғанда –
зерттеу, өткен
оқиғалар
туралы әңгіме
деген мағынаны
білдіреді.
«Тарих» сөзін
жер бетінде ең
алғаш
арабтар мен
гректер қолданған.
Соның ішінде әйгілі
грек
тарихшысы Геродот ежелгі
гректердің өміріндегі
маңызды оқиғаларды
мұқият
зерттеп, тұңғыш
рет тоғыз
кітаптан тұратын
«тарих»
жазып шыққан.
Кейіннен,
кезекті бір
олимпиадалық
ойындарда
Геродот осы еңбегін
көпшілік қауымның
алдында оқып
береді. Оның
зерттеу еңбегінің
жүйелі де
тартымды
жазылғаны
соншалықты, еңбектің
басым бөлігін
көпшілік жұрт
аса бір қызығушылықпен
жаттап алып
елден-елге,
ауыздан-ауызға
кең таратқан
екен.
Осылайша,
тарих туралы
алғашқы
кітапты
жазып, есімі
алдымен грек
еліне,
кейіннен бүкіл
әлемге тараған
Геродот
«тарихтың
атасы»
атанды.
Геродоттан
кейін шығыс әлемінде
тарихтың
атасы деп
танылған тұлға
қытай
тарихшысы –
Сыма Цянь
болып
табылады. Ол
біздің
заманымыздан
бұрынғы 145-86
жылдары өмір
сүріп, қытай
жылнамалары
негізінде 130
тараудан тұратын
«Тарихи
жазбалар»
атты аса құнды
еңбек жазып қалдырды.
Сыма Цянь өз
еңбегінде
ежелгі Қазақстан
жерін
мекендеген үйсін,
қаңлы және ғұн
тайпалары жөнінде
құнды мәліметтер
берген.
Қазақ
тарихында
сонау ерте
заманнан бері
қалыптасып, күні
бүгінге
дейін жеткен
ауызша тарих
айту дәстүрі
– «шежіре»
деп аталған.
«Шежіре»
сөзі – өткен
оқиғаны есте
сақтау,
саналы білім,
рухани қазына
деген мағынаны
білдіреді. Мәселен,
1247-1318 жылдары өмір
сүрген орта ғасырлық
тарихшы
Рашид ад-дин
парсы
тілінде көне
заманнан
бастап орта ғасырдағы
монғол хандықтарына
дейінгі
тарихты
жазып қалдырған.
Бұл еңбегі
«Жами
ат-тауарих»,
яғни
«Жылнамалар
жинағы» деп
аталады. Еңбекте
қазақ өркениетінің
көшбасшылары
Алаша және
Уыз хандар жөнінде
құнды деректер
кездеседі.
Сондай-ақ,
орта ғасырлық
тарихшылардың
ішінде Мұхаммед
Хайдар
Дулатидің
«Тарих-и
Рашиди», Қадырғали
Жалайыридың
«Шежірелер
жинағы» атты
шығармалары
да қазақ
тарихына қатысты
аса құнды мәліметтерді
беретін еңбектер.
Тарих
адамзат қоғамының
өткен өмірін
зерттеп, оны әр
түрлі қырынан
қарастырады.
Сондай-ақ,
тарихтың тек ғылым
үшін ғана
зерттелмей, ең
алдымен
тарихтан тағылым
алу үшін
зерттелетінін
білуіміз
керек. Өйткені
тарихтағы ұлы
ғылыми жаңалықтардың
қалай және қай
жерде ашылғаны,
ата бабаларымыз
бүгінгі күнге
қандай мол
тарихи мұра қалдырғаны
жөніндегі мәселелер
бізді қызықтырары
анық. Ал,
оларды
белгілі бір дәуірлерге
бөліп, жүйелі
түрде бізге
жеткізетін кәсіби
мамандарды –
«тарихшылар»
деп атаймыз.
Тарихи дәуірлерге
байланысты Қазақстан
тарихы
ежелгі, орта ғасырдағы,
жаңа және қазіргі
замандағы Қазақстан
тарихы болып
төрт кезеңге
бөлінеді. Оның
ішінде Қазақстан
тарихының
ежелгі кезеңі
б.з.б 2,6 млн.
жылдан – б.з. VI ғасыр
аралығын қамтыса,
орта ғасырлар
кезеңі б.з. VI ғасырдан
– б.з. ХVIІ ғасыр
аралығын қамтиды.
Ал жаңа заман
кезеңі б.з.
ХVIІІ-ХІХ ғасырларды,
қазіргі
заман ХХ ғасырдың
басынан бүгінгі
күнге
дейінгі
аралықты қамтиды.
Әрбір кезеңнің
бір-бірінен
айырмашылығы
мен өзіндік
ерекшеліктері
бар.
Тарихқа
кіріспе
барысында ең
алдымен бүкіл
адамзат
баласының
жер
бетіндегі
бастан
кешірген оқиғаларын
баяндайтын әлем
тарихына көз
жүгіртеміз. Өйткені,
әрбір елдің
жеке тарихы әлем
тарихының құрамдас
бір бөлігі
екенін ұмытпауымыз
керек.
Тарихты білу
ең алдымен өзіңнің
туып өскен
еліңді, ұлтың
мен жұртыңды
танудан
басталады.
Осыған орай, Қазақстан
тарихы қазақ
халқының,
сондай-ақ қазақ
жерін
мекендеген
басқа да халықтармен
байланыстыра
отырып, бүкіл
қазақ елінің
тарихын оқытады.
Сондықтан, Қазақстанда
өмір сүретін әрбір
азамат осы
елдің тарихын
жете білуге
міндетті. Ал, өткен
тарихты
білмейінше,
болашақты
болжау қиын.
Сондықтан
балалар, қоғамда
қандай ел, қандай
ұлт болмасын өз
тарихын
танып өседі.
Ал, өз
тарихын
санасына сіңіріп
өскен әрбір ұрпақтың
бойында елі
мен жеріне,
тілі мен
дініне, салт-дәстүрі
мен мәдени құндылықтарға
деген асқан құрмет
пен ұлтжандылық
сезімнің
болуы тиіс.
Сондықтан,
балалар бүгінгі
таңда біз өз
тарихымызды
танып қана қоймай,
өткеннен
сабақ алу және
тарих толқынындағы
бабалар
аманатын кір
келтірместен
болашақ ұрпаққа
табыстау
міндеті аға
буын алдында
бүгінгі ұрпақ
атқарар
басты парыз
екенін қай
кезде
болмасын
естен шығармауымыз
керек.