Қазақстанның
дүниежүзілік
ұйымдармен,
шетелдермен
экономикалық
қарым-қатынасы
Еліміздің
маңызды
геосаяси жағдайы
Қазақстан
Республикасының
тәуелсіздігі
Пайдаланылған
әдебиеттер
тізімі
Еліміздің
маңызды
геосаяси жағдайы Қазақстанның
бейбітшілікке
негізделген
тарихи миссиясын
айқындайды.
Қазақстан
өз саяси
дамуында
демократиялық
даму жолын таңдайтындығын
саяси тәуелсіздік
пен
мемлекеттік
егемендікке
ие болған алғашқы
сәттерден
бастап-ақ мәлімдеген
болатын.
Қазақстанның
болашақ ірі
мемлекеттер қатарынан
табылатындығын
ескере
отырып, оның
геосаяси
айналасы
былайша
сипатталған:
экономика
жағынан
еуразиялық бөрі,
оған мол
байлық пен
халықтың
икемділігі,
жастығы
кепіл бола
алады.
Географиялық
жағынан дүниежүзілік
саяси кіндік,
оған батыс-шығыс,
оңтүстік-солтүстік
көпірлер
торабы болу мүмкіндігі
мен
географиялық
орны куә.
Этнодемографиялық
жағынан – түркілік
қарашаңырақ,
оған тарих
та,
объективтік
жағдай да,
барлық түркілердің
Қазақстанды
айнала
орналасуы да
итермелейді.
Халықтың
діни сенімі
жағынан – дүниежүзілік
дін
тартысының
ешбіріне аса
жақтаспайтын
зайырлы
мемлекет. Осы
аталған
геосаяси жағдайы
Қазақстанның
сыртқы
геосаяси жағдайының
тұрақтылығын
қамтамасыз
етуде
алға қойылады.
Қазақстан
Республикасының
тәуелсіздігі. 1991 жылғы 16
желтоқсанда Қазақстан
тәуелсіздік
туралы заңы қабылданды,
елдің тәуелсіздігі
жарияланды, сөйтіп
дүниежүзілік
қоғамдастыққа
енуге мүмкіндік
алды. Екі
аптаның
ішінде Қазақстанды
18 ел
мойындады, ал
бірінші
болып елімізді
таныған ел-Түркия.

Қазақстан
Республикасының
Туы

Қазақстан
Республикасының
Елтаңбасы
1992
жылы
республика тәуелсіздігін
жер шарының
30-дан астам
елі
мойындады: АҚШ,
Қытай, Иран, Пәкістан,
Канада,
Швейцария
т.б. 1999 жылы дүние
жүзінің 150
мемлекеті
танып, 106
мемлекетпен
дипломатиялық
қатынас
орнатылды. Қазір
Қазақстан
шет елдерде
30-дан астам
дипломатиялық
және
консулдық өкілдіктер
ашты. Алматы
мен Астанада
50-ден астам
шетелдік
елшілік және
халықаралық, ұлтаралық
ұйымдардың 16 өкілдігі
жұмыс
істейді.
Республикамыздың
сыртқы
саясат
ведомствосы ұлттық
мүддемен
жалпы
адамзаттық мүдделерді
үйлестіріп жүргізетін
дипломатиялық
саясатқа
кірісті. 1992
жылы
наурызда Қазақстан
Республикасы
Біріккен Ұлттар
Ұйымының (БҰҰ)
мүшесі болып қабылданды.
Арада 10 жыл өткеннен
кейін 2002 жылғы
маусымда
Алматыда
«Азиядағы Өзара
Сенім және Әрекеттестік
Шаралары Кеңесі
(АӨСШК)»
Саммиті өтті.
Саммит жұмысына
16 мемлекет
басшылары қатысты.
Оның ішінде 7
ірі держава - Қытай,
Үндістан,
Ресей, Иран, Түркия
т.б. болды.
Қазақстан
сыртқы
саясатында басты үш
мәселеге ерекше
назар
аударады:
1. ТМД, Азия,
Еуропа
елдері, АҚШ,
Тынық мұхит,
Таяу Шығыс
аймағы
елдерімен
халықаралық
байланысты өркендету.
2. Мәдени-экономикалық
байланысты күшейте
отырып, алдыңғы
қатарлы өркениетті
елдердің қатарына
қосылу.
3. Қазақстанның
сыртқы
саясатында
ерекше назар
аударатын мәселе
– ең жақын және
ірі көрші
мемлекеттермен,
солтүстікте
– Ресеймен,
шығыста – Қытай
Халық
Республикасымен
ойдағыдай қарым-қатынас
орнату.
1992 жылғы 25
мамырда Қазақстан
мен Ресей
арасында
достық,
ынтымақтастық
және өзара көмек
туралы шарт
жасалды.

Ресейдегі
Қазақстан
елшілігі
Декларация. 1995 жылғы
20 қаңтарда – Қазақстан
мен Ресей
ынтымақтастығын
кеңейту
туралы
Декларация
жарияланды,
ал 1996 жылғы 27 сәуірде
Алматыда екі
елдің
бірлескен
Декларациясына
қол қойылды.
Декларацияның
маңызы:
1.
Екі ел
арасындағы
егемендікті,
тәуелсіздікті
құрметтеу.
2.
Аумақтық тұтастық
пен
бір-бірінің
ішкі
істеріне
араласпау ұстанымдарын
сақтау.
1998
жылғы 6
шілдеде Мәскеуде
ІІІ ғасырға
бағдарланған
"Мәңгі достық
пен ынтымақтастық
туралы”
Декларация
жарияланды.
Нәтижелері:
1.
Каспий теңізінің
құқықтық мәртебесі
мәселесін
шешуді алға
жылжытты.
2. Қаржылық
өзара
келіспеушіліктерді
реттеуді
шешті.
3.
Байқоңыр ғарыш
орталығын
бірлесіп
пайдалану мәселесі
қарастырылды.
1992 жылғы
тамызда Қазақстан
Президентінің
Қытай Халық
Республикасына
алғаш сапары
болды, нәтижесінде
барлық
байланыс
жолдары
ашылды.
1994
жылы сәуір
айында Қазақстан
мен Қытай
арасында
шекара аумағын
заңдастырып
белгілеу
(делимитация)
жөніндегі
келісімге қол
қойылды.
1996
жылғы сәуір
айында алғашқы
Шанхай
келісімі жүргізілді.
Бұл келісім жұмысына Ресей, Қытай,
Қазақстан, Тәжікстан,
Қырғызстан қатысты.
Мұнда
негізінен,
шекараларды
бұзбау,
бейтарап
аймақтық қашықтықты
100 шақырымға
дейін
жеткізу сияқты
мәселелер қаралды.
1997
жылғы 25 қыркүйекте
Алматыда болған
келіссөздің
нәтижесінде
Батыс Қазақстан
мен Батыс Қытайды
жалғастыратын
мұнай құбырын
жүргізу жөніндегі
шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі
бұл жұмысқа 9,5
млрд.доллар жұмсауға
келісті.
Қазақстанның
сыртқы
саясатында АҚШ-пен
қарым-қатынастың
маңызы өте
зор. 1991 жылғы 25
желтоқсанда
АҚШ Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік
тәуелсіздігін
таныды. Қазіргі
кезде АҚШ – Қазақстан
экономикасының
аса ірі
инвесторы. 1997
жылы Қазақстан
мен АҚШ
арасында
экономикалық
әріптестік
бағдарламасы
жасалды. Екі
ел арасында Қарашығанақ
кеніші жөнінде
және Каспий қайранын
бөлісу жөнінде
келісімдерге
қол қойылды.
1999
жылғы желтоқсанда
Қазақстан
мен АҚШ
арасындағы
келісімде –
екі ел
арасындағы
серіктестікті
дамыту, АҚШ-тың
Қазақстанға
демократиялық,
экономикалық
өркендеуде қолдау
көрсету, аймақтық,
ғаламдық
негізде тұрақтылықты
қамтамасыз
ету мақсатында
ынтымақтастық
үшін барлық мүмкіндіктерді
пайдалану
сияқты мәселелер
қаралды.
АҚШ Қазақстанға
мәдениет пен
білімді
дамыту
саласында үлкен
қолдау көрсетуде.
"Болашақ” бағдарламасы
шеңберінде қазақстандық
студенттер АҚШ,
Франция,
Германия оқу
орындарында
оқиды. Қазақстанның ТМД
елдерімен тығыз
өзара
байланыста
болу –
біздің ел үшін
өте қажет.
1994
жылы Орталық
Азия
экономикалық
қауымдастығы
құрылды (Қазақстан,
Қырғызстан, Өзбекстан,
Тәжікстан). Қоғамдық
және әлеуметтік-экономикалық
өмірдің
барлық
саласындағы
дағдарыс ТМД
басшыларын
интеграциялық
дамудың жаңа
жолдарын
іздеуге
итермеледі.
КСРО тарағаннан
кейін ядролық
қару
негізінен
Ресей
жерінде шоғырланды.
Қазір жер жүзінде
5 ядролық
держава бар.
Олар – АҚШ,
Ресей, Қытай, Ұлыбритания,
Франция.
1993
жылы
Президент Н.Ә.
Назарбаев Лиссабон
хаттамасына
қол қойды. Қазақстан
ядролық
қарудан
еркін аймақ
болып
жарияланды.
Соғыс өнімдерін
шығаратын кәсіпорындарды
бейбіт
заттар өнімдеріне
айналдыру
(конверсия) жүзеге
асырыла
бастады. 1996 жылғы
31 қыркүйекте Қазақстан
БҰҰ-ға мүше 129
елдің қатарында
ядролық қаруды
таратпау жөніндегі
шартқа қол қойды.

ТМД
белгісі
Қазақстан
басшылығы әскери-саяси
одақ НАТО-мен
ынтымақтастыққа
маңызды орын
береді. Бұл
ынтымақтастық
"Бейбітшілік
үшін әріптестік”
бағдарламасы
негізінде жүзеге
асуда. 1997 жылғы
15-21 қыркүйекте
Шымкент (Қазақстан)
және Шыршық (Өзбекстан)
жерінде НАТО әскери
бөлімдерінің
қатысуымен әскери
жаттығу өткізілді.
2001 жылғы 29
тамызда
Алматыда
"ІІІ ғасыр
ядролық қарудан
тазарған дүниені
қалайды”
атты халықаралық
конференция
ашылды.
1997
жылы Қазақстан
60-тан астам
халықаралық ұйымдарға
мүше болып
кірді. Соның
бірі ЮНЕСКО
– ірі халықаралық
ұйым. Ол –
білім, ғылым
және мәдениет,
"Адам және
биосфера”,
"Адам табиғи
ортада” т.б.
бағдарламалар
негізінде жұмыс
жасайды.
ЮНЕСКО – Қазақстанда
биологиялық әртүрлілікті
сақтау мақсатында
елдің ерекше қорғалатын
табиғи аймақтарын
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік
табиғи және мәдени
мұрасы және
"Адам мен
биосфера” бағдарламасы
шеңберіндегі
аймақтар
тізіміне
кіргізу
туралы
шараларды іске
асыруда,
бірлесіп жұмыс
атқаруда.
Сонымен
қатар Қазақстан
халықаралық ұйым
ЮНИСЕФ –
Біріккен Ұлттар
Ұйымының
Балалар Қорына
кірді. ЮНИСЕФ
Қазақстан
Республикасындағы
өз жұмысын 1992
жылы бастады,
негізінен,
денсаулық сақтау
саласында, шұғыл
жәрдем көрсетуді
насихаттайды.
ЮНИСЕФ-тің
Арал аймағының
халқын сауықтыру
жөніндегі бағдарламасы
- әйелдер мен
балалардың
денсаулығын қорғау,
білім беру,
балалардың
тамағын жақсарту,
сумен қамтамасыз
ету,
санитарлық қызметті
жақсарту жөніндегі
нақты
шараларды жүзеге
асыруға бағытталған.
Сонымен
бірге Қазақстан
800-ге жуық
мемлекетаралық
және үкіметаралық
келісімшарттарға
қол қойды.
Қазақстан
тәуелсіздік
алғаннан кейін
егемен
мемлекет
ретінде халықаралық
аренаға шықты.

БҰҰ-ның
жалауы
1992 ж. 2 наурызда
Қазақстан Біріккен
Ұлттар Ұйымына
кірді,
Халыкаралық валюта
корының,
Халықаралық
реконструкция
және даму
банкісінің,
Дүниежүзілік
банктің, Халыкаралық
даму ассоциациясының,
Инвестицияға
кепілдік
беретін көп
жақты агенттіктің,
Инвестициялық
таластарды
шешу жөніндегі
халыкаралық орталықтың,
Дүниежүзілік
денсаулық сақтау
ұйымының мүшесі
болды және басқа
бірсыпыра
ұйымдарға
кірді. Осы уақыт
ішінде Қазақстанды
жүзден аса
мемлекет танып,
олармен
елшілік және өкілеттілік
дәрежеде дипломатиялық
қатынастар
орнатылды.
Республиканың
сыртқы саяси
бағыты – шекаралас
мемлекеттермен,
ТМД-ның мүшелерімен
өзара тиімді
достық қатынасты
сақтау,
сондай-ақ басқа
да
мемлекеттермен
әділеттік
және халықаралық
серіктестік
негізінде
жан-жақты
байланыстарды
дамыту.
Олардың ішінде
Америка
Құрама
Штаттарымен
стратегиялық
және
демократиялық
серіктестік,
Жапониямен
стратегиялық
серіктестік
туралы
келісімдерге,
"Шанхай
бестігі"
жобасы шеңберіндегі
шекараның ұзына
бойына сенім шаралары
туралы келісімге,
Ресеймен, Өзбекстанмен,
Қырғызстанмен,
Украинамен-достық
туралы
шарттарға
қол қою айрықша
орын алады.

Шанхай
ынтымақтастық
ұйымы
белгісі
Қазақстан
Республикасының
ҚХР-мен
шекарасын
межелеу, Ресеймен,
Өзбекстанмен
және Қырғызстанмен
шекараны
белгілеу
туралы мәселені
шешу жөнінде
жұмыс жүргізілуде.
2002
жылы
Алматыда “Орталық
Азия Ынтымақтастығы
(ОАЫ)” ұйымын құру
туралы
келісімшартқа
қол қойылды.
Бұл ұйымға
бастапқыда Қазақстан
Республикасы,
Қырғыз
Республикасы,
Тәжікстан
Республикасы,
Өзбекстан
Республикасы
мүше болған,
кейіннен, 2004
жылдан
бастап Ресей
Федерациясы
да кірді. Бұл ұйымның
мақсат-міндеттерінің
шеңбері едәуір
ауқымды. Олар
саяси-экономикалық
қана емес, ғылыми-техникалық
және мәдени-гуманитарлық
мәселелерді,
сонымен қатар
қауіпсіздік
пен тұрақтылық
және табиғатты
қорғау мәселелерін
қамтиды. Бұл
орайда Н.Ә.
Назарбаев: «2030
жылға қарай Қазақстан
Орталық Азия
барысына
айналады және
өзге дамушы
елдер үшін үлгі
болады деп
сенемін...», –
деп, мемлекеттер
арасындағы ықпалдастық
пен ынтымақтастыққа
зор үміт
артты.

Ислам
Конференциясы
ұйымы
Егемен
Қазақстанның
жаңа
мемлекет құрудағы
философиялық
тұжырымдарында
көрсетілген
бағыттары және
елдің
идеологиясы
АҚШ, Франция,
Ресейде
белгіленген
философиялық
ұстанымдарды
басшылыққа
алады. Халықаралық
тәжірибе
тоталитаризмнен
демократиялық
бағыт жолына
түскен
елдердің өтпелі
кезеңде
идеологиялық
дағдарысқа ұшырайтынын
көрсетті.
Сондықтан өркениетті
елдердің өтпелі
кезеңнен өту
тәжірибесімен
танысу өте маңызды.
2000 жылдан
кейін дүниежүзілік
ауқымда орын
алған бірқатар
оқиғалар бүкіл
әлемнің
геосаяси жағдайына
айтарлықтай өзгерістер
енгізген.
Сондықтан жаһандық
қауіпсіздікке
мүдделі
барлық
мемлекеттермен
тұрақты әріптестік
пен
келісімді іс-әрекет
проблемасы
сыртқы
саясатымыздың
ең маңызды мәселесіне
айналып отыр.
2002 жылғы 21 қарашада
Прага қаласында
(Чехия) болып өткен
НАТО-ға мүше
мемлекеттер
басшыларының
кезекті
саммитінде ҚР
Президенті
бастаған қазақстандық
делегация
«Бейбітшілік
үшін әріптестік»
бағдарламасына
толық құқылы қатысушы
ретінде жұмыс
істеді. Солтүстік
Атлантикалық
Одақпен
біздің
еліміздің өзара
қарым-қатынастарының
белсенді
сипатқа ие
болуы 2000
жылдан
бастап ҚР
Президентінің
НАТО-ның Бас
хатшысымен
кездесуінен
кейін басталды.

Ұжымдық қауіпсіздік
Ұйымы
Республикамызда
терроризммен
экстремизммен
сепаратизм көріністерімен
күрес жөнінде
2000-2003 жылдарға
арналған
Мемлекеттік
бағдарламаға
сәйкес халықаралық
терроризммен
және
экстремизммен
күрес бойынша
жақын және
алыс
шетелдермен өзара
ықпалдасу жұмыстары
жүргізілуде,
біріккен
ескерту
шаралары қабылдануда.
Солардың
ішінде ТМД
Антитеррорлық
орталығының ұйымдастыруымен
2002 жылғы сәуір
айында
Алматы қаласында
«Оңтүстік-антитеррор-2002»
кешенді
оперативті-тактикалық
жаттығуының
екінші кезеңі
өткізілгенін
атап өтуге
болады.
Сонымен қатар
2002 жылғы
мамырда
Астана қаласында
ШЫҰ «Бішкек
тобының»
отырысы
кезінде ШЫҰ-ның
Аймақтық
антитеррорлық
құрылымын
(ААТҚ) құру
жобасы
келісілді.
Сол жылдың
маусым
айында Атырау
қаласында әуе
терроризмі
актілерінің
алдын алу
шаралары
бойынша кең
ауқымды
«Дабыл»
жаттығуы, ал
шілде айында Қапшағайда
Қазақстан-Американ
бірлескен
«Баланс-Барыс»
жаттығуы өткізілді.
Сондай-ақ
Каспийде өткізілген
«Бейбітшілік
теңізі-2002» әскери
жаттығуын
атап өтуге
болады.

2010
жылдың алғашқы
күнін Қазақстан
Республикасы
халықаралық
беделді ұйым
- Еуропадағы қауіпсіздік
пен ынтымақтастық
ұйымына (ЕҚЫҰ)
төрағалық
ету қызметінен
бастады. 2009
жылы желтоқсанның
1-2-сі күндері
Афинада өткен
ЕҚЫҰ Сыртқы
істер
министрлерінің
17-ші
отырысында
осы ұйымға төрағалық
етіп келген
грек тарапы Қазақстанға
ЕҚЫҰ төрағалығын
ресми түрде
тапсырды.

2009
жылдың 22
желтоқсанында
дипломатиялық
корпустың өкілдерімен
Ақордада өткен
кездесуінде
Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев: «ЕҚЫҰ-ға
төраға болып
сайлану - Қазақстанға
деген
Еуропалық және
әлемдік қауымдастық
тарапынан
зор сенімге
ие болып отырғанымыздың
арқасы»,- деп,
бұл миссияның
қазақ елі үшін
аса маңыздылығы
мен үлкен
жауапкершілігін
анық айтты.
Одан әрі ЕҚЫҰ
қызметін қамтамасыз
ететін қауіпсіздік,
экономикалық
және
гуманитарлық
саладағы
тепе-теңдікті
сақтау
еліміздің
алдына қойылған
жаңа
міндеттер
екенін атап өткен
болатын. Қазақстанның
сыртқы
саясаты
жан-жақты
жетіліп өрлеу
кезеңіне,
кемел шағына
көтерілді. Қажетті
дипломатиялық
инфрақұрылым
жасалды.
Концептуалды
тұрғыда сыртқы
саяси
басымдықтар
анықталды. Қазір
еліміз әлемдік
қоғамдастықтың
ажырамас бөлігіне
айналды деп
сеніммен
айта аламыз.
Бұл қазақ халқының
үлкен тарихи
жетістігі.
Осыдан 20 жыл бұрын
Қазақстан дүние
жүзінің
барлық
елдерімен
терезесі тең қарым-қатынастар
орнатады деп
ойлаудың өзі
мүмкін емес
болатын.


Елшілік – Бір
мемлекеттің
екінші бір
мемлекеттегі
басқаратын тұрақты
дипломатиялық
өкілдігі.
Инфрақұрылым-
өндіріске
қызмет
ететін (өндірістік
инфрақұрылым-
жолдар,
каналдар, су қоймалары,
порттар, көпірлер,
аэродромдар, қоймалар,
көлік,
байланыс және
т.б.) және қоғамның
өмір сүру жағдайларын
(әлеуметтік
инфрақұрылым-
білімі,
денсаулық сақтау,
ғылым және
т.б.) қамтамасыз
ететін
шаруашылық
салаларының
кешені.
ҚР ТД / ҚОҚҰІЖ – Қазақстан
Республикасының
Тұрақты
Дамуына
арналған Қоршаған
ортаны қорғау
жөніндегі ұлттық
іс-шаралар
жоспары
АӨСШК – Азиядағы өзара
ықпалдастық
және сенім
шаралары жөніндегі
кеңес
АСЕАН –
Азия-Тынық мұхиты
аймағы
елдерінің
одағы
ЕҚЫҰ – Еуропадағы
Қауіпсіздік
пен Ынтымақтастық
Ұйымы
ЕурАзЭҚ –
Еуразиялық
Экономикалық
Қауымдастық
Геосаясат
–
мемлекеттің сыртқы
саясатының
географиялық
факторларға аумағына
тәуелділігін
байланысын көрсететін
саяси
тұжырымдама.
Конвенция – халықаралық
келісім, қандай
да бір арнайы
мәселемен мәмлеге
келу
Дүниежүзілік
сауда ұйымы (ДСҰ) —
халықаралық
сауда
ережелерін
либерализм
принциптеріне
қарай
реттейтін
халықаралық
экономикалық
ұйым, ол 1995 жылғы
1 қаңтардан
бастап жұмыс
істей
бастады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ:
1. Назарбаев
Н.Ә. Әлем
кіндігі. –
Астана, 2001
2. Назарбаев
Н.Ә. Қазақстанның
егеменді
мемлекет
ретінде қалыптасуы
мен дамуының
стратегиясы.
– Алматы, 1992.
3. Назарбаев
Н.Ә. Тәуелсіздіктің
бес жылы. –
Алматы, 1996.
4. Назарбаев
Н.Ә. Ғасырлар
тоғысында. –
Алматы, 1996.
5. Орталық
Азия
республикалары
басшыларының
Алматы
декларациясы.
1997 жыл // Егемен Қазақстан.
– 1997. – 28 ақпан.
6. Назарбаев
Н. Біздің халқымыз
жаңа өмірге
бейімделуі
керек // Егемен
Қазақстан. – 2000.
– 31-мамыр.
7. Назарбаев
Н. Еуразия жүрегінде.
– Алматы:
Атамұра, 2005. – 192 б.
8. Галямова
В.Ф. «ШЫҰ және
Орталық
Азиядағы қауіпсіздік
мәселелері»
халықаралық
конференциясы
// Қоғам және дәуір.
– 2005. – № 4. (8).
9. Еркін
елдің соны серпіні:
ҚР Үкіметінің
басшысы И.
Тасмағамбетовтың
Тәуелсіздіктің
11 жылдығына
арналған
салтанатты
жиналыста
жасаған
баяндамасы //
Егемен Қазақстан.
– 2002. – 19-желтоқсан.
10. Жаһандық
дамудың жаңа
кіндігі
Шанхай
ынтымақтастық
ұйымы бола
алады //
Егемен Қазақстан.
– 2006. – 16 маусым
11. Екі жақты
ынтымақтастық.
ТМД елдері //
Дипломатия
жаршысы. – 2006. –
№ 4 (10).
12. Қазақстан
экономикалық,
әлеуметтік және
саяси жедел
жаңару
жолында. ҚР
Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың
Қазақстан
халқына
Жолдауы //
Егемен Қазақстан.
– 2005. – 19-ақпан.
13. Қазақстан
өз дамуындағы
жаңа
серпіліс
жасау қарсаңында.
Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті
50 елдің қатарына
кіру
стратегиясы. Қазақстан
Республикасының
Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың
Қазақстан
халқына
Жолдауы //
Алматы ақшамы.
2006. – 4
наурыз. - № 25 (3659).
14. Қазақстан
халқының әл-ауқатын
арттыру –
мемлекеттік
саясаттың
басты мақсаты.
Қазақстан
Республикасының
Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың
Қазақстан
халқына
Жолдауы. –
Астана, 2008. – 64 б.
15. Дағдарыстан
жаңару мен
дамуға. Қазақстан
Республикасының
Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың
Қазақстан
халқына
Жолдауы //
Егемен Қазақстан.
– 2009. – 6 наурыз.
16. Қазақстан
дағдарыстан
кейінгі дүниеде:
Болашаққа
интеллектуалдық
секіріс. ҚР
Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың
әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ-де
сөйлеген сөзі
// Егемен Қазақстан.
– 2009. – 14 қазан. – 1-2
бб.