Қазақстан
Республикасының
саяси жүйесi
Қазақстан
Республикасының
саяси өмiрiндегi
реформалар
Қоғамдық-саяси
партиялар
мен қозғалыстар
2005 жылғы
4 желтоқсандағы
ҚР Президентi
сайлауы
Мемлекеттiк
басқару
органдары. Қазақстан
Республикасының
Президенті
мемлекеттің
басшысы, оның
жоғарғы
лауазымды тұлғасы.
Президентті
халық
сайлайды. Ол Қазақстан
халкының
бірлігін қамтамасыз
етеді. Президент
мемлекеттің
ішкі және
сыртқы саясатының
негізгі бағыттарын
анықтайды,
мемлекеттік
биліктің түрлі
буындарының
арасында қақтығыс
болмауына қамқорлық
жасайды. Президент
– адам мен
адамзаттың құқықтары
мен
бостандыктарына
кепіл
болатын тұлға.
Президент
Парламент кабылдайтын
зандарға қол қояды,
егер заңдар
Конституцияға
сәйкес
келмесе қайта
қарау үшін
кері қайтарады.
Егер Парламент
заң қабылдау
күқығын уақытша
Президентке
тапсырса, ол
заңдарды өзі
кабылдай
алады. Президент
Парламент міндеттерін
орындауға қабілеті
жетпесе
оны өзі
тарата алады,
Президент үкімет құрамын
бекітеді және
де оны орнынан
түсіре алады.
Қазақстан
Республикасының
Конституциясы
мемлекеттік
билікті бөлу
принципін
бекітті.
Мемлекеттік
билік үш буынға
бөлінеді: заң
шығаратын, атқарушы
және сот. Заң
шығару қызметімен
Парламент шұғылданады.
Парламент
екі
палатадан тұрады:
Мәжіліс және
Сенаттан.
Олар тұрақты қызмет
істейді. Мәжіліс
депутаттарын
азаматтар
тікелей сайлайды.
Ал Сенат депутаттарының
басым көпшілігін
маслихаттар сайлайды.
Сенаттың
жеті депутатын
Президент
тағайындайды.
Атқарушы
билікті жүзеге
асыратын Үкімет.
Атқарушы
органдардың
жүйесіне
жататындар — министрліктер,
мемлекеттік комитеттер,
комиссиялар, бас басқармалар
және
жергілікті
атқарушы
органдар — обылыстық,
қалалық,
аудандық,
ауылдық,
селолық әкімшіліктер.
Ал
сот билігін
жүзеге асыратын
Жоғарғы
сот, облыстық,
қалалық,
аудандық
соттар. Құкык
қорғау
органдары — ішкі
істер, ұлттық
қауіпсіздендіру
органдары, прокуратура
және
тергеу
комитеті.
Олардың ішкі құрылымы,
өкілеттіктері
арнаулы заңдарда
және
ережелерде
анықталады.
1998 ж. 7 қазанда
Қазақстан
Республикасының
Парламенті Қазақстан
Республикасының
Конституциясына
бірқатар өзгерістер
енгізді. Ол өзгерістерге
сай
Президенттің
өкілеттілік
мерзімі 5 жылдан 7 жылға
дейін, Сенат
депутаттарының
өкілеттілік
мерзімі 6 жылға дейін,
ал мәжіліс
депутаттарының
өкілеттілік
мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды.
1999 ж. 10 қаңтарда өткен
Қазақстандағы
бірінші
баламалы
президенттік
сайлауда Н.Ә.
Назарбаев сайланды. 2007 ж. 18
тамыз және 8
мамыр 2007 жылғы
Конституцияға
енгізілген өзгерістер
мен толықтыруларға
сәйкес Қазақстан
Республикасында
Парламент мәжілісіне
депутаттар
сайлауы өтті
Сайлау жүйесi. 1995 жылғы 30
тамызда
республикалық
референдумда
қабылданған Қазақстан
Республикасының
Конституциясына
сәйкес Қазақстан
Республикасының
қос палаталы
Парламенті
заң шығару қызметін
жүзеге
асыратын
Республиканың
ең жоғарғы өкілді
органы болып табылады.
Қазақстан
Республикасы
Парламентінің
ұйымдастырылуы
мен қызметі,
оның
депутаттарының
құқықтық жағдайы
Конституциямен,
«Қазақстан
Республикасының
Парламенті және
оның
депутаттарының
мәртебесі
туралы»
Конституциялық
заңмен және
басқа да заңнамалық
актілермен
айқындалады.
Парламенттің
өкілеттігі
бірінші
сессиясы
ашылған сәттен
басталып, жаңа
сайланған
Парламенттің
бірінші
сессиясы жұмысқа
кіріскен
кезде аяқталады.
Парламенттің
өкілеттік
мерзімі
кезекті
сайланымдағы
Мәжіліс
депуттарының
өкілеттік
мерзімімен
айқындалады.
Парламенттің
өкілеттігі Қазақстан
Республикасының
Конституциясында
көзделген жағдайларда
және тәртіппен
ғана
мерзімінен бұрын
тоқтатылуы мүмкін.
Парламент
тұрақты
негізде жұмыс
істейтін екі
Палатадан: Сенаттан және
Мәжілістен тұрады.
Сенат әр
облыстан,
республикалық
маңызы бар қаладан
және Қазақстан
Республикасының
астанасынан
екі адамнан,
тиісінше
облыстық,
республикалық
маңызы бар қаланың
және
республика
астанасының
барлық өкілді
органдары
депутаттарының
бірлескен
отырысында
сайланатын
депутаттардан
құралады.
Сенатта қоғамның
ұлттық-мәдени
және өзге де
елеулі мүдделерінің
білдірілуін қамтамасыз
ету қажеттілігі
ескеріліп,
оның он бес
депутатын
Республика
Президенті тағайындайды.
Сайланған
Сенат
депутаттарының
жартысы әрбір
үш жыл сайын қайта
сайланып
отырады.
Сенат
депутаттарының
өкілеттік
мерзімі –
алты жыл.
Палатаны
мемлекеттік
тілді еркін
меңгерген өз
депутаттарының
арасынан
жасырын
дауыс беру арқылы
Палата
депутаттары
жалпы санының
көпшілік
дауысымен
сайланған Төраға
басқарады.
Сенат Төрағасының
қызметіне
кандидатураны
Қазақстан
Республикасының
Президенті ұсынады.
Мәжіліс жүз
жеті
депутаттан тұрады.
Мәжілістің
тоқсан сегіз
депутаты
саяси
партиялардан
партиялық
тізімдер
бойынша
жалпыға
бірдей, тең және
төте сайлау құқығы
негізінде
жасырын
дауыс беру арқылы
сайланады. Мәжілістің
тоғыз
депутатын Қазақстан
халқы
Ассамблеясы
сайлайды. Мәжіліс
депутаттарының
кезекті
сайлауы Парламенттің
жұмыс істеп тұрған
сайланымы өкілеттігінің
мерзімі аяқталардан
кемінде екі
ай бұрын өткізіледі.
Мәжіліс
депутаттарының
өкілеттік
мерзімі – бес
жыл. Палатаны
мемлекеттік
тілді еркін
меңгерген өз
депутаттарының
арасынан
Палата
депутаттары
жалпы санының
көпшілік
даусымен
жасырын
дауыс беру арқылы
Мәжіліс
сайлаған Төраға
басқарады. Мәжіліс
Төрағасының қызметіне
кандидатураларды
Палатаның
депутаттары ұсынады.
Төте сайлау құқығы
бойынша
Республика
Президентiн,
Парламентi
Межiлiсiнiң және
мәслихаттарының
депутаттарын,
жергiлiктi өзiн-өзi
басқару
органдарының
мүшелерiн
азаматтар
тiкелей
сайлайды. 2005
жылы 4 желтоқсанда
Қазақстан
Республикасының
Президентiн
сайлау өткiзiлiп,
сайлауға қатынасқандардың
91,15 пайыз
дауысын жинаған
Н. Ә.
Назарбаев 7
жылға Қазақстан
Республикасының
Президентi
болып
сайланды.
Сайлау
бостандығы
бойынша
Республикадагы
сайлау
Республика
азаматының
сайлау жене
сайлану құқығын
еркiн жузеге
асыруына
негiзделедi.
Республика
азаматтарынын
сайлауға қатысуы
ерiктi болып
табылады.
Азаматты
сайлауға қатысуға
мәжбүрлеуге,
сондай-ақ оның
еркiн бiлдiрудi
шектеуге
ешкiмнiң де құқығы
жоқ.
Сайлаушылардың
сайлаудан,
дауыс
беруден өз
ерiктерiмен
бас тартуы
абсентеизм
деп аталады.
Қазақстан
Республикасының
саяси өмiрiндегi
реформалар. Тәуелсіздік
алған
жылдардан
бастап Қазақстан
саяси дамудың
жаңа кезеңіне
аяқ басты. Дəйектi
саяси
реформалардың
нəтижесiнде
мемлекеттiлiктiң
негiзi қалыптасты.
Қазақстанның
одан әрі
дамуының бағыты
белгіленді.
Демократиялық
құқықтық
мемлекет және
азаматтық қоғам
құрудың қажетті
ақпараттары
жасалды. Қазақстандағы
саяси жүйенің
демократиялық
бағыттылығы қалыптасты.
Мемлекеттік құрылыста
биліктің заң
шығарушылық,
атқарушылық
және сот
тармақтарына
бөліну
принципі
конституциялық
тұрғыда анықталды.
Қоғамдық-саяси
партиялар мен
қозғалыстар. 1990-1995
жылдардағы
саяси-экономикалық
жағдайларда әр
түрлі саяси
партиялар
мен қоғамдық қозғалыстардың
туындап,
саяси жүйенің
қалыптасуы
орын алды. 1989
жылы
«Невада-Семей»
антиядролық қозғалысы
негізінде құрылған
Қазақстан
Халық
Конгресі
партиясы (ҚХКП)
1991 жылғы 5 қазанда
өткізілген
партияның І
съезінде
бекітілді; 1991
жылғы 4 қыркүйекте
Қазақстанның
Республикалық
партиясы құрылып,
1999 жылғы 29
мамырда Астанада
өткізілген
съезде оның
атауы «Алаш» Қазақстанның
ұлттық
партиясы («Алаш»
ҚҰП) болып өзгертіліп,
жаңа Жарғысы
мен бағдарламасы
қабылданды.
1991 жылы 7 қыркүйекте
Қазақстан
Коммунистік
Партиясының
кезектен
тыс ХҮІІІ
съезінде
делегаттардың
партия
атауына қатысты
біржақты шешімге
келмеуі нәтижесінде
1991 жылғы қазан
айында осы
Коммунистік
партияның мұрагері
ретінде Қазақстанның
Коммунистік
партиясы (ҚКП)
және Қазақстанның
социалистік
партиясы (ҚСП)
құрылды. Қазіргі
кезде өз қызметінде
ҚКП қоғамдық-саяси
өмірінде
белсенділік
танытып
отырса, ҚСП
нақты ықпалының
төмендігінен
саяси күреске
қабілетсіздігін
көрсетіп
отыр.
1989 жылы «Әділет»
коғамы құрылды.
Әділет
партиясы
болып
кейіннен құрылды.
Қоғамның
негізгі мақсаты
ұжымдастыру
кезіндегі
ашаршылық,
сталиндік
репрессия
шындығын ашу
болды. Бұдан
басқа Қазақстанда
«Азамат», «Ақиқат»,
«Қазақ тілі»,
«Мұсылман әйелдер
лигасы» сияқты
қоғамдық
саяси қозғалыстар
құрылды. 1990
жылы «Азат»
азаматтық қозғалысы
құрылды.
Басты мақсаты
Қазақстанның
мемлекеттік
егемендігін
алу болды. 1990
жылы ұлтаралық
«Единство» қозғалысы
құрылды. Қозғалысқа
ғылыми-техникалық
интеллигенция
өкілдері
кірді.
Осы
кезде «Желтоқсан»
партиясы құрылды.
Бұл партияның
құрамына 1986
жылғы желтоқсан
оқиғасына қатысқандар
кірді. 1991 жылы қазанда
«Азат»
азаматтық қозғалысының
партиясы құрылды.
Жастар өздерінің
саяси қозғалысы
«Алаш»
партиясын құрды.
1991 жыл Қазақстан
социал-демократиялық
партиясы құрылды.
1990 жылы Қазақстанда
100-ден аса қоғамдық-саяси
қозғалыс
болды.
Алматыда ғана
40-қа жуық
саяси қозғалыс
жұмыс істеді.
1993 жылдың соңында
Қазақстанда 4
саяси партия
тіркелді.
Олар –
Социалистік
партия, Қазақстанның
республикалық
партиясы, "Қазақстанның
халық
Конгресі” және
Коммунистік
партия. Қоғамдық
қозғалыстардан
– ядролық
жарылысқа қарсы
"Невада-Семей”,
азаматтық
"Азат” және "Қазақстанның
халық
бірлігі” одағы,
11
республикалық
ұлттық мәдени
топтар
тіркелді.Сондай-ақ
республикада
300-ден аса қоғамдық-саяси
ұйымдар, 68 әр түрлі
қорлар
тіркеуге
алынды.
1993 жылдың
соңына қарай қоғамдық-саяси
қозғалыстар
берік саяси күшке
айналды. 1994 жылғы
желтоқсанда
"Қазақстанның
халықтық-кооперативтік
париясы”, 1995
жылғы қаңтарда
"Қазақстанның
өрлеу
партиясы”, 1995
жылдың
басында "Қазақстанның
аграрлық
партиясы”, 1995
жылғы жазда "Қазақстанның
демократиялық
партиясы” құрылды.
1998 жылғы қарашада
"Ақ жол” қоғамдық
қозғалысы құрылды.
Жетекшісі –
Н. Оразалин.
Мақсаты:
Президент Н.Ә.
Назарбаевтың
саяси бағытын
қолдау. "Қазақстан-
1999 жылғы қаңтарда
"Отан”
партиясы құрылды.
Төрағасы –
Т.Терещенко.
Бұл партия Н.Ә.
Назарбаевтың
Президенттікке
кандидатурасын
қолдау қоғамдық
штабы
негізінде құрылды.
1999 жылғы 14 қаңтарда
"Қазақстанның
отаншылар”
партиясы құрылды.
Жалпы 1999 жылы
республикада
барлығы 14
саяси
партиялар
мен 30-ға жуық
саяси қоғамдық
қозғалыстар,
бірлестіктер
құрылды. 2001 жылғы
қарашада "Қазақстанның
демократиялық
таңдауы”
атты қоғамдық-саяси
бірлестік құрылды.
2000 жылы
республикадағы
ресми
тіркелген
партиялар
саны –15.
Елімізде
саяси
партиялардың
және
партиялық жүйелердің
орнығуына, тәуелсіз
баспасөздің
дамуына көп көңіл
бөлінді. Бұл
жағдай
республиканың
өркендеуіне, қоғамның
демократиялануына,
реформаның
тереңдеуіне,
экономиканың
және халықтың
тұрмыс-тіршілігінің
жақсаруына ықпал
етті. Табиғат
экологиялық қоғамдық
қозғалысы
экологиялық
мәселелерді
шешуде
жетекші орын
алуда. Оның көш
басшысы –
Мелс
Елеусізов.
2001 жылы Қазақстанда
2,5 мыңнан
астам үкіметтік
емес ұйым, 16
саяси партия
мен қозғалыс
болды. Ғасырлар
тоғысында
республикадағы
саяси үрдістердің
ерекшелігі
саяси
элиталардың
жіктелуі және
келесі партиялардың
саяси аренаға
шығуы болды: 2000
жылғы 30-қаңтарда
І құрылтай
съезінде
«Ауыл»
социал-демократиялық
партиясы
(«Ауыл» СДП) құрылды;
2000 жылы Қазақстан
патриоттары
партиясы (ҚПП)
құрылды; 2002
жылы Қазақстанның
демократиялық
«Ақжол»
партиясы («Ақжол»
ҚДП) құрылды.
Бұл партия 2004
жылғы Мәжіліс
сайлауында 1
мандатқа ие
болды. 2003 жылғы қазан
айында саяси-әлеуметтік
саланы
дамыту мақсатын
алға қойған
«Руханият»
партиясы
тіркелді. 2003
жылғы қазанда
негізгі ұстанымы
халықтың әл-ауқатын
арттыру бағытында
қызмет ету
болып
табылатын
Республикалық
«Асар»
партиясы құрылып,
2006 жылы «Нұр
Отан»
патиясының құрамына
енді.
Қазіргі
кезеңде
республикамыздағы
ең ірі саяси ұйым
болып
табылатын «НұрОтан»
халықтық-демократиялық
партиясының
көшбасшы арқасында
қуатты саяси
және
идеологиялық
тұғырнамасы
бар. Партия
бірқатар мәселердің
шешімін
тауып, елдің
саяси өмірінде
басты рөл атқарып
отыр. Бұл
партия
саясат
сахнасында ұйымдастырып
жүрген жұмыстарының
өз ауқымымен
беделін көтеруде.
Партияны қолдаушылар
санының көп
болуының
басты
себебі– оның Қазақстанның
демократиялық
даму жолындағы
мұраттарды,
Президент
саясатының түпкілікті
мақсаттарын
жете түсініп,
оларға жету
жолында қазіргі
заман
талаптарына
сай белсенді
іс-қимылдар
жасауға бар күш-жігерін
аямай жұмсауында
болып отыр. Қазіргі
кезде Қазақстан
аумағында
партияның 16
филиалы, 220 өкілдігі,
10 мыңға жуық
бастауыш
партия ұйымдары
жұмыс
істейді.
2005 жылғы 4
желтоқсандағы
ҚР Президентi
сайлауы. 2005 жылғы маңызды
оқиға - ол Қазақстан
Республикасының
Президентін
сайлау болды.
Бұл сайлау
кезектi
баламалы
президент
сайлауы еді. 2005
жылы 4 желтоқсанда
өткен үшінші
жалпыхалықтық
сайлаудың нәтижесі
бойынша
Н.Назарбаев 91,15
пайыз дауыс жинады.
Халық
сенімін арқалаған
Елбасының ұлықтау
салтанаты 2006
жылғы 11 қаңтарда
Ақордада өткен
болатын. Ол
инаугурацияға
әлемнің 70-тен
астам
мемлекетінен
келген жоғары
лауазымды тұлғалар
қатысты. 2006 жылғы 11 қаңтарда
Қазақстан
Республикасының
Президенті
лауазымды атқаруға
кірісудің
салтанатты рәсіміне
және «Ақорда»
Президент
Резиденциясының
залына
Президент
билігінің
мемлекеттік
атрибуттары
мен
нышандарын енгізуге
жауынгер-ұландықтар
қатысты. Осы құрмет
Республикалық
ұланның мына әскери
қызметшілеріне
берілді:
старшина Ұ.Н.
Нұрлановқа,
ол Қазақстан
Республикасы
Мемлекеттік
Туының
жанында тұратын
ту ұстаушы
топты басқарды,
ефрейтор А.Ж.
Нұржауовқа,
ол Қазақстан
Республикасы
Президентінің
штандартының
жанында тұратын
ту ұстаушы
топты басқарды,
старшина А.С.
Оспановқа, ол
Қазақстан
Республикасының
Конституциясын
залға
енгізді.
ҚР Президенті лауазымына Н.Ә. Назарбаевтың салтанатты ұлықтауи рәсімі, 2006 жыл 11 қаңтар.
Бақылау
сұрақтары:
1
Мемлекеттiк
басқару
органдарын
атаңыз?
2 Қазақстанда
көппартиялық
жүйе қалай қалыптасты?
3 2005
жылғы 4 желтоқсандағы
ҚР Президентi
сайлауы қандай
түрде жүргізілді?
4 «Нұр
Отан» Халықтық
Демократиялық
партиясының құрылу
тарихына тоқталыңыз?