Саяси
қуғын-сүргін
және халықтар
депортациясы
Қазақстандағы
кәріс
диаспорасы
Қазақстандағы
неміс және
поляк
диаспоралары
Қазақстандағы
Солтүстік
Кавказ халықтарының
диаспорасы
Тың және
тыңайған
жерлерді
игерудің
демографиялық
жағдайға әсері
Мемлекеттік
тілдің өз дәрежесінде
болмауының
себептері
Қазақстан
халықтары
Ассамблеясы
Депортацияның
басталуы. Кеңес одағындағы
тоталитарлық
жүйедегі
жаппай қуғын-сүргін
кезеңіндегі
негізсіз
жазалау шаралары
тек
жекелеген
адамдарға,
дін иелеріне,
әр-түрлі әлеуметтік
топтардың өкілдеріне
ғана емес,
сондай-ақ ұжымдық
жауапкершілік
ұстанымы
бойынша
жекелеген
халықтарға
да қарсы қолданылды.
Тоталитарлық
жүйе жеке
халықтарды
саяси қуғындаудың
депортациялау,
яғни күштеп
жер аудару әдісін
қолданды. Жер
аударылған
халықтар
репрессия
зардаптарының
барлық түрін
бастан
кешірді. Ол жөнінде
1993 жылы 14 сәуірде
қабылданған Қазақстан
Респуликасының
«Жаппай
саяси қуғын-сүргін
құрбандарын
ақтау
туралы» заңында
көрсетілген.
Жекелеген
халықтарға
мемлекет
тарапынан әртүрлі
қысымдар қолданылды:
күштеп қоныс
аудару;
арнайы қоныстарға
орналастыру;
күштеп жұмыс
істету арқылы
құқықтарын
шектеу; ұлттық
ерекшеліктері
жағынан
мемлекетке өте
қауіпті,
сенімсіз
халықтар деп
тану.
Қазақтардың
өз елінен қуылған
адамдарды қалай
қабылдағаны
жөнінде Қазақстан
Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев
өз сөзінде
былай деген
болатын: «...Қазақтар
мәжбүрлікпен
қоныс
аударушыларды
қандай кеңпейілдікпен
қарсы алғандары
бәрімізге
белгілі.
Коллективтендіру
мен ұлы жұттан
қансыраған,
аштықта өмір
сүрген олар
соған қарамай
тағдыр талқысында
қалған
адамдармен
соңғы бір үзім
нандарын бөлісіп,
оларға жылу,
бастарына
баспана
берді. Мұның
бәрін олар қадір-қасиетпен,
риясыз
жасады. Сол қиын
кезде көрсеткен
көмектері үшін
олардың қазақтарға
айтар алғыстары
шексіз...»
1930-1950
жылдары он
беске жуық
этностар
жаппай қуғындауға
ұшырады,
олардың
ішінде
поляктар,
гректер,
болгарлар, қырым
татарлары, қабардалықтар,
балкарлар,
шешендер,
ингуштар, қарашайлықтар,
черкестер, қалмақтар,
немістер, кәрістер
және т.б.
болды. Олардың
миллионнан
астамы Қазақстаннан
екінші
отандарын
тапты.
1. Қазақстандағы
кәріс
диаспорасы: 1938 жылы Қазақстандағы
кәрістердің
саны – 98454 адам, 1959
жылы – 74 мың, 1999
жылы – 99657 адам.
Оларға тағылған
айып – Қиыр
Шығыста тұратын
кәрістердің
түр-түсі мен
келбеті жағынан
жапондықтарға
ұқсастығына
байланысты
«жапон тыңшылары»
болуында. Сол
желеумен жер
аударылып,
сенімсіз
халық деп
танылды. Соған
байланысты 1937
жылы 21
тамызда КСРО
Халық
Комиссарлар
Кеңесі мен
БКП(б) Орталық
Комитетінің
№1428-326 қаулысы
шығып, кәріс
халқын қиыршығыстық
өлкелердің
шекаралық
аудандарынан
қоныс
аударту
туралы
шешімі
орындалады.
Қазақстанға
көшірілген кәрістер
нақты түрде қоныс
аударудың
екі кезеңін
бастарынан
кешірді. 1-ші
кезең – 1937
жылдың күзінен
1938 жылдың көктеміне
дейін. Олар
уақытша
босатылған
жерлерде
болды (жертөлелер,
қоймалар, атқоралар
т.б.). Өздерімен
тек
киім-кешек,
жолға
арналып
есептелген
азын-аулақ
азық-түлік қорын
алған
болатын. 1938
жылдың көктемінен
кәрістерді қоныс
аудартудың
екінші кезеңі
басталды.
Олар жүк
вагонымен
тасымалданды.
Қазақ жеріне
бұл жылдары 100
мыңнан астам
кәрістер қоныстанған.
Олар
негізінен
Алматы, Қызылорда,
Оңтүстік Қазақстан,
Солтүстік Қазақстан,
Батыс Қазақстан
облыстарына
орналастырылды.
2. Қазақстандағы
неміс және
поляк
диаспоралары: 1936 жылы
КСРО ХКК құпия
қаулыларының
негізінде
Батыс
Украинадан қазақ
жеріне 15 мың
поляк және
неміс
шаруашылықтарын
көшіріп-коныстандыру
басталған.
Олар Солтүстік
және Оңтүстік
Қазақстан облыстарына
орналастырылды.
1936 жылдың 28 сәуіріндегі
құпия қаулымен
№776-120 «Қазақ
КСР-на
Украинадан
саяси
сенімсіз
поляктарды көшіру
туралы»
шешім қабылданады.
Аймақтан 35820
поляк көшіріліп,
оның 35739-ы қазақ
жеріне
орналастырылған.
1942 жылы
Саратов облысынан
Қазақстанға
2014 поляк қоныстанады.
Ресейдің
ішкі
аудандарынан,
Украинадан,
Белоруссиядан
және басқа да
республикалардан
арнайы қоныс
аударылғандардың
жалпы саны 1936
жылы 360 мың
адамға
жеткен. 1941 жылы
28 тамызда
КСРО Жоғарғы
Кеңесі
Президиумының
№21-60 «Поволжье
аудандарында
тұратын
немістерді қоныстандыру
туралы»
Жарлық шығады.
1941-1942 жылдары
фашистермен
байланысы
бар деген
айыппен жер
аударылған
немістердің
444005 адамы қазақ
жеріне
келеді. Кеңес
немістеріне қуғындау
соғыстан
кейін де жалғасты.
1948 жылы 26 қарашада
КСРО Жоғарғы
Кеңесінің
Жарлығы шығада,
онда неміс
халқы үшін
арнайы
елдендіру
режимі (тәртібі)
қаталданады.
Міндетті түрде
қоныстандырылған
жерден өз
бетінше
кеткені (қашу)
үшін 20 жыл
айдаудағы жұмыс
берілетін
болды.
ҚР
ресми мәліметтері
бойынша
осында тұрып
жатқан 957518
немістердің
1989 жылдан бері
613 мыңы Қазақстаннан
көшіп кеткен.
Қазақстандағы
1999 жылғы халық
санағы
бойынша
осында 353441
неміс халқы тұрып
жатыр.
3. Қазақстандағы
Солтүстік
Кавказ халықтарының
диаспорасы:
Қалмақ
халқын
депортациялау
1944 жылы КСРО Жоғарғы
Кеңесі
Президиумы Қалмақ
КСР-ның
жойылуы
туралы Жарлығы
(№1432-425) жариялағаннан
кейін 1944 жылдың
10 ақпанына
дейін жер
аударылған 92983 қалмақтың
қазақ жеріне
2668-і қоныстанады.
Жергілікті өкімет
органдары
оларға
киім-кешек,
азық-түлік бөледі.
1957 жылдың 9 қаңтарында
қалмақтардың
мемлекеті қайта
құрылып, 1958
жылдың 29
шілдесіне
дейін Қалмақ
автономиялық
облыс болып,
кейіннен Қалмақ
КСР-сы құрылған.
1943 жылы Қарашай
автономиялы
республикасы
жойылып, қарашайларды
көшіру
туралы қаулы қабылданады.
Жалпы саны 45,5
мың адам Қазақстанның
Жамбыл және Оңтүстік
Қазақстан
облыстарына
орналастырылады.
Қалғандары көршілес
республикалар
– Қырғызстан
мен Өзбекстанға
жіберіледі.
1936
жылы құрылған
Кабардин-Балкар
АКСР-нан 1944
жылы науырыз
айында 650 мыңдай
шешен, ингуш, қалмақ,
қарашайлар көшірілді.
Солтүстік
Кавказ түгелдей
балкарлардан
«тазартылып»,
республика
Кабардин
АКСР-і болып
атала
бастады. Қазақстанға
4660 балкар
отбасы қоныстанады.
1943 жылы 12 қазанда
Қарашай
автономиясы жойылды
да, 14 қазанда КСРО Халық
Комиссарлар
Кеңесі қарашайларды
жер аудару жөнінде
құпия қаулы қабылдады.
Соның
негізінде қарашайлардың
11711 отбасы (45529
адам) Қазақстанға қоныс
тепті. 1944 жылы 7
наурызда
Шешен-Ингуш АКСР-ін жою
туралы жарлық шықты. Қазақстанға
89901 отбасы (406375
адам)
орналастырылды.
Нақтырақ
айтсақ, қазақ
жеріне 1944 жылы
239768 шешендер
мен 78479
ингуштар
еліп
мекендейді.
Бұдан
басқа соғысқа
дейін және соғыс
кезінде Қазақстанға
4,5 мың қырым
татарлары, 37
мың гректер, 109,3
мың
месхеттік түріктер,
6 мың ирандықтар
қоныстанған.
Жалпы алғанда
осы жылдары
жоғарыда көрсетілгендердің
барлығын
есептегенде Қазақстанға
1,5 млн. адам жер
аударылған.
Тың
және тыңайған
жерлерді
игерудің
демографиялық
жағдайға әсері. 1954 жылдың көктемінде
«орталықтың»
ұйғаруымен
кеңес
мемлекетінде
тың және тыңайған
жерлерді
игеру туралы
шешім қабылданады.
Тың игеру
республиканың
Ақмола, Көкшетау,
Қостанай,
Павлодар,
Солтүстік Қазақстан,
Торғай
облыстарында
жүргізілді.
Тек 1954-1955 жж.
республикада
18 млн. гектар
тың жерлер
игеріліп, 337
астық
совхозы құрылады.
Қазақстанда
жалпы осы
жылдары 25 млн.
гектар тың
жер жыртылды.
Осының нәтижесінде
астық өндіру
артып, ол жан
басына шаққанда
2 мың кг
жетті.Тың
жерлерді
игеруге 1954
жылдың алғашқы
жартысында-ақ
тек Ақмола
облысына ғана
20 мыңнан
астам адам
жеткізілді. Мұның
сыртында өнеркәсіп
орындары 1386
маман мен
механизаторды
жіберген. 1954-1955
жылдары кеңшарларға
4,5 мың басқа ұлт
мамандары
келді, ал 1959
жылы олардың қатары
15 мың адамға
жетті. Сөйтіп,
1953-1958 жылдары
ауыл
шаруашылығына
барлығы 266,6 мың
механизатор
жолдама алды.
Бұл жылдары Қазақстанда
тың жерлерді
игеруге 20
миллиард
сомдай ақша жұмсалды.
Сонымен қатар,
тың игерудің
жағымсыз жақтары
да болды. Тың
және тыңайған
жерлерді
игеру Одақтың
басқа аймақтарындағы
еңбек
ресурстарын
тарту
есебінен жүзеге
асырылды. Іс
жүзінде бақылаусыз
миграция
басталды. 1954-1962
жж. аралығында
Қазақстанға
Одақтың
еуропалық бөлігінен
2 млн. жуық
адам көшіп
келді. Соның
салдарынан
Республикадағы
қазақтардың үлес
салмағы 30% ғана
болып, қазақ
тілі мен
этносының
дамып, сақталуына
қатер төнді. 1960
жылға дейін Қазақстанда
9 млн. гектар
жер эрозияға ұшырап,
құнарсызданды.
Қазақстандағы
тіл саясаты. «Тіл
туралы» Заң қабылданды.
Қазақстан
Республикасының
Конституциясы
бойынша қазақ
тілі
мемлекеттік
тіл деп
жарияланды. Бұл
тарихи оқиға,
себебі әкімшіл-әміршіл
жүйенің
кезінде біз
ана
тілімізден
ажырап қалғандай
болдық. Ұзақ
жылдар бойы үстемдік
жүргізген әміршіл-әкімшіл
жүйе ұлттық
республикалардың
дербестігін
барынша
шектеп,
белгілі бір халықтың
шаруашылық
дамуы мен ұлттық-мәдени
мүдделері
арасындағы қайшылықтарды
шиеленістіріп
жіберді. Өкімет
тарпынан қазақ
тілі жөнінде
жүргізілген
кемсітушілік
саясат оны
саяси-қоғамдық
өрістен шығып
қалуға әкеліп
соқтырды. М.Әуезов:
«Кім де кім қазіргі
уақытта ана
тілін, өзінің
әдебиетін
сыйламаса, бағаламаса,
оны сауатты,
мәдениетті
адам деп санауға
болмайды», -
деген. Қазақ
тілінің ауыр
халі
мемлекет
тарапынан
батыл шараларды
белгілеуді
талап етті. 1988-1989
жылдары қазақ
тілін одан әрі
дамытып,
беделін көтеру
мәселесі қоғамдық
орталарда, бұқаралық
ақпарат құралдарында
ашық талқылана
бастады. Нәтижесінде
1989 жылғы 22 қыркүйекте
«Тіл туралы»
Заң қабылданып,
қазақ тілі –
мемлекеттік
тіл, орыс
тілі – ұлтаралық
қатынас тілі
болып
жарияланды. Қабылданған
«Тіл туралы»
бағдарламада
оны іске
асырудың
барлық
шаралары қарастырылған.
Облыс, аудан
және қалаларда
тіл туралы бөлімдердің
ашылуы осы қамқорлықтың
айғағы. Радио
мен
телевидение
мемлекеттік
тілде жүргізілетін
хабарлар көлемін
ұлғайтып
келеді. 1997
жылдың 11
шілдесінде «Қазақстан
Республикасындағы
тіл туралы»
Заңына өзгерістер
енгізілді. Бұл
заң бойынша ҚР
мемлекеттік
тілі болып – қазақ
тілі
бекітілді. Бұл
тіл
мемлекеттік
басқару
органдарының,
заң шығару,
сот ісінің,
іс жүргізудің
тілі болып
саналады және
мемлекет
аумағындағы қоғамдық
қатынастардың
барлық
саласында қолданылады.
«Қазақстан
халқының басын
біріктіруші
маңызды қатынас
құралы болып
табылатын
осы
мемлекеттік
тілді білу – Қазақстан
Республикасының
әрбір
азаматының қасиетті
борышы болып
табылады»-
делінген Тіл
жөніндегі Заңның
4-бабында. Қазақстан
- өз Отаным
деп
есептейтін әр
азамат қазақ тілін
білуге
міндетті.
Мемлекеттік
тілдің өз дәрежесінде
болмауының
себептері.
Дегенмен, бүгінгі
таңда
мемлекеттік
тіл қоғамдағы
өз орнын ала
алмай тұр.
Оның сыры
тереңде
жатыр. Ең
алдымен «Тіл
туралы» Заңды
күшейту
керек. Өйткені,
ол өз дәрежесінде
орындалмай
отыр және қадағаланбайды.
Басқа дамыған
шет
мемлекеттердегі
сияқты
кадрларды жұмысқа
қабылдарда
мемлекеттік
тілді
білгендігі ескерілсе;
ел, үкімет
басшылары
жиналыстарда
қазақ
тілінде сөйлесе,
БАҚ-ның 100%
мемлекеттік
тілде шықса және
басқа да
талаптар
орындалса
мемлекеттік
тіл өз мәртебесіне
көтерілетіні
анық.
Қазақстан
халықтары
Ассамблеясы. Қазақстан
Республикасы
Президентінің
1995 жылғы 1
наурыздағы
Жарлығымен Қазақстан
халықтарының
Ассамблеясы құрылды.
Ол мемлекет
басшысы
жанындағы кеңесші
орган
ретінде
саналады. Қазақстан
көп ұлтты ел
болғандықтан
Ассамблея
осы ұлттардың
мүддесін
білдіріп,
олардың
арасындағы
татулық пен
ынтымақты сақтауға
көмектеседі.
Ассамблея, ұлттық
диаспоралар
арасында жүргізілетін
ұйымдастыру
жұмысының
орталығына
айналды. Қазақстан
халықтарының
тілі мен мәдениетін,
салт-дәстүрін
дамытуға ұлттық-мәдени
орталықтар (Тұран,
Армян, Корей
мәдени
орталықтары,
«Вонщен»-дүнген
қоғамдық және
мәдени
орталығы т.б.)
мен облыс әкімдерінің
жанынан құрылған
шағын
ассамблеялар
көмектеседі.
Олар қазақ
халқы мен 33
диаспораның өкілдері.
Ассамблеяның
күш-жігер жұмсауы
арқасында
Наурыз
мейрамы, ұйғыр,
корей, неміс,
татар, түрік
мәдениеттерінің
және т.б.
фестивальдарын
өткізу дәстүрге
айналды.
Ассамблеяның
жәрдемімен ұлттық
диаспоралар өздерінің
тарихи
отандарымен
байланыстарын
қалпына
келтіре
бастады.
Алматы қаласында
ұлттық
диаспоралар
оқырмандары үшін
«Отан» кітап
дүкені
ашылды.
Сондай-ақ, «Қазақстан»
телеарнасы
арқылы
«Достық»
тележурналы
шығып тұрады.
Ассамблея
Елбасының
жыл сайынғы
берілетін бейбітшілік
пен рухани
келісім
сыйлығына үміткерлерді
ұсыну мен
іріктеуге
араласады.
Тарихи оқиғалардың
қысқаша күнтізбесі:
Мерзімі |
Оқиға |
1937 -1938 жж. |
Қиыр
Шығыстан кәрістердің
Қазақстан
мен Орта
Азияға
депортациясы
|
1937 ж. |
Қазақстан
мен Орта
Азияға
курдтардың қоныстануы
|
1938-1939 жж. |
немістер
мен
поляктардың
Қазақстанға
қоныстануы |
1943-1944жж. |
Карачай,
балкар,
шешен, ингуш, қалмақ
халықтарының
депортациясы. |
1944 ж. |
Қырым
татарларының,
болгарлардың,
гректердің,
түрік-месхетиндықтардың
депортациясы |
1995 ж. 1 наурызы |
Қазақстан
халық
Ассамблеясының
құрылуы |
1997 ж. |
ҚР
«Тілдер»
туралы Заңы |
Авторитаризм-
өкімет
билігін бір
адамның
немесе бір өкімет
органының қолында
шоғырландырумен,
үкіметтік
институтардың
рөлі төмендетілуімен,
оппозицияның
барынша
азайтылуымен,
басқарудың
диктаторлық әдістерімен
сипатталатын
саяси режим.
Билік-
1) ерік, бедел, күш,
құқықтарды
пайдалана
отырып
адамдарға әсер
ете білу қабілеті;
2) саяси үстемдік,
саяси
органдар жүйесі,
саясатты жүзеге
асыру құралы.
Депортация-
биліктің нұсқауымен
жеке
адамдардың,
халықтардың
еріксіз, күшпен
жер
аударылуы.
Интеграция
– (лат. integratio қалпына
келтіру,
орындау; integer – бүтін,
тұтас) кейбір
бөлімдердің
тұтас болып қосылуы.
Миграция
– халықтың қоныс
аударуы, қозғалысы;
халықтың ел
ішіндегі
ішкі көші-қоны;
халықтың бір
елден екінші
елге қозғалысы,
сыртқы көші-қоны.
Ұлт-
(нация, лат. natio-
тайпа, халық)- қауымдастықтың
қалыптасу
процесінде
оның аумағы,
экономикалық
байланыстары,
тілі, мәдениетінің
ерекшелігі
мен мінез-құлқы
қалыптасатын
адамдардың
тарихи қауымдастығы.
Ұлттық
сұрақ - саяси,
экономикалық,
территориалдық,
құқықтық,
идеологиялық
және мәдени қарым-қатынастың
ұлттармен, ұлттық
топпен және
халықпен
арадағы тұтастығы.
Репрессия-
жазалау
шарасы,
мемлекеттік
органдар қолданатын
жаза.
Халық
санағы –
жалпы халықты
есепке алу.
Элита-
қоғамның қандай
да бір бөлігінің,
топтарының
неғұрлым көрнекті
өкілі.