Қазақстандағы
басқа ұлттар
немесе
этникалық
топтар
тарихы
Кеңестік
дәуірде Қазақстан
халқының
этникалық құрылымының
өзгеруі
Пайдаланылған
деректер мен әдебиеттер
Бүгінгі
мемлекеттердің
басым көпшілігінің
халқы көпұлтты
сипатқа ие.
Ресей
империясының
құрамында
болған кезеңде
және Қазақстанда
жүргізген
саяси-әкімшілік
реформалары
барысында
алғаш рет қазақ
халқының құрамында
үлкен өзгерістер
басталды. Қазақ
халқының ұлттық
құрамы
моноэтникалық
тұтастықтан
полиэтникалық
сипатқа ие
болды. Халық
саны жайлы мәліметтер
салық мөлшерін,
жер иелігі
мен жерді
пайдалану жүйесін
айқындау үшін
қажет еді.
ХІХ ғ.
60-жылдарынан
бастап Қазақ
жеріне орыс
шаруаларын қоныс
аудару ісі қолға
алынды. Бұл
шаралар жүйелі
түрде жүзеге
асырылды.
Орыс және
украин
шаруаларын Қазақстанның
барлық
облыстарына қоныстандыру
XIX ғ. 70-жылдары қарқын
алып, ғасыр
соңына қарай
ол жаппай
сипатқа ие
болды.
Осы
кезеңнен
бастап Қазақстанда
құрылған
облыстардағы
халықтың
этникалық құрамы
әртүрлі
болып қалыптаса
бастады.
Мысалы, Қазақ
жерінің
батысындағы
Орынбор қазақтары
облысында, Бөкей
Ордасында,
Орал казак әскерінде
қазақтардан
басқа
орыстар,
татарлар, қалмақтар,
армяндар, башқұрттар,
түркімендер, өзбектер,
еврейлер өмір
сүрді. Ал
Сібір қазақтары
облысында (Қазақ
жерінің солтүстік,
солтүстік-шығыс,
орталық аумақтары)
орыстар,
поляктар, татарлар,
башқұрттар, өзбектер,
қырғыздар және
т.б. қоныстанды.
Сонымен
бірге, Шығыс Қазақстан
аумағына
орыстар
арасындағы
ескі әдет-ғұрыпты
ұстанушылар
(старообрядцы)
патша үкіметі
мен шіркеу
тарапынан
жасалған әкімшілік
және діни тұрғыда
жасалған қысымнан
бас сауғалап,
сонау XVIII ғасырдың
60-жылдарында-ақ
қоныстанған
болатын.
1886 жылы Түркістан
өлкесінде қоныс
аударушыларды
орналастыру
тәртібі
туралы ереже қабылданды.
Қоныс аудару
саясатына ұйымдасқан
сипат беру үшін
және Қазақ жеріне
шаруалардың
ерікті әрі
бей-берекет қоныс
аударуын
шектеу мақсатында
1889 жылы
13-шілдеде
патша үкіметі
«Қазына
жеріне село тұрғындары
мен
мещандардың
ерікті қоныс
аударуы
туралы және бұрын
қоныс аударған
аталған
топтарды
есепке алу тәртібі
туралы» арнайы
ереже қабылдады.
Бұл ереже
бойынша қоныс
аудару
тиісті
органдардың
рұқсатымен ғана
жүзеге
асырылатын
болды.
Сондай-ақ, Ақмола,
Семей, Жетісу
облыстарында
қоныс аудару
аудандары нақты
белгіленді. 1891
және 1892
жылдары
аталмыш
ереже Торғай
мен Орал
облыстарына
да енгізілді.
Ресейден
шаруаларды қоныс
аудару
тиісінше қазақ
жерін тартып
алу арқылы жүзеге
асырылды. 1885–1893
жылдары Ақмола
және Семей
облысындағы қазақтардың
иелігінен 284,843
десятина құнарлы
жер тартып
алынды. Қоныс
аудару тасқыны,
әсіресе,
Жетісу
облысына күшті
болды. 1868–1880
жылдар аралығында
бұл облысқа 3,324
шаруа отбасы
көшіп келген.
Сол себепті 1891
жылы Ішкі
істер министрлігі
Жетісуға қоныс
аударуға
арнайы шешім қабылдағанға
дейін тыйым
салған
болатын.
Патша
үкіметінің қоныс
аудару
саясатында
Сібір темір жолы
Комитетінің
рөлі маңызды
болды. Қазақ
жері арқылы
Транссібір
темір жолының
178 шақырымды құрайтын
бір бөлігі өткен
еді. Ол Темір
жолдың осы бөлігі
үшін патша үкіметі
2,5 млн
десятина жер
кесіп алуды және
бұл жерге 160 мың
адамды қоныс
аударуды
жоспарлаған-ды.
Патша
үкіметінің
жоспарлы жүргізілген
қоныс аудару
саясаты нәтижесінде
1897 жылғы санақ
есебі
бойынша
Далалық өлкеде
қазақтар – 77%,
орыстардың үлес
салмағы 20%, басқа
ұлт өкілдерінің
барлығын қоса
есептегенде
– 3%-ды құрады.
Ал Түркістан өлкесінде
мұндай көрсеткіштер
төмендегідей
болды: «жергілікті
бұратаналар» – 94,4%, орыстар
– 3,7%, басқа халықтар
– 1,9%.
Санақ
материалдарының
өзіндік
ерекшеліктері
де болды.
Санақ
негізіне
халықтың
этникалық
емес, адамның
тілдік қатынасы
басты нысан
ретінде алынды.
Егер
украиндар,
белорустар,
еврейлар өздерінің
ана тілі деп
орыс тілін
атаса, онда
олардың ұлты
орыс деп
жазылған.
Сондай-ақ,
татарлардың, өзбектердің,
қырғыздардың
кейбіреуі
ана тілі
ретінде қазақ
тілін (сол
кезде қырғыз
немесе қырғыз-қайсақ)
атаса, олардың
да ұлты қазақ
деп
тіркелген.
Өз
кезегінде қазақтар
санақ науқанына
патша үкіметінің
салық мөлшерін
ұлғайтуға бағытталған
шарасы деп, оған
әрдайым күдікпен
қараған. Сол
себепті көбінесе
отбасы мүшелерінің
санын
азайтып
беруге тырысқан.
Бұл шамамен қазақтардың
10%-ы 1897 ж. санақ
бойынша
есепке
алынбай қалуы
мүмкін деген
болжамға
жетелейді.
1897 жылғы
Ресей
империясындағы
санақ қорытындысы
бойынша Қазақстан
аумағында
барлығы 4 млн 147
мың адам өмір
сүрген. Санақ
нәтижелері
анықтағандай,
Қазақ жеріндегі
үлес салмағы
басым үш
этникалық
топты айқындауға
болады: халықтың
саны бойынша:
қазақтар
74–78%-ды, орыстар
10–13%-ды,
украиндар
1–2%-ды құраған. Ұлттық
құрамы жағынан
алғанда басқа
халықтар – 300
мың адам
немесе 7,2%
болды.
Мысалы, 1897 жылы Қазақстанда
55 мың татар, 55 мың
ұйғыр, 30 мың өзбек,
15 мың дүнген, 10,5
мың мордва өмір
сүрген.
Көпұлтты
Қазақстанның
қалыптасу
тарихы Цинь
империясының
Құлжа аймағынан
Жетісуға ұйғырлар
мен дұнғандардың
қоныс
аударуымен
де тығыз
байланысты. Бұл
аймақтағы
саяси жағдайға
жергілікті
халықтардың Қытай
үкіметіне қарсы
жүргізген ұлт-азаттық
күресі
елеулі әсер
етті. 1864 жылы
7-маусымда
Кучар қаласында
дүнгендер көтеріліске
шығып, ол бүкіл
Синьцзян
аумағын қамтыды
және оған ұйғырлар,
қазақтар мен қырғыздар
да қатысқан еді.
Алайда, 1877 жылы
бұл көтерілістерді
Қытай әскері Қашқарда
толығымен
басып-жаншыған
еді. Бұл аймақтағы
саяси жағдай
біршама тұрақтағаннан
кейін 1881 жылы 12
ақпанда
Петербургте орыс–қытай
келісіміне қол
қойылды. Бұл
келісім-шартқа
сәйкес сол өлкеде
тұрып жатқан
халыққа Қытай
немесе Ресей
бодандығын қабылдау
жөнінде таңдау
құқығы
берілді. Сол
себепті ұйғырлар
мен дүнгендердің
бір бөлігі
Ресей
империясы
аумағында тұруға
ниет
білдірді.
Ұйғырлар
мен дүнгендердің
Жетісу мен
Солтүстік Қырғызстанға
қоныс аударуы
1881–1883 жылдары жүзеге
асырылды. Бұл
аудандарға
барлығы 45 мың ұйғыр
(тараншы) және
5 мың дүнген қоныстанды.
Олар
негізінен Үсек,
Шарын, Шелек,
Талғар өзендері
бойына
орналасты.
Сондай-ақ,
олар тығыз қоныстанған
аудандарда
Жаркент, Ақкент,
Ақсу – Шарын,
Малыбай, Құрама
және Қарасу
болыстары ұйымдастырылды.
1897 жылғы санақ
мәліметтері
бойынша: дүнгендердің
саны – 14,130, ұйғырлардың
саны – 55,999 адамға
жеткен.
Қазақстанның
этникалық құрылымының
өзгеруіне
патша үкіметінің
революцияшыл
пиғылдағы
азаматтарды
жер аудару
саясаты да өз
әсерін
тигізген еді.
Дегенмен, ол
демографиялық
ахуалды қалыптастырудағы
шешуші
фактор
болмаса да, Қазақ
жерінде мұндай
фактілер
орын алғандығы
белгілі. Мәселен,
ХІХ ғ.
30-жылдарында Қазақ
жері Ресей
езгісіне қарсы
Польшадағы көтеріліске
қатысушылардың
саяси қоныс
аудару аймағына
айналды.
І дүниежүзілік
соғыс қарсаңында
Қазақстанда
60-қа жуық ұлттың
өкілдері өмір
сүрді. Олардың
қатарында
орыстар мен
украиндардан
басқа:
татарлар, ұйғырлар,
өзбектер, башқұрттар,
немістер,
поляктар, дүнгендер,
еврейлер, тәжіктер,
молдовандар
және т.б.
бар-тын.
Сонымен, Қазақстанның
Ресей
империясының
құрамына
енгеннен
кейін қалыптасқан
демографиялық
ахуалына тән
сипат – бұл
кезеңнің алғашқы
жылдарында
моноэтникалық
ерекшелік сақталып
келген болса,
ХІХ ғ.
50–60-жылдары Қазақстан
халқының ұлттық
құрамы өзгеріске
ұшырады. ХІХ ғ.
ІІ
жартысынан
бастап орыс және
украин
шаруаларын қоныс
аудару
саясаты
жаппай сипат
ала бастағаны
белгілі. Өмір
тауқыметі
мен патша үкіметінің
саясаты
оларды өз
атамекенін
тастап,
белгісіз
аймаққа қоныс
аударуға мәжбүр
етті. Бұл
жерде тағы
бір ерекше тоқтала
кететін жайт,
ол Қазақстанға
қоныс аударған
шаруалардың
көп бөлігі
1891–1892 жылдары
Ресейдің
еуропалық бөлігінде
орын алған қуаңшылық
пен егіннің
шықпай қалуына
байланысты
аштықтан бас
сауғалап, жан
сақтап қалған
болатын.
XX ғ. басында
Ресей
империясында
екінші жалпы халық
санағын өткізу
туралы мәселе
көтеріле
бастады. Алайда,
І дүниежүзілік
соғыс пен 1917
жылғы қос төңкеріс
бұл санақты
толық жүзеге
асыруға бөгет
болды. Дегенмен,
1916 жылы
мамыр–тамыз
аралығында
ішнара санақ
жүргізілген
еді. Ол
негізінен
ауылдық
жердегі тұрғындарды
қамтыды. Бұл
санақ
бойынша жинақталған
материалдардың
ІІІ томына Қазақстанның
6 облысы
бойынша мәліметтер
енгізілген. Бұл
деректерге қарағанда
қазақтардың
саны 3 млн. 994 мың
адам немесе
барлық халыққа
шаққандағы үлес
салмағы 50,7%-ды құраған.
1917 жылы
жазда ауыл
шаруашылық және
қалалар
бойынша санақ
жүргізілді. Бұл
санақ
бойынша тұрақты
тұрғылықты
жерінде сол
мезетте бар
адамдар
(наличное
население)
мен уақытша тұрмайтын
халықтың
есебі алынды.
Өткен жылғы
санақпен
салыстырғанда
1917 жылы қазақ
халқының
саны 446 мың
адамға
азайып, 3 млн. 548
мың адам ғана
қалған. 1917
жылы Қазақстанның
алты
облысындағы
орыс халқының
үлес салмағы
18,9%-ды, украиндар
– 10,3%-ды құрады.
Қазақ
жеріне
шаруаларды қоныс
аударумен
бірге
шетелдік
иммиграция құбылысы
да орын алды. 1897
жылғы санақ
материалдарында
«басқа
да келімсек» («прочее
пришлое») халықтар
(олардың
ішіне
иммигранттар
да кірген)
Далалық өлкеде
– 3%-ды, ал Түркістан
өлкесінде –
1,9%-ды құраған. 1917
жылғы 1-қаңтардағы
Ресей
империясының
санақ
материалдарында
бұл көрсеткіштер
тиісінше 4,3 және
3,3%-ға жеткен.
1910 жылы
Далалық өлкеге
1700 шетелдік
азамат
келген. Соның
ішінде Қытайдан – 274, Германиядан
– 188, Персиядан
– 144, Даниядан –
103, Австриядан
– 133, Түркиядан
– 82, Ұлыбританиядан
– 81, АҚШ-тан – 56,
Грециядан – 38,
Швециядан – 36,
Швейцариядан – 31, Италиядан
– 68,
Жапониядан –
39, Кореядан – 22,
Монғолиядан
– 270 адам
келген.
Сондай-ақ,
олардың ішінде
Румыния,
Черногория,
Нидерланды,
Финляндия,
Бельгия,
Болгария,
Сербия,
Венгрия,
Сальвадор,
Португалия
азаматтары
да болған.
Ресей
империясының
І дүниежүзілік
соғысқа қатысуына
байланысты Қазақстанда
ұлттық-отарлық
езгі де күшейе
берді. Ол өз
кезегінде
елдегі ұлттық
және әлеуметтік
қайшылықтарды
туғызды. Қоныс
аударушыларды
жерге
орналастыру қазақ
халқының
сорына
айналды. Қоныс
аударушыларды
жерге
орналастыру
жұмыстары
барысында қазақтардың
мал айдайтын
жолдарына
дейін алынып,
су көздеріне
бара алмайтындай
жағдайлар
жасалды.
Қазақстанның
этникалық құрамының
өзгеруіне І дүниежүзілік
соғыс
жылдарындағы
Қазақ жерінің
әскери тұтқындарды
орналастыру
аймағына
айналуы да
елеулі әсер
етті.
1914 жылдың
соңына қарай
Далалық өлкенің
солтүстік-шығыс
аудандары
мен Түркістан
өлкесінің
арнайы
орындарында әртүрлі
ұлт өкілдерінен
құралған 20 мыңға
жуық әскери тұтқындар
орналастырылды.
Қазақ жеріне әскери
тұтқындарды
жіберу 1812 жылғы
Ресейдегі
Отан соғысынан
бері орын алған.
Қазақстанның
экономикалық
тұрғыда
Ресейдің ықпалына
түсуі бірқатар
өндіріс ошақтарының
пайда
болуына алып
келді. Ең
алдымен
Ресей
капиталы Қазақ
жерінде
тау-кен өндірісін
игеруге
салынды.
Қазақ
жерін
экономикалық
тұрғыда
отарлау жол қатынасын,
әсіресе су және
темір жол көлігін
дамытуды
талап етті. Темір
жол қатынасының
пайда болуы өлкенің
этникалық құрамының
өзгеруіне де әсері
болды. Қазақ
жерін әскери-казактық,
шаруаларды қоныс
аудару және
экономикалық
тұрғыда
отарлау
барысында
400-ден астам
станицалар
мен
деревнялар,
30-дан астам қалалар
пайда болды. Қала
халқы
Ресейдің
орталық
аудандарынан
келген қоныс
аударушылар
есебінен өсе
бастады. Қалалардағы
халықтың
басым бөлігін
орыстар –
54%-дан 82,8%-ға
дейін құраса,
татарлар – 14,3%, қазақтар
– 16%, басқа ұлттар
– 3% болған.
1917 жылы
Қазақстанда
тұрып жатқан
халықтың
ішіндегі қазақтардың
үлес салмағы
59,8%-ды құрады. Қазақстанның
алты
облысындағы
1897–1917 жылдар
аралығындағы
халықтың
механикалық өсімі
1 млн. 301 мың адам
болды.
Сондай-ақ,
осы кезеңде
Ресейден басқа
аймақтарға қоныс
аударғандардың
төрттен бірі Қазақ
жеріне келді.
Ал 1906–1912
жылдары жүргізілген
Столыпиннің
аграрлық
реформасы
кезінде 360,7 мың қоныс
аударушылардың
80,6%-ы
Украинадан және
19,4%-ы Ресейдің оңтүстігінен
келді. Нәтижесінде
1917 жылы
орыстар мен
украиндар барлық
халықтың 29,4%-ын,
яғни 1 млн 745 мың
адамды құрады.
Кеңестік
дәуірде Қазақстан
халқының
этникалық құрылымының
өзгеруі
Қазақстан
халқы құрамының
көпұлтты
болып қалыптасу
үдерісі кеңестік
дәуірде одан әрі
күшейді. Оған
алғышарт болған
тарихи оқиғаларға
мыналар
жатты:
индустрияландыру
кезінде
жаппай сипат
алған
миграциялық үдерістер,
күштеп ұжымдастыру
мен саяси қуғын-сүргін
науқандары, тұтас
халықтарды күштеп
қоныс аудару,
Ұлы Отан соғысы
кезіндегі
бейбіт халықты
эвакуациялау,
тың және тыңайған
жерлерді
игеру және соғыстан
кейін
шикізаттық
бағытта өндіріс
орындарының
дамуы.
Кеңестік
алғашқы халық
санағы 1920 жылы
тамызда өткізілді.
Бұл санақты
ерекшелейтін
басым бағыты
– санақ
формулярында
ана тілі
туралы сұрақпен
бірге, адамның
ұлты да айқындалып
көрсетілген-ді.
Санақ
формулярын
толтыру сұрақ
беру әдісі арқылы
жүргізілді. 1920
жылғы санақтың
қорытындысы
бойынша Қазақстан
халқының
саны 5 млн 400 мың
адамды құраған.
1921 жылы
жазда Қазақстанда
қатты қуаңшылық
болып, Орал,
Орынбор, Ақтөбе,
Қостанай
облыстары
аумағындағы
егіннің
барлығы
дерлік күйіп
кетті.
Республикада
2,3 млн. астам
адам аштыққа ұшырады.
1922 жылы халық
саны 1914 жылмен
салыстырғанда
1 млн. астам
адамға азайғанын
көрсетті. Кеңестік
дәуірде Қазақстан
халқының
этникалық құрылымының
өзгеруіне жаңа
аумақтық-әкімшілік
бөліністің
де елеулі әсері
болғандығын
атап көрсетуге
тиіспіз. 1920
жылы 26
тамызда
РКФСР құрамындағы
Қазақ
автономиялық
кеңестік
социалистік
республикасы
(ҚазАКСР) құрылды.
Қазақ АКСР-нің
құрамына
Семей, Ақмола,
Торғай, Орал
облыстары
мен Маңғышлақ
уезі енді. Ал
Жетісу мен
Сырдария
облыстары Түркістан
Республикасының
құрамында қалды.
1921 жылы Қазақстанның
солтүстігі
мен батыс бөлігінде
және Батыс
Сібірде
межелеу
саясаты жүргізілді.
Жаңа әкімшілік
шекаралардың
белгіленуі нәтижесінде
Қазақ жерінің
бірқатар
аумақтары
Ресей
Федерациясының
Астрахан,
Орынбор, Қорған,
Омбы
облыстары
мен Алтай өлкесіне
беріліп, қазақтардың
бір бөлігі
сол аумақтарда
қалып қойды.
1924 жылы
27 қазанда
КСРО ОАК Қазақстан
мен Орта
Азияда ұлттық-аумақтық
межелеу
саясатын жүзеге
асыру туралы
шешім қабылдады.
Бұл саясат
бойынша құрамына
Тәжік АКСР –
енген Өзбек
КСР-і, Түркімен
КСР-і, РКФСР құрамында
болатын Қара-қырғыз
автономиялық
облысы және құрамына
Қарақалпақ
автономиялық
облысы
кірген Қазақ
АКСР-і құрылды.
Оған дейін Түркістан
Республикасының
құрамында
болып келген
Сырдария мен
Жетісу облыстарының
қазақ
аудандары Қазақстанға
қосылды. Қарақалпақ
автономиялық
облысы 1930 жылы Қазақ
АКСР-інің құрамынан
шығарылып,
РКФСР құрамына
енгізілді.
1926 жылы
17 желтоқсанда
екінші бүкілресейлік
халық санағы
жүргізілді. 1926
жылғы санақ қорытындысы
бойынша Қазақстанның
этникалық құрамы
төмендегідей
болып қалыптасқандығын
көрсетті: қазақтар
– 58,5%, орыстар – 20,6%, украиндар
– 13,9%, өзбектер –
2,1%, татарлар – 1,3%, ұйғырлар
– 1%, немістер –
0,8%. Ал сандық тұрғыдан
алғанда: қазақтар
– 3627612 адам,
орыстар – 1275056,
украиндар – 860201,
немістер – 51094,
татарлар – 79758, өзбектер – 129399, белорустар
– 25584, ұйғырлар –
63432, өзге ұлт өкілдері
– 88.453 адам болған.
1920 жылдардың
ортасынан
бастап
большевиктік
партияның
жоспары
бойынша Кеңестер
Одағында
социалистік құрылыстың маңызды
бағыттары жүзеге
асырыла
бастады.
Олар:
индустрияландыру
– аграрлық
елден дамыған
индустриялы
елге айналау;
ұжымдастыру
–
социалистік ұжымдық
ауыл
шаруашылығын
құру. Мұның бәрі
1928 – 1932 жылдардағы
І бесжылдық
жоспары
негізінде қауырт
түрде жүзеге
асырылуы
тиіс еді.
Алайда, бұл
міндеттерді
орындау
барысында күштеу
әдістері кеңінен
қолданылып,
оның
этнодемографиялық
зардаптары
да айқын көрінді.
Индустрияландыру
науқаны
барысында Қазақстанға
Ресейден,
Украинадан,
Белоруссиядан
және Кеңес
Одағының басқа
да өндірістік
аудандарынан
миграциялық
ағын күшейді.
Мысалы, 1928 – 1939
жылдары Қазақстандағы
қала халқының
механикалық өсімі
миграциялық үдеріс
барысында 1,8 млн
адамды құрады.
1930 жылдардағы
индустрияландыру,
ұжымдастыру
және күштеп
депортациялау
саясаты жүзеге
асырылған уақытта
Қазақстан
халқының ұлттық
құрамы үлкен өзгеріске
ұшырады.
Алайда,
голощекиндік
«кіші
қазан» науқаны
барысында қалыптасқан
аштық қасіретінің
нәтижесінде өз
жеріндегі қазақ
халқының
саны күрт
азайып кетті.
Оған мына
статистикалық
деректер айқын
дәлел бола
алады. Қазақ
АКСР-нің халықшаруашылық
есеп басқармасының
1930–1936
жылдардағы мәліметтері
бойынша Қазақстандағы
халық
санының
кемуі төмендегідей
көрініс
берген: 1930 ж. – 5873,0 мың
адам; 1931 ж. – 5114,0 мың
адам; 1932 ж. – 3227,0 мың
адам; 1933 ж. – 2493,5 мың
адам; 1934 ж. – 2.681,8 мың
адам; 1935 ж. – 2926,0 мың
адам; 1936 ж. – 3287 мың
адам.
1930 – 1932 жж. Қазақстаннан
КСРО-дан тыс жерлерге
қоныс
аударуға мәжбүр
болғандардың
саны – 1,3 млн.
адам болды.
Бұл кезеңде
республика
аумағына басқа
ұлт өкілдерінің
келуі жалғаса
берді. Қоныс
аударып
келгендер
республикадағы
орыс халқының
санын 12%-ға (1174 мың),
татарларды 30%-ға
(27 мың), белорустарды
22%-ға (6 мың) адамға
арттырды.
1920 жылдары
Қазақстанға қоныс
аудару ұйымдасқан
сипат алып,
ол күштеу-мәжбүрлеу
арқылы жүзеге
асырылды. Басқа
ұлт өкілдерінің
біздің
елімізге
келуіне
Ресейдің
орталығындағы
өндірістік
аудандарда
етек алған жұмыссыздық
себеп болған
еді. Сол кезеңде
ондағы жұмыссыздардың
саны 1,3 млн. жуық
адамға жетті.
Ондаған мың
адам күн көріс
қамы үшін Қазақстанға
Түркісіб, Қарағанды
көмір
бассейнінің
және т.б. өндіріс
нысандарының
құрылысына ағылып
келе бастады.
КСРО-ның басқа
аймақтарынан
жұмысшы күшін
ұйымдасқан түрде
жіберу
(вербовка)
науқаны
барысында 1931–1940
жылдары Қазақстанға
509 мың адам
келген.
Ал
олардың
барлығы
дерлік өндірістік
нысандар,
темір жол, қалалар
мен жұмысшы
кенттерінің құрылыстары
аяқталғаннан
кейін Қазақстанда
қалып қойды.
Мысалы, Түркісіб
темір жолын
салу құрылысына
30 ұлт өкілдері
қатысса, Балқаштағы
құрылыстарға
– 45, Ақмола – Қарталы
темір жол құрылысына
– 50 ұлттың өкілдері
атсалысқан.
1920 ж. соңы
мен 1930 ж.
басында КСРО
аумағында
аграрлық қоныс
аудару
саясаты жүзеге
асырылды. Бұл
саясат
барысында Қазақстанға
Ресейден,
Украинадан және
Кеңес Одағының
басқа да
аудандарынан
шаруашылығы
тәркіленген
дәулетті
шаруалар
(кулактар), яғни
арнайы қоныс
аударушылар
(спецпереселенцы)
қоныстандырыла
бастады. Сонымен
бірге,
КСРО-ның
еуропалық
аудандары
мен Сібірден
ерікті түрде қоныс
аударушы
шаруалар да
келе бастады.
Қазақстан
үшін аса ауыр
нәубет әкелген
ұжымдастыру
мен көшпелі
халықты күштеп
отырықшыландыру
науқаны еді. Өйткені,
кеңес үкіметінің
есепсіз
саясаты Қазақстанда
1930–1933 жылдарды қамтыған
үлкен аштыққа
алып келді. Қазақ
даласында бұрын-соңды
болып көрмеген
бұл аштықтан
ресми дерек
бойынша 1 млн 750
мың адам
немесе қазақ
халқының 42%-ы қырылып
қалды.
Аштық
пен қуғын-сүргіннен
бас сауғалап
1 млн 30 мың адам Қазақстаннан
тыс жерлерге
кетуге мәжбүр
болып, оның 616
мыңы қайтып
оралмады. 200 мыңға
жуық қазақ Қытай,
Монғолия, Ауғанстан,
Иран, Түркия
елдеріне
асып кетті.
Ал көршілес
республикаларға
аштықтан бас
сауғалап қоныс
аударған қазақтардың
саны 453 мың
адам болған.
Соған сәйкес
РКФСР-дағы қазақтардың
саны 2,3 есе, Өзбекстанда – 1,7 есе,
Түркменстанда
6 есе, Тәжікстанда
7 есе, Қырғызстанда
10 есе өскен.
Демограф
мамандардың
пікірі
бойынша аштық
қасіретінің
салдары Қазақстанның
демографиялық
дамуында 150–170
жыл бойында
айқын
сезіліп
отыратын көрінеді.
1937 жылы
Кеңес Одағында
кезекті халық
санағы өткізілді.
Алайда, оның
материалдары
жүйеленіп,
талдауға түспей
мұрағат қорларында
ғана сақталып
қалды.
Дегенмен,
кейін 1937 жылғы
санақ қорытындыларының
құпиялылығы
ашылып, жария
етілді. 1937 жылғы
санақ
бойынша КСРО
аумағындағы Қазақ
халқының
саны 2862458 адамды
құраған. Ал
атамекеніндегі,
яғни Қазақ
КСР-дегі қазақтардың
саны – 2181,520 адам ғана
болған. Қазақ
КСР-дегі халықтың
жалпы саны –
5126,676 адамды құраған.
Бұл
деректер
халық санының
өткен кезеңдермен
салыстырғанда
қаншалықты
кеміп
кеткенін айқын
көрсетіп тұр.
Сонымен
бірге, сол
кезеңдегі
идеологиялық
талаптарға сәйкес
ресми түрде 1930
жылдардағы
аштық туралы
айтуға тыйым
салынған
болатын. Кеңес
өкіметі 1937 жылғы
санақ қорытындыларын
дұрыс емес
деп тауып, 1939
жылы халық
санағын қайта
жүргізді. Қазақстан
халқының
этникалық құрамы
туралы
статистикалық
мәліметтер төмендегідей
болды: Қазақ
КСР-нің жалпы
халқының
саны – 6 млн 93 мың 507
адам. Олардың
ішінде: қазақтар – 38,0%; орыстар – 40,2%; украиндар
– 10,8%, 1,5–1,8% аралығында
немістер,
татарлар, өзбектер,
корейлер және
басқа ұлт өкілдері
– 3,3%.
ХХ
ғасыр қатаң
саяси-құқықтық
жүйе –
тоталитарлық
мемлекетті
тудырған еді.
КСРО-да
большевиктердің
күшпен депортациялау
тәжірибесі 1920
жылдары-ақ жүзеге
асырыла
бастаған
болатын. Бұл
кезде
Сібірге, Орал
мен Қазақ
жеріне
оппозиция
белсенділері,
ауқатты
азаматтар,
дін өкілдері,
бұрынғы
патша әкімшілігінің
чиновниктері
жер аударылған-ды.
1937 – 1940 жылдары
кеңестік
корейлер,
немістер, қырым
татарлары, қалмақтар,
балқарлар,
шешендер,
ингуштер, қарашайлар
мен месхет түріктері
барлық құқықтарынан
айырылған
еді. Оларды
шетелдік тыңшы,
диверсант
деген жалған,
ойдан шығарылған
айыппен басқа
жерлерге қоныс
аударды. Күштеп
қоныс
аударудың ауқымы
мен қатаңдығы
бұл шараның қуғын-сүргінге
ұшыраған
этникалық
топтарды қасақана
құртуды көздегенін
дәлелдеп тұрса
керек.
Аштық,
эпидемиялар,
тұрмыстық
келеңсіздіктер,
бір отбасы мүшелерінің
жан-жаққа бөлініп
кетуі және ең
бастысы – ойдан
шығарылған
жалған айып әрі
ресми
биліктің жау
пиғылындағы
көзқарасы
тек
адамдардың өліміне
ғана әкеліп қойған
жоқ еді, ол тұтас
этностарды
моральдық күйзеліске
ұшыратты.
Сталиндік
қуғын-сүргін
саясатына
байланысты Қазақ
жері жазалау
лагерьлерінің
аймағына
айналды.
КСРО-ның БОАК
мен ХКК 1929 жылы 6
қарашадағы
шешімімен қауіпті
қылмыскерлерді
қоғамнан
аластату мен
күштеп жұмыс
істету үшін
еңбекпен түзеу
лагерьлерін құру
белгіленді.
Осылайша Еңбек
лагерьлері
мен еңбек қоныстарының
бас басқармасы – ГУЛАГ
құрылды.
ГУЛАГ жүйесіне
60-тан астам
лагерь енді. Қазақ
жерінде
Дальний,
Степной,
Песчанный,
Камышлаг, Ақтөбе,
Жезқазған,
Петропавл
лагерьлері,
Кеңгір
арнайы
лагері, Өскемен
лагері
ашылды. Бұл
лагерьлер
ішіндегі ең
ірілері «Карлаг» (ерекше
режимдегі Қарағанды
лагері), «отанын
сатқандардың» әйелдеріне
арналған Ақмола
лагері – «АЛЖИР» болды.
Қазақстандағы
аса ірі
лагерьлердің
бірі – Карлаг 1930
жылы КСРО-ның
ХКК 13 мамырдағы
қаулысымен құрылды.
Қарқаралы
округі аумағынан
оған 110 мың
гектар жер бөлінді.
Карлаг ашылған
уақытта онда
47 ұлт өкілдерінен
құралған 2,567 «тұтқын» отырды.
Карлаг жүйесінде
292 шаруашылық
лагері, 26
ерікті қоныс
бөлімшесі
болды. 1931–1960
жылдар аралығында
Карлагта 1
млн. жуық
адам «жазасын» өтеген
екен.
Сонымен
бірге, Қазақ
жеріне ұлттық
белгі
бойынша күштеп
қоныс
аударылғандар
ағыны артты.
1931–1932 жылдары
Солтүстік
Кавказдан Қазақстан
мен Орта Азияға
38,104 отбасын (171 мыңнан
артық адамды)
қоныс
аударып
жіберді. 1930
жылы екінші
жартысында «сенімсіз
халықтар» деген
сылтаумен
батыс Украина
мен батыс
Белоруссия
облыстарынан Қазақстан
мен Кеңес Одағының
басқа да аумақтарына
поляк және
неміс
отбасылары (15
мың
шаруашылық
немесе 45 мыңға
жуық адам)
депортацияланды.
Мұндай тағдыр
тәлкегіне Қиыр
Шығыста өмір
сүрген қытайлықтар
(11 мың адам),
поляктар мен
латыштар, Әзірбайжаннан
ирандықтар (2
мың отбасы),
Армения мен
Нахичеваннан
809 күрд
шаруашылықтары
(7.325 адам) да ұшыраған
еді.
1936 жылы
ақпанда
Украинадан Қазақ
жеріне тағы
да неміс және
поляк
шаруашылықтары
қоныс
аударылды.
Олар негізінен
Оңтүстік Қазақстан,
Алматы, Қарағанды
және Ақтөбе
облыстарына қоныстандырылды.
КСРО ХКК 1936
жылы 21
мамырда қабылданған
«Дағыстан мен
Шешен – Ингуш
аумағынан
кулак
шаруашылықтарын қоныс
аудару
туралы» қаулысына сәйкес
Қазақ жері
мен Орта Азияға
1000 шаруа қожалығы
депортацияланды.
Ұжымдастыру
науқаны
барысында Қазақстанға
тәркіленген
250 мың кулак
шаруашылықтары
күштеп қоныс
аударылған.
Сондай-ақ, соғыс
қарсаңында Қазақстандағы
өндірістік құрылыстарға
басқа
республикалардан
1 млн. 200 мың адам
жіберілген-ді.
1937 жылы
21 тамызда «Қиыр
Шығыс өлкесінің
шекаралық
аудандарында
тұратын
корейлерді қоныс
аудару
туралы» құпия қаулыға
қол қойылды.
Кеңестік
корейлер
ешбір
сотсыз-тергеусіз
«жапон
тыңшылары» деп
айыпталып, шұғыл депортациялық
шараларға
ілінді. КСРО
ХКК мен БКП(б)
ОК қабылдаған
қаулысына сәйкес
Қазақстанға
100 мыңға жуық
корейлер қоныс
аударылды. 1937
жылы қыркүйек
– желтоқсан
аралығында Қиыр
Шығыстан Қазақ
жеріне 20789
корей отбасы
(98454 адам)
депортацияланды.
Депортацияланған
халықтардың
тарихы аса күрделі
кезең оқиғаларын
қамтиды. Қазақтар
1930 жылдардағы
бұрын-соңды Қазақ
даласында
болып көрмеген
аштық қасіретін
басынан өткізіп
отырса да,
осынау
тарихи сын сағатынан
сүрінбей өтті.
Қазақ халқы
тағдыр тәлкегімен
қоныс
аударылып
келген халықтардың
сақталып қалуы
мен
рухани-материалдық
тұрғыда қайта
түлеуіне мүмкін
болған көмегін
аяған жоқ-тын.
Қиын-қыстау
кезеңде қазақ
халқының көрсеткен
мейірбандығы
мен қонақжайлылығы
қоныс
аударылып
келген халықтардың
жадында сақталады
және ол ешқашан
ұмытылмақ емес.
Міне, бұл
тарихи тағдыр
қазақстандық
ұлтаралық
татулық
моделінің
негізі болса
керек.
1940 жылы
республикада
арнайы қоныс
аударылғандардың
жаңа
контингенті
пайда болды.
Бұл кезде
депортация құрығына
он мыңдаған
поляк ұлтшылдары
ілінді.
Олардың
ішінде Германияның
Польшаны
жаулап алғаннан
кейін бас сауғалаған
босқындары
да
депортацияланды.
1940 жылдың ақпан
– 1941 жылдың
маусым
айлары аралығында
Украина мен
Белоруссияның
батыс
облыстарынан,
Литвадан 380 мың
поляк
депортацияланып,
олардың көпшілігі
арнайы қоныстарға
орналастырылды.
Гитлерлік
Германиямен
Кеңес Одағы
арасындағы
соғыс
Поволжьедегі
неміс
автономиясын
жоюға алғышарт
болып, 1941 жылы күзде
Қазақ жеріне
361 мың неміс қоныс
аударылды. Қазақстандағы
немістердің
этникалық
тобының қалыптасуына
негіз салған
КСРО Жоғарғы
Кеңесі
Президиумының
1941 жылғы 28
тамызда қабылдаған
«Еділ
бойында тұратын
немістерді қоныс
аудару
туралы» (О
переселении
немцев,
проживающих
в районах
Поволжья)
Жарлығы
болды. Еділ
бойында тұратын
немістерге
сатқындық
айыбы тағылды.
Жарлықтың күші
кеңестік
неміс ұлты өкілдерінің
барлығына қолданылды.
Еділ бойы
немістерімен
қатар
москвалық,
ленинградтық
немістер де
жер
аударылып,
Украина мен
Кавказ
немістері
депортацияланды,
майданнан
солдаттар
мен
офицерлер шақыртылып
алынды. Сол
кезеңде
республикадағы
немістердің
жалпы саны 441713
адамды құрады.
1943–1944 жылдары
Қазақ жері
мен Орта Азияға,
Сібірге Солтүстік
Кавказ бен Қырымнан
басқа да
этникалық
топтар
депортацияланды.
Күштеп қоныс
аударылған
халықтардың
алғашқыларының
бірі – қарашайлықтар
болды. Оған
сылтау болған
қарашай халқының
жекелеген
тобының сатқындығы
мен қарақшылық
әрекеті-міс.
Осындай күдікке
сәйкес жедел
түрде 1943 жылы 12 қазанда
Қарашай
автономиялық
облысы
жойылып, 14774 қарашайлық
шаңырақ,
жалпы саны 69287
адам Қазақстан
мен Қырғызстанға
қоныс
аударылды.
Олардың 45529
адамы Жамбыл
және Оңтүстік
Қазақстан
облыстарына,
сондай-ақ 23300
адам Қырғызстанға
қоныстандырылды.
Қалмақтардың
тағдыры да
осылай
шешілді. 1943
жылы 27
желтоқсанда
негізсіз
айыптарды алға
тарта отырып,
Қалмақ АКСР-і
жойылды. Ал 92
мың қалмақ
(олардың 65%-ы қарттар
мен балалар) Қазақстан
мен Сібірге
депортацияланды.
1944 жылы
Кабардин-Балқар
АКСР-і
Кабардин
АКСР-і болып өзгертіліп,
ал балқарлар Қазақстанға
қоныс
аударылды.
1944 жылы
11 мамырда Қырым
АКСР-і де
жойылып,
жалпы саны 150,1
мың қырым
татарлары Қазақстанға
қоныс
аударылды.
Сонымен
бірге, Қырымнан
Қазақ жеріне
барлығы 7 мың
болгарлар
мен гректер
депортацияланды.
Ал
1945 жылғы қазандағы
есеп бойынша Қазақстанда
406375 шешен және
ингуш ұлтының
өкілдері болған.
1943–1944 жылдары
Солтүстік
Кавказдан, Қырымнан,
Закавказьеден
Қазақ жеріне
барлығы 507480
адам қоныс
аударылған.
Содай-ақ, 1944
жылы қарашада
Қазақстан
мен Орта Азияға
Месхетиядан
110 мың адам қоныс
аударылды.
Соғысқа
дейін
Грузияның оңтүстік
аудандарында
түріктер өмір
сүрген
болатын.
Мемлекеттік Қорғаныс
комитетінің қаулысы
месхеттік түріктердің
де тағдырын
шешкен еді. Қаулыда
қоныс
аударудың
себебі «шекара қауіпсіздігін
нығайту мақсатында» деп
көрсетілді.
Месхеттік түріктер
де Қазақстан
мен Орта Азияға
қоныс
аударылды.
Тағдыр
тәлкегіне ұшыраған
халықтар
арасында
ирандықтардан,
күрдтерден, әзірбайжан
мен
армяндардан құралған
2,5 мың шаңырақ
болатын. Олар
да Әзірбайжан
мен
Армениядан Қазақстанның
Жамбыл,
Алматы және Оңтүстік
Қазақстан
облыстарына қоныс
аударылған-ды.
Депортацияға
ұшыраған
халықтардың
барлығы
казармалық қатаң
тәртіп жағдайында
өмір сүрді. 1948
жылғы 26 қарашада
шыққан Жарлыққа
сәйкес бұрынғы
тұрған
жеріне рұқсатсыз
шығу 20 жылға
дейінгі
каторгалық жұмысқа
жегілумен
жазаланатын болды.
Кеңестер
Одағында
жаппай саяси қуғын-сүргін
саясаты белең
алған тұста
барлығы 3 млн
астам адам
депортацияланған.
Олардың
арнайы қоныстары
негізінен Қазақ
жері мен
Сібірде
орналасты.
Депортацияланған
халықтар Қазақстанның
барлық
облыстарында
дерлік құрылған
арнайы қоныстарға
орналастырылды.
Күштеп
қоныс
аударудың қайғы-қасіреті
өлшеусіз еді,
оны басынан өткізгендер
ешқашан ұмытпақ
емес. Бұрын өмір
сүрген
жерлерінде
олар барлық дүние
мүлкін
тастауға мәжбүр
болды. Жүздеген
мың «сенімсіз
халықтарды» мал
немесе
тауар
таситын
вагондармен әкелді.
Қоныстанушылар
арасында
эпидемиялық
жұқпалы
аурулар күшейіп
кетті.
Климаттық өзгеріс
пен өте ауыр
тұрмыстық жағдайлар
қоныс
аударушылар
арасындағы өлімді
көбейтіп
жіберді. Бірақ
депортациялық
саясаттың қатал
жағдайында
олар аман қалып
қана қоймай, Қазақ
өлкесінен жаңа
Отанын тапты,
өздерінің ұлттық
ерекшеліктерін
сақтап қалды,
көп ұлтты Қазақ
жерінде өзіне
лайықты
орнын алды.
1941 жылы 22
маусымда
басталған Ұлы
Отан соғысы Қазақстандағы
этникалық өзгерістердің
жаңа толқынына
себепші болған
еді. Қазақ
жеріне
майдан
шебіне жақын
жерлердегі
батыс
аудандардан өндіріс
орындарын
эвакуациялау
өте күрделі
жағдайда жүзеге
асырылды. 1941–1942
жылдары
республикаға
Украина мен
Орталық
Ресейден
200-ден астам өндіріс
орындары көшірілді.
Сонымен
бірге, Қазақстанға
майданға жақын
аудандардан
бейбіт халық
эвакуацияланған-ды.
1941 жылы
республикаға
386,5 мың адам
көшірілсе, ал
1942 жылдың
соңында тағы
500 мыңнан
астам адам
келді. Олардың
көпшілігі
кейін Қазақстанда
орнығып қалған
еді. Соғыс
кезінде кеңес
армиясы қатарына
1 196 164 қазақстандық
жауынгер шақырылды.
Өнеркәсіптің
стратегиялық
маңызды
салаларында
жұмыс істеу үшін
670 мың
адам еңбек
армиясына
мобилизацияланды.
Сонымен, соғыс
жылдарында Қазақ
жеріне 1,5 млн
эвакуацияланған
және
депортацияға
ұшыраған
халықтар
келді.
Соғыстан
кейінгі кезеңдегі
миграциялық үдерістер
де мейлінше
жедел қарқынмен
өзгеріп
отырды. Қазақстанға
бағыт алған
жаңа аса ірі
этникалық
толқын тың және
тыңайған
жерлерді
игеру науқанымен
және кең көлемде
жүргізілген өндірістік
құрылыспен
тығыз
байланысты
болды.
1954 жылы
Компартия ОК
пленумы «Елде
астық өндіруді
ұлғайту мен
тың және тыңайған
жерлерді
игеру» жөнінде қаулы
қабылдады. Кеңес
Одағы
басшылығы
нан тапшылығын
жоюды тың және
тыңайған
жерлерді
игеру арқылы
шешуді көздеді.
Кеңес Одағы
бойынша 1954
жылы 13,4 млн
гектар тың және
тыңайған
жерлер
жыртылды. Оның
ішінде Қазақстанда
6,5 млн гектар, яғни
50%. Тек 1954 – 1955
жылдары, бір
жыл ішінде Қазақ
өлкесінде жаңа
337 совхоз құрылды.
Олар Ақмола,
Көкшетау, Қостанай,
Павлодар,
Солтүстік Қазақстан
облыстарында
құрылды. 1954 – 1962
жылдар аралығында
тың игеру үшін
Қазақстанға
КСРО-ның тек
еуропалық бөлігінен
2 млн жуық
адам әкелінді.
Республикада
қазақ халқының
үлес салмағы
күрт төмендеп,
ұлттық тіл,
салт-дәстүр мен
халықтың әлеуметтік
институттарының
жойылу қаупі
туды.
Алайда,
иммиграциялық
қысым жалғаса
берді. Қазақстандағы
өндірістік құрылыс
пен көлік
саласы үшін жұмысшы
күшін жасақтау
науқаны ұйымдастырылып,
1954–1965 жылдары
республикаға
0,5 млн жуық
адам келді.
Олар
негізінен
Ресейден,
Украинадан,
Белоруссиядан,
Молдавиядан
және
Литвадан
келді.
Бұл үдеріс
жергілікті
халықтың
саны мен үлес
салмағының
одан әрі төмендеуіне
ықпал етті. 1959 жылы қаңтарда
соғыстан
кейінгі алғашқы
халық санағы
жүргізілді. Бұл
санақ
бойынша Қазақстан
халқының
саны 9,3 млн
адам болған және
ол 1939 жылғы
санақ
есебімен
салыстырғанда
52,5%-ы көбейгенін
көрсетті.
Республикадағы
этникалық
топтардың
арасалмағы төмендегідей
болып қалыптасты:
қазақтар – 30%, орыстар – 42,7%, белорустар
– 1,2%, кәрістер – 0,8%, ұйғырлар – 0,6%, әзірбайжандар
– 0,4% және басқа
халықтар – 5,5%.
Тоталитарлық
билік
саясатының нәтижесінде
Қазақстанның
көпұлттылық
сипаты тереңдей
берді. Бұл
жерде ерекше
ескерте
кететін жайт,
жергілікті
халықтың, яғни
қазақтардың үлес
салмағы 30%-ға
дейін төмендеп
кеткен еді. Бұндай
жағдай бүкіл
Кеңестер Одағында
жалғыз Қазақстанда
ғана қалыптасты.
Қазақстанның
ішкі жағдайында
да қазақтардың
қоныстануы
біркелкі
болмаған-ды.
Егер Оңтүстік
Қазақстанда
жалпы халыққа
шаққандағы үлес
салмағы 37,6%,
Батыс Қазақстанда – 52%-ды құраса,
бұл көрсеткіш
Шығыс және
Орталық Қазақстанда
18 – 19% болған.
1950 жылдардың
екінші
жартысынан
басталып
кейінгі жылдары
өз жалғасын
тапқан Қазақстан
экономикасының
даму қарқынының
өсуі жұмысшы
күшіне деген
сұранысты үнемі
алға тартып
отырды. Соған
сәйкес 1959 –1970
жылдары Қазақстан
қалаларына
Ресейден 480 мың
адам,
Украинадан –
72,3 мың адам
келді.
1970 жылы
қаңтарда
кезекті халық
санағы болып өтті.
Бұл санақ қорытындысы
бойынша Қазақстан
халқының
саны 13 млн адамды
құрап, 11 жыл
ішінде 40%-ға өскенін
көрсетті. Оның
ішінде қазақтар
– 32,6%, орыстар – 42,5%,
украиндар – 7,2%, немістер
– 6,6%, татарлар –
2,2%, ұйғырлар – 0,9%,
кәрістер – 0,6%, әзірбайжандар
– 0,4%, дүнгендер
– 0,1% және басқа
халықтар – 3,8%
болған.
Жоғарыда
келтірілген
статистикалық
деректерге қарағанда
1939 жылдан бері Қазақстандағы
саны жағынан
ең көп
этникалық
топ орыстар
болып қала
берді. Шығысславяндық
этностық тұрғыдан
келгенде,
тіпті олар
республика
халқының көп
бөлігін құрайтын
еді. Солай бола
тұрса да қазақ
халқының
демографиялық
дамуында түбегейлі
бетбұрыстың қалыптаса
бастағандығын
көруге
болады. 1959 – 1970 жылдары
қазақтардың
саны 1 млн 446 мың
адамға, яғни 51,9%-ға
өскен.
1960 жылдардан
бастап Кеңес
Одағының басқа
республикаларынан Қазақстанға
миграциялық үдерістер
азая бастады.
Ал 1970 жылдардың
ортасынан
бастап, әсіресе
1980 жылдардың
аяғында
миграциялық үдеріс
кері бағытқа,
яғни
республикадан
тыс жерлерге қоныс
аудару бағыты
орын алды.
1970–1985 жылдарда
еліміздің өндірістік
қуаты арта
берді. Мыңға
жуық өнеркәсіп
орындары мен
цехтар іске қосылды.
Маңғышлақ, Қаратау
– Жамбыл және
Павлодар –
Екібастұз
аумақтық-өнеркәсіптік
кешендері құрылды.
1979 жылғы
Қазақстандағы
халық санағы
бойынша
жергілікті
емес халықтың
саны 64,0%-ды құрады.
1979 жылғы санақ
Қазақстандағы
орыстар мен
орыстілді
халықтар
санының өсуі өзінің
шарықтау
шегіне
жеткенін көрсетті.
1979 жылы Қазақстан
халқының
саны 14 млн 684 мың
адамды құрады.
Олардың
ішінде: қазақтар
– 36%; орыстар – 40,8%,
немістер – 6,2%;
украиндар – 6,1%;
татарлар – 2,2%; өзбектер
– 1,8%;
белорустар –
1,2%; ұйғырлар – 1,0%;
корейлер – 0,6%; әзірбайжандар
– 0,5% және басқа
халықтар – 3,6% болды.
1979 жылы халық
санының өсуі
1970 жылмен
салыстырғанда
12,9%-ды ғана құраған.
Оның себебі – республикадағы
өзге ұлт өкілдерінің
Кеңес Одағының
басқа аймақтарына
қоныс
аударуымен түсіндіріледі.
1970 – 1979 жылдар
аралығында ең
жоғарғы өсім қазақтарда
болған – 25%; өзбектер
мен ұйғырларда
– 22%; әзірбайжандарда
– 21%, ал ең төменгі
өсім орыс халқында
байқалған – 8,5%. Қазақ
халқы санының
артуы,
біріншіден,
табиғи өсім
болса,
екіншіден, Өзбекстаннан,
Ресейден, Түркіменстаннан
және Қытайдан
қазақтардың өз
отанына
оралуына
байланысты
болды. Егер 1920
жылы Қазақстанда
өмір сүретін
этностардың
саны 38 болып
тіркелген
болса, ал 1970 жылғы
санақ
бойынша 114, 1986
жылы 120 этнос өмір
сүрген.
1989 жылы
қаңтарда
КСРО-дағы соңғы
халық санағы өткізілді.
Бұл санақ қорытындысы
бойынша Қазақстан
халқының
саны 16 млн.
адам болды. Қазақстан
халқының құрамы
сандық көрсеткішпен
төмендегідей
еді: қазақтар – 39,7%; орыстар
– 37,8%; украиндар
– 5,4%; немістер –
5,8%; татарлар – 2,0%; өзбектер
– 2,0%;
белорустар
мен ұйғырлар – 1,1%; корейлер
– 0,6%; әзербайжандар
– 0,5%.
1990 жылдардың
басында Қазақстанда
130-ға жуық ұлттар
мен ұлыстар тұрақты
өмір сүрген.
Олардың
ішінде қазақ,
орыс, неміс,
украин, өзбек,
татар, ұйғыр,
белорус,
корей халықтарының
үлес салмағы
95%-дан астам
еді. Ал
республикадағы
екі негізгі
этностар: қазақтар
мен
орыстардың үлес
салмағы 77,5%-ды,
жалпы саны 12
млн 760 мың
адамды құрады.
1979 – 1989 жылдар
аралығында
халықтың
жалпы өсімі 1 млн
780 мың адамды
немесе 12%-ды құраған.
Өсімнің ең жоғарғы
көрсеткіші қазақтарда
болған, ол 23,5%-ды
құрады. Жалпы
қазақ халқының
өсімі, жоғарыда
атап көрсетілгендей,
табиғи өсім
мен басқа
елдерден
Отанына
оралу үдерісімен
байланысты
болған еді.
Басқа
этностардың өсімі
табиғи өсім
негізінде қалыптасты.
Этнос
– халық, ұлт
Полиэтникалық – көпұлтты
Диаспора –
грек «daspore» -
шашырау, өз
этникалық
тобынан бөлініп
қалған топ.
Консолидация –
лат «konsolidation» - нығаю.
біршама тәуелсіз
халықтардың
және олардың
ірі
топтарының, әдетте,
тілі және мәдениеті
бойынша туысқан,
біріңғай, тұтас
этникалық
орталыққа қосылу
үрдісі.
Урбанизация
- өнеркәсіпті
және халықты
ірі қалаларға
жинақтау бағыты.
Депортация
– лат «departation» халықты
күшпен жер
аудару, қоныс
аудару.
Интеграция
– лат «integration»
бірлесу
араласу
деген мағына.
Демография
– халықтың өсіп-өнуі,
кемуі туралы ғылым.
Дифференциация –бүтіннен
бөлшекке
айналу
немесе саннан
сапаға
ауысуы.
Рефо́рма (лат.
reformo ) — заңдық
жолмен жүзеге
асырылатын қайтақұру.
Кез-келген
реформаның
мақсаты-мемлекеттің
негіздерін
нығайту мен
жаңарту
болып
табылады.
Эмиграция –
азаматтардың
өз елінен басқа
елге саяси,
экономикалық
т.б. себептерге
байланысты тұрақты
өмір сүру үшін
қоныс
аударуы
Миграция
– халықтың көші-қоны,
қозғалысы
Эвакуация
–қандай
да бір қауіп
төнген
орындардан,
шаруашылық
аудандарынан
адамдарды, кәсіпорындар
мен
мекемелерді, әскерді,
әскеи дүние-мүлікті
алып кету.
Империя
(лат.
тілінде) - үстемдік,
билік деген
мағынаны
білдіреді. Яғни,
бір
мемлекеттің
басқа халықтарды
жаулап алып,
оларға үстемдік
жүргізуі.
ІІ
Мемлекеттік
Думаның 1907
жылы 16
мамырда өткен
мәжілісінде
Бақытжан Қаратаевтың
сөйлеген сөзі.
(мәтіндегі «қырғыз-
қайсақ»
немесе «қырғыз»
деген
атауларды «қазақ»
деп
ауыстырылды -
авт.)
«Б.Қаратаев
(Орал облысы).
Қазақ
халқының
атынан бұл
мінбеден
ешкім сөйлеген
жоқ; біздің
мемлекетімізде
аграрлық мәселенің
шиеленісін
далалық
облыстарға
шаруаларды қоныстандыру
арқылы
шешпекші, нақты
айтатын
болсақ, ол
Орал, Торғай,
Ақмола, Семей
және Жетісу
облыстарының
аумағы. Орта
Азияға
шаруаларды қоныстандырып,
жер дағдарысын
шешуді қалайтындар
біздің оң жағымызда
отырған (мәжіліс
залындағы-авт.)
ағайындар.
Олардың көзқарасын
осы
парламентте
Егіншілік және
жерге
орналастыру
бас басқармасы
князь
Васильчиков
пен
Министрлер Кеңесінің
төрағасы
Столыпин өткізіп
отыр. Дәл қазіргі
кезде
Мемелекеттік
Думаның
бірде-бір
депутаты
азиялық
облыстарда
шаруаларды қоныстандыру
үшін жер бар
ма? деп сұраған
жоқ. Бұл аймақтарға
бас
ауыртпай-ақ
шаруаларды қоныс
аудара
беруге тәуекел
ететіндей
солтүстік
облыстардың
барлық аймақтары
табиғи-тарихи,
шаруашылық-статистикалық,
топырақтану
тұрғысында және
климаттық
ерекшелігі
жан-жақты
зерттелді ме?
деген сұраулар
болмады.
Қоныс
аудару арқылы
біз орыс
шаруаларына
да, қазақтарға
да қысым көрсетпейміз
бе, бұл қоныс
аудару арқылы
көшпелі қазақтардың
шаруашылығын
күйзелтіп, тоқырауға
ұшыратпаймыз
ба? деп сұраған
да ешкім
болмады.
Жергілікті
халықтың мүддесімен
санаспай жүзеге
асырылған қоныс
аудару әділ
іс болып
есептелмейді.
Онда ол әрдайым
күштінің әлсізге
күш көрсетуі
болып
табылады. Біз
дауласпайақ қоялық,
қазақтар өте әлсіз
халық, олар
дамудың төменгі
сатысында тұр;
сондықтан да
олармен тіл
табысуға
болады,
сондай-ақ, бұл
қазақтарға күш
қолдануға
болады
дегенді де
білдіреді.
Біз, қазақтар,
Ресейдегі
жер мәселесінің
кезек күттірмей
шешілуі
керек екенін
жақсы түсінеміз.
Біз
шаруалардың-
ағайындарымыздың
жерге деген сұраныстарын
терең ұғамыз,
егер бізде
артық жер
болса, онда
біз қуана-қуана
ығысқан
болар едік,
бірақ, біз оң
жақтағы отырған
жолдастарға
тіпті ұқсағымыз
келмейді. Өйткені,
олар
шаруалардың
жерге деген сұранысын
өздерінің
жер иемдену және
жерді
пайдалану құқықтарын
шектеу арқылы
шешкілері келмейді.
Оған себеп,
Далалық
облыстардағы
аумақтың көпшілік
бөлігі әлі
зерттелмеген,
ал оның
тарихи-табиғи
және
шаруашылық-статистикалық
жағдайы әлі
анықталған
жоқ. Бүгін,
біздің
депутатымыз
Тетепевенков,
Азияда ұлан-ғайыр
жер бар,
сонда
шаруаларды қоныстандыру
керек, осы
жол арқылы
жерге деген сұранысты
қанағаттандыруға
болады, деп сөйледі.
Ал,
белгілі ғалым
Щербина
Далалық
облыстардың
тек солтүстік
уездерін, тек
құнарлы Торғай,
Ақмола және
Семей
уездерін ғана
зерттеді,
бірақ
Щербинаға оңтүстік
уездерді зерттеудің
мүмкіншілігі
болмады. Егер
ауа райы мен
жер құнарлылығының
жағдайы түгел
зерттелінген
болса, онда
артық жердің
жоқтығына көз
жеткізген
болар едік,
себебі
Далалық
облыстардың
оңтүстік
уездеріндегі
жер қыртысы —
сортаң, құмды,
шөлді,
сусыз-шөлейтті
аймақ. Міне,
осындай аймаққа
қоныстандыру
мүмкін емес.
Дәл қазіргі
Ресейдегі
жер мәселесі
ушығып тұрған
жағдайда
егіншілік және
жерге қоныстандыру
мекемесі тек
шаруаларды қоныстандырып,
Далалық
облыстарға
шақырып қана қойған
жоқ, сонымен қатар
қазақтарды топ-тобымен
тұрған
жерлерінен, үйлерінен
қуып шығаруда,
тіпті олардың
көпшілік жағдайда
ауыл, село
болып отырықшылыққа
үйреніп, егін
салып отырған
жерлерін
тартып алып, қазақ
халқының
отырықшылыққа
үйренген құнарлы
жерлерінен ығыстырып
тастады. Бұны
мен ресми құжаттармен
дәлелдей
аламын. Әлі күнге
дейін көпшіліктеріңізде
қазақтар тек
көшіп-қонып жүреді
деген ұғым қалыптасқан.
Жоқ мырзалар,
олай емес, көшіп
жүретін қазақтар
да, отырықшы қазақтарда
да бар. Ол
Далалық
облыстардың
солтүстік
уездеріндегі
құнарлы жерлердегі
қазақтар
ондаған
жылдар бойы
отырықшылыққа
үйреніп, егін
егумен
айналысады.
Олардың бірі
ағаштан үй
салса,
екіншісі —
саман
кірпіштен
салған, үшіншісі
— күйген
кірпіштен, төртіншісі
— қарағайдан үй
салған; бір сөзбен
айтқанда, өз
тұрмыс деңгейіне
қарай әрбірінің
тұрғын және
шаруашылық үйлері
бар. Егін егу -
бұл отырықшы қазақтар
тұрмысының
негізгі көзі.
Ал, мал бағумен
айналысу
егіншілікке қарағанда
еңбекті аз
талап етеді,
ол қосымша
шаруашылық түрі
болып
табылды.
Сондықтанда, қазақтар
отырықшылыққа
үйренген соң,
ондаған
жылдар бұрын
олар ең жақсы
жерлерге
орналасқан
болатын: тұщы
сулы көлдер
мен суы тұщы өзендердің
жағаларына қоныстанды.
Жер мекемесі
немесе жер бөлуші
және жерге
орналастырушы
басқарма өкілдері
шаруаларды
Далалық
облыстарға қоныстандырып,
қазақтарды өздерінің
жайлы
орындарынан
ығыстырып қуып
шығумен
айналысуда.»
Төраға:
шешен мырза, 10
минут өтті.
Қаратаев:
Мырзалар,
Далалық
облыстарға қоныстандыру
туралы бізде әлі
ешкім сөйлеген
жоқ. Мүмкін,
Мемлекеттік
Дума кешірім
жасап, мені соңына
дейін тыңдар.
Төраға:
Онда аяқтаңыз.
Қаратаев:
Мырзалар, мен
шаруаларды
Далалық
облыстарға көшірудің
сипаты
туралы өз
баяндамамды
аяқтауға мүмкіншілігім
жоқ, бірақ
мен мынаны
айтамын —
Мемлекеттік
Дума әрқашан
да есінде ұстасын,
қазақтарды ығыстырып,
олардың
орнына
Ресейдің
ішкі жағындағы
помещиктердің,
130 мың
помещиктің мүддесі
үшін
шаруаларды қоныс
аударуда. Қазақтар
шаруалардың
жерге деген сұранысын
жеке
меншіктегі
жерлерді жою
арқылы
шешкісі
келген
оппозициялық
фракцияларға
әрдайым қолдау
білдіретінін
Дума түсінсін.
Сіздер
мынаны түсініңіздер,
дәл қазіргі
жағдайда қазақтарды
жерінен қуып
отырған жоқ,
оларды тұрып
жатқан үйлерінен
қуып шығып,
олардың
орнын
шаруаларға
босатып
беріп
помещиктерді
қорғап қалуда.
Орыс
халқының еңбекші
бұқарасы мен
орыс
интеллигенциясы
бишара қазақтардың
жерлерін
тартып алып қана
қоймай,
олардың тұрғын
үйлерін,
шаруашылық құрылыстарын
тастап
кетуге мәжбүр
етуін тоқтатуға
үн қосады деп
сенемін.
Осының барлығын
дәлелдейтін
менде көптеген
статистикалық
мәліметтер
бар, бірақ, өкінішке
орай, оны аяқтауға
мүмкіндік жоқ.»
Төраға:
Комиссияға
ол мәліметтеріңізді
беріңіз.
Жарыс сөзді
тоқтату жөнінде
36 адам қол қойған
ұсыныс келіп
түсті».(История
Казахстана в
лицах. Вып. 1,
Акмола, 1993 (43-45 бб))
Кесте
1937
жылғыжәне 1939
жылғы Қазақстан
халқының
этникалық құрамы
туралы
статистикалық
мәліметтер:
№ |
Ұлттар |
1937
жыл |
1939
жыл |
1. |
Қазақтар |
42,6 % |
37,9 % |
2. |
Орыстар |
37,4% |
40,2 % |
3. |
Украиндар |
10,7 % |
10,8 % |
4. |
Өзбектер |
2,2 % |
1,7 % |
5. |
Татарлар |
1,8 % |
1,8 % |
6. |
Немістер |
1.6 % |
1,5 % |
7. |
Белорустар |
|
0.5 % |
8. |
Ұйғырлар |
0,7 % |
0,6 % |
9. |
Корейлер |
|
1,6 % |
10. |
Әзірбайжандар |
|
0.2 % |
11. |
Дүнгендер |
|
0.1 % |
12. |
Басқаұлттар |
3 % |
3,1 % |
(Асылбеков
М., Галиев А. Социально-демографические
процессы в
Казахстане
(1917–1980 гг.). Алматы: Ғылым,
1989. С.187; Об
основных
показателях
Всесоюзных
переписей
населения 1939, 1959,
1970, 1974 и 1989 годов.
Алматы, 1996. С.10)
Пайдаланылған
деректер мен әдебиеттер:
1. Тәтімов М.Б.
Демография
– халықтану.
Алматы: Қазақстан,
1975. 50-б.
2. Первая
всеобщая
перепись
населения
Российской
империи 1897 г.
Астраханская
губерния. т.2,
тетр.2, СПб, 1904. С. 4, 42,
43; там же.
Акмолинская
область, т.82,
СПб., 1904. С.1–3,50–51;
там же.
Семипалатинская
область. т.84.,
СПб., 1905. С.1–3, 54–55;
там же.
Семиреченская
область. т.85.
СПб., 1905. С. 1–3, 52–53;
там же.
Сырдарьинская
область. т. 86.
СПб., 1905. С. 1–3, 56–57;
там же.
Тургайская
область. т.88.
СПб, 1904. С. 1–3, 38–39;
там же.
Уральская
область. т. 88. СПб, 1904. С. 1–3,
48–49; Базанова
Ф.Н. Формирование
этнического
состава населения
дореволюционного
Казахстана. //
Вестник АН
Каз.ССР, 1977. №7. С.59, 65; Алексеенко
Н.В. Население
дореволюционного
Казахстана (численность,
размещение,
состав, 1870–1914 гг.).
Алма–Ата: Наука,
1981. С. 82–84;
Кронгард
Г.К.
Национальный
состав
населения
Южного Казахстана
в конце XIX века.
Исторические
науки.
Алма–Ата, 1976.
Вып.3. С.34, 48–50.
3. Қазақстан
тарихы (көне
заманнан бүгінге
дейін). 5 томдық.
3-т. – Алматы:
Атамұра, 2002. 495-б.
4. Предварительные
итоги
Всероссийской
сельскохозяйственной
переписи 1916 г…
Степной край…
Пг. 1917, вып. 2. С. 4–75; Бекмаханова
Н.Е.
Многонациональное
население
Казахстана и
Киргизии в
эпоху
капитализма
(60-е годы 19 века
– 1917 г.). М., Наука, 1986.
С.180–181.
5. Поуездные
итоги
Всероссийской
сельскохозяйственной
переписи 1917 г.
по 57
губерниям и
областям. М., 1923.
С. 2–213.
6. ҚР
ОММ 44-қор,
1-тізбе, 49308-іс, 1, 1 қ.
пп.
7. ҚР
ОММ 64-қор, 1-т., 5963-іс.
8. Тынышпаев
М. История
казахского
народа.
Алма-Ата: Қазақ
университетi,
1993. С. 35.
9. Қазақстан
тарихы (көне
заманнан бүгінге
дейін). Бес
томдық. 3-том. –
Алматы: Атамұра.
2002.- 634–570-б.
10. Искаков
У.М. Учет и
перепись
населения
мира и
Казахстана:
Стат.
справочник.
Алматы,
Нацстатагенство,
1996. С. 12–13; Труды
ЦСУ. Т.1. Вып.3.
Предварительные
итоги
переписи 28
августа 1920 г.
население 58
губерний
европейской
и азиатской
России. М., 1921. С.
8–38.
11. Кан
Г.В.,
Шаяхметов
Н.У. Қазақстан
тарихы.
Алматы:
Алматыкiтап, 2009.
201-б.
12. Мендикулова
Г.М.
Исторические
судьбы
казахской
диаспоры. Алматы.
1997. С. 8, 10, 69–71.
13. История
переписей
населения и
этнодемографические
процессы в
Казахстане.
Алматы, 1998. С.31-39
14. Поляков
Ю.А. и др. Полвека
молчания .
Всесоюзная
перепись 1937 г. //
Социологические
исследования
1990. – № 6. – С. 21–23.
15. Сонин
М.Я. Воспроизводство
рабочей силы
СССР и баланс
труда. М., 1959. С.182.
18. Козыбаев
М.К. и др.
Коллективизация
в Казахстане:
трагедия крестьянства.
Алма-Ата, 1992. С. 28–30.
19. Вестник
статистики. –
1990. – № 7. – С. 65–79.
20. Асылбеков
М., Галиев А. Социально-демографические
процессы
в Казахстане
(1917–1980 гг.). Алматы: Ғылым,
1989. С.187.
21. Об
основных
показателях
Всесоюзных
переписей
населения 1939, 1959,
1970, 1974 и 1989 годов.
Алматы, 1996. С.10.
22. Кан Г.В. История
корейцев
Казахстана.
Алматы: Ғылым,
1995. С.41–78.
23. Назарбаев
Н. Ұлттық
бірлік –
біздің
стратегиялық
таңдауымыз.
Қазақстан
Республикасы
Президентінің
Қазақстан
халқы Ассамблеясының
XV
сессиясында
сөйлеген сөзі.
URL:http: // www.akorda.kz.
24. Назарбаев
Н. Поднятая
целина —
символ
дружбы и
созидания.:
Доклад на
торжественном
заседании,
посвященном
50-летию
освоения
целинных и
залежных земель
//
Казахстанская
правда. – 2004. – 7
февраля.
25. Жумасултанов
Т., Ибраев А.
Население
Казахстана с
древнейших
времен до
сегоднешних
дней. Алматы, 2000.
С. 35-36
26. Население
Казахстана в
1959–1970 гг.
Структурные сдвиги
и их оценка.
Алма-Ата, 1975. С. 91, 92.
27. Об
основных
показателях
Всесоюзных
переписей
населения 1939, 1959,
1970, 1979 и 1989 гг.
Алматы, 1966. С.11.
28. Население
СССР:
Справочник,
М. 1983. С.185;
Население
СССР 1987. М., 1987. С. 98–106.
29. Итоги
Всесоюзной
переписи
населения 1979 г.
по Казахской
ССР. С.228.
Численность
и состав
населения 1979
года: Стат.
сборник. М.,
ЦСУ СССР, 1985. С.116.
30. Численность
и состав
населения
СССР по данным
Всесоюзной
переписи 1979 г.
М., 1984. С.7.