Шетелдердегi
қазақтар
Қазақстан
тәуелсіздігінің
нығаюына, оның
өркениетті және
демократиялық
мемлекет
ретінде
дамуы – халықтың
рухани жаңғыруына
(консолидациясы)
негізгі
себеп болды.
Бұл тағдыр
жазуымен
тарихи
Отанынан
шеттеп қалған
біздің
отандастарымызбен
өмірдің
барлық
салалары
бойынша тығыз
байланыс
жасауға мүмкіндік
жасауда да
ерекше.
Қазіргі
кезеңде Қазақстаннан
сырт аймақтарда
бұрынғы
КСРО-ның 14
республикасында
және әлемнің
25
мемлекетінде
5 млн.-ға жуық қазақтар
әлі де алыс және
жақын шет
елдерде тұрып
жатыр. Әлемнің
әр елінде қазақтар
әр түрлі
саяси,
экономикалық,
мәдени және әлеуметтік
статусқа ие. Қазақтар
тұрақты тұрғын
(резидент)
ретінде
Ресей, Түркия,
Қытай, Монғолия,
Өзбекстан,
Батыс Еуропа
мен АҚШ-тың
кейбір
штаттарында
тұрады. Қазақ
ирредентасы
және
диаспорасының
өмір сүріп
жатқан
мемлекеттерімен
қатынас
жасау біздің
мемлекетіміздің
маңызды
компоненттердің
бірі болып
табылады. Қазақстанның
аталған
мемлекеттердегі
қазақ
диаспорасымен
қарым қатынасы
қазақ халқының
шетелдегі ұлт
ретіндегі әрі
қарай өркендеуіне
ықпал етеді.
Алғаш рет қазақ
тарихнамасында
Тайванның қазақ
диаспорасының
тарихындағы
орны мен маңызы
туралы мәселе
қаралды. Ол 1996
жылғы
шетелдік қазақ,
Тайван
университетінде
қазақ
жастарының оқуына
мүмкіндік
жасаған Дәлелхан
Жаналтаев ақсақалдан
алынған мәліметтер
болатын.
Қытай қазақтары.
Олардың саны,
тұрмысы, ұлттық
салт-дәстүрлердiң
сақталу
ерекшелiгi
Қазақ
диаспорасының
бір бөлігі Қытай
Халық
Републикасында
тұрады. Әдете
оларды «Қытайдағы
қазақтар»
немесе «Қытай
қазақтары»
деп атаймыз.
«Қытай қазақтары»
дегеніміз ҚХР-ның
азаматтығын
алған қазақтар.
Олардың
жалпы саны 1990 жылғы
санақ
бойынша 1 мил.
Аса боласа, Қазіргі
дерек
бойынша Қытайда
1 млн. 500 мыңнан
астам қазақ ұлтты
азаматтар тұрады.
Олар
негізінен ҚХР
Шыңжан Ұйғыр
автономиялы
аудан Іле қазақ
(СУАР)
автономиялы
облысына қарасты
Іле, Тарбағатай
және Алтай
аймақтарында
тұрады. Бұдан
басқа қазақтардың
біраз бөлігі Үрімжі,
Шықызы, Күйтін
қалаларында,
Санжы Хэйзу
(Дүнген)
автономиялы
облысының
Мори қазақтар
мекендейтін
аумағында, Құмыл
(Хами) аймағының
Баркөл
жерінде және
Аратүрік
(Ийуы шян)
аудандарында
тұрады, Шыңжанның
шығысындағы
Гансу өлкесінің
Ақсай қазақ
автономиялы
ауданында және
Пекин қаласында
тұрады.
Шанхай
қаласындағы қоғамдық
ғылымдар
Академиясындағы
зерттеу
институттарының
негізінде қазақстандық
ғалымдар мен
сарапшылардың
қатысуымен 2005
және 2006
жылдарда Орталық
Азиядағы
хал-жағдай
мен ШЫҰ
аясындағы
ынтымақтастықтың
перспективалары
туралы мәселелеріне
арналған
Халықаралық
конференциялар
болып өтті. Қазақ
диаспорасы
екі ел
арасындағы
тату көршілік,
достық
байланыстар
дамуының алға
басуына
септігін
тигізер қазақстан-қытай
қатынастарының
маңызды аспектілерінің
бірі болып
табылады. ҚХР
үкіметінің
ресми ұлттық
саясатына сәйкес,
шыңжаңдық қазақтар
“Чжуңхуа” ұлтының
құрамдас бір
мүшесі
саналады; 2)
осындағы қазақ
қауымы
ата-бабасының
кіндік қаны аққан
жерде жайғасқан.
Жергілікті
деректерге
негізделсек,
1916 жылдағы көтеріліс,
20-жылдардағы
азамат соғысы
және
30-жылдардағы қуғын-сүргін
мен нәубеттен
ауып келген қазақтардың
ұрпақтары
жергілікті қазақтардың
30% құрайды.
Сондықтан Шыңжаңдағы
1,5 млн. қазақ
алдағы 5-10 жылда
өз
атамекенін
тастап, Қазақстанға
үдере көшу мәселесінің
негізі жоқ. Қытайдағы
қазақтардың
– ұлттық
салт-дәстүрлердiң жағдайы
бір жүйеге түскен.
Мұнда қазақ
тіліндегі
газет-журналдар
мен кітап шығару
нақты жолға қойылған
және бірнеше қазақ
тілінде хабар
тарататын
телеарналары
мен радио желілері
үздіксіз жұмыс
істейді.
Шыңжаңда
қазақтың ғылым
және әдеби –
мәдени
саладағы
танымал қайраткерлері
де
жеткілікті.
Жалпы, Қытайдағы
қазақтардың ғылым
– білім
саласындағы
деңгейі жоғары.
Әсіресе, қалалық
жерде тұратын
қазақтар оқуға,
жоғарғы
білім алуға
айрықша мән
береді. Қазақ,
қытай
тілдерінен
басқа ағылшын,
жапон сияқты
шет тілдерін
меңгерген
жастар да аз
емес. Ұлт
ретінде ертеңгі
болашағын
ата жұртымен
байланыстыруды
үміттенген көптеген
қазақ
отбасылары өз
балаларын Қазақстанда
тұрақтанып қалу
мақсатымен оқуға
жіберуде.
Шыңжаң
орталық
телеарнасының
екі бірдей
3-ші және 8-ші қазақ
теле арнасы күнделік
8-10 сағаттық, Құлжа
қаласында 3
бірдей
телеарнада қазақша
бағдарламалар
қызмет көрсетеді.
Одан басқа
Орталық қазақ
халық
радиосының күнделік
10 сағаттық бағдарламасы
қызмет
істейді.
Сонымен қатар,
аралас тілде
“Балалар
арнасы”
теледидары,
Шыңжаң халық
радиосы,
орталық “Шыңжаң
газеті”, “Ғылым-техникалық
газет-журналы”,
“Қоғамдық ғылым
мінбесі”,
“Балалардың
түрлі-түсті
журналы”
секілді 20-дан
аса
газет-журнал
басылымдарынан
басқа Шыңжаң
киностудиясында
қазақ бөлімі
жұмыс
істейді.
Сонымен қатар,
өткен 2004 жылдың
қыркүйек
айында ҚХР
Білім
министрлігі ҚХР
Ұлттар
Университеті
басшылығының
қазақ, ұйғыр, қырғыз
кафедрасынан
қазақ бөлімін
жеке қазақ
тілі мен әдебиеті
факультетін құру
туралы
шешімін
бекітті.
Шеттегі қазақ
диаспорасының
ішінде Моңғолиядағы
қазақтар
тілін, дінін
сақтап келе
жатқан топтың
бірі. Баян-Өлгий
аймағындағы
тұрғындардың
97%-ы қазақтар.
Олардың өз
мектептері,
театры және ақпарат
құралдары
бар. Ал, Ұланбатырда
20 мың, сондай-ақ
Дархан,
Эрдэнэт,
Хэнтий,
Налайх және Түнхэл
сияқты өндірісті
аймақтарда
да қазақтың
біраз бөлігі
тұрады. Моңғолияның
Ұлттық
статистикалық
басқармасының
мәліметтері
бойынша
этникалық қазақтардың
жалпы саны 102 983
адам, яғни
монғолдардан
кейінгі
екінші
орынды
иеленеді. Олардың
ішінде Баян-Өлгей
аймағында 83 776
адам, Хобда
аймағында — 12 215,
Улан-Батор
мен оның төңірегінде
– 7 504, ал
Эрдэнэт,
Дархан, Бэрх
және Шарыгол өнеркәсіптік
аудандарында
– 4 245 адам тұрады.
Қазақстан
Республикасы
Елшілігінің
нақтыланған
мәліметтері
бойынша Моңғолияда
126 000-нан астам қазақтар
тұрады. М.Тәтімовтың
мәліметі
бойынша Моңғолияда
157 000 қазақ тұрады.
Мәліметтердің
алшақтығы бұл
мәселені
арнайы
зерделеуді
талап етеді. Қазақтардың
90%-нан астамы
Моңғолияның
батыс бөлігінде,
Баян-Өлгей
аймағында тұрады.
Республикаға
қазақтардың қоныс
аударуы Қазақстан
мен Моңғолия
арасындағы еңбек
нарығы мен
халықты жұмыспен
қамту
саласындағы өзара
ынтымақтастық
туралы
келісімге сәйкес
1991 жылдың қыркүйегінен
басталды.
Барлығы 83 000
адам көшіп
келді.
Кейіннен 12
000-нан астам қазақ
Моңғолияға
кері оралды. 70 278
адам Қазақстанда
өзінің жаңа
отанын тапты.
Түркиядағы қазақ диаспорасының көпшілігі негізінен өткен ғасырдың 50-ші жылдары Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының Алтай округінен («алтай қазақтары») көшіп барған және ХХ ғасырдың 80-ші жылдары Ауғанстан мен Ираннан босқын ретінде қоныс аударған қазақтардан тұрады. Стамбул консулдық округінде алтай (3450 отбасы) және ауған (740 отбасы) қазақтары тұрады. Түркияда тұратын қазақтар жинақы орналасқан. Түрік Республикасындағы диаспора өкілдерінің саны 2003 жылы 19 мың адам болған. 2005 жылғы мәліметтер бойынша 25 000 адам деп көрсетілген. Қазақтардың негізгі бөлігі (2750 отбасы) Мәрмәр теңізінің жағасында, Стамбулдың “Зейтинбурну” ауданында шоғырланған, 120 отбасы – Эгей теңізінің жағасында (Измир провинциясы), 80 отбасы шамасында - Нигде провинциясында, 60 отбасы – Анкарада және басқа провинцияларда тұрады. Қазақ диаспорасы Стамбулдағы қазақстандық елшілікпен өте тығыз байланыста. Олардың қолдауымен Наурыз мерекесі, Қазақстанның өнер шеберлерінің концерттері ұйымдастырылуда.
Өзбекстандағы
қазақтар саны
шамамен 1 млн.- 660
мың адам. Бұл
шетелдегі қазақ
диаспораларының
үштен бірін құрайды.
Олардың Өзбекстандағы
жинақы тұратын
жерлері Қарақалпақстан,
Ташкент қаласы,
Ташкент,
Навои, Жызақ,
Сырдария және
Бухара
облыстары.
Диаспораның
60%-дайы ауыл тұрғындары.
Олар мақта
мен күріш
егеді, мал
шаруашылығымен,
соның ішінде қаракөл
қойын өсірумен
айналысады. Қалалықтар
негізінен
білім беру,
денсаулық сақтау,
тұрмыстық қызмет
көрсету және
басқа да
материалдық
емес
салаларда жұмыс
істейді.
Этникалық қазақтардың
мемлекеттік
билік
органдарындағы
өкілділігі
лауазымды ұлтпен
салыстырғанда
өте төмен. Қырғызстандағы
қазақтар Соңғы
халық санағына
(1999 жылғы сәуір)
сәйкес мұндағы
этникалық қазақтардың
саны 42 657 адам. 2004
жылдың
басында қазақ
халқының мұндағы
саны 65 мың
шамасында.
Анағұрлым
жинақы
орналасқан
жерлері Шу
облысы (17 510
адам), Бішкек қаласы
(12 064 адам), Ыстықкөл
(6979 адам), Талас (3604
адам),
Жалал-Абад (1 130
адам), Ош (1200 адам),
Нарын (394 адам) және
Баткент (376
адам)
облыстары. 1999
жылғы ұлттық
халық санағы
мәліметтеріне
сәйкес 42 657 қазақтың
7546-сы ана тілін қырғыз
тілі деп, 2449 –
орыс тілі, 95 - өзбек
тілі деп көрсеткен.
Мұның
себептерінің
бірі қазақ
диаспорасы
жинақы тұратын
аудандарда қазақ
орта
мектептері
мен балалар
мекемелері жоқ
деуге болады,
ана тілінде
теле және
радио бағдарламар
таратылмайды.
Түркменстандағы
қазақтар 1995 жылғы
халық санағы
мәліметтері
бойынша Түркменстанда
86 987 қазақ тұрады
(елдегі халықтың
жалпы санының
4%). Олар
Дашогуз (33 000
адам), Балкан (22
000 адам), сондай-ақ
Марый және
Лебап уәлайяттарында
(облыстарында)
жинақы қоныстанған
және
негізінен
мал
шаруашылығымен
айналысады,
тамақ және мұнайөңдеу
салалары мен әлеуметтік
салада жұмыс
істейді.
АҚШ пен Батыс
Еуропа
(негізінен
ГФР, Франция,
Скандинавия)
елдеріндегі қазақ
диаспорасы оқуға
бару нәтижесінде
және «еңбек»
көші-қоны толқынында
қалыптасқан. Ұлыбританияда
қазақтар
негізінен
Лондон мен
Редингте тұрады,
бұл олардың кәсіби
бағдарымен қызмет
аясына
байланысты. Ұлыбританиядағы
қазақ
диаспорасының
өкілдерінің
көпшілігі
моноұлтты
некені қалайды.
Сондықтан,
оларға
этникалық түп
тамырын жоғалтпау
және
балаларын қазақ
тілі мен қазақ
халқының мәдениетіне
жақындастыру
маңызды. Осы
мақсатта 1992
жылы Ұлыбританиядағы
қазақтар қоғам
құруға шешім қабылдады,
өйткені 1985
жылы бұл елге
Түркия мен ҚХР
қазақтары оқу
және жұмыс
істеу үшін көшіп
келе бастады.
Бұл қоғамның
мақсаты Ұлыбританияда
тұратын қазақтардың
арасында
бір-бірімен
байланыс
орнату, сондай-ақ
этникалық
Отаны – Қазақстанмен
жан-жақты
байланысты
нығайту
болды. Мұндай
қадамдардың
бірі 1995 жылғы
маусымда Қазақстан
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Ұлыбританияға
ресми сапары
кезінде
жасалды, қазақ
диаспорасының
өкілдерін
Президент қабылдап,
олармен әңгіме
барысында
олар өз
проблемаларын
талқылады. Қазақ
қоғамы
берген мәлімет
бойынша
Лондонда Түркиядан
шыққан қазақ
диаспорасының
65 өкілі тұрады.
Бұған ҚХР, Қазақстаннан
және басқа
елдерден
келген қазақтар
кірмеген,
олар қазақ
диаспорасының
санын 100-120
отбасына көбейтеді.
ГФР-ға қазақтар
түрік еңбек көші-қонының
құрамдас бөлігі
ретінде
1960-жылдардың
ортасында көшіп
келе бастады.
Сонымен қатар,
Екінші дүниежүзілік
соғыс
кезінде
Алманияда
екі қазақ – түрік
азаматтығы
бар бұрынғы
легионерлер
тұрады.
ГФР-да қазақтар
Рура мен Рейн
өнерәкәсіптік
аймағындағы
жұмыстан басқа
қоғамдық-саяси
қызметпен
айналысты,
соның ішінде
Мюнхеньде
«Азаттық»
радиостанциясының
қазақ
редакциясында
жұмыс
істейді.
ГФР-дағы қазақтар
мына
жерлерде тұрады:
Мюнхеньде - 60
отбасы
немесе 300 адам,
Кельнде - 90
немесе 450,
Гамбургте - 4
немесе 20,
Батыс Берлинде
- 20 немесе 100,
Хайдельбергте
- 1 немесе 5,
Майнцте - 2
немесе 10,
Майндегі
Франкфуртте -
1 немесе 5. Барлығы:
178 отбасы немесе
890 қазақ. ГФР-да өскелең
қазақ
жастарының
арасында мәдени-білім
беру
шараларын өткізу
үшін Мюнхень
мен Кельнде
екі қазақ қоғамы
ұйымдастырылған.
1993 жылы
Мюнхеньде
«Еуропалық қазақ
түріктерінің
бюллетені»
шыға бастады.
Бірінші нөмірі
түрік
тілінде, ал
екіншісі қазақ
тілінде шықты.
Бюллетеньде
Түркиядағы,
Германиядағы,
Франциядағы,
Швециядағы,
Австриядағы, Ұлыбританиядағы,
Швейцариядағы
және Даниядағы
қазақ қауымдастықтарындағы
болып жатқан
оқиғалар
туралы ақпараттар
басылды, Ақпарат
беруші қазақтардың
мәліметтеріне
сәйкес қазіргі
кезде
Швецияда
30-дай қазақ
отбасы тұрады,
негізінен Түркиядан
барғандар.
Олар
Стокгольмде,
Евелде,
Вастераста,
Гетеборгте тұрады.
Соңғы уақыттары
олардың саны
осы елдің
азаматтарымен
некеге тұрған
Қазақстаннан
келген қазақтармен
толығуда. АҚШ-қа
қазақтар
Екінші дүниежүзілік
соғыстан
кейін көшіп
бара бастады.
Негізінен, АҚШ-тың
қазақ
диаспорасын
бірнеше топқа
бөлуге
болады: 1) бұрынғы
КСРО
азаматтары,
Екінші дүниежүзілік
соғыс
кезінде тұтқынға
түсіп,
Алмания аумағындағы
концентрациялық
лагерьлерде ұсталған,
одақтастар әскерлері
азат
еткеннен
кейін және
тексеруден өткен
соң өздерінің
өтініштері
бойынша Түркияға
тұруға
жіберілген,
кейіннен Түркиядан
Штаттарға көшіп
барған, онда қазір
олардың
екінші және үшінші
ұрпақтары тұрып
жатыр; 2) Түркиядан
келген қазақтар,
түрік еңбек көші-қонының
құрамында
келіп жұмыс
тапқан, бес
жыл тұрақты
(ешқайда шықпай)
тұрғаннан
кейін АҚШ
азаматы мәртебесін
алған; 3) ҚХР-нан
келген қазақтар,
АҚШ-қа
Жапония,
Тайвань арқылы
Тынық мұхитты
кесіп өтіп,
Тынық мұхит
жағалауында
оқуға немесе
жұмыс
істеуге қалып
қойған, сосын
елде
тіршілік ету
мүмкіндігіне
ие болған; 4) Қазақстан
Республикасынан
келген қазақтар,
оқуға немесе
жұмыс
істеуге
келген; 5) АҚШ
азаматтарымен
этникааралық
некеге тұрып,
азаматтық алғандар.
«Америка
этникалық
топтарының
Гарвард
Энциклопедиясына»
сәйкес
1960-жылдары АҚШ-та
20 шақты қазақ
отбасы болған.
Бұл 20
отбасының 13-і
осы елге
1960-жылдардың
ортасында көшіп
келіп,
Нью-Йорк,
Вашингтон
(Колумбия округі)
метрополиінде
және
Калифорния
штатында қоныстанған
бұрынғы
вермахт тұтқындарының
отбасы. 1996 жылы
Индиана
университетінің
(Блумингтон)
жанынан Қазақ
студенттік
ассоциациясы
құрылды, ол
жыл сайын
Наурызды
тойлайды, қазақ
халқының
салт-дәстүрлерімен
және әдет-ғұрыптарымен
таныстырады,
тақырыптық
конференциялар
өткізеді. АҚШ-тағы
қазақ
диаспорасы Қазақстан
Республикасы
қазақтарының
АҚШ
азаматтарымен
жасалған
этникааралық
некелерінің,
сондай-ақ
америкалық өкіметтің
Қазақстанның
көрнекті ғалымдары
мен
мамандарына
осы елде тұрып,
қызмет ету мүмкіндігін
беруі арқасында
өз қатарларын
толықтырып
отырады.
Қазақтардың
Дүниежүзілік
Қауымдастығы
жинаған мәліметтерге
сүйенер
болсақ, жақын
шетелдерде 3 000
137, алыс
шетелдерде 2 529 800
қазақтар тұрақтанған.Қазақтар
көп шоғырланған
мемлекеттер:Қытайда
– 2 000 260, Өзбекстанда
– 1 000 750, Ресейде
– 1 000 100, Монғолияда
– 150 000, Түркіменстанда
– 150 000, Қырғызстанда
– 95 000, Ауғанстанда
– 30 000, Түркияда
– 15 000, АҚШ-та – 14 000,
Тәжікстанда
– 10 000,Иранда –
10 000,
Германияда - 9
000-дай қазақ
бар екен.
Кеңес Одағы
тарап, Қазақстан
егеменділігін
алған соң
шетелдегі қазақтардың
Отанына бағытталған
көші-қонның ең
күшті толқыны
басталды. 1991ж.
бастап Қазақстанға
ТМД
елдерінен,
алыс
шетелдерден қазақтар
ағыла
бастады. Осы
1991ж-дан 1995ж-ға
дейінгі
аралықта
республикаға
137 919 қазақ көшіп
келді. Олардың
басым көпшілігі,
дәлірек
айтсақ 50,6%-ы
таяу
шетелден,
негізінен
Ресей, Тәжікстан,
Кавказ өңірінен,
алыс
шетелден –
Монғолия, Иран,
Түркия, Қытай,Ауғанстаннан
келген
иммигрант қазақтар.Ұлттық
қауіпсіздігімізді
сақтап қалу және
экономикамызды
жаңа еңбек
ресурстарымен
қамтамасыз
ету үшін
елбасымыз
2015жылға дейін
халық санын 20
млн-ға
жеткізу қажеттігін
баса айтып
келеді. 1991 жыл мен
2007 жылғы 1 қаңтар
аралығындағы
кезеңде Қазақстан
Республикасына
саны 565757 адам
болатын 143343 оралмандар
отбасы көшіп
келген.
Олардың
жартысынан көбі
(61,6%) Өзбекстаннан,
14,3% - Монғолиядан,
8,6% - Түркіменстаннан
және 6,7% - Қытайдан
келгендер. 2006
жылы
оралмандардың
көшіп келу
квотасына 14907 отбасы
(82471 адам) енген.
2009-2011 жылдарға
арналған "Нұрлы
көш" бағдарламасын
бекіту
туралы Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің 2008
жылғы 2 желтоқсандағы
N 1126 Қаулысы
бекітілді. Бағдарлама
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 28
тамыздағы N399
Жарлығымен
бекітілген Қазақстан
Республикасы
көші-қон
саясатының 2007 -
2015 жылдарға
арналған тұжырымдамасына;
Қазақстан
Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 28
тамыздағы N 167
Жарлығымен
бекітілген Қазақстан
Республикасының
2015 жылға
дейінгі аумақтық
даму
стратегиясына
және Қазақстан
Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 10
шілдедегі N 1149
Жарлығымен
бекітілген.
Бағдарлама
кезең-кезеңмен
жүзеге
асырылуда.
«Біз әлемнің
түкпір-түкпіріне
тарыдай
шашыраған қандастарымызды
жинау үшін Тәуелсіздік
жылдарынан
бері көп әрекет
жасап жатыр.
Соның нәтижесінде
1 млн.-нан
астам
отандастырымыз
елімізге
оралып, қауышып,
қуанып жатыр. «Нұрлы
көш» бағдарламасы
бойынша 3
жылда Қазақстанға
шетелден 300 мың
адамды көшіріп
алу
жоспарланған.
1992 жылы 28 қыркүйек
пен 4 қазан
аралығында
Алматы қаласында
Дүниежүзі қазақтарының
1-ші құрылтайы
өтіп, оған әлемнің
13 елінен 1200 қазақ
қатысты. Алыс
және жақын
шетелдерден
Түркия,
Германия,
Франция,
Норвегия Моғолия,
Қытай,
Австрия
елдерінен,
сондай-ақ Қазақстанның
түкпір-түкпірінен
өкілдер
келіп құрылды.
Ассоциация
басшылығына
Нұрсұлтан Әбішұлының
кандидатурысы
бірауыздан қабылданды.
Ұйым
басшысының
орынбасарлығына
Қазақстан
жазушылар
Одағының Бірінші
орынбасары Қалдарбек
Найманбаев
сайланды.
Ассоциация
президиумының
мүшелері
Делілхан
Жаналтай (Түркия),
Мырзатай
Жолдаспеков,
Алтынбек
Сарсенбаев
болды. Дүниежүзі
қазақтарының
2-ші құрылтайы
2002 жылдың 23-24 қазан
аралығында Түркістан
қаласында өтіп,
оған әлемнің
36 елінен 700 қазақ
қатысты. Дүниежүзі
қазақтарының
3-ші құрылтайы
2005 жылы Астана қаласында
өтіп, оған әлемнің
32 елінен 314 қазақ
қатысты.Құрылтайдың
ашылу
салтанатында
елбасы өз сөзімен
ашты. Құрылтайда
шетелдердегі
жоғарғы оқу
орындарында
оқитын қазақ
диаспораларының
балаларына
жағдай жасау
және тарихи
Отандарына
оралуларына
инвестиция бөлу
мәселелері қаралды.
Сондай-ақ,
бизнес
байланыс
жасау; қазақ
диаспораларынан
республиканың
экономикалық
өмірінен ақпарат
алу, кәсіпкерлікті
дамыту; мемлекетпен,
бизнес қауымдастықтарымен
байланыс
орнату. 2011
жылдың
мамырдың
25-інде
Астанадағы тәуелсіздік
сарайында Қазақстан
Республикасы
Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың
қатысуымен Дүниежүзі
қазақтарының
ІҮ құрылтайы
салтанатты түрде
ашылды. Құрылтайда
алға қойылған
міндеттердің
біріншісі
Парламент қабырғасында
қаралып жатқан
«Халықтың көші-қоны
туралы» заң
жобасына
айтылар ұсыныстар
мен
енгізілер өзгерістерді
бірлесіп әзірлеу.
Екінші
міндет – «Нұрлы
көш»
жобасының
екінші кезеңін
жүзеге
асыруды қолға
алу. Құрылтайға
әлемнің 13
елінен 365
делегат қатысты.