Қазақстан
- ядролық
апат ауданы
Қазақстан
- ядролық
апат ауданы
Қазақстан
- ядролық
апат ауданы
Екінші
дүниежүзілік
соғыстың аяғында
АҚШ
Жапонияның
Хиросима мен
Нагосаки қалаларын
бомбалау арқылы
алғаш рет
атом қаруын
сынады. Оның
зардабын
жапон халқы бүгінгі
күнге дейін
тартуда. Бұл қасіретті
оқиға әлемдегі
жанталаса қарулану
мен алпауыт
елдер
арасындағы қайшылықты
туғызды. Ол
капиталистік
және
социалистік
жүйе
арасындағы «қырғи
қабақ соғысына»
алып келді.
Мысалы, бүкіл
әлем бойынша
1980 жылдары әскери-өндірістік
кешендерде
шамамен 60 млн
астам адам қызмет
еткен.
Шикізат түрлерінің
5% әскери салаға
жұмсалған. Әрине,
әлемдегі
жаппай қарулану
халық
шаруашылығына
үлкен
зардабын
тигізді. Кеңес
Одағының
экономикасы
негізінен
шикізат өндіру
мен әскери-өнеркәсіп
кешеніне қызмет
етуге бағытталды.
Әскери-өнеркәсіп
кешен үшін 9
министрлік қызмет
етті. Олардың
талабы
кедергісіз
орындалып тұрды.
Қазақстан өнеркәсібінің
негізгі бөлігі
одақтық
министрліктердің
қарауында
болды. Одақтық
министрліктер
республиканың
мүддесін көздемеді,
әлеуметтік
салада, ұлттық
кадрларды
дайындауда, қоршаған
ортаны қорғауда
(Семей
полигоны мен
Аралдың
экологиялық
апатқа ұшырауы)
қиыншылықтар
туындады.
Соғыстан
кейін Кеңес
Одағы жедел түрде
атом
бомбасын
жасау үшін әскери
базалар салу
жоспарын
белгіледі. КСРО
басшылығы
атом қаруын
сынайтын
полигон салу
туралы шешім қабылдады.
Әскери
мамандар ол үшін
Семей
облысын таңдап
алды. Семей
ядролық
полигонының
аумағы - 8,372
шаршы км құрады.
Орналасқан
жері Семей,
Павлодар, Қарағанды
облыстарының
түйіскен
аудандары.
Кеңес үкіметі
Семей
полигонын
салуда
жергілікті
халықпен, Қазақстан
басшылығымен
санасқан жоқ.
Полигон қызметкерлері
үшін құпия әскери
қала -
Курчатов қаласы
салынды. Сөйтіп,
Қазақ жері Кеңес
Одағының
ядролық
полигон аймағына
айналдырылды.
1949
жылы 29
тамызда күші
20 килотонна
болатын алғашқы
атом бомбасы
Семей
полигонында
сыналды. Осы күннен
бастап КСРО
ядролық қаруы
бар ел екенін
жариялады.
Семей полигонында
1949-1963 жылдарда 124
жер үстінде,
ал 1963-1989 жылдары 354
жер асты сынақтары
жасалған.
1963 жылы
тамызда Мәскеуде
«Ауада,
ғарышта және
су астында
ядролық сынақтар
жасауға
тыйым салу
туралы»
Шартқа қол қойылды.
Бұл шарттың қазақстандықтар
үшін маңызды
еді. Өйткені,
Семей ядролық
сынақ
полигонында
енді ауада
атом сынағы
жасалмайтын
болды. Оның
полигон қасіретін
шегіп отырған
халық үшін аз
да болса
пайдасы
болды.
Ядролық
сынақтардың Қазақстан
халқына
тигізген
зардаптары өте
ауыр болды.
Полигон аймағында
тұратын халық
ионды
радиация сәулесіне
ұшырады. Соның
салдарынан
онкологиялық
ауруларға
шалдыққандар
саны көбейді.
Мысалы, Семей
облысы халқының
1975-1985 жылдары
онкологиялық
аурулардан қайтыс
болғандар
саны 7 есеге өсті.
Сәуле
ауруына ұшыраған
адамдар да
осы аймақта
жиі кездесті.
Дәрігерлерге
ионды
радиация
салдарынан
туындаған
ауруларға дәл
диагноз қоюға
тиым салынды.
Ядролық сынақтардың
адам
денсаулығына
зияны туралы
мәліметтерді
Кеңес үкіметі
1990 жылға дейін
жасырып
келді.
Онымен
қоса, Семей
атом
полигонында
зиянды 200 жер
асты нысаны
(штолня)
болды.
КСРО-да
жасалынған 715
ядролық
жарылыстың
470-і Қазақстанда
жасалды.
Қазақ
жерінде
жаппай әскери-кешендердің
салынуы атом қаруын
жетілдіру бағытындағы
жоспарлы жұмыстар
болатын. 1985 жылға
дейін
елімізде әскери-өнеркәсіп
кешенінің 43
ірі кәсіпорны
салынды.
Қазақстанда
Семей
полигонынан
басқа Каспий
маңы
ойпатындағы
Азғыр
полигонында
17 жер асты
жарылысы,
республиканың
басқа
жерлерінде –
21 жарылыс
іске асырылған.
Гурьев
облысында
жаппай қырып-жоятын
қарудың 17 түрі
сыналған.
Батыс Қазақстан
өңіріндегі
Капустин Яр
полигонында
11 рет әуе
ядролық сынақтары
өткізілген.
Сондай-ақ, Ақтөбе,
Оңтүстік Қазақстан
облыстарында
да құпия
полигондар жұмыс
істеді.
Бактериологиялық
қаруларды
сынау
полигондары
Арал теңізіндегі
Барсакелмес
және
Возрождение
аралдарында
орналасты. 1967-1970
жылдары Маңғыстау
облысы аумағында
жасырын түрде
үш рет жер
асты ядролық
сынағы өткізілді.
Бұл
полигондардың
адам денсаулығына
тигізген
зиянымен
бірге,
экономикалық
зардаптары
да ұшан теңіз
болатын. Мәселен,
әрбір тәжірибелік
қондырғы мен
оны жер
астында сынақтан
өткізуге
орта есеппен
30 млн сом қаржы
жұмсалып
отырды. 1980
жылдары Қазақстандағы
полигондар
мен әскери нысандар
аумағы 18 млн
га жерді алып
жатты. Соның
салдарынан
ауыл
шаруашылығына
жарамсыз
болып қалған
жерлер 720
шаршы км құрады.
6717 км2
орналасқан
Байқоңыр ғарыш
айлағында да
экологиялық
жағдай өте күрделі
болды. Қазақстан
территориясының
4,6 млн га аумағы
пайдаланған
зымырандар қондырылатын
жерге
айналды.
1970-1980
жылдары Қазақстан
мен Орта
Азияда мақта
мен күріш
шаруашылығын
дамытуға
арналған
экономикалық
жоспарлар
жасалды. Олар
тағы бір
экологиялық
апатқа алғышарт
жасап берді.
Экономиканы
директивалық
жоспарлау әдісі
салдарынан қоршаған
ортаны қорғау
мәселелеріне
жете көңіл бөлінбеді.
Жоспарлау ғылыми
тұрғыда жан
жақты
негізделмегендіктен
аймақтағы
экологиялық
тепе-теңдік бұзылды.
Осының
салдарынан
Арал теңізінің
экологиялық
мәселесі
туындады. Оның
себептерінің
бірі -
Сырдария мен Әмудария
өзендерінің
суын мақта
мен күріш өсіру
үшін
пайдаланудағы
есепсіздік
болатын.
Сырдария мен Әмудария
өзендерінің
суын мақта және
күріш
егісіне
есепсіз бөлуден
Арал теңізіне
құйылатын су
мөлшері күрт
азайып кетті.
Оңтүстік Қазақстан
мен Өзбекстанда
суармалы
егіс алқаптары
артты.
Осындай
есепсіздік
салдарынан
Арал теңізінің
27 мың шаршы км
аумағы құрғап
қалды. Сол
кезеңде Арал
теңізінің деңгейі
14 метрге, аумақтық
көлемі 40%, су көлемі
65% азайды.
Тартылған теңіз
түбі тұз ошағына
айналды. Теңіз
түбінен тұз көтеріліп,
Арал аймағының
климаты күрт
нашарлады. Мұндай
жағдай
эпидемиялық
гепатит,
туберкулез
ауруларының өсуіне
әкеп соқты,
сонымен қатар
онкологиялық
аурулардың көрсеткіші
бұл
елді-мекенде
одақ көрсеткішінен
15 есе асып түсті.
Аймақ тұрғындарының
80% әр түрлі сырқаттарға
шалдықты.
Адам өлімі, әсіресе
балалар өлімі
көбейді. Арал
теңізінің
суы жағасынан
120 км алыстап,
деңгейі 49 м
дейін төмендеді.
Теңіз Кіші және
Үлкен Арал
болып екіге бөлініп
қалды. Арал
теңізінің құрғауы
тек Қазақ
еліне ғана
емес, бүкіл
Орталық
Азиядағы
экологиялық қасіретке
айналды. Ғалымдар
теңіз түбінен
ұшатын тұздың
мыңдаған шақырымға
дейін
жететінін дәлелдеді.
Соның
салдарынан мұздықтарды
еріту, егінді
аймақтарды тұздандыру
арқылы табиғатқа
зиянын
тигізу
жиіледі.
Сонымен
бірге, Арал өңірінің
шаруашылығы
да қатты
зардап шекті.
Бұрын балық
шаруашылығымен
айналысып
келген мыңдаған
адамдар жұмыссыз
қалды. Аймақтағы
елді-мекендер
қаңырап бос қалды.
Семей
полигоны мен
Арал теңізі
сияқты
экологиялық қасіреттер
қазақ ұлтының
генофонына үлкен
қауіп төндіруде.
Қазақстандағы
экологиялық
апат аймақтары
кеңес үкіметінің
солақай
саясатының
салдарынан
туындағаны
халықтың
наразылығын
туғызған еді.
Халықтың
жаппай қолдауына
ие болған қоғамдық
қозғалыстың
бірі 1989 жылы
белгілі ақын әрі
қоғам қайраткері
Олжас Сүлейменов
ұйымдастырған
«Невада-Семей»
экологиялық қозғалысы
болды. Бұл қозғалыстың
белсенділігі
нәтижесінде
1989 жылға
жоспарланған
18 сынақтың
11-іне жол
берілмеді. Қозғалыстың
мақсаты
Семей ядролық
полигоны мен
басқа да сынақ
полигондарын
жабу еді.
Сондай-ақ,
Балқаш және
Арал мәселесі
жөнінде
комитет құрылып,
оны ақын, қоғам
қайраткері Мұхтар
Шаханов басқарды.
1991 жылы 29
тамызда Қазақстан
Президенті
Семей ядролық
полигонын
жабу туралы жарлыққа қол
қойды.
Түсіндірме
сөздік:
Мемлекеттік
бюджет
–
мемлекеттік
салықтар мен
басқа да көздер
арқылы жинақталатын
қаржылық қоры.
Осы бюджет арқылы
қаржы қоғамның
барлық
салаларына бөлінеді.
Экология – қоршаған
табиғи орта.
Мароторий – уақытша
тиым салу, тоқтату.
Генофон – халықтың
ұрпақ жалғастыру,
өсіп-өну мүмкіндіктері.
Директивалық
жоспарлау – нұсқаулар
мен бұйрықтар
арқылы
экономиканы
жоспарлау.
Қонаев
Д.А. «Ақиқаттан
аттауға
болмайды»: «... қандай
тапсырма
болмасын, бәрі
жоғарыдан – Мәскеуден
беріледі.
Мына аудандағы
пәлен деген
жер,көлемі
сонша метр,
мынадай
мерзімге
дейін түгеннің
қарамағына бөлінсін
дейді. Ол талқыланбайды,
тап-тұйнақтай
орындалады.
...Оған қайран қалуға
болмайды. Қазақ
жерін әскери
мақсат үшін
алу туралы қаулыға
тікелей
Сталиннің өзі
қол қойған. Қылышынан
қан тамып тұрған
заманда сен өйтпедің
деу – қақаған
аязда жылы үйде
отырып, күннің
күйіп тұрғаны-ай
деп, жейдесін
шешкен
кісінің
тірлігімен
бірдей іс.
Семей
полигонының
жайы осылай.
Семей
полигоны аяғынан
тік тұрған
кезде тұңғыш
сынақ
Л.Берияның
тікелей
басшылығымен
өткені енді ғана
аян болып
отыр. Әскери
ведомство көп
мәселені
сырт көзден
жасырып, өз
ішінде ғана
шешіп отырды
және
ешкіммен
санаспайтын».
Брежнев
Леонид Ильич
(1906, Украина,
Днепродзержинск
қ. - 1982, Мәскеу)
Мемлекет және
қоғам қайраткері,
Кеңес Одағының
жетекшісі, яғни
СОКП ОК Бас
хатшысы (1966-82). Жұмысшы
отбасында дүниеге
келген.
Днепродзержинск
металургия
институтын
1935ж. бітірген.
1947ж.
Днепропетровск
обл. партия
комитетінің
І-хатшысы, 1950ж. Молдавия
КП ОК
І-хатшысы болған.
1954ж. ақпанда Қазақстан
КП ОК
ІІ-хатшысы, 1955ж.
тамызда
І-хатшысы болып
сайланған. Қазақстанда
орталықтың үстемдігін
одан әрі нығайту
мен тың және
тыңайған
жерлерді
игеру ісіне
басшылық
жасады. 1960-64ж.
КСРО Жоғарғы
Кеңесі Төралқасының
төрағасы, 1964ж.
СОКП ОК Бас
хатшысы
болып
сайланды. Л.Брежнев
басшылық
еткен кезеңде
«Кеңес
империясында
кемелденген
социалистік құрылыс
жеңді» деген
негізсіз
ресми тұжырым
жасалды.
Алайда, КСРО
экономикалық
және саяси қайшылықтар
мен тоқыраудан
шыға алмады.
Л.Брежнев
ішкі
саясатта әкімшілдік-әміршілдік
жүйені орнықтырды.
Ел ішінде
армияның, қауіпсіздік
органдары
мен партиялық
бақылауы күшейді.
Л.Брежнев
билік жүргізген
кезеңде 1968ж. Кеңес
армиясы
Чехословакияға,
1979ж. Ауғаныстанға
басып кірді.
Халықаралық қарым
қатынас
мейлінше
шиеленісіп
кетті. Әскери
әлеуетті күшейту
жолындағы бәсекелестік
Кеңес Одағының
саяси және
экономикалық
дағдарысқа ұшырауына
себеп болды.
Л.И.Брежневты
мақтау,
орынсыз мадақтау
әрекеттеріне
кеңінен жол
ашылып, ол 220-дай
кеңестік және
шет елдік
ордендермен,медальдармен
марапатталған.