80-ші жылдардың екінші жартысы мен 90-шы жылдардың басындағы Қазақстан Компартиясының саяси дағдарысының салдары- Коммунистік партияның ыдырауы

 

Қазақстан тарихының кеңестік дәуірінде Қазақстан Компартиясы қызметінің алатын орны және оның тарихын саралау қажеттігі. Қазақстан комсомолы ұйымының тарихы. Республиканың белгілі даму кезеңдеріндегі комсомол ұйымының қызметі. Мектептердегі пионер ұйымы және оның қызметі.

 

80-ші жылдардың екінші жартысы мен 90-шы жылдардың басындағы Қазақстан Компартиясының саяси дағдарысының салдары- Коммунистік партияның ыдырауы

Горбачев Михаил Сергеевич

Қосымша деректер

Қазақстан комсомол ұйымының тарихы. Республиканың белгілі даму кезеңдеріндегі комсомол ұйымының қызметі

Ғани Мұратбаев

Қазақстандағы мектептердегі пионер ұйымы және оның қызметі

Глоссарий

Пайдаланылған әдебиеттер

 

80-ші жылдардың екінші жартысы мен 90-шы жылдардың басындағы Қазақстан Компартиясының саяси дағдарысының салдары- Коммунистік партияның ыдырауы. 1985 жылдың сәуірінен бастап КОКП, қоғамның жетекші күші есебінде «Қайта құру» бағытын қолға алды. «Қайта құру» КСРО-ның қоғамдық-саяси және экономикалық өмірін түбегейлі өзгертуге тиіс болатын. Нәтижесінде жариялылыққа, сөз бостандығына, орталық пен одақтық республикалардың өзара қарым-қатынасын қайта қарауға, Коммунистік партияның айтарлықтай сынға ұшырауына, саяси жариялыққа, ең соңында көппартиялық жүйеге жол ашып берді. КОКП Кеңес Одағының қозғаушы және бағыттаушы күші беделінен айырылды. Коммунистік партияның банкротқа ұшырауы алдымен оның қоғамды экономикалық тығырықтан алып шыға алмауынан көрінді.

 

http://t1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSnconnmU3zSOgdexPJly4raoVgna1FmiwM9g-4-w8VByD9bqz8

 

Кеңестік Қазақстан

 

http://t1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRObKj3BtaO7h8YgTt1pCUVV2812WDq8yPfOYRZUmG0cT1DsckS

 

Д.А.Қонаев пен М.С.Горбачев

 

http://t0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRW20Kq-cBBn5bsHL6GMnbG5FV3wENfrnr1xe-3F6kchRybhgYc

 

Кеңестік ақша бірлігі-сом (рубль)

 

Қазақстан Коммунистік партиясының тарихы оның іс-әрекеті мен қызметіне баға беруде тек ақ пен қара жағын ғана назарда ұстағаны болмаса, кеңес дәуірінде өз дәрежесінде зерттелген жоқ. Іс жүзінде партия тарихының бірқатар өзекті мәселелері қозғаусыз қалып отырды. Қайта құру кезеңінде (1985-1991 жж.) ұжымдастыру, ұлт мәселесі көптеген еңбектерде жарық көріп, біздің еліміздің өткеніне шынайы көз жеткізуге деген қызығушылық байқалды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда партия қызметі елдің экономикалық және қоғамдық-саяси қызметі негізінде зерттеле бастады.

 

http://t1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTzuwQ-nPrDL9M0XOvUhCORSg3yLGQAAQ4JKGKBoCTIMPJXrGY6

 

М.С.Горбачев.

 

Горбачев Михаил Сергеевич (1931) - Ресейдің мемлекеттік қайраткері. 1990 ж. наурызда Кеңес одағының коммунистік партиясының бас хатшысы және сәуір айында КСРО-ның Президенті болып сайланды. Бас хатшы ретінде ол [КСРО]]-да болған фундаменталды өзгерістердің, жариялық пен қайта құрудың, Батыс Еуропа мен АҚШ арасындағы халықаралық қатынастардың өзгеруінде бастаушы болды. Горбачов Михаил Сергеевич - КСРО-ның алғашқы және соңғы президенті (1990-1991), Нобель сыйлығының лауреаты (1990). Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін (1955), Ставрополь ауыл шаруашылығы институтын (1967) бітірген. 1955-1966 жж. Ставрополь қалалық және өлкелік БЛКЖО комитетінде қызмет етті. 1966-1967 жж. Ставрополь қалалық партия комитетінің 2-хатшысы, 1970 жылдан 1-хатшысы, 1978-1985 жж. КОКП ОК-нің хатшысы, 1980 жылдан саяси бюро мүшесі, 1985-1991 жж. КОКП ОК-нің Бас хатшысы, 1989-1990 жж. КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.1990 ж. 15 наурызда халық депутаттарының кезектен тыс өткен 3-съезінде КСРО Президенті болып сайланды. Оның бүрынғы әміршіл-әкімшіл жүйені сақтай отырып, елдегі қоғамдық өмірді демократияландыруды ұсынған идеясының кеңестік империя жағдайында жүзеге асуы мүмкін еместігін 1986 ж. Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі және одан кейін орын алған Тбилисидегі, Бакудегі, Вильнюстегі оқиғалар көрсетіп берді. Горбачевті биліктен тайдырып, кеңестік империяны қайта нығайтуды көздеушілер Тамыз бүлігін ұйымдастырды. Горбачевтің кеңестік республикалар арасында жаңа одақтық шарт жасап, КСРО-ны қалай сақтап қалуға, КОКП-ны жаңа жағдайға бейімдеп реформалауға ұмтылған әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Тамыз бүлігінен кейін Ресей Федераңиясының Президенті Б.Ельциннің Жарлығымен КОКП қызметі шектелді. Беловеж келісімі (1991 ж., 8 желтоқсан) КСРО-ның ыдырағанын рәсімдеп берді. Осыған орай Горбачев өз қызметінің жойылғанын ресми жариялауға мәжбүр болды. Бұрынғы КСРО қүрамында болған республикалар Алматыда Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құрды (1991 ж., 21 желтоқсан). Горбачев 1991 жылғы желтоқсаннан бері Халықаралық әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер қорының президенті.

1985 жылдың көктеміне қарай елде экономикалық реформа жүргізу қажеттігі айқын сезілді. М.Горбачевтің билікке келуімен КСРО-да реформалар кезеңі басталды. 1985 жылы сәуірдегі КОКП ОК Пленумында «Жеделдету» және «Жариялылық» ұрандары көтерілді. Жеделдету экономиканы дамыту қарқынын жеделдетуді көздеді, бұл өкіметтің ел экономикасындағы проблемаларды шешуге дәстүрлі көзқарасын білдіретін еді. Жариялылық дегеніміз — жоғары сатыдағы басшыларды сынауға рұқсат беруден басталып, тарихи санаға еркіндік әперіп, сөз бостандығына алып келді. Жариялылық ресми емес ұйымдардың ашық бой көрсетуіне көмектесті. Коммунистік партия қоғамның ресми пікірін білдіруші рөлінен айырылды. Партия көзқарасына келіспеушілік білдіруге жол ашылды. Нәтижесінде партияның өз ішінде бөліну, ыдырау байқала бастады.

 

http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRT3QPLFiBHmaZ4tqS_s9bwTC1A23M0A7GfYzMUL3ZWZYPE3IZ3 http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTkcGd7iKJkDpcIr0tCM_6sS_TtExBlIQk3CUjJYMMakZYUBp-mvg http://t1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSUUH-GAXXBWGhUuHfTCHVPW2kdphbC091mGaffGofG4TDxBS6-YQ

 

КСРО-ның ыдырауы алдындағы кезі

 

1980 жылдардың соңына қарай КСРО-да өндіріс қарқыны баяулап, халықтың тұрмыс деңгейі нашарлады, әр түрлі аймақтарда ұлтаралық жанжалдар орын алып, республикалар арасындағы байланыс жойылды.

Коммунистік партияның дағдарысы қатардағы коммунистердің болып жатқан өзгерістерге түсінбеушілігінен басталды. Партия дағдарысы, ең алдымен, дүниетаным дағдарысы. Қазақстандағы партия ұйымдарының мүшелері партиядан шығып, оның қатары сирей бастады.

Коммунистік партияны нығайту мақсатында 1990 жылғы наурыз Пленумы шешімдеріне сәйкес есеп беру-сайлау жиналыстары өткізілді, конференциялар мен жиналыстарды жаңаша өткізу қолға алынды, белсенділерден жұмысшы топтары мен комиссиялары құрылды, коммунистер мен еңбекшілер арасында сауалнама жүргізілді, көбіне партия комитеттерінің хатшылары тура жиналыс үстінде сайлана бастады.

1991 жылғы көктемнен бастап КОКП ОК-і саяси білім беретін оқу орындары мен ғылыми жүйені реформалауға кірісті. Осы арқылы партия өз қызметін жаңғыртып, қоғамның дамуына ғылыми болжам жасауды жүзеге асыруға, кадр саясатын жетілдіруге тырысты. Алайда уақыт өтіп кеткен еді, көпшілік жерде шығынды азайту үшін парткабинеттер мен қоғамдық саяси орталықтар асығыс жабыла бастады, өйткені көптеген үгітшілер жергілікті жерлерде адамдардың нарықтық экономика, партияның әлеуметтік саясаты турасындағы сұрақтарына жауап бере алмайтын.

1991 жылдың көктеміне қарай КОКП бірыңғай партия емес, атауынан басқа ортақ ештеңесі жоқ ұйымдар тобына айналды. Қазақстан партия ұйымдары да тереңдей түскен экономикалық дағдарыс жағдайында республика мүддесін қорғау саясатын ұстанды. Компартияны барлық жерде-ақ экономиканы басқарудан ығыстыруға айналды. Енді компартия өзге саяси ұйымдар сияқты сайлау округтерінде халықпен жұмыс істеудің тиімділігін арттыруға тиіс болды. Бұл қалыптасқан көппартиялық жүйеде партияның жұмыс стилі мен әдістерін өзгертуді талап етті.

Компартияның ішіндегі кейбір кертартпа күштер Орталыққа ел билігіндегі тоталитарлық күшін қайтаруға тырысты. 1991 жылы тамыз айында мемлекеттік төңкеріс әрекеті жасалды. Радио және теледидар арқылы вице-президент Г.Янаев М.Горбачевтің «денсаулығының нашарлауына байланысты» КСРО-дағы барлық билік 6 айға ТЖМК (Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет) қолына көшкендігін мәлімдеді.

Қазақ КСР Президенті Н.Назарбаев 1991 жылы 19 тамыз күні Қазақстан халқына арналған сөзінде Қазақстан аумағына төтенше жағдай енгізілмейтіндігі, Қазақ КСР Конституциясы және мемлекеттік егемендік туралы Мәлімдемеге сәйкес барлық билік кеңес органдарының қолына өтетіндігі жайлы мәлімдеді.

Компартияның күш жұмсау әдісі арқылы барлық билікті өз қолына қайта алу әрекеті оның қоғам алдындағы беделінен біржолата айырды. Республикадағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатыңда Қазақ КСР Президенті Н.Назарбаев 1991 жылы 22 тамызда саяси партиялардың, өзге де қоғамдық ұйымдар мен прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, заң, мемлекеттік арбитраж, сот және кеден органдарындағы қоғамдық қозғалыстардың әрекетіне тыйым салған Жарлық шығарды. Мемлекеттік органдарды партиядан бөлектеу ісі саяси күштердің құқық қорғау және әділ сот оргаңдарына әсер етуіне жол бермеу мақсатын көздеді.

1991 жылы 24 тамыз күні КОКП ОК-нің Саяси бюросына Н.Назарбаевтан оның құрамынан шығатындығы жөніндегі мәлімдемесі түсті. 1991 жылы 25 тамызда «Қазақ КСР аумағындағы КОКП мүлкі туралы» Жарлық жарық көріп, ол бойынша республика аумағындағы барлық КОКП мүлкі мемлекет меншігі деп жарияланды. 28 тамыз күні ҚКП ОК-нің V Пленумы шақырылып, онда КОКП-ның қазіргі жағдайы талқыланды. Кезектен тыс партия съезін шақыруға шешім қабылданып, оны даярлайтын ұйымдастыру комитеті құрылды, ҚКП ОК-нің қызметі тоқтатылды.

1991 жылы 7 қыркүйекте ҚКП төтенше XVIII съезі ашылып, 591 адам делегат болып келді. Күн тәртібінде елдегі және КОКП-дегі саяси жағдайға байланысты Қазақстан компартиясының мәселесі қаралды. Съезд 760 мың адам мүше болып табылатын Қазақстан коммунистік партиясы КОКП құрамынан шығып, жеке саяси ұйым болатындығы жөнінде қаулы қабылдады. Ұзақ дау-таластан кейін оны Социалистік партия деп өзгерту туралы шешім шығарылды.

1991 жылдың қыркүйегінде өткен кезектен тыс съезінде ҚКП Социалистік партия болып аталды. Партияның қатардағы мүшелері өздерінің қалауымен қайта тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің қалған бір бөлігі съезд өткеннен соң ҚКП-ны қайта қүру үшін бас біріктірді. 1994 жылдың ақпан айында ҚКП ҚР Әділет министрлігінде арнайы тіркеуден өтті.

Қосымша деректер:

 

ҚКП ОК-нің бірінші хатшыларының қызмет атқарған жылдарының кестесі.

1937 ж., маусым — 1938 ж., шілде

Л.И.Мирзоян

1938 ж., шілде — 1945 ж., шілде

Н.А.Скворцов

1945 ж., шілде — 1946 ж., маусым

Г.А.Борков

1946 ж., маусым — 1954 ж., ақпан

Ж.Шаяхметов

1954 ж., ақпан — 1955 ж., тамыз

П.К.Пономаренко

1955 ж., тамыз — 1956 ж., наурыз

Л.И.Брежнев

1956 ж., наурыз — 1957 ж.,

желтоқсан

И.Д.Яковлев

1957 ж., желтоқсан — 1960 ж., қаңтар

Н.И.Беляев

1960 ж., каңтар — 1962 ж.,

 желтоқсан

Д.А.Қонаев

1962 ж., қаңтар — 1964 ж.,

 желтоқсан

И.Ю.Юсупов

1964 ж., желтоқсан — 1986 ж., желтоқсан

Д.А.Қонаев

1986 ж., желтоқсан — 1989 ж., маусым

Г.В.Колбин

1989 ж., маусым — 1991 ж.,

 қыркүйек

Н.Ә.Назарбаев

 

ҚКП (ҚАЗАҚСТАН КОММУНИСТІК ПАРТИЯСЫ) СЪЕЗДЕРІ

5-12 маусым, 1937 ж.

ҚКПI съезі

3-14 шілде, 1938 ж.

ҚКПII съезі

10-18 наурыз, 1940 ж.

ҚКПIII съезі

25 ақпан -1 наурыз, 1949 ж.

ҚКПIV съезі

15-18 желтоқсан, 1951 ж.

ҚКП V съезі

20-24 қыркүйек, 1952 ж.

ҚКП VI съёзі

16-18 тамыз, 1954 ж.

ҚКП VII съезі

24-27 маусым, 1956 ж.

ҚКП VIII съезі

14-15 қаңтар, 1959 ж.

ҚКП IX съезі

10-12 наурыз, 1960 ж.

ҚКП X съезі

27-29 қыркүйек, 1961 ж.

ҚКП XI съезі

10-12 наурыз, 1966 ж.

ҚКП XII съезі

24-26 ақпан, 1971 ж.

ҚКП XIII съезі

4-6 ақпан, 1976 ж.

ҚКП XIV съезі

4-6 ақпан, 1981 ж.

ҚКП XV съезі

ақпан, 1986 ж.

ҚКП XVI съезі

7-9 маусым—I кезең

21-22 желтоқсан — II кезең

 

 

ҚКП XVII съезі

7 кыркүйек, 1991 ж.

ҚКП XVIII съезі

 

Қайта құру (1985-1991 жж.)

 

Экономикалық өзгерістер

Саяси өзгерістер

1985- 1986

 

КСРО-ның әлеуметтік-экономикалык дамуын жеделдетуге бағыт алу, машина жасау өндірісі 1,7 есе жылдамдықпен дамуға тиіс.

Негізгі ұрандары: социализм көбірек болсын, салауатты өмір саясаты үшін күрес, Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі.

1987 ж.

Мемлекеттік кәсіпорындардың дербестігін кеңейту («Мемлекеттік кәсіпорын туралы»

Негізгі ұрандары: «Демократия-ландыру», «жариялылық». Өнеркәсіпте және қоғамдық өмірдегі кемшіліктерді сынау. Экологиялық қозғалыстың өрлеуі.

 

 

Заң), жеке меншік сектордың әрекет аясын кеңейту («Жеке кәсіпкерлік қызмет туралы» Заң). Шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыру қағидаларын енгізу.

 

 

1988 ж.

Орталықтан басқаруды сақтай отырып, әкімшілік әдістер-ден экономикалық әдістерге көшу.

XIX партия конференциясында: саяси реформаларға бағыт алу; жергілікті партия органдарының басшыларын балама түрде сайлау; өкілеттік биліктің қос дөңгелегі жүйесін құру туралы; халық депутаттарының съезі және Жоғарғы Кеңес; қоғамдық ұйымдардың рөлін көтеру туралы айтылды.

1989 ж.

Тауар тапшылығның артуы, кәсіпорындардың тікелей айырбасқа көшуі, экономикадағы дағдарыстың арта түсуі.

КСРО халық депуттарының тұңғыш сайлауы мен съездері. Бұқараның саяси белсенділігінің артуы; Қарағанды шахтерлерінің ереуілі; Жалпы респуб-ликалык тәуелсіз «Невада—Семей» ұйымының кұрылуы; ұлттық мәдени орталықтардың құрылуы; кәсіподак қозғалысының өрлеуі; 1989 жылғы 22 қыркүйектегі «Тілдер туралы» Заң.

1990 ж.

Рынокке өту бағдары: өту жүйелерін талқылау. «Қазақ КСР-дегі меншік туралы» Заң. Қазақ КСР сыртқы экономикалық қызметінің негізгі қағидалары, «Қазақ КСР-дегі еркін экономикалық аймақтары ту-ралы».

Сәуір 1990 жыл — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президент қызметін бекітті. Саяси партиялардың құрылуы. 25 қазан 1990 ж. — Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы Мәлімдеме. Республикалардың тең құкықты және тәуелсіз болуы туралы Жаңа Одактық келісімнің талқылануы.

1991 ж.

«Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды одақтық бағыныштылықтан Қазақ КСР үкіметінің басқаруына өткізу туралы», «Алтын және алмаз қорын құру туралы», «Қазақ КСР-нің сыртқы экономикалық дербестігін қамтамасыз ету туралы» Жарлықтары.

1991 ж. тамыз бүлігі. 29 тамыз 1991 ж. — Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы.

1 желтоқсан 1991 ж.- Қазақстан Республикасы Президентінің баламалық негізде сайлануы.

10 желтоқсан 1991 ж. — Қазақ КСР-і Қазақстан Республикасы атанды.

16 желтоқсан 1991 ж. — «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңның қабылдануы.

 

Қазақстан комсомол ұйымының тарихы. Республиканың белгілі даму кезеңдеріндегі комсомол ұйымының қызметі. РСДР(б)П-ның 1917 жылдың тамызында Петроградта өткен VI съезінде жұмысшы жастардың коммунистік ұйымын құру мәселесі қаралды. Ал Қазақстан аумағында бұл әрекет азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында басталған болатын. 1918 жылы алғашқы комсомол ұясы дүниеге келді. Комсомолды ұйымдастырушылар Б.Атуев, Х.Чурин, Қ.Сахыбалиев, Ғ.Сұлтанов, Е.Сереченко, М.Кұжбанов, Н.Оперштейн, М.Шығаев, т.б. болды.

1918 жылдың 29 қазанында Мәскеуде Жұмысшы және шаруа жастарының I Бүкілресейлік съезі ашылды. Комсомол тарихы осы кезден басталады.

Комсомол ұйымының негізіне төмендегі қағидалар жатқызылды:

1) Одақ Ресей коммунистік партиясымен тығыз байланыста;

2) Коммунизм идеяларын насихаттауда, сондай-ақ Жұмысшы мен шаруа жастарын Кеңестік Ресейдің іргетасын бекітуде белсенділік көрсетуге үндеу;

3) Одақ өзін РК(б)П жетекшілігіндегі дербес ұйым деп есептейді. Қазақстандағы алғашқы комсомол ұйымдары бірінші кезекте темір жол желісі бойындағы поселкелерде құрылды. Елде азамат соғысы жүріп жатты. Өз ықпалын күшейте түсу үшін Кеңес өкіметі жақтастары қатарын көбейтуге ұмтылды. Бұл жолда оған Қызыл Армияның партия ұялары мен саяси бөлімдері көмек көрсетті.

Жергілікті партия органдары жаңа құрылған комсомол ұяларының қызметін бағыттап отырды. Бұл ұялар құрамына орташа 3-тен 10 адамға дейін кірді. Негізгі өзегі майдангерлер мен жұмысшы жастар болды. Болыстық және уездік комсомол оргаңдарының басшылары өз міндеттерін негізгі жұмыстан қол үзбей, кешке және демалыс күндері атқарды. 1918—1919 жылдары комсомолдың қоғамдық жұмысы әрбір әкімшілік аудандағы жастарға комсомолдың әсерін таратуға бағытталды. Жастармен жұмыс жасаудың бір түрі — қазіргі кезең жағдайы, майдандағы оқиғалар, халықаралық оқиғалар туралы саяси әңгіме өткізу болды. Әңгімелесуге уездік партия комитетінен баяндамашылар шақырылды, кейде Орынбордан баяндамашы келген кез де болды. Комсомол жұмысының көп таралған бір түрі клубтарда көркемөнерпаздар ұжымын құру еді. Бұл ұжымдар пьесалар қойып, концерттер ұйымдастырды.

 

http://kazalinsk.kz/KARTINKI/2_NashiLydi/GMyratbaev_komsomol.ucoz.kz.jpg

 

Ғани Мұратбаев

 

Ғани Мұратбаев (3.06. 1902, Қазалы ауданы – 15.04. 1925, Мәскеу) – Орталық Азия мен Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі, БЛКЖО мен Коммунистік Жастар Интернационалының қайраткері. Қазалыдағы орыс – қазақ мектебін, жоғары бастауыш училищесін (1910 – 18), Ташкенттегі орта білім беретін қазақ-қырғыз педагогикалық училищесі жанындағы ауылдық мектептер үшін нұсқаушы-лекторлар курсын (1919 -20), Ташкенттегі мемлекеттік үлгі-тәжірибелік мектебін және Орта Азия мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетін (1920 – 21) бітірген. 1919 жылы Коммунистік Жастар ұйымына мүше болып қабылданып, бірер жыл қалалық, уездік комитетте жұмыс істеді. Жетісу облысында мұғалімдер даярлайтын курстар ұйымдастырды, Жетісу облысы және Ташкент, Самарқан, Верный қалалары комсомол ұйымдарының негізін қалауға атсалысты. Ташкенттегі жетім балаларды интернатқа, балалар үйіне орналастыруға белсене кірісіп, олар үшін ұйымдастырылған интернаттың директоры болды. 1920 жылы Түркістан комсомолының 3-съезінде ОК мүшелігіне сайланып, қазақ-қырғыз жастары бюросын басқарды. 1921 жылы алдымен Самарқан өлкелік комсомол комитетінің, кейін Түркістан Республикасы комсомол ұйымы ОК-нің бірінші хатшысы болып сайланды. Ол осы уақытта Ташкентте «Жас алаш» газетін ұйымдастырып, оның тұңғыш редакторы болды. Қазақстан комсомолының құрылуын жариялаған 1-өлкелік съезді (1921 жылы 7 – 13 шілде) өткізуге тікелей басшылық жасады. 1922 – 24 жылдары РКЖО-ның 5-съезінде Ресей Коммунистік Жастар одағы ОК-нің мүшесі, Коммунистік Жастар одағы ОК Орта Азия бюросының алғашқы төрағасы болып сайланды. 1924 – 25 жылдары Ресей Лениншіл Коммунистік Жастар одағы ОК-нің бюро мүшесі, Коммунистік Жастар Интернационалы атқару комитетінің Шығыс елдері жастары арасындағы жұмыс бөлімінің меңгерушісі болды. Ол Коммунистік Жастар Интернационалының 3 – 4-конгрестерінің, Коминтерннің 4-конгресінің делегаты болып сайланды. Өкпе ауруынан қайтыс болып, Мәскеудегі «Ваганьков» қорымына жерленді. Мұратбаев Хорезм республикасының Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Қазалы қаласында мемориалдық мұражайы ашылды. «Біздің Ғани» атты көркем фильм, «Осындай қысқа ғұмыр» атты деректі фильм түсірілді.

Түркістан жастарының аса көрнекті ұйымдастырушысы Ғани Мұратбаев есімі комсомол тарихында мәңгі қалды. Кеңес өкіметін орнату кезінде Ғани Қазалы депутаттар кеңесінің жұмысына белсене қатысқан. 1920 жылы ол Түркістан комсомолының съезі жұмысына қатысып, ОК мүшелігіне сайланды. Ол қазақ жастарымен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы болып бекітіледі. 1922 жылдан бастап ол Түркістан Орталық атқару комитетінің мүшелігіне және РК(б)П ОК Ортаазиялық бюросының мүшелігіне сайланады.

Ғ.Мұратбаев «Жас алаш» жастар газетін алғаш шығарушылардың бірі. Кейін ол газет «Жас қайрат» деген атпен шықты. 1922 жылдың қыркүйегінен Ғ.Мұратбаев осы мерзімдік басылымдардың редакторы болды. Ұзамай Ғани РЛКЖО (Ресей Лениншіл коммунистік жастар одағы) ОК-нің және КЖИ (Коммунистік жастар интернационалы) атқару комитетінің мүшелігіне сайланды. Алайда өкпе ауруы жалынды жастың өмірін ерте қиды. 1925 жылы 15 сәуірде ол қайтыс болғанда, «Правда» газеті мынадай қазанама жариялаған:

«...Мұратбаев жолдас Одақтағы аса көрнекті қызметкер, Кеңестік Шығыстағы революцияшыл жастардың аса талапты өкілі еді. ...Мұратбаев жолдас ірі масштабтағы комсомол қызметкері. КЖИ-де ол Шығыс бөлімін басқарды. Алайда 1924 жылдың күзінде басталған ауру оны бізден және комсомол жұмысынан алып кетті...» (РЛКЖО Орталық Комитеті. «Правда», 1925, 17 сәуір).

1920 жылдың ортасында Қазақстанда және оның көптеген облыстарында уездік, губерниялық комсомол ұялары құрыла бастады. Бастауыш комсомол ұйымдары жұмысының одан әрі жандана түсуіне РКЖО III съезінің әсері мол болды. 1920 жылдың қазан айында өткен бұл жастар съезінде В.И.Ленин «Жастар одағының міндеттері» туралы баяндама жасады.

1921 жылдың 713 шілдесінде РКЖО- ның I Бүкілқырғыздық (Қазақстандық) облыстық съезі өтті. Съезге Жетісу мен Сырдария облыстарын қоспағанда, одақтың 20 960 мүшесінен 194 адам делегат болып қатысты. Оның 20 шақтысы қазақ жастары болды. Осы съезден кейін комсомол ұйымдары Коммунистік партияға бағынышты бірыңғай жүйе болып құрылды. Партия тапсырмасын орындай отырып, комсомол саяси ағарту, жетім балаларға қамқорлық жасау және дінге қарсы насихатпен айналысты. Бұл шаралардың бәрі, негізінен, уездік орталықтарда өткізілді.

Комсомолдар қираған шаруашылықты қалпына келтіру үшін сенбіліктер мен жексенбіліктер ұйымдастыруға мұрындық болды. Қалалардағы комсомол ұйымдары жақын жатқан ауылдарды қамқорлыққа алып, айына 2-3 рет демалыс күндері сонда барып, пьесалар қойды, көркемөнерпаздар кешін өткізді, газеттер мен журналдар оқуды ұйымдастырып, саяси әңгімелер өткізді. 1921 жылы Түркістандағы комсомол обкомында батырақ жастарды қорғайтын экономикалық бөлімдер ашылды. Бұл бөлім байлар мен малайлар арасында еңбек келісімшартын жасау жұмысын жүргізді. Келісімшарт жергілікті кеңесте тіркеліп, заңды күш берілді. Бай келісімнің күшін енді біржақты бұзып, малайын жұмыстан шығара алмады. Малай, керісінше, бүкіл саяси құқықтарға ие болды. Бай, молда, дворяндар, бұрынғы ақгвардияшылар сайлау құқығынан айырылды. Бұл — ЖЭС кезі еді.

XX ғасырдың 20-жылдарының басындағы күрделі бір мәселе мүшелік жарна жинау еді. Мүшелік жарна ақшалай емес, астықпен жиналды. Ақша құнсызданып, өз бағасын жойған еді. Комсомолдардың көпшілігі жас болғандықтан, ата-анасының қол астында болатын. Жарна төлеу көптеген отбасында жанжал тудырып жатты.

Жұмыс кеңінен жүргізілгеніне қарамастан, 1921—1922 жылдары Қазақстанның барлық болыстарында комсомол комитеті болған жоқ, кейде екі, одан да көп болыстықтарда бір аудандық бюро қүрылды. Комсомол қатарындағы жергілікті ұлт өкілдерінің саны мардымсыз, жергілікті жерлерде қызмет істейтін кадрлар жеткіліксіз болды. Аудандық және уездік комитет қызметкерлері жалақы алмады, тек қана жарнаға жиналған астықтан өздеріне тамаққа қалдырып отырды.

1937 жылы құрамында 136 мыңнан астам ұл мен қыздары бар Қазақстан өлкелік комсомол ұйымы Қазақстан лениншіл коммунистік жастар одағы болып қайта құрылды. Комсомол өкілдері бірінші ретте ауыл-село жастарын комсомол қатарына тартуға, ФЗО ұйымдастыруға, екпінді құрылыстарға жастарды көбірек жіберуге күш салды. Комсомол республикалық, одақтық деңгейдегі социалистік жарыстарға жер-жердегі жастарды көбірек тарту мақсатында комсомол жастар бригадаларын ұйымдастырды. Комсомол қызметіне елдің қоғамдық-саяси, мәдени өмірін біршама жетік білетін, тәжірибелі жас мамандар тартылды. Республика комсомолы Орталық комитетінің құрамында оқушы жастар мен жұмысшы жастар, пионерлер арасында жұмыс жүргізу, тағы да басқа бөлімдер болды. 1970—1980 жылдары комсомол өзінің жастарға ықпалын жоғалта бастады.

Қайта құру жылдарында (1985—1991 жж.) комсомолға қарсы заңсыз жастар ұйымдары (байкерлер, рокерлер, металлистер, т.б.) құрыла бастады. Студент жастардың жұмысшы және ауыл жастарынан бөлектенуі күшейе түсті.

Комсомол бірте-бірте өз идеяларын жүзеге асырудан қалып, партия курсын жүргізуші және негізгі атқарушысы да болды.

 

http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTf_XuPeOVWCCzdjnxzn4t-u-sozfg84HrRdWgRDmvBqb3192WZag

 

Пионер ұйымы

 

http://t0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSKLBVDF_img8X2SiUuY5zUr1GYZ0JZICiGFN7rSNQDYhfP9CCt

 

Ұйымның нышаны-керней

 

http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQp6rs6w_rlfcGBMWhksq_0AB0fU9IPrHEplJGoQFizZ0dNUsMqFg

 

Пионер анты

 

Қазақстандағы мектептердегі пионер ұйымы және оның қызметі. Коммунистік балалар ұйымы өз қарамағына Кеңестер Одағының барлық мектеп оқушыларын қамтитын көпшілік саяси ұйым есебінде тарих сахнасына шықты. Партияның тапсыруы бойынша балалар коммунистік ұйымын құрумен комсомол айналысты. 1922 жылдың 19 мамырында өткен комсомолдың II Бүкілресейлік конференциясында елдің барлық қалалары мен селоларында пионер отрядтарын ұйымдастыру туралы қаулы қабылданды. 1922 жылдың желтоқсанында өткен комсомолдың V съезінде жекелеген пионер отрядтары бір ұйымға топтастырылып, алғашқыда «Спартак» атын иемденді. Қазақстанда мұндай отрядтар алғаш Петропавлда, Перовскіде ұйымдастырылды. 1923 жылдың тамыз айында РКЖО ОК-нің Бюросы «Спартак» атындағы жас пионерлердің балалар коммунистік топтарының ұйымдық Жарғысын бекітті. Ұйымдық Жарғы пионерге қабылдау тәртібі мен ережесін, отряд, звено секілді ұйымдық түрлерін, сыртқы белгілерін, сондай-ақ пионерлердің заңы мен дәстүрін, жас мөлшерін (9-дан 14-ке дейін) белгіледі. Балалар коммунистік ұйымы болашақ тағы Кеңес елі азаматтарының мектеп жасынан бастап тәртіпті, тәрбиелі, еңбексүйгіш, саналы, мәдениетті болып өсуі бағытындағы партия мен комсомол ұйымдары ісіне өз тарапынан ұйытқы бола білді.

 

http://t3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTxKJdfKm4R2ilLWCy6aCIR-A-ahRu3qv04vsp80YwlSYUcgchNAA

 

Пионер ұйымы мүшелері

 

http://t0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQksoUVX8XD-qltBEYUxylIEWHZdakp5S2FEIjE5U-7AcxPOOJ3vg

 

Кеңестік пионерлер

 

http://t0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQ6G1qWXkb3_SS9t22yYFSczU40kY_oBlh8FDhS8ZISpZkgoYYk8Q

 

Пионер ұйымының атрибуты

 

Пионер отрядтары, ең алдымен, олардың ата-аналары жұмыс істейтін өндіріс орындары мен мекемелерде құрыла бастады. Ал 1923 жылдан бастап ол мектептерде жалғасты. РКЖО ОК-нің 1924 жылдың 23 қаңтарында өткен кезектен тыс пленумында «Спартак» атындағы жас пионерлердің балалар коммунистік топтары Ленин атындағы жас пионерлердің балалар коммунистік топтары болып аталуы жөнінде қаулы қабылданды.

Пионер ұйымдарының жұмысы жас ұрпақты коммунизм ісіне берілгендік рухта тәрбиелеуге, Отанды сүюге, өзге ұлт-ұлыстарды құрмет тұтуға бағытталды. 1925 жылдың қаңтар айында Орынборда «Пионер» журналының алғашқы саны жарық көрді.

1926 жылы республиканың барлық мектептерінде дерлік пионер отрядары құрылып, жұмыс істей бастады.

1929 жылы 18 тамызында Мәскеуде КСРО пионерлерінің I Бүкілодақтық слеті ашылды. Слетке барлығы 7 мың жас жеткіншек қатысса, оның 80-і қазакстандықтар еді. Слет барысында спартакиада, олимпиада, көркеменерпаздар үйірмелерінің байқаулары, балалар шығармашылығының көрмелері өткізілді.

1930 жылдың 14 наурыз күні «Қазақстан пионері» газетінің бірінші саны жарық көрді. 1930 жылы 6 тамыз күні Алматыда Қазақстан пионерлерінің I слеті ашылды.

Пионер ұйымдары еліміз өмірінің барлық саласына белсене қатысты: сауатсыздарды оқытып, қызыл отауларға керекті кітаптарды жинады, металл сынықтары мен қалдықтарын жинауға қатысты, жаңа оқу жылы қарсаңында мектептерге балаларды тартты.

1931 жылдың 10 сәуірінде Республикалық пионерлер штабы құрылды. Алғашқы құрылған бұл штабтың төрағасы болып Ә.Асылбекұлы, бюро жетекшісі болып З.Ақышқызы сайланды. Осылайша Қазақстанда орталыққа бағынған бірыңғай пионер ұйымы өмірге келді.

БЛКЖО-ның 1949 жылы наурызда өткен XI съезінде комсомол ұйымдарының алдына — пионер дружиналары арасынан жан-жақты дайындығы бар жас жеткіншектердің белсенді тобын—вожатыйларды дайындап отыру міндеті қойылды. Съезд БЛКЖО Жарғысына «Пионер ұйымдары туралы» жаңа бөлім енгізді. Сөйтіп, комсомолдың өзінен кейінгі жас жеткіншектермен арадағы байланысы одан сайын нығая түсті. Бұдан былайғы жерде пионер дружиналары арасындағы барлық жұмысты қалалық, аудандық комсомол комитетіндегі мектеп жастары бөлімдері атқаратын болды.

1954 жылы БЛКЖО ОК-і «В.И.Ленин атындағы жас пионерлердің балалар коммунистік ұйымдарының Ережесін» бекітті. Жаңа Ереже пионер ұйымдарының жұмысына бұрынғыдан да кең өріс аша түсті. Жас натуралистер станциясын, жас механиктер мен туристер клубтарының көптеп ашыла бастауы осының айғағы. Пионерлер сонымен бірге октябряттар арасындағы, балалар бақшаларындағы, пионерлер парктері мен аллеяларындағы жұмыстарды да өз қолдарына алды, мектеп аумағында арнайы аймақтар құрып, оларды бақылап, қадағалап отырды. Бұл жұмыстарда үздік көрінгендерге алғыс жарияланып, Құрмет грамоталары, төсбелгілер, басқа да сый-сияпаттар беріліп отырылды. Ескерту, сөгіс жариялау сияқты жаза түрлері де дружина, кеңес, звено шеңберінде жүргізілді.

Пионердің жеке рәміздері: ту, галстук, төсбелгі (значок), салют жас жеткіншектерді тәртіп пен өзара ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеуде үлкен рөл атқарды. Жалпы пионерлер қызметі комсомол жоспарлаған шараларды орындаумен ғана шектелді. Елдің саяси құрылымнан комсомолдың кетуіне байланысты, В.И. Ленин атындағы бүкілодақтық пионер ұйымы да өмір сүруін тоқтатты.

Глоссарий:

Республика (лат.қоғамдық іс)- мемлекет басшысын халық немесе арнайы сайлау алқасы сайлайтын басқару формасы. Заң шығарушылық билікті сайланып қойылатын өкілдік орган жүргізеді.

Конституция (лат. құрылым)- мемлекеттің қоғамдық құрылысын, биліктің өкілдік органдарын құру қағидасы мен тәртібін, сайлау жүйесін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын негізгі заңы.

Референдум (лат.хабарлануға тиіс нәрсе)- мемлекеттік өмірдің неғұрлым маңызды мәселелерін бүкілхалықтық дауыс беру жолымен шешу немесе заң қабылдаудың формасы. Демократияның айқын көрінісі.

Партия (лат.бөлік, топ)- идеялары, көздеген мақсаттарының ортақтығы негізінде біріккен адамдардың тобы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы «Дәуір» 1994 ж.

Қазақстан тарихы. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт,11 сынып, Алматы «Мектеп» 2007., 2011 ж.