Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста

 

Әлия Молдағұлова. Мәншүк Мәметова. Сұлтан Баймағамбетов-Кеңес Одағының Батырлары. Ұлы жеңіске қазақстандықтардың қосқан үлесі.

 

Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста

Баймағамбетов Сұлтан Біржанұлы

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова

Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы

Ұлы Жеңіске қазақстандықтардың қосқан үлесі

Ғани Бекенұлы Сафиуллин

Нұркен Әбдіров

Қасым Аманжолов  

Ізғұтты Айтықов

Жәнібек Елеусізов

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов

Леонид Игнатьевич Беда

Иван Фомич Павлов

Сергей Данилович Луганский

Сағадат Нұрмағамбетов

Қасым Қайсенов

Глоссарий

Пайдаланылған әдебиеттер

 

Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста. Қазақстандық жауынгерлер Ленинград түбінде ерлікпен шайқасты. Қазақстанда құрылған 310-атқыштар дивизиясы 1941 жылғы қыркүйектің 9-ынан бастап, сәл кейінірек 314-дивизия Ленинградты қорғауға және оны қоршап алған неміс әскерлерінің құрсауын бұзуға белсене қатысты. Гитлершіл қарақшыларға қарсы үздіксіз ұрыс сала отырып, қазақстандық жауынгерлер жаудың адам күштері мен техникасын ауыр шығындарға ұшыратты. Олар Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, қоршаудағы қаланың «үлкен жермен» тұрақты байланыс орнатып, «өмір жолын» салуына қатысты. Ленинград үшін шайқастардың ауыр күндерінде партия ұйымдастырушысы Сұлтан Баймағамбетов Александр Матросовтың өшпес ерлігін қайталап, сол үшін оған қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Балтық флотындағы қазақстандық кировшілер жауға қарсы шебер де батыл шайқасты. Балтық әскери- теңіз флотының қолбасшысы адмирал В.Ф.Трибуц 1943 жылғы сәуір айында қазақ халқына хатында былай деп жазды: « Қазақ халқының ұлдары Отан үшін шайқасушы жауынгерлердің алдыңғы қатарында келеді. Барлық Балтық бойы теңізшілерімен бірге олар Отанымыздың Балтық бойы шебіндегі құрметті вахтаны қырағылықпен атқарып,сүйікті астанамыз, революция бесігі даңқты Ленинградты ерлікпен қорғауда. Тек бір ғана «Киров» қызыл тулы крейсерінде 156 қазақстандық жауынгерлік сапта тұр. Олардың көбісі батылдығы мен ерлігі үшін жоғары мемлекеттік марапаттар-КСР Одағының ордендері мен медальдарын алды».

Невадағы қала төңірегіндегі қоршауды бұзу жолындағы шайқастарда жауынгерлердің ұрыс қимылдарына 372- атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротасының бөлімше командирі, комсомол мүшесі Қойбағаров шебер басшылық етті.

«Оның бөлімшесі,– делінген Волхов майданының 2-екпінді армиясы комсомол ұйымдарының жұмысы туралы баяндамада,– ілгері қарай тез жылжып, дұшпанның сым-темір қоршауларынан бірінші болып жол салды да, дзотты қоршап алды. Қойбағаров жолдас: «Неміс оккупанттарына өлім келсін, Ленин қаласы үшін!»– деп айқай салып, взводтың басқа жауынгерлерін соңынан ертіп, неміс траншеяларына бірінші болып басып кірді».

Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. Ораниенбаум алғы шебінде 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков шайқасты. 314-дивизияның мергендер қозғалысын Солтүстік Қазақстан облысындағы Степан Разин атындағы ауылшаруашылық артелінің бұрынғы ұжымшар мүшесі, қатардағы жауынгер Г.П.Зубков бастады. Ленин қаласы үшін болған шайқастарда артиллериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С.Жылқышиев та ерекше көзге түсті.

Ленинград қоршауының аса қиын кездерінде оны қорғаушылар бүкіл Кеңес мемлекеті халықтары тарапынан қолдау жасалғанын үнемі сезініп отырды.

1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім!» деген жырын арнап, онда көп ұлтты еліміздің бүкіл еңбекшілерінің ой-пікірін, сезімі мен алаңдатушылығын білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы әнұранына айналды.

«Қазақтың данышпан жыршысының үні арқылы,– деп жазды 1941 жылдың күзінде «Ленинградская правда» газеті,– бүкіл еліміз: «Мен сендермен біргемін, ленинградтықтар!»– деді».

Жамбыл шығармасынан алған әсері туралы жазушы В.Вишневский былай деп жазды: «Осы бір толғауды көзіңе жас алмай және тебіренген қуаныш сезімінсіз оқу мүмкін емес. Біз бұл хатты тың күш келіп жеткендей бағаладық. Қазақстан халқы бізге туысқандық сәлемін, сүйіспеншілігі мен достығын жолдады, ол біздің күшімізді еселей түсіп, жаумен шайқасқа кірістік».

Енді Ленинград үшін шайқасып, ерлік үлгісін көрсеткен батырларға тоқталайық.

Баймағамбетов Сұлтан Біржанұлы -1920 жылы Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Қояндыағаш ауылында дүниеге келген. Кеңес Одағының Батыры. 1940 жылы әскер қатарына алынып, 1941 жылдың маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатынасты. Алдымен мергендер ротасында, кейіннен пулеметшілер бөлімшесінде қызмет етті. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) түбіндегі ұрыстарда 50-ден астам дұшпанның көзін жойды. 4 рет жараланған. 1943 жылғы шілдедегі Ленинградты «Үлкен жермен» байланыстырып тұрған қылтаны кеңейту үшін жүргізілген ұрыстарда Баймағамбетов Ленинград майданының 67-армиясы, 43-атқыштар дивизиясына қарасты, 147-атқыштар полкінде пулемет бөлімшесінің командирі болды. 1943 жылы 25 шілде күні болған шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапты. КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының шешімімен Баймағамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (21.2.1944). Қостанай қаласы мен Әулиекөл кентіндегі екі көшеге Баймағамбетов есімі берілді. Қояндыағаш ауданында батырға ескерткіш орнатылған.

 

http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRRSiLRItBjf34thhLeOEg7sZK3lSsl11BP0WvDwusykxDsvYNz

С.Баймағамбетов

 

http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQm7AJY4FKmchr2ucgBP8f1E6hQ3snw8FyOdo4JnSx2kfLICvs1

«Алтын жұлдыз»

 

Әлия (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова 1925 ж. 15 маусымда (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында дүниеге келген. Кеңес Одағының Батыры (1944), снайпер, ефрейтор. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген.

Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярослав облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.

1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған.

1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

 

http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTOvOUq7PtRrXfs4st3Hpqn97wxr5s_fW_n64FhQtwHIIGwabdvzQ

Әлия Молдағұлова

 

. http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQm7AJY4FKmchr2ucgBP8f1E6hQ3snw8FyOdo4JnSx2kfLICvs1

«Алтын жұлдыз»

 

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/5/51/Alia.jpg/220px-Alia.jpg

http://t0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTFhQxteqB3aN4UzQ3LXeTnu21kQLhgciphE-MT-pY6Ph7lLBgr2g

Ә.Молдағұлова ескерткіші

 

Әлия есімімен көшелер, ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербор, Новосокольники қалаларында әлия Молдағұловаға ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды мұражай жұмыс жасайды.

 

http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSlC6aU7dxB7eTeOdc7zfdrSmFXmeQuzpi_IzqqRZsXTrDctw15UA

Алматыдағы Әлия мен Мәншүкке қойылған ескерткіш

 

Мәметова Мәншүк (шын есімі Мәнсия) Жиенғалиқызы 1922 жылы Орал облысы, Орда ауданында дүниеге келген. Кеңес Одағының Батыры. Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медициналық институтында оқып жүрді. 1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-інші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және өз тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен 1943 жылы қазанның 16-ында қаза тапты. Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүктің атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр

» (авторы — А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм түсірілді. Мәншүк Мәметоваға 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

http://t1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTETg9jhqCMCww9iyT8ctIzHv67mqKgvAgKBJ76DhWdVRjHzg0

Мәншүк Мәметова

http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQm7AJY4FKmchr2ucgBP8f1E6hQ3snw8FyOdo4JnSx2kfLICvs1

«Алтын жұлдыз»

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/ef/Manshuk_Uralsk.jpg/127px-Manshuk_Uralsk.jpg

Орал қаласындағы М.Мәметова ескерткіші

Ұлы Жеңіске қазақстандықтардың қосқан үлесі. Қазақстан –Сталинград майданының ең жақын тылы болды. Алты қорғаныс шебі салынды. Сталинград түбінде қарсы шабуылды әзірлеу кезеңінде майданның тыл қызметі 600 шақырым ішкері орналасты. Орал қаласында ірі әскери –оперативтік байланыс торабы құрылды. Батыс Қазақстанға көшіріліп орналастырылған госпитальдар саны 20-ға дейін көбейді. Қазақстан Сталинград майданына зор көмек көрсетті. Қорғаныс зауыттары, түсті металлургия, көмір және мұнай өнеркәсібі кәсіпорындары толық қуатымен жұмыс істеді. Бронетанк базалары майданда қираған 300 ұрыс мәшинесі мен 500 моторды күрделі жөндеуден өткізді. Ақтөбе авиация шеберханалары ай сайын 30 ұшақ және 160 авиамотор шығарып отырды. Батыс Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп орындары Сталинград майданының тапсырысы бойынша жылы кимі тігуді, шаналар, ат әбзелдерін шығаруды жолға қойды. Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің көмегімен Пешной-Атырау-Орск мұнай құбыры мен теңіз портын салу міндеті шешілді.

Қазақстандық жауынгерлер туған жердің аманаты мен өздерінің жауынгерлік антын абыроймен орындады. Сталинград операциясының шабуылдау және қорғаныс шайқастарына 27, 72 және 73-гвардиялық атқыштар дивизиялары, 292 эәне 387-атқыштар дивизиялары, 81-атты әскер дивизиясы, 74-теңіз атқыштар бригадасы, 152-атқыштар бригадасы, 129- миномет полкі және 156-жеке көпір құрылысы батольоны қатысты. Олардың бәрі Қазақстан жерінде құрылған еді.

Алып ақын Жамбылдың ұлы Алғадай 7-гвардиялық атты әскер дивизиясының 19-гвардиялық атты әскер полкінде пулемет расчетын басқара жүріп, Синельниково қаласы маңында ерлікпен қаза тапты.

http://www.imena.pushkinlibrary.kz/images/Safiullin.JPG

Ғани Бекенұлы Сафиуллин (1905-1973)

Полковник Ғани Бекенұлы Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизияның өзі ғана жаудың 120 танкісі мен 800 автомәшинесін жойды. Сталинград шайқасының от-жалынында 29 және Алматының 38-атқыштар дивизияларының даңқы шықты. Олардың екеуі де бір күнде -1943 жылғы наурыздың 1-інде 72-және 73-гвардиялық дивизияларға айналды. Дивизия жауынгерлері жауды Сталинградтың Киров ауданына аттап бастырмай, танкілер мен өздігінен жүретін зеңбіректерді жөндейтін зауыттың толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Шайқаста көрсеткен табандылығы мен ерлігі үшін ол «Сталинград дивизиясы» деген құрметті атақ алды.

Томск артиллерия училищесінің түлегі, қазақстандық М.А.Баскаков басқарған батареяның 43 зенитшісі трактор зауытының кіре берісін қорғау кезінде өшпес ерлік жасады. Олар 1942 жылғы тамыздың 23-інде күші тең емес ұрыста фашистердің 11 танкісін жайратты. Батареяның 36 зенитшісі қаза тапты, бірақ бір адым да шегінбеді.

http://t3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcReVmNLnqZ7ZVuvWCPTWZeWp_XeNIAQDa1n0I0NDrB6WZd8jvFr

Нұркен Әбдіров

Сурет:Bundesarchiv Bild 101I-013-0068-06A, Polen, Treffen deutscher und sowjetischer Soldaten.jpg

Кенді Қарағандының өкілі, ұшқыш Нұркен Әбдіров 1942 жылғы желтоқсанның 19-ында Боковская- Пономаревка ауданында болған әуе айқасында өз ұшағын жау танкілерінің шоғырына құлатып, серіктерімен бірге ерлікпен қаза тапты.

http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRnK6VxCemncI1R-JQh7pGuZLjPKqKn_0sahDsEBo-bD-fCq3dl9A

Қасым Аманжолов

«Павлов үйі» гарнизонының ерлігі –мызғымас халық достығының айғағы болды. Батырлардың осы интернационалдық тобының бір мүшесі Оңтүстік Қазақстаннан барған жауынгер Толыбай Мырзаев еді. Жауынгер Қасым Аманжолов жау оғынан құлап бара жатып,билетін қолынан тастамай қыса түсті. Ол оның туы еді, ол сол тумен шайқасқа кіріп, қаза тапты деп серіктері жазды. Волга бойындағы қаһарман қала түбінде минометші Қарсыбай Сыпатаев пен капитан А.А.Бельгин өшпес ерлік жасады. Оларға қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

116-атқыштар дивизиясы, 565-атқыштар полкі 7-ротасының жауынгерлік құрамының көпшілігі болған қазақтар көшелерде ерлікпен шайқас жүргізді. Олардың ерлігі құрметіне Сталинградтың бір көшесі «Қазақ» көшесі деп аталды. 300 фашистің тегеурініне 11 қаһарман төтеп берді. Олардың ішінде лениногорлік комсомол Кәміл Хаузин бар еді. Ержүрек жауынгерлер қорғаған төбе «Шығыстың он бір батырының төбесі» деп аталды.

Дон мен Волга жағасында жау топтарын қоршауға алу жөніндегі операция кезінде қазақстандық подполковник Т.С.Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі ерекше көзге түсті.

Сталинград шайқасы барысында Кеңес Армиясы екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосып, гитлерлік Германияның және бүкіл фашистік мемлекеттер одағының сөзсіз жеңілісін жақындата түсті.

Қатарында қазақстандықтар да болған кеңестік патриот жауынгерлер Ұлы Отан соғысының тарихына талай қаһармандық беттер қосты.

Жоғары әскери белгілер беріліп, Кеңес Одағының Батыры атағын алған 500-ге жуық қазақстандықтарды республикамыз мақтаныш етеді.

Батыс Қазақстан облысындағы Ақоба ауылының бұрынғы малшысы, бірінші сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, батальон комиссары Х.Халиуллин 1942 жылы май айының аяғында Харьков облысындағы Протопоповка ауылының маңында ұрыс жүргізген 79-шекара полкінің әскери комиссары болды. Ауыл төрт рет қолдан қолға өтіп, оны қорғаушылардың көпшілігі қаза тапты. Х.Халиуллин хабар-ошарсыз кеткен деп саналып келген еді. Тек 1959 жылы жергілікті тұрғындар оның қабірін тауып, марқұмның кім екені депутаттық белгісінің нөмірі арқылы анықтады.

Қазақстанда 1941 жылы желтоқсанда құрылған 76-атқыштар дивизиясы 1942 жылғы мамыр айында 28-армия құрамында Терновое ауылы үшін болған ұрыста алғашқы жауынгерлік сынақтан өтті.

137- атқыштар дивизиясының жауынгері Боран Есімбаев, Тастемір Рүстемов, Сұлтан Баймағамбетов, Григорий Постольников, Александр Васильев, Сүндетқали Есқалиев, Ағәділ Суханбаев, Жұман Қарақұлов және басқалар жау дзоттарына өз кеудесін тосып тұншықтырды.

Қазақстанның мыңдаған өкілдері Украинаны, Беларусьты, Балтық республикаларын, Кеңестік Молдованы азат ету жолындағы ұрыстарға қатысты. Олар Днепрьден, Деснадан, Припятьтан, Батыс Двинадан өткен кезде 8-атқыштар дивизиясының 229-атқыштар полкі 1-батальонының аға лейтенант Әбу Досмұхаметов басқарған 1-ротасының жауынгерлері ерлігімен көзге түсті. 1943 жылғы 5 қазандағы ұрыста Әбу мен оның украин досы капитан И.К.Баюк дивизияның бір қанатын қорғап, бірде бір танкіні өткізбеді. Екеуі де жараланып, қиын кез туғанда олар қолдарына гранат алып, танк астына түсті. Әбу Досмұхаметовке қайтыс болғаннан кейін 1943 жылғы қазанның 16-сы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

http://t1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSdegOtQOmUcqEHJNO-shWOLnGscl40hD2blj-ocu68HD5qqmS4

Ізғұтты Айтықов

Батальонның комсомол ұйымдастырушысы, Сталинград қорғанысының батыры, екі Даңқ орденінің иегері Ізғұтты Айтықовқа жауынгерлік борышын үлгілі орындаған үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қойгелді Аухадиев Кеңес Одағының Батыры атанды. Ол ұрыс кезінде фашистердің 5 танкісін, өздігінен жүретін « Фердинанд» зеңбірегін, оқ-дәрі тиеген 3 автомәшинесін жойды. Днепрден алғашқылардың бірі болып өтіп, қарсы шабуылға шыққан дұшпанның жолын бөгеді. Днепр үшін ұрыстарда 18 жасар Жәнібек Елеусізов қазақтар арасындағы ең жас Кеңес Одағының Батыры болды.

http://t1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSKQ6pxrU581ok5QrAM0_77rmyf8NfJ2-CbffSIxQdOSGHq9BhCkw Талғат Бигелдинов. http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcR2lwsbnRuq_DE8hP4t0OOR3o5V_FcSvp-9s8V9GugOApxgTFRrtQ

Әрқайсысы 200-ден астам жауынгерлік ұшу сапарын жасап, әуе мен жерде оннан астам ұшақтарды, көптеген танктерді, ұрыс техникасының басқа да түрлерін және бірнеше жүз фашистерді жоқ қылған шабуылшы ұшқыштар Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновке, Леонид Игнатьевич Бедаға, Иван Фомич Павловқа, сондай-ақ жеке өзі ұшақты және топтасып жүргізілген ұрыстарда жаудың тағы да 6 ұшағын атып түсірген Сергей Данилович Луганскийге екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

http://t1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSadX7JXxssrT2wlRni59WE58st9DBDxkwDMtwWG6Gjd2Xm_ZzR

Павлов

http://t0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQjF5-OUbVcXtdaG8QwmcOD4FWb4LnYobx59OkMO4yOasUPw5eyjA

Луганский

http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQZDc1aeiOHn2icBjJXyKG1lkOM9Y7zA-BG2It4ikFS2Z7VPbpVTw

Беда

Кеңестік шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар-қазақ қыздары: 100 қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулеметшісі Мәншүк Мәметова мен 54-атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова болды. Олардың екеуі де жүзден астам оккупанттарды жойып, шайқас үстінде қаза тапты.

http://t0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQqfgcfhgdwVzWQWEj8CE9_hrEBSU5btoHlFF1Jrw0RhJ2HiSkM

Сағадат Нұрмағамбетов

Кеңес Одағының Батыры Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов, И.Я.Съянов, Х.Қайдауов, З.Тұрарбеков, Х.Көбеков, Т.Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов және басқа да көптеген адамдар қатысты. Жас офицер Р.Қошқарбаев өзінің досы Г.Булатовпен бірге рейхстаг терезелерінің біріне алғашқылардың бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті. Орал өңірінің жас офицерлері К.Мәденов пен Р.Қараманов 1008- атқыштар полкінің туын Берлин ратушасының төбесіне тікті. Берлинге шабуыл жасауға «Қазақстан комсомолы» танк тізбегінің 3 танкісі қатысты.

Қазақстанда құрылған көптеген құрамалар мен бөлімдер жаппай ерлік көрсетіп, жауынгерлік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Кеңес Одағының ордендерімен марапатталды.

Жау тылындағы партизан қозғалысы кеңес халқының өз мемлекеттік тәуелсіздігі мен бостандығын қорғауға әзірлігінің жарқын көрінісі болды. Қазақстандық партизандардың жалпы саны 3,5 мың адамнан асып түсті. Олардың қатарында Қасым Қайсенов, Ж.Ағаәділова, Е.Воробьева, П.Семенова, Н.В.Зебницкий, Ф.Ф.Озмитель, Д.Әбдірайымов, Г.Ахмедияров, Ә.Шәріпов, У.Оразбаев, В.Шаруди, Ж.Саин, Ж.Нәметов, Т.Жұмабаев, Ж.Савельев және басқалар болды.

http://t0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSgaNzRUbTGMUIS_5Z6C818u5Eo-Mmp8juzdQXaXG5s49qOQRFh

Қасым Қайсенов

Белрусь КСР-нің Лида деген шағын қаласында Жабықбай Сұраншиев астыртын партизандық жұмысқа белсене қатысты. Ол Белорусь азат етілгенге дейін осында Лидадағы астыртын жұмыста, «Ұшқын» партизан отрядының қатарында жүріп шайқасты.

Жүздеген қазақстандықтар-соның ішінде Кеңес Одағының Батырлары А.С.Егоров пен З.У.Хұсайынов-шетелдердегі Қарсыласу қозғалысына қатысу арқылы даңқын шығарды. Кеңес партизандарының жауынгерлік ерліктері жоғары үкімет марапаттарымен, «Отан соғысының партизанына» медальдарымен атап өтілді.

Фашизмге қарсы соғыс жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан өкілдері Квантунь армиясына қарсы шайқасты. Тынық мұхит флоты әскери-әуе күштерінің 12-шабуылдаушы авиация дивизиясының звено командирі, көкшетаулық Михаил Янко 1945 жылғы тамыздың 10-ында Гастеллоның ерлігін қайталады.

Жапондарға қарсы шайқастарда Ақтөбеде құрылған 74-жеке теңіз атқыштар бригадасының негізінде ұйымдастырылған 292-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Кеңес Қарулы Күштері дәстүрінің даңқын шығарды. Забайкалье, сонан соң 1-Қиыр Шығыс майдандары әскерлерінің құрамында қазақстандық 129 –миномет полкі шайқас жүргізді. Қазақстан минометшілері батылдық және ерлік көрсеткені үшін 2027-жауынгерлік ордендер мен медальдарға, соның ішінде 14 адам «Кореяны азат еткені үшін», 234 адам «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарына ие болды.

Басқыншыларға қарсы қарулы күрестің алдыңғы шебінде жүріп, үш дәрежелі Даңқ орденінің иегері болған адамдар халықтың терең құрметі мен шынайы сүйіспеншілігіне бөленді. Солдат ерлігі орденінің толық иегері болған 142 қазақстандықтың есімдері белгілі.

Глоссарий:

Агрессия- мемлекеттің тәуелсіздігі мен аумақтық біртұтастығын, егемендігін әскери күшпен бұзу.

Эвакуация- (лат. тысқары жіберу)- қандай да бір қауіп төнген орындардан, шаруашылық аудандарынан адамдарды, кәсіпорындар мен мекемелерді, әскерді, әскери дүние-мүлікті алып кету.

Оккупация- қарсыластың аумағын қарудың күшімен уақытша басып алу.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Қазақстан тарихы 11 сынып, қоғамдық-гуманитарлық бағыт, Алматы «Мектеп» 2007 ж., 2011 ж.

Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы «Дәуір» баспасы, 1994 ж.