Қазақстан
коммунистiк
партиясының
және жастар ұйымдарының
тарихы
Қазақстанның
қоғамдық-саяси
өмiрi
Қазақстанның
қоғамдық-саяси
өмірі
Қазақ
КСР–КСРО-ның құрамдас
бөлігі
Қазақстан
Компартиясының
құрылуы мен
дамуы
Қазақстан
Компартиясы Қазақ
КСР-інің
негізгі басқару
ұйымы
Қазақ
КСР-інің
негізгі басқару
ұйымы
Қазақтан
Компартиясының
саяси бағыты
Қазақстан
жастар одағының
құрылуы
Қазақстанның қоғамдық-саяси
өмірі. Азамат
соғысынан
бейбіт өмірге
көшу аса күрделі
халықаралық
және ішкі жағдайда
жасалды.
Азамат соғысынан
кейінгі қиыншылықтар
Қазақстанның
едәуір
билігін қамтыған
20-жж. ашаршылықтың,
1921 ж. астық салығын
жүргізуге
наразы шаруалардың
Кеңес үкіметіне
қарсы қарулы
көтерілістерінің
салдарынан
онан сайын
шиеленісе түсті.
Бұл көтерілістер
Орал, Бөкей
аудандарын,
Семей, Ақмола
губернияларын,
Маңғыстау түбегін
қамтыды. Кеңеске
қарсы көтерілістің
негізгі күштері
кулактар,
казак станицаларының
атаман- қанаушы
жоғары
топтары,
азамат соғысының
барысында
талқандалған
ақ
гвардияшылар
мен олардың
одақтастары
еді. Кеңеске қарсы
қозғалысқа қазақтардың
және көшіп
келегн
шаруалардың
белгілі бөлігі
тартылды. Қозғалысқа
неғұрлым тән ұрандар:
«Коммунистерсіз
Кеңестер үшін»,
«Ерікті еңбек
және ерікті
сауда үшін»
болды.
Кеңеске қарсы
қарулы
отрядтардың қимылы
жаңа
экономикалық
саясатты жүргізуге,
жер-жердегі
партия ұйымдарының,
кеңес және
шаруашылық
органдарының
қызметіне
кедергі
жасады. Қалалардың,
ауылдар мен
деревнялардың
еңбекке
жарамды көптеген
адамдары кеңеске
қарсы қарулы
көтерілістерді
басу үшін
айрықша
отрядтардың
(ЧОН) қатарына
тартылды.
Азық-түлік
салғыртын тоқтатқаннан
кейін ғана 1921 ж.
ақырына–1922 ж.
басына қарай
кеңеске қарсы
қарулы көтеріліс
бірте-бірте
тоқтады.
1921 ж. қаңтар-ақпанда
Қазақ АКСР 6509
ауылдық,
селолық,
поселкелік және
933 болыстық Кеңестерінің
сайлауы өтті.
Республиканың
партия ұйымдары
мен Кеңестері
сайлау науқанын
еңбекшілер қалың
бұқарасының қоғамдық-саяси
белсенділігін
көтеру үшін
пайдаланды.
Өлкенің қоғамдық-саяси
өмірінде Қазақстан
облыстық
бірінші
партия
конференциясы
(1921 ж. маусым) көрнекті
орын алды. Ол
экономиканың
аса маңызды мәселесімен
бірге қоғамдық-саяси
өмірдің мына
мәселелерін
талқылады: ұлт
мәселесі,
партия және
кеңес құрылысының
кезекті
міндеттері және
басқалар.
Қазақ
КСР–КСРО-ның
құрамдас бөлігі. Қазақстанның
партия ұйымдарын
орталықтандыру
мәселесі кең
түрде жүрді. Қазақ
Кеңес
автономиялық
республикасын
құру жөніндегі
дайындық жұмыстарына
байланысты Қазақстанның
партия ұйымдарын
Өлкелік
партия ұйымына
біріктіру
міндеті тұрды.
1920 жылдың көктемінде
Қазақстандағы
облыстар әкімшілік
тұрғыдан Қырревкомына
(Қазревком),
ал облыстық
партия
комитеттері Өлкелік
және көрші
облыс партия ұйымдарына
бағынатын
болып
шешілді. Қазақстандық
(кеңестік)
конференция
(1920 жылы 8—11 қаңтар,
Ақтөбе) коммунистік
фракция талқылаған
міндеттердің
бірі — Қазақстанда
РК(б)П бірыңғай
орталығын ұйымдастыруға
арналды.
РК(б)П-ның
ОК-і ұйымдастыру
бюросының
шешімімен 1920
жылдың 30 сәуірінде
РК(б)П-ның Қырғыз
(қазақ)
облыстық
бюросы (Қыроблбюро)
құрылды. Оның
құрамына
жеті адам
сайланды. Бұл
кезде өлкеде
(оңтүстік
облыстардан
басқа) мыңнан
астам партия ұялары
болды.
Қырревком
төрағасы
сонымен
бірге өлкедегі
партия ұйымын
басқарды. Партия
және
мемлекеттік қызметті
бір қолға
жинақтау ісі
жүргізіле
бастады. Орталық
Қазақстан
басшылығында
жергілікті
халықтан шыққан
коммунистер өз
өлкесінің мүддесін
сөз етуге
тырысты. Т.Рысқұлов
— Түркістан
КП Мұсылман
бюросының төрағасы
ретінде Түркістан
Компартиясын
Түркі халықтарының
коммунистік
партиясы деп өзгертуге
ұсыныс
жасады. Бұл
пікір қате
деп табылды.
Қазақстандағы жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерге бір адамды әрі жергілікті халық өкілі емес адамды тағайындау тәжірибесі жалғаса берді. Сонымен бірге Қазақстанның партия және кеңес органдарын тәжірибелі кадрлармен нығайту мақсатында партияның ОК-і 1920 жылдың екінші жартысында мұнда жүз шақты қызметкерлерді аттандырды. Олардың ішінде Я.М.Свердлов атындағы Коммунистік университет түлектері де бар еді.
1920 жылдың 25 тамызында РК(б)П ОК-і Қыроблбюроның құрамын бекітті. Қырревком мен Қыроблбюроның төрағасы болып В.А.Радус-Зенькович бекітілді. Кейін ол Қазақ АКСР Халық комиссарлар Кеңесін басқарды.
РК(б)П ОК-нің шақыруы бойынша 1921 жылдың 1—2 қаңтарында Мәскеу қаласында РКФСР түркі халықтары коммунистерінің I Бүкілресейлік кеңесі болып өтті. Кеңес Шығыс халықтары коммунистік ұйымдары орталық бюросының баяндамасын талқылаумен бірге, коммунистерді ұлттық, кадрларды тәрбиелеу мәселесіне міндеттеді.
1921 жылдың сәуірінде РК(б)П ОК-і мен РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі РК(б)П ОК-нің хатшысы Е.Ярославскийдің басшылық етуімен арнайы комиссия құрып, оны Қазақстанға жіберді. Мұндағы мақсат — РК(б)П ОК-нің шешімі бойынша Қазақстан партия ұйымдарының кезекті конференциясын өткізу, жер-жерлердегі партия және кеңес ұйымдарының ықпалын күшейте түсу, оларға тиісті нақтылай көмектер көрсету болатын.
1921 жылдың 11—18 маусымында Орынборда I Қазақстандық облыстық партия конференциясы өтті. Бірыңғай партиялық басқару орталығы — облыстық партия комитетін құру арқылы I партия конференциясы Қазақстан партия ұйымдарының біріге, топтаса түсуін аяқтады деуге болады.
Қазақстан партия ұйымдарындағы жағдайды талқылай келіп, ОК мұнда өзінің өкілдігін — РК(б)П ОК-нің Қазақ бюросын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Мұндай шешімін ОК халық шаруашылығын тезірек қалпына келтіру және орталықтың ұлт саясатын қамтамасыз ету міндеттерімен түсіндірді.
РК(б)П Қырбюро ОК-і өмір сүрген кезеңде Қазақстанға М.И.Калинин, Я.Э.Рудзутак, Е.М.Ярославский сияқты партия және мемлекет қайраткерлері келді. РК(б)П ОК-і өз өкілдерінің қызметіне үнемі бағыт беріп отырды.
Партиялық құрылыс ісінде Голощекин партияға революциядан кейін келген, лайықты саяси дайындықтары мен білімдері жоқ жалған белсенділерге арқа сүйеді. Халық оларды «шолақ белсенді» деп атады. Қазақстанда аймақтық көсемге табыну белең ала бастады. Голощекин Қазақстандағы бас көтерер зиялы қауым өкілдерін, әдебиет пен өнер қайраткерлерін қуғынға ұшыратты. Өз әрекеті үшін Голощекин Қазақстанның өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды, содан кейін 1933 жылдың басында жұмысшы-шаруа инспекциясы халкоматының алқа мүшесі болып, сол жылдың қазан айында ХКК (Халық Комиссарлары Кеңесінің) жанындағы Бас төреші міндетіне тағайындалды. 1941 жылы 28 қазанда Ф.Голощекин Л. Берияның бұйрығымен атылды.
1933
жылы ақпанда Өлкелік
партия
комитетінің
бірінші
хатшысы
болып Левон
Исаевич Мирзоян
сайланды. Ол ұжымдастыру
кезінде жол
берілген қателіктер
мен асыра
сілтеушіліктер
зардабын жоюға
кірісті. Елде
тоталитарлық
жүйенің
негізі қалыптасып,
оның
логикалық аяқталуы
1936 жылғы
Конституцияның
қабылдануы
болды. БК(б)П
ОК-нің «Қайта
құрылған одақтас
республикалардағы партия ұйымдары
туралы» қаулысына
сәйкес 1937
жылдың 23 сәуірінде Өлкелік
партия ұйымы Қазақстан
коммунистік
партиясы
болып қайта
құрылды.
Қазақстан
Компартиясының
құрылуы мен
дамуы. ХІХ ғасырдың
соңы мен – ХХ ғасырдың
басында
Ресейде
социал-демократиялық
үйірмелердің
құрылуы,
марксизмнің
таралуы Қазақстанға
да әсерін
тигізе
бастады. Өйткені
ХІХ ғасырдың
соңында
капиталистік
қатынастың
дами
бастауынан
Орал,
Петропавл
сияқты ірі өнеркәсібі
бар қалаларда
социал-демократиялық
үйірмелер құрылды.
Әсіресе
Ресейдің
социал-
демократиялық
жұмысшы
партиясы құрылғаннан
кейінгі
кезде, партияның
бағдарламасы,
Жарғысымен қаруланған
большевиктер
Ресейдің
отар
елдерінде
марксизмнің
таралуына
аянбай еңбек
етті. 1905-1907
жылдардағы
революция
кезінде
Семей, Ақмола,
Ақтөбе, Қазалы,
Қостанай, Көкшетау,
Павлодар, т.б. қалаларда
50-ден астам
социал-демократиялық
ұйымдар құрылған.
Олардың
ішінде 150-ден
астам мүшелері
бар
Петропавл,
Орал ұйымдары
партия жұмысын
қызу түрде жүргізген.
Жергілікті
большевиктер
тобын құруға Ә.Жангелдин,
П.А.Кобозев,
В.Ф.Зинченколар
көмек көрсетуге
жіберілді.
1905-1907 жылдары
революцияның
жеңіліске ұшырауы
социал-демократиялық
ұйымдар мен
топтардың
талқандалуына
әкеліп соқтырды.
Қазақстанда
революциялық
жұмыстарды
енді қазақ
жеріне жер
аударылғандар
мен саяси тұтқыннан
қашып шыққандар
жүргізді.
Сондықтан Қазақстанда
партия жұмысының
жандануы 1917
жылғы Ақпан
революциясынан
кейін тез қарқынмен
дамыды. Мәселен,
РСДР (б)П-ның
Орталық
Комитеті Қазақстанның
жергілікті 27 ұйымымен
байланыс
жасады.
Қазақ
жерінде
большевиктік
ұйымдар Қазан
төңкерісінің
жеңісінен
кейін тез қарқынмен
жүрді. 1917 жылы қараша–қаңтарда–Ақмола,
Әулиеата,
Орал, Өскеменде,
1918 жылы қаңтарда–Семейде,
ақпанда–Ақтөбеде,
наурызда–Верныйда,
т.б. жерлерде
дербес
большевиктік
ұйымдар қалыптасты.
Партияның
Орталық
Комитеті Қазақстанға
С.М.Цвиллинг,
А.А.Звездов, тағы
басқа
большевиктерді
большевиктік
ұйымдардың қатарына
қазақ еңбекшілерінен
басқа да шығыс
ұлт өкілдерін
тездетіп қабылдау
жұмыстарын ұйымдастыру
үшін арнайы
жіберді.
Большевиктер
Қазақстанда
Кеңес өкіметін
орнату
жолындағы күресті
басқаруда, өнеркәсіп
орындарын
мемлекет
меншігіне
айналдыруда,
ірі жер
иелерін тәркілеуде,
жерді кедей
шаруаларға
беру мәселесін
іске асыруда
белсенді жұмыс
жүргізді.
1918
жылы
маусымда Түркістанда
Коммунистік
партия құрылуының
Оңтүстік Қазақстан
үшін маңызы
айтарлықтай
болды. Бұл ұйымға
Жетісу, Торғай,
Сырдария,
Орал
облыстарының
кейбір
партия ұйымдары
енді.
Сонымен,
бірыңғай
орталығы
болмаса да
большевиктер
партиясының
мүшелері
азамат соғысы
жүріп жатқан
кездің өзінде
бір жағынан,
Кеңес өкіметін
құрып жатса,
екінші жағынан,
ішкі-сыртқы
жауға қарсы күресіп
жатты.
Қазақстанның
партия ұйымдары
нығайып,
олардың
беделі артып,
мүше саны күннен
-күнге өсіп
отырды. 1920
жылдың өзінде
олардың саны
20 мыңға жетіп, Қырғыз
(қазақ)
бюросы болып қайта
құрылды. Сөйтіп,
Қырғыз (қазақ)
республикасының
ОК бюросына
А.Авдеев, Ә.Әйтиев,
А.Әлібеков,
С.Арғыншиев, Ә.Жангелдин,
М.Мырзағалиев,
С.С.
Пестковскийлер
(төраға)
сайланды. Қазақ
халқының
тарихи атауы
1925 жылы сәуірде
өткен Қаз
АКСР кеңестерінің
V съезінде қалпына
келтірілген
еді. 1936 жылы Қазақ
КСР-нің құрылуына
байланысты Бүкілодақтық
коммунистік
(большевиктер)
партиясының
ОК-і 1937 жылы 23 сәуірде
Өлкелік
партия
комитетін Қазақстан
К (б)П етіп қайта
құрды. Ал
республика
коммунистерінің
І съезі 1937 жылы
маусымда Қазақстан
К (б) П-ны қалыптастырды.
Қазақстан
Компартиясы Қазақ
КСР-інің
негізгі басқару
ұйымы.
Большевиктер
партиясының
бағдарламасында
ұлттық мәселе
әрбір ұлттың өз
еркінде, өздерінің
жеке
мемлекет
болып бөлініп
кетуіне
дейін толық құқы
бар деп жазылған.
Алайда
большевиктер
өкімет
билігін өз қолдарына
алғаннан
кейін бұл ұстаным
мүлде
орындалмай қалды.
Енді
пролетариат
диктатурасына
сүйеніп елді
большевиктендіру
(ұлтсыздандыру)
саясатына көшіп,
қазақ
зиялыларының
арасында ұлттық
тәуелсіз
мемлекет құру
жайында
талас-тартыс
күшейді. Ә.Жангелдин
бастаған
большевиктік
топ саяси
билікті
таптық кеңестік
жұмыс жүргізуге
уағыздаса,
екінші жағы, қазақ
қоғамын ұлттық
мемлекет құруға
шақырды.

Ә.Бөкейханов. А.Байтұрсынов.
М.Шоқай.
С.Асфендияров.
Қазақстанда
ұлттық
мемлекет үшін
күрес
майданында ұлт
зиялылары–Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынұлы,
М.Шоқай,
Ж.Досмұхамедов,
С.Асфендияров,
С.Қожанов, т.б.
аянбай күрес
жүргізді.
Олар өздерінің
еңбектерінде
Орталық Азия құрамында
біртекті үкіметі
бар ұлт
республикаларын
ұйымдастырып,
оларды
межелеудің жүргізілуін
қолдады. Ал бұл
мәселе 1924 жылы 10
наурызда
РК(б)П ОК
Орталық Азия
бюросы мен Түркатком
төралқасы мүшелерінің
бас қосқан мәжілісінде
қаралған.
Жарыссөзге
шыққан С.Қожанов
Орталық Азия
федерациясын
біріктіру,
одан кейін экономикалық
және саяси -әкімшілік
жағынан қалыптасқан
қуатты құрылым
ретінде КСРО-ға
кіру бағытын ұстады.
Бұл көзқарас
И.Сталин тұжырымдаған
ұлттық жүйеге
ұқсас болды.
Алайда
бұл ұсынысты өмірге
қолданғанда
Ресейдің «бөліп
ал да билей
бер» мақсатымен
үндестіріп,
Кеңес өкіметінің
«бұқараның өз
тілегі
бойынша»
большевизм қолдап
тар ұлтшылдық
басқару жүйесін
ойдағыдай
іске асырып
отырды. Өйткені
Қазақстанды
Орталық
Азиядан бөліп
алып жеке
билеу, М.Шоқайдың
айтуы
бойынша,
«Орталық Түркістан
ұлттық тұтастық
пен ұлттық
мемлекеттің құрылуынан
өлердей қорқады.
Сондықтан, қайткен
күнде де мұндай
тұтастықты
болдырмауға
тырысады». Сөйтіп,
ұлттық
мемлекет құруда
большевиктер
партиясы өзінің
үстемдігін жүргізіп
отырды.
Сонымен, ұлттық
мемлекет үшін
күрес
большевиктік
саясатпен құрсауланып,
1925 жылдан
бастап кері
кетті.
Қазақстанда
партиялық әміршілдік
пен әкімшілдіктің
астамдығы 1925
жылы қыркүйекте
Қазақ өлкелік
партия ұйымын
басқаруға
Ф.И.Голощекин
келген
кезден күшейе
бастайды.
Голощекин нағыз
«шаш ал десе,
бас алатын» қатыгез
большевик
болатын. 1925
жылы қаңтар
айындағы
Голощекин өткізген
партияның
5-конференциясында
патша
заманынан қазақтарға
өзекті мәселе
болып келе
жатқан жер-су
мәселесін қазақ
зиялылары қайта
көтерді. Ұлттық
мемлекеттің
түйінді, ең қажетті
күн тәртібіндегі
мәселенің
шешуі
жеткендігін Қожанов,
Сәдуақасов және
Мыңбаевтар
батыл да дәйекті
түрде қорғап,
тиісті заңды қарар
қабылдады.
Алайда
Голощекин бұл
мәселені
большевизмнің
алуан түрлі қулық
тәсілдеріне,
сөз бұйдалыққа
салып,
партиялық
шешімге өзінің
қарсылығын
сездірмей, қаулы-қарарлар
орындалмай қалды.
Ал кейін бір өзі
Кеңестер
съезі мен
партконференциясының
шешімдерін бұзды.
Бұл
шешімдерді қабылдатқан
қазақ
зиялыларының
түбіне
біржола жету үшін
Голощекин қарашада
өткен БК (б)П
біріккен
пленумында
оларға «оңшыл
коммунистер»
деген айдар
тақты.
Кейіннен бұларға
« жікшілдер
тобы» деген
айып тағылып,
қуғын-сүргін
басталады. 1926
жылы Бақылау
комитетінің
органдары
топтық әрекеттері
үшін 37 адамға
іс ашылып,
оның 8-ін
партиядан шығарды.
Бұл ұлттық
мемлекет үшін
күрестің жеңіліс
табуы,
республикадағы
тоталитарлық
билік науқанының
басталған
кезі еді.
Қазақстанда
Коммунистік
партияның әміршілдігі
мен әкімшілдігінің
ең жоғары
шегіне
жеткен жері
республикада
ұжымдастыру
науқанын жүргізген
кезі. 1928 жылы 27
тамызда Қаз
АКСР Орталық
Атқару
Комитеті
ауылдарды кеңестендіруге
қарсылық көрсетуші
жергілікті
халықтың
арасындағы
аса ірі мал
иелерін «тәркілеу
туралы» қаулы
қабылдайды. Бұл
қаулыға
байланысты
байлар мен
жартылай
феодалдардың
малдарын тәркілеу
науқанын жүргізу
үшін арнайы
комиссиялар құрылды.
Күшпен ұжымдастыру
және тәркілеуде
тек қана
байлар емес,
орта дәулеттілер
де тәркіленді.
Ф.И.Голощекин.
Голощекин
кім?
|
Голощекин
Филипп
Исаевич (1876-1941)-кеңестің
мемлекет және
партия қайраткері.
Мамандығы-тіс
дәрігері. 1917
жылғы Қазан қарулы
көтерілісіне
дейін Мәскеу,
Петроград, Оралда
партиялық қызметтер
атқарған. Қазан
революциясынан
кейін,
бірнеше
облыстық
комитеттің
хатшысы
болып, бірқатар
аймақтардағы
Кеңес өкіметін
нығайту
жолындағы күреске
белсене қатысқан.
Ф.И.Голощекин
Өлкелік
партия ұйымдарының
басшылығына
келген соң, Қазақстандағы
«Кіші Қазан»
атанған «жаңа
революцияның»
жүргізілуіне
идеялық-саяси
негіз болған
«ауылды кеңестендіру»
ұранымен
ауылдағы
тап күресін
шиеленістіру
бағытын таңдап
алды. «Жаңа
революцияның»
нәтижесінде
бұл саясатқа
наразы болағн
көптеген қабілетті
басшылар ұлтшылдықпен
айыпталып,
ескі
зиялылардың
көзі ашық бөлігі
қуғынға ұшыратылды.
1928
жылы астық
дайындау
барысында төтенше
шаралар қабылданып,
Ф.И.Голощекиннің
араласуымен
миллиондаған
шаруалар қуғынға
ұшырады. Ф.
И.Голощекин Қазақстандағы
күшпен ұжымдастырудың
белсенді жүргізушісі
болды. Оның
кезінде
аштық пен қиыншылықтан
миллионнан
аса
шаруалар қаза
тапты.
Ф.И.Голощекин
саясаттағы
күштеу мен
адамгершілікке
қарсы әдістердің
жақтаушысы
болды. Қуғын-сүргінге
ұшырап, 1941 жылы
атылды. |
Ф.
И. Голощекин
кезінде ұжымдастыру
науқаны
басталып, көшпелі
және
жартылай көшпелі
шаруа қожалықтарын
отырықшыландыру
қажеттігі
туындады. Бұл
мәселені жүргізу
жолында
кемшіліктер
мен
астамшылықтарға
жол берілді,
ауыр
зардаптарға ұшыратты.
Осынау әміршіл-әкімшілдік
басқарудың үстірт
шешімдері өмір
шындығынан
аулақ болып, қазақ
ауылының нақты
жағдайлары
мен
ерекшеліктері
ескерілмеді.
Ф.И.Голощекиннің
әмірімен қазақ
шаруа қожалықтарын
қысқа
мерзімде
жедел,
жаппай,
жоспарлы түрде
отырықшыландыру
жұмысы толық
сәтсіздікке ұшыратты.
Ол қазақтардың
ата қоныстарынан
ауа көшулерін
үдетіп,
оларды
сергелдеңге
салдырды,
ашаршылыққа,
босқыншылыққа
ұрындырды. әсіресе,
көшпелі және
жартылай көшпелі
аудандар қатты
күйзеліске ұшырады.
Бұған ең
басты кінәлі
большевиктер
партиясының
жергілікті
халықтың
табиғи-тарихи
даму заңдылықтарын
көпе-көрнеу бұзу
саясаты болған.
Ел
ішінде болып
жатқан
осындай ауыр
жағдай
туралы 1937
жылдың мамыр
айына дейін
РКФСР халық
Комиссарлары
Кеңесі төрағасының
орынбасары
болған Т.Рысқұлов
И.В.Сталинге
хат жазған. Мұндай
хат-хабарлар
орталыққа
басқа да
республикалардан
түсіп отырған.
Бірақ олардың
көбі
жауапсыз қалған.
Ал егер мұндай
жағдайларды
ашық айтып әшкерелеушілер
болса,
ондайлар тап
жаулары, оңшылдар
немесе ұсақ
буржуазиялық
элементтер
ретінде
айдар тағылып,
түрмеге
жабылып
жатты.
Голощекин
1933 жылы Қазақстанның
өлкелік
партия
комитетінің
хатшылығынан
босатылып, 1941
жылдың қазан
айында
Л.Берияның бұйрығымен
атылды. 1933
жылдың ақпанында
өлкелік
партия
комитетінің
бірінші
хатшысы
болып
Л.И.Мирзоян
сайланған. Ол
Голощекиннің
жіберген қателіктерін
жоюға
тырысты.
Жасанды
жолмен ұжымдастырылған
ұжымшар-кеңшарлар
таратылып, күшпен
алынған мал қайтарылды.
Отырықшылыққа
көшкен көшпелі
шаруашылықтарды
орнықтыру үшін
техникалық және
қаржылай көмек
көрсетілді. Оларға
2 млн.пұттан
астам астық және
30 млн. сомнан
астам ақша бөлінді.
Елдің жағдайы
біраз жақсара
бастады. Оған
риза болған қазақ
халқы оны
«Мырзажан»
деп атады.
Левон
Исаевич
Мирзоян 1897
жылы қарашада
Әзірбайжанда
қарапайым
отбасында дүниеге
келді. Жастайынан
революциялық
қозғалысқа
белсене қатысқан
ол 1917 жылы
наурызда
большевиктер
партиясының
мүшелігіне өткен.
Содан ол 1917-1920
жылдары Әзірбайжанда,
Грузияда,
Арменияда Кеңес
өкіметін
орнатуда
белсенділік
көрсетті. 1925
жылы Әзірбайжан
Компартиясы
Орталық
Комитетінің
хатшысы
болып
сайланды. Қазақстанға
келер
алдында 1929
жылдан 1933
жылдың
басына дейін
Л.Мирзоян
Пермь
округтік, Орал
облыстық
(Свердловск)
партия
комитеттерін
басқарып,
Магнитогорскінің
металлургия
комбинаты,
Челябі
трактор зауыты
сияқты атақты
индустрия
алыптарын
салуға қатысты.
1933 жылдың ақпанында
ВКП(б) Орталық
Комитеті
Л.И.Мирзоянды
Қазақстанға
жіберді.
Левон
Исаевич Қазақстан
Орталық
Партия
Комитетінің
бірінші
хатшысы
болып
сайланды.
Осындай ауыр
шақта
басшылыққа
келген Мирзоян
аштықты жеңіп,
қуғын-сүргінді
тоқтату үшін қолдан
келгеннің бәрін
жасады. Қазақстандағы
өнеркәсіп
пен ауыл
шаруашылығының
қарқын алуы,
мәдениеттің
көтерілуі де
сол кезден
басталды.
1936
жылғы
Конституция. 1935 жылы 1 ақпанда
өткен БК(б)П
ОК-тің
Пленумы КСРО
Конституциясына
бірқатар өзгерістер
енгізу
туралы қаулы қабылдады.
Жаңа
Конституцияның
жобасы
дайындалды. 1936
жылы 12 маусым
күні жаңа
Конституция
жобасы бүкілхалықтық
талқылауға ұсынылып,
жария етілді.
Конституция
жобасын бүкілхалықтық
талқылау 5 айдан
аса уақытқа
созылды.
Жаңа
негізгі заңға
сәйкес
сайлау жүйесіне,
орталык өкілетті
органдар құрылымына,
елдің әкімшілік-аумақтық
бөлінісіне өзгерістер
енгізілді,
Конституция
Кеңес өкіметін
өтпелі саяси
форма емес,
социализм
жетістіктерін
қорғауға
тиісті нақты
және қажетті
жағдай
ретінде
бекітті.
Мемлекеттің
социализм және
коммунизм
орнату
кезінде құрып
бітуі туралы
тезис мықты
мемлекеттің қажеттігі
туралы
тезиспен
алмастырылды.
Мемлекеттік
жүйенің күшеюі,
оның
партиялық
аппаратпен
бірігіп
кетуі Екінші
дүниежүзілік
соғыстың
пісіп-жетілу
кезеңінде жүзеге
асты.
Жаңа
Конституцияда
жалпыға
бірдей
сайлау құқығы
және құпия
дауыс беру
енгізілді.
Алайда ақыл-еске
Коммунистік
партия
тарапынан
жаппай бақылау
қойылған және
партияның өзі
ұсынған бір
кандидатқа
дауыс беру
практикасын
орнату
барысында бұл
жаңа
енгізілімдер
мағынасын
тез жоғалтты.
Өкілетті
органдардағы
қайта құрулар
да формалды
сипатта
болды. Кеңестердің
Орталық Атқару
Комитетін
КСРО Жоғарғы
Кеңесі
алмастырды, бұл
билік органы
шын мәнінде
Компартияның
айтқанын ғана
орындады.
Қазақ
КСР
Конституциясына
сәйкес 1936 жылы
Қазақ КСР-і
одақтық
республика
болып қайта құрылды.
Федерация құрамында
Қазақстан
басқа да
республикалар
қатарына
келіп
косылды. Ал 1937
жылдың 26
наурызы күні
Республика
Кеңесінің төтенше
X съезінде
Қазақ КСР
Конституциясы
Одақтық
Негізгі Заңға
сүйене
отырып
жасалды. Жаңа
Конституцияның
негізгі қорытындылары,
ең алдымен,
КСРО-да
социализмнің
салтанат құруына
арналды. Мұның
түпкі тұжырымдары
1917—1936 жылдары
КСРО-да
болатын экономикалық
және әлеуметтік-мәдени
өзгерістердің
нақты нәтижелеріне
сүйенді.
Экономикалық
салада,
біріншіден, шаруашылықты
басқару мен жүргізудің
социалистік
жүйесі қолға
алынды, екіншіден,
өндіріс құралдарының
социалистік
жеке
меншіктік түрі
қалыптасты.
Ал, шындығында,
жеке
меншіктің
мемлекеттік
түрін енгізу
және барлық
республикалардың
бірыңғай
халық
шаруашылығы
жоспарларының
дамуы (олардың
жалпыодақтық
өзара еңбек бөлінісі
есепке алына
отырып) Қазақ
КСР-ның,
айналып
келгенде
экономикалық
тұрғыдан
Орталыққа бағынатынын
айқындай түсті.
Саяси мәселеге
келер болсақ,
1937
жылғы Қазақ
КСР
Конституциясында
— Қазақ
КСР-інің
саяси
негізін Еңбекшілер
депутаттарының
Кеңесі құрайды
делінген.
Алайда
жалпыпартиялық
жүйелілік жағдайында
сайланған
депутаттар
жеке-дара
Коммунистік
партия шешімін
басшылыққа
ала отырып жұмыс
атқаруға құкылы
болатын. КОКП
пролетариаттың
алғы шебінде
бола тұрғанымен,
іс жүзінде қалың
бұқараның
барлық
буындарының
дерлік
намысын корғай
алған жоқ.
Тек сол бұқара
халыққа жаңа қоғам
құрумен
айналысты.
Сонымен
бірге осы
кезеңде өсіп
келе жатқан
жаңа ұрпақты
тәрбиелеу мақсатында
балалар мен
жастар
коммунистік ұйымдарын
құру қолға
алынды.
Мәдени-рухани
салада — қоғамдық
өмірдегі
КОКП-ның
жетістіктерін
көрсету бағытында
социалистік
реализм қағидаларын
орнықтыру мәселесі
жүріп жатты. Қазақ
КСР-і қатардағы
басқа да
республикалардың
бірі ретінде,
сол баяғы
автономиялық
кезіндегіден
артық өзгешелікті
өз басынан өткере
қойған жоқ.
Олай
дейтініміз, үкіметтің
орталық
буынынан
келген барлық
тапсырмалар,
басқа да іс құжаттары
қалтқысыз
орындалып
жатты. Әр
республикалардағы
коммунистік
партия ұйымдарын
қоса алғанда,
КОКП
мемлекеттің
ең жоғарғы
басшы әрі
жетекші ұйымы
болып
есептелді.
Партия
съезі 
Қазақ
КСР-інің
негізгі басқару
ұйымы. Қазақстандағы
алғашқы
Коммунистік
партия
съездері
болып өтті. 1937
жылдың 5—12
маусымында Қазақстан
Коммунистік
(большевиктер)
партиясының I съезі
өтті. ҚК(б)П
ОК-нің
Бірінші
хатшысы
болып Л.Мирзоян
сайланды.
Съезд ұйымдық
дәрежеде Өлкелік
партия ұйымын
Қазақстан
большевиктерінің
Коммунистік
партиясы деп
іс жүзінде
бекітті.
Алайда
1938 жылы 18
мамырда
Л.Мирзоян
жедел Мәскеуге
шақырылып,
жолда тұтқынға
алынады. 1938 жылғы
21 мамырда
Республикалық
газеттерде
мынадай
хабар
басылды:
«БК(б)П ОК-нің
Пленумы
Л.Мирзоян
жолдасты
БК(б)П ОК-нің қарамағына
шақырылуына
байланысты ҚК(б)П
ОК-нің
бірінші
хатшысы
міндетінен
босатты».
1938 жылдың 3—14
шілдесінде ҚК(б)П-ның
II съезі
болып өтті. Елдің
үшінші
бесжылдық
жоспары ауқымында
бұл съезд
республика
халық
шаруашылығы өркендеуінің
үшінші
бесжылдық
жоспарының
нақтылай
тапсырмаларын
алға міндет
етіп қойды. ҚК(б)П
ОК-нің
бірінші
хатшысы
болып Н. А.
Скворцов сайланды.
1939
жылдың 10—21
наурызында
БК(б)П-ның XVIII съезі
болды. Съезде
БК(б)П Жарғысына
өзгерістер
енгізілді. Жаңа
редакциядағы
Жарғы
адамдардың әлеуметтік
тегіне қарамастан
бірыңғай қабылдау
әдісін және
бірыңғай
кандидаттық өтіл
мерзімін қабылдады.
Республика мен
орталықтың
партия ұйымдарын
бір қалыпқа
келтіру жүріп
жатты, өйткені
бірыңғай
экономикалық
және саяси кеңістік
пайда болған
еді. Оның үстіне
жаңа Жарғы
бастауыш
партия ұйымдарына
әкімшілік, құрылыс
мекемелері, ұжымшарлар,
кеңшарлар,
МТС қызметіне
бақылау
жасауға мүмкіндік
берді.
Халық
шаруашылығы
салаларына
билік жүргізуді
жақсарту және
басқарудың
директивалық
әдісін күшейту
үшін
республиканың
кейбір
облыстары
ірілендірілді.
1938—1939 жылдары 6
жаңа обком —
Ақмола,
Гурьев,
Жамбыл, Қызылорда,
Павлодар, Семей
қалаларында құрылды.
Қазақстандағы
партия
аппаратын
ірілендіру үшін
БК(б)П ОК-нің ұсынысымен
республикаға
бұл жылдары 75
коммунист
жіберілді.
1940
жылы ҚК(б)П
ОК-інде — көмір,
мұнай, түсті
металл өндірісі,
көлік және
байланыс бөлімдері,
ал Ақтөбе,
Алматы,
Гурьев, Оңтүстік
Қазақстан, Қарағанды
және Шығыс Қазақстан
облыстық
партия
комитеттерінде
— түсті
металл өндірісі,
Ақмолада — көлік,
сондай-ақ
біркатар қалалық
партия
комитеттерінде
өндіріс бөлімдері
құрылды. 1938—1939
жылдары Қазақстанда
партия шешімдерінің
орындалуын
тексеру күшейді.
БК(б)П-ның
XVIII съезінен
кейін
идеологиялык
жұмысты бақылаушы
партиялық
аппарат
бекітілді. Қазақстан
ОК-і мен К(б)П
облыстық
комитеттерінде
бірыңғай
насихат және үгіт
бөлімдері құрылды.
1938—1940 жылдары
марксизм-ленинизм
классиктерінің
70-тен астам шығармалары
қазақ тіліне
аударылып, үлкен
таралыммен
жарық көрді.
Республиканың
барлық жоғары
оқу
орындарында
марксизм-ленинизм
негіздері
курсы
енгізілді.
1940 жылдың 10—18
наурызында ҚК(б)П-ның
III съезі шақырылды.
Үшінші
бесжылдық
жоспарды
мерзімінен бұрын
орындау —
съездің күн тәртібіндегі
басты мәселе
ретінде қаралды.
Екінші
дүниежүзілік
соғыс
жылдарында
партия
органдарының
қызметі
айтарлықтай өзгеріске
ұшырады. Маңызды
деген әскери өнеркәсіп
пен ауыр өнеркәсіптің
шешуші салаларында
партия
органдары —
хатшыларының
институттары
жұмыс істей
бастады. Ал
халық
шаруашылығының
аса маңызды
учаскелерінде
БК(б)П-ның ОК-і
партия ұйымдарының
құрамы мен
партбюро
хатшыларының
саны едәуір
арттырылды.
Партия ұйымдары
жеделдетілген
әскери штабтар
ролін атқарғандықтан,
бұл кезеңде
ішкі
партиялық
демократияны
орталықтандыру
және ширықтыра
түсу өз дәрежесінде
жүріп жатты.
Ж.Жабаев
пен
Ж.Шаяхметов

Шаяхметов
Жұмабай (1902-1966)
–мемлекет қайраткері.
Ресей
Федерациясы
Омбы облысының
Шарбақты
ауданында туған.
Полтавкадағы
2 сыныпты қазақ-орыс
училищесін
бітірген. Мәскеудегі
Н.Нариманов
атындағы Шығыс
институтында
оқыған.
Ж.Шаяхметов
тарихи
отанындағы еңбек
жолын Текелі
болыстық атқару
комитетінің
хатшысы
болып бастап,
уездік атқару
комитетінің
іс жүргізушісі
болды. Халық
ішкі істер
комиссариатында
10 жыл жұмыс
істеп, жедел
уәкілдің көмекшісінен
облыстық басқарма
бастығының
орынбасарлығына
дейін жоғарлады.
1938 жылы
маусымда Қазақстан
Компартиясы
Орталық
Комитетінің үшінші
хатшысы
болып
сайланды. Бір
жылдан кейін
екінші
хатшылыққа көтеріліп,
Ұлы Отан соғысы
жылдары Қазақстан
бойынша
Мемлекеттік қорғаныс
комитетіне
басшылық
жасады. Осы
кезеңде
майдан үшін
жасалған 10 оқтың
9-ы Қазақстанда
жасалған
болатын. 1946
жылы сәуірде
ол Қазақстан
Компартия
Орталық
Комитетінің
бірінші
хатшысы
болып
сайланды. Бұл
уақыт соғыстан
кейінгі ауыр
кезең
болатын.
Шаяхметов басшылықта
болған кезде Қазақстан
халқы артта қалған,
ашаршылық
пен саяси қуғын-сүргінді
және соғысты
бастан
кешірген
кезеңнен өтіп,
аздап болса
да ес жия
бастаған
болатын. Соғыс
жылдары Қазақстанға
КСРО-ның
батыс аймақтарынан
көптеген
зауыт-фабрикалар,
ғылыми және мәдени
мекемелер көшіп
келді. Осыған
байланысты қаладағы
халық саны күрт
өсіп, жаңадан
өндіріс ошақтары
пайда болды.
Мәскеуден,
Ленинградтан,
Киевтен, т.б.
ірі-ірі қалалардан
келген ғылым
мен мәдениеттің
көрнекті қайраткерлері
республика
басшылығы көмегімен
жергілікті
жағдайға тез
бейімделіп,
елдің ғылыми
және мәдени өміріне
белсене
араласты. Осы
ғалымдарды және
жергілікті күшті
жұмылдыра
отырып, 1946 жылы Қазақ
КСР Ғылым
академиясы құрылды,
жоғары оқу
орындарының ғылыми-техникалық
базасы нығайды,
жаңа оқу
орындары
ашылды. Бұрынғы
ұсақ ұжымшарлар
біріктіріліп,
жаңадан кеңшарлар
құрыла
бастады. 1937-1949
жылдары
республика
КСРО-ның түкпір-түкпірінен
қуғынға ұшыраған
халықтар
(Солтүстік
Кавказ халықтары,
немістер,
корейлер, т.б.)
зорлықпен көшіріліп
әкелініп, Қазақстан
көп этносты өлкеге
айналды. Соған
қарамастан
Шаяхметов
басқарушы
кадрлар
арасында қазақ
басшыларын көбейтті.
Көптеген қазақ
жастары Мәскеу
мен
Ленинградта
оқыды,
аспиранттар
мен
доктаранттар
көбейді. Қазақстанда
жаңадан жүздеген
зауыттар мен
фабрикалар
салынды, мыңдаған
шақырым
темір жол төселді.
Мырыш өндірісі,
қара
металлургия,
машина жасау,
мұнай өңдеу,
ауыл
шаруашылық
тыңайтқышын өңдеу,
т.б. салалар
жаңадан құрылды.
Қазақстан
артта қалған
елден
аграрлы-индустриялы
республикаға
айнала бастады.
Ж.Шаяхметов
«Медеу» мұз
айдынының,
Шымбұлақ
спорт
базасының
салынуына да
көп еңбек сіңірді.
Сондай-ақ, ол
кеңес
империясы
парламенті
палатасының
бірі КСРО Жоғары
Кеңесі Ұлттар
кеңесінің төрағасы
болған және 1950
жылы КСРО-ның
«Бейбітшілік
туралы заңына»
қол қойған
бірінші қазақ.
1953 жылы КСРО-ны ұзақ
жылдар басқарған
И.Сталин қайтыс
болды. Осыған
байланысты Мәскеуде
болған саяси
тартыстардан
кейін
билікке Н.
Хрущев келді.
Ол КСРО-ны
азық-түлік
жетіспеушілігінен
аман алып қалу
үшін Қазақстан
мен Батыс
Сібірдің тың
және тыңайған
жерлерін
игеру қажет
деп есептеді.
Шаяхметов өз
кезегінде Қазақстанның
географиялық
ерекшеліктерін
және осыған
байланысты қазақ
халқының
негізінен
мал
шаруашылығымен
айналысқанын
ескере
отырып, жерді
жаппай жыртуға
қарсылығын білдірді.
Сондықтан,
Шаяхметов
орнынан алып,
1954-1955 жылдары Оңтүстік
Қазақстан
облыстық
партия
комитетінің
1-ші хатшысы қызметіне
дейін төмендетілді.
2002 жылы
мемлекет қайраткері
тұрған үйдің қабырғасына
мемориалдық
тақта
орнатылды.
Сол жылы соғыс
ардагері Қасым
Мұхаметқалиев
пен
журналист
Ермек Зәңгіров
құрастырған
Ж.Шаяхметов
туралы
естеліктер
жинағы,
журналист Мәдат
Аққозиннің
«Вернуть из
забвения»
атты кітабы
жарық көрді.
Ж.Шаяхметов үш
мәрте
«Ленин», «Еңбек
Қызыл Ту», «Құрмет
белгісі»
ордендерімен,
бірнеше
медальдармен
марапатталған.
Дереккөзі: Қазақстан
ұлттық
энциклопедиясы,
9 том
Қазақтан
Компартиясының
саяси бағыты. Республиканың
партия ұйымын
Ж. Шаяхметов басқарды.
Ол ҚК(б)П ОК-нің
1946 жылғы 20—22
маусымдағы
Пленумында
сайланды. Соғыстан
кейінгі кезеңде
Коммунистік
партия
идеологиялық
жұмысты күшейтуге
кірісті. 1946
жылы БК(б)П
ОК-нің
«Звезда» және
«Ленинград»
журналдары
туралы»,
«Драмалық
театрлардың
репертуары және
оны жақсарту
шаралары
туралы»,
«Большая
жизнь» кинофильмі
туралы» қаулылары
жарық көрді.
Қазақстанда
аталған қаулыларды
негізге алған
саяси науқан
1946 жылғы 26 қыркүйекте
Алматыда өткен
әдебиет пен өнер
қайраткерлерінің
жиналысынан
бастау алды.
Жазушылардың
шығармашылығы
саясаттан
тыс,
социалистік
реализм принциптерінен
ауытқығандығы
үшін сыналды.
Жазушы Ә.Тәжібаевты
«Біз де қазақпыз»
кітабында
патшалар мен
хандарды мадақтағаны
үшін сынға
алды. Мұндай
жиналыстар
республиканың
барлық
облыстарында
өте бастады.
Журналдар
идеологиялық
зиянды еңбектерді
басқаны үшін
кінәлі деп
табылды. Театрлар
буржуазиялық
драматургтер
пьесаларын,
мысалы, Лопе
де Вега,
Шеридан,
Бомарше, т.б.
сахналағаны үшін
жазғырылды.
ҚКЖО
(Қазақстан
кеңестік
Жазушылар
одағы) белсенді
жүргізілген
саяси науқан
нәтижесінде
1947 жылы қазіргі
заман тақырыбына
лайық шығарма
тудыру жөнінде
міндеттеме
алуға мәжбүр
болды. 1947 жылдың
21 қаңтарында ҚК(б)П
ОК-нің «Қазақ
КСР ҒА-ның
Тіл және әдебиет
институтының
жұмысындағы өрескел
саяси қателіктер
туралы» қаулысы
шықты. Көп ұзамай
ҒА-да партия
жиналысы өтті.
Тіл және әдебиет
институтының
ғылыми
зерттеулер
жоспары қайта
қаралды,
революцияға
дейінгі қазақ
әдебиетіне
байланысты
тақырыптар
алынып
тасталды. М.Әуезовтің
шығармашылық
және ғылыми қызметі
сынға алынды.
Ол орысқа қарсы,
реакцияшыл,
кертартпа көзқарасты
насихаттаушы
ретінде айыпталды.
Қаулының мәнін
түсіндіру үшін
Алматыда ғылым,
әдебиет пен өнер
қайраткерлерінің
жиналысы шақырылды.
1948 жылы қыркүйекте
ҚК(б)П ОК-нің «Қазақ
кеңес әдебиетінің
жағдайы және
одан әрі
дамыту
туралы» қаулысы
шықты. Осы қаулыға
сәйкес ҚК(б)П
ОК-і Жазушылар
одағын нақты
тақырыбы,
жанры және
орындалу
мерзімі көрсетілген
шығармалар
жоспарын
бекіту үшін ұсынуға
міндеттеді.
Жоспар әдебиеттің
әуелгі 2
жылда, содан
кейін 5 жылда
даму барысын
анықтауға
тиіс болды.
Пьеса, опера,
балет және
бейнелеу өнері
бойынша
осындай тақырыптық
жоспар беру өнер
басқармасынан
да талап
етілді.
1948 жылы 23 ақпанда
Қазақстан
композиторлар
одағының
жалпы
жиналысы өтті.
Е.Брусиловский,
В.Великанов
сияқты
сазгерлер
«Орыс
музыкасы
классиктерінің
тәжірибесін
мансұқ
еткені үшін»
сынға алынды.
1949 жылы ҚК(б)П
ОК-і Қазақстан
кеңестік
Суретшілер
одағының қызметін
тексеру үшін
комиссия құрды.
Комиссия ұсынысымен
ҚКСО (Қазақстан
кеңестік
Суретшілер
одағы) басқармасы
қайта
сайланды. Қоғамдық
ғылымдарды
бірегейлендіру
жөніндегі мұндай
үдеріс
жаратылыстану
ғылымдарына
да қолданылды.
1948 жылғы 27
тамызда
«Правда»
газетінде
В.И.Ленин атындағы
Ауыл
шаруашылығы ғылымдарының
бүкілодақтық
академиясының
(ВАСХНИЛ)
тамыз
сессиясы қорытындыларына
арналған мақала
жарық көрді.
Сессия қаулысында:
«Биология ғылымында
екі қарама-қарсы
бағыт бары
анықталды: бірінші
бағыт
прогрессивті,
материалдық,
мичуриндік..., екіншісі
— реакциялық
идеалистік,
вейсмандық,
менделеевтік,
моргановтық...»
деп атап көрсетілді.
Биология ғылымында
осы екі бағыттың
текетіресі
«таптық
идеологиялық
күрес түрі»
болып анықталды.
1948 жылы
тамызда Қазақстанда
Қазақ КСР ҒА ҚК(б)П
ОК-нің
келісімімен
барлық
биологиялық
және
медицина ғылымдары
институттары
мен
секторларының
ғылыми-зерттеу
еңбектері
жоспарын қайта
қарауға бұйрық
берді. 1948 жылы 21 қыркүйекте
ҚК(б)П ОК-нің
Бюросы
республикадағы
агробиология
ғылымының жағдайын
тексеру
туралы шешім қабылдады.
ҚК(б)П-ның
кезекті IV съезі
1949 жылдың 25 ақпаны
мен 1 наурыз
аралығында
Алматыда өтті.
Съезде КСРО құрамындағы
республиканың
экономикасы
мен мәдениетін
одан әрі
дамыта түсу
жолдары анықталды,
партиялық-ұйымдастырушылық
және көпшілік-саяси
жұмыстарды
жандандыра түсу
қарастырылды.
1951 жылы 10 сәуірде
ҚК(б)П ОК-нің
«Правда»
газетінде
жарияланған
«Қазақстан
тарихы мәселелерін
маркстік-лениндік
тұрғыдан
баяндайық»
атты мақала жөнінде
қаулысы шықты.
Бұл қаулы
республикадағы
тарих ғылымының
бұдан былайғы
дамуына кері әсер
етті. Тарихшы
Е.
Бекмаханов қуғынға
ұшырады. Ол
партия қатарынан
шығарылды,
«кеңеске қарсы
әрекеті үшін»
қызметінен
босатылып, 25
жылға бас
бостандығынан
айырылды. Ол
Сталиннің
жеке басына
табыну әшкереленген
соң ғана ақталды.
Республиканың
Қ.Сәтбаев, А.Жұбанов,
А.Н.Самойлович,
Е.Исмаилов,
Б.Сүлейменов,
Қ.Жұмалиев, т.
б. көптеген көрнекті
ғалымдары қуғын-сүргінге
ұшырады.

Бекмаханов
Ермұқан
Бекмаханұлы (1915-1966) –
тарих ғылымының
докторы,
профессор, Қазақстан
Ғылым
академиясының
корреспондент
мүшесі.
Павлодар
облысы
Баянауыл
ауданында туған.
Воронеж педагогикалық
институтын
бітірген. 1937-1940
жылдары
Педагогикалық
ғылыми-зертеу
институтының
(қазіргі
Білім
академиясының)
ғылыми қызметкері,
директоры
болды. Соғыс
жылдары Халық
ағарту
комиссариатының
басқармасын
басқарды.
Тарих,
археология және
этнография институтының
аға ғылыми қызметкері,
директорының
орынбасары, Қазақ
мемлекеттік
университетінің
оқытушысы,
профессоры,
кафедра меңгерушісі
қызметтерін
атқарды.
Е.Бекмахановтың
ұйытқы
болуымен және
көрнекті
тарихшы,
академик
А.Панкратованың
қолдауымен
КСРО Ғылым
академиясының
тарихшы ғалымдары
Қазақстан КП
Орталық
комитетіне
хат жазып,
орта
мектепке
арналған Қазақ
КСР тарихы оқулығын
жазып,
баспадан шығаруды
сұрайды. Рұқсат
алғаннан
кейін
Е.Бекмаханов
бастаған
белгілі
тарихшылар
мен көрнекті
жазушылар М.Әуезов,
С.Мұқанов
кітап қолжазбасын
1942 жылы қазанда
дайындады.
Кітап 1943 жылы
жарық көрді.
Бұл ұлт
тарихы
бойынша алғашқы
іргелі ғылыми
еңбек болды. Ғалым
алғаш рет 1944
жылы аталмыш
кітаптағы Қазақстанның
Ресейге қосылуы
туралы
тараудың
авторы
ретінде әділетсіз
сынға ұшырады.
Ғұлама ғалым
Е.Бекмаханов
1946 жылы «Қазақстан
ХІХ ғасырдың
20-40-шы
жылдарында»
атты еңбегін
КСРО Ғылым
академиясы
Тарих
институтының
Ғылыми кеңесінде
қорғауға ұсынып,
бір жылдан
кейін жеке
кітап етіп
бастырды. Еңбек
орыс
отарлауының
бастапқы
кезеңіндегі Қазақстандағы
ұлт-азаттық қозғалыстар
тарихына
арналған.
Е.Бекмаханов
бұл
зерттеулерінде
алғаш рет
Кенесары Қасымов
бастаған ұлт-азаттық
көтерілісті
Ресей
патшасының
отарлау
саясатына қазақтардың
қарсылығы
ретінде
сипаттады.
Осыдан кейін
кітаптың шығуына
тосқауыл қойылды.
Аталмыш еңбек
тек 45 жылдан
кейін ғана
жарық көрді. 1947
жылы қаңтардың
21-інде Қазақстан
КП (б) Орталық
комитетінің
«Қазақ КСР Ғылым
академиясы
Тіл және әдебиет
институтының
жұмысындағы өрескел
саяси қателер
туралы» қаулысы
жарық көрді.
Бұл қаулы
Б.Бекмаханов
бастаған бір
топ ғалымға
зиянын
тигізді. 1950
жылы желтоқсанның
26-ында
«Правда»
газетінде
жарияланған
«Қазақстан
тарихы мәселелерін
маркстік-лениндік
тұрғыдан
баяндайық»
атты мақалада
Е.Бекмахановқа
әсіреұлтшыл
деген айып тағылды.
Е.Бекмаханов
1952 жылы 25 жылға
бас бостандығынан
айырылып, жер
аударылды.
Осы ауыр кезеңде
оған мәскеулік
достары көп көмек
көрсетті.
Академик
А.Панкратованың
тікелей
араласуы және
сталиндік
режімді әшкерелеу
бойынша әрекеттердің
басталуы ғалымның
түрмеден
босауына мүмкіндік
берді. Ғалымның
100-ден астам ғылыми
еңбегі, оның
ішінде Қазақ
КСР тарихы
бойынша
хрестоматиясы,
орта мектептер
үшін Қазақ
КСР тарихы
бойынша 6 оқулығы
бар. Дереккөзі:
Қазақстан ұлттық
энциклопедиясы,
2 том.
40-жылдардың
екінші
жартысы —
50-жылдардың
басындағы
идеологиялық
шабуыл қатаң
идеологияны
стандартқа
салудың, халықтардың
ұлттық
сана-сезімін
аяққа басу жүйесінің
көрінісі еді.
Жалпыадамдық
құндылықтар ғылыми
және көркем
шығармашылықта
партиялық көзқарастармен
алмастырылды.
Әлеуметтік-экономикалық
жағдайдың тұрақсыз
жылдарындағы
Қазақстан
Компартиясының
қызметі
50-жылдардың
екінші
жартысынан
басталған
еді. Сталиннің
қаза болуына
байланысты
оның жеке
басына
табыну әшкереленіп,
ел ішінде аз
да болса
жылымық
(оттепель)
пайда болған
еді. Алайда бұл
мәселе аяғына
дейін
шешілмеді.
Бюрократтық
жолға
біржолата түскен
коммунистік
партияның
басқару
аппараты
жеке басқа
табыну
кезіндегі
зардаптардың
бетін толық
ашпай, қайта
жауып қойды.
Бұл мәселені
көтерген
Н.С.Хрушевтің
өзі де дәрменсіздік
танытты. Оның
дәрменсіздік
көсретуіндегі
басты себеп-
ол көтерген мәселе
аяғына дейін
жеткізілсе,
біріншіден,
орыс шовинизмі
әшкереленіп,
екіншіден,
коммунистік
партияның
бюрократтық
басқару жүйесінің
беті ашылар
еді.
Н.С.Хрущев
пен
Л.И.Брежнев.
Республиканың
және оны басқарып
отырған ҚКП-ның
ешбір еркі, құқығы
болмады. Оны 1978
ж. қабылданған
Қазақ КСР
Конституциясынан
айқын көруге
болады.
1978
жылғы
Конституция. 1977 жылғы 7 қазанда
КСРО-ның
Жоғарғы Кеңесі
жаңа
Конституцияны
бекітті, ол 1936 жылғы
Конституцияның
орнына келді.
Конституцияда
ел «социализмнің
дамуы» сатысына
көтерілді
деп қорытынды
жасалды. Бұл
жаңа термин
80-жылдардың
басында
«коммунизмге
өту» идеясын
кемсітушілік
жағдайында
енгізілген.
Конституцияда
КОКП-ның басқарушы
және бағыттаушы
рөлі
бекітілді
(6-бап), мәдениет
пен спорт
саласында қоғамдық
ұйымдардың
да рөлі арта
түсті.
КСРО-да
жаңа
Конституцияны
қабылдаумен Қазақ
КСР-інің жаңа
негізгі заңының
жобасы
жасала
бастады.
Республика
Конституциясы
құрылымы мен
мазмұны жағынан
кеңестік
Конституцияны
қайталады.
Онда ішкі және
сыртқы
саясат мәселелерін
шешуде өкіметтің
орталық
органдарының
және басқарушы
биліктің өктемдігі
туралы тезис
көрсетілген.
1978
жылы 19 сәуірде
Қазақ КСР-нің
Жоғарғы Кеңесі
өзінің
кезектен тыс
жетінші
сессиясында
бірауыздан
КСРО-ның Жаңа
Конституциясын
қабылдады және
1978 жылдың 20 сәуірінен
бастап заңды
күшіне енеді
деп
жариялады. Қазақ
КСР-і қабылдаған
конституция
жобасы ел
арасында кең
түрде талқыланып,
рсепубликаның
құқығын толықтыру,
қоғамды
демократияландыру,
адам құқықтарын
заңды түрде
бекіту тәрізді,
т.б. көптеген
сын-пікірлер
мен ұсыныстар
жасалған еді.
Алайда оның
бірде-бірі
енгізілмеді.
Конституцияға
Қазақстанның
ұлттық республика
екендігін
білдіретін
не бір бап, не
бір параграф
енгізілмеген.
Одақтың
Конституциясы
КОКП-ның
шексіз
билігін заңды
түрде
бекітеді. Бұл
жағдай Одақ көлемінде
бірпартиялық
жүйені күшейтіп,
басқа
бірде-бір
партияның
пайда
болуына мүлде
тыйым салу болды,
ал кәсіподақ,
халық кеңестерінің
депуттаттары,
комсомол сияқты
ұйымдар тек
орындаушылық
қызметтер атқарды.
Қазақстан
жастар одағының
құрылуы. Одақтың
құрылуы Бүкілодақтық
Лениншіл
Коммунистік
Жастар Одағының
(БЛКЖО) құрылуына
тікелей
байланысты
болған.
Ресейдің
социал-демократиялық
партиясының
1917 ж. тамызда
Петроградта өткен
VІ съезінде
жастардың
коммунистік ұйымын
құру туралы мәселе
қаралып, қаулы
қабылданды.
Сол қаулыға
байланысты 1918
ж. қазанда Мәскеуде
жастардың Бүкілресейлік
І съезі шақырылып,
осы жиында
БЛКЖО құрылған.
Жастар одағының
бағдарламасы
мен жарғысы қабылданды.
Жастар одағы
коммунистік
партияның
тікелей көмекшісі
болып, оның жұмысымен
тығыз
байланыста
болды.
Қазақстан
жастар одағы
азамат соғысы
қызып тұрған
кезде әрбір қалада
құрылып
жатты. Мәселен,
Петропавл қаласында
16 жасар
чапаевшы
М.Гаврилов, қазақтың
1-атты әскер
полкінің 18
жасар
жауынгері Ғұсман
Әзірбаев
жастар ұйымын
құрса, Верный
қаласында
коммунистік
жастар ұйымын
ұйымдастыру
жолында
М.Ставровский
қаза болған.
Жастар ұйымының
негізгі ұялары
5-тен 10 адамға
дейін темір
жол бойында,
кішігірім
зауыт, фабрикаларда
құрыла бастаған.
Сырдария мен
Жетісу
облыстарында
1920 ж. қаңтарда
коммунистік
жастар одағы құрылған.
Түркістан
жастар ұйымын
қазақ
комсомол ұйымының
тарихында
аты мәңгі қалған
Ғани Мұратбаев
құрған. Жалпы
қазақ
жастарының ұйымы
осы Түркістан
жастар ұйымына
бірігіп, 1920 ж. қаңтарда
Түркістан
комсомолының
съезін өткізеді.
Ғ.Мұратбаев
съезде
орталық
комитет мүшелігіне
сайланған. Ол
жастармен жұмыс
жүргізу бөлімінің
меңгерушісі
болып
бекітіледі. Қазақ
жастар ұйымын
құрып, оның жұмысын
жандандыруда
жастардың
«Жас қазақ» тұңғыш
қоғамдық-саяси
және әдеби
журналының әсері
зор болды. Ол
РКЖО Қазақ
обкомының
органы болды.
Журналдың алғашқы
редакторлары
Е.Алдоңғаров,
А.Оразбаева,
А.Сегізбаевтар.
1920 ж.
маусымда
РКЖО ОК Қырғыз
(қазақ)
бюросын құрды.
Осы бюроның жұмысы
бүкіл қазақ
жастарының
басын құрап, 1921
ж шілдеде
Орынборда Қазақстан
жастар одағының
съезін өткізіп,
облыстық
комитеттер
сайлайды. Сөйтіп,
Қазақстанның
Лениншіл
Коммунистік
Жастар Одағының
тарихы
басталған.
Қазақстанда
құрылған
жастар одағы
кеңес өкіметін
орнату
жолында ауыл
мен қыстақтарды,
селолар мен
станцияларды
аралап, сауатсыздықты
жою үшін қызыл
отау, театр,
клуб сияқты мәдени
ошақтарын
ашып, ондай
орындарда өздері
аянбай жұмыстар
жүргізді.
Комсомол
жастар жоғары
оқу
орындарын,
техникумдарды,
фабрика-зауыт
сияқты
арнаулы
училищелерді
бітіріп, ұлттық
кадрлардың қатарын
толықтырады.
Мәселен, 1930
жылдары 650 мыңға
жуық
комсомол мүшелері
сауатыздықты
жоюға атсалысқан.
Социалистік құрылыста
осындай еңбек
етіп, ерлік көрсеткендері
үшін 1937 ж.
облыстық ұйымнан
Қазақстанның
республикалық
ЛКЖО ұйымына
айналды.
Қазақстанның
ЛКЖО Отан соғысы
(1941-1945)
жылдарында өзінің
250 мыңға жуық мүшелерін
отанды қорғауға
аттандырған.
Олардың 94-і Кеңес
Одағының
батыры деген
жоғары атаққа
ие болған.
Жалпы, Ұлы
Отан соғысы
кезінде 200 мыңнан
астам
жігіттер мен қыздар
КСРО-ның
орден және
медальдарымен
марапатталған.
Қазақстанның
жастар одағы
соғыстан
кейінгі
жылдары да бүлінген
аудандарды қалпына
келтіруде
халық
шаруашылығын
дамыту
жолында
белсенділік
көрсетті. Әсіресе,
тың және тыңайған
жерлерді
игеруде алдыңғы
қатарда еңбек
етті. Тек
сегізінші
бесжылдықтың
өзінде 41 бүкілодақтық
және 150
республикалық
екпінді құрылыстарға
15 мыңнан
астам қазақстандық
жас жігіттер
мен қыздар қатынасқан.
Тарихи мәліметтерге
қарағанда
республиканың
әрбір
бесінші тұрғыны
17 мен 30-дың
арасындағы
жастар болған.
Олардың 1/3-ден
астамы
комсомол мүшелері-
жұмысшылар. Қазақстан
ЛКЖО-сында
100-ден астам ұлттар
мен халықтар өкілдері
болды. Қазақстан
комсомолдары
9-бесжылдыққа
жастардың
екпінді еңбегімен,
шеберлігі және
ізденімпаздығымен
өтсін деген ұранмен
белсене қатынасқан.
Міне, осы ұранға
байланысты
1967-1971 жж.
арасында 50 мыңнан
астам
жігіттер мен қыздар
комсомолдық
жолдамамен
мал
шаруашылығына
аттандырылды.
Алайда бұлардың
барлығы
дерлік қазақ
жастары болған.
Әрине, кейбір
нашар жақтарының
болғандығын
да естен шығармаған
жөн. Осындай
жағдайлардан
1975-1980 жж. бастап
комсомол өзінің
бет-беделінен,
жастар
арасындағы ықпалынан
айырыла
бастады.
Бюрократия – қоғам
мүшелеріне
белгілі бір
артықшылықтары
бар өкімет
аппаратының
көмегімен
іске
асырылатын
басқару жүйесі,
шенеуніктердің
билігі.
Жеке басқа
табыну ( культ
личности лат.
табыну)-
КСРО-дағы
И.В.Сталинге
табыну
ретінде қалыптасқан,
тоталитарлық
тәртіптің
жеке билігі.
Бір адамның рөлін
дәріптеу, оған
көзінің
тірісінде
тарихи
дамудың
барысына
шешуші ықпал
жасауды телу,
жеке адамның
елді алқалы
басқаруды
ауыстырып,
демократияны
жойып, диктаторлық
тіртіп
орнатуы.
Авторитаризм
(лат.билік)- қоғамның
барлық жақтарын
өзіне бағындырған,
демократиялық
қағидаларды
жоятын, жеке
адамның
шексіз
билігі орнаған
саяси билік жүйесі.
Қазақстан
тарихы.
Очерктер.
Алматы «Дәуір»
1994 ж.
Қазақстан
тарихы. Қоғамдық-гуманитарлық
бағыт,11 сынып,
Алматы
«Мектеп» 2007.,2011 ж.