1920-1930
жылдардағы Қазақстан
мәдениетi
Ересек
адамдардың
сауатсыздығын
жою
Ғылыми-зерттеу
жұмыстарының
дамуы
Мәдениетті
дамыту
жолында
кездескен қиындықтар
мен нәубеттер
Қазақстанда
мәдениетті
дамытуда
біраз
кедергілер
болды.
Салыстырмалы
түрде зиялы,
білімді
адамдар тым
аз еді. «Алаш»
қозғалысына қатысқан
біраз
білімді
адамдар қудалауға
ұшырады.
Орталықтан мәдениет
саласына
басшылық
етушілер
арасында
шовинистік
пиғылдар
пайла болды.
«Бұратаналарды
темір құрсауда
ұстау керек»
деді солардың
бірі. Өлкеде
мәдениет
мекемелерінің
жұмысын
бірден аяғынан
тік тұрғызуға
қажетті
материалдық-техникалық
база да нашар
болды.
Ересек
адамдардың
сауатсыздығын
жою. Барлық
ересек
адамдары
сауатты
болмай, бүкіл
халықты
білімді ету мүмкін
емес еді.
Сондықтан Кеңес
өкіметі
ересек
адамдарды
сауаттандыруға
үнемі көңіл бөліп
отырды.
Тиісті қаржы
бөлді, оқытушыларды
оқу үйлерімен,
оқу-жазу құралдарымен
қамтамасыз
етті. 1924 жылы ұйымдастырылған
«Сауатсыздық
жойылсын» қоғамы
тікелей
ересектерді
сауаттандырумен
айналысты. 1928
жылдың аяғында
республикада
сауаттылар 25 %
болды. Бұл
тым аз еді. Ал қазақтар
арасында
сауаттылық мұнан
да төмен
болатын.
Алғашқы
жылдары бұл жұмыс
баяу жүрді.
Мектеп үйлері,
оқу
сыныптары,
сауатты оқытушылар,
оқу құрал-жабдықтары
жеткіліксіз
болды. Халықтың
едәуір бөлігі
көшіп-қонып жүрді.
Сондықтан да Қазақ
АКСР Орталық
Комитетінің
төралқасы
мен Халық
Комиссарлар Кеңесі
1931 жылы 15 пен 50
жас аралығындағыларды
міндетті түрде
жаппай оқытуды
енгізді. Халықты
сауаттандыруға
білімді
жастар көп үлес
қосты. Еңбекші
халық та
білім алуға құлшына
кірісті. Күні
бойы жұмыс
істеп, шаршағанына
қарамастан,
кешкісін
сауат ашу мектептеріне
бір кісідей
жиналатын.
Осының
нәтижесінде
1939 жылдың өзінде
республика
халқының
сауаттылығы
65%-ға жетті,
республиканың
құрылғанына
20 жыл толу қарсаңында
жасы 50-ге
дейінгі
ересек
адамдардың
сауатсыздығы,
негізінен,
жойылды.
Халық ағарту
ісінің дамуы. Бүкіл
елдегі
балаларға
міндетті төрт
сыныптық
бастауыш
білім беру жөніндегі
заң жүзеге
аса бастады.
Мектеп
жасындағы
балаларға төртжылдық
бастауыш
мектепті
бітіру
міндетті
болды. Ынтасы
барлар одан әрі
жетіжылдық,
онжылдық
мектепте оқуына
болатын еді.
Алғашқы
жылдары бұл
заң қиыншылықпен
орындалды. Көп
қаржы керек
еді. Барлық
елді
мекендер мен
ауылдарда
мектеп үйін
салып, оларды
құрал-жабдықтармен
қамтамасыз
ету қажет
болды.
20-жылдардың
орта кезінде
республикада
қазақ, орыс
тілдерінде оқытатын
мектептерді
былай қойғанда,
73 татар, 40 өзбек,
35 ұйғыр, 44 неміс
және эстон
бастауыш
мектептері жұмыс
істеді. Бұлардың
бәріне сол ұлттардың
ана
тілдерінде оқулықтар
жазып, оларды
мың-мыңдап
басып шығару
міндеті тұрды.
Жетім,
панасыз
балалар көбейді.
Олардың бәрін
тіркеп,
мемлекет қамқорлығына
алу керек
болды. Тек 1932-1933
жылдары 100 мыңнан
астам
балалар
есепке
алынып,
балалар үйлеріне
орналастырылды.
30-жылдардың
екінші
жартысынан
бастап халық
ағарту жұмысы
едәуір
ілгері басты.
Мектептер
салынып,
интернаттар
саны көбейді.
Ана тілінде оқулықтар
көптеп шығарыла
бастады.
Бастауыш,
орталау
мектептер
мен орта
мектептердің
жоғары
сыныптарын
нығайтуға
баса көңіл бөлінді.
Қазақ
мектептерін
дамытуға сол
кездегі қазақ
ғалымдары,
мемлекет қайраткерлері,
ақын-жазушылар
белсене
араласты.
А.Байтұрсынұлы,
Қ.Сәтбаев,
С.Асфендияров,
С.Сәдуақасов,
Ғ.Мүсірепов,
М.Дулатұлы,
т.б. оқулықтар
мен оқу-құралдарын
жазды.

С.Асфендияров

Қ.И.Сәтбаев

Ғ.Мүсірепов

С.Сәдуақасов

М.Дулатұлы

А.Байтұрсынов
Жылдан
жылға
мектептердегі
мұғалімдердің
сандық әрі
сапалық құрамы
жақсара түсті.
Еңбегі сіңген,
озат мұғалімдер
мемлекеттік құрметті
атақтармен,
ордендермен
марапатталды.
Олардың
арасында С.Көбеев,
Л.И.Добрянская,
Н.В.Волков, С.Ақышев,
А,Ақатов,
Ш.Сарыбаев
сияқты халық
ағарту ісінің
көрнекті өкілдері
болды.
Кәсіптік
білім берудің
жайы.
Республикаға
арнаулы орта
білімі әрі
мамандығы
бар кадрлар өте
қажет болды.
Сондықтан да
20-жылдардың
басынан
бастап-ақ
техникумдар
ашыла
бастады.
Алдымен
педагогикалық
техникумдар
ашылды. Осы
жылы ауыл
шаруашылығы, өнеркәсіп,
дәрігерлік
мамандықтар
беретін 11
техникум жұмыс
істеді. Ал 1940
жылы 30 мың
адам білім
алды.
1928 жылы
Қазақстандағы
тұңғыш жоғары
оқу орны – Қазақ
педагогика
институты
ашылды (қазіргі
Абай атындағы
Ұлттық
педагогикалық
университет).
Іле-шала жыл
сайын жоғары
оқу орындары:
Орал және Қызылорда
пединституттары
(1931-1932 жж.), малдәрігерлік-зоотехникалық
(1929 ж.), ауыл
шаруашылығы
(1930 ж.), медицина (1931
ж.)
институттары
ашылды. 1934 жылы Қазақ
Мемлекеттік
университетінің
(қазіргі әл-Фараби
атындағы Қазақ
Ұлттық
университеті)
ашылуы мәдени
маңызы зор оқиға
болды.
Республикада
инженер-техник
кадрлар даярлаудың
негізін салған
Қазақ
кен-металлургия
институты
Алматыдағы қазақ
университетімен
бір мезгілде
ашылды. Орал,
Семей,
Петропавл,
Шымкент, Ақтөбе,
Қарағанды және
Қостанай қалаларында
мұғалімдер
институттары
ашылып, олар
кейіннен
педагогика
институттарына
айналды.
Ұлы
Отан соғыыс қарсаңында
Қазақстанда
20 жоғары оқу
орны, 118 орта
арнаулы оқу
орны жұмыс
істеп, оларда
40 мыңдай адам
білім алды. Қысқа
мерзім
ішінде жоғары
білімді 10 мыңдай
және орта
білімді 20 мыңдай
маман
даярланды.
Қазақ
зиялыларының
қалыптасуына
КСРО-ның басқа
да халықтарының
қосқан үлесі
зор. 30-жылдары
елдің әр түрлі
аймақтарындағы
жоғары оқу
орындары мен
техникумдарында
20 мыңдай қазақстандық
білім алды.
Республиканың
жоғары оқу
орындарында
орталықтағы
жоғары оқу
орындары мен әскери
мекемелердің
мыңдаған өкілдері
педагогтік және
ғылыми–зерттеу
жұмыстарын жүргізді.
Олардың
арасында
Б.Домбровский,
Н.П.Орлов,
М.П.Иванов,
К.П.Персидский
және басқа көптеген
ғалымдар
болды.
Республиканың
жоғары
мектебінің
дамуына
С.Асфендияров,
Т.Жүргенов,
С.Сейфуллин,
А.Байтұрсынұлы,
О.Жандосов, М.Әуезов,
Қ.Жұбанов және
басқа да қазақ
халқының ғылым
мен мәдениет қайраткерлері
зор үлес қосты.
Кен, қаржы, мұнай,
ауыл
шаруашылығы
тасымал
техникумдары
ашылды.

Т.Жүргенов

С.Сейфуллин

М.Әуезов
Ауыл
шаруашылығында,
денсаулық сақтауда,
ағарту
ісінде ұлт
зиялылары өсіп
қалыптасты.
Алайда халық
шаруашылығында
ғылыми-техникалық
кадрлардың
жетіспеушілігі
айқын
сезіліп тұрды.
Жоғары оқу
орындары мен
арнаулы оқу
орындарындағы
оқу-тәрбие жұмысы
республикадағы
өнеркәсіптің
шикізаттық
сипатына
бейімделді. Мәселен,
өнеркәсіптің
машина жасау
сияқты
салалары
бойынша
инженер
кадрлар тым аз
дайындалды.
Оның есесіне,
орта
мектепті
бітірушілердің,
әсіресе қазақ
жастарының әлі
де аздығы жоғары
оқу
оырндарындағы
қабылдау
кезінде байқалып
тұрды.
Ғылыми-зерттеу
жұмыстарының
дамуы. 20-30 жылдары Қазақстанда
ғылым
дамуының жаңа
кезеңі
басталды. 1920
жылы Қазақстанды
зерттеу қоғамы
құрылды.
С.Асфендияров,
А.В.Затаевич, Қ.Жұбанов,
Ж.Аймауытов,
А.П.Чулошников,
А.Байтұрсынұлы,
Ә.Диваев,
А.Ю.Якубовский,
М.Жолдыбаев
сияқты
белгілі ғалымдар
оның жұмысына
өз үлестерін қосты.
Петропавл, Көкшетау,
Орал, Орда қалаларында
қоғамның бөлімшелері
жұмыс істеді.
Қоғам қазақ
жазуын
жетілдіру, қазақ
тілінде оқулықтар
даярлау, орыс
тіліндегі оқулықтарды
аудару жұмыстарын
қолға алды. Қазақ
халқының
тарихы мен
этнографиясын,
археологиясын
баяндайтын
кітаптар
басылып шықты.
Белгілі
тарихи
орындарды қазу
мен тарихи
ескерткіштерді
зерттеу жұмыстары
басталды. Алғашқылардың
бірі болып
Ежелгі Тараз қаласының
орнын
академик
Массон бастаған
ғалымдар қазды.
КСРО Ғылым
академиясының
Қазақстандағы
базасын құруға
(1932 ж.) біртіндеп
жағдай
жасалды. Оның
құрамында
екі сектор –
зоология және
ботаника
секторлары
мен Алматыдағы
Ботаника бағы
болған еді. 1935
жылы
геология және
тарих
секторлары құрылды.
1935 жылы оған құрамында
қазақ тілі
мен әдебиеті
және халық шығармашылық
секторлары
бар Қазақ ұлттық
өнер
институты
мен ғылыми-зерттеу
институты қосылды.
Кеңестік
Қазақстан ғылымының
тарихында
КСРО Ғылым
академиясы ғылыми
кеңесінің
Алтай-Ертіс,
Жезқазған-Ұлытау
аудандарының
табиғи байлығын
кешенді
зерттеуге
арналған
сессиясы мен
КСРО Ғылым
академиясының
Орал-Ембі
ауданын
барлау
проблемаларына
арналған
сессиясы (1935 ж.қараша)
елеулі із қалдырды.
Геолог ғалымдар
табиғи
ресурстарының
толық
зерттелмегеніне
қарамастан,
сол кездің өзінде-ақ
республиканың
одақта түсті
металдар,
барит пен
сурьма қоры жөнінен
1-ші, мұнайдан
2-ші, көмірден
3-ші орын алғанын
атап өтті.
Одан кейінгі
жылдарда
хромиттің
мол қоры,
фосфорит
кеніші
ашылды.
Қазақстанның
жер қойнауы
мен пайдалы қазбаларын
зерттеу үшін ғылыми
экспедициялар
ұйымдастырылды.
Бұл
экспедициялар
Қарағанды
мен Екібастұз
кен
орындарын,
Ащысай қорғасын,
Ембі мұнай
аймағын
зерттеді. 1938
жылы КСРО Ғылым
академиясының
Қазақ бөлімшелері
құрылды.
Қазақстанда
ғылымның
дамуына КСРО Ғылым
академиясының
басшылары
С.Н.Вавилов,
В.Л.Комаров,
сондай-ақ сол
академияның
көрнекті ғалымдары
А.Н.Самойлович,
А.Д.Архангельский
және басқа ғалымдар
үлес қосты.
Олармен қазақ
ғалымдары қоян-қолтық
жұмыс істеді.
Қазақстан ғылымының
дамуында Қ.Сәтбаевтың
алатын орны ерекше.
Осы игілікті
жұмыстардың
нәтижесінде ғылыми
қызметкерлер
саны, олардың
арасында ұлттық
ғылыми
кадрлар саны
едәуір өсті.
30-жылдардың
орта кезінде
бірқатар қазақ
ғалымдары
белгілі бір ғылыми
еңбектерін
жарыққа шығарды.
Олардың қатарына
С.Асфендияровтың
«Қазақстанның
көне
заманнан
бергі
тарихын»,
С.Сейфуллиннің
«Қазақ тілі
білімі мен әдебиеттану
мәселелері»
туралы еңбегін,
сондай-ақ С.Мұқановтың,
А.Байтұрсынұлының,
Қ.Жұбановтың
жинақталған
еңбектерін қосуға
болады.

С.Мұқанов

Б.Майлин

Қ.Жұбанов

І.Жансүгіров
Әдебиеттің
дамуы. 20-30
жылдардағы қазақ
әдебиетінің
дамуында
танымал қайраткерлер
С.Сейфуллин,
М.Дулатұлы, Ғ.Мүсірепов,
Б.Майлин, т.б. көрнекті
орын алды.
Осы кезеңде қазақтың
ақын-жазушыларының
тамаша шығармалары
жарық көрді. Қазақ
поэзиясы
С.Сейфуллиннің
«Советстан»,
« Көкшетау»,
С.Мұқановтың
«Сұлушаш»,
І.Жансүгіровтың
«Құлагер»,
И.Байзақовтың
«Құралай сұлу»
сияқты
поэмаларымен
толықты.
Б.Майлиннің
«Азамат
Азаматыч»,
Ж.Аймауытовтың
«Қартқожа»,
М.Әуезовтің «Қараш-қараш
оқиғасы» және
басқа да шығармалары
қазақ
прозасын жаңа
сатыға көтерді.

И.Байзақов
Тартымды
да мазмұнды
тамаша
драмалық шығармалар
жазылып, олар
театр
сахналарында
көрермендердің
көңілінен шықты.
Мұндай шығармаларға
М.Әуезовтің
«Айман-Шолпаны»
мен «Түнгі
сарыны»,
Б.Майлиннің «
Жалбыры», Ғ.Мүсіреповтың
«Қыз Жібек»
пен « Қозы Көрпеш-Баян
сұлуы»,
Ж.Аймауытовтың
«Мансапқорлары»
мен «Ел қорғаны»
жатады.
20-жылдардың
аяқ кезінен
бастап қазақ әдебиетіне
кейін
белгілі болған
бір топ жас ақын-жазушылар
келіп қосылды.
Олар- Ғ.Орманов,
Ә.Тәжібаев,
А.Жұмағалиев,
Қ.Аманжолов,
Ж.Саин,
Ж.Сыздықов, Ә.Сәрсенбаев,
Т.Жароков, Д.Әбілов,
Қ.Бекхожин
болатын.
Бұл
жылдары қазақ
жазушылары әдебиеттерді
өзара байыту
ісіне де үлкен
үлес қосты.
А.Байтұрсынұлы
–
И.А.Крыловтың;Ж.Аймауытов
−
А.С.Пушкиннің,М.Ю.
Лермонтовтың,
Ф.Шиллердің, Ғ.Тоқайдың;
М.Жұмабаев –
Гетенің,
Гейненің,
М.Горькийдің,
В.Ивановтың
шығармаларын
қазақ тіліне
аударды.
30-жылдардың
бас кезінде
халық ақындарының
шығармашылығына
кең жол
ашылды. Н.Байғанин,
Ш.Қошқарбаев,
И.Байзақов,
Ж.Жабаев халық
батырлары, төңкеріс,
жаңа өкімет,
еңбек ерлері
туралы таңғажайып
жырлар,
поэмалар
тудырды.
Қазақстандағы
басқа ұлттар әдебиеті
де одан әрі
дамыды.
И.В.Шуховтың
«Ашөзек», «Өшпенділік»
деген шығармалары
оқырмандарға
кеңінен мәлім
болды. Ұйғыр әдебиетінің
негізін
салушылардың
бірі Х.Әлиев ұйғыр
аузы әдебиетінің
жинағын шығарды.
Сондай-ақ ұйғырдың
жас ақындары
– Н.Исраилов, Ө.Мұхамади,
Т.Хасанов, Х.Искандеров
шығармалары
жинақ болып
шықты.
М.Хамраев тұңғыш
ұйғыр
романын
жазды.
Қазақ
аудармашылары
орыс, украин,
татар, неміс
ақын-жазушыларының
шығармаларын
қазақ тіліне
аударып,
таратты. Көрнекті
қазақ ақын-
жазушыларының
шығармалары
орыс, украин
және басқа да
тілдерге
аударылды.
Қазақ
өнерінің гүлденуі. Осы
жылдары
Алматы, Ақмола
(қазіргі
Астана),
Семей,
Петропавл,
Орал, Қостанай
және басқа да
қалаларда
клубтар, халық
театрлары ұйымдаса
бастады.
Олардан құрылған
үгіт
бригадалары,
жылжымалы
театр
топтары ұлттық
әскери құрамаларда,
халық
арасында
ойын-сауық көрсетіп
отырды.
Қазақ
халқының ән-күй
өнерін
зерттеуге
А.В.Затевич көп
еңбек сіңірді.
Ол
ерінбей-жалықпай
ауыл-ауылды
аралап, 2300-ден
астам халық әндері
мен күйлерін
жазып алып,
нотаға түсірді.
Соның негізінде
«Қазақ халқының
1000 әні», «Қазақтың
500 ән мен күйі»
деген жинақтар
шығарды. Бұлардың
қазақ өнерінің
қалыптасуында
зор маңызы
болды. Халық
арасынан
тамаша
жыршылар, әншілер
шыға бастады.
1925 жылы
Парижде, 1927
жылы
Берлинде өткен
саз,өнер
фестивальдерінде
қазақ әншісі Әміре
Қашаубаев өзінің
орындаушылық
шеберлігімен
бүкіл
Еуропаны таңғалдырды.

Ә.Қашаубаев

Ж.Шанин

Қ.Қуанышбаев

С.Қожамқұлов

Қ.Байсейітов

К.Бәйсейітова
1926 жылы
қазақтың тұңғыш
ұлттық
театры
ашылды. Оның
басы қасында
Е.Өмірзақов,
С.Қожамқұлов,
Қ.Қуанышбаев,
Қ.Бадыров, Қ.Жандарбеков,
Ә.Қашаубаев,
И.Байзақовтар
болды.
Театрды
талантты
драмашы, режиссер
және әртіс Жұмат
Шанин (1891-1937жж.)
басқарды. 1933
жылы
Алматыда
халық
тарихында тұңғыш
рет ұйғыр
сазды драма
театры, ал 1937
жылы Қызылордада
корей театры
ашылды.
30-жылдары
Қазақстан
кино өнерінің
де негізі
салынды.
«Востоккиноның»
Алматы бөлімшесі
«Жайлауда»,
«Түрксіб»,
«Дала әндері»,
«Жұт» фильмдерін
шығарды. 1938
жылы
«Ленфильм»
студиясы арқылы
«Амангелді»
атты тұңғыш
дыбысты
киносы түсірілді.
Сурет
өнерінің де
іргесі қаланды.
Бұған
П.Г.Хлудов үлес
қосты. Оның шәкірті,
кейін Қазақстанның
халық
суретшісі
атанған Әбілхан
Қастеев
сурет өнерін
дамытуға
елеулі еңбек
сіңірді.

Ә.Қастеев
Мәдениетті
дамыту
жолында
кездескен қиындықтар
мен нәубеттер. Қазақстан
мәдениетін
дамытуда қол
жеткен
табыстар әлдеқайда
көп болды.
Бірақ 20-жылдардың
ортасынан
басталған Кеңес
өкіметінің
басшылығында
қалыптасқан
тоталитарлық
жүйе ұлттық мәдениеттің
одан әрі өркендеуіне
жол бермеді. Қазақ
тілі мен әдебиетін,
өнерін
дамытамыз, ұлттық
дәстүр мен
салт-сананы қалпына
келтіреміз
дегендердің
бәрі қуғын-сүргінге
ұшырады. Қазақ
халқы мәдениетінің
жүздеген көрнекті
қайраткерлері
жазықсыз
жапа шекті,
атылды.
Сондай-ақ 30-
жылдардың
бас
кезіндегі ұжымдастыру,
отырықшыландыру
барысындағы
зорлық-зомбылықтан,
аштықтан 1
млн 700 мыңдай
адамынан өлідей,
600 мыңдай
адамынан
тірідей
айырылған
халық ұлттық
мәдениетін көркейтпек
түгілі есеңгіреп,
ұлт ретінде
жойылып кете
жаздады. Оншақты
жыл ішінде әліпбидің
үш рет өзгертілуі,
бұған дейін бүкіл
тарихы мен мәдениеті
ғасырлар
бойы араб
тілінде
жазылып
келген Қазақстан
мен Орталық
Азия және
Кавказдың мұсылман
халықтарына өзінің
ұлттық қазынасынан
сусындай
алмай қалуына
себепкер
болды.
Интернат – оқушылар
оқитын және
жататын,
жартылай
мемлекеттік қамқорлықтағы
мектеп.
Рабфак - 1919-1940
жылдары кеңестік
елдегі жұмысшы,
шаруа
жастарын жоғары
мектепте оқу үшін
даярлайтын жұмысшылар
факультеті.
Роман - күрделі
және дамыған
сюжетті, көбінесе,
қара сөзбен,
кейде өлеңмен
жазылған
кесек тұлғалы
эпикалық шығарма.
Ақын - өз
жанынан өлең
шығаратын өнер
иесі.
Күй - қазақтың
ежелден келе
жатқан
аспаптық
музыкалық
жанры.
Күйші - қазақтың
ұлттық-аспаптық
музыкалық
жанрын
орындаушы.
Импровизация- көркем
шығарманы өз
жанынан қолма-қол
шығарып айту
тәсілі.
Зиялылар
(лат.түсінетін,
ойлаушы,
саналы)- ой еңбегімен,
күрделі шығармашылық
еңбекпен, мәдениетті
дамыту және
таратумен кәсіби
түрде
айналысатын
адамдардың қоғамдық
тобы.
Қазақстан
тарихы 11
сынып, қоғамдық-гуманитарлық
бағыт, Алматы
«Мектеп» 2007 ж
Қазақстан
тарихы.
Очерктер.
Алматы «Дәуір»
баспасы, 1994 ж.