Жастар қозғалыстары
және жастар ұйымдары,
олардың қызметi.
“Үш жүз”
партиясының құрылуы,
оның бағдарламасы.
Қоғамның
саяси өміріндегі
басқа ұйымдар
мен
партиялар
«Үш жүз»
партиясының
бағдарламасы
Қоғамның саяси өміріндегі басқа ұйымдар мен партиялар. 1917 жыл Қазақстанда түрлі саяси ұйымдар мен партиялардың белсенділік танытуымен сипатталады. Олардың біразы Ресейдегі революциялық қозғалыстың тікелей ықпалымен бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қалыптаса бастаған. 1905 жылы социал-демократиялық топтар Верный, Қостанай, Перовск, Орал, Ақтөбе және Семей қалаларында қалыптаса бастайды. Олардың құрамында темір жол, баспахана, пошта және телеграф жұмысшылары, жергілікті зиялылар өкілдері болды. Басым түрде орыс және басқа славян тұрғындар өкілдерінен құралған бұл топтардың мүшелері өздерінің жабық құпия отырыстарында маркстік әдебиеттермен танысты және оларды халық бұқарасы арасында насихаттау ісін қолға алды.
1913 жылы
Омбыдағы түрлі
оқу
орындарында
оқитын қазақ
жастары
«Бірлік» қоғамын
құрды.
Қоғамның мақсаты
бастапқы
кезеңде,
негізінен, ағартушылық
қызмет болды, ал оның
басқарушы
тобы құрамында Мұхтар
Саматов, Нығмет
Нұрмақов,
Мағжан Жұмабаев,
Шаймерден Әлжанов,
Сәкен
Сейфуллин
сияқты
жастар бар
еді. 1917 жылғы Қазан
төңкерісінен
кейінгі оқиғалар
тұсында
«Бірлік» ұйымы
екі қанатқа бөлінді. Оның
бір қанаты
(Ә.Досов,
Ж.Сәдуақасов,
Жүсіпбеков,
т.б.) кеңестік
билік жағында
болса, екінші
қанаты (Қ.Кемеңгеров,
С.Сәдуақасов,
т.б.) Алаш
партиясының
бағдарламасын
қолдады,
өздерін «жас
алашшылар»
санады.
Нығмет Нұрмақов
Сәкен
Сейфуллин
Түрлі саяси
ұйымдар мен
партиялардың
саяси
белсенділігінің
арта түсуі 1917
жылға тұспа-тұс
келді. Құрамы
жергілікті
зиялылар мен
оқушы
жастардан тұратын
бұл ұйымдардың
саны
жиырмадан
асып түсетін
еді. Олардың
арасында Ақмоладағы
«Жас қазақ», Орынбордағы
«Еркін дала», Ордадағы
«Жігер», Петропавлдағы
«Талап», Меркідегі
«Қазақ
жастарының революциялық одағы» және басқалар
бар еді. Бұл қоғамдық
ұйымдардың көздеген
мақсаты
біркелкі болған
емес, олардың
қайсыбірі
жалпыұлттық ұстанымда
болса, екінші
біреулері соңынан
белгілі бір әлеуметтік
топтарды
ертуді көздеді.
1917 жылы құрылған
саяси ұйымдардың
бірі «Ислам
жолындағылар
кеңесі»
(«Шуро-и-Ислам»)
болды. Орталығы
Ташкент қаласында
құрылған бұл ұйымның
қызметі
жалпы Түркістан
өңіріне ықпалды
болды,
сондай-ақ оның
басшылығында
Мұстафа Шоқай,
Сералы Лапин болды.
Мұстафа
Шоқай
«Ислам
жолындағы кеңестің»
ұйымдастыруымен
1917 жылғы қарашада
Қоқан қаласында
IV төтенше өлкелік
мұсылмандар
съезі шақырылып,
онда кеңестік
билікке
балама Түркістан
(Қоқан)
автономиясы құрылғандығы
жарияланып, үкіметі
құрылды.
1917 жылы қарашада
Мұқан Әйтпенов
және
Шаймерден Әлжанов
бастаған бір
топ Омбы
зиялылары «Үш
жүз» аталатын
саяси партия құрғандарын
мәлім етті.
ХХ ғасырдың
басында Қазақстанда
құрылып, халықты
азаттық үшін
күреске шақырған
қоғамдық ұйымдардың
бірі «Үш Жүз»
социалистік
партиясы
болды. Бұл
партияның өмірге
келуі қазақ
зиялылар
тобының
білімі мен
саяси мәдениеті
тұрғысынан
біркелкі
емес,
сондай-ақ түрлі
саяси ұстанымда
екенінің айғағы.
Келесі жылдың
басына қарай
бұл саяси ұйымдағы
басшылық Көлбай
Тоғысовтың қолына
көшеді.
Көлбай
Тоғысов (1879-1919) Шығыс
Қазақстан
облысында,
кедей шаруа
отбасында дүниеге
келген.
Мектепті
бітіргеннен
кейін Петербург
университетінің
заң
факультетінде
оқыған.
Кейінірек
авдокаттық қызмет
атқарған. 1905-1907
жылдары
басталған
патша үкіметіне
қарсы қозғалыстарға
қатысып, Қарқаралы
еңбекшілерінің
ереуілін ұйымдастырушылардың
бірі болды.
Патша
өкіметіне қарсы
күрескен
саяси қайраткер
ретінде К.Тоғысов
қуғындалып, 1909
жылдың тамыз
айында тұтқынға
алынады. 1912
жылы түрмеден
шыққаннан
кейін ол «Айқап»
журналы арқылы
халық
арасында мәдени-ағарту
жұмыстарын жүргізді.
1916 жылы К.Тоғысов
Ташкентте
«Алаш»
газетін шығара
бастады. Ол
газет демократиялық
бағытта
болды.
Газеттің ең өзекті
мәселесі бұл өнер
мен білімді қоғамдық
дамытуға жол
ашу, өз халқын
басқа халықтардың
озық мәдениетіне
жеткізу.
«Алаш»
газеті көтерген
тағы бір мәселе-
халықтың
ескі мәдени мұраларын
жинау, оларды
үйрену, маңызды
істерде
пайдалану.
Ақпан
революциясының
алғашқы күндерінен
бастап-ақ
К.Тоғысов
саяси-әлеуметтік
жұмыстарға
белсене
араласты. Ол 1917
жылы көктемде
қазақ қауымының
солшыл
пікірде болған
әртектілер өкілдерінен
өзінің саяси ұйымын
(партиясын) құру
ісіне кірісті.
Сонымен, 1917 жылғы
қазан-қараша
айларында
Орталық Қазақстанда
«Үш Жүз»
социалистік
партиясы құрылды.
Орталық
Комитеттің төрағасы
болып М.Әйтпенов,
төрағаның
орынбасары
болып К.Тоғысов
сайланды.
Баспа органы
ретінде «Үш жүз»
газеті
жарияланды. «Үш
жүз»
партиясының
мүшелері қазақтың
революцияшыл
–демократтық
бағыттағы
кедей-шаруалары,
қазақ
зиялылары, мұғалімдер,
заң қызметкерлері
және оқушылар
еді. Бұл ұйым өзін
«Қазақ
социалистік
партиясы»
деп атағанымен,
өзінің әлеуметтік
құрамы мен
саяси сипаты
жағынан ұсақ
буржуазиялық,
революцияшыл-демократтық
партияға
жататын еді.
Революция
барлық жерде
жеңіске
жеткен соң «Үш
жүз» екіге бөлінді.
Оның
революцияшыл
–демократиялық
солшыл қанатын
К.Тоғысов басқарды.
Ал оңшыл бөлігіне
М.Әйтпенов
жетекшілік
жасады. Екі жақ
та
бір-бірімен
келісімге
келмеді.
«Үш жүз»
партиясының
бағдарламасы. «Үш жүз»
партиясы өз қызметін
Кеңес өкіметінің
бағыт-бағдарын
қолдаумен
бастады.
Мысалы, кеңес
өкіметі дүниеге
келген сәттен-ақ
жарияланған
Декреттері-
нан туралы,
жер туралы,
бейбітшілік
туралы болған
болса, оның бәрі
«Үш жүз»
партиясы жағынан
қызу қолдау
тапты.
Сонымен қатар,
үшжүзшілер
Кеңес өкіметіне
және
жергілікті
жердегі жұмысшылар,
солдаттар және
шаруалар кеңестеріне
толық сенім
білдіретіндігін
жариялады.
Партия басшылығына
К.Тоғысовтың
келуіне
байланысты үшжүзшілер
арасында
халықтар
достығы, әсіресе,
қазақ пен
орыс халықтарының
арасындағы
достық қарым-қатынас
туралы көзқарас
қалыптаса
бастады.
Сөйтіп,
«Үш жүз»
партиясы
буржуазиялық-
демократиялық
Алаш
партиясымен
бір мезгілде
дүниеге
келді. Бірақ
осы екі
партияның қазақ
автономиясы
туралы көзқарастарының
айырмашылығы
болды. Ә.Бөкейханов
«көп ұлтты Қазақстан
жеке
автономия
болса,
ішіміздегі
орыстар оны қолдайды»
деп үміттенді,
ал үшжүзшілер
«көп орыс аз
орысты қазаққа
бауырлата қоймайды»
деп есептеді.
Сонымен
бірге «Үш жүз»
партиясы көп
мәселеде
Алашпен тоқайласып
тұрды. Айталық,
дін, сот ісі, құқық
мәселелерінде,
земство, жер,
соғыс пен
бейбітшілік
мәселелерінде
де бір сөзге
келмеді. «Үш
жүз»
партиясы мұсылман
дініне үлкен құрметпен
қарады. Қазақтың
болашақ заң
жинағына
шариғаттық әділдік
пен адалдық жөніндегі
қағидаларын
енгізуді ұсынды.
Партияның
жетекшілері қазақ
даласында өкімет
билігін халыққа
беріп
жергілікті
жердегі басқару
жұмысын халық
сайлаған қазақ
комитеттерінің
өз қолына
алуын талап
етті. Үшжүзшілер
пролетариат
диктатурасын
мойындамады,
коммунистер
партиясының қоғамдағы
басшылық рөлін
танымады.
Дегенмен
қазақ
социалистік
партиясы, «Үш
жүздің» өмірі
тым қысқа
болды. 1918 жылғы
мамыр- маусым
айларынан
бастап, Еділ,
Сібір және Қазақ
өлкесінің
солтүстік, шығыс
облыстарын ақ
гвардияшылар
басып алып,
Колчак бастаған
«Сібір үкіметі»
құрылды.
Осыдан
бастап «Үш жүз»
басшыларына қарсы
«ақ террор»
басталды. Көп
ұзамай К.Тоғысов,
Ш.Әлжанов, Ы.Қабенов,
С.Төленгітовті
Колчак
жендеттері
азаптап өлтірді.
«Үш жүз»
партиясының
тірі қалған
белсенді мүшелері
Ә.Досов, Ж.Сәдуақасов,
Қ.Дүйсекеев,
М. Мусин,
Т.Арыстанбеков,
С.Аманжолов, Қ.Жүнісбеков
кейіннен кеңестік
социалистік қоғам
құрушылар қатарынан
орын алды.
Өздерін
саяси партия
ретінде
жариялаған
алғашқы күннен
бастап-ақ үшжүздіктер
Алаш
партиясына қарсы
ұстанымда
болды. Бүкілресейлік
Құрылтайға
депутаттар
сайлау науқанына
дербес
тізіммен түсіп,
сайлауда
бірде-бір өкілін
өткізе
алмады. Үшжүздіктердің
қазақ қоғамы
арасында
беделінің жоқтығы
басшылығында
ел мойындаған
саяси тұлғаның
болмауына,
сондай-ақ
партияның
халықты соңына
ерте аларлық
нақты бағдарлама
ұсына
алмауына
байланысты
еді.
«Үш
жүз» қазақ
арасындағы мұсылмандықты
қолдайтындығын
және қорғайтындығын
айта отырып,
сонымен
бірге
атеистік ұстанымдағы
большевиктермен
қоян-қолтық жұмыс
істеуге күш
салды. Өз
ретінде
большевиктер
үшжүздіктерді
Алаш
партиясының
беделін түсіру
мақсатында
пайдалануға
тырысты. Өзін
социалистік ұстанымдағы
партия санаған
«Үш жүздің» қызметінде
үйлесімсіз қайшылықтар
көп еді,
сондықтан да
оның қызметі ұзаққа
созылған жоқ.
Монархия-
жоғарғы өкімет
билігі жеке
дара
билеушінің қолындағы
басқару түрі.
Сонымен
бірге
осындай
билеуші басқаратын
мемлекет.
Империя-
император
басқаратын
монархиялық
мемлекет.
Анархизм- қандай
да бір
мемлекеттік
билікті, ұйымдасқан
саяси күресті
жоққа шығаратын
анархияны
насихаттайтын
қоғамдық-саяси
ағым.
Шовинизм- ұлтшылдықтың
шектен шыққан
түрі.
Билік-
ерік, бедел, күш,
құқықтарды
пайдалана
отырып,
адамдарға әсер
ете білу қабілеттілігі.
Үндеу-
белгілі ұрандар,
іс-қимыл төңірегінде
халыққа мәлімдеу.
Ереуіл- жұмысшылар
мен қызметшілер
ұжымының өздерінің
экономикалық
және саяси
талаптарын қанағаттандырғанға
дейін жұмысты
тоқтатуы, еңбек
дауларын
реттеудің
бір әдісі.
Большевиктер-Ресей
социал-демократиялық
жұмысшы
партиясының
(РСДЖП)
фракциясы.
Большевизм-
В.И.Ленин
бастаған
саяси қозғалыс
пен саяси
ойдың ағымы.
Партия (лат.бөлік,
топ)-
идеялары, көздеген
мақсаттарының
ортақтығы
негізінде
біріккен
адамдар тобы.
Қазақстан
тарихы 11
сынып. Қоғамдық-гуманитарлық
бағыт. Алматы
«Мектеп», 2007 ж., 2011
ж.
Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы «Дәуір» баспасы,1994 ж.