Қазақ-жоңғар
соғыстарының жеңiсiн ұйымдастырушылар. Жоңғар
шапқыншылығын жеңiспен аяқтаудың тарихи
маңызы.
Ұлт-азаттық
қозғалысының қаһарман батырлары

Ұлы хан-әзТәуке

Қазақтың атақты ханы-Абылай
(Әбілмансұр)
1738-1741 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар
басқыншылырына бірнеше мәрте соққы берді. 1742
ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған
жоңғарлардың қолына тұтқынға
түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы
күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне
айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ
қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу
үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи жырларда қазақ
билеушілерінің атынан Төле би мен
Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды
тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды.
Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор
губернаторы И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара
жазысқан хаттары да дәлелдей түседі.
Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз
жүргізіп, 1743 ж.
5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде
Неплюевтің сыртқы істер коллегиясына жазған хатында
қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп,
бірігіп кете ме деген қауіп те білдірген.
1765-1767 жылдары Абылай қолының
Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде
Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан
қазақтар иелігіне өтті. Ташкент
алым төлеп тұратын болды. Екі жүз
жылға созылған қазақ халқының
жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық
күресінің соңғы жаңғырығы алаш
жұртының санасында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі.
Бұл 1771 ж. Еділ
қалмақтарының (170-180 мың
адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға
қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші
жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында
қалмақтарға алғашқы соққы береді.
Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған
қазақтың қалың қолы қалмақтарды
қоршауға алды. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен
бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа
қабылдауды сұрап, елші жібереді. Кіріптар ұсынысты
талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте
Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды
қырып–жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге
тырысады. Еділден ауған қалмақпен келіссөзге келіп, тым
құрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп
кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің
аржағында шығыстағы ұлы көршімен
болашақтағы қарым-қатынасты ойлау жатыр.
Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге
қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да
Абылай саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын
көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ
халқының бүтіндігін, елі мен жерінің
тұтастығын сақтауға бағытталды. Билікке
таласқан Барақ сұлтан Әбілқайыр ханды өлтіргенде де
Абылай ел билігін ойлап қынжылып, Төле бимен тізе қоса
қимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту
жағында болады. Абылай соғыс жағдайына сай қол
астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде қатаң
тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған
жауынгерлердің ел-жұрты мен ата мекенін қорғау рухы
жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас
даласында тегеуріні қатты болған. Абылай сан жағынан
әлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбаған
және көбіне үстем шығып отырған. Абылай
қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери
жағынан қуатты мемлекетке айналдырды. Абылай билігінің
күшейге түсуінің жаңа кезеңі 1744 ж. Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп
кетуі уақытына саяды. Абылай көреген саяси қайраткер бола
отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан
қалжыраған елінің есін жиғызу үшін мәмілегерлік (дипломатиялық) жолдарды да тиімді пайдаланды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен,
тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс
өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді.
Сонымен бір мезгілде қазақ
халқының тұтастығын сақтау мақсатында Цин империясымен де қарым қатынасын суытпады.
Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай
империяларының өзара қайшылықтарын қазақ
хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 ж. Қалдан Серен
дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының
тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери
қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай
соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес
өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде
қалған казақ жерлерін қайтаруға, елдің
дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша
күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне
нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. 1745 ж. Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтан қатар аталса,
3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749 ж.
тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек
тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған,
бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан
қалған. Бірақ сұлтан зұлымдық ісі
үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан
ғана билік жүргізіп отыр»,– деп көрсетті. Жазба
деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды
соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752 ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы
15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753 ж.
желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар
әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті.
1754 ж. сәуірде Абылай бастаған 1700
қазақ әскері 10 мың қалмақпен
соғысуға мәжбүр болса,
(Қаратал өзені бойында), сол жылдың шілде-тамыз
айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық
жасап, 3000 қалмақты тұтқынға
алып келген. 1756 ж. Абылайдың бастауымен қазақтар
қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі
рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске
жетеді. 1757 ж. Абылайдың 6 мың әскері
Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң,
қытайлар Абылайдан бітім сұрады. 1753-1754 жылдардағы
шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы-жазы үзбестен қатысады. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде
Дабашыны шауып, бірде оны және Әмірсананы
өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат
ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді
әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген
дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының
ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының
нәтижесінде Абылай әскері 1771 ж. Мойынты
өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр
шайқаста жаңа жеңіске жетті.
Саяси ахуал
тұрақталған шақта Абылай қазақ
жерінің бүтіндігіне қол сұққан
басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754-55 жылдары және 1764 ж. қырғыздар
Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ пен
Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу
және Шу бойында талқандайды. Осы
себепті Абылай 1755, 1765 жылдары
Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің
сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен
қырғыздың Нарынқолдан Қордайға
тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған
шекарасын анықтайды. 1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр
бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің
інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға
тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың,
Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің
басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан
көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің
ғана емес, бүкіл Қазақ
ордасының ұлы ханы болды.
Абылай өмір жолын
ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында
қайтыс болды. Сүйегі Түркістан
қаласындағы Қожа Ахмет
Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде
жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы
қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы
мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде
сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік
ұранға айналды.
Ұлт-азаттық қозғалысының
қаһарман батырлары. Халықтың басына сұрапыл күн туып, «ат ауыздықпен
су ішіп», «азамат етігімен су кешкен» кезеңде тоз-тоз болған
елдің етек-жеңін жиып, басын құрап, халық
мүддесін қорғаған қаһармандар да табылды.
Олардың басты арманы халықтың бостандығы,
азаттығы еді. Әр азаматтың көкірек күйінішін,
арман-тілегін дәл басып жырлаған Ақтамберді жырау:
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екеміз,
Күдеріден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екеміз.
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай
көз,
Сауыт киер ме екеміз.
Қоңыраулы найза
қолға алып,
Қоңыр салқын
төске алып,
Қол төңкерер ме
екеміз.
Жалаулы найза қолға алып,
Жау қашырар ма екеміз, – дейді.
Ұлттық сана-сезімі мен ар-намысы оянған, есін
жиған халық басын біріктіріп, ірі қимылға дайындала
бастады. Ел-жұрт бірлігін ойлап, жалпыға тіреу болған билер
мен қол бастаған батырлар шықты. Себан Рабданның
ағасы Шона-Добаның әскеріне Сырдария өзені бойындағы
калалар тегеурінді қарсылық көрсетті. Қазақ жасақтарының
басшылығымен 300 мың халқы бар Ташкент бір айға дейін
беріспеді.
Ташкенттен кейін Сайрам, Түркістан калалары алынды. Осы
қалаларды қорғаушылардың басқыншыларға
қарсы жанқиярлық ерлігі көпшілікке мәлім болды.
Әсіресе Сайрам қаласын ала алмаған жоңғарлар
қаланы сумен жабдықтап тұрған Сайрам өзені сағасының
ағысын басқа бағытқа бұруға бұйрық
берген.

Атақты шежіреші-Мәшһүр
Жүсіп Көпейұлы (1858-1931)
Қазақ-жоңғар соғысы тарих сахнасына
ерліктері халық жадында сақталған батырларды шығарды. Мәшһүр Жүсіп
Көпейұлының «Қазақ шежіресінде»: Абылай,
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз
дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Көкжал
Барақ, Шанышқылы Бердіғожа, Сырым Малайсары, Тарақты
Байғозы, Шапырашты Наурызбай, Уақ Сары, Баян сияқты
батырлардың аттары аталады.


Бөгенбай батыр
Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ
жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны
халық Қанжығалы Бөгенбай
деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге
келіпті.
Оның атасы – Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі
адамдар болған. Әз Тәуке хан оның
әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп
тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен
айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында
ақындық, айтыскерлік өнері де болған.
Әкесінің өнері баласына
дарыған. Бала кезінен қазақ
даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп
өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы
дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан.
Өзіне жақын адамдардан топ құрып, кейін елде
"Қанжығалының қырық батыры" деп аталып
кеткен. Батырлығы
мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен
құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға
айналып кетті. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай
әскерлерімен болған қиян-кескі
шайқастарда көрсеткен қайраты сол кездегі жорық
жырауларының толғауларында мәңгі өшпес
өлең тілімен өрнектеліп қалды. Өмірден
көргені көп, қазақтың жүздері мен
батырларын таныған, заңды және қазақ-жоңғарлар
арасындағы қиын жағдайды ғана емес
жоңғарларға қарсы әскери әрекеттердің
тарихын да жақсы білетін Тәуке хан елді билеп
тұрған кезде 1710 жылы Қарақұмда қазақ
жүздерінің Төле, Қазыбек және Әйтеке билер қатысқан жиыны өтіп, билермен
бірге халық жасағы өкілі ретінде Бөгенбай батыр да
сайланған. Бөгенбай батырға мұндай сенімділік
танытуға оның бүкіл қазақ даласына тараған
әскери қолбасшылық өнері мен 1710 жылғы
Сары-Кеңгір өзені жағасында болған жоңғар
ноянымен болған шайқастағы ерлігі себеп болды. Бөгенбай
батырдың есімімен 1730 жылы көктемде Балқаш
көлінің маңында қазақ пен
қалмақтардың арасында болған шешуші Аңырақай
шайқасы да тығыз байланысты. Бөгенбай,
Қабанбай, Шапырашты
Наурызбай, Жәнібек, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған
қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ
әскерлеріне екінші рет күйрете соққы берді. Майдан
даласында мыңдаған қалмақ
әскерлері қаза тапты. Көбі
қырылып, жаралы болып, жаны шықпай жатқан жау
әскерінің аңыраған дауысы бірнеше күн даланы
басына көтерді. Бұл жер кейін "Аңырақай"
деп аталып кеткен. Аңырақайда аяусыз соққыға душар болған Шуно-Дабо
басқарған қалмақ әскерлері Ӏле өзенінің бойымен
шығысқа қарай қашуға мәжбүр болған. Жеңісті баянды етіп, жауды
өкшелей қуып, қазақ жерлерін азат ету жорығына
жиналған үш жүздің әскер жасақтарының
Шымкентке таяу Ордабасы деген жерде жиыны
өтіп, онда қазақ әскерлерінің қолбасшысы
болып Әбілқайыр және Бөгенбай батыр сайланады. Олардың басшылығымен
қалмақ әскерлеріне үсті-үстіне
соққы берілген. Осындай шайқастардың бірінде Бөгенбай батырмен жекпе-жекте
қалмақтың қолбасшысы Шуно-Дабо қаза табады.
Бұл оқиға жау әскерлерінің рухын түсіріп
жіберген екен. 1725-1727 жылдары Бөгенбай батыр
Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, осы
ұрыс нәтижесінде ойсырай жеңілген қалмақ әскері Түркістан мен Саураннан
Жоңғар Алатауының
арғы жағына қуылған болатын.
Бөгенбай жорықтарын,
қоғамдық істерін, негізінен бес кезеңге бөлуге
болады:
1)
1696-1697 жылдары жоңғар қалмақтарымен
шайқастары;
2)
1710 жылғы Қарақұмда бүкіл қазақ елі
жасағының қолбасы болуы;
3)
1723-29 жылдардағы қазақ елінің
жоңғарлардан жаппай жеңілісі мен онан кейінгі
халқымыздың сыртқы жауға берген тойтарыстарын
ұйымдастыру;
4) 1731-1735
жылдардағы орта жүз бен Ресей қарым-қатынасын
ыңғайластыру шараларын жүзеге асыру;
5) 1750-1760
жылдардағы Алтай-Тарбағатай, Жетісу жорықтарын
ұйымдастыру.
Бөгенбай
батыр қартайған шағына дейін ат үстінде жүрген.
1756-1758 жылдары Бөгенбай батыр Талқы түбінде Шығыс
Түркістанға алғаш рет аяқ басқан қытай
әскерімен қиян-кескі шайқасқа қатысты. Бұл
ұрыста ол қытайларды қыра талқандап, Үрімшіге дейін қуып барды. Бөгенбай батырдың
ең ірі жорықтарының бірі 1750 жылы Аягөз өңірінде
жеңіліске ұшырады. Осыдан кейін екі жақ мәмілеге келіп,
достық келісім жасады. Бөгенбай батыр дана және аса зерделі
адам болған. Ол 1761 жылы елшілік миссиямен Абылай ханның
ұлы Әділді алып Қытайға барған. Батыр Торғай өзенінің жағасында
қаза болған. Бұрында бұл жер "Бөгенбай
сөресі" деп аталған, ал қазір "Шахта" деп
аталады. Денесін қырық күн бальзамдағаннан кейін 45
күнде ежелгі екінші Мекке саналған Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи – Әзірет Сұлтан кесенесіне ақ
түйемен алып барып жерлеген.
Тайлақ Мәтіұлы – XVIII ғасырдағы жоңғар басқыншыларына
қарсы Орта жүз Бөгенбай, Ұлы жүз Саңырық
батырлармен бірге Кіші жүз қолын бастап шыққан ұлы
батыр. Тайлақ Мәтіұлы XVII ғасырдың соңғы ширегінде және XVIII ғасырдың алғашқы жартысында
өмір сүрген, 1723 жылғы жоңғар басқыншылығынан
соң 1726 жылы жазғытұрым Қаракесек аталатын жерде
есеңгіреген елдің басын біріктіріп, еңсесін көтерген
кеңес өтіп, қалмақтарға жауап соққы
беру жөнінде шешім кабылданады. 1728 жылы Бұланты және Білеуті өзендерінің
аралағындағы «Қарасиыр» аталатын жерде өткен бұл
шайқасқа Тайлақ батыр Кіші жүз қолдарын бастап шығып,
ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосады. Сыр бойында
Қармақшыда жерленген.
Саңырық Тоқтыбайұлы
– қазақ қоғамына апат әкелген 1723 жылғы жоңғар
басқыншылығынан соң жауға қарсы жауап
шайқас ұйымдастырушы батыр. Саңырық батыр XVII ғасырдың соңғы
ширегі және XVIII ғасырдың алғашқы жартысында өмір
сүрген. Тарихи шайқасқа қол бастап шыққанда
ол 35 жас шамасында еді. Әкесі Тоқтыбай.
Бауырлары Дәкен және Сарымерген екеуі де батыр атанған.
Деректердің көрсетуіне қарағанда
Саңырық батыр Кіші жүз Тайлақ
батырға жиен. Бөгенбай Тайлақ батырлардың шақыруымен 1726 жылғы Қаракесек
аталатын жерде өткен Ұлы Кеңеске қатынасып, оның шешімімен Ұлы жүз
қолдарының қолбасшысы болып бекітілген. 1726 жылғы атақты Бұланты-Білеуті шайқасында
үш қолбасшысының бірі ретінде ұлы жеңіске аса зор
үлес
қосады. Түркістан қаласында жерленген.

Қаракерей Қабанбай батыр
Қаракерей
Қабанбай батыр (1691-1769). Мәшһүр
Жүсіп Көпейұлының айтуы бойынша: «Батырда
Қаракерей Қабанбайдан асқан батыр жоқ, үйсін Төле биден асқан би жоқ». Жоңғар
шапқыншылығынан елді азат етуде батырлығымен де,
даналығымен де ерекше көзге түскен зор тұлғалардың
бірі – Қаракерей Қабанбайдың әуел
бастағы есімі Ерасыл еді. Одан соң алып денесіне қарап
Нарбала атаныпты.
Батырдың алғашқы
ерлігін Бітімбай ақын былай жырлайды:
Ерлікпенен Ерасыл,
Дұшпанын жарып
жайратты.
Дәл он алты жасында,
Көрсетті мұндай қайратты.
Қос білегін сыбанды,
Қас батырдай айбатты...
Өкпеден қанжар кіргенде
Барқ етті малғұн бақырып.
Қалмақ жатыр ойбайлап,
Бірін-бірі шақырып.
Қабанбай батыр алғаш 1724 жылы Түркістанда жасақ құрғанда
отыз екі жас шамасында болған. Найман жасақтарын бастап
әйгілі Алакөл (1725 ж.),
Бұланты (1726), Аңырақай шайқастарына (1729/1730), 1745-
1755 жылдары Шорға соғысы
мен Шаған шайқасына қатысады.
1716 жылдан 1757 жылға дейін Қабанбай Қожағұлұлы
өмірін қан кешіп жүріп халқын жаудан
қорғауға арнады. Ол өз өмірінде
соғысқа 103 рет кіріп, 54 рет жау батырымен жекпе-жекке
шыққан ерен ерлігі үшін халық құрметіне
бөленген тұлға.
Шақшақұлы Жәнібек – қолбасшы әрі мемлекет қайраткері,
жоңғарларға қарсы азаттық күресті
бастаушылардың бірі. Абылайды хан көтергенде Орта жүздегі
төрт тірегінің бірі ретінде шешуші рөл атқарды.
Қаракерей
Қабанбай,
Қанжығалы
Бөгенбай,
Қаз дауысты
Қазыбек,
Шақшақұлы Жәнібек.
Орманнан көп орта
жүз,
Содан шыққан
төрт тіректің бірі Жәнібек еді, –
деп көрсетеді Бұқар жырау өз толғауларында.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының
айтуынша аты аңызға айналған белгілі батыр, қолбасшы
Шақшақұлы Жәнібектің басшылығымен Орта
жүз жасақтары 1725 жылы Қорғалжын көліне
жақын Шұбаркөл ауданында (Орталық
Қазақстан) жоңғарларға күйрете
соққы берген.
Қазақ-орыс қатынастарының дамуына
қосқан үлесі үшін патша өкіметінен тархан
атағын алған, Кіші жүз ханы Әбілқайырмен
жақын байланыста болғандығы белгілі.

Бұқар Қалқаманұлы
Бұқар жырау (1668-1781) - қазақтың ұлы жырауы,
ХVІІІ ғасырда жоңғар басқыншыларына
қарсы қазақтардың азаттық соғысын бастаушысы әрі
ұйымдастырушысы, атақты Абылай ханның ақылшысы. Шыққан тегі арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы
сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі
бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз
төгіледі екен. Бұқар жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы
тұсында, елдің болашағы қыл үстінде
тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып
замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере
білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай
ханға дұрыс кеңес беріп,
ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте
біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды.
Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді
жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы
мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір
қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап
қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты.
Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын
болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық
жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір
ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын
жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін
жасады.

Наурызбай батыр
Наурызбай Құтпанбетұлы (1706-1781) - XVIII ғасырдың 30-40-жылдары
Жоңғар басқыншыларымен болған қанды
шайқастарда ерекше батырлық және жеке
тұлғалық қасиеттерімен көзге түскен
қолбасшы, қазақ жерін жаудан азат ету ісіне зор үлес
қосқан қайраткер. Жоңғар билеушісіне Жетісу арқылы
жүріп өткен орыс елшісі Карл Миллер Наурызбай батырмен
жолығып, ол кездесуден үлкен әсер
алғандығын егжей-тегжейлі баяндайды. Ел жадында
сақталған деректер Наурызбай батырдың қалмақ
батырларымен жекпе-жекте ылғи да жеңіске жетіп, қазақ қолдарының рухын көтеріп Абылай
ханның ең жақын серіктері қатарында
болғандығын айтады. Наурызбай батыр қазақ жері, соның ішінде
өзінің ата жұрты Жетісу түгел жаудан азат
болғанша ат үстінде болған тұлға.
Оның
Жоңғар хандығы жойылғаннан кейінгі кезеңде
қазақ жеріне басып кірген Цин империясының әскер
құрамаларын кейін қайтарған қазақ
қолдарына қолбасшылық жасағандығы жөнінде
деректік материалдар да кездеседі. Аронұлы Сүйінбай
ақынның: «Исі
қазақ жиылса Наурызбай білсін дер еді» — деген сөзі батырдың биік парасат
иесі болғандығын меңзейді.

Кіші жүз ханы-Әбілқайыр
Әбілқайыр хан. Әз
Жәнібектің кіші ұлы Өсеке сұлтаннан тарайтын
Абдулла шаңырағында 1693
жылы дүниеге келіп, 1748 жылы әйгілі Барақ
сұлтанның қолынан қаза тапты.
1710 жылы Қарақұм құрылтайында да, 1726 жылы
Ордабасыдағы ұлы жиында да бүкіл қазақ әскерінің
бас қолбасшысы етіп Әбілқайырды бірауыздан сайлады.
А. Левшин: «Кіші жүздің ханы Әбілқайырды бас сардар етіп
сайлағанда оны арғымаққа мінгізді, болашақ
жеңіс үшін ақбоз атты құрбандыққа
шалды. Билер мен хандардың ақ шатырларының алдында, арғыннан
шыққан қарт Бөгенбайға жеңіс туын
көтертті», - деп суреттейді.
Джон Кэстлъ: «Ол зор тұлғалы, сымбатты,
аққұба өңді, қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі,
сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ
тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын,
оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін... Кіші
орда оны хан сайлады», – деп жазады.
Әбілқайыр
хан қазақ мемлекеттілігінде Абылай сияқты хандық пен қолбасшылықты
қатар ұстаған
жан-жақты, ерекше тұлға. Әбілқайырдың
батырлығы мен қолбасшылық дарынын танытқан –1723 жылғы Аюке хан
басқарған Еділ
қалмақтарына қарсы жорық. Онда қазақ жасағы өздерінен 4-5 есе
артық қалмақтарды жеңген болатын. Еділдің бойын мекендеген
торғауыт қалмақтарға қарсы күреске Әбілқайыр
тұтастай өмірін арнады.
1724 жылдың
өзінде-ақ Әбілқайырдың басшылығымен
қазақтар алғашқы жеңіске жете бастады. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
кезінде 1725 жылы оның шешімді қимылдарының арқасында
50 мың әскер
қолы қайта жиналды. Әбілқайырдың
басшылығымен қазақ жасақтары Отырар, Шымкент,
Түркістан, Сайрам қалаларын азат етуде ерен ерлік көрсетті. Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай
сияқты бүкіл қазаққа мәшһүр батырлармен тізе қосып қазақ жасақтарын ұрысқа бастаған Әбілқайыр мен
Бөгенбай еді. Бұланты, Аңырақай шайқастарына
қолбасшылық Болат ханның қолында болғанымен,
Әбілқайырдың ұйымдастырушылық
қызметімен ерекше көрінді. Бүкіл үш жүздің
қолын біріктіруде Әбілқайырдың
еңбегі зор. Ал Бұланты мен Аңырақайдағы
жеңістер қазақ мемлекеттілігінің тарихындағы
шешуші мәні бар ұлы тарихи
оқиғалар болды.
Әбілқайырдың
күреске толы өмірі XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі
қазақ халқының қилы тағдырына ұқсас.
Ол қысқа тарихи мерзім ішінде кең танылып, ең
жоғары билік шыңына көтерілді.

Ұлы жүздің атақты
биі-Төле би
Төле би Әлібекұлы (1663-1756) - қазіргі Жамбыл облысы, Шу өңірі, Жайсаң
жайлауында туған. Ұлы жүздің биі «Жеті Жарғы»
заңдар жинағын шығаруға қатысқан. 1743 жылы Ұлы
жүз ханы Жолбарыс қайтыс болғанда,
оның орнына алты жыл бойы Ташкентті басқарды.
Төле бидің қоғамдық қызметі жоңғар басқыншыларына
қарсы күрес жылдарынан кейін күшейе түсті.
Қарадан шыққан билер
жоңғарларға қарсы қарулы
күресті ұйымдастыруда халыққа ұйытқы болды. «Елге бай
құт емес, би құт» дейтін
нақыл сөзді Төле би сол кезде айтыпты.
Төленің
даналығын бейнелейтін бір халық аңызы бар.
Жоңғар шапқыншылығынан босып, ел көше бастаған
кезде Төле үйін жықпай жұртта қалыпты-мыс.
Қалмақтың әскербасы бұған таңданып,
көшпеуінің себебін сұрағанда, Төле
би:
- Биыл шаңырағыма
бір қарлығаш ұя
салып еді, бұл
дүние жүзін топан суы басқанда Нұһ пайғамбардың
кемесін суға батудан сақтап қалған, жыланға адам
баласының жем болу қаупі туғанда, содан
қорғаған еді. Мен өз бала-шағамды
қорғап қалған құстың ұясын
бұзып,
балапандарын қырып кете алмадым, - дейді. Мұны естіген қалмақ
қонтайшысы:
- Бұл
әулие екен, - деп, оның
өзіне де, маңайындағы еліне де тимепті-міс. Сөйтіп,
Төле би қамсыз отырған халық қанын
төктірмеуде осындай айла-тәсіл қолданған.
Қалмақ-жоңғар
басқыншыларына қарсы халықтың азаттық
күресін ұйымдастырудағы ерлігі мен сіңірген
еңбегі, қазақ қоғамында әділ билік орнықтыру
ісіндегі қызметі үшін Төле би ел алдында
үлкен беделге ие болған. Күрделі тарихи кезеңде
атқарған аса зор еңбегі оны тек қазақ арасында
ғана емес, сондай-ақ өзбек, қырғыз және
басқа халықтар арасында да кең танымал етті.
Төле би
көршілес Бұхар, Қоқан, Жоңғар
хандықтарымен мүмкіндігінше бейбіт қатынас жасауды
жақтаған. Ресейге екі рет елші жіберген. 1749 жылы елшілермен бірге
өз балалары Айтпай мен Жолдас батырды аттандырып, Ұлы жүзді
Ресейдің өз қамқорлығына алуын өтінген.
Төле би ұзақ жасап, кейінгі тұрған
жері Ташкентте жерленген.
Орта жүздің атақты
биі-Қазыбек би
Қазыбек би Келдібекұлы (1665-1765) - қазіргі Қарағанды облысының Қазыбек
(Егіндібұлақ) ауданында әйгілі би, ру басшысы
Келдібектің отбасында туған. Жас кезінен асқан қабілеттілігімен Орта
жүз рулары арасында танымал болады. Қазыбек бидің: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге
соқтықпай, жай жатқан елміз; елімізден құт-береке қашпасын деп,
жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі
таққан елміз, ешбір дұшпан
басынбаған елміз,
басымыздан сөз асырмаған
елміз», – деген жай оғындай отты да ойлы сөздері мен саңқылдаған
даусы үшін халық оны Қаз дауысты Қазыбек атаған.
Ол Абылайдың ел
басқаруы кезеңінде жоңғарларға қарсы жалпыұлттық
азаттық күресті ұйымдастырушылардың
бірі болды. Шапқыншылық кезде екі елдің арасындағы
бітімгер елші, мәмілегер ретінде белгілі болды. XVIII ғасырдың 40-жылдарында Абылай
хаңды жоңғарлардың тұтқынынан босатып
алған басты қайраткерлердің бірі.
Аса көрнекті
би-шешен Қазыбек шешендік өнер тәсілін шебер
қолданған. Оның сөзіне ешкім қарсы дау айта
алмаған. Бұл қабілеті оның тұтқындағы
адамдарды, айдап әкеткен малдарды, тіпті Абылайдың өзін
босатып алуға жәрдемдескен. Халық аузында «Қазыбектің
қалмаққа үш рет елші болып баруы»,
«Қазыбектің елшілігі» деген әңгімелер сақталған.
Қазыбек би жүзден асып, Қарқаралы тауларына жақын
жердегі ата конысында қайтыс болған. Түркістан
қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленген.

Әйтеке би Бәйбекұлы
Әйтеке би Бәйбекұлы (1682-1766). Кіші жүздегі
Әлімұлы тайпасының төртқара руынан шыққан. Кіші жүздің биі ретінде Тәуке хан жанындағы
кеңеске еніп, «Жеті Жарғы» заңдар жинағын
жасауға, мемлекеттік істерге, жүздердін арасындағы дауларды
шешуге қатысқан. Ш.Уәлиханов белгілі
билердің бірі ретінде Әйтеке есімін Төле
бимен қатар атайды.
Әйтеке бидің
өмірі мен қызметіне қатысты деректік мәліметтер
аз. Дегенмен бізге жеткен мәліметтерден оның
өз заманының ең өзекті мәселесі ұлттық
саяси тұтастыққа зор жігермен қызмет
жасағандығы айқын. Бидің: «Бәрін
айтып арманды тауыса алмаспын. Арманның мен үшін ең
үлкені - алты Алаштың
балаларын бір шаңырақ, бір Тудың астынан
көре алмай бара жатырмын. Айналаң аңыздаған
айдаһардай жау. «Алтау алауыз болса, ауыздағы
кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі жетеді» дегенді
солардың еңкейген кәрісінен
қаз тұрған сәбиіне дейін біледі. ...
Түптің түбінде алты ағайынның баласы жұмған жұдырыктай жұптаса
алмай, бірі ойға, бірі қырға
тартып жүріп, біріккен соң бірі әлгі айдаһардың
аузында кете ме деп қорқамын. Өкінішім өзіммен бірге көрге
кетсін, халықтың
игі арманы періштенің құлағына
жетсін деп тілеңдер, барша ағайын!» –
деген аталы ойы халықтың жадында қалды.
Міне,
сондықтан халық Әйтеке биді қазақ
жүздерінің басын біріктіріп, бір орталыққа жинау, туысқан
қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек
елдерін ортақ жауға қарсы жұмылдыру, өз
елінің рухани кемелдену ісіне өлшеусіз үлес
қосқан аса ірі қайраткер ретінде құрмет
тұтады.
«Жеті жарғы» – Тәуке хан кезінде
атақты билермен бііргіп жазылған ХVІІІ ғасырдың бас
кезіндегі қазақ заңы
нормаларының жиынтығы.
Әбілқайыр хан (1693-1748) – Кіші жүздің ханы,
қазақ жасақтарының қолбасшысы, бас сардар.
Билер – қазақ қоғамындағы беделді адамдар, алайда олардың
дәрежесі мен беделі түрліше болды. Отан соғысында еңбек сіңірген, хандар мен қолбасшыларға ақылшы болған тұлғалар.
Қазақстан
тарихы, 11 сынып, қоғамдық-гуманитарлық бағыт,
Алматы «Мектеп» 2007 ж.
Қазақстан
тарихы, 11 сынып, жаратылыстану-математикалық бағыт, Алматы
«Мектеп» 2007 ж.