Қазақстанның
Ресей қоластына өтуiнiң аяқталуы
Ұлы жүз Ресейдің қоластына
Кіші жүз бен Орта жүзден кейін өтті. Өйткені XIX
ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі,
Орта және Кіші жүздердің Оңтүстік аймақтары
Хиуа және Қоқан, Бұхар хандықтарының
иелігінде болды. Олар Каспий теңізі жағалауларынан Жетісуға
дейінгі жерлерге жиі-жиі шабуыл жасап отырды.
1821
жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре
басқарған қазақ шаруаларының
қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып,
Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Сайран өңірін
қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан
шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына
шықты, шаруалар көтерілісі қатыгездікпен басылды.
Оңтүстік
Қазақстандағы Орта Азия хандықтарының
озбырлығы Ұлы жүз халықтарының Ресей империясына
қосылуын тездетті. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы
басқарған 66 мың адамнан тұратын жалайыр руы Ресей империясының құрамында болуды
қалайтындығын мәлімдеді. 1825 жылы 50 мың халқы
бар үйсін болысы Ресей мемлекетінің
құрамына қосылды. 1847 жылы Іле және Лепсі
өзендері маңындағы қазақтар мен
қырғыздар Ресей билігін мойындайды. 1848 жылы 10
қаңтарда Жетісудағы қазақтарды билеу үшін
Ресей патшалығы бұл өңірге жаңа лауазымды
(пристав) бекітеді. Приставтың резиденциясы Қапалда (1847 жылы)
болды.
Қаскелең
өзені сағасында тұрған Таушүбек бекінісі
Қоқан хандарының билігінде болған, бұл бекіністен
Қоқан билеушілерін қуу Ресей үшін қиын болды.
Бұл қамалды алмай Қоқан билігіне соққы беру
қиын еді. 1850 жылы капитан Гутковский бастаған 200 казактан
және 50 жаяу әскерден құралған топ Қапалдан
шығып Таушүбекке жақындады. Алайда Алматы өзенінде
қырғыздар жасағымен қақтығысқан
Гутовский Іле жағалауына қайтып оралуға мәжбүр
болды. Бұл тапсырманы орындау 1851 жылы мамырдың ортасында
Қапалдан аттанған подполковник Карбышев тобына жүктеледі.
1851 жылы шілденің 7-сінде Таушүбек бекінісі
қантөгіссіз берілуге мәжбүр болды.
1853
жылы Орынбор генерал губернаторы граф В.А. Перовскийдің
басшылығымен іске асырылған әскери қимылдар
нәтижесінде Қоқан билеушілерінің Ақмешіт бекінісі
Ресейдің қол астына қарады. Ақмешіт бекінісінің
алынуы орыс әскерлерінің Іле бойымен жылжуына жол ашты. Осы кезден
бастан Ақмешіт бекінісі Перовск деп аталды.
1853
жылы 2 сәуірде Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың тапсыруы
бойынша Көксу және Іле аралығында Іле бекеті салынды. Енді
орыс әскерінің Іле бойына жылжуына жол ашылды. Батыс Сібір
генерал-губернаторы Гасфорттың Сырдария мен Сібір әскери шептерін
ұштастыру туралы ұсынысы Петербургте қабылданды.
Ұлы
жүз приставы майор М.Д Перемышельскийдің отряды 1853 жылы
Талғар өзенінің Ілеге құяр жеріне Іле бекетін
тұрғызды. 1854 жылы көктемде сол отряд Верный деп
аталған бекіністің іргетасын көтерді. Верный Алматы деп
аталған ертедегі қазақтардың қоныс
қалдықтары сақталған жерде болған еді. Саз
балшықтан көтерілген бекініс ағаш дуалмен қоршалды.
1854 жылдың күзінде бөренелі ағаш үйлерге
және казармаға Іле отрядының 470 солдаттары мен офицерлері
келіп қоныс тепті, ал
1855 жылы осы бекініске Сібірден 500-ге жуық отбасы келіп
қоныстанды.
Верный бекінісің салынуы 1855 жылы
қырғыздың Бұғы руының Ресей билігін
мойындауын тездетті. 1855 жылы Ұлы жүз приставының
резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды.
1856
жылы Верныйда Орталық Ресей губернияларынан, Воронежден келген
қоныстанушылардың саны бұрынғыдан да арта түсті.
1857 жылы Верныйда су диірмені, 1858 жылы сыра заводы ашылды.
XIX
ғасырдың екінші жартысында Верный қаласында
П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, Н.М.Пржевальский, И.В. Северцев т. б сияқты
ірі ғалымдар біраз уақыт тұрған.
Верный
бекінісінің салынуы XIX ғасырдың 50-жылдарында
Қазақ елінің Оңтүстік аудандары мен
қырғыз жерінің Ресейге қосылуын тездетті.
Патша
үкіметі Оңтүстік Қазақстан өңірінен
Қоқан хандығын ығыстырып, өз бақылауына алу
үшін әскери қимылдарын көбірек ұйымдастыра
бастады.
1859 жылы Ұлы жүзде
тұрғызылған Қастек бекінісі Ресейдің тірегі
саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды.
Шу
алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860 жылы 26 тамызда
Тоқмақты, 4 қырқүйекте Пішпекті алды. 1860 жылы
27 қазанда Ұзынағаш түбінде Алатау округінің
билеушісі Г.А.Колпаковский басқарған орыс отряды Қоқан
әскерін жеңеді.
1863
жылы Қоңыраттың 4 мыңға жуық,
бестаңбалы руының 5 мыңға жуық
шаңырағы Ресей билігін мойындайды.
1864
жылы қөктемде Қоқан хандығына қарсы
жіберілген патша әскері Шу алқабын, Мерке, Әулиеата,
Түркістан бекіністерін алса, осы жылы 22 қыркүйекте Черняев
тобы Шымкентті алады, ал Ташкентті шілде айында 1865 жылы үш күндік
шайқастан кейін алды.
1866
жылы Бұхар хандығын орыс әскерлері жаулап, 1867 жылы
хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының
құрамына кірді, ал 1868 жылы Қоқан хандығына
тәуелді болған қазақ жерлері Ресей құрамына
еніп, Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. 1873
жылы Хиуа хандығының орыс әскерінен жеңілуі Хиуа
хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп
шығуын тездетті.
Сөйтіп,
XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталған қазақ
елінің Ресей құрамына қосылу процесі – Ұлы
жүздің Ресей империясының құрамына енуімен
аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері
түгелдей Ресей империясының отарына айналды.
Қазақстанның Ресейге
қосылуы үш кезеңнен тұрады:
-Бірінші
кезең - XVIII ғасырдың 30-шы жылдарынан басталып 19
ғасырдың 20-шы жылдарына дейін. Бұл
жүзжылдықтың ішінде Ресей мен Қазақ
хандығының арасында сауда қарым-қатынасы орнады.
-Екінші
кезең - XVIII ғасырдың 60-шы жылдары аяқталды.
Оның негізгі көрінісі 1822 жылы қабылданған «Сібір
қазақтары туралы Жарғы» мен 1824 жылы қабылданған
«Орынбор қазақтары туралы Жарғы». Осы жарғылардың
нәтижесінде хандық билік күшін жойып, Ресей
бодандығындағы қазақ өлкесіңде округтер мен
бөлімдер ашылды. Округ басшылары - аға сұлтандар мен
сұлтан-правительдер генерал-губернаторлықтарға бағынды.
Өз кезегінде округтерде болыстықтар мен дистанциялар ашылды.
-Үшінші
кезең - 1860-шы жылдары басталады. Оның негізгі белгісі
Қазақ жерінің тұтастай Ресей империясының
құрамына енуі, облыстарға бөліну, олардың
өз кезегінде уездерге т.б. бөлінуі. Қазақтың
саяси элитасы сұлтандар мен билер биліктен біржолата шеттетілді.
Ресей
үкіметі өзінің әкімшілік-саяси реформалары арқылы
Қазақстандағы дәстүрлі басқару
жүйесін бұзып, көшпелілерді құнарсыз жерлерге
ығыстырып, Ресейден келген қара шекпендерге үлкен
жеңілдік берді. 1867-1868 жылдары «Уақытша Ережеден» кейін шексіз
билікті алған отаршылдық саясат кең етек жайды. Сонымен
қатар Қазақстаның Ресейге қосылуының
нәтижесінде қазақ көшпелілері айырбас және сауда
қатынасын жасайтын мүмкіндікке ие болды, қазақ
ауылдарында сауданың даму барысында капиталистік, өндірістік
қатынастар пайда бола бастады.