Қазақ
хандығының құрылуы– қазақ
халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы
Қазақ
этносын құрудағы негізгі компоненттері
«Этнос» термині туралы. Қазақ этносын
құрудағы негізгі компоненттері. Ру-тайпалық
құрылымы. Қазақ жүздері. «Қазақ» этнонимінің
шығуы. Қазақ
халқының антропологиялық типі. Тілдік сипаты.
Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға
ортақ, сыртқы кескін-кейпі ғана емес, едәуір
тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса)
мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің
бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан
бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл
қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи
қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы.
Сондай-ақ территориясы да бірыңғай болуы тиіс.
Әрбір
халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшін
көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне тура келеді.
Бұл күрделі үрдіс бір немесе екі ғасырдың ішінде
болмайды, халық болу үшін бірнеше ғасырларды қажет
етеді. Мысалы, Қазақстан жерінде халық болып
құрылу үрдісі алғашқы қауымдық
құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен (б.д.д. II-I
м.ж. кезеңі) темір дәуірі (б.д.д. VII-IV) кезеңдермен,
немесе бұл кезде өмір сүрген ру-тайпалардың
өсіп-өркендеуінен басталады. Олар Қазақстанның
ұлан-ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы
(автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен құралған.
Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі
кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне
қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон,
Беғазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде
өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат т.б.) иран тілдес
болғандығы айтылады. Сондай-ақ, ғалымдардың көрсетуінше
бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан
монголоидтық белгілері бар еуропоидтік нәсілдер екендігі
көрсетіледі.
Қазақ
халқының бастауы болып табылатын, сақ тайпаларының
тікелей жалғасы болып үйсін, қаңлы тайпалары саналады.
Оны қытай деректері “Өзі сары, көзі көк, ат жақты
сэ (сақ) тайпалары үйсіндердің арасында жүр” – деп
көрсетеді.
Қазақ халқының шыққан тегі туралы
көптеген аспектілері ішінен өзекті ретінде лингвистикалық
және антропологиялық мәселелерін бөлшектеп алған
жөн.
Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі үрдістің
екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның
ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіеуропалық
және түріктік кезеңге бөлуге болады. Бірінші
кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан
тұрғындары үндіеуропалық топтың ежелгі иран
тобына кіреді, яғни бұл кез б.з.д. III-I мың
жылдықтарды қамтиды. Екінші кезеңде Қазақстан
территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі
тайпалардың соның ішінде ғұндардың Батысқа
қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сармат
тайпаларының жалғасы – үйсін мен қаңлылар
ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен. Б.з.б.
I ғасырда Солтүстік ғұндардың
құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалардың
бір бөлігі Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп,
қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң
отырды, ғұндардың Қазақстанға
өтуінің екінші толқыны б.з. II ғасырдың
бірінші жартысында орын алды. Бұл кезде Солтүстік
ғұндардың толып жатқан тайпалары Шығыс
Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып VI
ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін
құрды.
Ғұндардың біріктіруші рөлінің арқасында
сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың
этникалық жақындасуы іске асты. Сөйтіп, үйсіндер мен
қаңлылардың монголоидтық тәсілге өтуі
басталды. Б.з. VI ғасырынан бастап оңтүстік аймақта
шығыстан, Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының
басымдылығы байқалды. VI ғасырда Қазақстан жері
түгелдей құдіретті бір тұтас мемлекет – Түркі
қағанаты құрамына кірді. Жазба деректерден алғаш
Түрік қағанатының (542 ж.) одан кейін Батыс Түрік
қағанаты (603 ж.) сияқты феодалдық мемлекеттер
құрылғандығы белгілі. Одан кейін Түргеш
қағанаты (704-756 жж.), Қарлұқ
қағанаты (756-940 жж.), Оғыз мемлекеті (IX ғ.
соңы – XI ғ. басы), Қимақ қағанаты (893 –
XI ғ. басы), Қыпшақ хандығы (XI – 1219 ж.),
Қарахан мемлекеті (942-1212 жж.) өмір сүрді. Осы
мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып
қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи рөлі
ерекше болған. 1)
Қарахан мемлекеті. Бұл мемлекеттің кезінде халық болып
қалыптасу пісіп – жетіліп, қалалық өмір өркендеп,
отырықшылық жанданып, қолөнер дамып, көрші
жатқан елдермен сауда қатынасы артып, жалпы мәдени
экономикалық дамуы өскен. Алғаш рет ислам дінін – мемлекеттік
дін ретінде қабылдаған. 2)Қыпшақ хандығы (XI –
XIII) Ертіс пен Еділ арасындағы кең жерді иемденді.
Хандықтың құрылуына байланысты этникалық
процестер жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Бұл кезде қазақ
тілінің негізі - әдеби қыпшақ тілі құрылып,
сонымен бірге қазақтардың өзіне тән
антропологиялық кескіні қалыптасты. Қазақ этногенезінде
қыпшақтар этнос ретінде маңызды рөл атқарды,
“Қазақ” сөзінің шығу тегінің өзі
қыпшақтар мекен еткен аймақтар- да пайда болды.
Бірақ, осындай сапырылыс кезеңде шығыстан кидандардың
(қарақытайлардың) шапқыншылығы болып,
Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлады. XIII
ғасырдың басында енді дамып келе жатқанда моңғол
шапқыншылығы басталды, сөйтіп халық болып
қалыптасу процесі тоқталды. Халық болып қалыптасу
процесі XV ғасырға дейін, немесе 200 жылдай уақытқа
кешеуілдейді. Қазақстан жерінде
қаншалықты жойқын шапқыншылықтар болғынымен
халық болып қалыптасудың негізгі шарты тіл бірлігі жойылмады.
Керісінше, уақыт өткен сайын моңғол – шапқыншылығының
өздері жергілікті халықтың түркі тіліне,
әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп XIV ғ.
толық түркіленіп кетеді.
XIV-XV ғасырларда
феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде
Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай
Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық
соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара
бірігу, топтасуға ұмтылу процестері белең алды.
Қазақстанның ежелгі тайпалары тарихи-географиялық,
экономикалық және саяси жағдайларына байланысты үш
негізгі этникалық шаруашылыққа топқа бөлінді.
Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз.
Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай
құрылғаны әлі жете зерттелмеген. Әрбір
жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде
топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан
оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс
мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан
ешбір айырмашылығы болған жоқ. XV ғасыр
қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес халық болып
топтасты да, кейінірек «қазақ» деген этникалық ортақ
атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу
процесі негізінен аяқталады. Бірақ ол кейбір себептерге байланысты
кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ халқының
этникалық құрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет
құрамына енгені, кейбір жеке тарихи қалыптасқан
бөлшектердің бытыраңқылығы себеп болды.
XIV-XV ғғ. көптеген жұрттың көшіп-қонып,
сапырылысуы орын алды.
XV ғ. – II жартысы мен XVI ғ. қазақ
халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп
біріктіру, халықтың да қалыптасу процесінің
аяқталуын тездетті.
Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Батыс
Жетісудың территориясы баяғыдан бері қазақ
халқының құрылып, қалыптасуының басты
этникалық торабы болды, мұнда Қазақстанның ірі
екі этникалық қауымдастығының тоғысқан жері
жатты. Олар – Орталық, Солтүстік және Оңтүстік
Қазақстандағы қыпшақ тайпалар одағы мен
Оңтүстік – Шығыс Қазақстандағы үйсін
тайпалар одағы, бұларға Сырдарияның төменгі
ағысы арқылы Кіші жүз тайпалары келіп қосылады.
XV ғ. – II жартысынан бастап,
қалыптасқан халық өздерінің көршілері
арасында “қазақ” деген атпен белгілі болған. Қазақ
этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы
зерттеушілердің қызу талас тақырыбына айналады. Кейбір
деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған
“қашақ” деген атаудан шықты деп есептейді. Немесе
“қазақ” атауы Жәнібек пен Керей бөлініп көшіп
кеткен рулық одақтарды білдіру үшін бастапқы кезде
“өзбек-қазақ”, кейін “қазақ” деп аталған
дейді. “Қазақ” термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың
ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде
(түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда “қазақ”
деген сөз “басы бос – кезбе” деген мағына береді. Қалай
дегенде де “қазақ” этникалық терминінің ғылыми
тұрғыдан дәлелденіп, тұрақты бір шешімі жоқ.
Қазақстан жерінде XIV-XV
ғас. орын алған әлеуметтік-экономикалық және
этникалық-саяси процестерден туған заңды
қоғамдық құбылыс.
XV ғас.
50-70 жылдар арасында Әбілхайыр хандығын Жетісудің Шу
мен Талас өзененің жазығына 200 мыңдай адам көшіп
келді. Олардың бұл жерге қоныс аударуының себебі:
Әбілхайырдың қол астында қанаушылардың
күшеюі болса, екіншісі, оларды Шыңғыс әулетінен
шыққан Керей мен Жәнібек ханның жаңа
қалыптасып келе жатқан қазақ халқының
дербес мемлекетін құру. Ол кезде жетісуды билеген Моғолстан
ханы Есенбұға (1434-1462) бұл қазақтарды
Әбілхайырға қарс пайдаану үшін қарсы алып,
қоныс берді. Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи-Рашиди» атты
еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты
Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан
сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде
Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды.
Есенбұға хан оларды жая қарсы алып, Моғолстанның
батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді». Қазақстанның
алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-73 ж.) одан кейін
Жәнібек (1473-1480) Жетісуда берік қорғанысы бар
Жәнібек пен Керей Жошы әулетінен шыққан
сұлтанның Шығыс Дешті Қыпшақты билеу
жолындағы күресіне қосылды. Бұл 1468 жылы
Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Соның
нәтижесінде XV ғ. 70 жылдары қазақ
хандығының шекарасы кеңейді. Оңтүстік
Қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен
арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ
хандығының тізгінін ұстаған Бұрындық хан
(1480-1511 жж.) тұсында да тоқтамады.
Дәстүрлі қазақ
қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз,
Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің
шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде
ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ. Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша,
"Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы
кезінде қазақтар өздері көшіп
жүретін жерлердегі өз
құқықтарын қамтамасыз ету
үшін осындай үлкен одақтар
құрған". Н.А.Аристовтың ойынша,
"жүздерге бірігу жоңғар
шапқыншылығы кезінде
шыққан". В. Бартольд: "Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті,
табиғи-географиялық жағдайға икемделу
және аумақтық оқшаулану жүздердің
мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін
қалыптастырды", — деп есептейді. М. П. Вяткин В.В.Бартольдпен келісе отырып:
"Жүздердің құрылуына
табиғи-географиялық себептермен
қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI
ғасырдың аяғында қалыптасты", — дейді. С. Аманжолов: "Қазақ елі, жері үш жүзге монғолдарға дейінгі кезеңде — X—XII ғасырларда
бөлінді", — деп есептейді. Шығыстанушы Т. И. Сұлтанов жүздердің
құрылуы жөнінде нақты деректердің
тапшылығын айта келіп: "XVI ғасырдың екінші жартысында ұлыс
жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан", — деген болжам
айтады. Жүз ұғымының мәні де толық
ашылған жоқ. Біраз зерттеушілер қазақтың "жүз"
деген сөзін арабтың "джуз" — бір
нәрсенің "басты бөлігі", "тармақ"
деген сөзімен сәйкестендіреді. Шығыс деректерінде
жүздер жөніндегі жанама мәліметтер XVII ғасырдың
ортасына қарай кездеседі. Махмүд бен Уәлидің 1634—1641 жылдарда жазылған
еңбегінде: "Шайбани хан өлгеннен кейін
оның ұлы Баһадүр осы ел мен ұлысқа
басшылық ете бастады... ол қыстауы мен жайлауы үшін Ақ
Орданы таңдап алды, ол әрі Йүз-Орда ретінде де белгілі",
— дейді. Осы деректе кездесетін йүз (жүз) сөзін кейбір
зерттеушілер қазақтың жүзімен теңестіреді. М. С.
Мұқановтың
пайымдауынша, қазақтың
жүздері этноәлеуметтік организмнің жоғары
санаттарының бірі. "Этноәлеуметтік
организм" деп этностық,
әлеуметтік, шаруашылық, саяси бірлестіктерді түсінеміз. Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері
бар:
қазақ руларының таңбалары
Халықтың
қалыптасуы өте күрделі, сан қырлы мәселе.
Өткен материалдарда біз Қазақстан жерін сонау қола
дәуірінен бастап мекендеген тайпаларды, олардың
түр-әлпеті, тілі, мәдениеті қандай екендігін
қарастырдық. Әрине, қола дәуірінде, яғни
бұдан ІІІ—ІV мың жыл бұрын өмір сүрген
андрондық тайпаларды біз қазақ халқының тікелей
ата тегі деп атай алмаймыз. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін,
сармат тайпаларын да тек қазақтың ата тегі деп түсіну
тарихқа қиянат болар еді. Тіпті түркі тайпаларының
өзі Орталық Азия, Еділ бойы халықтарына, қала берді
сонау солтүстік-шығыстағы Колымадан
оңтүстік-батыстағы Балқан түбегіне дейін шашырап
жатқан түркі жұрттарының шығу тегіне қатысы
болғандығын есте сақтау керек. Еуразияның
кең-байтақ төсінде өзінің тарихи аумағын,
мәдениеті мен тілін, дінін қалыптастырған қазақ
деген халықтың күні кеше ғана пайда
болмағандығы белгілі. Қазақ халқының
нәсілдік-генетикалық, мәдени тегінде сонау
андрондықтардан бастап үзілмей келе жатқан бір желі бар
екендігін анық байқаймыз.Халықтың
халық болып қалыптасуы үшін қажетті бірнеше шарт бар.
Олар:
3. Нәсілдерді
зерттейтін сала (расогенез). Халықтың
арғы шығу тегін зерттеуде антропологияның нәсілдік
ұқсастықтарды, өзгешеліктерді зерттейтін
салаларының маңызы зор. Адамдардың
белгілі бір географиялық аймаққа бейімделуімен, шығу
тегіндегі белгілі бір ортақтастығымен қалыптасатын
ұқсастықты нәсіл немесе антропологиялық
түр-сипат деп атайды. Антропологиялық түр-сипат
халық боп бірігу барысында қалыптасады. Қазақстан жерін қола
дәуірінде (б. з. д. 2—1 -мыңжылдықтар аралығы) Андронов тарихи-мәдени бірлестігіне жататын тайпалар мекендеді. Андрондықтардың сүйектері Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерлерінен көп табылып,
зерттелді. Олардың антропологиялық түр-сипатын андрондық
тұрпат деп атайды. Бұл тұрпат еуроиеоидтіктердің
арғы тегінің нәсіліне ұқсас. Олардың бас
сүйегі мезокранды (үлкен), бетінің тұрқы
дөңгеленіңкіреп келген, мұрны дөңестеу. Хакасия жеріндегі Минусин ойпатынан табылған бас сүйектерге
ұқсас. Кейінгі жылдары Ойжайлау қорымынан
(Жамбыл облысы) табылған бас
сүйектердің біразының беті
сопақша, маңдайы шығыңқы, ал Зевакино
қорымынан (Шығыс Қазақстан) сопақ басты, ат жақты, көз шарасы ұялы, мұрны қусырыңқы
бас сүйектер табылды. Бұл
антропологиялық материалдар
Қазақстан жерін қола
дәуірінің соңына қарай мекендеген
тайпалардың Орталық Азия тұрғындарымен
жақындығын көрсетеді. Қола дәуірінің
Алексеевское қонысынан (Қостанай) табылған әйелдің бас
сүйегі Мәскеудегі М.М.Герасимов
атындағы зертханада қалпына келтірілген. Бұл бейнеден
андрондық тұрпатты көруге болады. Ерте
темір дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген
тайпалардың антропологиясы. Ерте темір дәуірінде Қазақстан
жерін сақ, ғұн, сармат, т.б. тайпалар мекендеген.
Сақтардың бас сүйегі шағын, ми қауашағы
кішірек, беті жалпақтау, көзі ұялы, қабақ
сүйегі шығыңқы, мұрны дәңестеу
болған. Жалпы, сақтардың бет-пішінінде андрондық
тұрпат белгілері бар екендігі байқалады. Дегенмен де
сақтардың бет әлпетінде еуропеоидтік тұрпаттың
көмескілене бастағаны мынадай белгілерден байқалады: бас
сүйектің тұрқы қысқарады, беті
жалпақтана түседі, маңдайы тайкыланады, көз ұясы
шығыңқы бола бастайды.
Монғолоидтік белгі Солтүстік, Шығыс
Қазақстан сақтарында Орталық Қазақстанды
жайлаған сақтарға қарағанда басым болған. Сонымен
қатар Қазақстанның оңтүстік
өңірлері сақтарында да монғолоидтік сипаттар біршама
мол, ал Арал маңын мекендеген сақтарда бұл көрсеткіштер
аздау. Б.з.д. V—III ғасырларда Батыс Қазақстанда өмір сүрген савроматтардың кейбір бас сүйектері Жетісу сақтарынікіне ұқсас, оларда да
монғолоидтік сипат бар. Сақтардың
бет-пішінінде монғолоидтік нышандар пайда болғанымен, еуропеоидтік
нәсілдің белгілері әлі де басым. Ғалымдардың
есептеуінше, сақтардың бет пішінінде монғолоидтік нышандар
басым болды. Сонымен қатар мына мәселеге назар аудару қажет.
Өткен ғасырдың 40—50-жылдарында Қазақстан мен
Орталық Азияға монғолоидтік нәсіл тек ғұндардың осы өңірлерге
енуімен байланыстырылған, ал XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап
Г.Ф.Дебецтің, Т.А.Трофимованың, О.Исмағұловтардың деректері бұл
өңірдің антропологиялық жағынан монғолдануы
ғұндар заманынан бұрын басталғанын көрсетті. Монғолоидтік нәсілді
Қазақстан жеріне әкелушілер Орталық Азиядан
батысқа қарай қоныс аударған монғол тектес,
түркі-монғол тілдес тайпалар еді. Б.з.д. III ғасыр мен б.з.
III ғасырлары аралығында Оңтүстік-шығыс
және Шығыс Қазақстан жерінде көне үйсін
тайпалары өмір сүрді. Жетісу жерінде Сарытоғай, Таңбалытас
қорымдарынан табылған кейбір бас сүйектер нәсілдік тегі
жағынан таза монғолоидтерге ұқсайды. Үйсін
дәуіріне жататын Орталық, Солтүстік, Шығыс
Қазақстан жерінен табылған антропологиялық материалдар
да монғолоидтік нәсілдің бұрынғыдан да
көбейе түскендігін көрсетеді. Тағы бір айта кететін
мәселе, монғолоидтік белгілер ер адамдар бас сүйегінде
кездеседі. Орталық Азиядан Қазақстан жеріне осы кезеңде
келгендер жаулап алушылар болса керек. Ғүндардың
араласуы нәтижесінде жергілікті сақ-үйсін этностың топтардың антропологиясында
монғолоидтік нәсіл белгілері күшейе түсті. Сонымен
ғұн-үйсін заманында қазақ жерін жайлаған
этностық топтардың антропологиялық бет пішінінің
мөлшермен 1/4 бөлігі монғолоидтік болды. Жалпы ғұндар
Қазақстанның ежелгі тайпаларының антропологиялық
тұрпатына ғана емес, сонымен қатар тілінің
түркіленуіне де қатты әсер етті. Өкінішке орай,
Қазақстан жерінде ғұндардың археологиялық
ескерткіштері аз анықталып, нашар зерттелген. Сондықтан
антропологиялық материалдар да жоқтың қасы.Түрік дәуірінің антропологиясы. Қазақстан жерінен табылған
түрік заманының антропологиялық материалы бұл заман
адамдарының тұрпатында еуропеоидтік және монғолоидтік
нәсіл белгілері аралас екендігін көрсетті. Аймақтар бойынша
салыстырсақ, Шығыс Қазақстанды мекендеген
түріктерге қарағанда, Солтүстік Қазақстан жерін мекендеген түріктерде
монғолоидтік нышандар көбірек байқалады. Жетісудан
табылған түрік заманының бас сүйектері де еуропеоидтік
және монғолоидтік нәсілдердің буданы іспеттес, олар
қазіргі қазақтардың тұрпатына жақын.
Басқа аймақтардағы сияқты Жетісу антропологиялық материалдарының ішінде
аса таза еуропеоидтік немесе монғолоидтік түрлер де кездеседі. Түрік заманында Қазақстан
жерін мекендеген халық өзінің алақұлалығымен
ерекшеленеді. Бұрын-соңды Қазақстан жерінде
антропологиялық бет-әлпетінің осыншама
ала-құлалығы кездеспеген. Ерте орта ғасырларда да
шығыстан батысқа қарай қоныс аударған
тайпалардың Қазақстан жеріне соқпай кеткені кемде-кем.
Дегенмен де түрік заманындағы жерімізді жайлаған
халықтың бет әлпетінде сақ, үйсін
адамдарының заңды жалғастығының бар екенін баса
айту керек. Сырттан келіп
қосылған халыктар сонау сақ дәуірінен бері
үздіксіз қалыптасып келе жатқан жергілікті
антропологиялық тұрпатты күрт өзгерткен жоқ, тек
аздап монғолдандырды. Антрополог О.Исмағұловтың
есептеуі бойынша, түрік дәуірінде Қазақстанды
мекендеупгі тайпалардың антропологиялық тұрпаты 20%-ға
монғолданды. Сонымен түркі заманында Қазақстан жерінде
тұрандық-оңтүстік сібірлік нәсілдік тұрпат
қалыптаса бастады. Монғолдар шапқыншылығы
дәуірінде жерімізге азиялық антропологиялық элемент
соңғы рет үлкен толқынмен енді. Монғолдар басып
алған ғасырларда қазақ халқының бет
тшінінде монғолоидтік белгілер айқын байқалған. Тілдік сипаты. Осы
аталған халықтық белгілер, әсіресе этностық,
нәсілдік-генетикалық, мәдени, тілдік қасиеттер
ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Ал этностық
аумақ, этностық сана, халықтық этноним
этногенездің соңғы кезеңіне қарай
қалыптасты. Глоттогенез
бұл қандай ұғым? Ол тілдің шығу тегін
зерттеу деген сөз. Қазақ
тілінің де қалыптасуы — ұзақ глоттогенездік
байланыстың нәтижесі. Қазақстан жерін қола дәуірінде мекендеген
тайпалардың қай тілде сөйлегені
жөнінде нақты дерек жоқ. Көне
түркі жазуын зерттеуші
ғалымдардың пікірі бойынша,
сақ қорғандарынан табылған жазулар
көне түркі руникалық әліпбимен төркіндес. Түркі тілі
Орталық Азияға кейініректе келген тіл емес. Бұл тілдің
арғы төркіні Оңтүстік-батыс Азиядағы б.з.д. ІV—ІІІ-мыңжылдықта
өмір сүрген шумерліктердің тілімен үндесіп жатыр. Тілші
ғалымдардың пікірінше, алғашқы шумер тілінің
ескерткіштерінде көне түркі тіліне тән көптеген
лексикалық сәйкестіктер бар. Шумерліктер мен
түріктердің көптеген мәдени-рухани байланысы бар
екендігін және алғаш рет көне түркі тілдерінің
маманы А.Аманжолов және дарынды ақын, көне тілдерді зерттеуші
ғалым О.Сүлейменов нақты мысалдармен дәлелдеді. О.Сүлейменовтің шумертүркі
тілдері салыстырмасында 60 сөз бар екендігін айтады, соның
кейбіріне ғана тоқталайық:
реті |
Шумер
тілі |
Түркі
тілдері |
1 |
Ада
— әке |
Ата (Ада) —
әке |
2 |
Ана — шеше |
Ана, Апа — шеше |
3 |
Ту —
туу |
Туу — туу |
4 |
Туд — туу |
Туды — туды |
5 |
Тир
— тіршілік |
Тірі, тіршілік |
6 |
Шуба
— бақташы |
Шопан —
бақташы |
7 |
Ру — соғу |
Ұру
— соғу |
8 |
Гаг
— кіргізу |
Қақ,
қағу — кір |
9 |
Таг — тағу |
Тақ,
тағу |
10 |
Заг — жақ |
Жақ |
11 |
Заг-гин —
жақындау |
Жақын |
12 |
Me — мен |
Мен |
13 |
Ане
— анау |
Әне |
14 |
Уш — үш |
Үш |
15 |
Ен — өте |
Ең |
16 |
Кен
— кең |
Кең |
17 |
Узук — ұзын |
Ұзын |
18 |
Уд —
от |
От |
19 |
Дингир —
Құдай, аспан |
Тәңір |
Біз бұл кестеде шумер тілін қазіргі қазақ тілімен
салыстырдық. Ал қазақ тілі
түркі тілдерінің тармағына жатады.
Бұл жерде бір ескерте кететін мәселе,
көне түркі тілі мен кейбір
түркі тілдес халықтардың
қазіргі тілінде шумер тіліне
айтылу үндестігі жағынан да,
мағынасы жағынан да жақын сөздер тіпті
жиірек кездеседі. Сонымен,
шумер-түркі сөздерін осы салыстырудан нені байқаймыз. Біріншіден,
шумер лексикасы түркілердікімен
салыстыруға келеді. Сөздердің
сыртқы үндестігімен қатар ішкі
мағынасында да бірлік бар. Екіншіден,
шумер тілі мен түркі тілдері
бір-бірімен ұзақ уақыт тығыз
қарым-қатынаста, өзара ықпалдастықта
болғандығын көрсетеді. Қазақ тілі
түркі тілдерінің ішінде
қыпшақ тіл тобына
жатады. Бұл топтың ішінде
қыпшақ-ноғай тармағына кіреді.
Осы тіл тармағына қазақ,
қарақалпақ, ноғай тілдері жатады. Қазақ тілі
қазақ этносының негізімен бірге Қыпшақ конфедерациясы
заманында қалыптасты. Халықтың
этностық, аумақтық, саяси жағынан біртұтас
құрылымға айналуы үшін қажетті
алғышарттың бірі — оның дербес мемлекеттілігінің болуы.
Монғолдар жаулап
алғаннан кейін Қазақстан
аумағында пайда болған
мемлекеттердің — әуелі монғол ұлыстарының, содан соң Ақ Орданың,
Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай
ордасының құрылуы — қазақ
мемлекеттілігінің, этностық аумағының
қалыптасуына негіз болды.
Сонымен қатар қазақ руларының
аталған мемлекеттердің құрамында бөлшектенуі
әрі қарай этностық топтасуына да кедергі болды. Қазақ рулары түрлі мемлекеттік
құрылымдарға бөлініп кетсе
де, бір тілде
сөйледі. XIV—XV ғасырларда қазақ тілінің
өзіндік ерекшеліктері қалыптаса бастады. Қазақ халқының
халық болып қалыптасуының
аяқталуы XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың басында
дербес Қазақ хандығының
құрылып, қалыптасуымен байланысты. Сонымен, халық болып
қалыптасудың тағы бір шарты — өз мемлекеттілігінің болуы XV ғасырдың екінші
жартысында іске асты. Қазақ хандығында бұрынғы кезде
басымырақ болып келген рулықтайпалық сана бірте-бірте
әлсіреп, барған сайын қазақ
ұғымындағы ортақ халықтық этностық санаға
ұласты. Сөйтіп, қазақ жері, қазақ елі,
қазақ мемлекеті деген ұғымдар қалыптасты. Этнос
теориясымен айналысушы ғалымдардың пікірінше, этностық
бірлестіктің әр заманда қалыптасатын үш түрі
болады:
Антропология — адам ағзасының белгілі бір географиялық ортада,
белгілі бір уақыт шеңберінде езгеруін, осы
өзгерістердің неден, қалай болатыны заңдылықтарын
зерттейтін ғылым.
Антропологиялық
түр-сипат – адамдардың белгілі бір географиялық аймаққа
бейімделуі, шығу тегіндегі белгілі бір ортақтастығымен
қалыптасатын ұқсастықты нәсіл немесе
антропологиялық түр-сипат деп атайды.
Этнос - (халық, тайпа, жұрт,
ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпі ғана
емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін
қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты
өзінің бірыңғай екенін және басқа
этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар,
оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген
адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір
тұтастығы.
1.Қазақстан тарихы. Очерктер. 123-148-бб.
2.Қазақстан тарихы. Бес томдық.
1-бөлім, 5-6 тараулар.
3. Рысбайұлы К. Қазақстан
Республикасының тарихы, 4-бөлім
4.Шежіре: қазақтың ру тайпалық
құрлымы. А. 1991
5.Шәкәрім. Түрік,
қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. А., 1991.
6. Қазақстан
тарихы: Жалпы білім беретін мектептің
қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы
10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж.
Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.