Б.з.д. 1-мыңжылдықтың басында Орталық Азияны мекендеген тайпалар жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, скифтік мәдениетке ұқсас мәдениетті игеріп, арбалы көлікпен көшіп-қонып жүрді. Ежелгі Қытай жазбаларында Қытайдың солтүстік шығыс жағын мекендеген жундер (цяндар) туралы айтылады. Қытай тарихнамашысы Сыма Цянь (Б.з.д.145-86 жылдары) Орталық Азияны б.з.д. VII-ғасырларда мекендеген Солтүстіктегі көршілерін жундер деп атайды.
Б.з.д. V ғасырдың соңында бұрынғы жундердің орнына Орталық Азияда көшпенділердің күшті бірлестігі – ғұндар (қытайша "сюнну") мен юэчжилер пайда болды. Юэчжилер — шығыс скиф (сақ) тайпаларына
жатады. Олардың құрамында
үйсіндер де болған. Аумағы Тянь-Шаньнан бастап,
Орталық және Батыс Монғолия, Жоңғария,
Алтай
өңірі, Шығыс Түркістанды қамтыды. Орталық Азия
көшпенділері құдіретті тайпа бірлестігіне жатады. Бань Гу юэчжилердің
ғұндардан да күшті болғандығын айта келіп: «Ұлы иузу
елі (үлкен юэчжи) –
түтін саны 400 мың; әскері 100 мың, олар
көшпенді мемлекет, мал жайылымы
жағдайына қарай көшіп-қонып
жүреді, әдет-ғұрпы ғұндарға
ұқсас», - деп көрсетеді. Б.з.д. III ғасырдың соңында олар
Ганьсу провинциясының
оңтүстік-батысын иемденген.
Ғұндардың
соққысынан б.з.д. 174 жылдан кейін батысқа
кеткен юэчжилер Бактрияны бағындырды, кейіннен Бактрия
жерінде Кушан патшалығы пайда болды. Б.з.д. IV ғасырда қытайлықтар өздерінің қарсыластарының
арасында ғұндарды алғаш рет атайды. Ғұндар б.з.д.
III ғасырдың соңы мен II ғасырдың басында 24 тайпалар одағынан тұрған Еуразия кұрлығындагы бірден-бір
ірі мемлекетке айналады. Шығысында Тынық мұхитынан бастап, батысында
Тарбағатай тауларына дейін кең құлаш жайып жатты. Кейбір
зерттеушілер: «Бұл мемлекеттің батыс шекарасы Арал теңізі, кейде Каспий теңізіне дейін жеткен» деген пікірлер айтады. Б.з.д. IV-III ғасырларда ғұндардың жауынгерлік күш-қуатынан сескенген
қытайлықтар олардан қорғану
үшін Ұлы Қытай қорғанын салдырған.
Біздің
заманымызға дейін І мыңжылдықтың ІІ-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты.
Біздің заманымызға дейін ІV-ІІІ ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда
ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды.
Нақты айтқанда, біздің заманымызға дейін 209 жылы бой
көтеріп, біздің заманымыздың 216 жылына дейін өмір
сүрді. Б.з.д. III ғасырдың соңғы
онжылдығында Ғұндар мемлекетін әскери басшы
тәңірқұты (шаньюй) басқарды. Сыма Цянь
ғұндардың күшті тайпа бірлестігі
құрылғандығы туралы былай дейді: «Ол кезде дунхулар (Маньчжурияда мекендеген монғолдардың арғы атасы,
"дун" – шығыс, "ху" – тағы, жабайы деген
мағына береді) әлі де күшті, ал юэчжилер гүлдену
дәуірін басынан өткізуде еді. Ғұндарда Тоуман
тәңірқұты болатын".» Оның екі әйелінен туған екі
тақ мұрагері болған еді. Тоуман екі баласының біреуі Мөдеден
құтылу үшін юэчжилерге аманат ретінде жұмсайды.
Мұны сезген Мөденің юэчжилер арасында жүріп қалай
билікті қайтарып алуға дайындалғандығын дерек
көзі былайша қызықты баяндайды. Деректен
ғұндардың басында юәчжилерге тәуелді
болғандығын, юэчжилерге аманат ретінде
тәңірқұты ұлдарын жіберіп
тұрғандығы байқалады.
Осындай аманатта жүріп, Мөде юэчжилерден қашып шығады. Әскер жинап, қатаң тәртіп енгізіп, билікті басып алады. "Маодунь (Мөде) өз жауынгерлерін
үйрете отырып, оларға өзінің
"ыскыратын жебесін"
(ғұндардың тесігі бар
сүйектен жасалған жебелері) қайда жетсе, сол жаққа
атуға бұйырды. Жүздеген ысқырған жебелер жаудың зәресін
ұшырып, олардың аттарын үркітті... Ол өз қосынындағы оқ
атпағандардың басын шабуға
бұйырды. Сонда ғана барлық жауынгерлер
онымен бірге оқ атуды үйренді. Маодунь уақыттың таянғанын
түсінді".
Осылайша төңкеріс жолымен б.з.д. 209 жылы
Мөде тәңірқұты билік басына келеді.
Ғұндардың жаулап алу соғыстары дунхулардан басталды. Мөде батыстағы юәчжи тайпаларын бағындыру үшін әскери
жорықтар жасады. Ол 203-201 жылдары Саян
Алтайы мен Жоғары Енисей
өзеніндегі ежелгі қырғыз
тайпаларын бағындырып, солтүстік шекарасын кеңейтті. Ендігі негізгі карсыластары – Қытай мен юэчжилер еді.
Ғұндардың
ұзак уақыт бойғы басты қарсыласы — Хань империясы (Қытай) болды. Сол кезде б.з.д. 202 жылы
Қытайда азамат соғысы аяқталып, бір орталыққа біріккен
Хань әулеті билікке келді. Бұл тарихи дерек Ғұндар мемлекетінің күшеюімен
тұстас келді. Өзінің шекарасының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мақсатымен б.з.д. 200 жылы
Қытай империясы ғұндарға
қарсы соғысты өзі бастады.
Алғашқы қақтығыстан кейін
Мөде өз әскерлеріне кейін шегінуге бұйрык береді. Ал Хань әскері жауды
қудалай, ізіне түсіп, негізгі
күштерінен алыстап қол үзіп
қалады. Алдыңғы шепте
императордың өзі де бар еді. Ғұндар шегінуін
тоқтатып, төртке бөлінген атты
әскер бөлімімен тау аңғарында
қытай әскерлерін жан-жақтан қоршауға алады. Жеті күн
қоршауда қалған император ғұндармен келісімшарт
жасауға мәжбүр болады. Ол шарт бойынша,
император қытай ханшасын Мөдеге
әйелдікке беріп, жыл сайын бағалы сыйлықтар (жібек
мата, шарап, күріш) жіберіп
тұруға уәде етеді. Хань императоры Гаоцзудың осы
"тыныштық пен туыстық" туралы
шартқа қол қоюы, оның ғұндардың
күштілігін мойындағандығын көрсетеді. Сөйтіп, 40 жылға
ғұн мен Хань әулеті
арасында тыныштық орнайды.
Мөде билік
жүргізген кезде ғұндар гүлдену дәуірін басынан өткізіп, кемеліне жетті. Халық саны 300 мыңға жетіп жығылды. Байқал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықты алып жатты. Мөденің мұрагері Лаушан (Лаошань)
тәңірқұты тұсында
Ғұн мемлекетінің
құдіреті күшейе
түсті. Бұдан кейінгі ғұндардың
тарихы Шығыс Түркістандағы
аса бай қалалар үшін
Хань империясымен күреске толы болды.
ХІV ғасырда салынған «Ғұндар» атты сурет
Ғұндардың юэчжи тайпасымен күресі
ғұндардың жеңісімен аяқталды. Юэчжилер тек б.з.д. 174—165 жылдары
түпкілікті талқандалды. Нәтижесінде, юэчжилер
Орталық Азияға шегініп,
Әмударияның жоғарғы ағысына жылжиды. Ғұндарға
бағынғандардың арасында
үйсіндер де бар еді. Қытай жазбаларында 36-ға жуык көрші
ұлыстардың бағындырылғандығы айтылған. Мөде б. з.
д. 174 жылы
қайтыс болды. Мөденің баласы Лаушан тұсында юэчжилер тас-талқан
болып жеңіліп, олардың бір бөлігі Жетісуды мекен етті. Жетісудағы
сақтардың бір бөлігі юэчжилердің қысымынан Ферғананы басып өтіп, Парфия, Бактрияға жылжып, келесі бір бөлігі Ауғанстан Солтүстік Үндістанға (Кашмирге) өтіп кетеді. Үлкен юэчжилер Жетісуды 30—40 жыл шамасындай ғана иемдене алды. Кейін Жетісуды
үйсіндер юэчжилерден тартып
алды. Ғұндардың
әскери көмегінің арқасында үйсіндер осылайша Жетісуға
орналасқан болатын. Батысқа қарай
ығыскан юэчжилер Бактрияны
өзіне бағындырады. Олардың енді бір бөлігі үйсіндермен араласты.
Ғұндар
мен Қытай арасында айырбас сауда жүріп тұрды. Бұл,
әсіресе ғұндарға тиімді еді. Б.з.д.
158 жылы
шекарадағы сауда көздерін
кеңейту мақсатында тәңірқұты
Қытайға қарсы соғыс ашты. Б.з.д. 152 жылы
ғұндармен тағы сауда
жөніндегі шартқа қол жеткізеді.
Шекаралық аймақтарда сауда орындары ашылады. Сонымен қатар Гобиден
оңтүстікке қарай жайылымдарды
қайтарып алады.
Б.з.д. 133 жылы ғұн- қытай
соғыстарының жаңа кезеңі басталды. Бұл жолы соғысты қытайлықтар бастады. Әскери қимылдар бұрынғы
ғұн аумағына ауысты.
Соңғы ұрыста 90 мың ғұн әскері талқандалды. Б.з.д. 90-жылдардағы кақтығыстарда 70 мың
қытай әскері ғұн әскерін жеңе алмады.
Өз күшімен ғұндарды жеңе алмайтындығына
көзі жеткен Қытай билеушілері енді 20 жыл үзілістен кейін
басқа көшпелі тайпаларды ғұндарға қарсы
айдап салуға кірісті. Б.з.д. 71 жылы
ғұндар бағындырған елдерді
өз жағына тарта бастады.
Солардың қатарында үйсін билеушісіне
елші жіберіп, некелік байланыстар орнатады. Ғұндар да қарап қалмай,
өз кезегінде үйсін күнбиіне (гуньмосына)
бір қызын береді. Ал
ғұндар мен қытайлыктар арасындағы текетірес
одан әрі жалғаса берді.
Ғұндар енді қытайлықтардың
одақтасы — үйсіндерден кек алуға кіріседі. Үйсіндердегі қытай ханшасы император сарайына хат жолдап, үйсіндерге көмек
беруін талап етеді. Қытайдың 100 мың
атты әскері ғұндарға
қарсы аттанады. Үйсіндердің өзі 50 мың әскер
шығарады. Біріккен үйсін-қытай
күштеріне қарсы тұра алмаған
ғұндардың 39 мың беделді адамдары қолға түсіп, 700 мың малы
жаудың қолында қалды. Бұл ғұндар үшін
орны толмас ауыр соққы болды. Б.з.д. 71 жылы үйсіндерге
қарымта шабуылға шыққан ғұндарға
шығыстан дунхулар, батыстан
үйсіндер шабуыл жасады.
Ғұндар әскері ауыр жеңіліске
ұшырайды. Бүкіл малдарының тең жартысынан
айырылады. Үштен бір
бөлігі ұрыс алаңында қаза табады.
Адамдарының 3/10 бөлігі аштан өледі. Қытай әскерлері де үш
бағытта шабуылдап, мыңдаған
әскерді тұтқынға түсіреді. Қытайлықтар
ғұндарға қарсы көршілерін айдап
салуын жалғастыра берді.
Ғұндардан тартып алған жерге әскери еңбек армияларын
орналастырады.
Б.з.д. 59 жылы
Қытай Батыс өңірді басқаратын
орган құрды. Енді
ғұндардың өз ішінде де іріткі басталып, билікке талас туған еді. Билікке таласудан,
ішкі-сыртқы дағдарыстардан Ғұн мемлекеті
ыдырап, б.з.д. 55 жылы
оңтустік және солтүстік болып екіге бөлінеді.
Хуханье шаньюй бастаған
оңтүстік топ — Қытаймен бейбіт қарым-қатынас
орнатты. Ал Чжи-Чжи бастаған
ғұндардың солтүстік бөлігі Қытайдың
қысымымен батысқа ауады.
Б.з. ІІІ
ғасырдың бірінші жартысында Шығыс Қазақстан мен Жетісуға келген ғұн
тайпалары V ғасырға дейін өмір сүрген Юэбан мемлекетін
құрды. Бұрынғы солтүстік
ғұндардың ұрпақтары болып саналған аталмыш
мемлекет дәстүрлі тәңірқұты атағын
алды. Деректерде юэбандықтардың тілі ежелгі түрік тіліне
жақын болғандығы туралы мәлімет бар.
Ғұндар
және халықтардың орын ауыстыруы. Тарихтағы
"Ұлы қоныс аудару" Орталық Азияның саяси
картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың
ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс
Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген
тайпалардың орын ауыстыруына
әсер етті. Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа
қарай жылжуы б.з.д. II ғасырдан
басталып, б.з. IV ғасырына
дейін созылған. Тарихта
бұл жылжу тек ғұндарға
ғана тән құбылыс емес,
басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл тарихи кұбылысты "Халықтардың
ұлы қоныс аударуы" деп атайды. Әсіресе Қазақстанға үлкен
әсерін тигізді: жергілікті
сақ, юэчжи,
үйсін, қаңлы
сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді. Ғұндар Еділден өтіп, алдарына сармат-аландарды сала отырып, Еуропаға енді.
Енді азиялық
ғұндар Еуропалық жазбаларда "гундер" деп атала бастады. Олар Доннан
Дунайға дейінгі ежелгі
готтарды Дунайдың
арғы жағына ығыстырды. Кейін готтар
(герман тайпалары), остготтар
(шығыс готтар) да ғұндармен
одақтасуға мәжбүр
болды. Ғұндар
Керчь бұғазы арқылы өтіп, Босфор патшалығын талқандады.
Бүкіл Қара теңіз жағалауынан Днестрге дейін аралық
ғұндардың қол астына көшті. 376 жылы
ғұндар Рим империясы шекарасына
тақап келді. V
ғасырдың 30-жылдарында ғұн басшысы Румыния және Венгр жерінде мемлекет
басына келгеннен бастап мемлекет күшейіп,
әлемге әйгілі болды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада
Ғұн мемлекетін құрып, елді
кеңейту мақсатында Рим империясына
қарсы күресті.
Аттила
Рим империясы
әскерлері мен 250 мың Аттила әскерлері арасында Шалон қаласы түбінде шайқас
болды. Ол Рим империясының кейбір аудандарын басып алды. VI ғасырда
Еуропада Аттила бейнесі кескінделген алтын, күміс ақшалар шығарылған. Батыс готтар ғұндармен
бірігіп Ежелгі Рим империясына үлкен қауіп төндірді. Сонымен қатар тайпалардың антропологиялық түс-келбетінің
өзгеруіне әсер ете отырып,
түркі тілінің таралуына ықпал жасады. Түркі тілінің жергілікті диалектісі қалыптасты.
Ғұндардың шаруашылығы
Ғұндарда
мал шаруашылығы жақсы дамыды. Олар үй-жануарларының
барлық түрлерін өсірген. Жазба деректер ғұндар
үйір-үйір жылқы, қора-қора қой
өсіруші еді деп хабарлайды. Оларда егін шаруашылығы да
маңызды роль атқарды. Әсіресе, ғұндар тарыны
өсірген. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде,
егіншіліктің ойдағыдай болғанын білдіретін темір орақ,
шойын тістер, қол диірмендер, тас үккіштер сияқты егін
салуға және оны жинап алуға қажетті құрал
саймандар табылған. Сонымен қатар ғұндар аң
аулаумен айналысқан. Көшпелі мал шаруашылығымен
айналысқан ғұндардың негізгі баспанасы киіз үй
және жартылай жертөбелер болды. Олар үйдің бір
бұрышына салынған ошақтан еден астымен тартылған
кәңмен (труба) жылытылған. Ғұндарда
қолөнер ойдағыдай дамыған. Әсіресе, олардың
шеберлері ыдыс-аяқтар, ұсталары темірден қару-жарақтар
жасаған. Ыдыс-аяқтарды ағаштан, теріден, қыштан,
металдан жасай білген. Ғұндардың қолөнер
кәсібі күшті болғаны соншалықты түрлі
бұйымдар (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан) жасалды. Сауда
дамығандығын жібек маталар,
айналар,
нефриттен істелген
бұйымдар көрсетеді. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Зергерлік өнердегі полихром стилін
дүниеге әкелген. Ат үсті ойындарының негізін
салған. Көктәңіріне табынып, ата-баба рухына сиынған. Ғұн
тайпаларының ішінде атақты зергерлер болған. Ауқатты
адамдардың зираттарынан табылған алтын сырғалар,
жүзіктер, әшекейлеп жасалған белдіктер жасалуы жағынан
сақ тайпаларының әшекей бұйымдарынан бірде-бір кем
түспейтіндігің көрсетеді. Бұйымдарды сәндендіруге
басты бейне есебінде жабайы аңдардың бейнесі қолданған.
Ғұндардың діни-наным, сенімдері ата – бабаның
аруағына сенуі – дүниеге табуныдың дәлелі. Жалпы
ғұн тайпалары пұтқа табынған.
Мемлекеттің
басында ұлы Сенгир (Шаньюй) тұрды. Оның билігі дара
және мұрагерлік болды. Әдетте ол тағын үлкен
ұлына немесе інісіне өсиет етіп қалдырған. Шаньюй
барлық ғұндарға тиесілі жерлер және бүкіл
мемлекет территориясына билік жүргізуге құқылы болды.
Сонымен бірге, Шаньюй ол территорияны сақтауға,
қорғауға міндетті болды. Оның соғыс
жариялауға, бітім жасауға, армияны басқаруға
құқысы болды. Жоғарғы сот билігі де
Шаньюйдің қолында шоғырланды. Ғұн мемлекетінде
Шаньюйден кейінгі екінші орында оның балалары және жақын
туыстары тұрды. Бұдан басқа Шаньюйге түменбасы,
жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құралды.
Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар
мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай
өткізіп отырды. Ғұндарда жақсы
ұйымдастырылған әскер болған. Мұның негізгі
тез жүретін атты әскер болды. Атты әскердің қаруы
садақ пен жебе еді. Олар садақтарының сыртын сүйекпен
қаптаған. Жебелердің екі түрі болған.
Әсіресе, ұшқыр, ауыр ұңғырлы сауыт
бұзар жебені темірден жасаған. Ұзын семсерлері ат
үстінде жүріп соғысуға ыңғайлы болды. Ондай
семсерлер Қазақстанда Ақтөбе Шаушықұм,
Жамантоғай қорымдарынан табылған.
Ғұн
қоғамында патриархаттық – рулық қатынастары
әлі күшті болған еді. Сыма Цянь (б.з.б. 135-67 жж.) «Тарихи
жазбаларда» ғұндардың Левират ғұрпы туралы былай
дейді: «Әкесі мен ағалары өлсе тұқым
құрымасын деп олардың әйелін өздеріне алады,
сондықтан ғұндарда қан араласу болса да,
тұқым құрымайды». (Бичурин Н.Я) Патриархалды-рулық
қарым-қатынастардың белгілері өте күшті
болған. Ғұндар 24 руға
бөлінген. Оларды елағасы — бек биледі.
Әрбір рудың көшіп жүретін өз жері болды.
Жоғары билеушісі "Тәңірқұт "лауазымын
иемденген. Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік
меңгерген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған. Жазба
деректер ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те
қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін
түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен
жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың
құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды. Өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырған. Онда, негізінен, мыналар көзделген:
"Ұрлық жасап, кінәлі болғанның жері алынады, шайқаста жаудың басын шауып алған
немесе оны тұтқынға алған адамға бір кеспек шарап сыйланады, қолға түсірілген олжа соған беріледі,
ал тұтқынға алынғандар соның құлдары
мен күндері етіледі; ұрыс алаңында қаза тапқан
адамның сүйегін кім әкелсе, оның отбасының бүкіл мүлкін сол алады".
Ғұндар өз арасында қылмыс жасап айыпты болғандардың бетін
тілген. Тілінген беттің тыртығы бұрынғы қылмысын
білдіріп тұратындықтан, ондай адамдардың қайта қылмыс жасауға батылы бара бермеген. Себебі, келесі жазаланғанда
өлім жазасына кесілетін. Ғұндар соғыс тұтқындарын құл
қылып, оларды үй қызметшілері, бақташылар,
қолөнершілер және жер жыртушылар ретінде пайдаланған.
Ер азаматтарының барлығы дерлік қатардағы жауынгер саналған. Ғұндар
әскерінің негізі атты әскерден тұрды. Салт атты
жауынгерінің қару-жарағы — садақ, семсер, қанжар, найза, бұғалық (ұры құрық). Алайда, «ғұн державасы»
орасан үлкен, бірақ саяси жағынан батыраңқы,
экономикалық жағынан әлсіз, этникалық жағынан
ала-құла біріккен ел болды. Ішкі қайшылықтар, билік
жүгізу үшін күрес және сыртқы сәтсіздіктер
б.з.б. I ғасырда ғұндар державасының
құлдырауына әкеліп соғып, ол ыдырай бастады. Б.з.б. 59
жылы ғұндардың өз арасында соғыс басталды
Б.з.б. 47 жылы
ғұндар державасы оңтүстік және солтүстік
ғұндар болып бөлінді. Оңтүстіктегі
ғұндар хань империясына бағынды. Ал Чжичжи-шаньюй
бастаған солтүстіктегі ғұндар тәуелсіздігін
сақтап, Солтүстік Монголияға және Шығыс
Түркістанның солтүстік аймақтарында көшіп
қонып жүрді.
Қазақстанның
оңтүстік батыс және Арал бойына Ғұн
тайпаларының келе бастаған екінші толқыны б.з. I ғ.
басталады (93 ж.). Кейбір археологиялық материалдарға
қарақанда олардың ескерткіштері Испания жерінен
табылған. Сондықтан Европа деректемелерінде олар гундар деген атпен
белгілі.
Сонымен
ғұн тайпаларының шығыстан, батысқа қарай
жылжуы б.з.б. I ғ. басталса, б.з. IV ғ. дейін созылған.
Алайда, олардың жылжуы жай ғана жүрген жоқ, олар
бүкіл Евразия және Қазақстан жерінде өмір
сүрген тайпалар мен халықтардың саяси картасына,
этникалық құрамына үлкен өзгерістер
туғызды.
Тарихта бұл
жылжу тек ғұн тайпаларында болып қойған жоқ,
басқа да ірі тайпалармен жаңа құрыла бастаған
халықтардың да жылжуына әсерін тигізген. Бұл тарих
сахнасына «халықтардың ұлы қоныс аудару» мезгілі деген
атпен белгілі . Бұл қоныс аудару Қазақстанға
өзінің үлкен әсерін тигізді. Ол, біріншіден, жергілікті
сақ, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан
батысқа қарай жылжуына немесе орын ауыстыруына әсер етсе,
екіншіден, ол тайпалардың антропологиялық жағының
өзгеруіне әсерін тигізген, үшіншіден, түркі
тілінің таралуына және оның жергілікті диалект болып
орнығып нығаюын күшейтеді. Соңғы екі жағдай
б.з. V ғ. Қазақстанға түркі тайпаларының
жаппай келе бастауы тереңдей түсті.
Ғұндар – б.з.д. V ғасырдың соңында бұрынғы жундердің орнына Орталық
Азияда көшпенділердің күшті бірлестігі – ғұндар (қытайша "сюнну") мен юэчжилер пайда
болды.
Юэчжилер – шығыс скиф (сақ) тайпаларына жатады. Олардың
құрамында үйсіндер де болған. Аумағы Тянь-Шаньнан бастап, Орталық және Батыс Монғолия, Жоңғария, Алтай өңірі, Шығыс Түркістанды қамтыды.
Юэбан мемлекеті – б.з. ІІІ ғасырдың бірінші жартысында
Шығыс Қазақстан мен Жетісуға келген ғұн
тайпалары V ғасырға дейін өмір сүрген Юэбан мемлекетін
кұрды. Бұрынғы солтүстік ғұндардың
ұрпақтары болып саналған аталмыш мемлекет
дәстүрлі тәңірқұты атағын алды.
Қазақстан
тарихы: Жалпы білім беретін мектептің
қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы
10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж.
Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т. б. — Алматы: "Мектеп"
баспасы, 2006.
“Қазақ
Энциклопедиясы”, 5-том
Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2002 ж. Чека Улпиано
(1860-1916), "Ғұндар Еуропада "
Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.