ЖЕТІСУҒА ҰЙҒЫРЛАР МЕН ДҮНГЕНДЕРДІҢ Жетісуға қоныс аударуы
Ұйғыр, дұнғандарды Жетісуға көшіру
Ұйғыр,
дұнғандардың шаруашылығы
Ұйғыр, дұнғандарды Жетісуға көшіру. Жетісу
аумағына жер аудару себептері: Маньчжур-Цин әулетінің өкілдігіне
қарсы 1862 -1877 жылғы ұйғыр, дүнген
халқының азаттық күресі. Сонымен қоса
Қашқар, Үрімші қалаларында дүнгендік одақ басшылық еткен
ұйғыр мемлекетінің құрылуы (Жетішар).
Көтерілістер басылғаннан кейін, ұйғыр, дүнген
халықтарына қысым көрсету күшейе түсті.
Қоныс аударудың негізгі себебі де осыған орай келді. 1881
жылдың күзінен 1884 жылға дейін Жетісу мен Солтүстік
Қырғыз өңіріне алғаш 45 мың
ұйғыр, 5 мыңдай дүнген келді. 1897 жылғы
санаққа қарағанда дүнгендердің саны 14136,
ал ұйғырлар 55999 адамға көбейді.
«Жетісуға
шаруаларды қоныстандырудың Уақытша ережесі»
жасалып, ол 1883 ж. дейін күшінде болды. «Уақытша ереже»
бойынша қоныстандырушыларға бірқатар жеңілдіктер берілді:
әр жанға (ерлерге) 30 десятин мөлшерінде жер берілді, 15
жылға дейін салықтан, басқа да міндеттерден босатылды, 100
сомға дейін несие берілді.
1883 ж.
Жетісу облысының Далалық генерал-губернаторлығының
құрамына енуіне байланысты жергілікті әкімшілік «облыстың
отырықшы халқын жерге орналастыру туралы ережені» жасады.
Жаңа ереже қоныстанушылардың жеңілдіктерін біраз
қысқартты. Енді әр жанға яғни ерлерге 10 десятин
жер беріліп, салықтан тек 3 жылға босатылды, одан кейінгі 3 жыл
бойы жарты мөлшерде салық төлеп отырды. 1886
ж. «Түркістан генерал-губернаторлығын басқару туралы
ереже» жасалды. Бұл құжат бойынша әр ер адам
басына 10 десятин жер беріліп, қоныстанушылар 5 жылға
салықтан босатылды, ал одан кейінгі 5 жыл бойы жарты мөлшерде
салық төледі.
1889 ж. 13
шілдедегі «Селолық тоғышарлар мен мещандардың жеріне өз
еркімен қоныстануы туралы және бұрыннан
қоныстанған топтарды қосып есептеу» туралы арнайы бап іске
асырылды. Мүлік мөлшерін жергілікті үкімет анықтады.
Жетісуға
ұйғырлар мен дүнгендердің қоныстануы. Ұйғырлар
мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы 1881 ж.
күзінде басталып 1884 ж. дейін созылды.
Жетісудан Солтүстік Қырғызстанға 45
мың ұйғыр мен 5 мың дүнген қоныстанды. Олар
бұл жерде қазақтармен, орыс, украиндармен қатар
қоныстанды. Қазіргі Алматы, Талдықорған облыстарының
территориясында ұйғырлар 6 болысқа қоныстанды.
Ұйғырлар егіншілікке ыңғайлы көл
алқаптарына: Талғар, Шырын т.т. орналасты. 1897 ж. жүргізген
есебі бойынша Ресей үкіметінде 14 мың дүнген, 55 мың
ұйғыр болған. Мал шаруашылығымен тек бай
ұйғырлар айналысқан. Көптеген ұйғырлар мен
дүнгендер мал ұстады. Әр ұйғыр түтініне
5-10 десятина жер берді.
Қазақстан
территориясында өмір сүрген барлық халықтар жақсы
көршілік қарым-қатынаста болды. Бір-бірінің
мәдениетімен танысты.
Іле
өлкесін жаулап алу. 60 жылдардың аяғында Қытайдың
Іле жақ өлкесіне Ресей шекарсында Қытайдың
отарлық саясатына қарсы көтеріліс басталды. Патша
үкіметі бұл кезді жаңа отарлық
басқыншылыққа пайдалануды көздеді. 1869 ж. дейін ол Іле
өлкесіндегі оқиғаларға байланысты ақырын күтуде
еді, бірақ 1871 ж. ол территорияға қарулы шабуыл жасайды.
Осындай
оймен, патша үкіметі Құлжа өлкесін басып алуды
көздеді, өйткені ол Жоңғария мен
Қашқарияның маңызды стратегиялық позициясы еді.
Қытайдың шекаралық облыстарын басып алу туралы шешім 1971 ж.
10 ақпанынан 2 мамырға дейін болған ерекше жиындарда
қабылданды, онда Құлжа өлкесінің маңызды
стратегиялық рөлі көрсетілді.
Әскери
қимылды бастауға 1870 ж. аяғында қызай руынан
шыққан қазақтардың Құлжаға
көшпек болғандығы сылтау болды. Қызай руының болысы
прапорщик Тазабектің 1871 ж. сәуірде Құлжаға
қашып кетуі, Іле сұлтанының белгіленген мерзімде
қашқынды бермеуі генерал Колпаковскийдің шекара күзетін
күшейтіп, ерекше отрядты жіберуге мәжбүр етті.
1871 ж. 19
маусымда орыс әскері Суйдуннан 5-6 шақырым жерде Абдурахман
қазынашы басқарған сұлтан аттылармен кездесті. Екі
сағаттық атыстан соң сұлтан әскері шегініп, орыс
әскері Сейдун қорғанына жақындады. Генерал Калпаковский:
«Қалаға беріліңдер» - деді. Біраз келіссөзден кейін
ұсыныс қабылданды. Бұл жеңіліс сұлтан мен
оның әскерлерінің рухын түсірді. 1871 ж. 21 маусымда
Баяндайға жетпей-ақ сұлтанның елшілері генерал
Колпаковскийді қарсы алып, оған сұлтанның
келіссөзге келу туралы өтінішін жеткізді. Кешкісін сұлтан
Алихан Абылұлы өз қарамағындағылармен орыс
лагеріне келді. Келесі күні орыс әскері Құлжаны алып,
қару-жарақ белгіленген офицерге тапсырылады деп келісілді. 22
маусымда әскер Құлжаға келіп бақтың біріне
орналасады. Сұлтан оған қаланың
кілтін, азық-түлік пен қару қорын берді.
Іле
өлкесінің территориясына орыс әскерлері енуімен қатар,
ол Жетісу генерал-губернаторлығының әкімшілігіне
бағынышты болды. Орыс әкімшілігінің 1-ші
шарасы құлдықтың жойылғандығы
туралы хабар болды. Орыс әкімшілігінің бақылауымен жергілікті
басқару ұйымдастырылды. Соған қарамастан, Ресей
Құлжада бекіне алмады. Қытай үкіметі мұсылмандар
көтерілісін басып, орыс әскерін Іле өлкесінен шығартты.
Ұзақ жүргізілген келіссөздерден кейін патша
үкіметі бұл аймақты қайтадан Қытай
үкіметіне қайтарды.
1881 ж. 24
ақпанда Петербор келісім-шарты жасалды, оның үшінші бабында
былай делінген: Іле өлкесінің тұрғындарының
тұрғылықты жерінде Қытай қол астында
қалуына немесе Ресей жеріне қоныстанып, Ресей қол астында
тұруына құқы бар. «Қытай үкіметі
олардың көшуіне, мал-мүлкін алып шығуына ешқандай
бөгет жасамайды». Ұйғыр, дүнген шаруаларын Ресейге
қоныстандыра отырып, патша үкіметі екі мақсатты
көздеді:
Біріншіден,
Қытайдың Құлжадағы экономикалық базасын
әлсірету;
Екіншіден,
қоныстанушыларды Қытайға қарсы әскери күш
ретінде пайдалану;
Ұйғырлар
Қытай үкіметіне қарсы көтеріліске қатысқаны
үшін құғындауынан қашып қоныс
аударуға мүдделі болды.
Ұйғырлардың
негізгі бөлігін Шелек, Іле, Түрген өзендерінің
суландырылмаған жағаларындағы жерлерге
қоныстандырмақ ой болды. 1882 ж. аяғында Жетісуда 5000
ұйғыр, дүнген отбасылары болды. Мамырдың аяғында
6549 қоныстанушылар отбасы орнығып тұрды. 1882 ж. жазында
жиын-терін мезгілі болғандықтан уақытша қоныстану
тоқтатылды, ал күзде қайта жалғастырылды.
Ұйғырларды қоныстандыру негізінен 1882 ж. күзі мен 1883
ж. көктемінде аяқталды. Бірақ, кейбір жекелей
топтар жаңа орынға 1884 жылдың басына дейін созылып жатты.
Осы кезеңде 453773 тұрғыны бар Жетісуда 9572
ұйғыр отбасы болды, Іле өлкесінде 2665 отбасы қалды.
Ұйғыр,
дұнғандардың шаруашылығы. Қайта құрылған болыстыққа Іле
өлкесінде сайланған болыстарды қойды. Басқару
жүйесінде ақсақалдар, (старшындар), қазылар
«судьялар», онбасы мен елубасы атты
билік өкілдері де болды. Қоныстанушы ұйғырлар
үйлерін өзендер мен көлдердің жағасына салып,
дуалмен қоршады. Тау етегіне егіншілікке неғұрлым
қолайлы жерлерге орналасты. Егістік жерлерді суландыру мақстатында
бұрынғы ескі арықтарды жөндеді, жаңа арық –
каналдар қазды, тіпті кейбір арық-каналдардың
ұзындығы 40 шақырымға дейін жетті. Олар
көкөніс, дәнді-дақылдар өсірумен айналысты.
Әр түрлі дақыл түрлерін салды. Дәнді-дақылдар
арасында сұлының, арпаның, бидайдың және
тарының үлесі көбірек болды. Суы мол жерлерде күріш
және майлы дақылдар (қара сора, кендір, қыша) егілді.
Жоңышқа, бау-бақша, жібек құртын өсірумен
айналысты. Мал шаруашылығы қосалқы кәсіп сипатында
болды. Жұмыс көлігі ретінде өгіз, жылқы, есек
ұстады. Сыртқа барып жұмыс істеуге, жүк тасу
кәсібімен көбірек айналысты. Ұйғырлар
алып-сатарлықпен біршама мөлшерде айналысты. Верныйдан Ташкентке
товар алып барып сатты. Қолөнер шаруашылығымен де етік
тігумен, темір ұсталығымен, зергерлікпен сабын қайнатумен,
түрлі кәсіпшілікпен айналысты. ХХ ғасыр басында
ұйғырлардың су диірмендері, темір ұстаханалары мен май
шайқайтын, былғары жасайтын, тон тігетін және тері илейтін шағын
зауыттары болды. Бай ұйғырдың бірі Жаркент болысында
тұратын Уәли ахун Юлдашев
болды. Ол өзі ғана 10 мың десятина жерді жалға ала
алатын. Сонымен қоса ол астық саудасын өз монополиясына
айналдырып үлгерді. У.А.Юлдашев Англиядан алдырған пороходын Іле
өзеніне алғашқылардың бірі болып жүргізді.
Әр елді мекеннің өз сауда базарлары, мешіттері болды. Олар гүлденген жерлерімен,
бау-бақшаларымен қоса малдарын да тастап кетті. Олар көп
жағдайда мұқтаждық көрді, отбасын
қамтамасыз ете алмады, ауыл шаруашылық өнімдерін тез игеріп
әкете алмады. Дүнген халқының бір бөлігі
қайыршылық халге ұшырады. 1914 жылы барлық
дүнген
шаруашылықтарының 42
пайызы егін сала алған жоқ. Қайыршыланып қалаға
көшіп кеткен дүнгендер өздерінің алғашқы
орналасқан жеріндегі болыстарға алым-салық төлеуге
міндетті болды. Келе-келе дүнгендер де егін егумен, жеміс-жидек
өсірумен айналыса бастады. Дүнгендерде де мал өсіру
қосалқы сипатта болды. Дүнгендердің бірқатарында
май шайқайтын, күріш кептіретін, сіркесу дайындайтын
кәсіпорындары болды. Олардың арасынан да өз көпестері
шықты. 1905 жылы Жаркенттің өзінде ғана 167 дүнген көпесі болды.
Ұйғырлар
мен дүнгендердің мәдениетін зерттеумен Ш.Уәлиханов, Н.М.Пржевальский,
В.И.Роборовский біршама бай мағлұматтар жиыстырды. Дүнгендердің
қытай иероглифін және араб алфавитін пайдаланды. Ғажайып
ертегілері, сатиралық әзіл әңгімелері мен ертегілері
көбінесе кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыстары
жөніндегі мағлұматтарға арналған болатын. Ұйғыр
ақындары шығармаларында да 1916 жылдардағы
оқиғалар көрініс тапты.
Ұйғырлар
мен Дүнгендер Қазақстанға өздерінің материалдық,
рухани мәдениеттері, өзіндік ерекшеліг бар шаруашылық
кәсібімен келді. Бұлар мұсылман дінін ұстанды. Дегенмен
де, ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударып келуі
қазақтарға да жер мәселесінде қиыншылықтар
туғызды.
1.
Қазақстан тарихы. Көне заман бүгінге дейін. 5
томдық. Алматы, 2010, 3-том
2.
Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан
тарихы. Алматы, 2005.
3. История
Казахстана (с древнейщих времен до наших дней). Алматы, 2001.
4. История
Қазахстана. Курс лекций /Под. Ред.
Ж.Касымбаева, Алматы, 2001.
5. Новая и
новейшая история Казахстана. Алматы, 2004.
6.
Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы
(оқулық). Алматы. 2005.
7. Мусин Ч.
Қазақстан тарихы .(оқулық) 2008.
8. Аманжолов
К.Р.Қазақстан тарихы. (дәрістер курсы) Алматы, 2004; осы
авторТүркі
халықтарының тарихы, Алматы,1988.
9.
Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. М., 1957.
10.
Бекмаханов Е.Б. ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы
Қазақстан. А.,1992.
11. Абылай
хан. Алматы, 1992.
12. Кенжалие
И. Исатай-Махамбет. Алматы, 1991.
13.
Қасымбаев Ж.К. Кенесары хан.Алматы,1993.
14. Анчиков
Г.В. Қазақ батыры- Жанқожа Нұрмұхамедұлы.
Алматы, 1992.
15.
Касымбаев Ж.К. О некоторых вопросах истории национально-освободительного
движения в Казахстаневторой половины ХІХ века . Ташкент, 1989. 16. Асфендияров
С. Қазақстан тарихының очерктері. А., 1994.
16. Ерофеева
И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. А.,1999.
17. Зиманов
С.З. Народно-освободительноевосстание под предводительством Исатая Тайманова. В
кн. История Казахской ССР, т.3. А., 1979.
18. Касымбаев Ж.К. Государственные деятели
казахских ханств (ХVІІІ век). Алматы, Білім, 1999.
19. Казахско
– русские отношения в ХVІІ-ХVІІІ веках. А., 1961.