ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙДІҢ 1905-1907 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕВОЛЮЦИЯ КЕЗІНДЕ.

ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНЫҢ КҮШЕЮІ

 

Патша өкіметінің отарлау саясатының күшеюі

Аграрлық қозғалыс

Қолданылған әдебиеттер

 

Патша өкіметінің отарлау саясатының күшеюі. Отарлық ұлт аудандарының қарсылықтар көрсетуіне әсер еткен оқиға 1905 жылғы 9- қаңтардағы Санкт–Петербургтегі «Қанды жексенбі» Ресейдің ішкері  бөлігіндегі патша жазалаушыларымен болған қақтығыстар. Осы жағдайлар қазақ шаруаларының  көтерілуіне  себепші болды. Олардың бой көтеруі жергілікті халықтың жерін тартып алуға деген қарсылықтың көрінісі еді. Көзі ашық қазақ зиялылары қазан айының 17-де жарияланған патша   манифесінің жұртты  алдау екенін әшкереледі.

Қазақ  орыс еңбекшілерінің біріккен интернационалдық бой көрсетуінің ең басты оқиғасы Успен кенішіндегі оқиға. Кен өндірісінің 360 жұмысшысы қатынасқан, қазақ және орыс жұмысшыларының 12 күнге созылған ереуілі болды.

Жұмысшы қозғалысының басталуы, қазақ шаруалары қозғалысының күшеюі. Ұлт азаттық қозғалыстағы қазақ интеллигенциясының рөлі.  Социал-демократиялық және кадеттік топтардың дағдарысы.

XX ғасырдың басында Қазақстанда Ресей империясының отаршылдық езгісі күшейе түсті. Патша үкіметі бір халықты екіншісіне айдап сала отырып, ұлт мәдениетінің дамуын тежеді. Елде таптық қайшылық шиеленісе түсті.

Басталған  соғыс, оның империалистик сипаты және орыс әскерлерінің жеңілісі  өлке халқы арасында патшалық режимге наразылық пен ашу-ызаның онан сайын өршуіне әкеп соқты. «Туркістан ведомосы» газетінде былай деп жазды: «Бізге Перовскіден жергілікті қазақтар соғысы өте көңіл бөлуде және ол туралы таралып жүрген сыбыстарға құлшына құлақ түруде»  - деп хабарлауда.

Петербурте басталып, басқа қалаларға таралған оқиғалардың Қазақстанға кешеуілдеп жетуіне әсер етті. Петербург оқиғасын қолдап ұйымшылдықпен қарсы шыға алмаса да, Ташкентте, Омбы мен Верныйда, Перовск, Шалқарда, Түркістанда наразылық митингілері мен шерулер болды. Экономикалық сипатта болған жалпы ресейлік қаңтар-ақпан бас көтеруіне, өздерінің жолдастарын тартқан теміржолшылар ерекше белсенділік танытты. Бұл баскөтеруге Орал, Перовск, Түркістан, Шалқар және басқа станциялардың темір жол шеберханалары мен деполарының жұмысшылары белсене қатысты. 1905 жылы Қазан айындағы Бүкілресейлік ереуілдің әсерімен Қазақстан қалаларында Шалқарда, Қостанайда Верныйда, Оралда т.б. жерлерде демонстрациялар мен бой көрсетулер «Патша самодержавиясы жойылсын», «Бостандық жасасын» деген ұрандармен өтті.

Ел ішінде революцияның күшті өрлеуінен қорыққан патша үкіметі қазанның 17-де манифест шығарды, онда халыққа «азаматтықтың мызғымас негіздерін» - адамның жеке басының бостандығын беруге уәде етті. Большевиктер партиясы манифесті патша үкіметінің халықты алдамақшы болған айла-шарғысы деп қабылдады. Ресейдегі саяси партиялар мен топтар бұл манифесті әртүрлі қабылдады.

Қазақстаның барлық қалаларын 17 қазандағы манифестке арналған саяси шерулер, митингілер мен жиналыстар толқыны жайлады. Перовскідегі, Оралдағы, Қарқаралыдағы, Повлодардағы манифестациялар неғұрлым ірі болды. Оларды орыстар арасынан да, қазақтар арасынан да шыққан жергілікті зиялылар ұйымдастырды. Бұл күндері Оралда Б.Қаратаев пен Ж.Сейдалин, Қарқаралыда А.Байтұрсынов және Ж.Ақбаев, т.б. ерекше белсенділік көрсетті. 1905 жылы 15 қарашадағы Қарқаралыдағы Ж.Ақбаев бастаған демонстрацияға жұмысшылар, қоныс аударған шаруалармен бірге осы уездің ауылдары мен болыстарынан келген салт атты қазақ жігіттерінің үлкен тобы қатысты. Кейіннен Қарқаралы оқиғасының басшылары қуғанға ұшырады, Ж.Ақбаев Якутияға жер аударылды.

Ереуілшілер «орыс-қазақ Одағын» құрды. Оны Петр Топорнин,  Владимир Мартылога, қазақ жұмышылары Әкімжан Байшағыров, Ысқақ Қасқабаев және басқалары басқарды. Ұйымдасқан түрде болған Ускен (Нілді)  кеніші баскөтерушілерінің кейбір талаптары қанағаттандырды: жалақыны көтерді, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді, азық-түлік бағасын төмендетті және т.б. Бірақ ереуіл аяқталғанан кейін, оның ұйымдастырушыларын жазалау басталды.

1905 жылдың қараша айында Верныйда Зырянова мен Овсяной баспаханалары жұмысшыларының митингілері, қарашаның 16-29-да Верный қаласының байланысшылары ереуіл жасады. Сонымен қатар қарашаның 16-26 дейін 10 күнге созылған Семей қаласынның почта-телеграф қызметкерлерінің еруілі болды. Облыстық әкімшілік облыс орталығында тәртіпті қалпына келтіру үшін Қарқаралыдан асығыс түрде әскер шақырды. Революцияның   толқыны әскер бөлімдерін де қамтыды. Қазаның 30-нан қарашаның 21-не дейін    Жаркент горнизонының солдаттары арасында толқу болды. Қарашаның 6-7-де Верныйдағы 4-ші Батыс-Сібір батальонының солдаттары офицерге бағынудан бас тартты.

1906 жылдың жазы мен күзінде, сондай-ақ 1907 ж.  басында темір жол станциялары жекелеген саяси акциялар өткізді. Мысалы, 1906 ж. шілдеде Қазалыда, тамызда Петропавл, Ақтөбе станциясында, 1907 жылдың көктемінде Оралдың өлкедегі басқа қалалардың оқу орындарында оқушыларының толқулары болды. Осы жылы Верный қаласында да жұмысшылар, оқушылар, ұсақ қызметшілер, шаруалар барлығы 4000-дай адам қатысқан, қызыл жалау көтеріп, революциялық әндер шырқалып және т.б. көп ұлтты шерулер болды. Ресейдегі сияқты Қазақстанда да 1906-1907жж. революциялық күштердің, әсіресе жұмысшы қозғалыстары қарсыласа отырып шегінгенін көрсетті.

Аграрлық қозғалыс. Революция жылдарында Қазақстанда аграрлық қозғалыс әлсіз болғанымен де, ол Жетісу, Ақмола, Семей облыстарында біршама ұйымдасқан түрде болды. Қазақ шаруалары мен қоныс аударушы шаруалар әлі де кулактардың және қазақ әскерлері үстем табының егістерін, шабындық және жайылымдық алқаптарын таптап тастаумен, малдарын айдап әкетумен, сондай-ақ күш-көлігі міндеткерлігі міндетін орындаудан, өсімақылар төлеуден бас тартумен, әкімшілік өкілдерін сабаумен шектелді. Семей облысы Павлодар уезінде қазақ шаруалары ірі феодал Шормановтың ауылына шабуыл жасап, оның табындарын айдап әкеткен. Қазақ шаруалары қауымдық жерлерді иеленіп алған, ірі жер  иелеріне қарсы шықты, Сібір қазан әскері мен Алтай кенді округінің жерлерін тиімсіз жалға алу шарттарын қайта қарауды және т.б. талап етті.

Қоянды жәрмеңкесінде болған қазақтар съезі бастап берген ’’петициялық’’ науқан бел алды. Патша атына қабылданған петицияларда Қазақстанда арнайы мұсылман дін басқармасын ұйымдастыру, мешіттер салу, дін мектептерін ашу. Меккеге қажылыққа бару үшін шетелдік төлқұжат беру және т.б. талаптар қойды. Бұл қазақтар күресінің ерекшелік деген үндеуін ерекше атап өту керек. Онда патша үкіметінің отар-
шылдық саясатының қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл еңбекші Ресей үшін де, апатқа соқ- терінің бірі болды. Қазақ шаруаларының орыс халқына ’’Қазақтардан-орыстарға’’ тыратыны атап көрсетілген. Аграрлық толқулар Сырдария облысының Әулиеата және Шымкент уездерін, Орал және Торғай облыстарының барлық уездерін дерлік қамтыды.

Қазақ шаруаларының бірінші орыс революциясы жылдарындағы аграрлық қозғалысы, оның ұлт-азаттық күресімен ұштасты. Қазақ шаруалары жер, су үшін, Ресейдің өзге халықтарының бәрімен тең саяси құқтар үшін, бостандық пен тәуелсіздік үшін күресті.

Атбасарда 1896 жылы Оралдан келген аудандағы жұмысшы А.Д.Ушаков ұйымдастырған үйірме тұңғыш Маркстік үйірме болып есептеледі.

XX ғасырдың басында Ақмола, Петропавл, Орал, Костанайда, Семейде, Верныйда т.б. қалаларда маркстік үйірмелер пайда болды. Ақмоладағы үйірмені ұйымдастырған айдаудағы жұмысшылар В.Невзоров пен П.Н.Топорнин, Верныйда жергілікті гимназияның жоғарғы сынып оқушылары арасында да осындай үйірмелер пайда болды. Олар қалада революциялық әдебиеттер, үндеухаттар, прокламациялар және т.б. таратты. 1904 жылы Омбы кадет  корпусында оқып жүрген жас В.В.Куйбышев Көкшетауда маркстік үйірме ұйымдастырады. Қазалы мен Түркістанда да социал-демократиялық топтар құрылды. Петропавл ұйымында-147, Орал ұйымында-150 адам болды.

Өлкеде кәсіподақтар қозғалысы да кең тарады. Оларда алғашқылардың  бірі болып темір жолшылардың кәсіподағы құрылды. Ең ірісі - Орынбор-Ташкент  теміржолшыларының кәсіподағы болды. 1906 жылы адам саны 6 мыңға жетті. Қазақстан бойынша бірінші орыс революциясы жылдарында теміржолшыларды қоспағанда, жұмысшылар мен қызметкерлердің 20-25 кәсіподағы жұмыс істеді. 1905-07ж. революция жылдары ұлттық-демократиялық қозғалыс өкілдері қазақ енбекшілерінің мүдделерін қорғап, талаптарын түсіндіруде аянбай күрес жүргізді. Олар Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Б. Қаратаев, Ж. Ақбаев, М.Тынышбаев, М.Дулатов және басқалары. 1906 жылдың желтоқсанында Оралда бес облыстан (Жетісудан басқа) қазақ халқы делегаттарының съезі шақырылып, Ресей конституциялық-демократиялық партиясының бөлімшесін құруға әрекет жасалады. 1906 жылы ақпанда Семейде қазақтардың екінші  съезі болды, кадеттерге жақын бағдарламаны мақұлдады және мынандай талаптар енгізілді: өлкеге шаруалардың қоныс аударуын тоқтату,  Қазақстанның барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану, ұлттық мектептер ашу т.б.

Бұл жылдары қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы діни күрес нысанында ие болды, оның барысында Қазақстанда арнайы мұсылман діни басқармасын ұйымдастыру, мешіттер салу, діни мектептер ашу, қазақ тіліндегі мектептерде ислам дінін уағыздау, діни ұйымдар пайда болып, петитциялар ұйымдастырды. 1905ж. тамызда Нижний Новгородта бүкілресейлік мұсылмандар съезі шақырылып, онда Қазақстан дінбасшыларының өкілдері де қатысты. Съезд  «Бүкілресейлік мұсылман Одағын» құрды. Патша үкіметі Ресейдің, соның ішінде Қазақстанның да мұсылман қауымына бірқатар жеңілдіктер жасады.

Ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ интелегенциясының рөлі. Қазақстан халқының саяси санасының өсуіне Мемлекеттік Думаға сайлау жүргізу айтарлықтай рөл атқарды. Сайлау кезінде партиялардың сайлаушы дауысын алу күресі кеңінен өрістеді. Өлкенің орыс халқы саны басым облыстарында социал-демократар мен еңбек партиясының өкілдерінің, ал қазақ халқының арасында либерал демократиялық ұлт интеллигенциясының ықпалы басым болды. Думаға сайлау кезінде ұлттық шет аймақтар халқының да құқтарына қысым жасалынды, Мемлекеттік Думаға орыс тілін білмейтін және т.б. ’’бұратана’’ сайлана алмады. I Мемлекеттік Думаға (1906 ж. 8 шілдеде таратылды) Қазақстаннан 9 депутат, қазақ халқынан 4 депутат: Ә.Бөкейханов, А.Бірімжанов, А.Қалменов, Б.Құлманов сайланды. 5 депутат орыс халқынан болды. I Мемлекетік Думада А.Бірімжанов аграрлық  мәселе бойынша пікірлер айтты.

Саяси топтардың, партиялардың арасында өзара талас, патша үкіметіне қарсы күрес, әсіресе екінші Мемлекеттік Думаға сайлау кезінде ерекше көзге түсті. Әртүрлі саяси топтардан сайланған депутаттар, олар: Ақмола облысынан сайланған большевик – А.Виноградов, Торғай облысындағы социал-демократ, эсерлер, большевик тобының өкілі – И.И.Космодаминский. Жетісу облысынан  еңбекшілер тобының өкілі. Қазан университетін бітірген – М.Гаврилов. Семей облысынан  социал-демократ, көрнекті зерттеуші – Н.А.Коншин. Сырдария облысынан еңбек партиясының өкілі – еңбекші Колендзян өтті. Жетісу қазақ әскерінен Я.Н.Егошкин, Сібір казак әскерінен И.П.Лаптев. Патша үкіметінің заңына сәйкес «түземдік» халық арасынан сайланған Ақмола облысынан мұсылмандық жүйені сақтап қалуда ерекше еңбек сіңірген Ш.Қосшығұлов. Жетісудан -  федералист М.Тынышбаев . Оралдан - кадет А.Бірімжанов. Семейден – ауқатты топтан шыққан   Х.Д.Нүрекенов.

II Мемлекетік Думада Қазақстаннан 14 депутат сайланды, сонын ішінде қазақ халқынан 6 депутат болды. Олар: молда Ш.Қошығұлов - Ақмола облысынан, би Х.Нұрекенов - Семей облысынан, адвокат Б.Каратаев - Орал облысынан, сот тергеушісі А. Бірімжанов - Торғай облысынан, Т.Аллабергенов - Сырдария облысынан, қатынас жолдары инженері М.Тынышбаев-Жетісу облысынан. Орыс халқынан 8 депутат, әскери дәрігер А.Қ.Виноградов (социал-демократ) - Верный қаласынан сайланды және т.б.

Қазақ халқынан сайланған II Мемлекеттік Думаның депутатттары кадеттерге қосылды және мұсылман фракциясына кірді. Олар Ресейдің басқа «ұлтшылдарымен» бірлесіп шет аймақтарға шаруаларды қоныс аудартуды тоқтатуды талап етті. II Мемлекетік Думаны патша үкіметі қуып таратты.

Революция жеңіліске ұшырады. 1905 – 1907 жж. Ресей  революциясының қазақ жеріндегі жеңіліс табуының басты себептері: жұмысшылар табының әсіресе қазақ жұмысшылар санының аздығы, қазақ ауылдарының көптеген қалалық орталықтарда болып жатқан оқиғалардан тыс қалуы, күресті ұйымдастырудағы ұлттық-демократиялық топтардың тәжрибесінің жеткіліксіздігі.

1905-1907 жж. революцияның Қаазақстанның кейінгі саяси қоғамдық дамуына әсері үлкен болды, болашақтағы патша үкіметінің отаршыл саясатына  қарсы күресті ұйымдастыруда тәжрибе жинақталды. 1905 жылы патша үкіметінің 9-қаңтардағы қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл халықтың ашу-ызасын туғызды. Қазақтың белгілі ақыны,   этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап, «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Жұмысшы табы енді ғана қалыптасып келе жатқан болатын. Оның үстіне, шет аймақтың ұлттық ерекшелігі де тежеуші әсерін тигізбей тұра алмады. Патшалық самодержавие мұнда еуропалық ұлт өкілдерінің ат  төбеліндей аз жұмысшылары мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына  от тастап, оларды бір-біріне қарсы қоюға тырысып бақты.

1905 жылғы қараша айында Орал қаласында теміржолшылардың қазақ жеріндегі ең алғашқы кәсіподағы құрылды. Оның басы-қасында болып тікелей басқарғандар: Н.Смуров, Н.А.Покатилов және Н.И.Ульянов сияқты жұмысшылар еді. Теміржолшылардың ең ірі кәсіподағы Орынбор-Ташкент теміржолында құрылды. 1906 жылы оған 6 мыңдай адам мүше болды.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1. Қазақстан тарихы. Көне заман бүгінге дейін. 5 томдық. Алматы, 2010, 3-том

2. Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы. Алматы, 2005.

3. История Казахстана (с древнейщих времен до наших дней). Алматы, 2001.

4. История Қазахстана. Курс лекций /Под. Ред. Ж.Касымбаева, Алматы, 2001.

5. Новая и новейшая история Казахстана. Алматы, 2004.

6. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы (оқулық). Алматы. 2005.

7. Мусин Ч. Қазақстан тарихы .(оқулық) 2008.

8. Аманжолов К.Р.Қазақстан тарихы. (дәрістер курсы) Алматы, 2004; осы авторТүркі            халықтарының тарихы, Алматы,1988.

9. Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. М., 1957.

10. Бекмаханов Е.Б. ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан. А.,1992.

11. Абылай хан. Алматы, 1992.

12. Кенжалие И. Исатай-Махамбет. Алматы, 1991.

13. Қасымбаев Ж.К. Кенесары хан.Алматы,1993.

14. Анчиков Г.В. Қазақ батыры- Жанқожа Нұрмұхамедұлы. Алматы, 1992.

15. Касымбаев Ж.К. О некоторых вопросах истории национально-освободительного движения в Казахстаневторой половины ХІХ века . Ташкент, 1989. 16. Асфендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. А., 1994.

16. Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. А.,1999.

17. Зиманов С.З. Народно-освободительноевосстание под предводительством Исатая Тайманова. В кн. История Казахской ССР, т.3. А., 1979.

18.  Касымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств (ХVІІІ век). Алматы, Білім,  1999.

19. Казахско – русские отношения в ХVІІ-ХVІІІ веках. А., 1961.