«ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан»

XX ғасырдың басындағы халық ағарту ісі

 

Ыбырай Алтынсарин - жаңашыл педагог, қоғам қайраткері. Мектептер мен медреселер

Қазақстанның ғылыми зерттелуі

Қолданылған әдебиеттер

 

Ыбырай Алтынсарин - жаңашыл педагог, қоғам қайраткері. Мектептер мен медреселер. Қазақ жерінің Ресейге қосылуы өлкенің әлеуметтік-экономикалық даму барысына әсер етіп қана қоймай, білім беру, ағарту саласының дамуына да әсер етті. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ даласында жергілікті ұлт өкілдерін оқытатын Еуропалық мектептер болған жоқ, 1841 ж. мұндай мектеп тек Бөкей Ордасында ғана ашылды. 1850 ж. Орынбор шекаралық комиссиясында арнайы қазақ балаларына арналған жетіжылдық мектеп ашылды, онда отарлық аппараттың төменгі органдарына арналған тілмаштар мен жазу ісімен айналысатындарды дайындады. Бүкіл Орынбор өлкесінен мұнда 30 оқушы қабылданды, оның ішінде Ы.Алтынсарин да болды. XIX ғасырдың екінші жартысында қалалық училищелер, гимназиялар, орыс-қазақ училищелері мен мектептері, ауылдық мектептер және алғашқы сауат ашу мектептері ашылды. Бұл оқу мекемелері мемлекет қаржысына құрылып, алғашқы білім беру мекемелерінің рөлін атқарды. Бөкей Ордасында жоғары класс мектептері ашылды. Мұндай мектептерде негізінен екі кластық училищелерді бітірген және мұғалімдік семинарияларда мұғалімдік атаққа сынақ тапсырған, сауатты қазақтар дәріс бере алатын болды. 1898 жылдан 1914 жылға дейін Қазақстандағы бастауыш мектептер саны 730-дан 1988-ге дейін, оқушылар саны 29,1 мыңнан 101 мыңға адамға дейін жетті.1857 ж. Орынбор мектебі типтес мектеп Омбы облыстық басқармасында да ашылды. Мұнда негізінен тілмаштар даярланды. Қазақстанда халықтық бастауыш мектептерін ашу XIX ғасырдың 60 жылдарында басталды және ол Ы.Алтынсариннің есімімен байланысты болды.

Алтынсарыұлы Ыбырай (Ибраһим, 1841-1889 жж.) - қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері Қостанай облысы. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі (1850). Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет аткаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857-1859 жж.) Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгіленеді. Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.Ұстаздық-ағартушылык қызметке коса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868-1874 жж.), Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876-1879 жж.) қызметін атқарады. Ыбырай өздігінен әлемдік әдебиет классиктері – Шекспирдің, Гет, Байрон, Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Фирдоуси, Низами, Навои т.б. шығармаларымен оқып танысты.     

1867-1868 жж. реформа енгізілгеннен кейін мұндай мектептер Қазақстанның әртүрлі өлкелерінде ашыла бастады. 1868 - 1869 жж. Орал облысында 24 орыс-қазақ мектептері болды, оның ішінде  екі класстық, 6 ауылдық, бір  класстық, 14 жоғары класстық және 2 жеке меншік училище болды.Қазақстанда бастауыш халықтық  мектептердің ашылуы Ы.Алтынсариннің атымен байланысты. 1867-1868 жж. реформалар енгізілгеннен кейін қазақ өлкесінің әр аймақтарында осындай мектептер ашыла бастады. Бірақ бұл мектептерді ашуда патша үкіметі қазақ балаларын жазуға және орыс тілін үйретіп тілмаштар дайындау мақсатын көздеді. Қазақ жастарын оқыту, қазақ интеллигенциясының шығуына, ұлт-азаттық көтеріліске әкеп соғады деп қорықты.Білім беру ісіндегі маңызды қадамдардың бірі - қыздар білімін дамыту болды.

Ы.Алтынсариннің зор еңбегінің нәтижесінде 1887 ж. Ырғызда қазақ қыздары училищесі, ал 1890-1896 жж. Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақ поселкесінде, Ақтөбеде орыс-қазақ  қыздар училищелері  ашылды.1896 ж. оларда 210 қыздар оқып, оның ішінде 70 қазақ қыздары оқыды. XIX ғасырдың 70 жылдарынан бастап өлкеде оқу округтері пайда болды. Орынбор оқу округінің қарауында – Орал және Торғай облыстары, Батыс-Сібір оқу округіне – Ақмола, Семей облыстары, Түркістан оқу округіне – Сырдария және Жетісу облыстары кірді.

Қазақстанның ғылыми зерттелуі. Қазақстанға шығыстанушы ғалымдар, географтар мен саяхатшылар келіп, тарихшылар зерттей бастады. Өз зерттеулерімен өлкені тануға П.П.Семенов-Тянь-Шанский, Н.А.Северцев, И.В.Мушкетов, В.В.Радлов т.б. үлкен үлестерін қосты. Білім мен мәдениеттің дамуына алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясы зор үлес қосты. Қазақстан Орыс географиялық қоғамы бөлімшесінің зерттеу объектісіне арналды. Мұнда мәдени-ағарту мекемелері мен статистикалық комитеттер жұмыс істеді, өлкелік мұражайлар ашылып, ежелгі ескерткіштер, халық ауыз әдебиеті зерттеліп, орыс-қазақ мектептері және кітапханалар ашыла бастады. Ұлы Абай Құнанбайұлы Семей облыстық статистикалық комитетінің белді мүшелерінің бірі болды. Қазақ даласында тұңғыш кітапханалардың ішінде ерекше көзге түскен 1883 ж. ашылған Семейдегі қоғамдық кітапхана. Алғашында 260 томнан тұратын кітапхана жыл сайын өсіп, қоғамдық өмірдің орталығына айналды. Осы қалаға жер аударылған А.Блек, Е.П.Михаэлис, П.Лобановский, С.С.Гросс, А.Құнанбайұлы кітапханаға құнды басылымдарды жинауға атсалысты. Оңтүстік Қазақстанды зерттеу орталығы Ташкенттің ғылыми мекемелері болды. Бұл өлкені ғылыми тұрғыдан зерттеумен халықшылдар П.И.Пашино, Г.С.Загряжский, Д.Иванов, Г.Усов, И.Гейер т.б. айналысты. Семей облысында 1872 ж. 68 оқу орны болды, ал 1900 ж. олардың саны 114 жетті. Бірақ бұл мектептерге жергілікті ұлт өкілдері аз тартылды, облыстағы мектеп жасындағы 61 668 баланың, 5% мектептерге тартылды.Патша үкіметі бұл мектептерді ашуда - қазақ жастарын орысша сауаттылыққа ғана тартып, алғашқы біліммен шектеу саясатын ұстанды. Қазақ балаларының орта оқу орындарына тартылуына шектеу қойылды. Өйткені олар ұлттық интеллигенцияның өсіп-жетілуінен, ұлттық сананың өсуінен, қазақ халқының отарлық саясатқа қарсы ұлт-азаттық көтерілісінен қорықты.XIX ғасырдың аяғында әлемдік өркениеттің ықпалымен Ресей қосып алған Шығыс жерлеріне деген терең қызығушылық байқалды. Қазақстанға ғалымдар, географтар мен саяхатшылар, шығыстанушылар, тарихшылар келіп, Қазақстанды зерттей бастады.

П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, Н.А.Северцев, И.В.Мүшкетов, В.В.Радлов т.б. өз зерттеулерімен қазақ өлкесін танып білуде зор үлестерін қосты. Қазақстанды Орыс географиялық қоғамының бөлімшелері зерттеп, мұнда мәдени-ағарту мекемелері мен статистикалық комиттер жұмыс істеді, өлкелік мұражайлар ашылып, ежелгі ескерткіштер, халық ауыз әдебиеті және тарихи заңдары, оның ішінде қазақтардың құқықтары зерттеліп, орыс-қазақ мектептері мен кітапханалар ашылды. Ауқатты қазақтар өз балаларына екі білім беруге тырысты. Балаларын алдымен жергілікті медреселерде оқытса, кейін орталықтарға Омбыдағы, Орынбордағы кадет корпустарына жіберіп Европалық білім берді. Осындай ортадан - Ш.Ш.Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин бастаған қазақтың ағартушы ғалымдары жетіліп шықты.

XIX ғасырдың 70 жылдарынан бастап өлкеде оқу округтері пайда болды. Орынбор оқу округінің қарауында – Орал және Торғай облыстары, Батыс-Сібір оқу округіне – Ақмола, Семей облыстары, Түркістан оқу округіне – Сырдария және Жетісу облыстары кірді.

Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен қамтамасыз етеді. Әсіресе, елдің көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін енгізуге ұсыныс жасайды. Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, колөнер кәсіпшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мәні, маңызы зор болды. Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. "Қазақ хрестоматиясы" атты оқулық, "Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы" атты дидактикалық оку құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отансүйгіштікке, еңбекке, кісілікке тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес. Ыбырай тек оқу-ағарту жұмыстары ғана емес, сонымен бірге, сол кездегі қоғамдық-саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті.

Ы. Алтынсариннің оқу ісін жолға қоюда терең із қалдырған жарқын істерінің бірі – қолөнершілік, ауыл шаруашылық мектептерді ұйымдастыруы. Жергілікті жастар арасынан қолөнершілік, ауыл шаруашылық және басқа да мамандықтар бойынша білгір адамдар даярлаудағы ағартушының қызметі зор. Өсиетінде өзіне қарасты жерді Торғай қаласындағы ауыл шаруашылық мектебінің қарамағына қалдырған шешімі де әр салалық мектептердің жұмысын жолға  қоюға ерекше мән бергендігін көрсетеді.

Ы. Алтынсариннің ұлы педагог, жаңашыл ағартушы ғана болып қойған жоқ, сонымен қатар, кейінгі ұрпаққа мұра қалдырған ғалым-этнограф. Ол, әсіресе, қазақ халқының әдет-ғұрыпына зор мән берді. Рулық-партриархаттық тұрмыстағы жағымсыз қылықтарды мейлінше әжуалаған ағартушы, мазмұны өткір шығармаларында әділетсіздікті мейілінше сынады.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. Көне заман бүгінге дейін. 5 томдық. Алматы, 2010, 3-том

2. Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы. Алматы, 2005.

3. История Казахстана (с древнейщих времен до наших дней). Алматы, 2001.

4. История Қазахстана. Курс лекций /Под. Ред. Ж.Касымбаева, Алматы, 2001.

5. Новая и новейшая история Казахстана. Алматы, 2004.

6. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы (оқулық). Алматы. 2005.

7. Мусин Ч. Қазақстан тарихы .(оқулық) 2008.

8. Аманжолов К.Р.Қазақстан тарихы. (дәрістер курсы) Алматы, 2004; осы авторТүркі            халықтарының тарихы, Алматы,1988.

9. Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. М., 1957.

10. Бекмаханов Е.Б. ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан. А.,1992.

11. Абылай хан. Алматы, 1992.

12. Кенжалие И. Исатай-Махамбет. Алматы, 1991.

13. Қасымбаев Ж.К. Кенесары хан.Алматы,1993.

14. Анчиков Г.В. Қазақ батыры- Жанқожа Нұрмұхамедұлы. Алматы, 1992.

15. Касымбаев Ж.К. О некоторых вопросах истории национально-освободительного движения в Казахстаневторой половины ХІХ века . Ташкент, 1989. 16. Асфендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. А., 1994.

16. Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. А.,1999.

17. Зиманов С.З. Народно-освободительноевосстание под предводительством Исатая Тайманова. В кн. История Казахской ССР, т.3. А., 1979.

18.  Касымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств (ХVІІІ век). Алматы, Білім,  1999.

19. Казахско – русские отношения в ХVІІ-ХVІІІ веках. А., 1961.