Қазақтың дәстүрлі шаруашылығы. Мәдениеттің дамуы. Ұлттық мерекелері және ұлттық ойындары. Қазақ халқының салт-дәстүрлері

 

Қазақтың дәстүрлі шаруашылығы

Мәдениетінің дамуы

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Ұлттық мерекелері және ұлттық ойындары

Қолданылған әдебиеттер

 

Қазақтың дәстүрлі шаруашылығы. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда қазақтардың негізгі дәстүрлі шаруашылығы мал және егіншілік қазақтың күнкөрісінің көзі болды. Шаруашылықтың қосымша қосалқы түрі аңшылық пен балықшылық болды. Балықшылық пен аңшылықты негізінен кедейлер кәсіп етті. Аңшылықпен бай адамдар да айналысқан, бірақ олар үшін бұл кәсіп емес , саят   құрудың көңіл көтерудің түрі болған. Сыр, Ертіс, Еділ, Жайық сияқты үлкен өзендердің, Каспий, Арал теңізі, Балқаш, Алакөл,  Зайсан сияқты көлдердің маңайында тіршілік еткен қазақтар ертеден –ақ балықшылықты кәсіп еткен. Қаазақ жерінде балықшылық  Ресеймен экономикалық қатынастар күшейген кезеңде орыс шаруаларымен  жақын араласқан ХІХ ғасырда біршама дамыды. Әсіерсе Еділ, Жайық, Ертіс өзендерінде, Шалқар, Имантау,  Зайсан көлдерінде, Сырдың төменгі ағысы мен Арал бойындағы қазақ балықшы-  лары балықты орыстарға сату үшін дайындады. Үлкен өзендер мен көлдердің маңайын жайлаған қазақтардың арасындағы кедейлері көбінесе балықшылықпен айналысты. Қатты жұттан кейін шаруашылығы күйзелген орта шаруалар шаруашылығы қайта түзеліп кеткенше балықшылықпен айналысуға  мәжбүр болды.

  Қазақта аңшылық ертеден-ақ таралған. Қазақ үшін бұл әрі өнер,  әрі кәсіп болды. Құс салып, ит жүгірту ауқатты адамдар үшін өнердің, ұлттық спорттың бір түрі болса, ал кедей шаруа үшін бұл күнкөрістің қосымша көзі болды. Біразы  сондықтан да   егіншілікке көшті. Көптеген аймақтарда суарылмайтын жыртпалы егіншілік пайда болды. Егіншіліктің бұл түрінің  тіпті орталыық, солтүстік аймақтарда таралуына орыс шаруа қоныс аударушыларының әсері болмай қойған жоқ. Ал Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда орыс қоныс аударушылары жергілікті қазақтардан суармалы егіншілікті үйренді. Қазақтарда ерте кезден-ақ суармалы егіншілік түрі дамыды. Оның екі түрі болған.  Бірі – көктемгі таситын өзендердің жағасындағы жайылымдар құрғаған соң, соның орнына егін егу түрі. Мұны егіншіліктің қайырлы түрі деп атайды. Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань тау жүйесінің етектері, Тарбағатай, Алтайдан шашырап ағатын үлкенді-кішілі өзен бұлақтардың бойында осындай егіншілік түрлері көбірек дамыған. Ғылымда егіншіліктің лимандық әдісі деп аталатын егін егудің осы түрімен тіпті Арал бойында, Үстіртте, Мұғалжар тауларында , Ұлытауда да айналысқан. Сайлардың етегіне қолдан бөгет жасап көктемгі қар суын тоқтатқан, су тартылысымен орнына егін еккен. Көктемдегі өзен суларының тасуына байланысты үлкенді-кішілі  көлдердің де аумағы кеңейіп, одан соң суы қайтқан көл жағалауларына да егін егу дәстүрі болған. Егіншіліктің екінші түрі – қолдан суару жүйесі болған. Бұл түрі Оңтүстік, Шығыс Қазақстан, Жетісу жерлерінде кең тараған. Жоңғар, Іле  Алатауларынан,  Талас, Тарбағатай,  Алтай,  Қаратау, Мұғалжар тауларынан ағып шығатын егістік жерлерге су шығарған, Тіпті Нұра, Сарысу, Торғай, Жем сияқты жазықтық өзендері жағасында  егіншіліктің осындай  түрі болған. Мұндай қолдан жасалған ірі су жүйелері  Сыр бойында Шиелі тоғанының негізгі арнасының ұзындығы 25 шақырым,  ал осы өзеннен бастау алатын Сарқырама, Дәуренөзек, Шіркейлі салаларымен қосқандағы тоғандардың ұзындығы 120, 600 шақырымға дейін барған.                                             Сонымен қоса шығырмен суаратын, кәріздік әдістерді де пайдаланған. Кәріз (кияриз) бұл өзара жер астымен байланысып жатқан көптеген құдықтардан тұратын су жүйесі.

Егілетін  дақыл түрлері. ХІХ ғасырдың аяғында қазақтар өсірген   негізгі дақылдар бидай, тары, арпа,  сұлы, күріш, жүгері болды. (бұл жерде карта бар) тек Шымкент пен Перовс  уезінде мақта екті, ал Вер-ный уезінде  темекі өсірумен де айналысты, Оңтүстік аймақтарда бақшалық дақылдар – қауын қапбыз, асқабақ, пияз, сәбіз, картоп, қияр өсірді. Картоп пен қиярды орыс деревняларымен қатар отырған қазақтар көбірек салды. Сонымен қатар Оңтүстік аймақтар мен Жетісуда алма, шие, өрік, қараөрік өсірілді, кебір қазақтар жүзім де өсірді. Ақ және қызыл  бидай өсірілді.Қоныс аударып келген орыстар-мен бірге қазақ арасында бидайддаың кубанка, полтавка, синеуска сорттары  да тарай бастады.

Мәдениетінің дамуы. Мәдениет -  (латын тілінен өңдеу, тәрбие, білім, даму, құрметтеу) материалдық және рухани құндылықтар жасаушы адамдардың күнделікті өміірі мен қызметінің түрлері мен формаларында көрініс беретін адам мен қоғам дамуының белгілі бір тарихи сатысы. Мәдениет ол көп қырлы, ал оның көрінісі шексіз. Мәдениеттің көп қыр-лылығы оны түсіну үшін жасалған талпыныстар мен оның анықтамаларының әр түрлілігінде көрініс тапқан.Қазақтар, ең алдымен, баршаға қонақжайлылығымен танымал. Қазақ қонақжайлылығы тұрмыс пен салттағы ерекшеліктерден, наным – сенім, ырым-тыйымдардан туындаған қоршаған орта, адамдардың арасындағы қарым-қатынас жөніндегі дүниетанымның негізінде қалыптасқан. Қазақтың бес нәрсеге асық бол дейтінінің бірі – қонақ күтудің, яғни, қонақ келсе «Қырықтың бірі қыдыр», « Мыңның бірі Уәлі»,- деп көңілін тауып, ас-су беріп, ықылас- батасын алып, аттандыруды меңзейді.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Ежелгі салт бойынша сырт адам келе жатқанын көрген үйдегі ересек балалар алдынан шығып, атын ұстап, қолтығынан демеп аттан түсірген. Ауыл сыртынан келген адам дыбыстап белгі бермей, кімнің үйі, ауылы екенін сұрамай аттан түспеген. Қонақасы сый адамға ғана емес оның мінген атына да жасалғанын Х ғасырдан жеткен төмендегі деректе былайша баяндалады: Қонақ келсе, күт алмағын тынышын, Тойсын аты – бер жем-шөбін, сұлысын... Қазақ үйге келіп босаға аттаған адамды дәм ауыз тигізбей шығармаған. Халықта әріден келе жатқан салттың бірі ерулік беру. Ол жаңа көшіп келген адамдарды туған-туыстары, көршілері ағайындары арнайы дастарханға шақырып ерулік береді. Осы арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ұлттық салт-дәстүріміздің ішінде қазақтық мейрамдарымыздың бірқымызмұрын- дық. Қымызмұрындық дегеніміз – ел жайлауға шыққанда жазғытұрым аталып өтетін қымыз тойы. Қазақта қымызмұрындық әр түрлі аталады.. Жетісу, Батыс Қазақстанда қымызмұрындық, Сарыарқада биемұрындық, Шыңжанда биебау, Монголияда бие байлар т.с.с., бірақ бәрәнәң мағнасы бір. Қытымыр қвстан жүдеп-жадап шыққан көшпенді ел жаз жайлауға шығып, жадырап, сағынған сүйікті сусынын, бүкіл халық болып ішіп, нағыз мейрамға айналдыратын. Жалпы ұлттық сипаты жағынан қымызмұрындық Наурыз мерекесі мен құрбан айттан бірде-бір кем түспейді. Қазақта « шашу» - қуаныш пен шаттықта құт-береке молынан болуын ырымдап жасайтын салт, «Сүйінші» жақсы, қуанышты хабарды алдвмен, бірінші болып жеткізген адамның алатын сый-кәдесі. Бұл жақсы жаңалықты алыстан «сүйінші, сүйінші» деп жұртқа естірте айқайлап келіп, жақсы хабарды естушіден айайлап келіп, жақсы хабарды естушіден не беретінін сұрап барып, айтып жататын әзәл-қалжыңға негізделген тамаша қалжыңның бірі. Сонымен қатар сөз болып отырған кезеңде қазақтарда отбасы мен некеге байланысты сонву ежелден кележатқан бірегей әдет-ғұрыптар менг салт-дәстүрлері болатын. Басқа халықтар сияқты қазақтарда да екі адамның ерлі-зайыпты бас қосуы туралы көне түсінік бар. Халық түсінігі бойынша өмірде үш нәрсен» болжау мүмкін емес: ол – кімді алатынын, бвлвның кім болып туатыны және қашан өлетінін. Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел.  Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі елекендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», деген. Демек, салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғырлы берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан-ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен , өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым,, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім, сал-сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған. Батыр жазушы Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысы жвлдарында: «Мен өзімнің ұрыстағы тәжрибемнен солдаттың басында жауыегерлік қасиетті тәрбиелеуде халықтардың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің  маңызы зор екеніне көзім жетті», деп жазды. Олай болса, әдет-ғұрып – қазақ халқының мызғымас заңы деп қабылдаған жөн.

Дана халықтың өзі жасаған осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасында ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп,айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді.

Некеге тұрар кезде белгілі дәрежеде шектеулер қойылады. Мысалы, қазақта ежелгі салт-дәстүр бойынша туыс-тумалардың арасында жетінші буынға дейін некелесуге тыйым салынады. Осыған байланысты әрбір қазақ өзінің жеті атасына дейінгі шежіресін білуге тиісті болды. Соның арқасында ғасырлар бойы ата-тек тарихы айна-қатесіз сақталып келеді. Бұл дәстүр қазақ арасында бүгінгі күнге дейін сақталып отвр, өйткені өзіңнің шығу тегіңді білмеу  надандық, тексіздік болып саналады. Дүниеге келген жас нәрестеге оның құлағына азан шақырылып ат қойылатын.

Қазақ халқының ұлы данышпаны Абай: «Баламды медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын, шен алсын деп беомедім», - деп айтқан. Қазақ халқы балаларын тек үйретіп қана қоймай, белгілі адамдардың, би шешендердің, ақын жыраулардың өзін көрсетіп, сөзін тыңдатқан. Молда алдына апарып, тіл сындыртқан, араб тілін үйреткен.

Әр бала ата-бабамыздың өнегелі тағылымдарын басшылыққа ала отырып, тек ғылым негіздерін алып қоймай, тұрмыс түйткілдерін, шаруа сырлары мен тәсілдерін білуі керек болған.

Ұлттық мерекелері және ұлттық ойындары. Сонымен қатар қазақта ұлттық ойын түрлері де өз салт дәстүріміз шеңберінде дамыған. Олардың түрлері: Бәйге, қыз қуу, көкпар, аударыспақ, күрес, асық ойыны, тоғыз құмалақ, бүркітші т.с.с. Бүркітші бұл Құс салып, саятшылық құру үлкен мәртебе саналады. Егер еуропалықтар сұңқар салумен көп айналысса, Орталық Азия көшпенділері бүркіт пен қаршыға және сұңқардың ондаған түрін аңшылыққа пайдаланады. «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» - деп тегін айтылмаған.

Той-думан мерекелердің де өзіндік ерекшеліктері бар. Олар: Айтыс, Наурыз, Қызыр – баба, Алтыбақан, Ораза айт пен құрбан айт.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. Көне заман бүгінге дейін. 5 томдық. Алматы, 2010, 3-том

2. Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы. Алматы, 2005.

3. История Казахстана (с древнейщих времен до наших дней). Алматы, 2001.

4. История Қазахстана. Курс лекций /Под. Ред. Ж.Касымбаева, Алматы, 2001.

5. Новая и новейшая история Казахстана. Алматы, 2004.

6. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы (оқулық). Алматы. 2005.

7. Мусин Ч. Қазақстан тарихы .(оқулық) 2008.

8. Аманжолов К.Р.Қазақстан тарихы. (дәрістер курсы) Алматы, 2004; осы авторТүркі            халықтарының тарихы, Алматы,1988.

9. Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. М., 1957.

10. Бекмаханов Е.Б. ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан. А.,1992.

11. Абылай хан. Алматы, 1992.

12. Кенжалие И. Исатай-Махамбет. Алматы, 1991.

13. Қасымбаев Ж.К. Кенесары хан.Алматы,1993.

14. Анчиков Г.В. Қазақ батыры- Жанқожа Нұрмұхамедұлы. Алматы, 1992.

15. Касымбаев Ж.К. О некоторых вопросах истории национально-освободительного движения в Казахстаневторой половины ХІХ века . Ташкент, 1989. 16. Асфендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. А., 1994.

16. Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. А.,1999.

17. Зиманов С.З. Народно-освободительноевосстание под предводительством Исатая Тайманова. В кн. История Казахской ССР, т.3. А., 1979.

18.  Касымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств (ХVІІІ век). Алматы, Білім,  1999.

19. Казахско – русские отношения в ХVІІ-ХVІІІ веках. А., 1961.