Жанқожа
Нұрмұхамедов бастаған
Сырдария қазақтарының көтерілісі
Көтерілістің
себептері, барысы. Орыс әскерлерінің Хиуаға жорығы. Қоқан
хандығы ұстаған бағыт
Патша
әскерлерінің Ақмешітті алуы. Қазақтардың
Қоқан бектерінің үстемдігіне қарсы күресі
Есет
Көтібаров бастаған көтеріліс
Көтерілістің
жеңілу себептері
Қолданылған
әдебиеттер
Көтерілістің себептері, барысы. Орыс
әскерлерінің Хиуаға жорығы.Қоқан
хандығы ұстаған бағыт. ХІХ ғасырдың
ортасында Қазақстанның бірсыпыра аудандарында
экономиканың өскендігі байқалды. Бұл жалпыресейлік
рынокқа кірумен байланысты болатын. Бұл кезде
Қазақстандағы саяси жағдай тұрақсыз болды.
Сыр бойында өмір сүріп жатқан қазақтардың жағдайы
ауыр болумен қатар, Ресейдің Сырдарияның
оңтүстігін және Оңтүстік Қазақстанды
отарлай бастауы, Сыр өңіріндегі Хиуа хандықтарының
өктемдігі олардың өздерінің саяси ықпалын
күшейтуге тырысты. Бұл жағдай осы өңірдегі
қазақтардың наразылығын туғызып, Жанқожа
Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістің
шығуына әкелді. Өйткені Хиуа ханының ұлы
Мұхамед-Рақым Аллахұлдың Жаңадария мен
Қуандария аудандарында көптеген қамалдар
тұрғызуына орай, 1843 ж. өзінде-ак
Жанқожа Нұрмұхамедов Қуандарядағы Хиуа бекінісін
қиратып, 1845 ж. көктемінде киратылған бекіністі
қалпына келтіруге жіберілген 2000 адамға жуық хиуалық
отрядты талқандады. Хиуалықтарға қарсы күресте
Жанқожа өзгеше стратегия қолданып, қамалға шабуыл
жасап, оны қиратты. Оның әскерімен Жаңақала
бекінісі алынды. 1847 және 1848 жылдары ол Райым бекінісі
маңындағы хиуалықтарға тойтарыс беруде орыс
әскерлеріне бірнеше рет жәрдем берді. Жанқожа Кенесары
көтерілісіне де қатысты. (кейін, шынында бүл
қозғалыстан кетеді) және Кенесарымен бірге
Созақтағы хиуалықтар бекінісін талқандады.
1849 ж.
Райым қамалына Орынбор казактарының алғашқы отбасылары
қоныс аударды. 1857 ж. таман 3000-ға жуық қазақ
отбасылары өздері тұрған орындардан жүретін жері
жөне егін суаратын суы жоқ жерлерге қуылды. Бір жағынан
хиуалықтардың езгісі, екінші жағынан — жерсіз қалу
кішкентай шекті руының егінші қазақтарын ашық
көтеріліске алып келді. Көтерілісшілер өздерінің
апатына басты себепші Қазалы форты деп ойлады. Отаршылдық езгіге
қарсы Жанқожа Нұрмұахмедовтың
көшбасшылығымен Арал өңірінің
қазақтары көтерілді. Олар: улкен шекті жөне
кішкене шекті болып екіге
бөлінетін шекті руынан шыққандар еді. Бірінші басшы
Жанқожа Нұрмұхамедов, ал екінші Есет Көтібаров. Сөйтіп,
көтерілістің басшысы Жанқожа
Нұрмұхамедов (1770—1860 жж.) болды. Ол
қарапайым еңбекшілер арасында беделді және мақсатты
батыр деген даңқты иеленді. Жанқожа, болашақ шекті
руының басшысы егінші қазақтардың күшті
отарлық езгіге тап болғанын байқады. Сондықтан
көтерілістің басты
мәселелерінің бірі жер туралы болды.
Патша әскерлерінің Ақмешітті алуы.
Қазақтардың Қоқан бектерінің
үстемдігіне қарсы күресі.
Ақмешітті (1853 ж.) алған соң казактар мен қоныс
аударғандарды орналастыру үшін қазақ
жұртының иеленуінен алынған үлкен алаңдарды
межелеп бөліп беру мақсатымен Сырдария әскери шебі
қүрылды. Қазақ жұртының өзіне үй басы салығы салынды.
Бүдан басқа, сондай-ақ көптеген міндеткерліктер - жолды
күту, көпірлер салу, күре жолдардағы арықтарды
тазарту, көлік-арба міндеткерлігі талабы бойынша жүмысқа түйелер бөлуі,
қамал қүрылысына адамдар бөлуі және
құрылыс материалдарын тасуға мал берулері керек болды.
1856 ж.
патша әскерлері мен көтерілісшілер арасында тікелей әскери
әрекеттер басталды. Бұрын Жанқожа Хиуалықтармен
күрескен орыс әскери командованиясымен одақтас болса, ал
қазіргі орыстардың Сырдария мен оның салаларындағы
аудандарды отарлауына қарсы шыққан белсенді күрескерге
айналды.
Көтерілісшілерге
қарсы форттағы Михайлов отряды әрекет жасады. Майор
Булатовтың көшбасшылығымен патша әскерінің
тағы бір отряды көтеріліске қатысушылардың лагерін
атқылады. Күрес ауыспалы басымдылықпен жүрді.
Ақмешіттен портқа генерал-майор Фитингофтың отряды жіберілді.
1857 ж. 9 қаңтарда
Арықбалық
шатқалындағы көтеріліске қатысушылар мен
Фитингоф отрядының арасында шешуші шайқас болып өтті. Нәижесінде
Жанқожаның 5000-ға тарта қарулы салт аттылары
болғанымен, көтерілісшіер жеңіліс тапты. Шайқастан соң
Фитингоф көтерілісшілердің ізіне түсіп, оларды Хиуа
хандығы Сырдарияның оң жағалауына өтуге
өтуге мәжбүрледі. Жанқожа өзіне Хиуаханы
Бұхардан немесе Қоқаннан одақтастар табуға
тырысты, бірақ ол мұны жасай алмады. Жанқожа отряды
ауыл-ауылды аралып, тұрғындардың малдарын тартып алды.
Қазақтар арасында аштық
басталып, көптеген адамдар өлді.
Арал
өңірі қазақтарының көтерілісі шамалы
жерлерді қамтыған халық қимылы болды. Оған
әр түрлі руларға жататын, қазақтардың
едәуір бөлігі катысты.
Патша
үкіметінің әскери әкімшілігі Жанқожа Нұрмұхамедұлының
көзін жою үшін арнаулы жазалаушы әскер жіберді. 1860 жылы
жазалаушы әскер Қызылқұмның ішіндегі
Жанқара көлінің басында отырған Жанқожа батырдың
ауылын қоршауға алды. Қанды шайқастың барысында
80 – нен асқан Жанқожа батыр
жазалаушылардың оғынан қаза болды.
Есет Көтібаров бастаған көтеріліс. XIX
ғ. 50-жылдары орыс отаршылдығына қарсы Есет Көтібаров
белсенді күрес жүргіді. Ол Арал теңізіне қарай
жылжыған ресейлік әскерге күшті қарсылық
көрсетті. Есет Көтібаров (1807—1888 жж.) Көтібар
батырдың ұрпағы болатын. Ол тек қана өз руы
үлкен шектінің арасында емес, сондай-ақ көрші
қазақ рулары адай, табын, шөмекей, төртқара,
кішкене шекті рулар арасында да үлкен беделге ие болды. 1838 ж. Есет
Көтібар Жоламан батырмен бірге орыстардың Елек қамалына
шабуыл жасап, ал 1847—1848 жж. Жанқожа Нұрмұхамедұлы
мен бірлесіп Сырдарияның төменгі бөлігіндегі Хиуалық
және Қоқандық жаулап алушыларға қарсы
күрес жүргізді.
Есет
Көтібарұлы хиуалықтарға қарсы күресте
Жанқожа Нұрмұхамедовқа бірнеше рет көмек
көрсетті. Ол аз дегендей Хиуалық хан Жанқожадан тек
сүлтандардың ғана емес, сондай-ақ батырлардың
қолымен де құтылуға тырысты. Әрине, халық
батыры, Жанқожаның туысы Есет Көтібарұлы Хиуа
ханының арандатуына көнген жоқ, керісінше, Хиуалық
басқыншыларға қарсы күресте Жанқожаға
барынша көмектесті.
Орынбор
билеушілері қайткен күнде де Есетті қолға
түсіріп, оған патша үкіметін мойындауға
мөжбүрлеуді алдарына мақсат етіп қойды. Жазалаушылар
Арал теңізінің оңтүстік-батыс жағалауында
тұратын көтеріліске қатысушылар мен бейбіт
тұрғындарды қатал жазалады. Орынбор генерал-губернаторы
көтерілісшілерді басу үшін жазалаушы отрядтарды бірінен соң
бірін жіберіп жатты. Бірақ Есет Борсық құмдары мен
Үстіртке ауылдар мен ауыр жүктерді дер кезінде жіберіп
үлгірді. Даламен жылжып келе жатқан өзінің жігіттерін
ол екі топқа бөліп, орыс керуендеріне шабуыл жасап және
жазалаушы отрядтармен ұрысқа араласты. 1847 жылдың жазында
Жем өзенінің бойында Есет батыр патша үкіметінің
жазалаушы әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасады.
Орыс жазалаушы
отрядтары Есет Көтібарұлы құрамындағы бірнеше
руларды талқандап, материалдық байлықтарын тартып алып, малдарын
айдап кетті. Есет бәрібір Орынборлық ведомствоның жазалаушы
күштерімен күресті жалғастырды. Патша әкімшілігі Есет
батырды қолға түсіру мақсатымен бірнеше рет жазалаушы
әскер жіберді. Сонда да Есет батыр өз елінің жер
жағдайын жақсы білетін ол жазалаушы отрядты адастырып, таптырмай
кетіп жүрді.
1855
жылы ол отаршыл әкімшіліктің қолшоқпары билеуші-сұлтан
Арслан Жантөреұлын өлтірді. Патша үкіметінің
сауда керуендері мен
бекініс-қамалдарына шабуыл жасаумен болды. Есет батыр тарапынан
Хиуамен әскери одақ құру жөнінде жасаған
ұсынысы сәтсіз аяқталды.
Ресеймен 20 жыл бойы жанқиярлықпен күрес
жүргізген Есет батыр 1858 жылы ол
патша өкіметінің бейбіт шартын өз еркімен
қабылдады. Бұдан әрі патшаға қарсы күресу
бос әурешілік екенін түсінді.
Патша үкіметі оның бұған дейін Ресей империясына
қарсы жүргізген күресіне кешірім жасады. Ол кейінірек тіпті Ырғыз уездік
бастығының көмекшісі болып тағайындалды. 1873 ж.
Орынбор отрядының құрамында ол Хиуа жорығына
қатысты. Бүл жорығы үшін оған "Жігері
үшін" алтын медалін иеленді. Есет Көтібарүлы 80 жастан
аса өмір сүріп, қайтыс болды. Ол Ақтөбе облысының
Шалқар станциясына жақын маңда жерленді. Көтерілістің негізгі қозғаушы
күші езілген қазақ, қырғыз шаруалары еді.
Көтерілістің жеңілу себептері: қазақ шаруаларының
ұйымдасуының әлсіздігі, стихиялық сипаты, жеке
ақсүйек феодалдарының опасыздығы. Көтеріліс
жеңілгенімен Оңтүстік Қазақстандағы Қоқан
билеушілерінің озбырлығы қазақ
еңбекшілерінің, Ресейдің құрамына кіруіне
ұмтылған алғышарттардың пісіп-жетілуіне себепші болды.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Қазақстан тарихы. Көне заман бүгінге дейін. 5
томдық. Алматы, 2010, 3-том
2.
Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан
тарихы. Алматы, 2005.
3. История
Казахстана (с древнейщих времен до наших дней). Алматы, 2001.
4. История
Қазахстана. Курс лекций /Под. Ред.
Ж.Касымбаева, Алматы, 2001.
5. Новая и
новейшая история Казахстана. Алматы, 2004.
6.
Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы
(оқулық). Алматы. 2005.
7. Мусин Ч.
Қазақстан тарихы .(оқулық) 2008.
8. Аманжолов
К.Р.Қазақстан тарихы. (дәрістер курсы) Алматы, 2004; осы
авторТүркі
халықтарының тарихы, Алматы,1988.
9.
Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. М., 1957.
10.
Бекмаханов Е.Б. ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы
Қазақстан. А.,1992.
11. Абылай
хан. Алматы, 1992.
12. Кенжалие
И. Исатай-Махамбет. Алматы, 1991.
13.
Қасымбаев Ж.К. Кенесары хан.Алматы,1993.
14. Анчиков
Г.В. Қазақ батыры- Жанқожа Нұрмұхамедұлы.
Алматы, 1992.
15.
Касымбаев Ж.К. О некоторых вопросах истории национально-освободительного
движения в Казахстаневторой половины ХІХ века . Ташкент, 1989. 16. Асфендияров
С. Қазақстан тарихының очерктері. А., 1994.
16. Ерофеева
И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. А.,1999.
17. Зиманов
С.З. Народно-освободительноевосстание под предводительством Исатая Тайманова. В
кн. История Казахской ССР, т.3. А., 1979.
18. Касымбаев Ж.К. Государственные деятели
казахских ханств (ХVІІІ век). Алматы, Білім, 1999.
19. Казахско
– русские отношения в ХVІІ-ХVІІІ веках. А., 1961.