Қазақстанда отарлық езгінің күшейе түсуі

 

Патша үкіметінің бекеттері, станциялары мен линияларының салынуы

Ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы, барысы, қозғаушы күштері

Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы

Қолданылған әдебиеттер

 

Патша үкіметінің бекеттері, станциялары мен линияларының салынуы. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан аумағында патша үкіметінің отаршылық әрекеті күшейді. Бұл әрекеттер қазақтардың жерлерін тартып алу мақсаттарынан көрінді. Ор, Тройцк және Елек өзені аймақтарын дағы қазақтардың жерлерін баса көктеп тартып алды.

Патша үкіметінің (1810-1822 жылдар) аралығында қазақтардың Жаңаелек маңындағы жерлерін алуы. Жаңаелек шебінің құрылуына әкелген негізгі себеп болып табылды. Патша үкіметінің жүргізілген іс-шараларының сылтауы тұз тасылатын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп түсіндірілді. Ежелден табын, тама руларының көшіп-қонып жүретін қазақтардың мал жайылымы еді. Өздері тұз өндірумен айналысып шөбі шүйгін жайлауларында мал бағатын, сонымен қатар осы жерлердегі көлдердің суы мен батпағының емдік қасиеті болған. Ол жөнінде ХІХ ғасырдағы орыс зерттеушісі «Бұл аймаққа орыстар келмей тұрып-ақ жазды күндері қырғыздар (қазақтар – авт.) Електің тұзды көлдеріне түсіп, шомылып жататын, оның тұзды суы толып жатқан ауруға шипа болатын қасиеті бар деп білетін». Олай болса халық ертеден-ақ аңғарған. 1810 жылы патша үкіметі Жаңаелек шебін жасауға кірісті. Яғни ол Жайық, Елек, Құралай және Бердянка өзендері аралығын түгелде алып, онымен қоса қазақтардың 600 мың десятинаға жуық жерін патша үкіметі пайдасына берілді.

Қазақстанда отарлық езгінің күшеюі: XIX ғасырдың 20-жылдарындағы реформалар қазақ қоғамының әлеуметтік жағдайын өзгертті. Жаңадан құрылған округтарда аға сұлтанның айналасындағылардың маңызы өсті. Егер ертеректе 1822 жылғы Жарлық бойынша би ретінде осы атаққа халық алдындағы қызметімен ие болған адамдар отырса, енді оларды қауым тағайындағанымен, атақтарына шешімді түрде округтық бұйрықпен бекітілді. Патша үкіметі осындай жолмен жергілікті басқарудың дәстүрлі органдарын бақылауға алуға ұмтылды.

XIX ғасырдың бipiншi жартысында қазақтарға ауыр отарлық езгі көруге тура келді, ең бай жайылымдарынан, өзендері мен көлдерінен Елек өзенінің бойында Изобильная, Боранды, Жаңаелек, Линев, Көмірлі, Вятлянская және Бердянская жаңа бекіністердің негізі қаланды. Олардың төңірегіне айналдырыла ор қазылды, кедергілі жал тұрғызылды. Жаңа аймақтың аумағына әскери адамдар мен казақтар қоныстандырылды. Олар кейінен казақтар тобына көшірілді.

Ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы, барысы, қозғаушы күштері. Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс (1822-1825 ж.) Жаңаелек аймағынан ығыстырылып шығарылған табын руы өздерінің наразылығын ашық білдірді. Олар Орынбор генерал-губернаторына байырғы мал жайылымдарын  қайтарып беру жөнінде талай рет өтініш жасады. Бірақ ол өтініштердің орындалуына үзілді-кесілді тыйым салынумен болды. Мұның өзі төзімі таусылған жергілікті қазақтарды ашықтан-ашық қарулы көтеріліске шығуға итермеледі. 1822 жылы табын руының батыры әрі биі Жоламан Тіленшіұлы Ресейге қарсы соғыс жариялап, Елек өзені бойындағы жерлерді қайтарып алу жолындағы күреске басшылық етті. Жоламан батыр атақты Бөкенбай батырдың немересі болатын. Оның 10 ұлы, 2 бауыры бар еді. Олар батырдың сенімді тірегіне айналды. Жоламан батыр өзінің қол астына 3 мыңға жуық көтерілісшіні топтастырды. Жаңадан құрылған шекара шебіне күшті жабуылдар жасала бастады. Көтеріліске шыққан қазақтар казақтардың станицаларына шабуыл жасады, олардың үйлері мен шөбін өртеді, адамдарын тұтқынға алып,малдарын айдап әкетті. Сондай-ақ олар патша үкіметінің әкімшілігіне бүйректері бұратын қазақ ауылдарына да шабуыл жасады.Ондай шабуылдарды шағын жасақтар жасады. Кіші жүздің ханы Шерғазы Айшуақұлы жаңа шекара шебі аймағындағы толқуды бас алмады. Көтерілісті басу үшін құрамында 500 Орынбор казагы, құрамында екі зеңбірегі бар жазалашы экспедиция жіберілді. Сөйтіп 1825 ж. Бұлдырты, Шиелі, Тамды өзендері бойындағы қазақ ауылдарын ойрандап, оларды қырып-жойды. Қазақтар аянбай қарсылық көрсетті. Осы тұста 195 сарбаз қаза тауып, 125 адам тұтқынға алынды. Олардың ішінде жас балалар менәйелдер де болған еді. Жолман Тіленшіұлы бастаған қозғалыстың отаршылдыққа қарсы сипаты болды. Көтерілістің әр жерде шашыраңқы жүруі мен оған қатысушылар санының аздығы оның жеңіліске ұшырауына жеткізді. Солай бола тұрса да ол Кенесары Қасымұлы бастаған қуатты көтерілістің пісіп-жетілуіне елеулі ықпал етті.

Жаңаелек аймағының құрылуы (1835 ж.) Жаңаелек шекара шебіндегі бекіністердің құрылысы аяқталғаннан кейін 1835 жылғы 5 наурызда Министрлер Кабинетінің «Орынбор губерниясының қырғыз (қазақ.-авт) даласымен шекарасында жаңа шекара шебін құру туралы» Ережесі бекітілді.Бұл Ереже бойынша Ор және Троицк бекіністері аралығында өтетін Орынбор шекаралық шебі қазақ даласының ішкі жағына қарай ілгері жылжытылды. Қазақтар тағы 4 миллионға жуық десятина жерінен айырылып шыға келді. Мұның өзі көлемі жағынан бүкіл Орынбор губерниясының төрттен біріне тең еді. Жаңа Ережеге сәйкес қазақтар жаңа шекара  шебінің сыртқы жағына көшуге тиіс болды. Өздерініңбұрынғы ата қоныстарынан айырылмау үшін олар неше түрлі айла –шарғылар жасауға дейін барды. Мәселен, бізге Кенесары Қасымұлы жасақтарының шабуылы мен оөбырлығынан құтылу қиын болады деген шағым айтты. Осындай қыруар көп шағым айтылып, өтініш жасалғаннан кейін Орынбор өлкесінің басшылығы қазақтарды қоныстарында уақытша қала тұруына рұқсат етті. Бірақ бұрынғы жерлерін өздері жалға алып, ақы төлеп тұратын болды.

Жаңа шекара шебіндегі аймақтар ең бір құнарлы да шұрайлы жерлер болатын. Онда  күні кешеге дейін қыпшақтар мен жағалбайлы руларының 12 мыңға тарта отбасы көшіп-қонып жүретін. Бұл қоныстан ығыстырылған қазақтар кейінірек Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске белсене қатысты.

Қазақ даласына қарай ілгері жылжытылған шекара шебінде Императорское, Наследницкое, Константиновское,Николаевское және Михайловское бекіністері алғашқы жылдың өзінде-ақ тұрғызылды.Жаңа шекара шебінде Орынбор казактары мен 9 және 10кантондардағы башқұрттардан тосқауылшы күзетшілер қойылды. Патша үкіметі бұдан кейін де қазақ жерін басып алуын тоқтатпады.

Жаңа шекара шебі аймағында қазақтардың уақытша тұруына рұқсат етілгенімен де, олардың саны бірте-бірте арта берді. 1855 жылы ондағы қазақтардың саны 28 мың адамға жақын болған, ал 1891 жылы- 50 мыңға жетті.  Қазақтардан жерлерін тартып алуы, бұрын үй сайын түтін салығын төлеп келсе, енді ежелгі өз жерлерін жалға алып пайдаланғаны үшін қосымша алым-салық төлейтін болды. Жалға жер алған қазақтар өздерін қашан қуып жіберетініне алаңдаумен болды. Міне, патша үкіметінің осы іс-әрекеттерінің барлғы қа зақтардың отаршылдыққа қарсы жаппай көтерілуіне себеп болды.

1825 жылдың көктемінде ресей империясыныңотаршылдық езгісіне қарсы қозғалысты Қарқарлы округы қазақтарының басқарушы-сұлтаны Саржан Қасымұлы басқарды. Ол әрі-бері өткен керуендерге бақылау орнатты. Приказдарға шабуыл жасауға көшті. 1826 жылғы 31 қаңтарда Саржан Қасымұлының жасағы патша үкіметінің әскерлеріне қарсы ашық шайқасқа шықты. Оған өз қол астына қарайтын Қарпық болысы көмекке келді. Алайда олар жеңіліп қалды.Саржан Кіші жүз қазақтарының арасына көшіп кетуге мәжбүр болды.

1831 жылдың орта кезінде патша үкіметінің құрамында 500солдаты бар жазалаушы жасағы Саржан ауылдарын шауып кетті. 450 бейбіт тұрғын қаза тапты.Ондаған адам тұтқынға алынды. Кейінірек патша үкіметінің әскерлері тықсырып, тиісе берген соң Саржан Ұлы жүз қазақтарының ортасына көшіп барды. Ол Қоқан хандығының қол астына қарайтын қазақтардың көмегіне үміттенді.Бірақ бұл жағдай Қоқан хандығымен екі арада шиеленісті оқиға тудырды. 1836 жылы жазда Ташкенттің билеушілері Саржанды және оның бауырлары Ержан менЕсенгелдіні Қоқан хандығының нұсқауы бойынша зұлымдықпен өлтірді. Ал 1840 жылы олардың әкесі Қасым сұлтан да сатқындықпен жасалған қастандық салдарынан қаза тапты.

Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы.

Қасым Абылайханұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтеріліс жеңіліспен аяқталды. Өйткені олар қозғалысты отаршылдыққа қарсы кең көлемде ұйымдастыра алмады. Көтерілісшілер патша үкіметінің жақсы қаруланған тұрақты әскер бөлімшелеріне қарсы тұра алмады. Дегенмен де бұл көтерілістің қазақ халқының ұлт-азаттық күресі тарихындағы алатын маңызы зор. Ол қазақтардың 1837-1847 жылдары Кенесары Қасымұлы бастаған қуатты ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына негіз қалады 

Қазақтардың отаршылдыққа қарсы жаппай көтерілуіне себеп болды.

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1. Қазақстан тарихы. Көне заман бүгінге дейін. 5 томдық. Алматы, 2010, 3-том

2. Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы. Алматы, 2005.

3. История Казахстана (с древнейщих времен до наших дней). Алматы, 2001.

4. История Қазахстана. Курс лекций /Под. Ред. Ж.Касымбаева, Алматы, 2001.

5. Новая и новейшая история Казахстана. Алматы, 2004.

6. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы (оқулық). Алматы. 2005.

7. Мусин Ч. Қазақстан тарихы .(оқулық) 2008.

8. Аманжолов К.Р.Қазақстан тарихы. (дәрістер курсы) Алматы, 2004; осы авторТүркі            халықтарының тарихы, Алматы,1988.

9. Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. М., 1957.

10. Бекмаханов Е.Б. ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан. А.,1992.

11. Абылай хан. Алматы, 1992.

12. Кенжалие И. Исатай-Махамбет. Алматы, 1991.

13. Қасымбаев Ж.К. Кенесары хан.Алматы,1993.

14. Анчиков Г.В. Қазақ батыры- Жанқожа Нұрмұхамедұлы. Алматы, 1992.

15. Касымбаев Ж.К. О некоторых вопросах истории национально-освободительного движения в Казахстаневторой половины ХІХ века . Ташкент, 1989. 16. Асфендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. А., 1994.

16. Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. А.,1999.

17. Зиманов С.З. Народно-освободительноевосстание под предводительством Исатая Тайманова. В кн. История Казахской ССР, т.3. А., 1979.

18.  Касымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств (ХVІІІ век). Алматы, Білім,  1999.

19. Казахско – русские отношения в ХVІІ-ХVІІІ веках. А., 1961.