Қолданылған әдебиеттер
Кіші жүздегі қайшылықтардың шиеленісуі. XVIII ғасырдың ортасында
Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейін ханның
мирасқорлары кіші жүз бен орта жүздің біраз жерін
сақтап қала алмады. Бұдан кейін 1748 жылы Әбілқайыр
ханның ұлы Нұралы Кіші жүздің ханы болды. Бірақ
Нұралыны хан ретінде барлық рубасылары түгелдей дерлік
мойындай қоймады. Кіші
жүздің Оңтүстік-Шығысында шекті руы беделі
күштк – Батыр сұлтанды, Солтүстік-Батысында Нұралы хан
болды. Нұралы ханның патша үкіметіне тәуелділігі,
оның қазақтар арасында абыройын түсірді.
Нұралының інілері Айшуақ пен Ералы да өз
беттерінше тәуелсіз болуға тырысты. Сондықтан да патша
үкіметі шекара шептерін нығайта түсуге көп
күш-жігерін жұмсауға кірісті. Сөйтіп, Ресей
үкіметінің Каспий теңізінің Солтүстік-Шығыс
жағалауын отарлауға мүмкіндік берді.
Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының
солтүстіктегі ұзаққа созылатын ең үлкен
шекарасы Башқұртстанмен екі арада болды. Башқұрттар
да көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын
ұстанатын. Олар қазақтармен тегі бірге туыстас түркі тілдес халық болатын. Олардың шаруашылықты
жүргізу қызметінің түрі ұқсас, тілі де,
діні мен мәдениеті де ортақ еді.
XVII ғасырдың екінші жартысында Кіші жүз
қазақтардың бір бөлігі ру-руымен Үй-Миасс
өзендері аралығындағы және Жайықтың
оң жағалауындағы башқұрт жерлерінде
көшіп-қонып жүретін. Башқұрт-қазақ
байланыстарының ол кездегі кеңінен тараған түрлері екі
халық арасындағы қыз беріп, қыз алысу,
құда-жекжат болып араласу болатын. Башқұрт және
қазақ батырларының арасындағы күрес, бәйге, садақ ату
сияқты жарыстар бірлескен мереке кездерінде кеңінен
өткізілетін.
Патша әкімшілігінің
башқұрттар арасындағы отаршылдық саясаты көптеген
көтерілістердің жиі-жиі шығып тұруына алып барып
отырды..
Қазақ-башқұрт қатынастары. 1735 жылы Башқұртстанда патша
үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күрестің
жаңа кезеңі басталды. Осы қарулы қарсылықты жаныштау
кеізнде патша әскери күштерінің қуғынына
ұшыраған 50 мың башқұрт бас сауғалап
көршілес Қазақстанға қашты. Мәселен, 1740 жылы башқұрттардың
Қарасақал бастаған кезекті көтерілісі болды. Оған
қазақтар және олармен одақтас карақалпақтар
да белсене қатысты.
Башқұрттармен екі арада бейбіт
байланыстармен және одақтастастық
қарым-қатынастармен қатар әр түрлі
қақтығыстар да, қыз алып
қашу, барымталау, қазақ және башқұрт
билері мен батырларының бақталастығы сияқты
әрекеттер де болып тұратын.
Патша үкіметі қазақтар мен башқұрттардың ұлтаралық араздығын тудырудың қолайлы уақытын бос жібермеуге тырысып бақты. Сөйтіп ол екі туысқан халықтың Ресей империясына қарсы күш біріктіруіне жол бермеу үшін қолынан келген барлық амал-әрекеттің бәрін де жасады.
1755 жылы башқұрт
халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына
қарсы бағытталған және бір кезекті ірі көтерілісі
болып өтті. Ол халықтық
қозғалысты Батырша
басқарды.
Көтерілісші башқұрттардың жоспары бойынша, олар қазақтармен бұрынғы кездердегі сияқты біріге күш жұмсап, патша әскерлеріне қарсы күреске шығуды армандады. Қазақстанның шегіне көшіп бару башқұрттардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп ойлады.
Көтерілістің зор ауқымдылығынан және екі халықтың күш біріктіре қарсылық жасауынан қауіптенген патша әкімшілігі оларды бір-бірімен араздастырып, өзара қақтығыстыруға әрекет жасап бақты. Қазақ халқының едәуір бөлігі башқұрт әскери жасақтарының басшысы Батыршаның үндеуін түсіністікпен қабыл алды. Орынбор әкімшілігінің тарапынан жасалған қоқан-лоқы қорқытуларға қарамастан, көптеген башқұрттар қазақ даласынан өздеріне баспана тапты.
Қазақтардың бұл көтеріліске жаппай қатысқан кездері де аз болған жоқ. Орынбор өлкесінің губернаторы И.И. Неплюев қазақтардың билеушілеріне көтеріліске қатысқан башқұрттарды ұстап беруді немесе ең болмағанда оларды шекара шебінен асыра қайта қуып шығуды ұсынды. Бұл қызметі үшін олардың дүние-мүлкі мен мал басын тартып алуға рүқсат етті.
Башқұрттардың әйелдері мен балалары қазақтардың қолында қалуы тиіс болды. Ұсынысты қазақтардың Нұралы хан бастаған аз ғана тобы қуана қабыл алды. Қазақтардың тарапынан жасалған жүгенсіз бассыздықтар туралы естіп білген башқұрттар енді кек алуға көше бастады. Атап айтқанда, олар Неплюевтен өздерінің қазақ даласына өтіп, олардан «кек алуына» рұқсат сұрады. Ал Неплюев ресми түрде рұқсат етпегенімен бекініс бастықтарына башқұрттардың Жайық жағына өтіп жатқанын байқамаған болуы жөнінде құпия нұсқау берді.
Ал екі жақ бірін-бірі
қырып-жоюға тақалған кезде олардың өзенге
жақын келмеуі туралы алдын ала ескерту жасады. Осы мақсатпен ол
шекара шебін күзетуді одан сайын күшейте
түсті.
Көтеріліс езіп-жаншып
басылғаннан кейін кейбір қазақ рулары өздерінің
араларында башқұрттарды жасырын ұстауды одан әрі
жалғастыра берді. Бұл жағдай патша үкіметін генерал-майор А.Тевкелевті қазақ даласына арнайы жіберуге
мәжбүр етті. А.Тевкелев қазақтардың
қашқын башқұрттарды қызғыштай
қорғамай, патша үкіметіне жедел түрде ұстап беруі
тиіс екеніне көздерін жеткізуге тырысты.
Тевкелев қазақ старшындарын
патша өкіметі билігінің талаптарын орындауға көндіру
мақсатымен қорқытып-үркітіп, үрей де тудырды,
қымбат бағалы сыйлықтар ұсынып алдауды да шебер
пайдалана білді.
Нұралы ханның
іс-әрекеттері қазақ-башқұрт
қатынастарының одан әрі ушыға түсуіне себеп
болып, бірнеше ондаған жыл бойы өзара жорықтар жасалып
тұрды. Қазақтар ендігі жерде Жайықтың
оң жақ жағалауына және башқұрттардың көшіп-қонып жүретін жерлеріне бұрынғыдай емін-еркін бара алмайтын болды. Осылайша
қазақ-башқұрт арасындағы
қарым-қатынас осындай
шиеленісті жағдайда болды.
Ресеймен экономикалық қатынастардың дамуы. Жер
мәселесінің шиеленісуі. 18-ғасырдың ортасында қазақ-орыс шаруашылық
байланыстары, керуен саудасының дамуы біраз нәтижелерге жетті. Әрине,
қазақ-орыс саудасының арасындағы байланыс тең
жағдайда болған жоқ. Қазақ-орыс саудасының
ХVIII ғ. екінші жарт.белгілі орталықтары-Жәміш, Железинск,
Омбы, Семей, Өскемен, Бұқтырма -(1761 жылы негізі
салынған) бекіністері болды. Қазақстанды
отарлауда-Шығыс Қазақстандағы бекіністері -сауда
орталықтарына айнала бастады. ХVIII ғ. Ертіс бойындағы
бекіністерде-баж салығын тексеретін, жинайтын арнайы мекемелер
ұйымдастырылды. ХVIII ғ. 60-жылдары қазақ-орыс сауда байланыстарының
кеңейген кезеңі. Әбілмамбет ханның үлкен
ұлы Әбілпайыз сұлтанның билгіндегі-сыбан-керей,
қаракерей-найман, бура-найман, Абылайдың билігіндегі-уақ,
қыпшақ рулары Жәміш, Семей бекіністерінде сауда-саттық
байланыстарын орнатты. Қазақтардың тауарлары- мал,
малдың терісі, киіз, т.б. болды. Айырбас саудасының ірі
орталықтарының бірі Семейде ХVIII ғ 60-ж. соңы 70-ж.
басында 330-ға жуық қазақ көпестері сауда жасап
тұрған Жәміш бекінісінде бір ғана 1765 жылы 350
қазақ, Қаз дауысты Қазыбек пен Абылай жіберген 158
саудагер сауда жасаған. Бұқар, Қоқан
қазақ саудагерлерінің Керекудің маңайында
Қалқаман, Қарасу тұз көлдері Батыс Сібірді, Орта
Азия ханндықтарын сапалы ас тұзымен қамтамасыз еттетін
орталық болды. Екатеренбург, Томск, Тобыл уездеріне-Қалқаман,
Кереку көлдерінен апарылатын ас тұзы 300 мыңға
пұтқа дейін барды.
1766 жылы Бұқар
саудагерлерінің өтінішімен Әбілмамбет хан императсрица ІІ
Екатирина хат жолдап Түркістан арқылы өтетін ірі керуендерді
Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға
рұқсат алды. Орыс тауарлары-шойын және темір қазан,
шелек, шұға, барқыт, қалайы, қант, нан
күнделікті өмірге қажетті тауарлар болды. Орта Азия
көпестерінің басты заттары-алаша, барқыт, қыжым,
қамқа, ылтыр мата, әр түрлі жемістер болатын. Ташкент,
Бұқар, Қоқан және Қашқар
көпестерінің сауда орталығы - Қызылжар(Петропавл)
қаласында көп болды. Шыңжаңмен жолға қойыла
бастаған сауданың белгілі орталықтары – Семей, Өскемен
және Бұқтырма
қоныстары. Шәуешектен, Құлжадан, Ақсудан,
Қашқардан келетін Қытай саудагерлері келетін
Патшалы Ресейдің жер
мәселесіндегі отаршылдық саясаты. Патша үкіметі
қазақтардың Жайық
өзенінің оң жақ бетінде көшіп-қонып
жүруге бұрынғыдан да бетер қатаң тыйым салды.
Қазақтарды өзеннің оң жағалауына
өткізбеу мақсатымен оның сол жағалауындағы
жайылымның шөбін күзге қарай өртеп жіберуді
әдетке айналдырып алды.
Мұндай тыйым салулардың
бірқатар себептері болды. Патша үкіметінің өз тылында
бақылау жасау қиын тиетін көшпелілердің қарулы
қалың тобын жақын ұстағысы келмеді.
Алғашқыда Ресейдің
шекаралық ішкі аумағына орыс халқын - бірінші кезекте
казактарды, содан кейін қоныс аударатын шаруаларды орналастыру
көзделген болатын. Акырында бір жағынан
қазақтардың, екінші жағынан башқұрттар мен қалмақтардың арасында
бұрыннан орын алып, созылып келе жаткан
қарама-қайшылықтар болды. Қазақтардың Жайық пен Еділ
өзендерінің аралығына келуі ол қарама-қайшылықтарды
ушықтырып жіберетін еді.
ХVIII ғ 50-60 жылдары Жайық,
Сібір, Орынбор казак әскерлерінің ұйымдастырылуы, 1756 жылы
қыркүйекте Жайық жағасына қазақтардың мал жаюға
алғаш рет ресми шек қойылды. 1757 жылғы желтоқсан
айының аяғында Кіші жүз ханы Нұрклыға тапсырылып,
қазақтарға Жайық өзенінен мал айдап өтуіне
тыйым салынды. Петербург билеушілері Каспий теңізі мен Жайық
өңіріңдегі шырайлы жерді казактарға тартып
әперді. Ең шұрайлы жерлер-орыс помещиктері - князь Юсупов пен
Безбородконың қолында болды.
1757-1758 жж. Орынбор өлкесін
басқарған П.И.Рычков пен А.И.Текелев Жайық бойында
қазақтарға мал жаюға шек қойған
үкімет талабын орынсыз екенін
түсінді Жайықтың оң жағасына өтуіне
рұқсат берді. Орта жүз қазақтарынан-Ертістін
оң жағалауына -10 шақырым, кейіннен 50 шақырым жерге
дейін қазақтардың мал жаюына тыйым салады
1760 жылы - казактарды әкеліп
қоныстандырды. 1799 жылғы қараша айында император І
Павелдің жарлығына сай, Орта жүз қазақтарына –
Ертістің оң жағасына қайтадан
қоныстандыруға және олардың мал жаюына
рұқст етілді.
ХVIII ғасырдың ортасында патша
үкметінің отарлау саясатына қарамастан,
қазақтардың орыстермен, шет елдермен қатынасы тиімді
жағдайда дамыды. Осылайша, патша үкіметінің қазақ
жерін пайдалануға шек қоюы және орыс-казактарды қазақ
жеріне қоныстандыра бастауы отаршылдық саясатының негізі
болды.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы. Көне заман
бүгінге дейін. 5 томдық. Алматы, 2010, 3-том
2. Жаңа және қазіргі
замандағы Қазақстан тарихы. Алматы, 2005.
3. История Казахстана (с древнейщих времен до
наших дней). Алматы, 2001.
4. История Қазахстана. Курс лекций /Под. Ред. Ж.Касымбаева, Алматы, 2001.
5. Новая и новейшая история Казахстана. Алматы,
2004.
6. Қазақстанның жаңа
және қазіргі заман тарихы (оқулық). Алматы. 2005.
7. Мусин Ч. Қазақстан тарихы
.(оқулық) 2008.
8. Аманжолов К.Р.Қазақстан тарихы.
(дәрістер курсы) Алматы, 2004; осы авторТүркі халықтарының тарихы,
Алматы,1988.
9. Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к
России. М., 1957.
10. Бекмаханов Е.Б. ХІХ ғасырдың 20-40
жылдарындағы Қазақстан. А.,1992.
11. Абылай хан. Алматы, 1992.
12. Кенжалие И. Исатай-Махамбет. Алматы, 1991.
13. Қасымбаев Ж.К. Кенесары хан.Алматы,1993.
14. Анчиков Г.В. Қазақ батыры-
Жанқожа Нұрмұхамедұлы. Алматы, 1992.
15. Касымбаев Ж.К. О некоторых вопросах истории
национально-освободительного движения в Казахстаневторой половины ХІХ века .
Ташкент, 1989. 16. Асфендияров С. Қазақстан тарихының
очерктері. А., 1994.
16. Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец,
правитель и политик. А.,1999.
17. Зиманов С.З. Народно-освободительноевосстание
под предводительством Исатая Тайманова. В кн. История Казахской ССР, т.3. А.,
1979.
18.
Касымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств (ХVІІІ век). Алматы, Білім, 1999.
19. Казахско – русские отношения в ХVІІ-ХVІІІ веках. А., 1961.