Қазақстан
территориясындағы орта ғасырлық мемлекеттердегі
мемлекеттік-әкімшіліктің құрылуы.
Қоғамдық құрылысы. Жерді пайдалану және
салық жүйесі. Хандықтардың мемлекеттік-әкімшіліктің
құрылымы.
Шаруашылық жағдайы.
Мал шаруашылығы мен егіншілік. Қалалар және қоныстар.
Қолөнер.
Қазақстан
аумағындағы ортағасырлық мемлекеттер Ақ Орда,
Моғолстан, Ноғай Ордасы, Әбілқайыр
хандықтарының құрылымы феодалдық
қатынастарға негізделген.
Мемлекет
басында ұлы хан тұрды. Хандық билік мұрагерлік жолмен
атадан балаға қалып отырды. Мемлекеттік істердің бәрі
хан кеңесінде қаралып шешілді. Хан кеңесі хан туыстарынан,
ұлысбектерден, әмірлер мен бек, билерден тұрған.
Ханның кеңесші уәзірлері болған. Мемлекетте жылына бір
рет шақырылатын ең жоғарғы жиын Құрылтай
болған.
Ақ
Орда, Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанда түрік
тайпаларының басшылары «әмір» деп аталса, Ноғай Ордасында
«мырза» деп аталған. Бұл мемлекеттерде әскери
қызметкерлерге «бек» атауы жиі берілген. Мәселен, ұлысбек,
түменбек, мыңбегі. Әділ үкім шығаратын «би»
қызметі де болған. Қарапайым халық «қараша»
аталған.
Шыңғыс
хан басып алған жерлерін өз балаларына бөліп беріп, ол
жерлерде «ұлыстар» құрылды. Олар Жошы ұлысы,
Шағатай ұлысы, Үгедей ұлысы. Ұлыстардың
өзі бірнеше иеліктерге бөлінген. Ол Шыңғыс
ұрпақтарының өсуіне байланысты болды.
Шыңғыс ұрпақтары үлестік жерлерге ие болып,
ұлысқа айналып отырған. Мәселен, Бату ұлысы,
Берке ұлысы, Өзбек ұлысы, т.б. Жазба деректерде «ұлыс»
сөзі «ел» деген ұғымды білдірді.
Осылайша,
ортағасырлық Қазақстан халқының
әлеуметтік құрылымы алуан түрлі болды. Олар ұлыс,
ел, аймақ, тайпа, қауым,т.б.
Мемлекет
істерінде ұлысбектер аса маңызды роль атқарған. Олар
мұрагерлерді таққа отырғызу, әскер басқару,
көрші мемлекеттеррмен дипломатиялық қатынастар орнату
сияқты маңызды мәселелерді шешуге қатыстырылған.
Сонымен қатар «атабек», «көкілташ» деп аталған лауазым иелері
де болды. Атабек хан мұрагерінің тәрбиешісі, ал
көкілташ мұрагердің «тел бауыры» болған.
Моғолстанда «наиб» деген жоғары лауазым атағы болды. Ол жас
хандарға ақылшы, кеңесші есебінде қызмет
атқарған. Жиын той, мерекелерде тәртіпті
қадағалау, салт дәстүрді бақылап отыратын
«жасауыл» қызметі болған.
Қалада алым-салық жинау, тәртіпті
қадағалайтын маңызды адамдар-даруғалар болды.
Ортағасырлық
мемлекеттердің мемлекеттік-әкімшілік жүйесі билеушілер
мүддесін қорғауға бағытталды.
Бұл
мемлекеттерде алғашында монғолдардың өздерінің
«яса» деп аталған заңдары қолданылып, кейін олар
отырықшы және жартылай отырықшы елдерге жарамай, біртіндеп
жарамсыз болып қалған.
Шыңғыс
хан жаулап алған жерлерін өз балаларына бөліп берген. Ол
жерлер «інжу» деп аталған. Інжулік жерлер негізінен шұрайлы жерлер
болған. Алтын Орда хандарының інжулік жерлері Еділ бойында болып,
Шағатай мемлектінің інжулік жерлері Шу, Іле, Талас
алқаптарының шұрайлы жерлерін алып жатқан. Жерді
бөлу немесе оны басқа біреудің билігіне беру
құзыры тек ханның қолында болды.
Жазба деректерге қарағанда, жер
иеленудің бірнеше түрі болған:
1.
Мемлекеттік жер – тікелей хандардың қарамағындағы
жерлер
2. Інжулік
жерлер - Шыңғыс тұқымдарының жасау ретінде
алған жерлері
3.
Вакфтық жерлер - дін иелерінің жерлері
4.
Шаруалардың мүліктік жерлері - отырықшылық
аудандардағы жерлер
5. Сойырғал,
иқта - әскери немесе мемлекеттік басқару ісінде ханға
адал қызмет істегендерге берілген жерлер.
Бұл мемлекеттерді алым -
салықтың бірнеше түрі болды. Олар төмендегідей:
1.
Тағар-
әскерді азық түлікпен қамтамасыз ету үшін
жиналатын салық түрі.
2.
Қалан – жер
көлеміне байланысты салынатын салық түрі
3.
Құшыр – жан басына және мал басына салынатын салық.
Мал өсірушілерден жиналатын болған. Салықтың бұл
түрі монғол шапқыншылығынан кейін пайда болған.
4.
Зекет – мал салығы
5.
Харадж, баж-
отырықшы егінші аймақтардан жиналған салық.
Шаруашылық. Монғол шапқыншылығы барысында
бұзылған шаруашылық түрлері XII ғасырдың соңына таман қайта жандана бастады. XIV-XVғғ. табиғи-климат жағдайларына
байланысты шаруашылықтың
үш түрі қалыптасып дамыды.
1.
Оңтүстік
Қазақстанда отырықшы мал шаруашылығы.
Өзен-көл маңында дамыған. Мұнда егіншілік те
өркендеген.
2.
Оңтүстік
Шығыс Қазақстанда (Жетісу) жартылай көшпелі мал
шаруашылығы. Таулы аймақтарда тұрақты қыстаулары
болған. Мұндағы көшіп қону бағыты 100-
шамасында болған. Іле, Шу, Талас өзендері бойы, Балқаш
көлі маңына жақын егіндік 150 шақырым жерлер де
болған.
3.
Батыс және
Солтүстік, Орталық Қазақстанда көшпелі мал
шаруашылығы. Шаруашылықтың бұл түрі осы
аймақ тұрғындарының көшіп- қону
бағыттарына байланысты қалыптасты. Бұлардың көшіп-қону
бағыттарының қашықтығы 800-1000 шақырымға
дейін барған.
Қазақстанның
Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс
аймақтарында ежелгі сақ, үйсін заманынан бері
егіншіліктің дамығандығы белгілі. Монғол
шапқыншылығы тұсында бұзылған шаруашылық
түрі - егіншілік те қайта жандана бастады. Сауран,
Сығанақ, Отырар, Йасы, Созақ, т.б. қалалар
маңындағы Сырдария мен Арыс өзендерінен тартылған
каналдар егін шаруашылығының дамығандығының
дәлелі.
Монғол
шапқыншылығы тұсында қала мәдениетінің
күйрегендігін, Сығанақ, Отырар, Ашнас сияқты қалалардың жермен жексен
етілгендігін өткен сабақтардан білеміз. Осы қарастырып
отырған мезгілде Талас, Шу алқабындағы қалалар
қайта қалпына келтіріле бастады. Оңтүстік
Қазақстанда Сығанақ, Отырар, Йасы, Құмкент,
Созақ, қалаларының тіршілігі қайта жандана бастады.
Дегенмен,
қалалардың тіршілігі монғол шапқыншылығына
дейінгі деңгейге жетпеген.
Осы
ортағасырлық қалаларда дамыған
қолөнердің бір саласы қыштан түрлі ыдыс-
аяқтардың жасалуы болды. Археологиялық қазба
жұмыстары барысында, ыдыс жасайтын шеберханалардың орындары
табылған. Шеберхана бірнеше бөлмеден тұрған. Оның
ішінде ұстаның бөлмесі, ыдыс аяқ жасауға
дайындық жүргізетін арнаулы бөлмелер, ыдыс кептіретін алаңдар,
қыш ыдыстарды күйдіретін ошақтар болған. XIII
ғасырдың екінші жартысынан бастап, Сырдария бойындағы
қалаларда кірпіш күйдіру кәсібі дами бастады.
Сонымен
қатар, қалаларда мыс қорытып, қоладан түрлі
бұйымдар жасау кәсібі өркендеді.Қоладан түрлі
әшекей бұйымдар, шырағдандар мен қола айналар
жасалған. Зергерлік бұйымдар жасау дамыған. Қазба
жұмыстары барысында қала орындарынан түрлі күміс орама
білезіктер, сырғалар, т.б. табылған. Әйнек жасау кәсібі
де қайта жанданған. Әйнектен жасалған түрлі
түсті ыдыстардың сынықтары табылған.
Әдебиеттер тізімі:
1. Асфендияров С.Д. Қазақстан тарихы. (көне дәуірден) А., 1995.
2. Мыңжани Н. Қазақтың көне тарихы. А., 1993. 400-бет.
3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1, 2 томдар. А., 1997. 542- бет., А., 1998.
4.Аль-Фараби. Историко-философские трактаты. Алма-Ата, 1985.
5. Жүсіп Баласағұн. Құтты
білік. Ауд. Егеубай А.. Алматы, 2006. 640-бет