АБЫЛАЙ ХАНДЫҒЫ

 

Абылай  хан – аса көрнекті саяси қайраткер

Абылай ханның сыртқы саясатының  сипаты. Жоңғар  шапқыншылығына тойтарыс беруді ұйымдастыруы

Абылай ханның жүргізген ішкі саясаты

Қолданылған әдебиеттер

 

Абылай  хан – аса көрнекті саяси қайраткер. Қазақ мемлекетінің қайта өрлеу дәуірі сұлтан, кейін хан болған Абылайдың есімімен тығыз байланысты. Ол қазақтың сұлтаны Көркем Уәлидің ұлы. Абылайдың шын аты – Әбілмансұр (Сабалақ) 1711-1781жж. Орта жүздің сұлтаны Уәлидің отбасында дүниеге келген. Абылайдың жас кезінен негізгі көздеген мақсаты қазақтарды жоңғар шапқыншылығынан құтқарып, елдің тыныштығын, елдің бірлігін қамтамасыз ету еді, сондықтан екі жақтан Қытай мен Ресей империясы қыспағында тұрған жағдайда ең бірінші Жоңғария агрессиясын жоюды көздеді. Міне, сондықтан Абылай және басқа сұлтандар Ресейге арқа сүйеуге  тырысты.

Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі, Жәнібек ханның ұрпағы.

Абылай — мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы. ХҮШ ғасырдың ортасында Орта жүз бен Ұлы жүздің сыртқы саяси жағдайы күрделі болды. Қонтайшы Қалдан-Церен өлген соң Жоңғарияны тайпа-аралық қақтығыстар  жайлады. Нәтижесінде бұл қақтығыстар оның әлсіреуіне әкелді және  барлық аймадтағы саяси жағдайларды  күрделендіріп жіберді. Мұндай жағдайды қазақ даласының билеушілері пайдаланып қалды. Олар Жонғарияның және көрші мемлекеттердің ісіне белсенді түрде араласа бастады, Орта және Ұлы жүздің ресми ханы Әбілмәмбет болып саналғанмен, нақты билік Абылай ханың қолына шоғырланған еді. Қазақ-жоңғар соғысы кезеңінде оның беделін көтеруге мүдделі батырлар мен билердің ықпалды тобы құрылған болатын.

XҮІІІ ғасырдың 30-жылдарының соңынан бастап Абылай елдің саяси өміріне белсенді қатысушылардың бірі болды. Ол өзінің барлық қуатын жоғарғы билікті күшейтуге және Қазақ хандығын ұзаққа созылған тығырықтан алып шығуға бағыттады. Қазақ руларының Абылай төңірегіне топтасуының себебі оның Жоңғарга қарсы белсенді де мақсатты әрекеттері болды.

Абылай (1711—1781 жж.) Орта жүздің Шыңғыс ұрпағының кіші желісінен тарайды. Туғанда оған азан шақырып қойған мұсылманша аты Әбілмансүр болатын. Оның әкесі—Уәли сұлтан, ал атасы Абылай Түркістан билеушісі. Ауыр жағдайда еткен балалық шағы және қазақхалқының жаумен соғысына ерте қатысуы ХҮІІІ ғасырдың 30 жылдары елдің саяси өмірінінің белсенді катысушыларының бірі етіп шығарды. Жас Абылай жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасының шешуші кезеңіне қатысады. Одан кейінгі кезеңдерде ол өзінің бар қуатын жоғары билікті күшейтуге және қазақ хандығын ұзаққа созылған тығырықтан алып шығудың жолын тан алып шығуға бағыттайды.

1740 жылдың тамыз айының 28-інде Орта жүз ханы Әлімәмбет пен Абылай Орынборға келіп, Ресей империясының билігін мойындады. Алайда негізгі аудандары жоңғарлардың шапқыншылығына душар болуына қарамастан, әлі де болса дербестікті сақтайды. Орынбор комиссиясының бастығы князь В.Урусовтың мақсаты бүкіл Орта жүзді Ресейдің құрамына қабылдау еді. Алайда жоңғарлармен қырғын соғысқа белсене қатысқан Абылай уақытша Орынбор әкімшілігінен қол үзді. Оған 1742 жылы қақтығыстардың бірінде Абылай жоңғар тұтқынына түсуі себепші болды.

Қазақ руларының Абылайдың төңерегіне топтасуының себебі оның жоңғарға қарсы белсенді әрекеттері болды. Ол сол кездің өзінде-ақ күшті жаумен күресі үшін одақтасқа сүйенбесе болмайтынын жаксы түсінді. Ол үшін бұл одақтас Ұлы Петрден кейін қатты өрлеген Ресей мемлекеті еді. 1743 жылы Ресей үкіметінің ықпалымен Абылай жоңғар тұтқынынан босанды.

Абылай ханның сыртқы саясатының  сипаты. Жоңғар  шапқыншылығына тойтарыс беруді ұйымдастыруы. Жоңғар хандығының әлсіреуі. Абылайдың  жинаған беделі оны бура, найман және атығай руларына билеуші болуына  септігін тигізді. Мұнан арғы ұзақ жылдар бойғы өзінің барлық іс-әрекетінде ол қазақ халқы мойындаған қайраткерлер мен халық батырларына арка сүйеді. Олардың ішінде Төле би және Қазыбек билер, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Малайсары, Баян және т.б. көптеген батырлар болды. 1745 жылы жоңғар қонтайшысы Қалдан-Цэрен өлімінен кейін олардың өз ішінде билік үшін қақтығыс барысында, азамат соғысы басталды. 1755 жылдың жазына қарай ел ішіндегі алауыздықты пайдаланған Қытай әскері Жоңғарияны жаулап алды. Енді олар  Әмірсананы ұстап беруден бас тарткан Абылайға соққы беру және Қазакстан шекарасындағы жерлерді тезірек басып алу үшін. Қытай әскері Қазакстан жеріне 1757 басып кірді, енді Жонғария құлағаннан кейінгі төнген жаңа кауіп, Абылай бастаған қазақ сұлтандарының күштерін ұйымдастыруға түрткі болды. Дегенмен, Абылай тұсында Қытай мен аралықтағы иеліктерді тек дипломатиялық жолмен ғана қайтарып алу мүмкін еді. Сол себептен, Цинь әулетімен әскери-саяси тартыстың қазақ елі үшін қауіптілігін түсінген  Абылай бастаған сұлтандар арадығы жағдайды келіссөзбен шешуге тырысты.

1757-1760 жылдары қазақ елінің дербестігін сақтау мақсатымен Абылай Қытай және Ресей империяларына тәуелділігін сөз жүзінде ғана мойындады. Екі ірі мемлекеттің қыспағында болған Абылайдың басты мақсаты. Ресей мен Цинь империяларына да тәуелдігін сөз жүзінде мойындағанмен елдің дербестігін дипломатилық шаралармен қалайда сақтап қалу еді.

Үш жүз өкілдерінің барлығы оны қазақтың билеушісі деп таныды, бұл оның Жоңғарияға  қарсы күресте, халықтың басын біріктіріп, Ресей мен Қытай  арасында отырса да елдің дербестігін сақтап қала алғандығын мойындайтындығының көрінісі еді.

Абылай ханның жүргізген ішкі саясаты. Абылай қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, өз хандығы кезінде елдің саяси-экономикалық дамуына бірқатар елеулі өзгерістер енгізген мемлекет қайраткері.

Патша үкіметінің хан дережесін қабылдаудан "бас тартқан Абылай II Екатерина оны хан етіп бекіткеннен кейін де ант беруден   және патша үкіметнің берген сый-сыяпатынан да үзілді-кесілді бас тартты. Бұл әрекеттер оның алысты шолатын мемлекет қайраткері, ақылды басшы, батыл саясаткер, қазақ халқы үшін көсем болғанын көрсетеді. Сөйте тұра ол Әбілқайыр ханның саяси қағидаларының ізімен өзінің Қазакстандағы билігін тікелей Ресейдің ықпалымен ұстап тұруға тырысты.

Абылай жүздерді басқаруға өзгеріс енгізді. Орта және Ұлы жүздің барлық жері дерлік хан ұлдарына бөлініп берілді. 1774 жылы Талас жазығындағы Ұлы жүздің бір бөлігше басқарушы болған Әділ сұлтан тағайындалды. Жетісудың солтүстік-шығысын оның тағы бір ұлы Сүйік, ал Орталык, Қазақстанды Қасым басқарды.

Прогрессивті қазақ ханы жеке адамдардың жақын-дарынының және төлеңгіттердің қызметіне сүйенді. Төлеңгіттер ханның ең жақсы жайылымдарды бақылауына делдал болды. Дәстүрлі кәдімгі құқықтардан басқа, Абылай хан өзіне қылмыскерді өлім жазасына кесу құқығын таңдап алды, Бұрын мұндай шешімді билер соты қабылдайтын. Билер кеңесі мен ел ағалары-ру басылары съезінің құқықтары едәуір шектелді. Алайда Абылай билер мен сұлтандарға ықпал етудің ақырына дейін жете алмады. Көбінесе оған өзінің жеке беделіне арқа сүйеуіне тура келді.

1781 жылы Абылай хан қайтыс болған соң Орта жүздің ханы оның үлкен ұлы Уәли болды. Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатындағы  жаңа жағдайлар оны әкесінің саясатынан бас тартуға мәжбүр етті. Алайда, ХҮІІІ ғасырдың соңында болуы ақиқат отаршылықтың обьективтілігі және қазақтардың саяси тәуелсіздігі жоғалту туралы мәселесі алдын ала шешіліп қойған болатын.

Басқаша айтқанда, Абылай ханның түсінде көргендерінің шындыққа айналар уақыты келген еді. Ол түсті ханның кеңесшісі, атақты Бұқар жырау былай жорыған болатын: «Егер сен түсіңде жолбарыс көрген болсаң,  онда сенен бақыт құсы мен еркіндік кетеді екен... Ал жолбарыстың аюға айналуы- бұл сенің балаларың аю сынды уақытта өмір сүреді, адамдар бір –бірімен аю секілді арпалысады екен. Аю қасқырға айналып кетсе, сенің немерелерің қасқырша өмір сүреді. Ал қасқыр түлкіге айналып кетсе онда сенің шөберелерің түлкі секілді қу, айлакер болады екен. Ал оның қоянға айналып кетуі, одан кейінгі адамдар қоян секілді үнемі үрей үстінде өмір сүретін болады».

Абылай хан – халық сайлаған тәуелсіз қазақ хандығының басшысы, дарынды қолбасшы, дипломат, елін сұйген қайраткер ретінде халық есінде қалды.

Абылай сыртқы жаулармен күресе отырып, қазақ жерін біріктіруге күш салды. Ол 1771 жылы Әбілмәмбеттің өлімінен кейін Түркістандағы  Қожа Ахмет Яссауи мешітінде ақ киізге көтеріліп, үш жүздің ортақ ханы сайланды.Абылай хан (1771-1781жж.) – бүкіл қазақ елінде беделі өте жоғары болған соңғы хан. Тек Кіші жүз руларының азғантай бөлігін басқарған Әбілқайыр ұлдары ғана оның билігін мойындаған жоқ.  Абылай саяси тәуелсіздікті сақтай отырып, патшаның сый-сыяпатынан және Петербургке барып ант беруден бас тартты. Мемлекеттің ішкі мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Оның қажымас күші арқасында ХУІІІ ғасырдың соңғы ширегінде Қазақстан этникалық тұрғыданОрталық Азиядағы ең ірі феодалдық мемлекетке айналып, Цин, Ресей тәрізді іргелі империялармен өзара тиімді қатынастар орнатты.

Абылай есімі қазақ халқының жадында мәңгі сақталған, ол қазақ мемлекетінің қайта өрлеуінде, тәуелсіздік үшін күресте әрқашанда кейінгі ұрпаққа үлгі.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1. Қазақстан тарихы. Көне заман бүгінге дейін. 5 томдық. Алматы, 2010, 3-том

2. Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы. Алматы, 2005.

3. История Казахстана (с древнейщих времен до наших дней). Алматы, 2001.

4. История Қазахстана. Курс лекций /Под. Ред. Ж.Касымбаева, Алматы, 2001.

5. Новая и новейшая история Казахстана. Алматы, 2004.

6. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы (оқулық). Алматы. 2005.

7. Мусин Ч. Қазақстан тарихы .(оқулық) 2008.

8. Аманжолов К.Р.Қазақстан тарихы. (дәрістер курсы) Алматы, 2004; осы авторТүркі            халықтарының тарихы, Алматы,1988.

9. Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. М., 1957.

10. Бекмаханов Е.Б. ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан. А.,1992.

11. Абылай хан. Алматы, 1992.

12. Кенжалие И. Исатай-Махамбет. Алматы, 1991.

13. Қасымбаев Ж.К. Кенесары хан.Алматы,1993.

14. Анчиков Г.В. Қазақ батыры- Жанқожа Нұрмұхамедұлы. Алматы, 1992.

15. Касымбаев Ж.К. О некоторых вопросах истории национально-освободительного движения в Казахстаневторой половины ХІХ века . Ташкент, 1989. 16. Асфендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. А., 1994.

16. Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. А.,1999.

17. Зиманов С.З. Народно-освободительноевосстание под предводительством Исатая Тайманова. В кн. История Казахской ССР, т.3. А., 1979.

18.  Касымбаев Ж.К. Государственные деятели казахских ханств (ХVІІІ век). Алматы, Білім,  1999.

19. Казахско – русские отношения в ХVІІ-ХVІІІ веках. А., 1961.