ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
АЙМАҚТАРЫ
Сәлеметсіздер ме балалар! Біз бүгінгі
сабағымызда ерте темір дәуірінде Қазақстанның
әр аймағын мекендеген сақтардан қалған әйгілі археологиялық ескерткіштер
Бесшатыр, Есік, Шілікті, Берел қорғандары және Тасмола
мәдениеті жөнінде кеңінен мәліметтер ала отырып,
Қазақстан аумағынан табылған «алтын адамдар» мен оларды
тапқан археолог ғалымдардың қазба жұмыстарынан хабардар
боламыз.
1.
Ерте темір дәуіріндегі Жетісу аймағы. Жетісу сақ
қорғандарының ішіндегі ең көрнектілерінің
бірі – Есік қорғаны. Есік қорғаны б.з.б. V- ІV
ғасырда салынған.
Ол Алматы
қаласының шығысында 50 шақырым жерде, Іле
Алатауының баурайында орналасқан. Қорған 40-тан
астам обадан тұрады. Есік қорғанына археологиялық
қазба жұмыстары 1969-1970 жылдары жүргізілді. Оның
диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр. 1970 жылы археолог Кемал Ақышев
Есік қорғанындағы қабірден 17-18 жас шамасындағы
шошақ бөрікті сақ ханзадасының мүрдесін
ашты. Бұл адам тарихқа «Алтын адам» деген атпен енді.
Ханзаданың бас киімінде 150 түрлі жануарлар мен
құстардың бейнесі өрнектелген. Бас киімде бейнеленген
қанатты аттар – күн қозғалысын білдіреді.
Қабірдің ішінен 4000-нан астам заттар табылған. Ол
заттардың ішіндегі ең ерекшесі – 26 таңбадан
тұратын жазуы бар күміс тостаған және
«аңдық стильде» өрнектелген ағаш қынды
қанжар – ақинақ. Күміс тостағандағы
жазуды көне түркі тілінде оңнан солға қарай
оқыған белгілі түрколог – ғалым Алтай Аманжолов
болды. Тостағандағы жазуды қазақшалай
оқығанда: «Аға, саған (бұл) ошақ ! Бөтен,
(жат ел адамы) тізеңді бүк ! Халықтың қарны
тоқ болғай ! » деп жазылған.
Бесшатыр
қорымы. Б.з.б. V- ІV ғасырға жататын Бесшатыр қорымы Іле
өзенінің оң жағалауындағы
Желшалғыр тауының
етегінде, Шылбыр қойнауында орналасқан. Бұл қорым
үлкен, орташа және
шағын 31 обадан тұрады.
Бесшатыр обалары қиыршық
тас және топырақ үйінділерімен жабылған. Обалар солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 шақырым ал шығыстан батысқа қарай 1 шақырым
аймақты алып жатыр. Олардың
ішіндегі ең ірісі - Үлкен
Бесшатыр обасы. Оның диаметрі - 104
метр, биіктігі - 17 метр. Бұл қорғандар - «патша қорғандар» деп аталады. Өйткені бұл обаларда патша
сияқты ең беделді, ең даңқты адамдар жерленген. Обаны үйер алдында оның жер бетіндегі
шеңберлі табанына жағалай тығыз етіп,
жалпақ тастардан бірнеше қабат
тас төселген. Үйіндінің айналасынан 5-
2. Ерте
темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан. Шығыс
Қазақстанның далалық аймақтарында, қазіргі Зайсан ауданының жерінде алып патша қорғандары
кездеседі. Оның ең көп шоғырланған жерін Шілікті
ескерткіштері деп атайды. Шілікті
обасы б.з.б. VІІ-VІ ғасырға жатқызылады. Шілікті
қорымында барлығы 51 оба бар. Бұл
қорғандар алып немесе орташа қорғандар.
Алып қорғандардың
диаметрі 100 метр, ал биіктігі 8-10
метрге жетеді. Мұндай обаның саны -13. Аталған қорғандар ерте
заманда-ақ тоналып кеткен.
Бірақ кейбіреуінде зергерлік өнердің өте бағалы
заттары сақталған. Соның бірі 1960 жылы қазылған «Алтын қорған» деген атау
алған оба. Қабір ішінен бүркіт, қабылан мүсіндері,
қабан, балық, бейнелері, қанаттары
жаюлы құс түріндегі алтын қаптырма
және басқа зергерлік әшекейлер
табылды. Алтын бедерлі мүсіндер ғажайып
шеберлікпен, көркем жасалған. Қабірдің алдында
шұңқыр қазылған. Шұңқырдың
орта шенінен шығыстан
батысқа қарай бағытталған дәліз жасалған.
Балқарағай бөренелерінен қабір үйін салған. Бұл қабірге екі адам жерленген. Оның бірі 40-50 жас шамасындағы ер адам да екіншісі 50-60
жастағы әйел. Сондай-ақ, қабірден 13
қола жебе мен қорамсақ табылды.
Берел қорымдары.
Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірінің б.з.б. V- ІV ғасыр
аралығын қамтитын кезеңін Берел кезеңі
деп атаймыз. Берел кезеңі деп
аталуы Қатонқарағай ауданындағы Берел қорымына
байланысты қойылған. Бұл қорымнан 40-тан астам
обалар табылған. Ішіндегі ең үлкенінің
биіктігі 9 метр, диаметрі 20 метр болған. Қазіргі
кезде обаның тас үйінділері құлап,
аласарып қалған. Негізінде, бұл обаға жерленген адам жер бетінен 6-7 метр тереңдікте жатыр. Қабір іші қарағаймен қаланып, мәйіт астау-саркофагқа салынған. Қабір жанынан 16
аттың қанқасы шықты. Аттар белгілі тәртіппен әр қатарда 4 аттан
4 қатар болып орналастырылған.
Обаға аттармен қоса ер-тұрман да қоса көмілген. Ат әбзелдері алтынмен қапталған. Берел мәдениетінің
ерекшелігі - жайпақ түпті
қыш ыдыстардың көптеп таралуы. Ыдыс жасаудың екі түрі бар. Оның бірі
- мойны қусырылып, кейде тік
болып келетін құмыралар, ал
екіншісі - жатаған, жайпақ көзелер. Берел
кезеңінің соңында қола заттар азайып, темірден жасалған заттар көбейген. 1998-1999 жылдары археолог Зейнолла
Самашевтің жүргізген
қазба жұмыстарының нәтижесінде № 11-оба толық ашылып,
онда астау табытқа жерленген 45
жастағы ер адам мен одан егделеу әйелдің мәйіті
табылды. Ғалымдар радиологиялық әдіспен мәйіттердің б.з.б. ІІІ ғасырда
жерленгенін анықтады. Мәйіттер
айрықша сән-салтанатпен киіндіріліп
қойылған. Қаңқа сүйектің әр жерінде
киім-кешектің шірінді қалдықтары
сақталған. Мәйіт
киімі інжу-моншақтар мен алтын жапырақшалар қадалып, әшекейленген. Осымен
бірге Берел қорымындағы қабірден адаммен бірге
құрбандыққа шалынған 13 жирен жылқының қаңқасы табылды.
3. Ерте темір дәуіріндегі
Орталық Қазақстан. Сарыарқаның
ерте темір дәуірі ескерткіштері Тасмола
мәдениеті деген атпен белгілі. Бұл мәдениетті исседон тайпалары қалдырғын. Тасмола мәдениетінің
алғашқы ескерткіштері
Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы
Тасмола өңірінен табылды. Орталық
Қазақстандағы сақ ескерткіштері негізінен обалы қорымдар түрінде
сақталған. Орталық
Қазақстанның осы дәуіріне тән ескерткіштерге «мұртты» обалар жатады. Кейбір ғалымдардың
пікірінше, «мұртты қорғандар» бағдаршам рөлін атқарған.
Шынында, «мұртты қорғандар» белгілі бір бұрышпен
салынған да, оңтүстік,
солтүстік, шығыс, батыс бағытты көрсетеді. Мұртты
обалардың аузы күншығысқа қаратылған.
Бұл сол кездегі күнге табынудың белгісі. «Мұртты» обалардың 4 түрі
кездеседі. Бірінші
түрі - үлкендеу қорғанның
шығыс жағынан салынған
кішілеу қорған обалар. Кіші қорғанның шығыс жағынан «мұрт» сияқты
тас тізбек кетеді. Екінші түрі – екі қорған оңтүстіктен солтүстікке қарай қатар салынады және екі қорғанның
оңтүстік және
солтүстік шегінен шығысқа карай мұрт (доға) сияқты тас құрылыс
жүргізіледі. Үшінші түрінде, алдымен бір үлкендеу қорған
салынады, соның үстінен
тағы бір кіші қорған тұрғызылады.
Үлкен қорғанның шығыс жағынан тас «мұрт» жасалады. Төртінші түрі үшіншіге ұқсас, яғни бірінің
үстінен бірі салынған екі қорғаннан тұрады.
Бұл обалардағы астыңғы қорған мен үстіңгі қорғанның
ара жігін қазба барысында ғана анықтауға болады.
Обалардың біреуіне адамды, ал
екіншісіне мініс атын жерлеген.
Өлген адамның аруағына арналып жылқы шалып, оны бірге көмген екен. Қазақта өлген адамға
арналып сойылған жылқының
басы оның қабірінің үстіне қойылған. Бұл
әдет шығыс аймақтарындағы қазақтарда
күні бүгінге дейін сақталған.
4. Ерте темір дәуіріндегі
Оңтүстік Қазақстан. Оңтүстік Қазақстандағы
сақ тайпаларының ең көне ескерткіштері Түгіскен
мен Ұйғарақ қорымдары. Олар Арал теңізінің
шығыс жағында орналасқан. Бұл ескерткіштердің
салыну мерзімі б.з.б. VІІІ-V
ғасырға жатады.
Обаларды қазу барысында сыртын жылтыратқан ұзын мойынды
қыш ыдыстар, үш қырлы жебе, ат ауыздықтары,
ер-тұрман әбзелдері көптеп табылды. Сонымен қатар,
обалардан табылған заттардың ішінде аң бейнесінде
жасалған металл бұйымдар жиі кездеседі. Оның ішінде арыстан бейнесі көп
табылған. Ғалымдардың болжауынша Түгіскен,
Ұйғарақ ескерткіштерін массагет
тайпалары қалдырған. Арал өңірінде кездесетін
сақ тайпалары ескерткіштеріне жататын Шірік-рабад, Бәбіш-молда, Баланды және т.б.
ескерткіштер «су жағасын мекендеген сақтар» - апасиактардан қалған. Шірік-рабад қаласы апасиактардың астанасы болған.
Сонымен
қатар темір дәуірінің құнды ескерткіштеріне
жататын Маңғыстау жеріндегі Дықылтас
және Үстірт аймағындағы Бәйте, Қарамөңке,
Терең қорымдарынан б.з.-дағы IV ғасырға
жататын жерлеу ғибадатханалары табылды.
Дықылтастағы 3
қабірден 30 шақты
адамның сүйегі шыққан.