Тыңды игеру. Ғарышты
игеру
Кеңес үкіметі
басшылары 1954 жығы ақпан-наурыз пленумында «Тың және тыңайған жерлерді игеру» жоспарын
бекітті. Яғни бос жатқан Еуразияның кең-байтақ
жерлерін жыртып, оны егіс алқабына айналдыру, елде астық өндіруді
одан әрі ұлғайту керек деп шешті.
Тың игеру Оңтүстік
Сібір, Қазақстан, Орал, Еділ бойы, Солтүстік Кавказ сияқты
аймақтарда жүрді. Қазақстанның алты облысында тың
және тыңайған жерлерге түрен түсті. Бұлар: Қостанай,
Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар
облыстары. Алғашқы жылдың өзінде Қазақстанда
6,5 млн гектар жер жыртылды. Ал жалпы тың игеру жылдары (1954-1965) Қазақстанда
25 млн гектар жерге егін егілді. КСРО бойынша 42 млн гектар жер жыртылған
екен.
Алғашқы екі-үш
жылда Қазақстанға тың игеру жеген желеумен Украинадан,
Белоруссиядан, Ресейден, Молдавиядан 650 мың жұмысшы көшіп
келлді. Ал шындығында 130 мың адам ғана керек еді.
Тыңгерлерге мемлекет
тарпынан көп көмек, жеңідіктер жасалды. Олар 2-5 жылға
ауыл шаруашылық салығынан босатылды. Мемлекет тұрғын үй
салуға 10 мың сом несие, мал сатып алуға 1500-2000 сом тегін
берді. Әрбір отбасы мүшелеріне 150-200 сом, ал отбасы басшысына
500-1000 сом бір реттік көмек көрсетілді.
Тың жерлерді игерген
жылдары Отан қоймасы алтын дәнге
толып, астық мәселесі шешілгенімен, оның жағымсыз жақтары
болды. Бұрын болып көрмеген көп көлемде жер жыртылды.
Оның бетіндегі топырақтың гумус
деп аталатын құнарлы бөлігі желге ұшып, жер эрозияға
ұшырады. Мысалы, 1960 жылы бір ғана Павлодар облысының өзінде
9 млн гектар эрозияға ұрынған. Бұл Францияның бүкіл
мемекеттік ауыл шаруашылық жер көлеміне тең екен.
Сонымен қатар кең-байтақ
даланы есепсіз жырту қазақтардың дәстүрлі мал
шаруашылығына үлкен зиян келтірді. Мал шаруашылығына көшіп-қону
үшін кең жайылым алқабы керек екендігі белгілі. Қажетті
жайылымдық жерлердің көлемін егістік алқаптары
тарылтты.
Дегенмен тың игеру кезеңі
қазақтың талай-талай қайсар, еңбекқор
адамдарын тәрбиелеп шығарды. Соның бірі Кәмшат Байғазықызы
Дөненбаева 1945 жылы Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында
дүниеге келген.
Ғарышты игеру. Әлемде тұңғыш
адам баласы ғарышқа 1961 жылы 12 сәуірде қазақ
топырағынан аттанды. Бұл-адамзат тарихындағы ұлы оқиға.
Ғарышкер Юрий Гагарин еді. Атақты ақын Олжас Сүлейменов
кеңес ақын-жазушыларының ішінде бірінші болып тұңғыш
ғарышкер Гагариннің ғарыштық
сапарына жыр арнады. Ол өзінің «Адамға табын, Жер, енді!»
поэмасын жазды.
Ғарыш кемелері Қазақастанның
Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшады. ТМД-дан, басқа
шетелдерден келген ғарышкерлерді Қазақстан даласы қарсы
алып, шығарып салады.
1991 жылы 2 қазанда – Қазақстан
тарихына ғасырдың тағы бір ұлы оқиғасы
жазылды. Қазақ ұлы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа
ұшты.
Қазақстнда бүгінде
Тоқтар Әубәкіровтың ұйымдастыруымен болашақ
ғарышкерлерді дайындайтын мектеп ашылды.
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев 1951 жылы Алматы
облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген. Ол – Қазақстан
Республикасының әрі Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері.