Халық
ауыз әдебиеті.
Халық
ауыз әдебиеті.
Қазақ халқының
ауыз әдебиетінің
тарихы түркі
дәуірінен
басталады.
Ауыз әдебиетіне
ертегілер, аңыз-әңгімелер,
мақал-мәтелдер,
жұмбақтар
мен эпостық
жырлар
жатады.
Ертеде Қазақстан
аумағын
мекендеген
ру-тайпаларда
әдеби шығармалар
ауызша
фольклор түрінде
тараған.
Фолъклор ағылшын
тілінен
аударғанда
«халық
даналығы,
халық
білімі»
деген мағынаны
білдіреді. Қазақ
халқының
ауыз әдебиеті
– мазмұны
бай, көркем қазына.
Қазақтың
аңыз-әңгімелері
– ауыз әдебиетінің
бір саласы. Аңыз
– көпшілік жағдайда
әңгіме түрінде
болады. Аңыз
белгілі бір
адамның
атына, іс-әрекетіне
байланысты
шығады. Кейде
аңызда шындық
пен қиял-ғажайып
оқиға аралас
келеді
Аңыз-әңгімедегі
адам батыр,
жауынгер,
хан, бай, би, шешен,
күрескер
болуы мүмкін.
Қазақ аңыздарында
Алдар көсе,
Жиренше
шешен, Асан қайғы,
Қорқыт және
басқалар
жайлы
баяндалады.
Эпоста
– өз Отанын,
елін, жерін қорғау
үшін басқыншылармен
күрескен
батырлардың
ерлігі паш
етіледі. Осыған
байланысты әйгілі
«Қобыланды
батыр», «Ер
Тарғын», «Ер Қосай»
сияқты
тарихи
батырлық
жырларда
елін, жерін қорғаған
батырлардың қаһармандық
ерліктері
баяндалады.
Дастан–
парсы
тілінен
аударғанда
айту,
баяндау,
жырлау деген
мағынаны
білдіреді.Қазақ
арасында
батырларға
арналған
жыр–дастандар
көп. Қазақтың
жыр– дастандарына
«Қобыланды»,
«Ер Тарғын», «Қыз
жібек» және
басқалар
жатады.Халық
ақындары,
жыршы,
жыраулары
домбыра, қобыз
сияқтя
музыка
аспаптарына қосылып
суырып- салма
жыр толғайды.
Отаншылдық
рухтағы
дастандарға
«Ер Төлеген»,
«Жиырма бес»,
« Сыпатай
батыр» халық қаһармандары
бейнеленген.
Дастандарда
бейбітшілік,
еңбек тақырыбы
да жырланады.
Шежірелер.
Шежіре (араб
сөзі –
шаджарат-бұтақ,
тармақ) халықтың
шығу тегін,
таралуын
баяндайды.
«Шежіре» –
есте сақтау,
жадыдағы
білім, рухани
қазына деген
мағынаны
білдіреді.
Қазақ
шежіресі
халықтың шығу
тегін,
ру-тайпалардың
өсіп-өнуін ұрпақтан
ұрпаққа
жеткізіп, мұраға
қалдырып
отырды.
Шежіре – ерте
заманнан бері
атадан балаға
ауызша
жеткізіліп
отырған
тарихи шығарма.
Әрбір
қазақ ертеде
жеті атасын, өз
шежіресін жатқа
айтып бере
алатын болған.
Шежірені
білу өз еліңнің
тарихын білу
деген сөз.
Қазақтар
ру-тайпа, жүз
және
отбасының тұрмыс-тіршілігін
ауызша
таратып, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізетін
адамды
«шежіреші»
деп
аса құрметпен атаған.
Шежірешілер
ата-баба мен
ру-тайпаның
таралу
тарихын жақсы
білген. Қазақ
халқының
руларының 200-ден
аса өз
шежіресі болған.
Шежіреде әрбір
руға
байланысты
тарихи оқиғалар,
елдер
арасындағы қарым-қатынастар,
атақты
батырлар мен
билер, ақын-жыраулар
туралы
айтылады.
Олардың ел
есінде қалған
игі істері,
ерліктері, нақыл
сөздері
жайында маңызды
деректер сақталған.
Қазақ
мемлекетінде
хандар мен
рубасылары
шежірелерді
жақсы білген.
Өйткені қарамағындағы
ру-тайпаларды
басқару, салық
жинау, әскери
жасақ ұйымдастыру,
олардың
арасындағы
дау-жанжалдарды
шешу үшін
шежірені
білу қажет.
Қазақ
халқында көне
заманнан
жазбаша түрге
түсірілген
шежірелер сақталынып
қалған. Мұхаммед
Хайдар
Дулати, Қыдырғали
Қосынұлы
Жалаири, Мәшһүр
Жүсіп Көпейұлы,
Шәкерім Құдайбердіұлы
шежірелері
халқымыздың
ата тарихынан
сыр шертеді.
Х.М.Дулати
шежіресінде қазақ
хандығы қалыптасуы
терең
зерделенген.