Отырар қаһарман қала

 

Отырар-Қазақстан жеріндегі көне қала.Отырар ІХ-Х ғасырларда гүлденген ірі қала және ғылымның орталығына айналды. Бұл қалада сәулетті сарайлар, ірі медреселер, мешіттер болған.

Ежелгі Отырар қорғанын жаулап аламын деушілердің бірі  Шыңғыс хан болды. Ол Қытайды жеңіп, Отанына оралған соң, қазақ даласын жаулап алуды ойлады. Бұл мақсатын іске асыру үшін осы елдерге үш мұсылман бастаған елші аттандырды.Мұхаммед шах оларды Бұхара қаласында қабылдап, шығыс пен батыстың арасын жалғастырып жатқан Жібек жолын моңғол  керуені үшін ашып қоюға уәде байласып, келісім шартқа қол қояды. Елшілер оралған соң, Шыңғыс хан тағы тыныш жатпайды. Хорезм елінің күшін, сауда-саясатын біле түсу мақсатымен тыңшы қосып, екінші рет елшілік аттандырады. Мұны сезген қала әміршісі оларды тұтқынға алып, Мұхаммед шах әмірімен тыңшыларды жазалайды. Осылай Шыңғыс ханның үлкен мемлекетке шабуыл жасауына себеп табылады.

1219 жылы қыркүйекте моңғолдар Отырар қаласын қоршады.  Халық жаулап алушыларға қарсы ерлікпен 6 ай бойы күресті. Жақсы бекінген, ерекше қарсылық көрсеткен Отырар қаласын Қайырхан әскерімен бірге қорғайды. Қаланы биік дуалмен қоршап, жан-жағын айналдыра ор қазып тастаған. Қалаға кіріп-шығу үшін, қақпа салған.Қайыр хан Шыңғыс ханның көрші мемлекеттерді қалай жаулап алғанын жақсы білді. Сондықтан қаланы қорғау үшін барлық даярлықты жасады. Жаяу және атты әскерлерді қақпа алдына қойды. Ал өзі қамал қабырғасына шығып, қала сыртына қарағанда көз жетер жердің барлығында әскер тұрды. Шыңғыс ханның жауынгерлері қамалдың айналасында бірнеше қатар болып, шеңбер құрып орналасқан болатын.

Отырар қаласын еркектермен бірге әйелдер де, балалар да ерлікпен қорғады.  Монғолдар қаланы жермен-жексен етеді.  Талай ғасыр бойы гүлденген Отырар қаласы қиратылып, өртелді.Қала халқы қырылды, тірі қалғандарын Моңғолияға айдап әкетеді.Отырар-қаһарман қала, оны қорғаушылар - ерліктің үлгісі.

  Отырар 1219 жылғы шапқыншылықтан кейін қайта жанданады.  Отырар Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Монғолия   мен   Қытайға   баратын   маңызды   сауда   қаласы болды.   Отырар шамамен XVIII ғасырдың басына шейін өмір сүрген.

«Мәдени мұра» бағдарламасына сай ежелгі қалалар мен қалшықтар Бозақ, Отырар, Сауран, Талғар, Қойлық, Сарайшық қалаларында археологиялық қазба жұмыстары зерттеулер жүргізіліп, тың мәліметтер жинақталып, кітаптар шығарылуда.

Ежелгі Отырар қаласының орнында Фараб немесе Бәрәб атты үлкен қоныс боған. «Бәрәб» - ежегі түрік сөзі. Ол «сулы қоныс» деген мағынаны білдіреді, себебі шаһар Арыс пен Сырдария өзендерінің қосылған тұсында орналасқан. Ежелгі Отырар немесе Фараб қаласының орны Оңтүстік Қазақстан облысының түстік батысында, темір жол бойында болған.

Отырар орнында бұл күндері басы бүтін жалғыз қалған құрылыс – Арыстан Баб ғимараты. Алғашқы көне дәуірдегі ескерткіш қираған соң, бұл соның орнына салынған ортағасырлық өрнекті әсем ғимарат.