АДАМ ҚАЛАЙ
ЖАРАТЫЛДЫ ?
Бүгінгі таңда
адам
баласының
жер бетінде
пайда болуы жөнінде
түрлі көзқарастар
бар. Ондай көзқарастардың
біріншісінде
- діни түсінік
бойынша бүкіл
әлемді, соның
ішінде
адамды да құдай
жаратты
деген ұғым
болса,
екінші көзқарас
бойынша адам
баласы жер
бетіне ғарыштан
келген. Ал, үшінші
пікір
бойынша - адам баласы
жер
бетіндегі
басқа да
тіршілік
иелері сияқты
ұзақ эволюциялық
даму нәтижесінде
қалыптасқан. Әлемнің көпшілік
ғалымдары
осы көзқарасты
жақтайды. Чарлз
Дарвиннің
ілімі
бойынша адамның
пайда болып, қалыптасуы
мен дамуы қарапайымнан
күрделіге қарай
жүрген. Өйткені,
алғашқы адамның қазіргі
адамдардан көп
айырмашылығы
болды. Олар қолдары
аяқтарынан ұзын, терісін қалың
түк басқан ірі
маймылдарға ұқсас
келді.
Жер бетіндегі
ең алғашқы
адам қалдығы
1959-1963 жылдардағы
археологиялық
қазба жұмыстары
барысында Шығыс
Африканың Кения
жеріндегі
Олдувай шатқалынан
табылды. Ғалымдар
бұл
ежелгі
адамның түр-сипатына
және қасынан табылған
тас шапқыға қарап
оны
«епті адам» деп
атады. «Епті
адам» маймыл
тәрізді төрт
аяқпен емес,
екі аяқпен жүрген.
Оған табан сүйектерінің
доғалданып
келуі дәлел. Соңғы
жылдары ғалымдар
ашқан жаңалықтар
жер
бетінде
адамның алғаш
пайда болған
отаны – Солтүстік-Шығыс
Африка екенін дәлелдеді.
Себебі ежелгі
адамдардың қазынды
қалдықтарының
көбі
осы аймақтан
табылды.
Адамзаттың
келесі даму
сатысындағы
тіршілік
иесі «тік
жүретін адам»
деп аталады.
Олардың ғылымға
белгілі өкілдері
питекантроп пен
синантроптар. Олар
бұдан 1 млн.
жыл бұрын өмір
сүрген. Бірінші
питекантроп
1891 жылы
Индонезиядағы
Ява аралынан табылды.
«Епті адаммен»
салыстырғанда
питекантроптың
миының көлемі үлкейіп,
бас және жақ сүйектері
кішірейді, аяғы
ұзарып, қолы қысқара
бастаған.
«Тік жүретін
адамның»
екінші бір түрі
синантроп алғаш рет
1927 жылы Қытайдағы
Чжоу-коу-дянь
үңгірінен қазып
алынды.
Синантроп қаңқаларының
жанынан түрлі
пішіндегі тас құралдар
мен күлдің, көмірдің,
отқа күйген
тастардың қалдықтары
табылды. Адам
дамуының
келесі
сатысы –
неандерталь адамның пайда
болуы. Бұл
адам 1856 жылы тұңғыш
рет
Германияның Неандерталь
жотасынан табылды.
Неандерталь
адамның өзінен бұрынғылармен
салыстырғанда
дене бітімі
өзгеріп, қас үстіндегі
дөңесі азайған және
маңдайы
жазылып, иек
пайда болған . Қолдары
күшті болғанымен,
оларға қазіргі
адамдарға тән
икемділік
пен шапшаң қимыл
жетіспеді.
1938 жылы
академик
А.П.Окладников
Өзбекстанның
оңтүстігіндегі
Тесіктас үңгірінен
8-9 жастағы
неандерталь
баланың
қаңқа сүйегін
тапты . Ал,
бұл баланың бет әлпетін
танымал антрополог-ғалым
М.М.Герасимов қалпына
келтірді.
Ежелгі дәуірде
қоғамның
дамуы өте
баяу жүрген. Өйткені
адамдар көп
уақытын тамақ
іздеумен
өткізді.
Дегенмен,
адамзаттың жетілу құбылыстары
да жүріп жатты.
Олардың өмір
сүру
ортасына бейімделіп,
денелерін тік
ұстауы мен
ойлау қабілеттерінің
дамуы қазіргіге ұқсас
адамдардың
пайда
болуына алып
келді . Адам
дамуының
келесі
сатысында
неандерталь
адамнан
кейін дене бітімі қазіргіге
ұқсас «саналы
адам» қалыптасты.
Мұндай
адамның сүйегі
алғаш рет 1868 жылы
Франциядағы Кро-Маньон
үңгірінен
табылғандықтан,
оны
«кроманьон»
адам деп атайды. Бұл
адамның
түр-сипатында қазіргі
адамдарға ұқсас
белгілер көп.
Олардың маңдайы
жазық, қабақ үсті
аздап шығыңқы,
мұрны
кішірек, бас сүйегі
қазіргі
адамдарға ұқсас
болып келеді.
Сондай-ақ, кроманьон
адамның дене
бітімінде қазіргі
адамдардан
еш
айырмашылық
болмаған .
Олардың бойы биік, аяқтары
ұзын болған және тік жүрген.
Осылайша, сырт
бейнесі
жағынан
маймылға көп ұқсастығы
болғанына қарамастан,
алғашқы
адамдар өзінің
ежелгі туысынан
анағұрлым
биік тұрды. Өйткені
оның ойлау қабілеті
бар еді.
Алайда,
ежелгі
адамдардың
ой-өрісі алғашқыда
тым шектеулі
болып, ауыр
да баяу қалыптасқанын
ұмытпауымыз
керек. Десек
те, бұл
адамзат
дамуындағы үлкен
жетістік
болып
саналады
Епті адам
Питекантроп
Синантроп Неандерталь
адам Кроманьон
адам Алғашқы
адамдардың
топтанып аң аулау
сәті.
ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ
АНЫҚТАМА
Б.з.б. 2
млн. 500 мың – 3 мыңжылдық –
тас дәуірі.
1963 ж. - Шығыс
Африкадағы
(Кения) Олдувай
шатқалынан "епті адам" (зинджантроп) табылды.
1891 ж. – Индонезиядағы
Ява аралынан
бірінші
питекантроп
табылды.
1927 ж. - Қытайдағы
Чжоу-коу-дянь
үңгірінен синантроптың
табылуы.
1958 ж. - археолог
Хасен
Алпысбаев Оңтүстік
Қазақстандағы
Қаратау жотасынан
ерте
палеолит тұрақтарын
ашты.
1856 ж. – Германиядан
неандерталь
адамның
табылуы.
1938 ж. - академик
А.П.Окладников
Өзбекстандағы
Тесіктас үңгірінен 8-9
жастағы
неандерталь
баланың
қаңқасын
тапты.
1868 ж. –
Франциядан дене бітімі қазіргіге
ұқсас кроманьон
адамның
табылуы.
ГЛОССАРИЙ
Австралопитек
- адамның
ежелгі және
жабайы түрі. Қалдықтарының
негізгі
табылған
жері – Шығыс
Африка. Австралопитектің
бойы 1,5 метр
шамасында,
салмағы 70 кг.
дейін жеткен.
Екі аяқпен жүрген,
тіс жүйесі әлсіз,
бірақ
маймылдан өзгеше
болған. Тамақ
талғамаған, қару
ретінде табиғи
заттарды қолданып,
дөрекі еңбек құралдарын
жасай білген.
Археология
– заттай
деректер
бойынша
адамзат
тарихының
ежелгі кезеңін
зерттейтін ғылым.
Археология
атауы грекше
«архео» - көне,
«логос» -
зерттеймін деген
мағынаны
білдіреді. Алғаш
рет бұл
атауды өзінің
«Үлкен
Гиппий» атты
шығармасында
ежелгі грек
философы
Платон (б.з.б. 427-347
ж.ж.) қолданған.
Зинджантроп
– 1959-1963
жылдардағы
археологиялық
қазба жұмыстардың
нәтижесінде
Шығыс
Африкадағы
Олдувай шатқалынан
табылған ең
ежелгі
адамның түрі.
Жақ сүйектерінің
шомбалдығымен
ерекшеленеді.
Зинджантроп
б.з.б. 1 млн. 750 мың
жыл бұрын өмір
сүрген.
Кроманьон – адамның
эволюциялық
даму
сатысында неандерталь
адамнан соң кейінгі
палеолитте қалыптасқан
қазіргіге ұқсас
саналы адам.
Бұл адамның қаңқасы
1868 жылы
Франциядағы
Кро-Маньон үңгірінен
табылғандықтан,
оны
«кроманьондық»
деп атайды.
Оның миының
көлемі - 1500–1800 см3, бойы
– 1,68–1,94 метр,
жасы б.з.б. 40 мың
жыл.
Мамонт
(зіл) –
палеолит дәуірінде
Еуропа, Азия,
Африка және
Солтүстік
Америкада кеңінен
таралып, мұз
басу кезінде құрып
біткен, салмағы
5
тоннаға
дейін
жететін алып піл.
Мамонт алғашқы
қауымдық
адамның өмірінде
етті жануар
ретінде маңызды
рөл атқарды.
Оның ұзын тістері
мен қабырға сүйектерін
ежелгі
адамдар
баспана тұрғызуда
пайдаланған. Мәңгі
тоң қабатында
сақталған
тұтас
мамонттың
денесі 1910 жылы
Солтүстік Сібірдегі
Саха
(Якутия)
жерінен
табылып,
Петербургке әкелінді.
Неандерталь
адам – 1856
жылы
Германияның
Неандерталь
жотасынан қазып
алынған орта
палеолит
кезеңінің
адамы.
Табылған
жерінің
атына
байланысты
«неандерталь
адам» деген
атау алған.
От
жағу – адамдар
ерте
палеолиттің
соңы мен орта
палеолит
кезеңінде
отты қолдан
жағуды үйренген.
Шығыс
Африкадағы
Чесованджа тұрағынан
б.з.б. 1 млн. 500 мың
жыл бұрын
ежелгі
адамдар жаққан
оттың қалдығы
табылды.
Олдувай – Шығыс
Африкадағы
Килиманджаро
тауы мен
Виктория көлінің
арасында
орналасқан
шатқал.
Олдувай шатқалынан
б.з.б. 1 млн.
750 мың
жыл бұрын өмір
сүрген «епті
адамның» қаңқасы
табылды. Бұл
жерден табылған
тас құралдар өндірісі
– «олдувай мәдениеті»
деп аталады.
Палеолит
– б.з.б. 2 млн. 500 мыңнан
– б.з.б. 12 мың жыл
арасындағы ең
ұзақ кезеңді қамтитын
ежелгі тас ғасыры.
Палеолитте
ежелгі
адамның
дамуы
бірнеше кезеңдерден
өтіп, қазіргі
адамдар қалыптасты.
Бұл кезде тас
өңдеу әдістерінің
жетілуіне
байланысты еңбек
өнімділігі
артып,
материалдық
және рухани мәдениет
дамыды. Палеолит
ерте, орта және
кейінгі
болып үш кезеңге
бөлінеді.
Петроглиф - тас,
жартас
бетіне қашау
арқылы сызып
немесе ойып
салынған
сурет.
Петроглифтер
кейінгі
палеолит кезеңінде
пайда болған
бейнелеу өнерінің
ежелгі түрлерінің
бірі.
Питекантроп
– б.з.б.
1 млн.жыл бұрын
өмір сүріп,
тік жүру қабілетін
меңгерген
ерте
палеолит адамы.
Алғашқы
питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы
Ява аралынан
табылды. Питекантроптың
миының көлемі - 950 см3,
оларда
маймылдың
кейбір
нышандары сақталған.
Реконструкция
– жеке
бөлшектерді,
адам мен
жануар қалдықтарын,
түрлі бұйымдар
мен құрылыстарды
қайта қалпына
келтіру.
Ежелгі
адамның сыртқы
келбетін қалпына
келтірудің
негізін
салушы –
белгілі
антрополог
М.М.Герасимов
(1907-1970 ж.ж.).
Синантроп - ерте
палеолитте өмір
сүрген «тік жүретін
адамның»
екінші түрі.
Алғаш
рет 1927 жылы Қытайдағы Чжоу-коу-дянь
үңгірінен қазып
алынған. Оның
миының көлемі
- 1075 см3, жасы - б.з.б. 1
миллион жыл.
Кейде синантропты
«Пекин
адамы» деп те
атайды.
Тарих – адамзаттың
басынан өткен
оқиғаларды
зерттейтін ғылым.
Тарих сөзі
арабша
«зерттеу, оқиғалар
туралы әңгіме»
деген мағына
береді
Тұрақ
– тас
дәуіріндегі
адамдар
мекендеген
орын. Тұрақтар
үңгірдегі және
аспан
астындағы
болып екіге бөлінеді.
Үңгір тұрақтарын
адамдар
бірнеше күннен
мыңдаған
жылдарға
дейін
мекендеген.
Шанышқы – ағаш сапқа
орнатылған, үш
ашалы сүйектен
және
темірден
жасалған ұштығы
бар балық
аулайтын құрал.
Шапқы
– жұмыр
тастың екі жағын
да өңдеп, ұшын
үшкірлеп
жасаған ерте
палеолитте
кең тараған қару.
Шапқының ұзындығы
- 10-20 см, салмағы 0,5 – 2
килограмдай
болған.
Чоппер – ерте палеолитте
тасты жару арқылы
бөлшектеп
алынған, жүзі
өткір, қарабайыр
салмақты тас құрал.