ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫ
Қазақстан
Республикасы
14 облысқа, 90-ға
жуық қала мен
200-дей қала
тектес
кентке және 159
ауданға бөлінеді.
Солардың
ішінде Алматы
қаласының
тарихы
ежелгі
замандардан
бастау алады.
Қазіргі қала
аумағы
мен оның төңірегіндегі
өңірлерде
ежелгі мәдениет
ескерткіштері
күні
бүгінге
дейін сақталған.
Олардың
ішінде б.з.б.
Жетісуды
мекендеген
сақ
тайпаларынан
қалған
обалардың маңызы
зор. Бұл
обалардың
жасы шамамен
2.5 мың жылға тең.
Ең үлкен
обалардың
биіктігі 20
метрге дейін
жетеді,
іргесінің
диаметрі 100
метр. Олар үлкен
және Кіші
Алматы,
Есентай Ақсай
өзендерінің
жағаларына
орналасқан. 1854
жылы қаланың
ертедегі
орнына
Верный
бекінісі
салынған. 1921
жылы қаланың
аты Алматы
болып өзгертілді.
1929 жылы Алматы қаласы
Қазақстанның
астанасы
болып
жарияланса,
1997 жылы
астана
Алматыдан Ақмолаға
көшірілді.
Алматы қаласы
бүгінде ғылым
мен мәдениет,
білім, өнеркәсіп
пен қаржы
орталығы
саналады.
Түркістан
– қазақ
жеріндегі ең
көне қалалардың
бірі. Оның
тарихы ең
кемі 2000 жыл, мүмкін
одан да бұрын
пайда болған.
Себебі қала өте
қолайлы
жерге
орналасқан,
табиғаты
тамаша, маңайы
таулар мен өзендер,
жері құнарлы.
Түркістан төрт
жолдың
торабы, ол
Батыс пен Шығыс,
Оңтүстік пен Солтүстіктен
келген кеуен
жолдарының түйісетін
жері. Бұл қала
ең бастысы –түркі
халықтарының
саяси және
рухани
орталығы. Түркістанда
қазақ
жеріне
сопылық
таратқан Қожа
Ахмет
Йасауидың әдемі
күмбезі бар.
Ол жерге қазақтар
ертеде өзінің
ұлы
адамдарын
жерлеген. Қазіргі
Түркістан –Қазақстанның
гүлденген,
тарихи
ескерткіштері
көп, саудасы
дамыған қалаларының
бірі.
Ақтау
– Каспий теңізінің
жағасында
орналасқан
портты қала. Қаланың
іргесі 1959 жылы қаланып,
1964 жылдан
Шевченко
аталып
келген. Ал 1992 жылы
Ақтау болып өзгертілді.
Ақтау қаласы
Манғыстау
облысының
орталығы
болып
саналады. Мұнда
мұнай мен газ
игеріледі.
Ақтөбе
– 1869 жылы
іргесі қаланған.
1991 жылы қала мәртебесіне
ие болған, Ақтөбе
облысының
орталығы. Оның
бойымен Елек өзені
ағып өтеді.
Атырау
– алғашында
Каспий теңізінің
жағасына
орналасқан
балықшылар қонысы
болатын. 1640
жылы патша үкіметі
ағайынды көпес
Гурьевтерге қала
салуға рұқсат
береді. 1662 жылы қала
салынып
біткен соң,
патша жарлығымен
«Гурьев» деп
аталады. Ал тұрғылықты
қазақтар қаланы
«үйшік» деп
атайды. 1992 жылы
ақпан айынан
Гурьев
облысы мен қаланың
атауы Атырау
деп аталатын
болды. Қаланың
маңызды өнеркәсіп
саласы-мұнай
мен химия өндірісі.
Мұнай Мақат,
Доссор, Құлсары,
Теңіз, Мұнайлы
және басқа кәсіпшіліктерінде
өндіріледі.
Қостанай
– іргесі 1897
жылы қаланған
қала. Облыс
орталығы. 1893
жылға дейін
Николаевка
аталған. Қостанай
атауының шығуын
кейбір
зерттеушілер
Қостан деген
батырдың
атымен
байланыстырса,
кейбіреулері
Қостанай
«қос өзен»
деген мағынаны
білдіреді
дейді. Себебі
сол жерде
Тобыл мен Обаған
өзендері қатар
ағады.
Қызылорда
- Сырдария
өзені
бойында
орналасқан
облыс орталығы.
Ол 1853 жылға
дейін Ақмешіт,
ал 1853-1922 жылдар
аралығында
Перовск, 1922-1925
жылдары қайтадан
Ақмешіт деп
аталған. 1925
жылы Қызылорда
болып өзгерді.
Семей қаласының
іргесі 1713 жылы қаланған.
Семей атауы
орыстың
«семь
палат» сөзінен
шыққан. Ертіс
жағалауында
ерте заманда қимақтардың
қонысы болған.
Одан кейін
ХVІІ ғасырдың
басында қалмақтар
жеті үй пұтхана
салған. Қазақтар
оны өздерінің
тілдеріне
бейімдеп,
Семей деп
атап кеткен.
Бұл қалада
Абай, Шәкерім,
Мұхтар сияқты
халқымыздың
үш кемеңгері
білім алған.
Семей қаласы
сауда-саттық
пен ауыл
шаруашылығында
маңызды рөл
атқарды. Бұл қала
Ертіс өзені
бойында жатқандықтан,
кеме қатынасы
дамыған.
Семей арқылы
Сібір мен Қытайға,
Орта Азияға қатынас
жасайтын үлкен
жол өткен.
Қарағанды
–
Орталық Қазақстанның
ірі өнеркәсіп
орталығы, жер
көлемі жағынан
ең үлкен қалалардың
бірі, 1934 жылы
негізі қаланған.
Қарағандыда
– Орталық Қазақстанды
басқа облыс,
елді
мекендермен
байланыстыратын
ірі көлік
жолының
торабы іске қосылды.
Осы
жолдармен Қарағандының
көмірі жан-жаққа
тасылады. Қарағанды
еліміздің
ірі мәдени және
ғылыми
орталығы
болып
есептеледі.
Шымкент
–
Оңтүстік Қазақстан
облысының
орталығы. ХІІ
ғасырдан
белгілі ортағасырлық
қала. Шымкент
атауы «көк
майсалы,
бау-бақшалы,
шыммен қоршалған
бекіністі қала»
деген мағынаны
білдіреді.